Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі жағдайдағы бөлшек электрондық сауданың рөлі мен маңызы

Макалада компанияларға ішкі операцияларды тиімді жəне икемді жүзеге асыруға, жеткізушілермен тығыз өзара іс-кимыл жасауына жəне географиялык орналасуына карамастан, тапсырыс берушілердің сүрауларына жылдам əрекет етуге мүмкіндік беретін электрондык сауданың рөлі, сондай-ак өз тауарлары мен кызметтерін жаһандык нарыкка шығару мүмкіндігі карастырылған. Автор электрон,дық сауданы дамыту мəселелерíн анықтаған: кейбір түтынушылардың сенімсіздігі; салықтық ынталандыру; күкыктык камтамасыз ету; баға калыптастыру; дамымаған инфракүрылым. Макалада Интернет-сатып алушылар сапасының негізгі көрсеткіштері ретінде орташа онлайн-шығыстар мен жасалатын сатып алу жиілігі болып табылатыны көрсетілген. Автор бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінен Қазакстан Республикасының барлык бөлшек электрондык саудасының үлесін есептеген, сондай-ақ электрон,дық саудасы əлемдíк сауда мен жалпы экономиканың дамуына елеулі əсер ететін елдерді анықтаған. Мақалада бөлшек электрон,ды сауданы одан əрí дамытудың мынадай сипатты ерекшеліктері келтірілген: шығындарды қысқартуға жəне тауарларды өткізудің əлеуеттǐ нарығын кеңейтуге ыкпал етеді; тапсырыстарды өңдеуге, түтынушыларға жеткізуге жəне сервистік қызмет көрсету деңгейіне байланысты өнім түрі мен шығындарға тəуелдí; қазіргі заманғы жəне түракты туындайтын жаңа Интернет-технологияларды пайдалануға байланысты; сатып алушылар, олардың орналаскан жеріне карамастан, бүкіл Жер шарынан тартылады.

Қазіргі əлемде электрондық сауда соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Кəсíпорындар мен түтынушылар арасындағы бөлшек электрондық сауданың əлемдíк нарығы əсíресе əсерлí қарқынды өсуді көрсетеді. Сонымен катар дамыған елдерден салыстырғанда Қазакстан Республикасында электрондык сауда тек енді ғана бастапкы даму кезеңінен өзінің озык кезеңіне өтуде. Электрондык сауда мəселесí шын мəнíнде жаңа бағыт болып келеді, сондықтан жеткілікті түрде зерттелмеген, ал оның бірқатар жақтарын əртүрлі ғалымдардың түсіндіруі бір-бірімен айтарлықтай сəйкес келмейді, мүндай түжырымдаманы əзíрлеу үшін бөлшек электрондық сауданың рөлі мен мəндерíн неғүрлым терең зерттеу, оның əлемдíк экономикадағы жəне оның жаһандануы үдерісіндегі рөлін барабар бағалау кажет.

Электрондык сауда жаһандык аукымдағы осындай өзгерістерді жүзеге асыру жəне колдау күралы болып табылады. Ол компанияларға ішкі операцияларды тиімді жəне икемді жүзеге асыруға, жеткізушілермен тығыз өзара іс-кимыл жасауға жəне тапсырыс берушілердің сүраныстары мен күтулеріне жылдам жауап беруге мүмкіндік береді. Компаниялар жеткізушілердің географиялык орналасуына карамастан, олардың үздігін таңдау мүмкіндігіне, сондай-ак өз тауарлары мен кызметтерін жаһандык нарыкка шығару мүмкіндігіне ие болады.

Электрондык сауда технологиялары үнемі өзгеріп отырады жəне жетілдіріледі. Бизнесті жүргізу тәсілдеріне қосымша ретінде ғана қарайтын компаниялар тек ішінара пайда алуға тəуекел етеді. Басты артыкшылыктарға үйымды жəне бизнес-үдерістерді электрондык сауда мүмкіндіктерін толык пайдаланатындай етіп өзгертуді шешкен фирмалар ие болады.

