Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сауда осалдығының алдын алудың стратегиясы: механизмдері, құралдары, нысаналы индикаторлары

Мақалада Қазақстан Республикасы сауда осалдығының үрдістері, олардың алдын алудың механизмдері мен индикаторлары қарастырылған. Сауда осалдығын болғызбау стратегиясын іске асыру процесінде белгілі бір тəуекелдер туындауы мүмкін. Ол тəуекелдерге: Қазақстанның экспорттайтын энергия ресурстары мен ауылшаруашылығы шикізатына əлемдǐк бағалардың құбылмалылығы, əлемдǐк экономиканың өсу каркынының баяулауы, сауда компаниялары мен өз қызметін жүйе құраушы компаниялардың жанында жүзеге асыратын шағын жəне орта бизнес кәсіпорындары іскерлік белсенділігінің баяулау жəне тағы басқа түрлері жатады. Стратегиялық кұжаттардың арасында 2030 жылға дейін ҚР-ның азык-түлік кауіпсіздігін камтамасыз ету тұжырымдамасы бар. Оның ішінде сауда осалдығының деңгейін төмендету максатында нысаналы индикаторлар көзделген болатын. Мақалада осыған байланысты сауда саласындағы тәуекелдерді басқару мақсатында әлемдік экономикапың негізгі макроэкономикалык көрсеткіштері мен негізгі шикізат тауарларына әлемдік бағалар динамикасы, ықтимал тәуекелдерді уактылы анықтау үшін Қазакстан экономикасының мониторингін камтамасыз ету карастырылған. Сондай-ак колайсыз жағдайлар туындаған жағдайда, оның ішінде ұлттык экономиканың байлауымен, рецессиясымен немесе дағдарысымен сипатталатын, энергия ресурстарына әлемдік бағалардың күрт ауытқулары салдарынан экономиканы тұрактандыру бойынша шаралар кабылдау кажет.

Стратегияның міндеті негізгі максатка колжеткізу үшін колда бар ресурстарды тиімді пайдалану болып табылады. Мемлекеттің экономикалык стратегиясы мемлекеттің саяси стратегиясын іске асыру үшін оның экономикаға араласу басымдыктары мен кұралдарын түрлендіруді айкындайды. Ол мемлекет әрекеттерінің бағытталуын жəне оларды ең жалпы түрінде ұзақмерзімді кезеңге іске асыру кағидаттарын сипаттайды. Соңғы уакытта мемлекеттік баскаруда 25 (бір ұрпак) немесе тіпті 50 жылға (екі ұрпақ) мемлекет экономикасы дамуының əлдебíр қалаулы жай-күйі түсінілетін «стратегиялык жоспарлау» тіркесі барған сайын жиі колданылып келеді.

Стратегиялык жоспарлау бұл стратегиялык міндеттерді орындауға бағытталған бағдарламалар мен іс-қимыл жоспарларын жəне кеңістікте (орындаушылары бойынша) əрí уақыт бойынша (мерзімдері бойынша) өзара байланысты іс-шараларды жасау жəне іске асыру процесі. Стратегиялык жоспарлау бойынша стратегияны түсінуге арналған екі карама-карсы түсінік бар.

Бірінші жағдайда стратегия бұл кандай да бір максатка колжеткізудің накты ұзакмерзімді жоспары, ал стратегияны тұжырымдау бұл кандай да бір максатты табу жəне ұзакмерзімді жоспар жасау. Мұндай көзкарас барлык туындайтын өзгерістерді алдын ала болжап білуге болады, ортада орын алатын процестерге анықталған сипат тəн əрí олар толық бақылау мен басқаруға көнеді дегенге негізделеді.

Екінші жағдайда стратегия деп ел немесе кəсíпорын дамуының сапалы тұрғыдан айқындалған ұзакмерзімді, оның саласына, кұралдары мен нысанына, өндірісшілік карым-катынастарға катысты бағыты түсініледі. Мұндай түсіну кезінде стратегияны кызметтің таңдалған бағыты ретінде сипаттауға болады, оның шеңберінде əрекет ету ұйымды өз алдында тұрған максаттарға колжеткізуге алып келуге тиіс.

Қазакстан Республикасының Президенті елдегі жағдай мен Қазакстан Республикасының ішкі жəне сырткы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазакстан халкына жыл сайын Жолдау арнайды. Мемлекет басшысы Жолдауының ережелері Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кұжаттарын түзету үшін негіз болып табылады [1].

