Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығын мекендейтін жыртқыш аңдар

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының территориясында мекендейтін жыртқыш аңдардың қазіргі кездегі таралуы мен сандық көрсеткіштеріне талдау жасалып, оларды қорғау, сақтау шаралары туралы мәліметтер жинақталып берілді. Зерттеулер нәтижесі бойынша қорық аймағында қасқыр мен қарсақтың сандары азайғаны байқалса, борсықтың саны өскені анықталды. Борсықтар жыл бойы індерін өзгерте отырып, түрлі факторлардың әсеріне бейімделген. Олардың қоныстары көпшілік жағдайда көлдерге жақын жерлерде. Ал, ашық далада аңдары дала күзені, аққалақ пен ақкіс қорық территориясында аз мөлшерде кездеседі. Қыс мезгілдерінде көл жағасындағы камыстар арасында көбірек ұшырасады. Қасқырдың қоныстары қорық аймағынан тіркелген жоқ. Ірі жыртқыштардың са- нын анықтау жұмыстары маршруттық әдіспен жүзеге асты. Сусар тұқымдастарының санын анықтауға алаңдық санақ әдістері қолданылды. Қорық аумағы жыртқыштардың тіршілігіне өте қолайлы, азық қоры мол орта болып табылады. Олардың мекендейтін орталарына антропогендік факторлардың әсері байқалмайды. Қорық территориясына соңғы жылдары Америка күзені (Mustela vison Schreber, 1777) Нұра өзені бойымен еніп, ондатр популяциясына эсер етуде, әсіресе жаз-күз мезгілінде көлдерде көп кездеседі. Жыртқыштардың қорық аумағындағы санына мониторингтік жыл бойы жүргізуге ұсыныстар жасалды.

Кіріспе

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы құстар мен жануарлардың сирек жəне жойылып кету қауіпі бар түрлерін сақтау жəне олардың табиғатта болатын өзгерістерге бейімделуін зерттеу мақсатында құрылған. Қорғалжын мен Теңіз көлдерінің айдынын жəне олардың қамысты, қоғалы жағалауларындағы 2 мың шақырым аумақты алып жатыр. Қорық территориясының көпшілік аймағын көлдер құрайды, судың аз-көп болуына байланысты қорықтың экологиялық жағдайы өзгеріп отырады. Сонымен қатар бұл аймақ қатаң қорғалатын болғандықтан, шабындық жұмыстарының жүргізілмеуі аңдар мен құстар фаунасында көптеген өзгерістер алып келіп отыр. Қорықтың климаты құстар мен жанурлардың тіршілік етіп, өсіп-өнуіне өте қолайлы. Оның территориясындағы аңдардың түрлері мен тіршілік ортасы алуантүрлі. Қорық территориясындағы қазіргі кездегі мекендейтін сүтқоректілердің таралу ерекшеліктері, экологиясы мен сандық көрсеткіштері туралы мэліметтер аз. Тек қана аңдардың түрлері, жүйелік қатары туралы мəлíметтер мен қысқы жəне күзгі жүргізілген санақтардың қорытындылары ғана бар.

Қазіргі кезде қорық территориясынан сүтқоректілердің 43 түрі тіркелген [1, 2]. Солардың ішінде жыртқыш аңдардың 8 түрі бар. Мамандар бұл аңдардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, олардың санын көбейтудің жолдарын іздеуде. Жыртқыштар Қазақстанның барлық аумақтарында кеңінен таралған жануарлар. Көпшілігі кəсíптíк жəне əуесĸойлыĸ жолмен ауланады. Мал шаруашылығының зиянкестері, түрлі індеттерді таратушылар болып табылатын зиянкес кеміргіштермен қоректеніп, олардың сан мөлшерін реттеп отырады.

