Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттердің өнеркәсіп салаларын цифрлық трансформациялау жəне олардың бəсекеге қабілеттілігін жоғарылату

Болашақта цифрландырудың деңгейі экономиканың жəне оның өнеркәсіп салаларынын тиімді дамуының шегізгі анықтаушы факторы жəне олардың әлемдік нарықтағы бəсекеге қабілеттілігішің арчыкшылығы болады. Әлемдік нарықтағы негізгі ойыншылар экошомикашың барлық секторларышда цифрлық құралдарды қарқынды түрде енгізуде. Цифрлық экономиканы енгізу бизнес-процестердің тиімділігін жоғарылатуға, шығындарды азайтуға, активтердің табыстылығын арттырып, инвестициялардың пайдасын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мақалада Қазақстан Республикасының экономикасына цифрландыруды енгізу бойынша қадамдары мен үрдісіне талдау жасалды. 2017 ж. «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша 5 бағытты жүзеге асыру жəне оның Еуразиялық экошомикалық одақтың цифрландыру бойынша бағдарламасымен сәйкестігі жəне біркелкілігі салыстырылған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттерімен «Еуразиялық цифрлық күн тәртібі» цифрландыру бойынша бағдарламасымен іс-шараларды енгізу талданып, қарастырылды. Қазақстан экономикасын цифрландырудың қазіргі орташа деңгейі бүгінгі күні кедергі болмайды, бірақ дамуға сапалы серпіліс жасауға мүмкіндік болып, елімізді əлемдíк аренада бірінші орынға шығаруға септеседі. Цифрландыру Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттердің өнеркəсіптік флагмандық салаларын технологиялық жаңғыртуға қосымша ықпал етеді, еңбек өнімділігінің ауқымды жəне ұзақмерзімді өсуіне жағдай жасайды.

  1. Мəселе өзектілігі

Бүгінгі күні Интернет экономикасы дамушы елдерде жылына 25 %-ға дейінгі қарқынмен өсіп келеді, бұл ретте экономиканың бірде бір саласы мұндай қарқынға тіпті жақындай да алмайды. Барлық жаһандық деректердің 90 %-ы бар-жоғы соңғы екі жылдың ішінде жасалды. Қазірдің өзінде Интернетке 35 миллиард құрылғы қосылған жəне деректермен алмасуды жүзеге асырады, бұл цифр əлемдегí тұрғындардың жалпы санынан бес есе артық. Цифрлық революция біздің көз алдымызда өтуде.

Бұл өзгерістер соңғы жылдары түрлі салаларда қолданылатын көптеген технологиялық инновациялардың енгізілуімен туындады. Өндіріс жəне қосымша құнды алу тәсілдері түбегейлі өзгеруде, адамдардың білімі мен еңбек дағдыларына жаңа талаптар пайда болуда. Өшеркəсіптік заттар Интернетті икемді жəне ақылды өндірістің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өндірістік салалардың болашағын қалыптастырады, өнімділіктің революциялық өсуін қамтамасыз етеді. 3D басып шығару технологиясы бүгінгі күннің өзінде авиация, логистика, биомедицина, автомобиль өшеркəсібі секілді өшеркəсіп салалардың трансформациялануына ықпал етеді. Үлкен деректер жəне байланыстың жаппай қолжетімділігі жаһандық ауқымда қарқынды түрде таратылатын факторлардың бірі болып табылады, олардың негізінде «бірлесіп тұтыну экономикасы» құрылады. «Физикалық активтер болмаған жағдайда бірлесіп тұтыну» сегментінің көшбасшылары капиталдандыру мөлшері бойынша теңгерімінде көптеген миллиард физикалық активтері бар дәстүрлі компаниялардың құнынан асып түседі [1].

Бұл өзгерістер түбегейлі болып табылады жəне бұрынғыдай ондаған жылдар бойы емес, санаулы жылдар ішінде, тіпті санаулы айлар ішінде жүзеге асады. Бірақ бұл тек бастамасы ғана, ал əлем өзгерістердің негізгі бөлігін əлí де бастан кешеді. Өзгерістердің қарқыны өсуде, алайда осы өзгерістердің бір бөлігі болу əлí де кеш емес.

