Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жұртшылық шаруашылығының ұжымдық кәсіпорындармен өзара қарым-қатынастарын дамытудың жолдары

Мақалада Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығындағы жұртшылық шаруашылығының əрекет етуін жəне оның бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылық өнімдерді өндірудегі үлес салмағы қарастырылған. Мақалада кооператив ауыл шаруашылық қызметтің адами жəне материалдық факторлардың біріктірілетін жəне кооперацияланатын ерекше экономикалық бірлігі ретінде сипатталған. Шетелдердегі кооперативтердің даму деңгейлері мен ерекшеліктері көрсетілген. Сондай- ақ, жұртшылық шаруашылықтарының қарқынды дамуы үшін шаруашылық жүргізуші басқа ірі шаруашылықтармен өзара біріге отырып, əрекет ететін ынтымақтастығы ретінде кеңінен қарастырылған. Қазіргі кездегі жұртшылық шаруашылығы ауыл шаруашылық өндірісінің тең құқылы нысаны ретінде дамуына, оның дербес шаруа қожалығына трансформациялануына құқықтық жəне экономикалық алғышарттардың орнағандығы жайлы айта отырып, жеке-жеке тоқталған. Жұртшылық шаруашылығы мен ауыл шаруашылык кәсіпорындар арасындағы кооперацияның екіжақты пайдалы іс-әрекетінің маңыздылығы мен қажеттігін негіздеген. Журтшыльщ шаруашылығы мен ауыл шаруашылык кәсіпорындардың өзара қызығушылықіарын көрнекі түрде сызбанұсқа ретінде көрсеткен. Бірқатар мəселелер қарастырылған: жұртшылық шаруашылығы мен ауыл шаруашылық кәсіпорындар арасында интеграциялық байланысчардың орныкпауы; жүрчтпылык шаруашылыкдарының күкыкдык жəне әлеуметтік мәртебесішің төмеш деңгейі; материалдык- техникалык жабдыктардың, тыңайткыштардың, мол өнімді мал мен ауыл шаруашылығы дакылдары сүрыпчарының болмауы; мал санын көбейту жəне ет өнеркəсібіне арналған соғымдарды арттыруға байланысты жем-шөптің жетіспеушілігі.

Мәселенің өзектілігі

Қазіргі кездегі аграрлык саланың баскарушылык әлеуетін калпына келтіру жəне нығайту жағдайында ауыл шаруашылығының барлык салаларының калыпты әрі тиімді дамуына кажетті жағдайларды күру тек кана өндірістің ішкі резервтерін максатты пайдаланудың негізінде ғана мүмкін. Сол себепті ауылдағы киын жағдайдан шығудың жолдарын меншік нысандары әртүрлі кәсіпорындардың (үжымдык, шаруа (фермерлік) кожалыктары, жүртшылык шаруашылыктары) куаттарын біріктіру аркылы, яғни кооперативтер жүйесі аркылы карастырған жөн.

Əлемде ауыл шаруашылық кооперацияның пайда болуынан бері ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өзара көмек беруін қамтамасыз ете алатын, жеке шаруашылықтың техникалық жəне экономикалық артықшылығы жəне нарықта төлемқабілеттілігі бар ірі өндіріспен үйлестіре алатын, тиімді ұйымдық нысан қалыптаспаған. Шаруашылық жүргізудің кооперативтік нысаны көптеген елдердің шаруашылық өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Белгілі мәліметтер бойынша, əлемде 120 түрлі, 700 млн. адамды біріктіруші жалпы 1 млн.-нан астам кооперативтік ұйымдар əрекет етуде. Жəне солардың ішінде ауыл шаруашылық кооперациялар кең тараған [1].

Соңғы зерттеулер мен мақалалардың талдауы

Шетелдерде фермерлерге жеке дара шаруашылық жүргіздірмейді, кооперативтік шаруашылық жүргізу нысаны шаруашылық өмірдің белгілі бөлігін құрайды. Фермерлердің көпшілігі бір, екі, үш не одан да көп кооперативтердің (жабдықтау, өткізу, несиелік жəне тағы басқа) мүшелері болып табылады. Батыс елдерінің фермерлері екі жақты қорғанысқа ие болады, яғни мемлекеттік жəне кооперативтік. Реформалар кезінде елеулі шығындарды бастан кешірген жəне мемлекеттік қолдаулардан айырылған шаруалардың бүгінгі таңда шетелдік фермерлердің отандық нарықта ұсынып отырған өнімдерімен бəсекелесе отырып жеке дара, яғни ешқандай қолдаусыз күресулеріне тура келуде. Ірі кооперацияның беретінін сақтап қалу үшін жаңа шаруашылық жағдайларды ескере отырып, əрекет ететін кооперацияның қажеттігі туындауда. Академиктер Т.Мальцев, И.Моисеев жəне басқа да ғалымдардың айтуынша, кооперативтік шаруашылық жүргізуден толығымен бас тартатын болсақ, қарқынды өнім өндіретін егіншіліксіз өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын еліміз үшін бұл қатерлі жағдай болары анық. Еліміз үшін кооператив барлық кезде артықшылығы мол серіктестік ынтымақтастық, өзара көмек беру жəне тепе-теңдікке негізделетін азаматтардың еркін түрдегі еңбек бірлестігінің дәстүрлі түрі болып табылады.

