Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Адамның психофизиологиялық қызметтеріне музыка жанрының жəне құлаққапты қолдану арқылы тыңдаудың әсері

Ағзаның психофизиологиялық жағдайына музыканы құлаққап түрлерін қолдану арқылы тыңдаудың жəне əртурлí музыка жанрларышац əсерíн білу мақсатында зерттеулер жүргізілді. Медициналық жоо- ның екінші жəне үшінші курс студенттерінен сауалнама арқылы сұхбат алынды жəне есту өткірлігін анықтау үшін арнайы физиологиялық əдíстер колданылды. Сыбырлап жəне қалыпты сөйлеуді қабылдау, сонымен бірге ұялы телефондағы шағын тест арқылы есту қабілеттері тексерілді. Қолданылған кұлаккаптардың физиология-гигиеналык сипаттамалары зерттелді. Децибилді (дБ) шу өлшеуіштің көмегі аркылы, музыканы тыңдау кезіндегі кұлаккаптардан шыккан дыбыстың каркындылығы өлшенді. Музыкалык артыкшылык пен адамның мінез-кұлык арасындағы үлгісін жасау үшін сұхбаттаскан студенттерден мінез-кұлык ерекшеліктері аныкталды. 1500 астам адамға зерттеу жүргізілді. «Excel» бағдарламасы аркылы нəтижелердщ статистикалық өңдеуі жүргізілді. Құлаккаптар аркылы музыканы катты жəне ұзак уакыт тыңдау есту өткірлігіне теріс əсер беретіндігі фактілері аныкталды. Есту уакыты өте келе бір дыбыска калыптасады жəне тыңдаушылардың көбісінде музыка тыңдаған сайын дауысын каттырак тыңдау заңдылығы байкалады. Құлаккапсыз адамның кұлағы ең жаксы калыпта 55–60 дБ дыбысты кабылдайды. Музыканы тыңдау кезінде музыка жанры мен адамның мінез-кұлығының типологиялык ерекшеліктері арасындағы байланыс көрсетілді.

Өзектілігі

Көптеген жылдар бойы ғалымдар музыканың адам ағзасындағы психофизиологиялык үрдістердің əсерíне зерттеулер жүргізуде. Әртүрлі музыканың емдік қасиеттері, сондай-ақ теріс əсер ету фактілері белгілі [1]. Организмге əрбíр музыкалық жанрдың əсерí жекелеп, бірақ көбінесе өзінің қабылдау əсерíне байланысты болады [2]. Психологиялық əсер ету музыканың ырғағын, түрлі тоналдылыкты, дыбысты, жиілікті, косымша эффекттерді көрсетеді [3]. Музыка, ұялы телефондар пайда болғаннан кейін, жеке әртүрлі кұлаққаптарды қолдану арқылы тыңдала бастады. «Адамзат жаңашылдықтарына» жаппай дең қою, денсаулыққа əсерí тұрғысынан жəне сонымен катар техника қауіпсіздігі тұрғысынан дəртерлердщ үлкен алаңдаушылығын тудыруда [4]. Әртүрлі жанрлардың музыкасы ұзак уакыт бойы тыңдалады, бірак дыбыстың дауысы рұксат етілген нормалардан асып түсіп жатады. Есту аппаратына күшейтілген дыбыстың ұзак уакыт əсер етуі жəне кұлаккаптарды қолданғанда оған тікелей əсер етуі, есту анализаторында әртүрлі бұзылулардың жəне есту қабілетінің жоғалуына əкеледí. Осы мəселенщ зерттеулері жастар арасында өзекті болып табылады.

Мақсаты. Музыкалык жанрлардың ағзаға əсер етуін жəне музыканы тыңдау кезінде колданылатын кұлаккаптардың түрлерін зерттеу.

Тапсырмалар

  1. Тыңдалатын музыканың каркындылығын жəне есту жиілігін аныктау.
  2. Респонденттер ағзасының психофизиологиялык көрсеткіштеріне музыка жанрының жəне кұлаккап түрлерінің əсер ету деңгейін бағалау.
  3. Құлаққап арқылы тыңдаған кезде ағзаға музыканың теріс əсерíн төмендету бойынша ұсыныстар əзíрлеу.

Материалдар мен әдістер

Музыкалык жанрлардың артыкшылыктарын зерттеу, музыканы тыңдау кезінде кандай кұлаккаптардың колданғанын жəне олардың ағзаның психофизиологиялык жағдайына əсер етуі, сондай-ак музыкалык артыкшылыктары мен адамның мінез-кұлкы арасындағы катынастарды анықтау мақсатында респонденттерден сұхбат жүргізу үшін сауалнама əзíрлендí.