Бүгінде цифрландыру процесі əлемдегí барлық елдерге əсер етеді. Сонымен қатар əрбíр ел цифрлық дамудың басымдықтарын өзі айқындайды. Еуразиялық экономикалық одақ, оның ішінде Қазақстан да бұл эволюциялық бағытты дамытудан қалыс қалған жоқ [2].

«Цифрландыру» — бəсекеге қабілетті экономика қалыптастыратын жетістік кепілі. Бұл туралы Мемлекет басшысы — Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында экономиканы цифрландыру мәселесіне аса назар аудара отырып, 2017 ж. «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын қабылдады жəне бұл құжатта қазақстандық экономиканы цифрландыруды қамтамасыз етуді тапсырған.

  1. Соңғы зерттеулер мен мақалалардың талдауы

«Цифрлы экономика» термині (digital economy) бірінші рет 1995 ж. американдық Массачусетс университетінің ғалымы Николас Негропонтемен енгізілген жəне бұл терминді ғалым ақпараттық- коммуникациялық технологияларының (әрі - АКТ) қарқынды дамуымен байланысты жаңа экономиканың артықшылықтарын серіктестеріне түсіндіру кезінде қолданған болатын [3].

Қазiрgiң өзшде талдаушылар цифрлық экономиканың дамуы, өнеркәсіптің барлық салаларын цифрландыру мен Интернет бойынша сауданың (электрондық сауда, онлайн-төлемдер жəне т.б.), осы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуының динамикасы мен сұраныс пен ұсыныстың, цифрлық θHgipic пен тұтынудың даму динамикасы арасындағы өзара байланысты зерттей отырып, болашақтағы өзекті болып табылатын бағыттарды анықтап, одан алынатын пайданы егжей-тегжейлí есептеуде. Цифрлық экономиканың басты салаларының бірі болып табылатын өжркәсіп жəне оның салалары туралы талдау ресейлік А. Данилов-Данильян, қазақстандық Р. Енсебаев, Л.А. Бименддава, А.М. Бержанова, Д.М. Үсіпбаев, Л.А. Ибрагимов, В.П. Федько, Н.Г. Федько, О.А. Парманова, К.С. Мухадиева жəне тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде орын алған [4].

Сонымен бірге экономиканы цифрландыру мəселесí жас ғылым болғандықтан, көбінесе бұл мəселенí əлемнщ алдыңғы қатарлы өнeркəсіnтік жəне аналитикалық компаниялары зерттеуге көп көңіл бөледі. Мысалға, Mastercard компаниясы Тафтс университеті жанындағы құқық жəне дипломатия мектебімен біріге отырып, Digital Evolution Index 2017 зерттемесін шығарып, онда Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттердің ішінде Ресей, Беларусь жəне Қазақстан Республикасының мүмкіндіктері жоғары екенін бөліп көрсетті. Сарапшылардың ойы бойынша, диджитализацияның төменгі деңгейіне қарамастан, бұл мемлекеттер өсудің тұрақты қарқын көрсетіп, цифрлық дамудың шыңында екенін көрсетті, нəтижесíнде экономикаға қосымша үлкен инвестицияларға жол ашылатындығын куəландырады.