Біз Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы аумағындағы сүтқоректілердің ішінде жыртқыш аңдардың түрлеріне, биологиялық ерекшеліктеріне, тіршілік орталарына тоқталдық. Солардың ішінде Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы территориясында мекендейтін Дүниежүзі табиғатты қорғау одағының (ДТҚО) тізіміне енген қарсақ (Vulpes corsak Linnaeus) — сирек кездесетін түр ретінде қорғауға алынған, далалық жерлерде бұл аңның соңғы кезде саны өте төмендеп, аңшылар мен ғалымдарды алаңдатуда [2, 3]. Сонымен қатар, А.Б. Янушевскийдің ауызша мəлíметí бойынша, америка күзені қорық территориясына еніп, су жағаларын мекендеп, көбейе бастағаны анықталып отыр (1-кесте).

1-кесте Қорық территориясында мекендейтін жыртқыш аңдар

Р/с №

Түрлері

Таралу сипаты

ҚР «Қызыл кітабына» жəне ДЖТҚО тізіміне енген түр

1

Қасқыр (Canis lupus L, 1758)

++

 

2

Түлкі (Vulpes vulpes L, 1758)

+++

 

3

Қарсақ (Vulpes corsac L, 1768)

+

+

4

Борсық (Meles meles L, 1758)

++

 

5

Сасық күзен (Mustela eversmanni Lesson, 1827)

++

 

6

Ақкіс (Mustela erminea L, 1758)

+++

 

7

Аққалақ (Mustela nivalis L, 1766)

+

 

8

Америка қара күзені (Mustela vison Schreber, 1777)

+

 

Ескерту. Кездесу жиілігі: + өте сирек, ++ сирек, +++ жиі.

Қазіргі уақытта республикамызда халық шаруашылығының қарқындап дамуы жануарлар дүниесіне үлкен əсер етіп отыр. Олардың кейбір түрлерінің саны азайып, таралу ареалы тарылса, ал кейбір аңдардың сандары көбейіп, таралу аумағы кеңейген. Соған сəйкес жануарлар қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілді. Енді бір түрлерді Қазақстанның аумақтарына жерсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қорық территориясында аңдар мен құстарды қорғап, санының көбеюіне үлкен мүмкіндіктер бар. Мақалада қорық аумағында мекендейтін жыртқыш аңдардың таралуы, оларға əсер ететін факторлар мен сандық көрсеткіштері берілген.

Зерттеу материалдары мен əдíстерí

29.01.2018 жылы «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы территориясында қысқы маршруттық санақ жүргізу туралы» № 02–22∕06 бұйрыққа сəйкес, 2018 жылдың ақпан-наурыз айларында қорық аумағында аңдардың санын анықтау мақсатында жабайы жануарларға санақ жүргізілді.

Сусар тұқымдастарының санын анықтау үшін алаңдарда санақ әдістері қолданылды.

Санақ көрсеткіштерін анықтауПу = 10 — шақырым қашықтықтағы сүтқоректілердің іздерінің саны. Көрсеткіш келесі формуламен анықталды: Пу = (іздер саны ÷ маршрут ұзындығы^10. Қайта есептеу коэффициенті (К) келесі формуламен есептеледі: К = 1,57∕LL — орташа тәуліктік жолының ұзындығы. Тығыздықты анықтау (Пп) — бұл 1000 га алаңдағы аңның саны. Тығыздығы келесі формуламен есептеледі: Пп = Пу× К. Сүтқоректілердің санын есептеу тіршілік алаңындағы (1000 га) тығыздығын (Пп) көбейту жолымен анықталады. Жануардың санын есептеу келесі формуламен анықталады Рч = Πn×S. S — алқаптар ауданы (1000 га). (Рч) — есептелген жануар саны. Аңның тығыздығы келесі формуламен есептеледі A = n×1000∕P, мұнда n — алқаптағы даралар саны; Р — алқаптың ауданы. Жалпы қорық территориясындағы сүтқоректілердің саны келесі формуламен есептеледі: N = a×S∕1000; мұнда S — тіршілігі үшін қалыпты экстраполяция жүргізілген алаң. Жабайы жануарлар мен құстардың санын анықтау ҚР БҒМ Зоология институты дайындап жəне ресми бекітілген «Негізгі аңшылық-кәсіптік жəне сирек кездесетін Қазақстан жануарларының санын анықтау әдістері» (Алматы, 2003) қолданылды [4].

