Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстандағы мемлекеттік-жеке серіктестік жобаларының тәжірибесі мен оның даму әлеуетін талдау

Мақалада мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жүзеге асырылған жобанарды талдау барысында неғүрлым артыкщылыкка ие болған модель ретінде ДСҰ моделінің жадны сипаттамасы карасчырынған. Алғашқы концессиялық жобаларды іске асыруда бастапкыда осы модель •іаңдалып алынғандыктан әрі тиімді жүзеге асқандықтан, бүл модельге талдау жасалынған. Сонымен бірге ДСҰ- ның жеке компания, жергілікті атқару органы секілді келісімшарттары берілген. Білім беру саласында, мектептер мен балабакщалар күрылысы жобаларын жүзеге асыруда концессияның ЖСҰ моделі талданған. Осыған орай, ЖСҰ моделін қолдану барысында балабакща мен мектеп жобаларын жүзеге асыруда концеденттің инвестициялык, нысанды пайдалану шығындарын өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындау тәуекелінің туындау шарты сараланған. Қазіргі таңда Қазақстандағы маңыздылығы мен қажеттілігі бүрыннан туындаған ірі концессиялық жобанарды іске асыру қадамдары дəлелденген. «Мемлекеттік-жеке серіктестік туралы» 2015 ж. жаңа ҚР Заңның

қабылдануын Қазақстанда мемлекет пен бизнестің карым-қатынасына жаңа серпіндік талдау жасалған. Сонымен қатар балабакща кұрылысы жəне пайдалану МЖС жобасын жүзеге асыру үшін денсаулық сактау саласында ЖСҰ моделі сумен камтамасыз ету саласында жобаны жүзеге асыруда осы модельдерге толыктай талдау жасанды.

Қазакстанда казіргі таңда МЖС-ның әлемдік тәжірибесін еліміздің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бейімдеу үшін мемлекет пен жеке бизнес капиталының өзара әрекетінің тиімді сызбалары күрастырылып әрі жетілдіріліп келеді.

Қазакстанда мемлекет пен жеке сектор серіктестігінің ең кең тараған жəне әрі танымал түрі концессия колданыска ие. Концессия күралының Қазакстанда алғаш пайдаланылуы 2005 ж. басталды, сол жылы «Шар-Өскемен станциясы жаңа теміржол желісінің күрылысы мен пайдалануға берілуі» жобасын жүзеге асыру бойынша алғашкы концессиялык шарт жасалды. Жоба бойынша концессионер ретінде «Досжан темір жолы» АҚ танылды.

«Шар-Өскемен станциясы» жаңа теміржол желісінің күрылысы мен пайдалануға берілуі» концессиялык жобасының жүзеге асырылуын егжей-тегжейлі талдаса, оның оң жəне теріс жактарын аныктауға болады. «Шар-Өскемен станциясы» жаңа теміржол желісінің күрылысы мен пайдаланылуы бойынша алғашкы концессиялык жобаны жүзеге асыру ҚР көлік инфракүрылымындағы бірнеше тар орындарды кеңейтуге мүмкіндік берді. Ірі кен Алтай теміржол торабын кыска жолмен «Түрксиб» магистралімен Шар станциясы аумағында байланыстырып, Шығыс Қазакстанның елдің баска аумактарына шығуын камтамасыз етті. Жобаның жүзеге асуы тасымал алыстығын, бүрынғыға карағанда, оңтүстік бағытта 328 шакырымға, ал батыстан 92 шакырымға азайтты жəне екі кеден бакылауы мен Ресей аумағы аркылы жүру кажеттілігін жойды. Жолаушылар мен жүктерді жеткізу 12-14 сағатка жылдамдатылды. Бүл жобаның жолаушылар тасымалы көлемінің өсуі сиякты әлеуметтік тиімділігі де зор.

Жобаны жүзеге асыру, сөзсіз, ел инфракүрылымы мен оның экономикалык әлеуетінің дамуына жағымды əсер етті, бірак жүзеге асыру үрдісінің өзі көп киыншылыкка тап болды. Жоба бағасы бірнеше рет өзгеріп отырды, ал колданылып отырған каржыландыру тетігі тиімсіз болып, бірнеше рет өзгерді. Бастапкыда, «Досжан теміржолы» облигациялары бойынша мемлекеттік кепілдік тек күрылыс жасау мерзіміне ғана берілді. Нәтижесінде, облигация үстаушылар дефолт тәуекелінен корғалмаған болды, бүл жоба шеңберінде шығарылған облигациялардың тартымдылығын төмендетті. Тек 2007 ж. бастап, келісімшартка кол койылғаннан екі жыл өткен соң, үкімет концессионердің облигациялык займдары бойынша концессия мерзімі аякталғанға дейін (2028 ж. дейін) шарттарды өзгертті [1].