  1. ЗерттеуДің негізгі нәтижелері

Еуразиялық экономикалық одақ үлкен экономикалық əлеуетí бар интеграциялық қоғамдастық болып табылады, бұл үрдіс келесідей объективті факторларға сүйенеді:

  • бес мемлекеттің жалпы ЖІӨ 2 трлн $ құрайды;
  • өнeркəсіптік əлеует 600 млрд $ бағаланады;
  • ауыл шаруашылығының өнімдерін шығару көлемі — 112 млрд $;
  • жалпы тұтынушылық нарық — 170 млн адам;
  • газ өндірісі — əлемдегí 1 орын, əлемдíк үлестің 22 %-ы;
  • мұнай өндірісі — əлемдегí 1 орын, əлемдíк үлестің 14,6 %-ы;
  • көмір өндірісі — əлемдегí 4 орын, əлемдíк үлестің 5,9 %-ы;
  • электр энергиясы өндірісі — əлемдегí 3 орын;
  • металлургиялық өндіріс: шойын өндірісі — əлемдегí 3 орын, болат өндірісі — əлемдегí 4 орын;
  • минералды тыңайтқыштар өндірісі — əлемдегí 2 орын;
  • машина жасау өндірісі — əлемдегí 6 орын;
  • ауыл шаруашылық өндірісі: бидай — əлемдегí 4 орын, ет — əлемдегí 5 орын, картоп — əлемдегí 3 орын;
  • автожол инфрақұрылымы — əлемдегí 5 орын;
  • теміржол инфрақұрылымы — əлемдегí 2 орын [5].

Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесі ретінде Қазақстан минералдық ресурстарының қоры бойынша əлемдегí көшбасшылар қатарына кіреді. Еліміздегі шикізат қоры барланған мырыш, вольфрам, барит қорлары бойынша əлемде бірінші орында, уран, күміс, қорғасын жəне хромит бойынша - екінші, алтын бойынша - алтыншы, мұнай бойынша - он екінші, табиғи газ қоры бойынша он төртінші орында тұр.

2015 ж. минералдық ресурстарға жалпы әлемдік бағаның төмендеуіне байланысты, тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2,5 %-ға азайды, мұнай өндіру 1,7 %-ға, көмір жəне лигнит өндіру 7,2 %-ға, сондай-ақ темір кенін өндіру 22 %-ға қысқарды. 2016 ж. тау-кен саласында өндіріс көлемінің құлдырауы 2,7 %-ды құрады. Дегенмен, ұзақмерзімді перспективада мұнай жəне тау-кен секторлары қазақстандық экономикасының жұмыс істеуі үшін маңызды ролін сақтайды. Бұл ретте жер қойнауын пайдалануда еңбек өнімділігі өндірістің технологиялық жабдықталуы сияқты төмен деңгейде қалып отыр [6].

Қазіргі уақытта Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі әлемдік көшбасшылармен салыстырғанда технологиялық жабдықталуы жағынан жеткіліксіз күйде, тұтастай алғанда, ол төмен еңбек өнімділігі мен бəсекеге қабілеттілікке әкеледі. Еліміздегі кен орындарының бір бөлігі (21 %) заманауи жабдықтар мен деректерді берудің дамыған желілерімен жабдықталғанына қарамастан, кен орындарының айтарлықтай бөлігі жаңғыртуды қажет етеді. Осылайша, кен орындарының 56 % желілердің болмауымен немесе олардың жеткілікті түрде дамымауымен сипатталады, кен орындарының 23 % жабдықтарын толық ауыстыруды талап етеді.

Өнеркәсіптік революциялар мемлекеттердің экономикалық өсуде әсерлі жетістіктерге жетуге мүмкіндік беріп, әлемдік экономикада көшбасшылар арасында орын алуға бағыт берді. Мемлекеттің экономикалық жағдайын көрсететін негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі болып жалпы ішкі өнім табылады, ол мемлекеттің, ұлттың материалдық әл-ауқаттылығын жəне оның халқының өмір деңгейін сипаттайды. 1-суретте Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күндерден бастап жан басына шаққандағы ЖІӨ мен оның Ресей Федерациясымен салыстыру динамикасы қарастырылған.

2015 ж. Қазақстан Республикасының жан басына шаққандағы ЖІӨ-і Ресей Федерациясының ЖІӨ-нен асып түсіп, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері арасында топ жарып, бірінші орынға шыққан болатын. Қазіргі кезде бұл оң тенденция сақталуда.

