Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ыбырай Алтынсариннің ағарту-педагогикалық мұраларын қазіргі кездегі білім саласында қолдану

Елбасы Нұрсұлтан Назарбевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында алдағы он жылдықта Қазақстанды жедел әрі жан-жақты жаңартудың негізін қалау мақсатында басты он міндетті айқындап берді.

Соның ішінде алтыншы міндет-осы заманғы білім беру мен кәсіптік даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту-бүгінгі таңда білім беру құрылымының маңызды элементтірінің біріне айналуда, дуние жүзінде білім сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады.

Осы тұрғыда бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіріп, қоршаған ортаны қорғау арқылы экологиялық тәрбие беру ұстаздардың басты міндеті болып отыр. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, бала білімнің дамуы төмендейді.

Тәуелсіз ел тірегі-білімді, еңбекқор ұрпақ екені даусыз. Білімсіз елдің ертеңі жоқ екені айдан анық. Елбасы білім беру мәселесін назардан тыс қалдырмайды.

Қазіргі кәсіптік мектеп колледж бітірушіге қояр заман талабы жоғары. Бұл күндері жұмыс берушіге өз ісі маманының білгірі керек. Болашақ маман:

  1. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланған, әр түрлі проблемаларды өздігінен шеше алатын алған білімін пайдалана білетіндер.
  2. Шығармашылық пен жаңа жағдайда әрекет ете білетін, жаңа технологияны игеруге қабілетті.
  3. Адамдардың әр түрлі топтарымен тиімді карым-қатынас орната білетін, ұжымда жұмыс істеуге дағдыланған болуы керек.

Атақты ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» [4, б.210]- деген сөзі бәрімізді қатты ойландыру керек. Ұлттың рухани-экономикалық, әлеуметтік тұрғыда өсіп- жетілуі білімнің мазмұндылығы мен маңызына, оған деген көзқарасқа тікелей қатысты. Ал жеке тұлға мен қоғам кұндылықтарын калыптастыру барлык кезеңдерде өзекті мәселе болып келгені мәлім. Олай дейтініміз, осы рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні, тәрбиелік маңызы туралы ғұламалар, ұлы ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин өз еңбекінде құнды ой-пікірлерін кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған. Ғасырлар қойнауынан жеткен жәдігерлердің өнегелік сипаттарын, тәлімдік тәсілдерін тиімді қолдансақ, ғибраттың нағыз кайнар көзінен сусындаймыз. Ағартушы-жазушымыз-кемеңгер ғұлама ұстаз Ы.Алтынсарин еңбектеріңде баланы елін, жерін сүюге, табиғатты аялауға, имандылыққа, әдептілікке, қайраттылыққа, еңбек етуге тәрбиелеудің ұлттабиғатына лайық небір тамаша әдістері ұсынылады. Ы.Алтынсарин адам тәрбиесіне зор мән берген

Мысалы, біздің колледж оқушыларға он екі мамандық бойынша білім беруде. Олар: бағдарламашы, сәулет құрылыс өнері, тас қалаушы, сылақшы, кұрылыс шебері, ағаш ұстасы, электр-газбен пісіруші. Ұстаздар әр сабағында еңбекке, өнерге тиімді әдіс-тәсілдер аркылы үйретіп, тәрбиелеуде.

Оқушыларға, студеттерге білім беруде, тәрбиелеуде Ыбрай өмірінің, педагогикалық идеяларының өнегелі тәрбие беретін жақтары жеткілікті. Себебі, Ыбрай бүкіл өмірі, еңбектері, негізінен үлгілі-өнегелі адам тәрбиелеу ережесі десе болады. Ыбрай мұрасын мәңгілік өнеге мектебі дейміз. Қазіргі таңда жан аямай кәсіп қылудан безінетін «бейнет көрмей дәулет жоқ екенін» парасаттамайтын, ұрлық пен қулықты қызық көретін жастарды жақсы мінез-құлық пен имандылыққа үйрететін, ел болып ер жетуімізге жол нұсқайтын асыл-Ыбрай мұрасы. Ыбрай шығармаларындағы терең ойды мұғалім өзі терең түсінгенде ғана баламен жүгізілетін білімдік және тәрбиелік істері нәтижелі болмақ.

Қоғамның санасын Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйемен баяндап эстетикалық таныммен пәлесапалық қағидаларымен тұжырымдап отырды.Қазіргі таңда ұстаздың сабағында жаңа техналогия әдіс-тәсілдері оқушыларды ортамен қарым-қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын еркін айтып қорғай білуге, әдептілікке, жауапкершілікке, өнерге, еңбектенуге үйретеді. Ыбырай ұстазымыздың да ұсынған әдістемесінің негізі осы емес пе.

