Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар

Адам болмаса, адамның құқықтары мен бостандықтары қадірленбесе, аяққа тапталса, онда қоғам өмір сүрмейді немесе оны адамзат қоғамы деп атау мүмкін болмайды. Қоғамда өмір сүргендіктен және ең бастысы оған "адам" деп ат қойғандықтан, қоғамның ережелерін сақтауы тиіс және "адам" деген атқа лайықты болуы тиіс. Адам қоғамның жэне болашақтың негізі болғандықтан, адамның өмірі мен денсаулығы бірінші орынға қойылады. Адамзат әлі идеалды дәрежеге жетпегендіктен оның әрекеттерінде қателіктер кездеседі. Олар қоғамға қауіпті әрекет жасайды. Басқа адамдарды қылмысқа итермелейді немесе өзі байқамай адамды қылмыскер етіп тәрбиелеуі мүмкін. Біздің міндетіміз бұған жол бермеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, адамды өркениеті қоғамның баласы етіп тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін көптеген салалар өз үлестерін қосады. Соның ішіндегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық салаларды атап өтуге болады. адамдарға қарсы қылмыстарды зерттегенде ең алдымен олардың алдын алу, мұндай қылмыстарды болдырмау жолдарын қарастырған дұрыс. Ал, қылмыс жасалып қойса, оны қылмыстық заңдармен дұрыс саралап, әділ жаза тағайындау аса маңызды. Ол үшін қоғамғ қарсы қылмыстардың қатарына қандай іс-әрекеттер жататындығын, олардың құрамын, белгілерін білуіміз қажет. Оларды басқа қоғамға қауіпті іс-әрекеттереден айырып дұрыс саралау керек. Осыларды толық зерттеп болғаннан кейін ғана олармен күресудің жолдарын, тиімді тәсілдерін және алдын алу шараларын ойластырып, қарастыруға болады. Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық кұқылық шараларды реттеу - қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының II-бөлімі осы мәселеге тікелей арнаған. Конституцияның 1-бабында "Ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", - деп жарияланған. Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішіңде Қылмыстық кодексте адамды корғауды өзінің міндетті деп санайды. Қазақстан Республикасының ҚК- нің 2-бабында адам және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасында барлық заңдары жеке бостандықтарын қорғауға әруақытта артықшылық береді. Күнделікті өмірде қылмыс жасайды, қоғамдық тәртіпті бұзды деген сөзді жиі естуге болады. Демек, мұндай әрекет жасаушылар білмей немесе қасақана заңдылықтың, құқық тәртібін бұзады. Соның нәтижесінде құқық бұзушылық пайда болады. Құқық бұзушылық дегеніміз құқыққа қарсы, қоғамға қайшы, түлғаға зиянды, қауіпті кінәлі деп танылып жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыс - бір адам арқылы емес бірнеше адамның бірігуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген жауапты болатын адамдардың соның тұра анықтау қажеттілігі туындайды. Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізімен шегін, олардың әрқайсысының бірігіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасынын ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселелерді анықтауға толық мүмкіндік туғызады. Көптеген Батыс Еуропа елдерінің қылмыстық құқықтарында, қылмыстың формальді анықтамаларына түсінік беруі орын алған, отанымыздың қылмыстық құқықтарына тән, қылмыстық заңда, жазалау қатерімен тыйым салынған материалды-формальді анықтамадағы әрекет дәстүрлі түрде орын алғандығы белгілі. Егер қылмыстың түсінігі формальді анықтамаға түсінік бере отырып қол сүғушылықтың құқыққа қарсы формальді белгілеріне сілтеме жасаса, ал материалдық анықтамада формальді белгілерімен міндетті түрде материалды қоғамға қауіптілік, әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.