Кооператив ауыл шаруашылық қызметтің адами жəне материалдық факторлардың біріктірілетін жəне кооперацияланатын ерекше экономикалық бірлігі болып табылады. Шаруалардың кооперациялануы арқылы жоғары нəтижеге қол жеткізу мүмкіндігі тек қана ғалымдардың зерттеулерінің негізінде емес, сондай-ақ тарихи, табиғи, әлеуметтік жəне экономикалық жағдайларға сəйкес ауылдық аймақта тұратын ауыл халқының бірлесе отырып, еңбек етуге дайындығымен де дəлелденуде. Е.Г. Лысенконың айтуы бойынша, шаруалардың 70-80 пайызы әртүрлі себептерге байланысты бірлесе отырып, жұмыс істегілері келеді екен [2]. Қоғамдық шаруашылықтың қолдауынсыз жұртшылық шаруашылығының жеке дара күресе отырып, əрекет етуі қиын жағдай болып табылады. Қоғамдық сала өндірісінің кемігендігінен оның орнын импортталатын төмен сапалы өнімнің шетелден толықтырылуы даусыз болып табылады. Сондықтан бүгінгі таңда ұжымдық шаруашылықтың жəне оның жұртшылық шаруашылықпен кооперациялануының дамуы өте маңызды жəне өзекті мəселе болып отыр.

ЗерттеуДің негізгі нәтижелері

Қазіргі кезде жұртшылық шаруашылығы ауыл шаруашылық өндірісінің тең құқылы нысаны ретінде дамуына, оның дербес шаруа қожалығына трансформациялануына құқықтық жəне экономикалық алғышарттар қалыптасқан:

  • біріншіден, ауыл шаруашылық өндірісінің барлық нысандарының тең құқылығы заңмен бекітілген (жұртшылық шаруашылығы аграрлық салада шаруашылық жүргізудің тең құқылы нысаны ретінде мойындалған, «Шаруа қожалықтары туралы» заңға сəйкес; Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сəйкес, барлық еңбек ұжымдары мен жеке тұлғаларға олардың қалауларына, мүмкіндіктеріне жəне қажеттіліктеріне байланысты шаруашылық жүргізудің нысандарын таңдау құқығы ұсынылған);
  • екіншіден, жұртшылық шаруашылығындағы ұсталынатын мал санына барлық шектеулер алынып тасталған;
  • үшіншіден, əрекет етуші заңға сəйкес үй іргесіндегі телім болып табылады.

Келісімшарттық негіздегі бастаумен жұртшылық шаруашылықтарының ауыл шаруашылық кәсіпорындармен кооперативтік байланыстарын қалпына келтіру бір жағынан, жұртшылық шаруашылығының өнім өндірісіне жəне өткізуіне қолайлы жағдай қалыптастырушы қоғамдық өндірістің де, жұртшылық шаруашылығының да тиімді дамуына, екінші жағынан, ауыл шаруашылық кәсіпорындардың жұмысшылардың экономикалық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді.

Нарықтың экономикалық тиімді қолжетімді шегінен тыс болса, ауыл тұрғындарының жеке шаруашылықтарының да, тіпті, қоғамдық шаруашылықтардың өнімдері жалпылай болмаса да, айтарлықтай шамада сұранысқа ие болмайды жəне өткізудің тиімді бағасымен қамтамасыз етілмейді. Бұл жағдайда тек делдалдар ғана ұтады, олар халықтың өнімін қолма-қол ақшаға сатып алып, өздеріне тиімді бағамен қайта сатады. Өңдеуші кәсіпорындар жұмыссыз бос тұрады немесе толық қуатта жұмыс істемейді. Жұртшылық шаруашылықтар да, ауыл шаруашылық кәсіпорындар да қолайсыз жағдайда болады. Ауыл тұрғындары өз өнімдерін делдалдарға өткіздіре отырып, қоғамдық шаруашылық тарапынан шаруашылығын жүргізуге қолдау көрсетеді деп есептей алмайды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарда жем-шөп, малдың жас төлі қолды боп жатады, өнімдер табысы мен салығы арқылы өндірістен тыс кетеді. Өңдеуші кәсіпорындардың да, ауыл шаруашылық кәсіпорындардың да, жұртшылық кәсіпорывдарының да əрекет етуі қиындай түседі.

Сондықтан да жоғарыда айтылған мәселелерді шешу мақсатында жəне тауарлық өнімнің өндірілуін арттыру үшін жұртшылық шаруашылықтарының өзара, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалықтары жəне ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен бірігу қажеттілігі туындайды. Мұндай бірігуді 1-суреттен көруге болады.

Жұртшылық шаруашылықтарының өзара бірігуінің негізгі мақсаты ауыл шаруашылық өнімін өткізуде өзара ықпал ету, яғни ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізуден өзара пайда табуды, өнім өткізуді, несие алуды, ауыл шаруашылық техникасын бірлесе отырып қолдануды қамтамасыз ету болып табылады. Мұнда экономикалық қарым-қатынастар сенімділік сипатында, яғни ешқандай келісімшарт жасаспай əрекет ететін болады.