ЖІӨ-нің қарқынына өнеркәсіп салаларының дамуы мен өсуі тікелей эсер етеді. Ал бұл салаларды цифрландыру өсу қарқынын екі есе жылдамдатады.

БҰҰ аясында есептелетін «ICT Development Index» АКТ дамуының негізгі элемдік рейтингінде Қазақстан 2015 жылдан бері өзінің жағдайын өзгертпей, 2017 ж. 176 мемлекеттің ішінен 52-орын алды. Бағдарламаны жəне өзге де стратегиялық бағыттарды іске асыру нэтижесінде еліміз рейтингте 2022 жылға қарай — 30-шы, 2025 жылға қарай — 25-ші, 2050 жылға қарай 15-ші орынға дейін көтеріледі деп жоспарлануда [8].

Сондай-ақ Қазақстан цифрландырудың қазіргі деңгейі тұрғысынан The Boston Consulting Group халықаралық консалтингтік компанияның e-intensity рейтингінде де қуып жетуші ел болып отыр. Қуып жету мэртебесін еңсеру үшін бағдарламада элемдегі мемлекеттердің күн тэртібінде тұрған

цифрландырудың барлық бағыттары бойынша революциялық, серпілісті іс-шаралардың болуын талап етіледі.

IDC агенттігінің деректері бойынша, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық технологиялар нарығының көлемі 2014 ж. 2.0 млрд АҚШ долл. қарағанда, 2015 ж. 1 687 млн АҚШ долл. құрады. Жабдық сегментінің үлесі 81,2 %, немесе 1369 млн АҚШ долл., бағаланады, лицензиялық бағдарламалық қамтылымның үлесі 7,5 %, немесе 126,8 млн АҚШ долл., АТ-қызметтер үлесі 11,3 %, немесе 190,5 млн АҚШ долл.

2016 ж. ішінде еліміздің АКТ нарығының көлемі 1307,4 млн АҚШ долл. құрады. Жабдық үлесі 84,3 %, немесе 1101,8 млн АҚШ долл., лицензиялық БҚ үлесі 4,7 %, немесе 62,1 млн АҚШ долл., АТ-қызметтер үлесі 11,0 %, немесе 143, 5 млн АҚШ долл., құрады. Салыстыру үшін Ресейде АТ- қызметтер үлесі 23,8 % құрады. Сонымен қатар мемлекеттің жалпы қосылған құнына кіретін жергілікті қамту көлемі мардымсыз, негізінен АТ-қызметтер есебінен қалыптасады жəне, сараптамалық бағалаулар бойынша, АТ-қызметтердің үлесінің 30 % аспайды.

Жаңа цифрлық революция бүгінгі өндіру тәсілдерін, жеткізу тізбектері мен қосылған құнды құру тізбегін өзгертеді. Өнеркәсіптің цифрлық трансформациялану драйвері бірі болып табылатын Индустрия 4.0 қосымша құндылық физикалық нысандардың, процестердің, цифрлық технологиялардың бірігуінің есебінен қамтамасыз етілетін өндірісті ұйымдастыру тұжырымдамасы болып табылады, бұл ретте нақты уақыт режимінде физикалық процестердің мониторингі жүзеге асырылады, орталықсыздандырылған шешімдер қабылданады, сондай-ақ машиналардың өзара жəне адамдармен іс-қимылы жүреді. Барлық физикалық нысандардың толассыз цифрландырылуы жəне олардың бірігуі жаппай өндірістен жаппай даралануға көшуге негіз жасайды, өндірістің икемділігі артады, жаңа өнімді игеру уақыты қысқарады, өз кезегінде, олар жаңа бизнес-модельдерді іске асыруға жəне клиенттермен дараланған жұмыс тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді. Осының барлығы өнеркәсіп кəсшорындарыньщ тиімділігі мен бəсекеге қабілеттілігін айтарлықтай дəрежеде арттырады.