Жалпы тізбесі жарияланған концессиялық жобалар саны бастапқыда алты жобаны құрады.

Алайда жобалардың тек үшеуі ғана жүзеге асырылу сатысына жетті (кестені қара.). Ендеше төменде бұл жобалардың əрқайсысын жеке-жеке қарастырып өтейік.

Кесте Қазірге дейін жүзеге асырылған жобалар

Жоба жөнінде қысқаша мəлíмет

«Шар — Өскемен» станциясы жаңа теміржол желісінің құрылысы мен пайдалануға берілуі» жобасы. Жобаны жүзеге асырудың мақсаты — жаңа көліктік бағыттың қалыптасуы, оңтүстік жəне батыс бағытта алшақтықты азайту, жүк тасымалын 12–14 сағатқа азайту.

  • Тапсырыс беруші — ҚР Көлік жəне коммуникация министрлігі.
  • Жеке серіктес — «Досжан темір жолы» АҚ.
  • Жоба құны 24 479, 73 млн тг.
  • Келісімшарт мерзімі — 2005–2028 жж.
  • Мемлекеттік қолдау: инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекеттік қолдау; кепілгерлік келісімі: нысан құны (21427 млн тг), объект құрылысы кезінде шығарылған, инфрақұрылымдық облигацияның айналым мерзімінде есептелген сыйақы.
  • Қаржыландыру көзі: Акционерлік капитал — 11861 млн тг (14,3 %); концессионердің инфрақұрылымдық облигацияларды шығарғандағы қаражаты — 25434,0 млн тг (85,7 %) «Солтүстік Қазақстан — Ақтөбе облысы аралығындағы электр тасымалдау желісінің құрылысы» жобасы. Жобаны жүзеге асырудың мақсаты — Ақтөбе облысында электр энергиясы жетіспеушілігін жабу үшін қуаты 220 жəне 500 кВт, қашықтығы 487 км болатын электр желісінің құрылысы.
  • Тапсырыс беруші — «Мехэнергострой» ЖШС, «КЕСОК»АҚ, ҚР Энергетика жəне минералдық ресурстар министрлігі.
  • Жеке серіктес — «Батыс Транзит» АҚ.
  • Жоба құны — 19 868, 6 млн тг.
  • Жол қашықтығы — 487 км; 500 МВт.
  • Келісімшарт мерзімі — 2005–2022 жж.
  • Мемлекеттік қолдау: 100 % мемлекеттік кепілгерлік.
  • Қаржыландыру көзі: сомасы 18,8 млрд тг болатын инфрақұрылымдық облигация шығарылды.

Еуразиялық даму банкінен (ЕАБР) $30,5 млн қарыздық қаражат тартылды «Халықаралық Ақтау əуежайынgағы жолаушылар терминалы» жобасы. Жобаны жүзеге асырудың мақсаты ҚР-ның 2003–2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сəйкес 2007 ж. Маңғыстау облысының инфрақұрылымын дамыту.

  • Жоба мерзімі, құрылыс мерзімі: 2008–2009 жж., пайдалану мерзімі: 28 жыл 11 ай, жалпы: 30 жыл.
  • Концессионер — «Atm Grup Uluslararasi Havalimani Yapim Yatirim Ve Isletme Ltd.Sti» компаниясы.
  • Жоба құны: 4092,75 млн тг.
  • Мемлекеттік қолдау: концессия келісімшартында арнайы мемлекеттік қолдау қарастырылмаған. Дегенмен концессионер мемлекеттік қолдауға сенім арта алады.
  • Қаржыландыру көзі: жобаны қаржыландыру концессионер есебінен жүргізіледі

Ескерту. [2] деректері негізінде құрастырған.