Қылмыстың түсінігі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 9- бабында берілген. Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.Берілген анықтамаға сәйкес, қылмыс міндетті белгілерімен сипатталынады. Бұл - қоғамға қауіптілік, оның құқыққа қайшылығы, кінәлілік және жазалылық. Тек қана осы көрсетілген белгілердің жиынтығының болуымен ғана байланысты қол сұғушылық қылмыс болып табылуы мүмкін. Қылмыстың бірінші белгісі - оның қоғамға қауіптілігі.Қоғамға қауіптілік - қылмыстың заңмен қорғалған қоғамдық қарым- қатынасқа нақты қауіптілікті тудыратын немесе зиянын тигізетін қылмыстың объективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздік). Қоғамға қауіптілік қылмыстың нақты түрдегі сапалық белгісі болып табылады, яғни заң атқарушы тек осы қоғамға қауіптіліктің белгілерін анықтаумен ғана байланысты әрекет немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жатқызуға болатындығын дәлелдеп көрсетеді. Қоғамға кауіптілік іс-әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қауіпін туғызуы белгілерімен сипатталанады. Заң атқарушы, егер қолсұғушылыққа тыйым салуды міңдетті түрде таба отырса, қауіп туғызған нақты әрекет немесе әрекетсіздікті әрқашан да қылмыс қатарына жатқыза бермейді. Қоғамға қауіптілік - тек қылмысқа ғана қатысты деп айтуға болмайды. Әкімшілік құқық мысалы, қоғамға немесе мемлекетке жеке адамға зиян тигізеді. Бірақ олардың қоғамға қауіптілігі едәуір төмен.

Заң шығарушы қылмысты басқа құқық бұзушылықтан айырып көрсетуі үшін, қол сүғушылықтың нәтижесінде болатын зардаптардың белгілерін сипаттайтын белгілерді ҚК-тің Ерекше бөлімі баптарының диспозициясында көрсеткен. Қоғамға қауіптілік қоғамды зиянды әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, яғни оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайларға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде не тыйым салынған аңдарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады. Қылмыстық кодекстің 296-бабы в) бөлігі бойынша .механикалық көлік кұралдарын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірсе, онда осы бап бойынша болған жағдайда жауаптылық әкімшілік ретпен қарастырылады.

Қылмыстық қауіпсіздік деп адамдардың қауіпсіз өмір сүруін, бірқалыпты қызметін, радиоактивті материалдарды залалсыз пайдалану, қаруды, өқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғылар-ды тиісінше және қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ таукен немесе құрлыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастарының жиынтығы болып табылады.

Бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып табылады. Бұл қоғамға қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі қоғамдық қауіпсіздіктің жекелеген салалары (адам өмірінің және оның қызметінің қауіпсіздік шарттары; ерекше қауіп көзі болып табылатын заттарды пайдалану, өліммен аяқталатын зардап түғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізу және т.б.) болып табылады. Осы топқа жататын кейбір қылмыстардың қосымша тікелей объектісі адамның өмірі, денсаулығы болуы мүмкін.

Объективтік жағынан алғанда қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы (ҚК-тің 233 және басқа баптары); ал қайсы біреулері әрекет немесе әрекетсіздік күйде (мысалы: ҚК-тін 245,246 баптары) жүзеге асырылады. Кейбір қылмыс құрамының нормалары бланкеттік диспозицияға негізделген (ҚК-тің 245, 246, 251 баптары).

Көптеген қылмыстар құрам жағынан формальдық (ҚК-тің 233-234, 237 баптары), ал қайсы біреулері материалдық құрамға (ҚК-тің 245, 244 баптары) жатады. Адамның, оның құқықтары мен бостандығын ең жоғарғы әлеуметтік құндылық деп тану адамдардың қауіпсіз тіршілігін, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ете алатын, тиісті әлеуметтік жағдайлар құрулуына байланысты. Азаматтардың еңбек етуімен демалуы, мемлекеттік тәртіпті қорғау үшін қажетті жағдайлар құруға бағытталған құқықтық шаралар жүйесі адамдардың, қоғамдық және мемлекеттік мүдделердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке бағытталған қол сүғушылық үшін жауаптылық көздейтін ҚР ҚК 9-тарауынын нормалары осындай шаралардың қатарына жатады.