Желі пайдаланушылары Интернетке əртүрлі мақсаттармен кіреді: жаңалықтарды оқу, қажетті акпаратты табу, поштаны тексеру, бірак уакыт өте келе пайдаланушылардың мүдделері кеңейіп, олар электрондык коммерция нарығында интернетте түрлі бизнес түрлерімен үсынылатын кызметтердің түтынушыларына айналады деп сеніммен айтуға болады.

Бүгінгі таңда Интернет желісіндегі коммерциялық қызмет əркайсымыздьщ өмірінің ажырамас бөлігіне айналды деп айтуға болады. Электрондык сауда бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады; сондыктан электронды коммерция жүйесінің болуы экономиканы калыптастыру, өсіру жəне дамытудың кажетті шарты болып табылады [1].

Электрондық сауданың дамуын мойындай отырып, оның негізгі мəселелерí туралы айта кеткен жөн. Оларға кейбір түтынушылардың сенімсіздігін, салыктык ынталандырудың жеткіліксіздігін, күкыктык камтамасыз етудің төмендігін, баға калыптастырудың олкылығын жəне инфракүрылымдыдамытудағы кемшіліктерді жатқызуға болады. Қазіргі кездегі барлық мəселелер электрондық сауданың болашақ дамуына бағытталған, өйткені олар шешімді талап етеді жəне онсыз ешқандай табыс табу мүмкін емес.

Əлбетте, Интернет-сауда айналымы жыл сайын жоғары қарқынмен артып келеді, себебі электронды орта тауарларды жылжыту үшін мүмкіндік береді. Электрондық сауда саласында байқалатын құбылыстарды бірмәнді артықшылықтар немесе кемшіліктер ретінде түсіндіру мүмкін емес. Олардың әсері көпфакторлы, ал бүгін артықшылықтар мәселелерді шешіп, ал ертең, керісінше, тығырыққа тірелуі мүмкін. Мұндай құбылыстарға желілік әсерді жатқызуға болады [2].

Сонымен қатар бұл жағдайда желілік әсердің құндылығы желі қолданушылар санымен қатар өседі, оның бағасы көлемінің ұлғаюымен жойылады [3]. Бағдарламалық жасақтама нарығындағы Microsoft (Windows) операциялық жүйелерін ұзақ уақыт бойы пайдалануды нақты мысал ретінде көрсетуге болады. Бұл жағдайда «желілік ұстағыштардың әсері», яғни, технологиялық тәуелділікке байланысты шығындардың бір саладан екіншісіне ауысу әсері іске қосылады [4].

Жоғарыда аталған себептердің жиынтығы бүкіл əлем бойынша онлайн режимінде тауарларды сатып алуды жақтаушылар санының ұдайы өсуін, сондай-ақ олар жасайтын сатып алу жиілігінің ұлғаюын тудыратын факторлар кешені ретінде əрекет етеді. Онлайн режимінде бір зат сатып алудың оң тәжірибесін кем дегенде бір рет бастаған тұлға, орташа сатып алушы дәстүрлі дүкендерден Интернет-дүкендерге назар аударады.

Сатушылар үшін Интернет-дүкендер дәстүрлі сауда орындарымен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие. Интернет-дүкенді ашқаннан кейін оның құрылтайшысы (меншік иесі): сату көлемін ұлғайтуға; жаңа клиенттерді тартуға; өз елінің басқа аймақтарына жəне сыртқы нарыққа шығуға; шығындарды тез жəне елеулі төмендетуге; жердің кез келген нүктесінде тәулігіне 24 сағ жұмыс істеуге; ірі корпорациялармен жəне басқалармен бəсекелесе алады.

Электрондық сауданы дамыту үшін Интернет-пайдаланушылардың саны ғана емес, Интернет- сатып алушылардың саны, сондай-ақ олардың сапасы маңызды. Интернет-сатып алушылар сапасының негізгі көрсеткіштеріне орташа онлайн-шығыстар мен жасалатын сатып алу жиілігін жатқызуға болады.