Санақ жұмыстары шаңғымен ақпан айының басынан наурыздың ортасына дейін жүргізілді. Қорғалжын қорығы территориясында ұсақ сусар тұқымдастары көбіне қамыс өскен көлдердің жағасын мекендейді. Сондықтан да ұсақ сусарларды анықтау үшін көлді жағалай бірнеше мониторинг жүргізу алаңдары жасалды. Қаражар мониторингтік алаңы 500 га аумақта (ұзындығы 2,5 км, ені 2 км). Табанқаза – «Бірқазан» – Табан көлі мониторингтік алаңы 1000 га аумақты (ұзындығы 3,33 км, ені 3 км) алып жатыр. Сусар тұқымдастарының өкілдері қалың қар түскеннен кейін көбіне қар астында тіршілік етеді де, қар бетіне сирек шығады. Сасық күзен, аққалақ, ақкістің экологиялық ерекшеліктеріне байланысты саны туралы толық мәліметтер қыстың басында қар әлі аз түскенде жүргізу керек.

Осы аймақтың климаттық жағдайы қолайлы, ауа температурасы –10 ºС-дан –21 ºС аралығында, жел 2–3 м/с шамасында, ауа райына байланысты жаңа іздерден ескі іздерді ажырату оңай, әрі күні бойы санақ жүргізуге мүмкіндік болды. Маршрут бойынша ұсақ сусарларға санақ жүргізуге шаңғы, ал далалық биотопта санақ жүргізуге «Тайга» маркалы жылдамдығы 10–15 км/сағ шамасында қаршаңғысы қолданылды. Қысқы маршруттық санаққа А.В. Кошкин, А.Б. Янушевский, тағы басқа инспекторлар қатысты.

Зерттеу нәтижелері

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында мекендейтін жыртқыштардың таралуы мен қазіргі кездегі санының өзгерістеріне, олардың мекендейтін орталарында жүргізілген бақылаулар мен зерттеулердің нəтижесí беріліп отыр. Жалпы қорық территориясындағы жыртқыштар туралы жыл сайынғы есептерден басқа жекелеген аңдарға зерттеу жұмыстары жүргізіліп, осы жыртқыш аңдардың саны, таралуы, оларға əсер ететін факторлар анықталды. Ақбөкен санының азаюына байланысты қасқырдың саны күрт төмендесе, мазалау фактоларының аз, қоректерінің жеткілікті болуына қарай борсықтың саны 2015 жылмен салыстырғанда 600 дараға көбейген [5]. Тіршілік ортасының қолайлы болуынан сусарлар санының бірқалыпты өсуі байқалады (2-кесте).

2-кесте Қорғалжын қорығындағы жыртқыштарға 2018 жылы ақпан-наурыз айларында жүргізілген санақ қорытындысы

Р/с №

Түрлері

Бір күндік жол (L — орташа көрсеткіш)

Тығыздығы (1000 га)

Тіршілік алаңы, (1000 га)

Қорық аумағындағы аңның саны

1

Қасқыр

5,8 ~

0,006

320000

2

2

Қарсақ

5,8

0,17

300000

51

3

Түлкі

7,1

0,69

320000

220

4

Аққалақ

2,1

0,35

200000

70

5

Ақкіс

2,1

1,55

200000

310

6

Дала күзені

2,1

0,62

320000

198

7

Борсық

2,1

3,6

300000

1080

Қасқыр (Canis lupus L, 1758) — 1980 ж. қыс кездерінде қорық территориясынан жиі кездестірсек, соңғы 10–15 жылда саны тез азайып кеткен жыртқыштардың қатарында. 2007 ж. қорық аумағында 2–3 семьясы (4–5 дара) болса, биылғы жылы жүргізілген санақ кезінде инспектор К. Кəрíбаев 1 ғана қасқырды кездестіріп, Есей өзені маңайынан іздерін ғана тіркеді. Бұл жыртқыштың осы территориядағы санының азаюының басты себебі ақбөкеннің санының азаюы жəне қорыққа шекаралас жерлерде қыс кезінде аулау жұмыстарының жүргізілуі болып табылады.

