Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ қоғамындағы мүлдем құқықсыз әлеумет - құлдар

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың ең төменгі дәрежесінде құқықсыз құлдар тұрды. Құлдық дәуірі адамзаттың даму тарихында өндіріс жұмысшыларын қанаудың алғаш рет пайда болған мейлінше дөрекі түрі. Құл өндіріс құралдары иесінің басы байлы жеке меншігіне айналды. Құлдық алғашқы қауымдық қоғам ыдырай бастаған кезеңде пайда болды да, құл иеленушілік қоғамда өзінің шарықтау шегіне жетті. Негізінен соғыс тұтқындары, қарыздарын уақытында өтей алмаған кедейлер құлдарға айналды. Кейін қоғамда құл саудасы өріс алды. Құлдықтың алғашқы түрі патриалхалдық құлдық. Бұл кезеңде құлдық патриалхалдық жанұяның талаптарын өтеуге тиісті болды. Патриалхалдық құлдық яғни қауымдық құрылыстың ыдырауы мен әлеуметтік топтардың қалыптасу кезеңіне тән. Құлдардың классикалық үлгісі ежелгі Вавилонда, Египетте, Грекияда, Римде болды. V ғасырдан бастап өндірістік қатынастардың одан әрі дамуы барысында құл еңбегі мәнін жоя бастады. Ақыры құлдық феодалдық құрылыста өзінің шешуші экономикалық маңызынан біржолата айрылды.

XVI ғасырда Батыс Еуропада капиталистік қатынастар дамып, жаңадан ашылған жерлерді жаппай отарлау нәтижесінде құлдық қайта өріс алды. Мылтық пен зеңбіректің күшімен еуропалықтар Америка, Азия, Африка құрлықтарының көптеген халықтарын еріксіз құлға айналдырды. Құлдық, әсіресе Америкада кең етек жайды. Үндістерден тартып алынған жерлерді игеруге адам күші жетпегендіктен, отаршылар Африкадан әкелінген негрлердің еңбегін кеңінен пайдаланды.

Ал Қазақ қоғамында құлдыққа көбісінде басқа халықтардан соғыс та қолға түскен тұтқындар алынды. Қауымдық қатынастардың үстемдігінде және өзара жәрдем жүйесі дамуына байланысты қазақтарды құлдыққа айналдыру мүмкін болмады. Құлдардың балалары да құл болып қалған бірақ, сәтті соғыс кезінде тұтқындардың саны көбейсе, құлдардың балалары босатылған. Мұндай жағдайда олар қауымның теңсіз мүшесі болып қалған.

Құл мен күң – ХІХ ғасырдың ортасына дейін қазақ қоғамында жиі кездесетін әлеуметтік топ болған. Құлдар өз иелерінің толық меншігі болып саналған, ең ауыр, жеткілікті түрде маманданбаған кезкелген жұмысты жасаған. Құл сату, оларды сыйлыққа, құнға, жасауға қосып беру қазақта кең тараған. Мәселен қазақтарда құда түсу қалыңмалсыз және жасаусыз өтпейтін. Қалыңмал – малдан құралды. Ірі феодалдар, хандар мен сұлтандар қалыңмалмен, жасаумен бірге құл немесе күң беретін [1].Бұл дәстүр ХІХ ғасырдың аяғына дейін сақталды құлдар мен күңдер жасаумен бірге қыздың меншігі болып есептелетін. Олар сол қызға қызмет ететін. Сондай-ақ ат жарысында құлдарды бәйгіге тіккен. Иелері құлдарды жазалай да, өлтіре де алатын. Бұл үшін иелері ешқандай жауапқа тартылмайды. Сонымен бірге өлген адам үшін құн төлегенде айыпты адам малмен бірге құлды немесе күңді қоса берген.

Ешқандай құқықтарға ие болмаған құлдар өзбетімен сотқа бара алмаған сондықтан, оның мүддесін иесі қорғаған. Сонымен бірге, қазақ қоғамының материалдық өндірісінің жүйесінде құлдардың рөлі шамалы болды.