Білім берудегі демократиялық, ізгілендіру, ынтымақтастық идеясы, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты өзгертті. Мұнда мұғалімнің кәсіби-әдістелік шеберлігінің маңызы зор. Қазіргі жаңалық деп жүрген ынтымастық, ізгілендіру идеясын сол кездің өзінде-ақ Ыбырай Алтынсарин қалыптастырған болатын.

Ыбырай Алтытынсариннің ізгі ойлары, талғамы, педагогикалық идеялары көптеп саналады.

Еліміздің үлкен бір проблемасы жастар проблемасы болып есептеледі. Ендеше бүгін алда қойған мақсат Ыбырай Алтынсаринның еңбек, тәртіп, тәрбие идеяларына тоқталып, қазіргі заман талабымен ұштастыру. Данышпан әр оқушыны біртұтас жасампаз тұлға деп қарайды. Сондықтан жеке адамның бойынан жоғарыда айтылған адамгершілік қасиеттерінің бірі табылса, біртұтас мінез қалыптасады. Бұлар ұстаздардың оқушыларға дұрыс, жүйелі, табанды түсіндірумен, балаға дұрыс талап қоя білулерімен жүзеге асырылады және ұзақ уақытты қажет етеді.

Бүкіл адамзат қоғамындағы материалдық және рухани байлықтың бәрі де адам еңбегінің қүдіреті арқылы жүзеге асады.

«Еңбек-байлық атаулының негізі. Ол бүкіл адамзат өмірінің бірінші алғы шарты. Адамның өзін жасаған еңбек»-деп Ыбырай Алтынсарин ғылыми түрде тұжырымдап көрсеткен.

Сол адамзат қоғамы тарихымен тығыз бірлікте жасап келе жатқан жасампаз тәрбие нысаны-еңбек пен кәсіпке үйрету, оның еңбегін үнемді ету. Өзім кәсіби қазақ тілі сабақтарында бағдарлама бойынша тақырыптарды оқытқанда қазақ халқының қолданбалы өнерінің тарихы, түрлері жайында мәтіндер құрастырып, орынды пайдаланамын; халқымыздың еңбекке баулу тәсілдеріне назар аударамын; оқудың ұлттық сапасын оятумен бірге ата-бабаларымыздың қонақжайлық, үлкенге ілтипат, кішіге қамқорлық жасау, мейірімділік, еңбекке үйрететін әділ- тәсілдерді қолданамын. Қазақ тілі сабағын үнемі ұлттық педагогикамен ұштастыруды көздеймін.

Ыбырай Алтынсарин мектептегі тәртіпке зор көңіл бөлген «Тәртіптің шындыққа айналауы тәртіптілік сезімін тудырады»-деген ұлы ұстаз. Тәртіп деген педагогикалық ұғымға Ыбырай Алтынсарин терең талдаулар жасайды. Ол бірде тәртіп-тәрбие құралы десе, бірде тәртіп-тәрбиенің нәтижесі деген анықтама береді. Ал бұл халық педагогикасындағы «тәрбие-тәртіптің құлы» деген түсінікке жақын. Сондай-ақ тәртіп оқушының мектеп ережесіне бағына білу.мен шын еркіндіктің табиғи бірлігі дегенді де ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин жазған. Міне, кезінде аса көргендікпен көпшілікке ұсынған осы ұғым тұжырымдары қазір де мұғалімдердің қажетіне жарап жүр.

Еңбекті қадірлеу-оның шығармаларының басты тақырыбы өсиет, өнеге айта отырып, ой саларлықтай салмақ тастады. Адамның мінез-құлқын қалыптастыруда тәрбие рөлінің ерекшелігіне тоқталып, «бағып-қағып үлкен мән бер бала тәрбиесіие» жеміс ағашын өсіруші бағбан еңбегімен парапар. «Дүнйедегі жақсы атаулы күннің нұрымен, ананың ақ сүтімен бойымызда дарып, сіңеді»-деп тұкжырым жасайды.

Ыбырай әңгімелерінің ішіндегі ең бір шоқтығы биік шығармасы - «бай баласы мен жарлы баласы».Қазақ қоғамындағы өмір шындығын, тап жігін аша отырып, ауыр тұрмыстың ыстық қазынасында пісіп, шығып тағдыр тауқыметін көрген кедей баласының еңбек қорлығын баяндайды. Мұғалім өз сабағында осы мәселеге көңіл қойып, үйретудегі мақсат: Асан мен Үсенге салыстырмалы мінездеме бере отырып, кедей баласының сабырлығы мен көргендігін, еңбекқор өмірге икімділігін; екіншісінің шыдамсыздығын жинақтай отырып, жазушының айтайын деген ойын, шығарманың идеялық мазмұнын айқын түсіндіру. «Талаптың пайдасы» деген әңгімесінде Ыбырай Алтынсарин еңбектенсең, талаптансаң, мақсат- мұратыңа жетерсің-дей келіп осы идеяны ашып көрсетеді. Балаға білім берудегі еңбекке баулудың рөлі өте зор деген ой тастайды. Ыбырай Алтынсарин оқушыларды еңбек арқылы тәрбиелеу, оқыту өз еңбегіңің нәтижесін көруге, одан қанағат, ләззат алуға үйретеді, еңбек етіп үйренген адамға білім беру жеңілірек болады деген пікір ұсынады.