Электрондық бөлшек сауда көлеміне, сондай-ақ, дәстүрлі сауда сияқты, түрлі факторлар, оның ішінде халықтың сатып алу қабілеті əсер етеді. Себебі электрондық сауда ішкі жəне сыртқы сауданы жандандыруға арналған бағыттардың бірі бола алады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сəйкес, электрондық сауда көлемі жыл сайын артып келеді (1-кесте).

1-кесте

Қазақстан Республикасындағы электрондық сауданың 2013–2017 жж. аралығындағы көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Жалпы электрондық сауда көлемі, мың тг, оның ішінде

81 034 415

92 080 634

116 576 107

247 962 566

194166938

- бөлшек сауда, мың тг

28 046 428

41 262 845

50 919 872

78 500 555

106 918 149

үлесі, %

34,61

44,81

43,68

31,66

55,07

- көтерме сауда, мың тг

52 987 987

50 817 789

65 656 235

67 740 987

87 248 789

үлесі, %

65,39

55,19

56,32

68,34

44,93

Дерек көзі. Автормен [5] негізінде әзірленген.

Кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай, бөлшек электрондық сауда мөлшері 2017 ж. (106918149 мың тг) 2013 жылмен (28046428 мың тг) салыстырғанда 3,8 есе өскен, ал көтерме электрондық сауда (2017 ж. — 87248789 мың тг, 2013 ж. — 52987987 мың тг) тек 1,6 есе ғана өскен.

Тұтастай алғанда, отандық электрондық сауда әлемдік үрдістерге жатады, ал қолда бар ерекшелік ұлттық экономиканың жалпы жай-күйіне негізделген, ол халықтың өмір сүру деңгейіне жəне тұтынушылардың қалауына шешуші əсер етеді. Мəселен, кең жолақты Интернетке қолжеткізу, банк секторын, логистикалық қызметтерді дамыту мәселелері виртуалды мәмілелерге сенімсіздікпен қарайтын жəне компьютерлік сауаттылығы төмен халықтың едəуíр бөлігі электрондық сауданың əлеуетíн іске асыруды айтарлықтай тежейді. Отандық тұтынушылардың мінез-құлқы шетелдік сатып алушылармен салыстырғанда анағұрлым салмақты жəне ұтымды, біздің елімізде электрондық сауданың дамуы қарқынды сипатқа ие, циклдік құлдырауларға аз дəрежеде жауап береді жəне макроэкономикалық конъюнктураның ауытқуына айтарлықтай тұрақты екендігін айта кету керек.

Біз көріп отырғанымыздай, егер бөлшек электрондық сауданың үлес салмағы есепті кезеңде өссе, ал көтерме электрондық сауданың үлес салмағы төмендеу үрдісін көрсетіп тұр (сур. қара).

2013–2017 жж. аралығында электрондық бөлшек жəне көтерме сауда арасындағы қатынастар бөлшек сауданың жыл сайынғы өсуін көрсетіп отыр. Əсíресе оның өсуі 2017 жылға тиесілі. Сондықтанда электрондық сауданың Қазақстан Республикасы бөлшек саудасындағы алатын орнын қарастырған жөн (2-кесте).

2-кесте Электрондық сауданың Қазақстан Республикасы бөлшек саудасындағы алатын орны

Көрсеткіштер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Жалпы бөлшек сауда көлемі,

млн тг

оның ішінде

5474 274,00

6332 253,00

6555 820,90

7974 442,10

8892 857,70

- электрондық сауда, млн тг

28 046,428

41 262,845

50 919,872

78500,555

106918,149

үлесі, %

0,51

0,65

0,78

0,98

1,20

Дерек көзі. Автормен [5, 6] негізінде əзíрленген.

Интернет арқылы бөлшек сауда көлемін қарастыру кезінде электрондық сауда үлесі елдің бөлшек саудасының жалпы көлемінде: 2013 ж. — 0,51, 2014 ж. — 0,65, 2015 ж. — 0,78, 2016 ж. — 0,98 жəне 2017 ж. 1,20 % құрайды.