Жолдаудың ережелерін іске асыру максатында тиісті жалпы ұлттык іс-шаралар жоспары əзірленеgі. Стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттар, нормативтік құқықтық актілер əзíрленбейтұрып, тұжырымдамалар (доктриналар) әзірленуі мүмкін. Тұжырымдама (доктрина) белгілі бір саланың жалпы даму пайымын, тиісті мемлекеттік саясатты өзгерту қажеттілігінің негіздемесін, ұсыныстар мен осы саланың проблемалы мәселелерін шешу жолдарын көрсететін құжат болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сəйкес бұл белгілі бір аяны, саланы (салаларды) дамытудың пайымын, тиісті мемлекеттік саясаттың негіздемесін көрсететін жəне оны іске асырудың негізгі қағидаттары мен ұстанымдарын қамтитын құжат [2]. Тұжырымдама ағымдағы ахуалды талдауды, аяны, саланы (салаларды) дамытудың үрдістері мен пайымын қамтиды; аяны, саланы (салаларды) дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы ұстанымдарын ашып көрсетеді; олар арқылы тұжырымдаманы іске асыру болжанып отырған нормативтік құқықтық актілердің тізбесін көздейді. Сауда осалдығын болғызбау стратегиясының мақсаты елдің сауда осалдығын төмендету жəне сауданың орнықты өсуіне қолжеткізу мақсатында сыртқы жəне ішкі сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жəне мемлекеттік қолдаудың біртұтас жүйесін құру болуға тиіс. Стратегияның мақсаттарына қолжеткізу үшін сауда саласындағы мемлекеттік ықпал етудің идеологиялық, институционалдық, ұйымдастырушылық, қаржылық-экономикалық құралдарының кең қатарын қолдану қажет.

Сауданы дамытудың 2010–2014 жж. арналған алдыңғы бағдарламасын іске асыру тәжірибесін ескере отырып, мынадай міндеттерді көздеуге болады:

  • сыртқы жəне ішкі сауданың тиімділігін арттыру, сауда инфрақұрылымын жетілдіру арқылы сауда саласындағы еңбек өнімділігін арттыру;
  • ішкі сауданы мемлекеттік қолдау жүйесін құру жəне биржалық жəне электрондық сауданы жеделдетіп дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;
  • көтерме сауда жүйесін халықаралық транзиттік желіге интеграциялау.

Іс-шаралар жоспарларында нақты орындаушыларын, іске асыру мерзімдерін, жылдар бойынша болжанатын көлемдері мен қаржыландыру көздерін көрсете отырып, стратегияны іске асыру жөніндегі шараларды көрсету керек. Сыртқы жəне ішкі сауданың жыл сайынғы өсу қарқыны, алдыңғы жылға қарағанда бөлшек сауда тауар айналымының өсу қарқыны %-бен (ағымдағы бағамен); бөлшек сауданың физикалық көлемі индексінің жыл сайынғы өсімі; бөлшек сауда алаңдарының жалпы көлеміндегі сауда кәсіпорындары алаңдарының үлесі (базарларды қоса алғанда). 1000 адамға шаққандағы сауда алаңдарымен қамтамасыз етілу үлесі; бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлеміндегі қазіргі заманғы сауда форматтарының үлесі; бөлшек сауда нарығының шоғырлану дəрежесí; тауар айналымының жалпы көлеміндегі биржалар арқылы жүргізілетін сауда операциялары көлемінің үлесі жəне т.б. нысаналы индикаторлар ретінде бола алады.

Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері маңызды компонент болып табылады. Республикалық жəне жергілікті бюджеттерден қаржыландыру көзделуге тиіс. Тұтастай алғанда, күтілетін нəтижелердí сауда осалдығы индикаторлары базалық көрсеткіштерінің қаншалықты жақсарғаны арқылы бағалауға болады. Үкіметтің бағалауы бойынша, ішкі сауданы дамыту Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады [3].

Сауданы стационарлық сауда нысандарында жүзеге асыруға кезең-кезеңмен өту қамтамасыз етіледі. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Астананың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында жəне 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап облыстық маңызы бар қалалардың аумағында стационарлық сауда объектілерінен тұратын əмбебап сауда нарықтары қолданысқа енгізіледі.

Биржалық сауда саласында 2016 жылғы 1 шілдесінен бастап тауар биржалары жарғылық капиталының ең төмен мөлшері 100000 айлық есептік көрсеткішке дейін жəне 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 300000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды.