Өкімет билігі мен бар байлық ақсақалдар мен әскери көсемдердің қолында болған ерекшелігі қазақстанда құлдықтың рулық түрі етек алды. Өлген адамдарды жерлеу салты мен археологиялық қазбалардан табылған материалдық мәдениет қалдықтары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезінде қоғамның әлеуметтік жағынан біртекті болмағанын көрсетеді. Қоғам тайпа мен рудың жоғары билік топтарынан, қауымның қатардағы құқықсыз адамдары құлдардан құралған. Негізгінен көршілес тайпаларды шапқанда түскен тұтқындар құлға айналды. Бірақ қазақ қоғамында көшпелі шаруашылыққа байланысты құлдық кең өріс алмады. Дәстүрлі қазақ қоғамында құлдар болғанымен құл иеленушілік формацияға айналған жоқ. Қазақстан территориясында ерте заманғы таптық қатынастардың қалыптасуындағы өзіндік ерекшелігі болды.

Дәстүрлі қазақ қоғамында құлдар негізінен соғыс кезінде қолға түскендер болатын. XVIII ғасырда қазақ хандары қалмақтармен, ойраттармен, башқұрттармен ұзақ уақыт бойы соғыстар жүргізіп, қолға түскен әскери тұтқыңдарды құлға айналдырып отырды. XVIII ғасырдың ортасында Батыршаның көтерілісіне байланысты Қазақ даласына қашқан башқұрт отбасыларын құлға айналдыру жөнінде қазақ хандары мен сұлтандарына патша өкімет орындарының өздері рұқсат етті. Нұралы ханның, сұлтандардың, старшындардың атына келіп түскен 1755 жылғы 5 қыркүйектегі Жоғары мәртебелінің грамотасында босқын башқұрттардың әйелдері, балалары, малдары және бүкіл дүние-мүлкі сіздерге сыйлыққа беріледі делінген. «Мұның өзі, - дейді Крафт, - Қырғыз (қазақ. - Ө. И.) даласында кең көлемде өріс алған құлдықты мойындаудың заң жүзіндегі тұңғыш актісі болды, ал көшпелілер мұны толық пайдалануға дереу кірісіп те кетті» [2,109 б.].

Тұтқынға алынған адамдардың арасында тек башқұрттар, қалмақтар, парсылар ғана емес, орыстар да болды. Соғыста қолға түсірумен бірге қазақтар құлдарды базарлардан сатып та алатын еді. Құлдарды қайдан алдыңдар деген сұраққа Ақмола приказының Тезек Жанжігітов бастаған қазақ билері 1830 жылы мынадай жауап қайтарған: «Қазақтар құлдарды сатып алады, шапқыншылық кезінде қалмақтардан, қара қырғыздардан тұтқын етіп қолға түсіреді, қалыңдық үшін қалыңмал төлеушілер де кұлдарды қалыңмал есебіне сатып не қосып береді немесе біреуге сыйға тартады, ал бұл еріксіздер өз ырқымен иесінен кетіп қалу құқығынанайырылған. Өз ұлтын құрметтеу белгісі ретінде қазақтарды құл етуге жол берілмейтінін айтқан.

Құлдарды сатып алу жөнінде: «Өзіңнен тумаса – ұл емес, сатып алмасаң – құл емес», «Егер сатып алмасаң – құлды қайдан аласың» деген мақалдар да айтылған. Мұның барлығы құлдардың бас бостандығы болмағанын дәлелдейді. Ол жөнінде:

  1. «Құл – зат; қожайыны оны өмір сүргізуге де, өлтіруге де құқықты».
  2. «Құлдың дүние-мүлкі оның қожайынына тиесілі».
  3. «Қожайыны рұқсат етпесе, құлдың үйленуге, ал күңнің тұрмысқа шығуға құқығы жоқ».
  4. «Қожайыны шектен тыс қатал болса да, құлдың шағым жасауға құқығы жоқ».
  5. «Қожайыны өз құлын сатуға, кепілдікке, құлдыққа беруге құқықты».

