Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Студенттердің оқу үрдісіне бейімделуінің психологиялық ерекшеліктері

Мақалада студенттердің оқу процесінің барысында көрінетін психологиялық ерекшеліктері жайлы айтылған. Зерттеу процесінде студенттердің бойындағы психологиялық жай-күйлерінің ерекшеліктері зерттелген. Зерттеу барысында студенттерге қатысты психологиялық арнайы əдıстер жүргізілген. Студенттердің үрейлену сезімдерінің деңгейлік көрсеткіштеріне жекеленген психологиялық талдау жасалған. Сонымен қатар студенттік кездегі байқалатын ерекшеліктер, күйлер жəне маңызды ерекшеліктерге психологиялық теориялық талдау жасалған. Зерттеу нəтижелерǐ салыстырмалы диаграмма түрінде көрсетілген. Студенттердің бейімделу процесінде бойларында психологиялық өзгешеліктер байқалады. Авторлар студенттік шақ жəне жоғарғы оқу жағдайларына бейімделудің теориялық сипаттамаларын берген.

Көптеген елдерде білім беру жүйесі қоғамдық əлеуметдік дамудың жетекші рөлін аткарады. Сондай- ақ оны əрí қарай айқындай түседі. Қазіргі мамандар алған білімдерін жадында сақтап кана қоймай, сонымен бірге шығармашылық қызметке де, кеңінен ойлауға да қабілетті болуы тиіс. Сондықтан жоғары оқу орнындағы оқу процесі студенттердің əлеуметдік жан-жақты дамуына жол ашуы тиіс.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесінде бірінші кезектегі міндеті ретінде, жоғары, білікті мамандарды оздыра даярлау болып табылады. Қазақстан Республикасының 50 алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына косылуы, ең алдымен, сапалы мамандардың болуымен анықталады, яғни біздің мамандарымыз бəсекеге қабілетті болуы тиіс, сонда ғана еліміз алдына койған мақсаттарына ойдағыдай жете алады. Бүгінгі студент ол ертеңгі маман, сондықтан қазіргі студент жастарды болашақта бəсекеге кабілетті маман етіп тəрбиелеу, дамыту жоғары оқу орнының алдында тұрған аса маңызды міндет болуы, тақырыбымыздың өзектілігін анықтайды.

Жаңа ортада, жаңа жағдайда жас маманның қалыптасуы жоғары оқу орнында қандай білім алғанына, қандай іскерлік пен дағдыларды меңгергеніне ғана тəуелдí емес. Ең маңыздысы, өндірісте, жаңа ортада болашақ маманның бейімделуіне байланысты.

Студенттердің психологиясының қалыптасуы, алдымен, олардың басты еңбегі — оқуына, болашақ мамандығына деген ниеті мен ықыласына, микроортасына, қоғамдық белсенділігіне байланысты болады [1; 22]. Осыған орай, бұл жұмыстың барысында жоғары оқу орнына түскен студенттердің, жаңа оқу жағдайына бейімделуінің ерекшеліктерін зерттеуді мақсат ретінде қойдық.

Бүгінгі маман — ілімнің негіздерін жетік игерген, еліміздің саяси максаттарын айқын көретін, ғылыми жəне практикалык мол даярлығы-тәжірибесі бар, өз мамандығын жақсы, жоғары денгейде меңгерген адам [2; 41].

Қазіргі таңда жоғары оқу орнында студенттің, алдымен, мамандықты игеру íс-əрекетíнщ ерекшеліктеріне, оның қалыптасуында оқу-тәрбие процесінің атқаратын рөліне баса назар аударады. Өйткені жоғарғы оқу орнында оқу кезінде студенттердің ғылыми көзкарас негіздерінің, кəсíптíк білімі мен дағдыларының, идеялық саяси сенімдерінің, адамгершілік жəне эстетикалық идеяларының қалыптасу процесі шапшаң жүріп жатады [3; 19].

Э.Эльконин бойынша, студенттік жастың бастапқы нүктесі, ерте жастық шақтан бастау алады. Автордың көрсетуінше, бұл кезеңнің негізгі íс-əрекетí ретінде, кəсíби оқу íс-əрекетí жатады жəне жастар тұлғалық қарым-қатынасқа да ерекше мəн бере отырып, болашаққа бағдар жасап, нақтылы мақсаттар қоя бастайды. Студенттік кезең, Э.Эльконин бойынша, адамның дүниетанымының кеңеюін, кəсíби қызығушылықтың пайда болып жəне де өзіндік санасының қалыптасуымен сипатталады [4; 35].

Студенттік кезеңде оқу процесінің ең басты қызметі бұл оқыту процесінің субъектілерінің танымдық өрісін арттыру мен дамыту болып табылады.

Оқу íс-əрекетí дегеніміз - оқытушылық жəне тəрбиелíк қызметтерді атқаратын, оқытушы мен студент арасындағы өзара тығыз қарым-қатынас. Жоғары оқу орнындағы оқу íс-əрекетí оқу материалын жəне жаңа ғылыми түсініктерді игеруге бағытталады. Кез келген əрекет сиякты оку іс- əрекетíнде субъективтілікпен, белсенділікпен, пəндíлíкпен, мақсаттылықпен, саналылықпен сипатталады.