Халықтың жұртшылық шаруашылықтарының әртүрлі кооперативтерін талдау бойынша жергілікті орналасу орны мен өндірістік қатынастардың ұзақ мерзімдегі тұрақтылығына байланысты жеке шаруашылықтардың өндіріс саласында да, айналым саласында да сәйкесінше кооперативтің болуы мүмкін жəне қажет болып табылады. Мұнда халықтың өз шаруашылығын, яғни жұртшылық шаруашылығын тиімдірек жүргізуіне дайындығы маңызды. Бұл кооперацияланудың әртүрлі нысандарын жан-жақты зерттеуді қажет етеді жəне елдің нақты аймақтарына зерттелген кооперативтердің тиімдірегін ұсынуды мақсат етеді.

Кооперация ретінде негізгі мақсаты кооперация үрдісінен тең бағалы тиімділікке жету болып табылатын тең құқылы жəне тең қызығушылықты серіктестердің ынтамақтастығын ұғынған жөн.

Жұртшылық шаруашылығының ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен, шаруа (фермер) қожалықтарымен кооперациялануы тиімді болып табылады. Ал ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен бірігуі ауыл шаруашылығымен айналысуға максималды мүмкіндік береді. Олар жеке секторды материалды-техникалық, қаржылық жəне жер ресурстарымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жұртшылық шаруашылықтары мен ауыл шаруашылық кәсіпорындарының кеңістіктік

 

қоры бірдей болып келеді. Сондықтан кооперациялауда олар жеке шаруашылықтың негізгі серіктестері болып табылады.

Ресей ғалымдары В.А. Богдановский, К.В. Копачтың пікірі бойынша, кооперациялық жəне интеграциялық байланыстар жеке қосалқы шаруашылықтарындағы өнім алудың еңбек сыйымдылығын төмендетуге, барлық ауыл шаруашылық өндірісі мен халықтың өмір сүру тиімділігін арттыруға бағытталуы тиіс, бірақ нормаланған еңбек күші, демалыс күндер, жылына бір рет алынатын демалыс, зейнетақы сияқты әлеуметтік қол жеткізулерді жою есебінен болмауы тиіс [3, 4].

Ауыл шаруашылық кәсіпорындардың жəне жұртшылық шаруашылықтарының ынтымақтастығының механизмі екі жаққа да өзара қызығушылық пен өзара тиімділікке негізделеді, яғни келісімшарт негізіндегі қызметтер механизмі жұртшылық шаруашылығының жəне ауыл шаруашылық кәсіпорынның қызығушылықтарын үйлестіру арқылы құрылады. Жұртшылық шаруашылықтардың иелерінің қоғамдық шаруашылықтармен қатынасы, ең алдымен, жұртшылық шаруашылығы қосалқы, яғни қоғамдық өндірісті толықтырушы, ауыл шаруашылық кәсіпорнына кері емес, оған толықтырушы ретінде құралады.

Тауар өндірушілердің өздеріне негізделген кооперативтік бірлестік жұртшылық шаруашылығына қызмет етуші ұйымдардың ең орынды түрі болып табылады. Осыған орай, бір ауыл әкімшілігі территориясында орналасқан өндіруші-қызмет ұсынушы кооперативтерді ұйымдастыру әдістемесі құрылған. Бірлестіктің ұйымдастырылуына ауыл шаруашылық кәсіпорындар жəне шағын тауар өндірушілер, яғни жұртшылық шаруашылықтар қатысады. Ақша қаражаттарының қайнар көзі қатысушы шаруашылықтардың үлестік салымдары, несиелер, ұжымдық шаруашылықтардың материалдық қаражаттары, жергілікті бюджеттен аударымдар болады.

Кооперативтік бірлестіктің ұйымдастырылуы мен əрекет етуіне қажетті құжаттар жиынын әзірлеу қажет. Оған бірлестік жарғысы, құрылтайшылық келісімшарт, кооператив қызметтеріне бағалар тізімі.

Біріктіру үшін ең алдымен келесідей міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілуі тиіс:

  • жеке шаруашылықтарды жем-шөппен қамтамасыз ету, сақтау орындарына әзірлеу жəне жеткізіп беру қызметтерін көрсету;
  • жеке шаруашылықтардың өнімдерін сатып алуды ұйымдастыру бойынша көмек көрсету;
  • үй іргесіндегі телімде өңдеу бойынша, картоп отырғызуда, оларды жинауда, тасымалдауда, сондай-ақ жанармай жəне басқа да жүктерді жеткізуге көлікпен қамтамасыз етуге механикаландырылған жұмыстар жүргізу;
  • қоғамдық объектілерге қызмет көрсетуге байланысты, тұрғындардың талаптары бойынша жөндеу-құрылыс жұмыстарымен байланысты бірқатар қызметтер жүргізу.

Мұндай жобаны жүзеге асыру жеке шаруашылықтың келешек даму мүмкіншіліктерін ашады, осы нысанның мүмкіндіктерін толық қолдануға мүмкіншілік береді, тұрғындарға ұсынылатын қызмет көрсетулердің жалпы көлемі көбейеді, аграрлық саладағы еңбек өнімділігі артады, сондай-ақ жұмыс күшінің жəне механикаландырылған құралдардың қоғамдық өндірістен тартылуы азаяды.

Ұжымдық кәсіпорындардағы мал шаруашылығы өнім өндірісінің азаюын жеке меншік секторы толықтыра алу үшін оның тауарлығының өсімін қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте, тиімді жыл бойғы жем-шөппен қамтамасыз етуді құру қажет. Мал шаруашылығының негізгі жем-шөптік базасы өсімдік шаруашылығы болып табылады.