Медициналык жоо-ның екінші жəне үшінші курстың 346 студентінен сауалнама аркылы сүхбат алынды. Зерттелген респонденттердің орташа жасы — 17 мен 21, 21-ден аскандары 11 адамды күрады. Олардың ішінде ер адамдар респонденттерінің саны — 96, ал əйел адамдарының саны — 250. Сыбырлап жəне калыпты сөйлеуді кабылдау, сонымен бірге үялы телефондағы шағын тест аркылы есту кабілеттерін тексерді. Қолданылған күлаккаптардың физиология-гигиеналык сипаттамалары зерттелді. Децибилді (дБ) шу өлшеуіштің көмегі аркылы, музыканы тыңдау кезіндегі күлаккаптардан шыккан дыбыстың каркындылығы өлшенді. Музыкалык артыкшылык пен адамның мінез-күлык арасындағы моделін жасау үшін, сүхбаттаскан студенттерден (топта орта есеппен 12 адамнан), экстраверсия, сыпайылык, адалдык жəне эмоциялык үстамдылык деген сиякты касиеттері аркылы мінез-күлык ерекшеліктері аныкталды. 1500 астам адамға зерттеу жүргізілді. «Excel» бағдарламасы аркылы нəтижелер статистикалык түрғыдан өңделді.

Нəтижелер жəне оны талқылау

Сүралған ер адамдар респонденттерінің ішінде классикалык музыканы — 72, поп-музыканы — 18, рокты — 10, джазды — 5, клуб музыкасын — 14, рэпты — 15, RnB-ді — 12, баска музыканы — 14 студент үнатып тыңдайды (1-сур.).

Сонымен катар тыңдау уақытының ұзақтығы: 2 сағатта — 72 адамды, немесе 75 %, респонденттерді; 3 сағатта — 14, немесе 15 %; 5 сағаттан аса — 10, немесе 10 %-ды, күрады.

Ер адамдар респонденттерінің музыканы тыңдау кезінде қалайтын құлаққаптардың түрлері: алып-салмалы — 50, немесе 50 %; арнаішілік — 41, немесе 43 %; жапсырмалы — 2, немесе 2 %; толык өлшемді — 11, немесе 11 %.

Пайызбен музыканы тыңдау кезіндегі қолайлы қарқындылық: əлсîз — 15 %, орташа — 73 %, күшті — 16 %. Музыка тыңдау кезінде дыбыс түрлерінің көрсеткіштері: моно — 38 %, стерео — 62 %. Сонымен катар сол күлакпен тыңдауды — 13 %, оң күлакпен — 7 %, ал екі күлакпен тыңдауды — 80 % респонденттер калайды.

Əйел адам респонденттернің тобынан классикалык музыканы — 155 адам, попты — 53, рокты — 19, джазды — 16, клуб музыкасын — 42, рэпты — 17, RnB-ді — 28, баска музыканы — 22-сі тыңдауды калайды (2-сур.).

Музыканы тыңдау уақытының ұзақтығы: 2 сағатта — 185 адам, немесе 74 %; 3 сағатта — 39, немесе 16 %; 5 сағаттан арттык — 29, немесе 12 %-ды, күрады.

Əйел адамдар респонденттерінің музыканы тыңдау кезіндегі қалайтын құлаққаптардың түрлері: алып-салмалы — 51 %; арнаішілік — 42 %; жапсырмалы — 5 %; толык өлшемді — 3 %.

Музыканы тыңдау кезінде қолайлы қарқындылық: əлсîз — 8 %, орташа — 74, күшті — 19 %. Музыка тыңдау кезінде дыбыс түрлерінің көрсеткіштері: моно — 42 %, стерео — 58 %. Сол күлакпен тыңдауды — 8 %, оң күлакпен — 14 %, ал екі күлакпен тыңдауды — 83 % респонденттер калайды.

Респонденттердің музыканы күлаккаптар аркылы тыңдағандағы дыбыстың каркындылығын аспаптык өлшеу: əлсîз музыканың каркындылығы 50-ден 60 дБ-ге дейін; орташа — 60-тан 65 дБ-ге дейін; күшті 80-нен 85 дБ-ге дейін жететінін көрсетті.