2017 жылғы қаңтардан бастап биржалық сауда-саттықты электрондық нысанға толық ауыстыру көзделген. Ішкі тұтыну белсенділігі сауда қызметтерінің орташа есеппен 2,3 %-ға өсуіне ықпал ететін болады.

Мемлекеттің сыртқы сауда санағы мәліметтерінің сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында уəкíлеттí органдар сауда қорытындыларына қатысты салыстырмалы талдау жəне сол салыстырмалы талдаудың нәтижесінде болар-болмас алшақтықтарды анықтау жұмысын жүргізеді. Сыртқы саудаға қатысты айтатын болсақ, сыртқы сауда айналымы орташа қарқынмен, орташа есеппен 12,1 %-ға өсетін болады. Тауарлар экспорты номиналдық мәнінде 2017 жылдан бастап орташа есеппен 8,7 % қарқынмен, мұнай экспорты физикалық көлемінің күтілетін ұлғаюы нәтижесінде экспорттың өсуі күтіледі жəне 2021 жылы 53,3 млрд долл. құрайды (1-кесте).

1- кесте

Экономика салаларының даму болжамы, алдыңғы жылға қарағанда %-бен

Атауы

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

2021 ж.

Алдын ала

Болжам

ТАУАРЛАР ӨНДІРУ

101,4

102,8

102,0

103,1

102,6

102,1

Ауыл шаруашылығы

105,5

102,5

103,2

103,0

103,0

103,0

Өнсркәсіп

99,1

103,0

101,8

102,7

101,9

101,1

Тау-ксн

97,8

103,6

101,8

102,7

101,9

100,1

Өңдсу

100,7

102,6

102,0

103,0

102,2

102,2

Элсктрмсн жəнс газбсн жабдықтау, жслдсту

100,4

100,3

100,5

100,5

100,5

100,5

Қүрылыс

107,9 ~

102,6

102,0

104,8

104,5

104,7

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ӨНДІРУ

100,8

102,4

102,1

102,5

103,1

103,7

Сауда

98,6 ~

101,9

101,7

102,3

102,5

103,3

Көлік жəнс қоймаға жинау

103,7

104,0

100,0

100,0

102,0

102,0

Ақпарат жəнс байланыс

98,0 ~

101,0

101,0

101,0

101,0

101,0

ЖІӨ

101,0

102,5

102,1

102,7

102,9

103,1

Ескерту. [4] нсгізіндс авторлармсн қүрастырылған.

Болжанып отырған кезеңде импорттың өсу қарқынының артуы күтіледі. Өсудің номиналды қарқыны орташа есеппен 7,5 %-ға жетеді. Импорт өсуінің ең жоғары қарқыны 2020 жылға тиесілі болады — 14,1 %. Елдің 2017-2021 жж. арналған олсумсттпс-экономикалык даму болжамының мак- роэкономикалық сипаттағы өлшемдерін, бірінші кезекте, сауданың болжамды көрсеткіштерін (1- ксстс) назарға ала отырып, біздің зсрттсуіміздің қолжсткізілгсн нəтижслсрíн пайдаланып, біз сауда осалдығын болғызбау жəне оның деңгейін төмендету түрғысынан екі кесте (1, 2-кестелер) қүрастырдық [3].

2-кесте бойынша 2014–2015 жж. сауда саласында бір сатушының тауар сату көлемі 27 мың АҚШ долл. болды. Рсгрсссиялық талдау нәтижслсрінс сəйксс, осы көрссткішті скі ссс үлғайтса, жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің 1215 мың АҚШ долл. жетуі əбден мүмкін. Көзделген мақсатқа қолжеткізу үшін Қазақстанда бөлшек сауда тауар айналымының өсу қарқынын барынша күшейту қажет. Осы орайда бөлшек сауда тауар айналымының өсу болжамы 2-кестеде жақсы көрсетілген. Мəселен, Үкіметтің болжамы аясында алдағы 5 жылда тауар айналымының өсімі 3 %-ға жетпейді, тек қана 2021 жылы ғана осы көрсеткіш 3,1 %-ды қүрайды.

Үкіметтің сауда жөніндегі болжамдарын басшылыққа ала отырып, 3 сценарий жасалды: оптимистік, базалық жəне пессимистік болжамдар.