Ауыл шаруашылық кәсіпорынның материалдық ресурстарын ауыл шаруашылық кәсіпорынның өзі де, жұртшылық шаруашылығы да қолдана алатын болады. Егерде жұртшылық шаруашылықтарының жем-шөппен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ бейресми қамтамасыз етілуі де ауыл шаруашылық кәсіпорынның малына жұмсалуына мақсатталған жем-шөбі есебінен болатын болса, онда малдың өнімділігі төмендейді, малдың қырылуы орын алады, нәтижесінде кәсіпорынның жұмысшылары болып табылатын жұртшылық шаруашылық иелерінің жалақысы да төмендейді. Алайда жұртшылық шаруашылығының малына ауыл шаруашылық кәсіпорын тарапынан жем- шөппен қамтамасыз етуге жəрдем берілмесе, жұртшылық шаруашылық иелерінің жем-шөп әзірлеуіне тура келеді, ал бұл, өз кезегінде, жұртшылық шаруашылығында еңбек ету шығынын ұлғайтып, ауыл шаруашылық кәсіпорынындағы еңбек ресурстарының азаюына алып келеді.

Жұртшылық шаруашылығы да, ауыл шаруашылық кәсіпорыны да ауыл шаруашылық өнім өндіреді, сол себепті ауыл шаруашылық кәсіпорындар артық өнімді өткізуде көмек көрсете алады, яғни халықтан ауыл шаруашылық кәсіпорын өндірмейтін өнімді сатып алып, ал жұртшылықшаруашылығы өндірмейтін өнімімен қамтамасыз етуіне болады. Ауыл шаруашылық кәсіпорывдарының сондай-ақ, өңдеуші кәсіпорындарымен, асханалармен, мектептермен, балабақшалармен ынтымақтаса отырып, əрекет етуіне мүмкіншілігі туындауда, ал ол, өз кезегінде, кәсіпорынның беделін жəне қосымша табыс табу мүмкіншілігін арттырады.

Осылайша, кооперативтік байланыстар орнату ауыл шаруашылық кәсіпорынның да, жұртшылық шаруашылығының да өнімдерін айтарлықтай шамада арттыруына мүмкіндік береді. Кооперация тек қана жеке тұлғаларды ғана емес, сондай-ақ заңды тұлғалардың, экономиканың әртүрлі салаларында кәсіпорындардың өзара қызметтің әрқилы түрлерін жүзеге асырушы шаруашылық аралық негізде бірігуін ұсынады.

Жұртшылық шаруашылықтардың байланыс түрлері мен олардың бірігуінде, олардың əрекет етуінің экономикалық негіздерін анықтаушы барлық факторларды ескерген жөн. Мəселен, жұртшылық шаруашылықтың өнімдері мен қызмет көрсетуші кәсіпорынның оған көрсеткен қызметтерінің бағалары, өнімді өндіру шығындары жəне транспорттық шығыстар.

Ауыл шаруашылық кооперациялардың тиімділігі ауыл шаруашылық өндірістің қарқындануына эсер етуші факторлардың әсеріне байланысты. Кооперация бірқатар қағидалар негізінде дамуы тиіс. Олардың ең маңыздылары мыналар: кооператив мүшелігіне енуге еріктілік жəне одан шығу еркі, табыстың, сондай-ақ кооператив мүшелері арасында шығындар мен шығыстардың эділ бөлінуі.

Жеке сектордың интегралданған экономикасын құру бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін мал шаруашылығын жүргізетін жұртшылық шаруашылығы иелерінің мүмкіндіктері мен қажеттіліктері туралы мəлíметтер қажет болады. Осы мақсатта айтылған шаруашылықтарды куəл^ен^у жүргізу қажет. Əрқайсысы бойынша, сондай-ақ елді мекендерде, ауылдық əкімшіліктерде жəне аудандарда жұртшылық шаруашылықтардың иелері мен ортақ иеленушілердің жастық жəне мамандану бойынша құрамдарын, жұртшылық шаруашылықтардың бар-жоқтығын, мал мен құсты, техника, жарамды жердің ауданын; жем-шөпке, жас төлге жəне құсқа, зооветеринарлық қызметтерге қажеттілігін; тауарлы өнімнің мүмкін көлемін анықтау қажет (кесте 1).

1-кесте Ірі қара малдың төлін бордақылаудағы жем-шөптің шығыны

Жасы, ай

Орташа тәуліктік өсім, г.

Жем-шөптер

Тірідей салмақта, кг.

сүт

жем-шөп қоспасы

силос

шөп

сабан

қаймағы алынбаған сүт

қаймағы алынған сүт

0-1

750

160

15

-

-

2

-

37-60 ~~

1-2

800

40

210

-

-

5

-

60-80

2-3

850

 

180

18

30

15

-

85-100

3-4

900

 

130

18

95

26

15

110-135

4-5

850

 

65

39

105

40

20

135-160

5-6

800

   

50

145

70

40

160-185

6-9

700

   

54

180

120

50

185-250

9-12

700

   

69

180

150

100

250-310

12-15

750

   

75

205

150

100

310-375

15-18

800

   

83

230

150

100

375-450

Жалпы

-

200

600

401

1170

728

425

-

Ескерту. Зерттеу барысында автормен құрылған.