Бүгінде цифрландыру процесі әлемдегі барлық елдерге эсер етеді. Сонымен қатар әрбір ел цифрлық дамудың басымдықтарын өзі айқындайды. Әлемдегі 15-тен астам мемлекет қазіргі уақытта ұлттық цифрландыру бағдарламаларын іске асыруда. Оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттері де өздерінің ұйымның мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін ұлттық, мемлекеттік экономиканы цифрландыру бойынша бағдарламаларын қабылдап, Одақ шегінде күштерін жұмылдырып, жүзеге асыруда [9].

ЕАЭО шегінде өнеркэсіптік ынтымақтастықтың өзекті бағыттардың бірі болып мүше- мемлекеттерінде өнеркэсіпті цифрлық трансформациялау жэне өнеркэсіптің бірыңғай цифрлық кеңістікті қалыптастыру үшін жағдайлар құру анықталды.

Еуразиялық экономикалық одақ шегінде өнеркэсіпті цифрлық трансформациялау бойынша шараларды жүзеге асыру үшін нормативтік-құқықтық негіздері болып Одақтың актілерін қабылдау табылады. Бұл бағыттағы Одақ актілері екі бағыт бойынша қабылданады (қабылданып жатыр):

а) ЕАЭО экономикасының салаларын цифрлық трансформациялау, оның ішінде өнеркəсіnті цифрлық трансформациялау;

ə) ЕАЭО жалпы цифрлық кеңістікті құруға бағытталған ЕАЭО жалпы «цифрлық» күн тəртíбí.

ЕАЭО өнеркəсібінің салаларын цифрлық трансформациялау шегінде ЕАЭО өнеркəсібінде цифрлық трансформациялау модельдерінде үрдістік, салалық, технологиялық тəсíлдемелер құрылған.

Жүйелік жобалар экономиканың әртүрлі секторларында (өндіріс, көлік, энергетика, қалалық орта жəне т.б.) өнеркəсіпті цифрлық трансформациялауға бағытталған. Жүйелік жобалар экономиканың бірнеше секторларын дамытуға əсер етеді.

Өнеркəсіпті цифрлық трансформациялау шегінде жүйелік жобаларға келесілерді жатқызуға болады:

  1. цифрлық фабрика (зауыт) (ақылды фабрика, виртуалды фабрика);
  2. цифрлық қала (ақылды қала);
  3. цифрлық жол жəне цифрлық көлік (ақылды жол жəне ақылды көлік);
  4. ақылды үй жəне ақылды тауарлар.

Бұл өнеркəсіпті цифрлық трансформалаудың жүйелік жобалары жалпы экоорта түрінде көрсетуге болады ^неркəсíптщ цифрлық кеңістігі) (2-сур.).

Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялаудағы жүйелік жобаларға «Ақылды карьер» жəне «Ақылды кен орындары», «Цифрлық медицина» жəне «Телемедицина» (HealthNet), «Ақылды дүкен», «Цифрлық шаруашылық» (FoodNet) жəне тағы басқа жобалар болуы мүмкін.

Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялаудың жүйелік жобаларды үш топқа бөлуге болады:

  1. ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйелер шегінде цифрлық (ақпараттық) ресурстар құру;
  2. ЕАЭО-да цифрлық платформаларды дамытуды қолдаудың тетіктерін құрастыру;
  3. ЕАЭО-да цифрлық платформалар жəне цифрлық қызметтердың нарығын дамыту үшін жағдайлар құру.

ЕАЭО-ның өнеркәсібінің цифрлық кеңістігін дамыту үшін ЕАЭО-да цифрлық фабриканың (зауыттың) (ақылды фабриканың, виртуалды фабриканың) концепциясын дамыту үшін пилоттық жобаларды қалыптастыру бойынша бастамаларды жүзеге асырудың тетіктерін құру ұсынылады.

«Цифрлық фабрика» жобасы «Индустрия 4.0» жəне «Цифрлық өндіріс» (digital manufacturing) концепцияларымен тығыз байланысты.