Құлдардың қоғамдық жағдайы туралы: «Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас», деген мақалда да дәл бейнеленген. Сондай-ақ «Құл арғымаққа мінсе де құл болып қалмақ» деген де бар.

Қазақ қоғамында құлдардың еңбегі негізінен үй шаруашылығында пайдаланылды. Күңдер ірі феодалдарда күтуші болып жұмыс істеді. Құлдар қожайынның малын бағу үшін біршама аз пайдаланылды.

Құлдардың болғандығына қарамастан, Қазақстан құл иеленушілік формацияның сатысынан өтпеді. Құлдарды қолға түсірудің негізгі көзі әскери басып алу болғанымен, мұның өзі құлдықтың орнығуына әлеуметтік база жасай алмады. Қазақтарда құлдық үйдегі іс сипатында болды. Мұның өзі малды жайылымда бағудың және патриархалдық-рулық тұрмыстың сақталуына байланысты еді. «Туысқандық көмек» деген желеумен сұлтандар мен билер өздерін тумаластарының – қоңсылардың, байғұстардың, жатақтардың және тағысын тағылардың тегін енбегін пайдаланды. Сондықтан қазақ қоғамында құлдардың еңбегі жетекші рөл атқармады.

Қазақтармен орыстар арасындағы шекара барымтасына қоса, ХІХ ғасырдың басы қазақ даласында жұт жылымен басталып, қазақ халқына үлкен ауыртпалық әкелді. 1803-1808 жылдардың аралығында шөп шықпай қуаңшылық болып, мал қырылып, соның салдарынан қазақтар аштыққа ұшырады. Әскери тонаушылық салдарынан қайыршылық күн кешіп, аштан өлгендері де болған. Жоқшылық пен аштықтан жұтаған жандар балаларын сатуға дейін мәжбүр болған-ды. Қазақ еліндегі жұт жылдарындағы жағдайды пайдаланған патша үкіметі 1808 жылдың 23 мамырындағы жарлығында: «...сатып алынған қазақ балалары 25 жасқа толғасын ерікті болуға тиіс», – делінген. Бұл жарлық 1822 жылдың 22 маусымындағы Жарғы бойынша барлық қазақ даласынан әкелінген қазақ баласын сату тоқтатылғанша, 14 жыл бойы заңды күшінде болды [3, с. 411;273]. Біздің пікірімізше, жұт жылдары қайыршылыққа түскен қазақ отбасыларының балаларын сатуларының себебі, балаларының қолдарында аштан өлгендерін қаламауынан болды. Сатып алатын адамдардың жағдайы бар болатындықтан, асырайтын адамдар деп таныды және пұлдап сатып алғанадам балаларын аштан өлтірмейтіндіктеріне сенген. Балаларын сатып жіберу арқылы ашаршылықтан құтқарудың жолы деп жасаған амалдары болса керек..

1822 жылғы 22 шілдеде Сібір қырғыздары туралы жарғынын шығуы патша үкіметінің қазақ даласындағы құлдыққа қатысты. Жарғының 276- параграфында: «1822 жылғы 22 шілдеге дейін қазақтарда болып келген еріксіздер қожайындарында қалдырылады және оларды сату, басқа адамға беру және мұра етіп қалдыру құқығы сақталады, бірақ осы күннен бастап өз жұртының қазақтарын жаңадан құлдануға қатаң тыйым салынады» [2, 111 б.], — деп жазылды.

Қазақстанда құлдықтың жойылуын бастап берген құжат, күмән жоқ, оң іске мұрындық болды.

Сібір қырғыздары туралы жарғы шыққан соң да қазақ феодалдары Шептердің бойында әр түрлі жолдармен қолға түскен тұтқындарды Хиуа мен Бұқардың базарларында сатуды жалғастырмай қоймады. Бірақ мұндай жәйіт бірен-саран ғана кездесті. 1822 жылғы Жарғыдан кейін құлдықтың маңызы тез құлдырай бастады.

XIX ғасырдың орта тұсында-ақ қазақтарда құлдар аз қалды. Мұны 14-кестеден көруге болады (14-кестедегі деректердің тек Орта жүзге ғана қатысы бар).