Қызмет көрсетулердің түрлері берілген территориядағы ұжымдық кəсіпорындардағы шаралардың нақты жағдайына байланысты. Мұнда негізгі үш нұсқа бар:

Бірінші нұсқа. Ұжымдық шаруашылық айтарлықтай сәтті қызмет етіп жатса, жұртшылық шаруашылықтарға ішкі шаруашылық бөлімшелер арқылы қызмет көрсетулер оңтайлы болып табылады.

Ұжымдық кəсíпорын жұртшылық шаруашылықтар үшін келесідей іс-шараларды жасай алады: малдың жас төлін өсіру, жем-шөп əзíрлеу, сондай-ақ бақшаларды өңдеу, өнімді сату, зооветеринарлық қызметтерді ұсыну.

Қызмет көрсетулерге келісімшарттар жақтардың міндеттемелерін жəне оларды жүзеге асыруға жауапкершілікті анықтауы тиіс. Міндеттемелерді орындауға жауапкершілікті бекітуде міндеттемені бұзу жағдайында санкция ол міндеттемені орындаудан босатпайтынын ескерген жөн. Келісімшартта жеке жауапкершілікке ие нақты тұлғалар көрсетілуі тиіс. Кәсіпорын алдындағы тұрғындарға қызмет көрсету бойынша ұжымдық жауапкершілік бөлімшелері оның шаруашылық есеп кірісінен залал үшін өтемақы арқылы ішкі шаруашылық қатынастар жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ішкі шаруашылық бөлімшелер тек қана ауыл шаруашылық кәсіпорында ғана емес, сондай-ақ жеке сектордағы малға ветеринарлық қызмет көрсету бойынша тұқымдық кәсіпорында да, яғни сиырларды жасанды ұрықтандыруда да болуы мүмкін.

Екінші нұсқа. Ұжымдық кәсіпорын төлемқабілетсіздердің қатарына кіретін болса жəне мал басын айтарлықтай қысқартқан немесе толығымен жойған болса, басқа сызба бойынша қолданған орынды. Онда қоғамдық шаруашылық тек қана жұртшылық шаруашылықтың егін шаруашылығымен жəне малдың жас төлін өсірумен, жұртшылық шаруашылықтың өнімін өткізумен айналысады. Бұл жағдайда барлық қатынастар келісімшарт негізінде құрылады.

Үшінші нұсқа. Ұжымдық шаруашылық жойылу қарсаңында болғанда, оның жұртшылық шаруашылықпен қарым-қатынастары жайлы емес, керісінше иеліктегі жер үлестері жəне меншіктік пайлардың қалдықтары есебінен жұртшылық шаруашылықтар кооперативтерінің бірнешеуінің негізінде құрылғандығы туралы сөз қозғалады.

Осындай жұртшылық шаруашылықтармен ұжымдық сектордағы кәсіпорындармен қарым- қатынастары келесідей реттілікпен қарастырылады. Жұртшылық шаруашылықтардың кооперациялануы олардың ұжымдық ауыл шаруашылық кәсіпорындармен де, өңдеуші кәсіпорындармен де жоғарғы деңгейдегі қарым-қатынастарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұнда қарым-қатынастар жүйесінің келесідей үш бағыты болады:

  • кәсіпорын немесе интеграцияланған құрылым жұртшылық шаруашылықтың кооперативіне пай енгізеді жəне оның бір мүшесі болады;
  • кооперативтер интегралданған аудан құрылымы құрылтайшыларына кіреді (агрофирмалар, аудандық кооперативтер жəне т.б.);
  • кооперативтердің кәсіпорындармен немесе агрофирмалармен қарым-қатынастары тек қана келісімшарт негізінде ұйымдастырылады.

Жұртшылық шаруашылықтардың кооперативтерінің аудандық агроөндірістік құрылымдарға енуі жабық циклды: халықтан өнімдерді сатып алу — оны өңдеу — өткізуді қамтамасыз етеді.

Мұнда әрбір ауылдық әкімшілік территориясында құрылған жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперативтер жүйесі халықтағы өндірілген өнімнің артығын сатып алу бойынша жеке меншік аудандық агрофирма құра алады. Ол сондай-ақ, тұрғындарды қажетті өндіріс құралдарымен жəне жетпейтін жем-шөппен толықтыруға ұйымдастырылған қамтамасыз етуді орнатуға мүмкіндік береді. Жүйе өндірілген өнімді өткізумен, халыққа тыңайтқыш, улы химикаттар, өнеркәсіптік өнім жеткізумен айналысатын аудандық кооперативтермен жалғасын табады.

Осылайша, жұртшылықтың шаруашылықтарын дамытуға олардың іс-әрекетін мемлекеттік реттеудің объективті негіздерімен байланысты құқықтық жəне әлеуметтік-экономикалық жағдайлар туғызу қажет. Реттеу әдістерінің өзара үйлесуі жолымен жұртшылық шаруашылықтарды дамытудың қалыпты механизмін құру қажет.