Түлкі (Vulpes vulpes L, 1758) — қорық территориясында жиі кездесетін, саны көп түрлердің бірі. Жергілікті популяциядағы жыртқыштың саны жыл бойы ауытқып отырады, сондықтанда, өткен жылға қарағанда, биылғы жылы оның саны 100 дараға дейін азайған. Жалпы түлкілер санының азайып-көбеюіне осы аймақтың азықтық қоры мен жол торабы əсер етеді, себебі жас түлкілер түнгі мезгілде автокөліктерден көптеп зардап шегеді. Қыс басында түлкілер өткен жылдың қараша- желтоқсан айларында қардың аз болуына байланысты биотоптарда біркелкі таралды. Ал қыс орта- сында ашық далаларда қар қалыңдап, күн суытқан кездерде түлкілер қамыстардың арасына, өлімтік тасталған елді мекендерге жақын жерлерге қарай миграция жасайды. Себебі осы жерлер олардың азықтарын табуға қолайлы аймақтар болып табылады. Қысқы санақ жүргізу кезінде (ақпан-наурыз айларында) 5 түлкі ғана тіркелді. 19 ақпан күні Қаражар – Алқым – Көкой көлі – Нефтеразведка – Мыңжылқы түбегі – Ақтайлақ көлі – Тұз көлі – Круговое көлі – Қаражар маршруты (60 шақырым) бойынша жүргізілген санақ кезінде 2 түлкі кездесті. Келесі маршрут 25 ақпан күні Қаражар – КПП№ 1 – Камышзавод – Қызыл Мешіт – Қызылкөл көлі – Есей көлі – Қаражар бағытында 70 шақырым қашықта жүріп өткен кезде 2 түлкі жəне 15 із тіркеуге алынды. Қысқы маршруттық санақ жүргізудің қорытындысы бойынша, 2018 ж. қорық территориясында 220 дара жыртқыш анықталды [5].

Қарсақ (Vulpes corsac L, 1768), А.В. Кошкиннің (2007) мəлíметтерí бойынша, 1980 ж. бастап бұл аңның саны қорық территориясында күрт азая бастаған. Түнде машинаның жарығымен кем дегенде 6–10 дарасы тіркелсе, 2000 ж. бастап бұл жыртқыштың санының төмендегені соншалық қыс айла- рында ғана 1–2 қарсақтың іздері ғана байқалған. Қорық территориясында ақбөкен санының күрт аза- юы бұрын көпшілік жағдайда қысты күндері қасқыр мен қасақана аулаған ақбөкен қалдықтарымен қоректенетін қарсаққа мұндай мүмкіндіктердің болмауы. Қорық территориясында қатаң қорғаушараларының үйымдастырылуына байланысты мал шаруашылығымен айналысатын елді мекендер жоқ, қарсақтың қосымша азығының бірі болып табылатын балық аулау жүмыстары да жүргізілмейді.

Борсық (Meles meles L, 1758) — Мемлекеттік қорық аумағында кеңінен таралған. Олардың іздерін барлық бағыттан байқауға болады: көлдердің маңайынан, қоректенетін жерлерінен, бір ін мен екінші ін араларынан. Әсіресе көл маңайларында жиі қоныстанғанын байқауға болады. Белсенді кездерінде борсықтар қысы-жазы індерін ауыстырып отырады. Бүл жыртқыш санының өзгерістері қорық аумағында тіркелмеген. Санақ жүргізу кезінде барлық індер мен тіршілік іздері да есепке алынды. Орташа саны 10 шақырым шаршы аймақта 2 семьядан келеді.

