Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің қазіргі заманғы құралдары

Макалада жаңартылатын энергия көздерін дамытуды мемлекеттік колдау үшін колданылатын күралдардың рөлі карастырылған (жеңілдікті тарифтер, стандарттар, кредит беру, гранттар жəне т.б.). Макала авторы жаңартылатын энергия көздерін колдау күралдарын жіктеудің пікірталас жактарына талдау жасаған: каржылык; институционалдык; сүраныс пен үсыныс ыкпалының бағдарлануы бойынша; бағаға, шығындарға жəне көлеміне негізделген күралдар. Автордың пікірінше, Қазакстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мемлекеттік реттеудің түрлі күралдары колданылады: нысаналы даму көрсеткіштері, тіркелген тарифтер, аукциондар, атаулы көмек, кадрлар даярлау, ғылыми зерттеулер жүргізу, техникалык реттеу жəне нормативтік-күкыктык реттеу. Макалада жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ынталандыру үшін каржылык жəне қаржылық емес құралдар қолданылатын əлемдегí жаңартылатын энергия көздері нарығына ерекше назар аударылады. Макалада каржылык колдаудың жалпы күралдары инвестициялык субсидияларды, кредиттік субсидияларды, төмендетілген пайыздык мөлшерлемелерді, салыктык жеңілдіктерді немесе салыктан босатуды жəне ғылыми зерттеулерге арналған мемлекеттік шығыстарды камтиды. Автордың пікірінше, каржылык емес күралдар нарыкка шығуды жеңілдету максатында кажетті инфракүрылымды жаксарту аркылы жаңартылатын энергия көздерін игеруді ынталандырады. Автор халыкаралык тәжірибені ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерін мемлекеттік қолдау күралдарын колдану бойынша накты үсыныстар берген.

Əлемде жаңартылатын энергия көздерін дамыту негізінен мемлекеттің колдауымен ғана жүзеге асырылады, ол нарык жүмысын өзгертетін жəне жаңартылатын энергия көздерін өндіретін нысандарды салуға инвестицияларды іздестіру жəне тарту үшін жағдай жасайтын ресми ережелер құруынан тұрады. Осыған байланысты, қазіргі уақытта мемлекеттің іс-қимылының нəтижесíнде кымбат технологиялар дамып келеді, олар болашакта коғамға кеткен шығындарды өтей алатын артыкшылыктар туғызады.

Мемлекет кабылдайтын кез келген шаралар колданыстағы нарыктык тетіктерді толыктыруға бағытталған. Еуропалык одак елдерінде мемлекеттік колдаудың кезкелген шараларын колдану кезінде еркін нарыктың жүмыс істеу шарттарын сактау кажеттілігі Еуропалык одак туралы шарттың жəне жаңартылатын энергия көздерін колдау туралы директиваның талабы болып келеді.

Қазіргі уакытта Қазакстан Республикасы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту бойынша максаттарды койып отыр, бүл ретте басты міндеттердің бірі жаңартылатын энергия көздерін дамытуды колдау күралдарына негізделген жəне дəл таңдалған күралдар болып табылады.

Қазіргі уакытта əлем елдерінің басым көпшілігі жаңартылатын энергия көздерін колдаудың мемлекеттік саясатын жүргізуде. Ол үшін олар дамыған елдер əзíрлеген жеңілдіктің сараланған тарифтерін (feed-in tariffs), жаңартылатын энергия көздері коржынының стандарттарын (renewable portfolio standards), жеңілдікті кредит беру, ғылыми зерттеулер жүргізуге гранттар жəне тағы баска күралдарды пайдаланады.