Білім беру саласында жəне мектепке дейін білім беруде негізгі екпін аталған нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына не жаңасын тұрғызуға жасалуы тиіс жəне осы тұста ЖСҰ моделінің негізгі таңдалу себебі болып инвесторлар мүддесін қорғаудың жоғарылығы табылады. Төмендегі 1-суретте мектеп жəне балабақша құрылысы (қалпына келтіру, жөндеу) МЖС жобаларын жүзеге асырудың ЖСҰ моделінің институционалдық сызбасы келтірілген [3].

Мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жүзеге асырылған жобаларды талдау барысында неғұрлым артықшылыққа ие болған модель ретінде ДСҰ моделін танимыз. Оның себебі ретінде алғашқы концессиялық жобаларды іске асыруда бастапқыда осы модель таңдалып алынғандықтан, әрі тиімді жүзеге асқандықтан деп білеміз. Одан өзге бұл модель бүгінде мемлекеттік бюджеттің жеткіліксіз қаржыландырылуы жағдайында жеке инвесторларды тартудың неғұрлым тиімді әдісі ретінде танылып отыр.

Жалпы, ДСҰ келісімшарты мыналарды көздейді:

  • жеке компания: құрылыс нысанын жобалайды, қаржыландырады, салады жəне қалпына келтіреді (жөндейді) жəне одан соң аталған объектіні мемлекет меншігіне табыстайды; жобаның мерзімі аяқталғанға дейін белгілі бір тәуекелдерді өзіне жүктей отырып жаңа объектіні қолданады жəне иеленеді; келісімде белгіленген мерзім (отыз жылға дейін) аяқталған сəтте объектіні тиісті жай күйінде жергілікті атқару органына табыстайды; егер концессиялық келісімде көрсетілсе, халықтан тариф алымын жүзеге асырады; мемлекет тарапынан қолдау көрсету шараларына ие болады, мысалы, концессиялық жобаны бірлесе қаржыландыру, инвестициялау не объектіні пайдалану шығындарын өтеу;
  • жергілікті атқару органы: жобаның қажеттіліктеріне жеке компанияға уақытша жерді иелену үшін жер учаскелерін ұсынады; ҚР Заңына сай лицензия, рұқсат алу шараларына жәрдемдеседі; концессиялық сұрақтар бойынша ҚР Заңы аясында мемлекеттік қолдау шараларын ұсынады [4].

Аталған келісімшарт түрінің негізгі міндетті шарты болып белгілі уақыт мерзімінде компанияның жүргізген барлық инвестицияларын жабу не инвестициялар түсімінің қайтарылуын қамтамасыз ету болып табылады. Ал инвестициялар мен түсімнің қайтарылуы кәсіпорын өндіретін өнімді сату не қызмет көрсету арқылы жүзеге асады. Объектіні пайдалану кезінде оған қызмет көрсету концессионердің бұл қызметті арнайы қызмет көрсету компаниясына табыстау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Әлеуметтік саладағы, атап айтқанда, білім беру саласында, мектептер мен балабақшалар құрылысы (қалпына келтіру, жөндеу) жобаларын жүзеге асыруда концессияның жоғарыда аталған ЖСҰ моделі кең қолданысқа ие. Осы тұста ЖСҰ моделін қолдану барысында балабақша мен мектеп жобаларын жүзеге асыруда концеденттің инвестициялық, объектіні пайдалану шығындарын өтеу

жөніндегі міндеттемелерін орындамау тәуекелінің туындау шартын ескерген жөн. Ал ЖСҰ моделін (концессионердің борыштық міндеттемелер бойынша кепілдікті қамтамасыз ету үшін концессия объектісін қолдану құқығын иелену) қолдану концессионерге форс-мажор жағдайында белгілі бір қаржылық қорғауды иеленуіне мүмкіндік береді. ЖСҰ моделі бойынша. келісім мерзімі аяқталу сәтінде объект мемлекет меншігіне беріледі. Келтірілген институционалдық сызбаға сай концессионер балабақша құрылысы үшін қарыздық не өз қаражатын тартады. Концессионер мен концедент (облыс əкíмдíгí түріндегі) концессия келісіміне қол қояды.

Аталған жобаларда тараптардың міндеттемелері мен құқықтары келесідей үлестіріледі: концессионер объектінің құрылысы. одан соң оны пайдалану жəне объектіге қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Сонымен қатар концессионер балаларға қарау тəрбие беру жəне тамақтандыру қызметін ұсынады. Өз кезегінде. концессионер ата-аналардан ақы алады. одан өзге қосымша ақылы қызмет көрсете алады.