Дала күзені (Mustela eversmanni Lesson, 1827) — табиғи қорық территориясында саны түрақты, олардың іздері қалың қамыс, қоға өскен су жағаларында, ашық далада жиі байқалады. Ал қысты күндері ашық жерлерден қамыс арасына қашады. Азық қоры мол болған жылдары қорық аумағына сандары тез өсіп кететін кездері болады. Биылғы жылғы санақ қорытындысы бойынша 198 дарасы тіркелді.

Ақкіс (Mustela ermine L,1758) — Қазақстанның солтүстік аймақтары мен оңтүстік жəне оңтүстік- шығыстағы тауларда кездеседі [3]. Сандары азық қорының мөлшеріне байланысты өзгеріп отыратын ашық далалардан қашып, қалың қамыс араларында мекендейтін ерекше жыртқыш. Олардың сандары азық қорларына байланысты жыл сайын өзгеріп отырады. Мысалы, 2000 жж. санақ барысында Қаражар бекетінде он ақкіске дейін кездессе, соңғы жылдары 1000 га аймақта 1-2 дарадан ғана кездеседі.

Аққалақ (Mustela nivalis L, 1766) — Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Жалпы саны аз жыртқыш аң. Қорық территориясында қыс кездері ғана қамыс арасынан кездестіруге болады. Қыста қар астындағы іздеріне қүрылған қапқандарға да өте сирек түседі. Қар астында шапшаң қозғалып, тіршілік етуге бейімделген сусарлар түқымдасының өкілі.

Америка күзені (Mustela vison Schreber, 1777) — жартылай сулы ортада тіршілік етуге бейімделген, Солтүстік Америкада кеңінен таралған аң. Фермалардан қашып кеткен күзендер Еуро- дада кеңінен таралған [3]. Кеңес Одағы кезіндегі қолда өсірілген америка күзендерінің үрпақтары 2000 жылдарға дейін Республикамыздың Шығыс аймақтарында ғана кездесті. Қазіргі кезде Ертіс өзенінің оң жағалауындағы барлық су көздерінде кездеседі [3]. Ал, 2010 ж. бері Павлодар, Ақмола, Қарағанды облысындағы өзен-көлдерде америка күзенінің саны өсіп, елді мекендер маңындағы су- ларда да кездесе бастады. Соңғы жылдары олар Нүра өзенінің бойымен Қорғалжын мемлекеттік қорығы территориясындағы көлдерді мекендей бастады. Жаз-күз айларында бүл аң ондатр популя- циясына əдəуíр зиян келтіре бастағанын қорықшылар (А. Янушевскийдың ауызша мәліметі) мәлімдеді. Америка күзені қыс мезгілдерінде Нүра өзенінің бойына миграция жасайды, ал қорық аумағында олардың саны көп емес.

Қорытынды

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының негізгі қорғалатын аймағында мекендейтін жыртқыш аңдарға антропогендік әсердің өте аз болуы қазіргі кезде осы аңдардың тіршілігіне өте қолайлы болып отыр. Бүл аймақтың жер бедерінің өзі қолайлы жағдайлар туғызатыны сөзсіз. Өзеннің салалары, сорлар мен сортаң жерлер, қымыс-қоға өскен су жағалаулары жыртқыштардың тіршілігіне, жауынан қорғануына, қоректенуіне, өсіп-өнуіне табиғи ерекше орта болып табылады. Су жағасындағы қалың қоға мен қамыс арасынан өздерінің қоректерін үстау үшін осы жерлерге қасқыр, түлкі, аққалақ пен ақкіс келеді. Суға жақын жерлерге борсық індерін салып, үрпағын өсіреді. Қорықтың көптеген территориясы, сортаң жерлер болсада, жыртқыш аңдардың тіршілігіне өте қолайлы аймақ болып табылады.