Біркатар елдер басым секторларды дамыту үшін неғүрлым колайлы жағдайлар калыптастыру аркылы экономика күрылымын өзгертуге бағытталған мемлекеттік шаралар кешені түсінілетін өнеркəсіптік саясат негізінде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға көңіл бөледі. Əдетте, тік жəне көлденең өнеркəсіптік саясат қолданылады. Тік өнеркəсіптік саясат жағдайында өнеркəсіптің белгілі бір салалары немесе компаниялар үшін неғүрлым колайлы жағдайлар жасалады. Көлденең өнеркəсіптік саясат деп барлық салаларда өсуге жəне жаңа секторлар мен компанияларды, оның ішінде инновациялык компанияларды калыптастыруға бағытталған мемлекеттің іс-кимыл кешені түсініледі. Сондай-ақ макроэкономикалық, секторалдық жəне микроэкономикалық өнерк^іп саясатын ажыратады. Жаңартылатын энергия көздерін қолдау саясаты тік секторалдық өнеркəсіптік саясатка жатады [1, 2].

Шетелдік ғалымдар жаңартылатын энергия көздерін мемлекеттік қолдау үшін қолданылатын құралдардың əртурлí жіктемелерін бөліп көрсетеді.

С. Еспей жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру көлемін белгілеуге бағытталған қаржылық, институционалдық құралдарды (ең алдымен, нормативтік-құқықтық реттеу жəне ұйымдастыру іс-шаралары) жəне бағдарламалар мен ерікті іс-шараларды қолдауға бағытталған құралдарды атап көрсетті [3].

М. Бехбергер жəне басқалары өз зерттеулерінде жаңартылатын энергия көздерін қолдау құралдарын олардың сұраныс пен ұсынысқа ықпалының бағдарлануы бойынша жіктейді [4].

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Қазақстан Республикасының заңына сəйкес электр жəне (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай бағыттарда жүзеге асырылады [5]:

  • жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткі штерін ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерш пайдалану нысандары орналастыру жоспарын бекíтедí жəне íске асырады;
  • тіркелген тарифтерді жəне шекті аукциондық бағаларды белгілейді;
  • атаулы көмек ұсынылады;
  • жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласында қазақстандық кадрларды даярлау мен оқытуға жəне ғылыми зерттеулер жүргізуге жағдайлар жасалады;
  • техникалық реттеу жүргізіледі;
  • жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қамтылады.

Осы көрсетілген бағыттарды ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды мемлекеттік реттеудің құралдарын анықтауға болады (1-сур. қара).

Суреттегі мəлíметтер көрсеткендей, Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды мемлекеттік реттеу ең басты құралдар жиынтығынан тұрады: дамытудың нысаналы көрсеткіштері; тіркелген тарифтер; аукциондар; атаулы көмек; кадрларды даярлау; ғылыми зерттеулер жүргізу; техникалық реттеу жəне нормативтік құқықтық реттеу. Атаулы құралдар арқылы мемлекет жаңартылатын энергия көздерін қолдану арқылы қоршаған ортаны ластауды азайтады, электр жəне жылу энергиясы өндірісіндегі оның үлесін ұлғайту үшін мүмкіндік алады.

 

Əлемде жаңартылатын электр энергиясы көздерінің нарығы жылдам каркынмен өсуде. Бұл біркатар бағдарламалар мен электр энергетикасы секторында жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ынталандыру шараларын жүзеге асырудың аркасында жүзеге асырылады. Қолдаудың негізгі кұралдарын жалпы алғанда каржылык жəне каржылык емес деп бөлуге болады.

Қолдаудың каржы кұралдары тиісті технологияларды дамыту үшін инвестициялык ынталандыру жасау аркылы жаңартылатын энергия көздерін игеруді көтермелеуге бағытталған. Тетіктердің кейбіреулері каржылык колдаудың жалпы кұралдары болып табылады, ал баскалары жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясының сату бағасын электр энергиясының нарыктык бағасынан жоғары көтеруге арналған, ал жаңартылатын энергия көздері дәстүрлі көздермен бəсекелесе алатындай болуы керек (1-кесте).