14-кесте

Округтың аты

Киіз үйлер саны

Құлдар

Күңдер

Сергиполь

17

33

24

Көкпекті

8

20

41

Қарқаралы

29

68

64

Ақмола

10

31

25

Атбасар

24

2

Баянауыл

4

9

26

Көкшетау

5

19

11

Барлығы

73

204

193

Дерек көзі: Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында (оқу құралы) - Алматы: Санат, 1994. - 111 б.

Қазақ даласындағы құлдықтың қалдықтарымен күрес жүргізе отырып, Батыс Сібір генерал-губернаторы 1859 жылы сұлтандар мен мәртебелі қазақтардан өздеріндегі барлық құлдарға бостандық беруге міндеттейтін қолхат алды [4, 284 б.],

XIX ғасырдың 60-жылдары Сырдария қазақтарында болған С. Болотовтың жазбасында: Қазақтарда құл иеленушілік жоқ және бұл жөнінде өткен уақыттан аңыз да қалмапты. Құлдардың ұрпақтары, қазақтармен туыстасып, біразы бостандық алып, қоғамның толық құқықты мүшесі болса, енді біразы төлеңгітке айналғандығы айтылды [2, 112 б.].

Тарихшы М.Вяткин: «ХІХ ғасырдың ортасында қазақ кедейлері старшын мен байдың шаруашылығында жұмыс жасады. Ол қазақтың белгілі бай-феодалдарының малын бақты. Бұл жалдамалылардыкапиталистік жалдамалылармен салыстыруға болмайды» – деген. Жұмысты жарлы байдың қайырымдылық «көмегі» ретінде істеді. Белгілі бір еңбегіне төленетін еңбек ақы болмады. Бай жұмысшыны жалдамады, жарлыға «көмек» көрсетті, өзінің жатаққа айналған жамағаттарына берген «жәрдемі» – деп көрсетеді. Мұндай жұмыс жасап, еңбекпен өтеу 1859 жылы Қазақстанда құлдық жойылғаннан кейін пайда болды. Ескі құлдық қоғамды жойған [5, с.299],

Қазақ қоғамында құлдық патриархалды болды Құлдардың еңбегі шаруашылық учаскілерінде пайдаланылды. Құлдар қожайын сеніміне кіріп алғаннан кейін, бірнеше уақыттан кейін жанұя құрып, тіпті өз шаруашылығын да ұстауға құқылы болған жағдайлар да болған.

ХІХ ғасырдың ортасында патша үкіметінің жарлығы бойынша Қазақстандағы құлдар ерікті деп саналып, қожайындарынан кетуге болатын құқық берілді. Бірақ құлдардың көпшілігі өз қожайындарының жанында қалуды жөн көрген. Мысалы: босатылған құлдардың бірі ауғандық Матлобай Исмаиловтың 45 жыл бойы көргені: ол 20 жыл бұрын құлдыққа алынады, өмір бойы кіші жүздің қазағы Құлдосов пен және оның ұлымен бірге тұрды. Олардың туғандары сияқты болып кеткен, қой баққан одан кейін егін еккен. Сонымен қатар басқа да жұмыстар жасаған. Құлдасов оған қазақ қызын айтырып қойған. Ол енді Құлдосовтардан кетпей қалуды ұйғарады.