ЕАЭО цифрлық кеңістігін дамытудың «Жол картасын» жүзеге асыру мақсатында цифрлық жобалау жəне модельдеу технологияларының барлық спектрлерінің өзара қатынастары үшін Болашақ фабрикала- рының — Цифрлық фабрикаларының (Digital Factory) демонстрациялық аумағы (полигон, TestBed) құры- лады, оған тұтынушылық өнімдерін құру, оның ішінде «best-in-class» тиімді конструкциялары жəне өнер- кәсіптің жоғары технологиялық салаларын қамтамасыз етуден тұрады (3-сур.).

Цифрлық фабриканың негізгі элементтерінің бірі болып 3d-npuHτuHr қолдану арқылы компьютерлік 3D-MogeΛb негізінде сала бойынша құралдарды жасауға негізделген аддитивті өндіріс (салалық өндіріс) табылады. Marcets&Marcets компаниясының бағалауы бойынша, 2022 жылға қарай 3d-6acbin шығару нарығының көлемі 30 млрд АҚШ долл. құрайды. PWC бағалауы бойынша, 2015 ж. өнеркәсіптік компаниялардың 7 %-ы өнеркәсіптік өнімдерін шығару үшін 3D-nринτерлер қолданған жəне тағы компаниялардың 7 %-ы бұл технологияларды енгізу қажеттіліктері туындаған. 3D- принтинг орталықтандырылмаған өндіріс концепциясымен (distributed manufacturing) байланысты.

ЕАЭО өнеркәсібінде 3О-принтинг дамыту үшін маңызды элемент болып шикізат (металл, пластик жəне оның композициялары) табылады. 2016 ж. UC Rusal ресей компаниясы 3Э-принтер үшін ұнтақтарды өндірумен айналысатындығы туралы айтқан болатын.

Дәстүрлі жəне аддитивті өндірістер арасындағы айырмашылық 4-суретте көрсетілген схемаларда көруге болады.

Аддитивті өндіріс жəне 3D-бaсып шығару өнеркәсіпті цифрлық трансформациялаудың негізгі жобасы ретінде қарастыруға болады.

Өнеркәсіп, көлік жəне энергетика салаларының қосындысы болып табылатын жəне өнеркәсіпті цифрлық трансформациялаумен байланысты «Цифрлық (ақылды, зияткерлік) карьер жəне кен орындары» жобасын қолдау ұсынылады. «Ақылды карьер» жобасындағы маңызды технологиялық бағыт болып ресурстар өндірісінде 3D-моgельgеу табылады.

2016 ж. 2017–2020 жылдарға «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы құрылып, бекітілген. Мемлекеттік бағдарлама келесідей бағыттардан тұрады: цифрлық Жібек жолы, креативтік қоғам, экономика салаларындағы цифрлық жаңартулар жəне белсенді мемлекет.

Цифрлық Жібек жолы — ауыл мекендерінде кеңжолақты интернетке қолжеткізу, телекоммуникациялық хабты дамыту, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мəлíметтердí өңдеудің орталықтарын салу арқылы жоғары технологиялық цифрлық инфрақұрылымды құрастыру.

Креативтік қоғам — халықтың цифрлық сауаттылығын жоғарылату, ақпараттық- коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандардың біліктілігін жоғарылату, креативтік ойлауды дамыту арқылы адами капиталды дамыту.

Экономика салаларында цифрлық жаңартулар — мемлекеттің көліктік-логистикалық жүйелерін автоматизациялау, ауыл шаруашылығы, өнеркəсіп салаларында цифрлық технологияларды енгізу, электронды сауданы дамыту, минералды ресурстарды есепке алу жүйесін жақсарту, геологиялық цифрлық ақпаратты сақтау жəне қолжетімділікті қамтамасыз ету, «ақылды» қалаларды құру үшін технологияларды жүзеге асыру арқылы цифрлық индустрияны дамыту.

4 Қорытынды

Белсенді мемлекет — электронды жəне мобильді үкіметті дамыту, электронды нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді үлғайту, ашық үкіметті қалыптастыру, кеңістікті мәліметтердің үлттық инфрақүрылымды дамыту арқылы цифрлық үкіметті қалыптастыру.