Құқықтық жəне әлеуметтік-экономикалық шарттарды құрудың негізгі бағыттары келесідей:

  • жұртшылықтың шаруашылықтарының дамуын қамтамасыз етуші нормативті-құқықтық базаны құру,
  • өнімдерді өткізу жəне өңдеу, шаруашылықтарды жабдықтау салалары бойынша кооперацияларды мемлекеттік қолдау;
  • жұртшылық шаруашылықтарының íс-əрекетíне жергілікті билік ұйымдарының, ауыл шаруашылық кəсшорындардьщ қатынасы.

Жұртшылық шаруашылықтарының кооперативтік кəсíпорынмен (ұжымдық шаруашылықтар) байланыс механизмін жүзеге асыруын ірі қара малдың төлін бордақылау негізінде қарастырдық. Мұнда келісімшарттың мынадай негізгі шарттары белгіленді: бордақылау мерзімі — 1,5 жыл, бір бас малдың сойыс салмағы — 250 кг, өткізу бағасы — 1300 тг еттің əр кг. -на, жұмыс уақыты шығының нормасы — бір жылда бір бас малға 243 сағ., еңбек ақысын төлегенде жұмыс уақытының бір сағ. — 50 тг.

Есептеулер екі нұсқа бойынша жүргізілді: біріншісінде кооперативтік кәсіпорын жұртшылық шаруашылығына малдың төлін жəне жем-шөпті нарықтық бағамен беру арқылы жүзеге асырады (2-кесте).

2-кесте Бірінші нұсқа бойынша жұртшылық шаруашылығымен келісімшарттың экономикалық шарттарының есебі

Көрсеткіштер

Жұртшылық шаруашылығы

Кооперативтік кәсіпорын

Жалпы

Бұзаудың нарықтық құны, тг.

-

25000

25000

Жем-шөпке шығындар, тг.

-

52600

52600

Сүтке жұмсалатын шығындар, тг.

44000

-

44000

Ірі қара малды бағудың еңбекақысы, тг.

23900

-

23900

Қатысушылардың жалпы шығындары, тг.

67900

77600

145500

Шығындарды үлестіру,%

46,7

53,3

100

Өнімдердің шығындарға сəйкес үлестірілуі, кг.

116,8

133,2

250

Өнімді өткізуден түсетін пайдасы, тг.

105120

119880

225000

Өткізуден түскен табыс, тг.

37220

42280

79500

Рентабельділік деңгейі,%

54,8

54,5

54,6

Ескерту. Автормен құрылған.

Ал келесіде өндірілген өнімнің шығындар сомасына пропорционалды түрде үлестіріледі (3-кесте).

3-кесте Екінші нұсқа бойынша жұртшылық шаруашылығымен келісім-

шарттың экономикалық шарттарының есебі

Көрсеткіштер

Жұртшылық шаруашылығы

Кооперативтік кəсшорын

Жалпы

Бұзаудың нарықтық құны, тг.

-

20000

20000

Жем-шөпке шығындар, тг.

-

42070

42070

Сүтке жұмсалатын шығындар, тг.

44000

-

44000

Ірі қара малды бағудың еңбекақысы, тг.

23900

-

23900

Қатысушылардың жалпы шығындары, тг.

67900

62070

129970

Шығындарды үлестіру,%

52,2

47,8

100

Өнімдердің шығындарға сəйкес үлестірілуі, кг.

130,5

119,5

250

Өнімді өткізуден түсетін пайдасы, тг.

117450

107550

225000

Өткізуден түскен табыс, тг.

49550

45480

95030

Рентабельділік деңгейі,%

73

73

73

Ескерту. Автормен құрылған.

Жоғарыдағы жұртшылық шаруашылығына малдың төлін берудің ұсынылған нұсқаларын қарастыра отырып, ауыл шаруашылық кәсіпорындар қазіргі кезде қаржылық тұрақсыз жағдайда болғандықтан, олардың да өз қызығушылықтарын (жұмысшыларды орнықты ету, ресурстарды ұрлау мен мүлікті бұзуды жою, сондай-ақ өзінің дамуы үшін табыс табуы) ескеруі қажет.

Біздің ойымызша, ауыл шаруашылық кәсіпорындардың жұртшылық шаруашылықтарымен бірлесе отырып, өндіріспен айналысуына тек ауыл шаруашылық кәсіпорынның қызығушылығы ғана емес, сондай-ақ халықтың да өз шаруашылығын тиімді жүргізуге ынтасы мен дайындығы болуы тиіс. Сол себепті осы қатынастарды дамыту үшін бірлесе отырып жұмыс істеудің маңызды шарты жұртшылық шаруашылықтардың иелерінің жер үлестері болып табылады. Нарықтық жағдайда қоғамдық өндіріс жұртшылық шаруашылығының пайдасына, өзінің зиянына жұмыс жасай алмайды, өйткені малдың төлін жəне жем-шөпті жеке шаруашылықтарға таратып, өзіне пайда келтірмейді, ал есесіне жұртшылық шаруашылықтары дами түседі. Сондықтан да біз ірі қара малдың төлін жем-шөппен қоса жұртшылық шаруашылықтарына бағып, бордақылауына беру жөнінде жоғарыдағыдай ұсыныстар келтірдік. Онда жұртшылық шаруашылықтарының жер үлестері ауыл шаруашылық кәсіпорындарының пайдалануында болса, жұртшылық шаруашылықтар ауыл шаруашылық кәсіпорынның мал төлін жем-шөбін ала отырып, бордақылап, бағады. Осылайша ғана өзара пайдалы қызығушылықтар мен тиімді ынтымақтасу жөнінде сөз қозғауға болады [5].