Біздің ойымызша, оптимистік сценарий бойынша бөлшек сауданың тауар айналымы 25 % арасында өсетін болады.

2- ке с те

Экономикалық өсу жəне сату көлемі

Р/с №

Индикатор

Сауда саласында 1 сатушының сату көлсмі (мың АҚШ долл.)

Жан басына шаққандағы ЖІӨ (мың АҚШ долл.)

1

2 ¯

3

1

Екі ссс үлғайту, нсмссс 50

1215

2

120

20

3

180

30

4

240

40

5

300

50

2-кестенің жалғасы

1 I 2 I 3

Болжамдық көрссткіштср

Сауда саласында 1 сатушының сату көлсмін скі ссс үлғайту, нсмссс

50 мың АҚШ долл. дсйін жсткізу болжамы

 

Оптимистік сценарий 2025 ж.

 

Базалық сценарий 2030 ж.

 

Псссимистік сценарий 2035 ж.

Ескерту. [4] негізінде авторлармен қүрасдырылғаш.

Ал базалық сценарий аясында бөлшек сауданың тауар айналымы 12 % арасында өсуге тиіс. Пессимистік сценарий бойынша осы көрсеткіш 0–1 % арасында сақталатын болады.

3- ке с те

ЖІӨ мен бөлшек сауданың тауар айналымы

Р/с №

Бөлшск сауда тауар айналымының өсу қарқыны, %

ЖІӨ-нің өсу қарқыны, %

1

5

3

2

10

4-4,5

3

15

5-6

4

15-тсн жоғары

7

 

Оптимистік 2 дсн 5 %-ға дсйін

3

 

Базалық 2 %-ға дсйін

1-2

 

Псссимистік өсу жоқ

0-1

Ескерту. [4] негізінде авторлармен қүрастырылған.

2017 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты екі есе үлғайту жөнінде міндет қойды. Осы бағыттағы жүмыстарды жандандыру үшін экспортты дамыту жəне алға жылжыту қүралдарын бір ведомствоға шоғырландыру қажет. Экспорттаушыларға қолдауды, оның ішінде өңірлерде «бір терезе» қағидаты бойынша көрсету керек. Сондай-ақ Үкіметтің жанынан Экспорттық саясат жөніндегі кеңес қүрылатын болады. Оның қүрамына бизнес-қоғамдастықтың өкілдері кіруге тиіс. 2017 жылғы 1 қыркүйекке дейін Үкімет əкíмдермен жəне бизнеспен бірлесе отырып, бірыңғай экспорттық стратегияны езірлсйтін болады. Сонымен қатар Қазақстан ауылшаруашылығы өнімін өндіруді əртараптандыру арқылы азық-түлік тауарларының экспортын 2021 жылға қарай 40 %-ға арттыруды көздеп отыр. Бүл міндеттер агроөнсркəсіптік ксшснді дамытудың жаңа мсмлсксдтік бағдарламасы шеңберінде іске асырылуға тиіс.

Бүл ретте 2016 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанға азық-түлік тауарларын импорттау 74 %-ға қысқарды. Мүндай айтарлықтай төмендеуге қазақстандық өндірушілердің импорттық азық-түлік тауарларын алмастыруы ықпал етті. Өткен жылы республиканың өндірушілері шығарымын 4 %-ға үлғайтты. ҚР-да азық-түлік түтынуындағы импортты алмастыру жер қойнауын пайдалануға қарағанда əлдскайда табысты жүріп жатыр. 2016 жылдың ішіндс тамақ өнімдсрінің негізгі 47 атауының 35 тауар позициясында ресурстардағы импорттың үлесі қысқарды. Тиісінше, ресурстардағы жəне түтынудағы импорттың үлесі азық-түлік тауарларының 12 атауы бойынша өсті.

Қант өндірісінде де импортты алмастыру процесі күрт жандандырылды — импорттың үлесі 21 %-ды қүрайды. 2015 ж. импорт Қазақстандағы барлық қант ресурстарының 41 %-ын қүраған. 2016 ж. ст өніміндсгі (шошқа стін, ірі қара малдың стін алып тастағанда) импорттың үлссі сдəуíр байқалатындай азайған. Егер 2015 ж. импорттың деңгейі 63 % деп бағаланса, онда 2016 ж. 12 айы ішіндс ол 37 %-ға дсйін төмсндсді. 2016 ж. ҚР Ұлттық кəсíпксрлср палатасы импортты алмастыру бағдарламасының басталғаны туралы мəлíмдсдí. Палата жүргізгсн сараптамада республика экономикасының 10 саласында, əзíршс импортталатын, бірақ сгср слдс өзіндік жскс өнідіріс жолғақойылса, оларды алмастыруға болатын 150-ге жуық тауар позициясы анықталды. Ақшалай баламада импортты алмастыру 150 млрд-тан астам теңгені үнемдеуге мүмкіндік берер еді.