Бұрынғы құл Қадам Сабызов 42 жастағы ауғандық азамат. Өзінің айтуы бойынша оны 10-12 жыл бұрын түрікмендер ұстап алып, бұхарлықтарға құлдыққа сатады, содан кейін Көшкінбай деген қазаққа құлдыққа сатылады. Қадам бостандығын алғанымен Көшкінбайдың жанұясында қалғысы келді. Құл балаларды өздерінің аттарына жаздырып бала қылып алған жағдайлар да болған. Мысалы Абдурим Муратовты 16 жасында Шөмекей руының Арсалан Шынарбаев деген азамат сатып алған құлын бауырына басып, жаңа есім беріп өзінің тегіне жаздырып бала етіп алған. Мұратов өзінің иесін әкесіндей көретінін айтып, Арсалан Шынарбаевтың отбасында қалғысы келетінін үкімет орындарына хабарлаған. ХІХ ғасырдың ортасында Орта жүздің билерінің бірі Шөмекей 35 қойға 18 жастағы құлды сатып алған. Дәл осы сияқты ауғандық Даулетті қазақ Жанқұлов құлдыққа сатып алғанымен өзіне бала етіп асырап алған. Сол сияқты Иран қызы Сарыбек 20 жыл қазақта құлдықта болған. Жас өспірім қыз кезінде түрікпендер оны Сарыбекті Қаратай Көшебаев деген қазаққа 90 қойға құлдыққа сатқан. Сарыбек бостандығын алғаннан кейін өзінің қожайынының әкесінің әйелі ретінде өз еркімен қалатынын айтқан. Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Бұл деректер қазақтардың құлдарға деген көзқарасының жақсы болғандығын анықтайды [4, с. 280].

Қазақтар ұзақ уақыттыр бойы қалмақтармен, жоңғарлармен, еділдіктермен шиеленіскен қарым-қатынаста болды. Олар қазақ жеріне тонаушылық шабулдар жасап тұрды. Қолға түскен қалмақтар құлдарға айналды, Қазақ даласында қалмақтар құлдардың көп бөлігін құраған. Бұлжағдайларды мына фактілерден көруге болады: Ақмола облыстық округтың приказына қарағанда, округ территориясында 244 құл болды. Олардың ішінде қалмақтар – 133, парсылар – 90, қазақтар – 21 адам болған [2, 124 б.]. Дәстүрлі қазақ қоғамында да құлдықтың кейбір белгілері сақталды. Мысалы соғыс тұтқындары құлға айналдырылды, бірақ мұнда ежелгі Грекия, Египет, Рим елдеріндегі сияқты құлдықтың классикалық үлгісі болған жоқ.

Өйткені көшпелі тұрмыста құл еңбегі тиімсіз болды. Сондықтан қазақ қоғамы құлдарды ерікті қауым мүшелері ретінде ұстады. Нәтижесінде олар қазақ қоғамына сіңісіп кетті. ХІХ ғасырда Қазақстан толығымен Ресей отарына айналып, сыртқы соғыстар тоқтатылғаннан кейін құлдар мүлдем жойылды. ХІХ ғасырда Еуропа мен Америкада құлдыққа қарсы басталған күрес ХХ ғасырда жалғасын тауып, халықаралық мәселеге айналды.

Академик Е. Бекмахановтың дерегі бойынша Қазақстандағы құлдықтың жойылуы 1875 жыл [2, с. 124].

Бүгінгі күнде адам саудасы құлдыққа қарсы күреске бүкіл әлем болып күш біріктіруде.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер. - Алматы: Жеті жарғы, 2005. - Т.4. - 2005. - 552 б.
  2. Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғасырлардың 20-40-жылдарында - (Оқу құралы). - Алматы, Санат, 1994. - 416 б.
  3. Вельяминов-Зернов В.В. Исторические известия о киргиз-кайсацских народах и сношениях России с Средней Азией со времени кончины Абулхайр хана (1748-1765), // Оренбургские губернские ведомости 1853 - № 27. - С. 411; 273.
  4. Зиманов С. З. Общественный строй казахов первой половины ХІХ века и Букеевское ханство - Алматы: Арыс, 2009. - 400 с.
  5. Вяткин М. Очерки по истории Казахской ССР. - Т.1. ОГИЗ. 1941 - С. 299.
  6. Султанов Т.И. О невольниках в казахском ханстве в XV- XVII вв. - рабство в странах востока в середине века. - Москва, 1986.
  7. Толыбеков С. Е. Общественно-экономический строй казахов в XVIIXIX веках - Алма-Ата:Казгос. изд-тво, 1959. - 448 с.
  8. Марков Г. Е. Кочевники Азии. - Москва, Изд-во. МУ, 1976. - 315 с.
  9. Зобнин Ф. К. Рабы и тюленгуты в казахской степи. - 2-е изд., доп. Астана: Алтын кітап, 2009. - 280 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.