1-кесте

Жаңартылған энергия көздерін дамытуда қолданылатын мемлекеттік реттеудің қаржылық құралдары

Р/с №

Құралдар

Түсініктеме

Кеңінен колданатын мемлекеттер

1

Квоталар жүйесі

Энергияны өткізетін кəсíпорындар үшін энергияны сатып алуда немесе өндіруде жаңартылатын энергия көздерінің

міндетті үлесі

АҚШ, Үндістан

2

Аукциондар

Жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясының келісілген көлемін сатып алуға не аукционда сатып алынған жаңартылатын энергия көздерінің

белгіленген куатының белгілі бір көлемін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге ұзакмерзімді келісімшарттар жа- салатын жариялы сауда-саттык. Ұзак мерзімді келісімшарттар тек баға өлшемдері негізінде беріледі

Бразилия, Уругвай, Үндістан

3

Тендер

Бірнеше талаптары бар аукциондар

Кения, Жапония

4

Жаңартылатын энергия

көздері базасында жылу- мен жабдыктау жөніндегі міндеттемелер

Үй иелері үшін жаңартылатын энергия көздерінен жылыту үшін энергияны тұтынудың міндетті ең аз үлесі

Дания, Германия

5

Қосымша инвестициялык ынталар

Инвестициялык субсидиялар, кредиттер, төмендетілген пайыздык

мөлшерлемелер, салык жеңілдіктері не- месе салык төлеуден босату, ғылыми зерттеулерге арналған мемлекеттік

шығындар жəне тағы басқалар

АҚШ, Германия,

Франция

Дереккөзі. Автормен [6, 7] негізінде əзíрлендí.

Кесте мəлíметтерí көрсеткендей, жаңартылған энергия көздерін дамытуда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер әртүрлі мемлекеттерде қолданылады. Мемлекеттік реттеудің қаржылық кұралдарына квоталар жүйесін (АҚШ, Үндістан), аукциондарды (Бразилия, Уругвай, Үндістан), тендерді (Кения, Жапония), жаңартылатын энергия көздері базасында жылумен жабдыктау жөніндегі міндеттемелерді (Дания, Германия) жəне косымша инвестициялык ынталарды (АҚШ, Германия, Франция) жаткызуға болады.

Қаржылык колдаудың жалпы кұралдары инвестициялык субсидияларды, кредиттік субсидияларды, төмендетілген пайыздык мөлшерлемелерді, салык жеңілдіктерін немесе салыктан босатуды жəне ғылыми зерттеулерге арналған мемлекеттік шығыстарды камтиды. Электр энергиясының бағасын арттыру жөніндегі бағдарламалар баға негізіндегі, көлем жəне гибридтік негізіндегі бағдарламаларды камтиды. Қосу тарифтері немесе сыйлыкакы төлемдері – оларжаңартылатын электр энергиясын өндіру жəне оны желіге беру үшін үзақмерзімдік, түрақты сыйақыны қамтамасыз ететін бағаға негізделген көтермелеу тетіктері болып табылады. Қосылу тарифтері тіркелген тариф бойынша немесе өзгермелі нарықтық үстеме қосу арқылы нарықтық мөлшерлеме бойынша өтемақы алуды көздейді.

Сараланған жеңілдікті тарифтің тағы бір танымал баламасына жаңартылатын энергия көздері қоржынының стандарттарын (Renewable portfolio standard, RPS) жатқызуға болады. Бүл стандарттар коммуналдық шаруашылықтарды жаңартылатын энергия көздері есебінен электр энергиясының белгілі бір үлесін өндіруге міндеттейді. Норманы орындамаған жағдайда коммуналдық шаруашылық сертификатталған электр энергиясын өндірушілерден жаңартылатын электр энергиясының жетіспейтін көлемін жабатын немесе айыппүл төлейтін сертификаттарды сатып алады. Осылайша, егер жеңілдікті тарифтерді енгізу кезінде жаңартылатын электр энергиясының бағасы, ал жаңартылатын энергия көздері қоржынының стандарттарын енгізу кезінде - жаңартылатын электр энергиясын өндіру көлемі реттеуге үшырайды. Жаңартылатын энергия көздері қоржынының стандарттарын əдетте технологияны таңдау мен бағаны реттеуден қүтылуды қалайтын еркін нарықтың жақтаушылары қолдайды. Іс жүзінде, əдетте, осы сызбаның көмегімен неғүрлым жетілген технологиялар қолдау табады.