Қазақстанда электрондық сауда біртіндеп дамып келеді. Ресми статистика мəлíметтерí бойынша, 2017 ж. Қазақстан Республикасының бөлшек электрондық сауда нарығының көлемі 107 млрд теңгені, немесе бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінің 1,2 %-ын, құрады. Сонымен қатар 2018 жылдың бес айында ол 101 млрд теңгені, немесе бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің 2,9 %-ын, құрады. 2018 жылдың басынан бастап 110 жаңа электрондық сауда субъектісі тіркелді. Бүгінгі күні нарықта 1700-ге жуық Интернет-дүкен жұмыс істейді, ал сатып алушылар саны 1,5 миллионға дейін өсті [7].

Электрондық сауданың барлық дерлік көлемі азық-түлік емес тауарларға (шамамен 94 %) келеді. Тауарлар бойынша артықшылықтарға келетін болсақ, топ-5 санаттағы тауарларға мыналар жатады:

түрмыстык техника, компьютерлер, косметикалык тауарлар, аудио- жəне бейнеаппаратура, автомобильдерге арналған косалкы бөлшектер [8].

Қазакстан Республикасының бөлшек сауда секторының жалпы көлемінде электрондык сауданың үлесі өте жоғары емес, сондықтан әртүрлі елдердің бөлшек электрондық саудадағы дамуын карастырайык.

Келтірілген (3-кесте) деректер бөлшек саудадағы электрондык сауданың үлесі бірінші (Ұлыбритания — 18 %) жəне оныншы (Жапония — 6,7 %) орын алған мемлекеттер арасындағы алшактыктың өте үлкен екенін көрсетеді.

3-кесте Бөлшек саудадағы электрондық сауданың үлесі жоғары он мемлекеттер тізімі, %

Орын

Мемлекеттер

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

Өзгеріс (+, -)

1

Ұлыбритания

14,4

15,6

16,9

18,0

+3,6

2

Қытай

12,0

13,8

15,5

16,6

+4,6

3

Норвегия

10,7

11,5

12,1

12,7

+2,0

4

Финляндия

10,4

10,8

11,2

11,5

+1,1

5

Оңтүстік Корея

9,8

10,5

11,3

12,0

+2,2

6

Дания

9,3

9,9

10,4

10,8

+1,5

7

Г ермания

8,4

9,4

10,4

11,2

+2,8

8

АҚШ

7,1

7,7

8,3

8,9

+1,8

9

Канада

5,9

6,6

7,4

8,2

+2,3

10

Жапония

5,4

5,8

6,2

6,7

+1,3

Дерек көзі. Автормен [9] негізінде әзірленген.

Бөлшек саудадағы электрондык сауданың жоғары үлесі Ұлыбритания (18 %), Қытай (16,6 %) жəне Норвегия (12,7 %) мемлекеттерінде байқалады. Әсіресе оның үлесі, соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша, Қытай (4,6 %), Ұлыбритания (3,6 %) жəне Германия (2,8 %) елдерінде күрт өскен.

Әлемдегі бір Интернет-сатып алушының орташа шығыстары 1582 АҚШ долл. қүрайды. Интернет-сатып алушылардың ең көп саны Азия-Тынык мүхиты өңірінде түрады, ал олардың орташа шығындары 1486 АҚШ долл. күрап отыр. Интернет-желісіндегі ең үлкен шығындар Солтүстік Америкаға тиесілі — 3099 АҚШ долл. күрады, ол орташа көрсеткіштен 2 есе жоғары. Еуропалык интернет-сатып алушының орташа шығыны 1708 АҚШ долл. күрайды. Ең жомарт Интернет-сатып алушылар Ұлыбритания түрғындары болып келеді. Ұлыбритания түрғынының желіде сатып алуға жүмсалатын орташа шығыны 2015 ж. 4018 АҚШ долл. күраса, екінші орында АҚШ — 3428 АҚШ долл. сауда жасаған. Ресейде Интернет-сатып алушының орташа чегі әлемдік жəне еуропалық деңгейден əлдекайда аз. Ресей түрғындары 2015 ж. тек 685 АҚШ долл. сауда жасаған [10, 11].