Қоғамдық қауіпсіздік жәңе қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс- тардың ерекшелігі олардың қоғамдық қатынастардың қалың тобы үшін зиянды екендігіне (жеке бастың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және басқа әлеуметтік құрылымдардың қалыпты жұмыс атқаруының қауіпсіздігі үшін). Бұл санаттағы қылмыстарды жасау кезінде тек жеке бір адамның мүддесіне ғана емес, қоғам өмірінің қауіпсіз жағдайларына тұтасынан, яғни қоғамдық маңызды мүдделерге зиян келтіреді. Осыған байланысты, түгел қоғам өмірінің қалыпты және қауіпсіз жағдайлары, қоғамдық тәртіп, түрлі жұмыстар жүргізу және жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік сияқты әлеуметтік құндылықтар тікелей қылмыстық ықпалға үшырауы мүмкін. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық қодексінің жалпыға бірдей қауіпсіздікті қоғамдық қауіптілікті оның тар мағынасында ғана емес, сол сияқты қоғамдық адамгершілікті, т.б. қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастардың үлкен тобының құрамдас бөлшегі ретінде қарастырады. Бұл қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы Қылмыстық кодексте қоғамдық қауіпсіздік (кең мағынасында) және қоғамдық тәртіп деп аталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9-тарауына кіретін қылмыстардың текті объектісін құрайды. Заңга сәйкес, Қылмыстық қодексінің 9-тарауының нормаларымен құрастырылған қылмыстардың объектісі - қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп болып табылады, яғни, қоғамның әр мүшесінің өмір сүру жағдайының қауыпсіздігін, әр түрлі жұмыстар жүргізу кезінде және жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану барысында жеке бастың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Объективті жағынан алғанда, қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы жасаланады:

• терроризм (Қылмыстық кодексінің 233-бабы), адамды кепілге алу (ҚК-нін 234-бабы), бұзақылық (ҚК-нің 257-бабы) және басқалары.

Жекелеген қылмыстар тек әрекетсіздік арқылы да жасалуы мүмкін:

  • атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК- нің 244-бабы), тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК 245-бабы) және басқалары.

Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстардын көпшілігі формальды құрамдас қылмыстар қатарына жатады:

  • заңсыз әскерілендірілген құраманы ұйымдастыру (ҚК-нің 236- бабы), қаруды заңсыз жасау (ҚК-нің 252-бабы) және тағы басқа кейбір қылмыстардың кұрамы материалды болып құрастырылған, мысалы, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (ҚК-нің 256-бабы).5

Субъективті жағынан алғанда, қоғамдық қауіпсіздік және коғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі қылмыстың қасақана түрінің болуымен сипатталады. Бірқатар қылмыстар тек абайсызда жасалады, мысалы, атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК-нін 253-бабы).

Қоғамға кауіптілік - қылмыстың заңмен қорғалган қоғамдық қарым- қатынасқа нақты қауіптілік тудыратын немесе зиянның тигізетін қылмыстың объективті белгісі. Қоғамға қауіптілік - тек қылмысқа ғана қатысты деп айтуға болмайды.Адамның, оның құқықтары мен бостандығын ең жогарғы әлеуметтік құндылық деп тану адамдардың қауіпсіз тіршілігін, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың қалыпты кызмет атқаруын қамтамасыз ете алатын, тиісті әлеуметтік жағдайлар құрылуына байланысты. Әрине, қылмыс жасау үшін арнайы ұйымдастыру даярлық әрекет терін орындап, тұрақты қылмыстық топ құрып мемлекеттің мүлкін талан-таражга салу әрекеттерінің сонау 70-80 жылдары да бой көрсеткендігін сол тұста еңбек еткен аға-буын тергеушілер, судьялар жақсы біледі.

Заң террорлық әрекетке адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамга қауіпті басқа зардаптардың болу қауіпін төндіретін жарылыс жасауды, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік ықпал ету мақсатында жасап, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл осы мақсатта жасаумен қорқытуды іске асыру - деген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 233-бабы осындай анықтама береді.