Таза өлшеу жүйелері де (net metering) кеңінен таралған. Бүл жүйелер келесідей жүмыс істейді. Электр желісіне қосылған жəне бүл ретте жаңартылатын энергия көздері бойынша жабдығы бар түтынушыларға (мысалы, үйдің шатырындағы күн панельдері немесе жел генераторы) арнайы есептеуіштер орнатылады, олар пайдаланушы желіден қандай электр энергиясының көлемін алғандығын, ал қайсысы желіге қойылғандығын жеке есептейді. Әрбір есептік кезеңнің соңында (əдетте ай) желіден алынған электр энергиясынан жеткізілген электр энергиясы шегеріледі жəне түтынушы тек осы қалдық үшін ғана төлейді.

«Жасыл» баға қалыптастыру өте қызықты қүрал болып табылады. Оның мəнí - электр энергиясын түтынушылар энергетикалық компанияға пайдаланылған электр энергиясы үшін оның қүнынан сəл артық төлеуге мүмкіндік алады (электр энергиясының қүны плюс сыйақы). Бүл қосымша қаражатты компания жаңартылатын энергетикаға инвестиция ретінде салады.

Әсіресе нарықты дамытудың бастапқы кезеңдерінде тікелей қаржылық қолдау жəне арзан несиелер беру маңызды емес. Кейбір елдерде, мысалы, Португалияда жаңартылатын электр энергиясын генерациялау үшін жабдықтарды сатып алуға пайызсыз несиелер үсынылады.

М.С. Шклярук т.б. [8] сияқты ғалымдар жаңартылатын энергия көздерін дамытуды қолдау қүралдарын төрт модуль бойынша бөледі: қолдау қағидатын айқындайтын элементтер (белгіленген төлем, нарықтық бағаға үстеме, квоталар, тендер), қолдау көлемін айқындайтын элементтер (бағаны белгілеу үлгісі, берілген бағаларды бейімдеу жəне басқалар), қолдау динамикасын айқындайтын элементтер (үзақтық, қарқындылық, дегрессия) жəне қолдауға арналған шығындарды айқындайтын элементтер (қолдауды саралау, қаржыландыру, шығындарды өтеу тетігі жəне басқалар).

Басқа ғалымдардың пікірі бойынша [9, 10], бағаға (белгіленген тарифтер, баға үстемелері, қуаты үшін төлем), шығындарға (инвестициялық субсидиялар мен гранттар, салықтық жеңілдіктер, субсидиялау), көлемге (квоталар, жасыл стандарттар, стандарттар) негізделген жаңартылатын энергия көздерін қолдау қүралдарын бөлу қабылданған.

Қаржылық емес қүралдар нарыққа шығуды оңайлату жəне жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау мақсатында қажетті инфрақүрылымды жақсарту жолымен жаңартылатын энергия көздерін игеруді ынталандырады (2-кесте).

Бүл қүралдарды қолдану әртүрлі мемлекеттерде кеңінен таралған:

  • жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға қатысты ресми нысаналы көрсеткіштер (Еуроодақ елдері, АҚШ);
  • нарыққа/ желіге қолжеткізу (Чили);
  • таза өлшеу/ таза сатып алу/ сату жүйелері (Аустралия, АҚШ, Түркия);
  • желіге басым қолжетімділік жəне қосылу үшін жеңілдікті тарифтер жəне желіге қуатты беру үшін үстеме (Германия, Италия);
  • «жасыл» сертификаттар, жаңартылатын энергия көздерінің сертификаттары (Швеция, Норвегия).

Қаржылық емес қүралдардың мысалдары жаңартылатын электр энергетикасын дамыту саласындағы мақсаттар туралы ресми ақпаратты таратуды, желілерге кепілдік қолжеткізуді, жеңілдік тарифтерді, таза өлшеу (net metering) жəне таза сатып алу/сату (net billing) жүйелерін қамтиды.Желіге кепілді қолжеткізу тəуелсíз энергия өндірушілерге жəне жеке өндірушілерге, мысалы, үй шаруашылықтарына жəне өжркәсіп кəсíпорындарына, желіге қосылу құқығын береді. Электр стансалары үшін желілерге кепілді қолжеткізу белгілі бір ең төменгі немесе ең жоғары қуат бойынша шектелуі мүмкін. Жеңілдіктік тарифтер желідегі кепілдік қолжетімділікке сүйенеді жəне электр қуатын өткізумен айналысатын компаниялардан электр энергиясын баламалы көздерден сатып алуды талап етеді.