Соңғы жылдары Қытай халыкаралык электрондык коммерцияда үлкен рөл аткарады. Қытайдың коммерция министрлігінің мәліметтеріне сəйкес, Қытайда электрондық коммерция көлемі 2016 ж. 1 трлн АҚШ долл. жетті. Қытайдың электрондык коммерциядағы елеулі үлесіне жəне ішкі нарыкта да, сондай-ақ халықаралық мəмíлелер нысанында да электрондық коммерцияның қарқынды даму каркынына байланысты (2013–2014 жж. кытайлык экономикалык агенттердің катысуымен электрондык коммерцияның жалпы көлемі 31,4 % — ға өсіп, 2,16 трлн АҚШ долл. деңгейіне жетті, бүл ретте 2014 жж. трансшекаралык транзакциялардың көлемі 670 млрд АҚШ долл. күрады), ел басшылығының алдында электронды коммерция саласындағы кешенді ішкі заңнаманы калыптастыру жəне Қытай заңнамасының халықаралық нормалар мен стандарттарға сəйкестíгíн қамтамасыз ету кажеттігі айкын болды [12].

2014 жылдың 15 наурызынан бастап Қытайға электрондык сауданы жүзеге асыру кезінде түтынушылардың күкыктары мен мүдделерін корғау туралы жаңартылған заң күшіне енгенін атап өткен жөн. Заңнаманың негізгі өзгерістері келесі салаларға катысты [13]:

  • тауар сатылатын сауда алаңдары мен онлайн-платформалардың жауапкершілігін бекіту;
  • тауарды немесе қызметті алаяқтық жарнамаға қатысатын əлеуметтíк топтардың, басқа да үйымдар мен жеке түлғалардың жауапкершілігін бекіту;
  • түтынушылык коғамдар мен үйымдардың үстанымдарын бекіту;
  • осы заңды бүзған жағдайда айыппүл төлемдерін үлғайту;
  • Қытай билігін осы заңның бұзылу фактісін жариялау мүмкіндігімен қамтамасыз ету;
  • мазмұнды онлайн жүктеу құқығынан босату;
  • тұтынушы тауарды қайтарған кезде көлік шығыстарын өтеу бойынша міндеттемелер;
  • тауарды кері жөнелту үшін уақыт бойынша шектеулердің болмауы;
  • жөндеуге екі сəтсíз əрекет жасалған жағдайда жарамсыз тауар қайтарылмайды.

Өткізілген талдау сатушыларға арналған электрондық сауда ассортиментті шексіз кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз ететінін, ресурстарға қолжеткізу жылдамдығын арттыратынын көрсетті. Жоғарыда аталған факторлар сатушылардың көп санының пайда болуына, бəсекелестíк күрестің шиеленісуіне алып келеді, бұл нарық құрылымының өзгеруіне себепші болады жəне, өз кезегінде, оның субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарды өзгертеді. Электрондық сауда құралдарын пайдалану есебінен сатушыларда нарықтық конъюнктураның деректерін, баға өзгерістерін, бəсекелестердщ мінез-құлқын, сатып алушылардың қалауын талдау үшін, тіпті сатып алу болмаған жағдайда да бірегей мүмкіндік пайда болады. Бұл сараланған кəсíпкерлíк шешімдер қабылдаудың, тұтынушылардың мұқтаждарына икемді іс-қимылдың, нарықтық қызметтің түйінді мəселелерíне барабар жауаптың алғышарттарын жасайды.