Концедент балаларға көрсетілген қызмет сапасын қадағалауды жүргізеді. Сонымен қатар концедент концессиялық келісімдегі шартқа сай концессионерге инвестициялық шығындарды өтеуді қамтамасыз етеді (концессионерді мемлекеттік қолдау шарасы ретінде).

Аталған келісімде мемлекеттік қолдау шарасы болып қызметті қолдануға кепілдеме не заттай грант табылады. концессионердің шығындарын өтеу көзі болып пайдалану шығындарын өтеу табылады. ал инвестициялық шығындарды өтеу концессия объектісін мемлекеттік меншікке табыстаған соң төленеді. Концессионер түсімді объектіні қолданушылар не қызметті тұтынушылардан ақы алу арқылы жүзеге асырады.

Денсаулық сақтау саласында МЖС жобаларын жүзеге асыруда ұсынылатын əрí елімізде қолданысқа ие модель болып ЖСҰ моделі табылады. Денсаулық сақтау саласында ЖСҰ моделін қолданудың институционалдық сызбасы 2-суретте келтірілген.

Келтірілген институционалдық сызбаға сай концессионер аурухананы өз қаражатына (қарыздық қаражатты қоса алғанда) салады. содан соң оны мемлекет меншігіне табыстайды. ары қарай аурухананы пайдалану не оның қызметін қамтамасыз етеді. медициналық не медициналық емес қызмет көрсетеді. Осыған байланысты көрсетілетін медициналық қызмет сапасына деген жауапкершілік концессионерге жүктеледі. яғни өз кезегінде концессионер аурухананы тиісінше кадрлармен қамтамасыз ету құқығын иеленеді. Алайда егер концессионер шетел компаниясы болған жағдайда. оған қазақстандық қамтамасыз ету заңнамасын сақтауға тура келеді.

МЖС тетігін түрғын-үй шаруашылығы секторында, оның ішінде сумен қамтамасыз ету саласында концессиялық жобаны жүзеге асыруда инвесторлар үшін неғүрлым тартымды болып келетін модель болып тағы да ЖСҰ моделі табылады. Сумен қамтамасыз ету саласында жобаларды жүзеге асыруда ЖСҰ моделінің институционалдық сызбасы 3-суретте келтірілген.

Сумен қамтамасыз ету тарифінің қүнын төмендету мақсатында, сонымен қатар инвесторлар мен олардың кредиторларын инвестициялық тəуекелдерден қорғау үшін жəне бюджеттен төлемдерді оңтайландыру үшін ЖСҰ моделінің сызбасын Қазақстан жағдайына бейімдеу қажет. Осы сызба аясында концессионердің инвестициялық шығындарын өтеуін мемлекеттік қолдау көрсету шарасы ретінде мемлекеттік бюджеттен жүргізу, ал нысанды пайдалану мен табысты алуды тарифтер есебінен жүргізу белгіленеді.

Белгілі бір мәселелердің болуына қарамастан, МЖС тстігін сумен қамтамасыз ету саласында қолдану заманауи технологияларды, басқарудың әлсмдік тәжірибссін алуды қамтамасыз сдсді.

Осылайша, Қазақстанда жүзеге асырылуы көзделетін инфрақүрылымдық нысандардың қүрылысы мсн әлсумсттік сала объсктілсрінің қүрылысында нсғүрлым артықшылық концсссияның ЖСҰ моделіне беріліп отырғанын аңғардық.

Қазақстанда мемлекет пен жеке сектор серіктестігін инфрақүрылымдық жобаларды жүзеге асыруда қолданылуы мүмкін модсльдсрдің артықшылықтары мсн ксмшіліктсрі бар. Әлсустті қолданылуы мүмкін модельдер келесідей:

  1. Салу пайдалану (Build-Operate).
  2. Жобалау салу (Design-Build).
  3. Жобалау салу-пайдалану (Design-Build-Operate).
  4. Жобалау салу-пайдалану (қосымша объектілерді салу) (Design-Build-Operate+ad.infr.).
  5. Жалға алу сатып алу (Lease-Purchase).
  6. Нысанды жеке секторға табыстау (Divestiture).
  7. Жалға алу жобалау салу пайдалану (Lease-Design-Build-Operate).
  8. Салу меншікке беру пайдалану (Build-Transfer-Operate).
  9. Жобалау салу иелену (Design-Build-Operate).
  10. Жобалау салу иелену пайдалану (Design-Build-Own-Operate).