Жалпы алғанда, жүзеге асырылған шаралар мен үсынылған стратегиялық бағыттарға қарағанда, Еуразиялық жобаны болашақта тиімді дамыту жəне ЕАЭО мүше-мемлекеттердің цифрлық (валюталық) нарықтарының интеграциясына үлттық экономикаларындағы шешілмеген жүйелік моселелерінің кешені əсер етеді, оның ішінде:

  • өндірісті диверсификациялау бойынша қүрылымдық өзгерістердің болмауы, «голландиялық ауру» рецидивтері бар экономикалық қүрылымның дефектерінің сақталуы;
  • кластерлік бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін шаруашылықтардың төмен концентрациясы жəне интеграциясы;
  • еңбек өнімділігінің баяу өсуі, өндірістің технологиялық артта қалуы жəне жоғары ресурстық сыйымдылығы (энергия сыйымдылығы);
  • инновацияларды генерациялаудағы белсенсіздік;
  • өндірістік, тұрғын-үй жəне əлеуметтíк салалардағы техникалық инфрақүрылымның жоғары ескіруі;
  • қаржылық-несиелік жүйенің институционалдық әлсіздігі жəне оның «ұзын ақшаларды» өндіру жүзеге асырылмауы.

Сондықтан интеграциялық үрдістердің негізгі мəселесí болып сыртқы конъюнктуралық жəне саяси факторлардың негативтік əсер етуі, ЕАЭО мемлекеттерінің үлттық экономикаларындағы жүйелік қарама-қайшылығы, валюталық жəне қаржылық саясаттың бірегейсіздігі табылады. Осыған байланысты, орта мерзімде мүше-мемлекеттердің негізгі күштері ішкі айырмашылықтарын жою жəне Еуразиялық жобаны дамытуға бірыңғай тəселдемелердí құруға бағыт алулары қажет.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнсркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: http://www.akorda.kz
  2. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: http://www.prime- minister.kz
  3. Bjorn Hettne. Globalisation and the New Regionalism: the Second Great Transformation // B. Hettne, A. Inotai, O. Sunkel (Eds.). Globalism and the New Regionalism. — London, Macmillan, 1999. — P. 3–24.
  4. ЕАЭО экономикалық əлеуетí. Еуразиялық экономикалық комиссиясының ресми сайтынан алынған ақпарат [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: http://www.eurasiancommission.org/ru/Pages/ses.aspx
  5. Сабден О. Экономика: Таңдалған еңбектер / О. Сабден. — Алматы: ИЭ КН МОН РК, 2011. — С. 90.
  6. Парманова О. А. Интеграционные процессы и диверсификация производства в нефтегазовом секторе РК / О.А. Парманова // International Scientific Review. — 2018. — № 1(43). — С. 77–80.
  7. Сайт базы данных Maddison Project Database [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: https://www.rug.nl/ggdc/historicaldevelopment/maddison/ (өтініш берген күні: 23.11.2018).
  8. «ICT Development Index 2017» Халықаралық телекоммуникациялық одақтың есебі [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: https://www.itu.int/net4/ITU-D/idi/2017/index.html (өтініш берген күні: 24.11.2018).
  9. «Цифрлық дивидендтер 2016» Әлемдік Банктің əлемдíк экономиканың дамуы бойынша есебі [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: https://openknowledge.worldbank.org/bitstream/handle/10986/23347/210671RuSum.pdf?sequence=16 (өтініш берген күні: 20.11.2018).
  10. Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттерінің негізгі əлеуметтíк-экономикальщ көрсеткіштері дхралы. Еуразиялық экономикалық комиссиясының ресми сайтынан алынған ақпарат [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: http://www.eurasiancommission.org/ru/act/integr_i_makroec/dep_stat/econstat/Documents/Indicators201512.pdf (өтініш берген күні: 25.11.2018).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.