Экономикалық өмірдің кез келген басқа құбылысы сияқты, электрондық сауда кейбір мəселелер мен қайшылықтарды тудырады. Мысалы, нарық туралы жоғары хабардар болу, «мəзíр» шығындарының төмендігі, сатушыларға бас компанияның базасында өз кəсíпорындарыньщ көптеген «бөліктерін» құруға мүмкіндік беретін шекті жəне орташа шығындар динамикасының ерекше сипаты нарықтарды монополияландыруға, бағалық кемсітушіліктің таралуына алып келеді. Көбінесе электрондық саудада бір тауар тұтынушылардың әртүрлі топтарына әртүрлі бағалар бойынша сатылатын үшінші дәрежелі бағалық кемсітушілік қолданылады. Екінші дәрежелі бағалық кемсітушілік сатушының сатып алушылардың әртүрлі топтары үшін бірнеше тарифтерді белгілеуін, біріншісі — әрбір тұтынушыға жеке көзқарас жасауды көздейді. Сондай-ақ сатып алынатын тауармен тікелей байланыстың болмауы есебінен сапалы тауарлар төмен сортты алмастырғыштармен ығыстырылғанда, ал тұтынушыларда баға мен сапаның арақатынасын анықтауға арналған бағдарлар ыдырағанда теріс байланыстың әсері күшейтіледі [14].

Көріп отырғанымыздай, ақпараттық-коммуникациялық саладағы технологиялар соңғы жылдары әлемдік сауда мен тұтастай экономиканың нысанына, сапалық жəне сандық сипаттамаларына елеулі эсер етеді. Біз сатып алушылар мен сатушылардың коммуникациясы, мәмілелерді жасау жəне ресімдеу, оларды төлеу, ал электрондық контент жəне жеткізу жағдайында электрондық түрде жүзеге асырылатын сауда-қаржылық операцияларды цифрлық электрондық кеңістікке шығаруға байланысты электрондық коммерция тэжірибесі үлкен мэнге ие болатынын көріп отырмыз.

Осылайша, қазіргі элемдегі бөлшек электрондық сауданың рөлі мен мэнін қарастырып, келесі қорытындылар жасауға болады:

  • электрондық сауданы дамыту саладағы жалпы бизнес-ортаға елеулі əсер етеді, шығындарды қысқартуға жəне тиімділікті арттыруға, элеуетті өткізу нарығын кеңейтуге ықпал етеді жəне нарық ашықтығы мен бəсекелестíктщ деңгейін арттырады, көбінесе реттеу ережелері мен нормалары белгіленбеген сауда жүргізудің жаңа əдíстерíн бірінші жоспарға шығарады;
  • Қазақстанда электрондық сауда біртіндеп дамып келеді. Қазақстан Республикасының бөлшек электрондық сауда нарығының көлемі бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің шамамен 1,2 %-ын құрайды;
  • Интернетке халықаралық бөлшек сауданы жүргізу моделі өнім түріне жəне тапсырыстарды өңдеуге, тұтынушыларға жеткізуге жəне сервистік қызмет көрсету деңгейіне байланысты шығындарға байланысты. Осылайша, кейбір өнімдер үшін клиенттердің қалауы елден елге айтарлықтай ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының электрондық саудасының іс жүзінде барлық көлемі азық-түлік емес тауарларға келеді: тұрмыстық техника, компьютерлер, косметикалық тауарлар, аудио- жəне бейнеаппаратура, автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер;
  • қазіргі заманғы жəне тұрақты пайда болатын жаңа Интернет-технологияларды пайдалану сауда бизнесінің табысты жұмыс істеуі үшін маңызды фактор болып табылады. Ол, бір жағынан, кез келген жерден жəне кез келген уақытта шектеусіз клиенттерді тартуға, ал екінші жағынан, клиенттердің уəждемесí, əдеттер мен тұтыну талабы туралы бірегей ақпаратты жинауға, яғни Интернет пен кəдíмгí бөлшек сауда дүкендерінде сауда қызметін басқару үшін пайдаланылуы мүмкін ақпаратқа жағдай туғызады;
  • - Интернет арқылы бөлшек сауданың өзіндік ерекшелігі жабдықтаушылардың орналасқан жеріне қарамастан, барлық жер шарынан сатып алушыларды тарту болып табылады. Қызмет ауқымынан экономикалық пайда алу жəне клиенттерге үсынылатын заттай тауарлар мен қызметтердің жаһандық түсаукесері түрінде халықаралық қатысудан, олардың түтыну қүнының сипаттамаларына байланысты барлық тауарлардың бүгінгі күні электрондық сауда арналары арқылы өту үшін жарамды еместігімен шектеледі. «Көп арналы» бөлшек сатушылар үшін олар қолданатын ғаламторда жаһандық бөлшек бизнесті жүргізу стратегиясына шешуші түрде тәуелді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Авдеева Е.А. Электронная торговля в России: состояние и проблемы при переходе к информационно-сетевой экономике / Е.А. Авдеева, Е.В. Бочкова // Экономика и менеджмент систем управления. — 2015. — № 3.2. — С. 216-222.
  2. Корнейчук Б.В. Информационная экономика / Б.В.Корнейчук. — СПб.: Питер, 2006. — 400 с.
  3. Назарова И.Б. Электронная торговля: преимущества, проблемы и «эффект скольжения» при снижении трансакционных издержек I Электронный ресурс] / И.Б. Назарова, Т.В. Дианова. — Режим доступа: http://www.vestnik.mgimo.ru /razdely/ekonomika/elektronnaya-torgovlya-preimushchestva-problemy-i-effekt-skolzheniya-pri-snizhenii.
  4. Авдеева Е.А. Проблемы развития электронной торговли в России [Электронный ресурс] / Е.А.Авдеева // Молодой ученый. — 2016. — № 13. — С. 363-365. — Режим доступа: https://moluch.ru/archive/117/32539/.
  5. Қазақстан Республикасындағы Е-commerce дамуын сипаттайтъш көрсеткіштер [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http://stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/homeNumbersInformationSociety?_afrLoop=4441858790229400# %40 %3F_afrLoop%3D4441858790229400 %26_adf.ctrl-state%3Dvz92233pq_97.
  6. Қазақстан Республикасьшдағы бөлшек сауданың жалпы көлемі [Электровдық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http://stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/homeNumbersDomesticTrade?_afrLoop=4441458720409982#%40 %3F_afrLoop%3D444 1458720409982 %26_adf.ctrl-state%3Dvz92233pq_67.
  7. E-торговля: курс на удвоение [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://abctv.kz/ru/news/e-torgovlya-kurs-na- udvoenie.
  8. Отчет «Развитие сектора ИКТ в Республике Казахстан на 2016 год» [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://zerde.gov.kz/images/Отчет%20по0/o20развитию%20ИКТ%20отрасли%202ø16 %20год^Р
  9. Top 10 countries with retail E-commerce sales as % age of total retail sales [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://www.invespcro.com/blog/global-online-retail-spending-statistics-and-trends/.
  10. Ecommerce Foundation, 2016 [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.ecommercefoundation.org.
  11. Ревинова С.Ю.Тенденции и перспективы российской электронной коммерции / С.Ю. Ревинова // Вестн. Российского ун-та дружбы народов. Сер. Экономика. — 2017. — Т. 25, № 4. — С. 487-497.
  12. Флегонотова Т. А. Регулирование электронной коммерции в КНР: риски и возможности для международного сотрудничества / Т.А. Флегонотова // Вестн. международных организаций. — 2017. — Т. 12, № 4. — С. 150-168.
  13. Lichtenstein F. New Framework for Online Sales in China — Two Sets of Regulations Take Effect // E-Commerce Law and Policy. — 2014. [Electronic resource] / F. Lichtenstein. — Access mode: http://e-comlaw.com/e-commerce-law-and- policy/hottopic.asp? id=1417.
  14. Varian H. Economics ofInformationTechnology / H. Varian. — Berkeley: University of California, 2001. — P. 13-18.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.