 

Ерлер мен əйелдер респонденттерінің музыка тыңдау ұзақтығының айырмашылығы болған жоқ. Стерео-музыкаға ер адамдарда да, əйел адамдарда да қызығушылықтары болды (орта есеппен 60 %), респонденттердің 80 %-ы музыканы екі құлағымен бірдей, бұл ретте сұралғандардың 25 % музыканы қоғамдық көлікте де, көшеде де екі құлақтармен тыңдайтыны белгілі болды. Музыканы тыңдау кезінде алып-салмалы (50 % дейін) жəне арнаішілік (42 %дейін) құлаққаптарына басымдылық берілген. Тыңдалған музыканың қарқындылығын өлшеу нәтижелері бойынша — респонденттердің екі тобында да 12 % (55-60 децибел) әлсіз музыканы, 72 % орташа (65-68 децибел), 17 % қатты (8487 децибел) музыканы тыңдауды ұнатады.

Есту уақыт өте келе бір дыбысқа қалыптасады жəне тыңдаушылардың көбісінде музыка тыңдаған сайын дауысын қаттырақ тыңдау заңдылығы байқалды. Құлаққапсыз адамның құлағы ең жақсы қалыпта 55-60 дБ дыбысты қабылдайды. Қатты дыбыс 70 дБ болып саналады. Рок-концерттер уақытында жабдықтар мен динамиктер орнатылған алаңда дыбыс деңгейі 120 децибелден жəне алаңның ортасындағы дыбыс 160 децибелден тұрады (айта кету керек 120 децибел — бұл реактивті самолеттің ұшақандағы ағынының дыбысы) [5]. 85 дБ жəне одан жоғары дауыс қаттылығы дыбыстарын тыңдау естуге зиянды əсер етеді. 120 децибелден тұратын дыбыс адамда ауырсыну сезімін тудырады, ал 150 децибелде ол үшін шыдауға мүмкін болмайды. 180 децибелдің дыбысы металдың шытынауын, ал 190 децибелде құрылымдардың жапсырмалары жұлынып кетуіне әкеледі [6].

Біздің зерттеулерімізде респонденттердің 85 %-ы дыбыс жиілігін тексеруді қалайтындарын білдірді. Есту жиілігі дәрежесін анықтаған кезде респонденттердің 27 % мүкіс естудің жеңіл дәрежесіне ие болды (1,5-2,5 м аралықтан сыбырлап сөйлесу сөзін, 4,5-5 м әңгімелесу сөзін қабыл- дады); 17 %-да орташа деңгейде байқалды (сыбырлап сөйлеу сөзін 0,5 м қашықтықтан, әңгімелесу сөзін 2,5 м қабылдады). Олардың барлығы 84-87 дБ дыбыс қарқындылығымен қатты музыка тыңдауды қалаған. Жасқа байланысты естуде төмендейді. Егер халықтың 17 %-ы осындай мәселелерді 45 жыл сынаса, онда 65 жылдан кейін 35 %-дан астам болады.

Музыка тыңдау кезінде жанрды таңдау әртүрлі жəне жеке болып табылады [7]. Біздің зерттеуіміздің нәтижелері бойынша, барлық респонденттердің арасында 52 % классикалық музыканы, 20 %-ы поп-музыканы, 18 %-ы түрлі жанрларды, 16 %-ы клубтық музыканы, 12 %-ы рэп жəне RnB-ді тыңдайтынын көрсетті. Респонденттердің қандай мақсатпен музыканы тыңдайтындары туралы қойылған сұраққа 51 %-ы музыканы тыңдау жайлы жайлылықты тудыратынын, 31 % жеңілденетінін, 20 % ой жинақтауға көмектесетінін, 35 % қарқын беретінін, 57 % фон ретінде тыңдайтындарын айтты.

Классикалық музыканы ұнататын оқушылар келесі сипаттаттарға ие болды: адалдық, сыпайылық жəне эмоционалдық тұрақтылықпен ерекшеленеді жəне олар интроверттық түр ерекшелігіне жататындар болып табылады; рэп музыкасын ұнататын адамдарда жұғымдылық пен өзімшілдік; джаз музыкасын ұнататын адамдардың арасында шығармашылық бейімділік байқалды, олар мейірімді, бірақ өзін-өзі бағалауы жоғары; ырғақты би музыкасын ұнататын адамдарда белгілі бір шығармашылық қабілеттердің бар екендігін атап өтті, бірақ олар жақсы мінездерімен

Серия «Биология. Медицина. География». № 3(91)/2018

123

ерекшеленбейді жəне оларды жеке тұлға ретінде экстравертті түріне жатқызуға болады; клубтық жəне халықтық музыкасын ұнататын адамдар шығармашылыққа қабілетті, жомарт, сыпайы, бірақ олар тəккəпар; рок, джаз музыкасын ұнататын адамдарда өзін-өзі бағалаудың аздығын атап өтті, бірақ олардың шығармашылық әлеуеті зор.