Жұртшылық шаруашылықтарының басты мақсаттары өздерін қамтамасыз ететін өнімді өндіріп, оның белгілі бөлігін өткізіп, өзінің басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсау, ал ауыл шаруашылық кәсіпорынының мақсаты кәсіпорындағы жұмысшылардың тұрақты жұмыс жасауын орнықты ету, жер үлестерінен пайда табу болып табылады. Олар өздерінің дамуына жағымды сипат алып, жалпы алғанда ауыл шаруашылық өндірістің дамуына оңды септігін тигізеді.

Жұртшылық шаруашылығы мен ауыл шаруашылық кәсіпорынның ынтымақтастығының ұйымдастырушылық-экономикалық механизмі келесілерден тұрады:

  • жұртшылық шаруашылығын өнім өндіру мен өткізу жағдайы бойынша жұртшылық шаруашылығының ауыл шаруашылық кәсіпорнының өзара байланысының ұйымдастырылуы (жем- шөп, малдың жас төлін жеткізудің нақты мерзімін құруға дейінгі шаралар);
  • келісімшарт негізінде екі жақты қызығушылықтарды жүзеге асырудың экономикалық (бағалық) механизмі;
  • жұртшылық шаруашылықтары мен ауыл шаруашылық кәсіпорындардың байланысының ұйымдық нысаны ретінде келісімшарт жасасу, сондай-ақ ауыл шаруашылық кәсіпорын мен ет комбинаты арасында келісімшарт жасасу;
  • жұртшылық шаруашылықтары мен ауыл шаруашылық кәсіпорындардың ауыл шаруашылық емес (өңдеуші) жəне басқа да кәсіпорындармен қызығушылықтарының байланыстырушы механизм.

Жұртшылық шаруашылықтарының жəне ауыл шаруашылық кəсшорындардьщ ұйымдастырушылық байланыстары мен экономикалық қарым-қатынастары белгілі бір шарттарға сай жүзеге асуы тиіс.

Жұртшылық шаруашылығы үшін ауыл шаруашылық кəсíпорындармен де, өңдеуші кəсíпорындармен де, сондай-ақ мектеп, балабақша, асханалармен де жеткізіп берудің ұйымдастырушылық жағдайлары мен кестесі мəселесíн шешудің принципиалды маңызы бар. Егер жұртшылық шаруашылығының өнімін өңдеуші кəсİпорындарына емес, ауыл шаруашылық кəсİпорындарына өткізетін болса, онда осы өнімді өткізуден ауыл шаруашылық кəсіnорындарының табыстарына салық салу мəселесí туындайды.

Қызығушылықтарды жүзеге асырудың экономикалық (бағалық) механизмі жұртшылық шаруашылықтарының да, ауыл шаруашылық кəсíпорындар мен өңдеуші кəсіпорындардың да өзара пайдасына шешіледі, яғни ауыл шаруашылық кəсİпорындар жұртшылық шаруашылықтарына малдың төлін, жем-шөптік ресурстар бөледі жəне халықпен олардың жер үлесін жалға алу жөнінде келісімшарт жасасады. Экономикалық одақтың қатысушылары арасындағы экономикалық байланыстарды реттеу, қарым-қатынастарды заңды келісім негізінде құру 2-суретке сəйкес аса маңызды.

Жұртшылық шаруашылықтарының ауыл шаруашылық кəсíпорындармен, шаруа (фермер) қожалықтарымен жəне өңдеуші кəсíпорындармен байланысының ұйымдастырушылық негізі үш жақты келісімшарт (жұртшылық шаруашылығы — ауыл шаруашылық кəс■İпорынюндеушİ кəсíпорын) болып табылады. Бұл келісімшарт екі бөліктен құралады: бір жағынан, жұртшылық шаруашылықтарының ауыл шаруашылық кəсİпорындармен өзара байланысын сипаттайтын болса, екінші жағынан, ауыл шаруашылық кəсіпорындарының өңдеуші кəсİпорындарымен байланысын сипаттайды. Келісімшарттың былайша бөлінуі өңдеуші кəс■İпорындардын жұртшылық шаруашылықтарымен арасындағы келісімшарттардың көптігін болдырмай, жұртшылық шаруашылықтарында өндірілген өнімнің өткізу мəселесİн шешеді. Өңдеуші кəсİпорын жұртшылық шаруашылықтарында өндірілген өнімді халықпен бекітілген жəне құрастырылған кесте негізінде жинайды. Өнімді жинау ет комбинаттарының өкілдерімен елді мекендерде бекітілген уақытта жинақталады.

Шаруашылықтардағы өнім өндірісі туралы келісімшарттарда экономикалық жəне ұйымдастырушылық шаралардың жүйесі көрсетілуі тиіс, онда ресурстарды жеткізу жəне өнімді өткізудің шарттары қарастырылуы, малдың төлі мен жем-шөпті жеткізудің жəне өнімді өткізудің мерзімдері мен есептесудің əдíстерí мен нысандары нақтыланғаны жөн. Келісімшартта келісімшартты бұзғаны үшін жауапкершіліктің болатындығы сипатталуы қажет.