2-кесте Жаңартылған энергия көздерін дамытуда қолданылатын мемлекеттік реттеудің қаржылық емес құралдары

Р/с №

Құралдар

Түсініктеме

Кеңінен қолданатын мемлекеттер

1

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға қа- тысты ресми нысаналы көрсеткіштер

Міндетті, сондай-ақ міндетті емес сипаттағы кеңейту жөніндегі мақсаттарды анықтау (технологиялық тұрғыдан нақты) жəне олар туралы ресми ақпаратты тарату

Еуроодақ елдері,

АҚШ

2

Нарыққа/ желіге қолжет- кізу

Қуаттылығы шектелуі мүмкін тəуелсíз энергия өндірушілері немесе энергия кəсíпорындары үшін желіге кепілді қолжеткізу

Чили

3

Таза өлшеу/таза сатып алу/ сату жүйелері

Жаңартылатын энергия көздерінен энергия өндірушілерге олар желіге берілетін жəне тұтынылатын энергия арасындағы

айырманың таза құны өтелетін өтемақы тетіктері. Электр энергиясын өндірудің артығы энергияны болашақ тұтыну есебіне (таза өлшеу) тұтынушылық кредит ретінде есепке алынуы немесе келісілген ставка немесе тариф (таза сатып алу/сату) бойынша тікелей қаржылық өтемақы нысанында төленуі мүмкін

Аустралия, АҚШ, Түркия

4

Желіге басым қолжетім- ділік жəне қосылу үшін жеңілдікті тарифтер жəне желіге қуатты беру үшін үстеме

Электр энергиясын желіге жеткізуге жеңілдетілген тарифтер энергия өндіруші компаниялардың жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын міндетті түрде сатып алуын білдіреді.

Желіге электр энергиясын жеткізгені үшін тарифтер мен үстемеақылар желіге жаңартылатын электр энергиясын бергені үшін не тіркелген тарифтер (жеңілдікті тарифтер) бойынша не түзетілген нарықтық үстеме (желіге қуатты бергені үшін үстемеақы) қоса отырып, электр энергиясына нарықтық бағалар бойынша ұзақмерзімді тұрақты сыйақы алу

мүмкіндігін қамтамасыз етеді

Германия, Италия

5

«Жасыл» сертификаттар, жаңартылатын энергия көздерінің сертификатта- ры

Квота жүйелерімен бірге жиі қолданылатын қайта берілетін сертификаттар.

Сертификаттар өндірілген жəне сатып алынған жаңартылатын электр

энергиясының əрбíр бірлігіне шығарылады

Швеция, Норвегия

Дерек көзі. Автормен [6, 7] негізінде əзíрлендí.

Таза өлшеу жэне таза сатып алу/сату тетіктері тұтынушыларға тұтынылған энергия үшін шоттан желіге берілген электр энергиясының таза кұнын шегеру мүмкіндігін камтамасыз етеді. Өндірістің артығы энергияны болашак тұтыну есебіне несие түрінде (таза өлшеу жүйесі) не келісілген мөлшерлеме немесе тариф бойынша тікелей төлем түрінде (таза сатып алу/сату жүйесі) өтеледі.

Біркатар зерттеушілердің ойынша [11], жаңартылатын энергетиканы мемлекеттік колдау (сол сиякты кез келген баска саланы колдау) нарыктардың кабілетін төмендетеді, яғни тұтынушыларды тиімді ресурстарды таңдау мүмкіндігінен айырады.