Білім мен тәрбие берудегі Ыбырайдың алға қойған мақсаттарына тоқталсақ, жоғарыда айтылғандай: оқушыларға жан-жақты және кең көлемде білім беру; мұғалімнің рөлін жоғары көтеру, оқулықтардың сапасына көңіл аудару; оқу бағдарламаларын үнемі жетілдіріп,толықтырып отыру; оқушылар білімін қосымша материалдармен толықтыру;

Ыбырай Алтынсарин адамгершілікке тәрбиелеу идеясын көтерді, оны шешу жолдарын іздестірді.

Тәрбиенің қазіргі біз пайдаланып жүрген кай саласын да Алтынсарин еңбектерінен табуға болады.

Білім беру сапасын жақсартудың бірден-бір жолы - жаңа педагогикалық технологияларды қолдану. Мұғалім оқушынын табиғи дарын, қабілетін ащу арқылы жас ерекшелігін ескере отырып, технология әлементтерін тиімді пайдалану керек бір сабақтың барысында бірнеше технологияны кезекпен, тиімді, оқушыны жалықтырмай жүргізуге болады. Сабақ - ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Кезінде Алтынсарин да мұғалімдерге дәл осындай талап қойған болатын. Бұл Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық иделарының өміршендігін-байқатады. Мұғалімнің беделін көтере отырып, Ыбырай Алтынсарин мұғалімге талап қойған.

Қазіргі оқыту әдістемесінде қолданып жүрген көптеген технологияларда бар. Сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп - саралап оқыту, проблемалық оқу, интерактивті, белсенді оқыту т.б. - қайсысын алсақ та негізінде Ыбырайдың педагогикалық идеялары жатыр деуге болады. Осы жерде «Новое - это хорошо забытое старое» - деген сөзбен келіспеуге болмайды. Техникалық - кәсіптік білім беруде модульдік оқыту технологиясы өте тиімді екені даусыз.

Сондай - ақ арнаулы пән сабақтарында В.Ф Шаталовтың технологиясына сай тірек-сызба әдістері тиімді. Мысалы, кәсіби қазақ тілі сабақтарында тірек-сызба арқылы, тірек конспектілерді пайдалану арқылы рөлдік- ойындар арқылы оқушының сөйлесу мәдениетін дамытуға піхір таластыра білуге үйретемін.

Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің тиімділігінің басты көрсеткіші-білім сапасы мұғалімнің негізі міндеті-оқушыны білімге, өз бетінше ізденіске және шығармашылық жұмысқа баулу болып табылатыны бәрімізге белгілі. Елбасының жолдауында: «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» делінген.

Қазіргі жас буын жан-жақты терең білімді, саяси- экономикалық сауатты, яғни интелектуалдық деңгейі жоғары болса, тәуелсіз мемлекетіміздің мықты тірегі болатынына сеніміміз мол.

Ыбырайдың да алға қойған мақсаты-қайткен күнде де «қалың елі, қазағым» терезесі тең көсегелі, көргенді мәдениетті, өнері өркендеген ел қатарына қосу болатын. Осы жолда сан кедергілерге кездесіп, «мыңмен жалғыз алысып», аңсаған арманға жету жолында бойдағы бар күш- қайратын, ақыл-парасатын сарп еткен Ыбырай да қалың бұқараны шынайы қамқоршылары бола білді. Ыбырай идеяларын дамытып, қоғамда пайдалана білу үлкен бір жетістік.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ақылжанов М. Қазақ ағартушыларының қоғамдық саяси көзқарастарының қалыптасуы. А, 1975.
  2. Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. А, Ғылым .1990.
  3. Жарықбаев Қ. Қазақ ағартушылары жастарды тәрбиелеу туралы. А, 1965.
  4. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А, Санат. 1994.
  5. Керімбаев Н. Жасымда ғылым бар деп ескермедім. А ,Рауан. 1995.
  6. Қирабаев С. Бес ғасыр жырлайды 2-т. А, Жазушы. 1989.
  7. Ламашев Ә. Ыбырай Алтынсарин. А, Ана тілі. 1991.
  8. Сыздықов Ә. Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі. А, 1969.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.