Буферлік зона Теңіз көлінің батыс жағалауынан Терісаққан өзеніне дейінгі аралықта үсақ шоқылар алып жатыр, шоқылардың аралықтарында жазықтықтар мен көлдер бар. Осы аймақта үзына бойына суы ағып жатқан бөгеттер жəне кішігірім өзендер кездеседі, онда үнемі аңдардың су ішуге мүмкіндіктері бар. Бүл сулар жаз айларында қүрғап қалмайды, сондықтанда жыртқыш аңдарға қолайлы жағдай тудырып отыр. Бүл жерлерде антропогендік əсер, яғни, мазалау факторы кездеседі, себебі осы аймақта Шүбаркөл ауданы орталығын қосатын транспорт жолдары өтеді, елді мекеннің малдары жайылады. Ал жаз мезгілдерінде өрт болатын кездері де байқалады. Қорықтың шығыс жағалауына Жүмай-Майшүқыр, Шалқар-Біртабан, Аюлы-Шалқар жəне Жарлыкөл-Қарасор көлдер жүйесі кіреді, осы жерлерге бетегелі-жусанды-астық түқымдастар өскен далалар мен кіші көлемдегі көлдер жатады. Осы аймақта 25 ауылшаруашылық елді мекендер бар, бүл жабайы жануарларға, аз даболса өзіндік әсерін тигізеді. Осы жерлердің көп жері шабындық, жайылым болып табылады. Барлық көлдерден балық ауланып, аңшылық жұмыстары жүргізіледі. Санақ жүрген аймақтарда кеміргіштер жəне қоянтәрізділер отрядының өкілдері тіркелді, бұлар жыртқыш аңдардың қоректері. Қыс мезгілдерінде көптеп кездесіп, олармен қоректенетін жыртқыштарды көбірек өздеріне тартады. Сондықтанда мазалу факторларын азайту, қорғау шараларын көбірек ұйымдастыру тиімді.

Зерттеу нәтижелері бойынша қорық территориясында мекендейтін жыртқыш аңдардың қазіргі кездегі популяциясының жағдайы бірқалыпты. Тек қана жыртқыштардың сандарында ғана өзгерістер байқалды. Аңдарды қорғау, биоалуандылығын сақтау үшін, ең алдымен, олардың мекендейтін жерлері мен табиғи факторлары (климаттық өзгерістер, ауру, азық қоры) тұрақты болуы қажет. Егер олардың мекен ету орталары тіршілік етуге қолайлы болғанда, әрі осы жануарлар түрінің өсімталдылығы жоғары болса, қорғауға алынған аңдар тез көбейіп, ареалдарын кеңітеді.

Қыста қардың қалың түсуіне байланысты ұсақ сусарлар қар астында тіршілік етеді. Сондықтанда ұсақ жыртқыштарға (ақкіс, аққалақ, дала күзені) қараша-желтоқсан айларында жүргізілген санақ жұмыстары нәтижелі болады. Жыл бойы жыртқыш аңдарға жүргізілген мониторинг экожүйедегі өзгерістерді болжауға мүмкіндіктер береді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Глобально значимые водно- болотные угодья Казахстана: в 3-х т. — Т. 2 / Г.Ж. Акбердина, М.Х. Байжанов, А.В. Громов и др.; под ред. М.Ж. Бурлибаева, Л.Я. Курочкиной, В.А. Кащеева, С.Н. Ерохова. — Астана, 2007. — 286 с.
  2. Кошкин А.В. Фауна Коргалжинского заповедника / А.В. Кошкин. — Астана: ТОО «Идеал-НС», 2007. — 62 с.
  3. Бекенов А. Б. Қазақстан сүтқоректілері: моногр. / А. Бекенов, Б. Есжанов, С. Махмутов. — Алматы: Ғылым, 1995. — 280 б.
  4. Методы учета основных охотничье- промысловых и редких видов животных Казахстана. — Алматы, 2003. — 203 с.
  5. Отчет по проведению зимнего маршрутного учета на территории РГУ «Коргалжинский государственный природный заповедник» за 2018 год.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.