4-кесте 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі нысаналы индикаторлар

Азық-түліктің физикалық қолжетімділігі

2020 ж.

2025 ж.

2030 ж.

1

Ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжеткізу, %-бен

80

90

100

2

Жақсы жəне қанағаттанарлық техникалық жай-күйдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі, %-бен

89

92

95

3

Жақсы жəне қанағаттанарлық техникалық жай-күйдегі облыстық жəне аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі, %-бен

78

84

90

4

Жеміс/көкөніс қоймаларының өсімі, мың т

225

260

300

5

Сауда алаңдарымен қамтамасыз етілу, 1000 адамға

есептегенде, шаршы м

187

278

338

Азық-түліктің экономикалық қолжетімділігі

2020 ж.

2025 ж.

2030 ж.

1

Халықтың ақшалай табысы (орташа есеппен жан басына шаққанда), айына тг

99 293

158 868

254 190

2

Азық-түлік тауарларына жұмсалатын ақшалай шығыстар (орташа есеппен жан басына шаққанда), айына тг

60 801

85 121

119 169

3

Азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік коэффициенті

60

55

50

4

Жалпы шығыстардағы азық-түлік тауарларына

жумсалатын шығыстардың үлесі, %-бен

38

34

30

5

Табысы кедейлік шегінен төмен адамдар саны, адам

20 000

10 000

0

Ескерту. [4] негізінде авторлармен құрастырылған.

Кедейлік шегінде өмір сүріп жатқан халықтың ең төмен азық-түлік себетіне экономикалық тұрғыдан қолжеткізуін қамтамасыз ету үшін кедейлік шегінің қауіпті деңгей азық-түлік себеті құнының деңгейіне дейін (азық-түлік себеті құнының 40 %-ынан 60 %-ына дейін) арттырылады. Аталған іс-шара атаулы əлеуметтíк көмек арқылы берілетін азық-түлік себетінің құнын жабуға мүмкіндік береді. Атаулы əлеуметтíк көмек беру шарттары жетілдірілетін болады. Сондай-ақ халықтың жəне жас мамандардың жалпы жұмыспен қамтылуын қолдау жөніндегі шараларды іске асыру жалғасын табады.

Біздің ойымызша, сауда осалдығын болғызбау стратегиясын жүзеге асыру процесінде белгілі бір тəуекелдер туындауы мүмкін. Бұл Қазақстан экспорттайтын энергия ресурстары мен ауылшаруашылығы шикізатына əлемдíк бағалардың құбылмалылығы, əлемдíк экономиканың өсу қарқынының баяулауы, сауда компаниялары мен өз қызметін жүйе құраушы компаниялардың жанында жүзеге асыратын шағын жəне орта бизнес кəсíпорындары іскерлік белсенділігінің баяулау тəуекелí, ішкі нарықтағы пайыздық мөлшерлемелердің өсуі жəне экономиканы кредиттеудің өсу қарқынының төмендеуі жəне т.б. болуы мүмкін. Осыған байланысты сауда саласындағы тəуекелдердí басқару мақсатында əлемдíк экономиканың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері мен негізгі шикізат тауарларына əлемдíк бағалар динамикасының, ықтимал тəуекелдердí уақтылы анықтау үшін Қазақстан экономикасына мониторинг жасап отыру керек. Сондай-ақ қолайсыз жағдайлар туындаған жағдайда, оның ішінде ұлттық экономиканың байлауымен, рецессиясымен немесе дағдарысымен сипатталатын, энергия ресурстарына əлемдíк бағалардың күрт ауытқулары салдарынан экономиканы тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдау қажет.

Мемлекеттік бюджетті оңтайландыру жəне басым емес шығыстарды секвестрлеу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау контрциклдік макроэкономикалық саясат шеңберінде жəне шағын кəсíпкерлíк субъектілерін Ұлттық қордың қаражаты есебінен ұзақмерзімді қымбат емес кредиттермен қосымша қорландыру жөніндегі шараларды іске асыру орынды болады.