Маңызды фактор болып жобалық қаржыландыру әлсусті табылады, оның астарында ірі жобаларды жүзеге асыру кезінде салынған қаражатты қайтару мен кредитті қамтамасыз етудің көзі

болып жобаның өзінен алынатын ақша қаражаттары екенін түсіну қажет. Сонымен қатар серіктестік барысында мемлекеттік қолдау мен кепілдеме беру келесі маңызды фактор болып табылады.

Жобаларды жүзеге асыруда МЖС тетігін құқықтық қамтамасыз етудің маңыздылығы жоғары. Көптеген сарапшылардың пікірінше, мемлекет пен жеке сектордың құқықтық нысаны келесі екі талапқа жауап беруі тиіс: инвесторлар үшін тартымдылық пен қаржыны салудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Осы арқылы жобаның негізгі мақсатын жүзеге асыру — бұл дегеніміз мемлекет үшін стратегиялық маңызды жобаларды іске асыру.

Қазіргі таңда Қазақстанда маңыздылығы мен қажеттілігі бұрыннан туындаған ірі концессиялық жобаларды жүзеге асыру қадамдары белсенді жүргізіліп жатыр. Айта кететіні, бұл жобаларды мемлекеттің іске асыру əрекетí бұрыннан басталған болатын. Алайда заңнамадағы кемшіліктер мен қарама-қайшылықтар, реттеудің анықсыздығы, сонымен қатар əлемдíк тəжíрибеге сəйкессіздігі сынды кедергілердің орын алуы себепті олардың жүзеге асырылу қарқыны баяу жүргізілді жəне кəсшкерлíк құрылымдардың мемлекетпен серіктес болуға деген қызығушылығын төмендетті. Дегенмен, мемлекеттік-жеке серіктестік туралы 2015 ж. жаңа заңның қабылдануымен Қазақстанда мемлекет пен жеке бизнестің қарым-қатынасы жаңа серпін алды.

Біздің ойымызша, негізгі себептің бірі — бұл мемлекет пен бизнес арасында зор сенім тапшылығы. Жеке бизнестің атқару органдарына сенімсіздігі тəжíрибеде кейбір жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттің, муниципалдық басқару органдарының жауапкершілік тетігінің əлí де болса нақты белгіленбеуімен түсіндіріледі. Əлемдíк тəжíрибеге сəйкес, шартты бұзу не тоқтату жағдайында мемлекеттік құрылымдар жеке серіктеске мұндай тәуекелдердің туындауы сəтíнде өтемақыға кепілдеме беруі тиіс.

Мемлекеттік-жеке серіктестік тетігінің дамуын іс-қимылдың бірыңғай даму бағдарламасының болмауы, яғни мемлекет пен жеке сектордың байланысын реттейтін орталықтардың көп болуы тежейді. МЖС институционалдық ортасының құраушыларын талдау барысында Қазақстан МЖС дамуын басқарудың орталықтандырылмаған моделін таңдағанын көреміз, себебі арнайы орталық ұйымның болмауы, ал реттеуші қызметтер Үкімет пен министерліктер мен оларды өкілдіктерінің арасында бөлінгендігі осыған айғақ.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Кудайбергенова З. У. Метод концессионного развития транспортной отрасли РК — основа государственно-частного партнерства [Электрондық ресурс] / З. У. Кудайбергенова // КазККА хабаршысы. — 2010. — № 4(65). — С. 163, 164. — Қолжетімділік тәртібі://www.elibrary.kz.
  2. Закон Республики Казахстан «О проектном финансировании и секьюритизации» от 20 февраля 2006 года № 126 [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://adilet.zan.kz.
  3. Отарбаев Г. Пенитенциарная система выполняет серьезную работу в рамках «100 шагов» от 15 января 2016 г. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.zakon.kz/4769043-penitenciarnaja-sistema-vypolnjaet.html
  4. Закон Республики Казахстан «О государственно-частном партнерстве» от 31 октября 2015 г. № 379-V [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://online.zakon.kz/ Document/?doc_id=37704720
  5. Местным исполнительным органам по эффективной реализации проектов ГЧП. Президент РК Н.Назарбаев в ходе заседания Правительства от 18 ноября 2015 г. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://kzppp.kz/.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.