Құлаққапты бағалаудың негізгі критерийлері оның сапалығы мен ыңғайлылығы болып табылады. Құлаққаптар арқылы музыканы тыңдау кезінде кеңістіктегі дыбысты локализациялауға бағытталған адамның барлық табиғи механизмдері бірдей болып келмейді. Құлаққаптар тікелей құлақ қалқанына орнатылғандықтан, дыбыс сипаттамаларын анықтауға адамның басы да, денесі де қатыспайды. Жапсырмалы құлаққаптар өз кезегінде басқа басу арқылы құлақ қалқанына қатты жабыстырылып тұрады. Мұндай жағдай сыртқы құлаққа үйреншікті болмайды жəне жиіліктерді декодтау құралы болып табылатын құлақ қалқаны, дыбыс көзінің орналасуын анықтай алмайды. Құлаққаптарды әсіресе тығындарымен қарастыратын болсаңыз, онда олардың жағдайы өте күрделі, себебі олар тікелей есту каналында жұмыс істейді жəне құлақ қалқанының күрделі геометриясы дыбыс бейнесін қалыптастыруға қатыспайтын болады. Бұл жағдайлардың барлығы телефон арқылы берілетін дыбыс өрістері оның алдындағы кеңістікте емес, «тыңдаушының басында» болып табылады. Құлаққаптардың байланыс қысымының (contact pressure) мәнін жақтаулар жəне жартылай амбушюралар анықтайды. Сондықтан, біздің зерттеулеріміз бойынша, музыканы жай тыңдаудан гөрі, құлаққаптар арқылы тыңдау денеге аздап басқаша əсер етуі белгілі болды.

Қорытынды

Қарқындылығы 84–87 дБ, ұзақтығы 4–5 немесе одан да көп сағат музыканы қатты тыңдау есту жиілігінің төмендеуіне әкеледі, барлық респонденттердің ортасында жеңіл дәрежесі — 25 %, орташа дәрежесі 17 % болып табылады.

Музыканы тыңдау кезінде құлаққаптарды пайдалану есту анализаторға теріс əсер етеді, бұл, біріншіден, дыбыстық толқындар есту аппаратына тікелей əсер ететіндігімен байланысты. Зерттелушілердің мінездерінің типологиялық ерекшеліктері мен олар тыңдайтын музыка жанры арасында өзара тығыз байланыс бар.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Богатырева Ж. В. Влияние музыки на человека / Ж. В. Богатырева, М. Ф. Шумилова // Современные наукоемкие технологии. — 2013. — № 7, Ч. 2. — С. 181–183.
  2. Шушарджан С. В. Физиологические особенности воздействия вокалотерапии на организм человека: автореф. дис. … канд. мед. наук / С.В. Шушарджан. — М., 1996.
  3. Булгаков О. С. Изменения психофизиологических параметров под воздействием музыки разного ритма, мелодии, тональности / О.С. Булгаков, М.Д. Хегай, И.В. Сибилев // Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований. — 2015. — № 7, Ч. 1. — С. 133–136.
  4. Колесников А. В. Повышенная акустическая нагрузка и ее влияние на функциональное состояние слухового анализатора молодых людей при использовании аудиоплееров / А.В. Колесников, Х.Т. Абулкеримов, К.И. Карташова // Практическая медицина. — 2013. — № 2, Ч. 2. — С. 44–46.
  5. Бунькова А. Д. Выбор наушников и влияние их использования на органы слуха / А. Д. Бунькова, А. В. Васкина // Europen journal of biomedical and life sciences. — 2015. — № 4. — С. 45–49.
  6. Овчиников Е . А. Разработка научно-теоретических основ дозиметрии звука / Е . А. Овчиников, М. Ю. Александрова, Х.А. Ромашова, К.А. Адыширинзаде // Известия Самарского научного центра. Российская академия наук. — 2010. — Т. 12, № 1. — С. 2146–2152.
  7. Дойдж Н. Пластичность мозга / Н. Дойдж. — М.: Эксмо, 2010.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.