Сауда саласындағы мемлекеттік саясаттың Ұлттық экономика министрлігінің құзыретіне жататынын ескере отырып, осы мемлекеттік органның жұмыс сапасына назар аударған жөн.

Сыртқы саудада экономиканы əртараптандыру жөніндегі реформаларға қарамастан, экспорттың негізгі бабы болып табылатын шикізаттық тауарлар энергетикалық тауарлар мен металдардың əлемдíк бағасына қатысты экономиканың осалдығына жол ашады [3].

Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарының бесінші бағыты халықаралық экономикалық ықпалдастықты жəне сыртқы сауда қызметін көздейді. Осыған орай, елдің сыртқы саудасының осы аспектісіне көңіл бөлген жөн. Беларустің, Қазақстан мен Ресейдің ұлттық электр нарықтарын интеграциялау арқылы 2019 жылға қарай жалпы электр энергиясы нарығын құру жоспарланған [4; 70–72].

Енді осы мəселенщ осал жəне қиындық туғызатын жақтарына назар аударайық. Сыртқы сауда тұрғысынан шет елдер мен олардың кəсíпорындары заңсыз қолданатын шаралар жəне отандық өндірушілерге зиян келтіретін шығындар жəне оларды болғызбау жөнінде демпингке қарсы, шектеу жəне тыйым салу сияқты қарсы шаралар осалдықтың элементтері болып саналады [5; 340].

Қазақстан Республикасы Кеден одағының жұмыс істеуі барысында ұйымдастырушылық сипаттағы кейбір қиындықтарға тап болып отыр. Экспорт бойынша негізгі қиындықтардың қатарына Кеден одағы елдерінің нарығына алкоголь, фармацевтикалық өнім, мұнай сияқты бірқатар тауарларымыздың жеткізіліміне қойылған шектеулерді жатқызуға болады. Өзара саудадағы осындай кедергілерді жою жөніндегі жұмыс тиімді жүргізіліп жатыр деп айту қиын.

Жалпы алғанда, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік жəне Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестер елдің экономикалық əлеуетíнщ ашылуына, бірлескен, өзара толықтыра алатын өндірістерді құруға, анағұрлым тиімді жағдайда өзара сауда жүргізуге, сондай-ақ жоғары бəсекеге қабілеттілікті арттырып, əлемдíк нарыққа шығуға жаңа мүмкіндіктер береді.

Қазақстан саудасының өсуіне, негізінен, минералдар, шикізат жəне азық-түлік (бидай) сияқты тауарларға қалыптасатын əлемдíк сұраныс экспорт пен импорттың өсуі тұрғысынан ықпал етеді. Қазақстан экономикасының өсуі үшін, тиісінше, еліміздің жалпы сатып алу қабілеті үшін мұнайдың əлемдíк бағасының маңызы айрықша болып табылады [6; 146].

Сонымен қатар қазіргі заманғы сауда форматтарының əлсíз дамуы бөлшек сауда секторында біраз операциялық шығындарға жол береді. Еуропа елдерінің тəжíрибесíне жүгінетін болсақ, мұнда ірі сауда форматтарының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі əлдекайда зор [7].

Қорыта келе қазіргі уақытта бəсекелестíктí дамытуға кедергі келтіретін бірқатар осал мəселелер жəне қатерлер бар. Біріншіден, бұл жаңа компаниялардың нарыққа шығуына кедергі келтіретін кемсітушілік жағдайлар. Бұл қатарға жаңа қатысушылардың нарыққа кіруін ынталандырмайтын, өндірістік емес шығындарды арттыратын жəне сыбайлас жемқорлыққа, сондай-ақ «əкíмшíлíк ресурс» деп аталатын құбылыстың пайда болуына жағдай туғызатын әртүрлі әкімшілік кедергілерді жатқызуға болады [8]. Екіншіден, саланың тым баяу өсу қарқыны, жоғары белгіленген шығындар жəне алынатын кірістің төмен деңгейі де бəсекелестíктщ қарқынына, жеткізілетін өнім мен қызметтің бағасы мен сапасына кері əсер етуі мүмкін. Үшіншіден, тұтынушылардың сұранысы мен сатып алу қабілеті. Сатып алудың тым аз көлемі, қымбат баға жəне соның салдарынан салада орын алған икемсіз сұраныс та бəсекелестíктщ қарқындылығына кері əсер етуі мүмкін [9; 244]. Төртіншіден, экономикалық шоғырлануға жедел бақылау жасау үшін мүмкіндік беретін ақпараттық жүйенің болмауы. Бұл ретте Ұлттық экономика министрлігінің тауар нарықтарындағы жағдайды бақылау бағытындағы қызметінің тиімділігін арттыру керек. Əкíмшíлíк сипаттағы факторлардың қатарына экономикалық процестерге мемлекеттік органдардың араласуы жатады [10; 75]. Атап айтқанда, олар: мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың белгілері, бизнес ортасына жүктелетін əкíмшíлíк қысым, бəсекелестíктí дамыту бағытында мемлекет жалпы қабылдап жатқан шаралардың тиімділігі [11; 19]. Даму деңгейіне қарамастан, əлемнщ көптеген елдеріне, оның ішінде Қазақстанға да, экономикалық қызметті тым артық реттеу тəн.