Жұртшылық шаруашылықтардың көпшілігінде сүтті сақтау, өткізу жəне өңдеу — шаруалардың басты проблемаларының бірі. Біріншіден, сүт тез бұзылатын азық-түлік түрі болып табылады, екіншіден, жұртшылық шаруашылықтары көпшілік жағдайда нарықтардан алыста орналасқан болып келеді, үшіншіден, дербес өткізу кезінде көлік шығындары ақталмайды. Осы себептерден жеке шаруашылықтардағы сүтті өткізу пайдасыз жəне мүмкін емес болып табылады. Бұл жағдайдан шығудың жолы — өңдеуші кəсшорындармен интегралды байланыстарды орнату. Жұртшылық шаруашылықтарымен келісімшарттық қатынастар қалыптастыру сүт зауыты үшін осы шаруашылық жүргізуші категориядан шикізат келіп түсетіндігін жоспарлай отырып, жұмыс жасауына мүмкіншілік береді, өнім сапасын арттыруды бағалау арқылы ынталандырылады.

Ауыл шаруашылық кəсшорындар олардың жақын маңайдағы территориясында орналасқан жұртшылық шаруашылықтарының иелерімен олардың иелік ететін жерлеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға жауап береді. Жұртшылық шаруашылықтар мен өңдеуші кəсшорындар арасында өзара келісімшарттық қарым-қатынастармен байланыспаған, бірақ бұл байланыс бар жəне өткізу үрдісінде жүзеге асады. Өңдеуші кəсіnорындарға өнімді жинақтау жəне өткізілген өнімнің есептемесін жасау міндеттелген.

Коооператив келісімшарт негізінде басқа ұйымдармен қарым-қатынастар орнататын дербес ұйым болып табылады. Кооперативтердің мұндай түрі өзінің мүшелестеріне өндіріс құралдарымен қамтамасыз етуге, өндірілген өнімді өткізуге, сондай-ақ жұртшылық шаруашылығы мен басқа

 

ұйымдарға кейбір технологиялық ауыл шаруашылық жұмыстарды жүзеге асыруға ұйымдастырылады. Сондықтан бірігудің бұл түрі тұтынушылық жəне өндірістік бола алады.

Шаруа (фермер) қожалықтарының елдегі жəне облыс көлеміндегі санының көп болуына байланысты жұртшылық шаруашылықтарының шаруа (фермер) қожалықтарымен кооперациялануының жекеленген аудандары болуы да мүмкін деп санаймыз. Экономикалық тұрғыдан, кооперативтің құрамына өндірістік мақсаты бар, материалды-техникалық құралдармен жабдықтауда ортақ қызығушылығы бар бір елді мекеннің жеке жəне шаруа қожалықтардың кіргені дұрыс. Бір ауыл шаруашылық өнімді өндіруші мен шаруашылық жүргізудің шағын нысандарының арасында еңбек бөлінісі болуы мүмкін. Мəселен, шаруа қожалықтары жеке секторға ірі қара малдың төлін бордақылауға жеткізіп бере алады.

Қорытынды

Осылайша, өндірістің шағын тәсілінің артықшылығы мен ірі шаруашылықтың пайдалылығының бірігуіне ықпал ететін кооперация қазіргі жағдайдағы жұртшылық шаруашылығының тиімді әрекетін қамтамасыз ететін маңызды жағдай болып табылады. Жоғарыда айтылғандарды ескере келгенде, жұртшылық шаруашылығының кооперациялануы — оның дамуының перспективалық жолы болып табылатындығы анық.

Қорытындылай келгенде, жұртшылық шаруашылығының тиімді дамуы горизонтальды кооперацияланусыз, яғни басқа ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші, өңдеуші, қызмет көрсету, сақтау жəне өткізу кәсіпорывдарынсыз мүмкін емес деп айтуға болады. Жұртшылық шаруашылықтарының дамуы мен кеңеюі, басқа ұйымдық-құқықтық нысандардың кәсіпорындарымен кооперациялануын, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен байланысты барлық өндірушілердің бірігуі мемлекет тарапынан келешегі бар жоба ретінде қарастырылуы тиіс. Мұндағы мемлекеттің негізгі мақсаты — экономикалық мінез-құлық ережелерін құру жəне оларды барлық экономикалық субъектілермен сақтауын қамтамасыз ету.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Буздалова И. Н. Сельскохозяйственная кооперация: теория, мировой опыт, проблемы возрождения / И. Н. Буздалова. — М .: Наука, 1998. — 256 с .
  2. Лысенко Е .Г. Подсобные хозяйства населения России за 100 лет (история, теория, практика) / Е.Г. Лысенко. — М.: Россельхозакадемия, 2002. — 338 с.
  3. Богдановский В. А. Кооперация в ЛПХ: проблемы и опыт / В. А. Богдановский // Личное и коллективное в современной деревне // Никоновские чтения. — 1997. — № 3. — С. 129–131.
  4. Копач К. В. Межхозяйственное интеграционное объединение выгодно для ЛПХ / К.В. Копач // Экономика сельскохозяйственных и перерабатывающих предприятий. — 2000. — № 6. — С. 38.
  5. Ыдырыс С.С. Жұртшылық шаруашылықтарын дамыту проблемалары жəне оларды шешу жолдары / С.С. Ыдырыс, Г.Ғ. Шінет // Аграрлық нарық проблемалары. — 2016. — № 2. — Б. 114–119.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.