Соңғы уақыттарда әлемнің түрлі елдерінде болып жатқан жан түршігерлік сан-қилы оқиғалар көп мемлекеттер үшін терроршылдық аса күрделі проблемаға айналып отырғандығын көрсетсе керек. Замана дерті саналатын осынау қоғамдық, қауіпті көріністің кең етек алуы, өрттей қаулап бара жатқаны мемлекетаралық және ішкі саяси, әлеуметтік- экономикалық, тарихи, ұлттық, діни т.б. факторлардың үлкен қайшылықтарға ұрынуымен түсіндірілмек. Мамандардың пікірлеріне жүгінсек, бұл қайшылықтар алғы онжылдықта әрмен қарай өрши түспек екен. Демек, терроршылдықта арта түседі деген сөз. Әрі мұндай әрекеттерден бірде-бір мемлекет тысқары қалуы мүмкін емес.

Сараптау қорытындысынан байқағанымыздай қазіргі терроршылдық, негізінен саяси-діни бағытта өрбіп отыр. Әсіресе, діни экстремистік акциялар үлкен қауіп төндіруде.Осынау жағдайды ескере отырып, соңғы кездері әлемдік қауым-дастықтар халықаралық терроршылдыққа қарсы күрес шараларын белсенді түрде ұйымдастырып, жүзеге асыруда. Бүл жұмыстардың негізгі бағыттары "үлкен жетілік" сыртқы істер Министрлерінің 1995 жылдың 12 желтоқсанда Оттава қаласында (Канада) өткізген мәжілісінде қаралды. Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері саяси немесе халық-аралық терроршылдыққа тікелей душар болмағанын атап өткеніміз жөн. Алайда, егеменді Қазақстанның әлемдік қауымдастық елдер қатарына енуімен қатар терроршылдық топтардың оған деген қызығушылығының пайда бола бастағаны да жасырын емес.Әсте, діни экстремизм мәселелеріне жеңіл-желпі қарауга болмас. Өйткені, Қазақстанды мекендейтін көп ұлтты халықтардың басым көпшілігінің ислам және христиан діндерін ұстайтындығын пайдаланған шетелдік миссионерлер республика зандарына қайшы әрекеттерге ашық бармағанмен, олардың кейбір теріс пиғылдарын аңғару тіпті де қиын емес. Қайсыбір діндер бетке өтірік көлгірсіп жүріп, экстремистік діни идеяларды таратуга шебер-ақ. Жарылғыш заттарды ұрлау, қару-жарақтарды жасырын сату фактілері де азаймай тұр. Ал, бүл дегенің нағыз терроршылдыққа бастайтын бірден-бір төте жол ғой. Республикамызда әлеуметтік-саяси ахуалдың тұрақсыздануына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі - криминогендік жағдайдың асқынуы. Соңгы кездері қылмыстың ұйымдасқан түрлері көбейе түсу-де. Тапсырыс бойынша кісі өлтіру, жарылғыш заттарды қолдану әрекеттері жиілеп кетті. Кепілдікке кісілерді алып, ақша талап ету немесе басқадай шарттар қою фактілері де бар.Осы бағытта жасалған басты қадам ретінде Қазақстан Республикасының "Терроршылдыққа қарсы күрес туралы" Заңын айтуға болады. Аталмыш заң терроршылдыққа қарсы күрестің қүқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және мен-шік нысандарына қарамастан ұйымдастардың қызмет тәртібін, сондай-ақ азаматтардың терроршылдыққа қарсы күресті жүзеге асыруға байланысты қүқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін белгілейді.Қазақстан аумағында терроршылдық іс қимылдардың туындау белгілерінің бары рас, ендеше бүл проблемага көз жүма қарауга болмас.

 

Әдебиет

  1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының «Атыс қаруларын оқ - дәріні, қару — жарақты немесе жарылғыш заттарды үрлау, оларды заңсыз алып жүру, үстау, жасау немесе өткізу, атыс қаруларын үқыпсыз үстау туралы істер жөніндегі». 1995 жылғы 25 шілдедегі, № 4 Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жаршысы, 1995, № 3).
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. Алматы. Қүқық бастама: 2030. 2001.
  3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының «Бүзақылық істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы». 1995 жылғы 25 шілдедегі , № 5 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот жаршысы 1995, № 3).
  4. Заң және заман, № 4, 2000. 74- 77 б. М. Қайназаров, Е.Жаппаров мақалалары.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.