Сайып келгенде, жоғарыда аталғандарды Ұлттық қауіпсіздік стратегиясымен (экономикалық қауіпсіздік тарауымен) жəне Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасыменбайланыстыра отырып карастырған орынды. Демек, сауда осалдығы аясында зерделенген басым бағыттар мен түжырымдамаларды аталған күжаттарға енгізген жөн. Сол себепті оларды тәжірибеге енгізу кажет. Бизнесін ашкан жəне жүргізген кезде кәсіпкерлер тым күрделі әрі анык емес рәсімдерді орындауға міндетті болады. Бүл экономикалык өсудің ең елеулі кедергісі болып табылады. Сонымен катар сырткы экономикада өзгермелі жағдай туындағанда сауда осылдығына мониторинг жүргізу түрғысынан тиісті институционалдык күрылымдардың кызметін де кайта караған жөн. Олардың катарында Ұлттык экономика министрлігі, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ жəне т.б. бар. Сауда саласындағы мемлекеттік саясаттың Ұлттык экономика министрлігінің күзыретіне жататынын ескере отырып, осы мемлекеттік органның жүмыс сапасына назар аударған жөн.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Указ Президента Республики Казахстан от 18 июня 2009 года № 827 «О системе государственного планирования в Республике Казахстан» [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://adilet.zan.kz/rus/docs/U090000827_.
  2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2010 года № 305 «О правилах разработки концепции, доктрины» [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://adilet.zan.kz/rus/docs/P100000305_/links.
  3. Прогноз социально-экономического развития Республики Казахстан на 2017-2021 годы [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://online.zakon.kz/m/Document/?doc_id=37034666.
  4. Савин В.В. Единое энергетическое пространство России и Казахстана: механизм интеграции / В.В. Савин // Проблемы современной экономики. — 2007. — № 2. — С. 70-72.
  5. Рахимбаева А.А. Қазакстан Республикасының сырткы сауда саясаты жəне оны жүзеге асыру кұралдары: сб. матер. науч.-семинара «Инновационное развитие экономики Республики Казахстан» / А.А.Рахимбаева. — Астана: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2015. — С. 339-344.
  6. Мырзахметова А.М. ДСҰ жəне Қазакстанныц сырткы саудасы: оку кұралы / А.М. Мырзахметова. — Алматы: Заң әдебиеті, 2010.— 146 б.
  7. Закон Республики Казахстан от 27 октября 2015 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты по вопросам регулирования торговой деятельности» [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://online.zakon.kz/Document/? doc_id=32322498.
  8. Кенжешов К. Анализ внешней торговли Казахстана [Электронный ресурс] / К. Кенжешов // Современные научные исследования и инновации. — 2015. — № 7. — Ч. 3. — Режим доступа: http://web.snauka.ru/issues/2015/07/56006.
  9. Рахимбаева А.А., Блохина Т.К. О проблемных вопросах развития внутренней торговли в Казахстане // Интеграция мировых научных процессов как основа общественного прогресса: материалы Междунар. науч.-практ. конф. — Казань, 2016. — С. 242-248.
  10. Аузан А.А. Административные барьеры в экономике / А.А. Аузан, П. Крючкова // Вопросы экономики. — 2001. — № 5. — С. 73-88.
  11. Арасланова М.В. Особенности и механизм взаимодействия властных и предпринимательских структур / М.В. Арасланова // Вестн. Российского ун-та дружбы народов. Сер. Политология. — 2009. — № 2. — С. 17-25.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.