Алайда дэстүрлі энергетиканың субсидия алатындығын ескерген жөн, ал казба отынды пайдалану нэтижесінде пайда болатын колайсыз сырткы эсерлер іс жүзінде бағаланбайды жэне ескерілмейді, жаңартылатын энергетиканы дамудың ерте кезеңдерін колдап тұру кажет, бірак ұзакмерзімді кезеңде энергетиканы кез келген субсидиялаудан бастартуға ұмтылу керек.

Жаңартылатын энергия көздері саласындағы отандык саясатты эзірлеу кезінде халыкаралык тэжірибені пайдалану бұрын баска елдер жасаған көптеген кателіктерді болдырмауға мүмкіндік береді. Жаңартылатын энергия көздерін мемлекеттік колдау кұралдарын колдануды зерттей отырып, келесі корытындыларды жасауға болады:

  • жаңартылатын энергия көздерінің мэселелерімен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарының жэне ғылыми зертханалардың жұмысын күшейту кажет, олар бізге жаңартылатын энергия өндірісі нарығында жаксы орын алуға мүмкіндік береді;
  • жаңартылатын энергия көздерін мемлекеттік колдаудың каржылык жэне каржылык емес кұралдарын накты жіктеуді колдану кажет;
  • жаңартылатын энергия көздерін алу үшін, сондай-ак жаңартылатын энергия көздерін іске асыру барысында жабдыктарды эзірлеу, жетілдіру жэне іске асырудың барлык кезеңдерінде олкылыктарға жол бермеу керек.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Marques A. Is renewable energy effective in promoting growth? / A. Marques, J. Fuinhas // Energy Policy. — Vol. 46. — July 2012. — P. 434-442.
  2. jɑger-waldau A. Photovoltaics and renewable energies in Europe / A. jɑger-waldau // Renewable and Sustainable Energy Reviews. — Vol. 11. — No. 7. — September 2007. — P. 1414-1437.
  3. Espey 2001 — Espey S. Internationaler Vergleich energiepolitischer Instrumente zur F0rderung regenerativer Energien in ausgewalten Industrielandern. — Bremen, 2001. — 364 p.
  4. Bechberger M. Erfolgsbedingungen von Instrumenten zur F0rderung erneuerbarer Energien im Strommarkt. FFU-Report 012003 [Electronic resource] / M. Bechberger, S. Korner, D. Reiche // Forschungsstelle fur Umweltpolitik, FU Berlin, 2003. — Access mode: http://userpage.fu-berlin.de/ffu/download/rep_2003-01.pdf.
  5. Закон Республики Казахстан «О поддержке использования возобновляемых источников энергии» от 4 июля 2009 г. № 165-IV [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z090000165_.
  6. Баринова В.А. Перспективы развития возобновляемой энергетики в России и мире [Электронный ресурс] / В.А. Баринова, Д.А. Лаитнер, Т.А. Ланьшина. — Режим доступа: ftp://w82.ranepa.ru/rnp/wpaper/1857.pdf.
  7. Перспективы развития возобновляемой энергетики в регионе ЕЭК [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.unece.org/fileadmin/DAM/energy/se/pdfs/gere/GERE_November_2018/ECE_ENERGY_GE.7_2018-3.r.pdf
  8. Шклярук М.С. Комплексный подход к оценке эффективности систем поддержки развития ВИЭ / М.С.Шклярук, Т.В. Малинина // Науч.-техн. ведомости Санкт-Петербургского гос. политехн. ун-та. — 2012. — № 4. — С. 222-224.
  9. Копылов А.Е. Экономика ВИЭ / А.Е. Копылов. — М.: Грифон, 2015. — 192 с.
  10. Lipp J. Lessons for effective renewable electricity policy from Denmark, Germany and the United Kingdom / J. Lipp // Energy Policy. — 2007. — Vol. 35. — Is. 11. — P. 5481-5495.
  11. Liao C.H. A challenging approach for renewable energy market development / C.H. Liao, H.H. Ou, S.L. Lo, P.T. Chiueh, Y.H. Yua // Renewable and Sustainable Energy Reviews, Vol. 15, No. 1, January 2011. pp. 787-793.
Жыл: 2019
Категория: Экономика