Адам íс-əрекеттщ субъектісі ретінде жоспарлайды, ұйымдастырады, бағыттайды, оған түзетулер жасайды. Сол мезгілдің өзінде íс-əрекеттщ өзі адамды субъект, тұлға ретінде қалыптастырады. Субъект пен оның íс-əрекетíнщ байланысын осылайша түсіну, С.Л. Рубинштейн бойынша, сана мен íс-əрекеттщ біртұтастығы қағидасын айқындайды. ìс-əрекеттщ субъекттілігі (В.И. Слободчиковтың, В. Петровскийдің түсініктемесіндегі субъект феноменінің ортак контексінде) оның негізгі сипаттамасының бірі ретінде карастырылады (С.Л. Рубинштейн, К.А. Абульханова, А.В. Брушлинский, А. Лекторский, В.В. Давыдов жəне т.б.). А.Г. Асмоловтың анықтамасы бойынша, «íс-əрекет дегеніміз субъекттің қоршаған ортамен қарқынды түрде, өзін-өзі айқындаушы өзара əрекеттесуíнщ иерархиялык жүйесі болып табылады, бұл процесс барысында психикалык бейне туып, оның объектте көрініс табуы, субъекттің өзін коршаған заттык ортамен психикалык бейнелер аркылы көрініс тапкан катынастарының жүзеге асырылуы жəне кайта жаңғыртылуы жүреді» [5; 52].

Білім беру процесінде басқарудың, бағдарламалаудың басымдылығы ой-еңбегі əрекеттерíн сатылап калыптастырудың психологиялык теориясына негізделген. П.Я.Гальперин «психикалык процестің пайда болу кұпиясын ашу» міндетін койып, яғни, материалдык, заттык идеалды, психикалыққа қалай өзгеретінінің құпиясын ашу үшін, осы қайта өзгерудің тұтас схемасын əзíрледí. Н.Ф. Талызинамен бірлесіп, бұл теория окыту процесінде іс жүзінде жүзеге асырылды [6; 36].

Студенттердің оқу íс-əрекетíнщ қалыптасуында П.Я.Гальпериннің ақыл-ойдың кезеңдік қалыптасу теориясында негізге алуға болады. П.Я.Гальпериннің көрсетуінше, оқу íс-əрекетíнде акпаратты материалды меңгеру, тікелей акыл-ойдык операциялардың кезеңдік калыптасуына негізделеді. Нақтырақ айтқанда, əуелí арнайы білімдер, сосын дағдылар жəне ептіліктердің калыптасатындығын көрсеткен.

С.М. Джакуповтың теориясына сəйкес, адамның өмір íс-əрекетíнщ басым бөлігін қамтитын іс- əрекетí ретінде, адамның танымдық íс-əрекетíн қарастырады. Танымдық íс-əрекет адам өмірінің əр кезеңінде əртÝрлí сипатта көрініс береді. Дегенмен де танымдық íс-əрекеттщ мазмұны көбінесе, оқу íс-əрекетíнщ барысында жан-жақты ашыла түсіп, біріккен диалогтық танымдық íс-əрекеттщ əртÝрлí формаларында айкын көрініс береді [7; 55].

Әлеуметтік тəжíрибенí меңгерген жас маман тұлғасын қалыптастыру автоматты түрде жүзеге аспайды, барлық тәжірибелік əсерлер, ішкі ұстанымның, ішкі əлемнщ өзгеруі жолымен жүреді.

Студенттік кезеңнің ерекшеліктерін ерекше əлеуметтíк-психологиялык жəне жас ерекшелік категориялар ретінде кою еңбегі Б.Г. Ананьевтің психологиялык мектебінікі. Б.Г. Ананьевтің өзінің, Н.В. Кузьминаның, Ю.Н. Кулюткинның, А.А. Реанның, Е.И. Степанованың зерттеулерінде, сондай-ак П.А. Просецкий, Е.М. Никиреев, В.А. Сластенин, В.А. Якунин жəне т.б. еңбектерінде осы мəселе бойынша бакылаулардың үлкен эмпирикалык материалдары жинакталған, эксперименттер мен теоретикалық жалпылаудың нəтижелерí келтіріледі. Осы көптеген зерттеулердің мəлíметтерí студентті əлеуметтíк-психологиялык жəне психологиялық-педагогикалық позициялы оқу іс- əрекетíнщ ерекше субъектісі ретінде сипаттауға мүмкіндік береді [8; 13].

Әлеуметтік-психологиялық бейімделу — бұл жас адамның студенттік өмір нормасын меңгеру, оның топтың тұлғааралык катынастар жүйесіне косылуы, коғамдағы рөлдік функцияларды игеру процесі. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу процесінде тұлға өмір мен íс-əрекеттщ ішкі жəне сырткы жағдайлары арасында үйлесімге колжеткізуге ұмтылады. Оның жүзеге асуына карай тұлға бейімделуі жоғарылайды. Толық бейімделу барысында адамның психикалық íс-əрекетíнщ орта шарттарына адекваттылығы жүзеге асады.

Әдебиеттерді талдау барысында психоəлеуметтíк бейімделуді зерттеу мəселесíне жазылған жұмыстар аз емес, солардың ішінде В.Г. Чайка, В.А. Ядов, Г. Селье, А.Г. Маклаков жəне т.б. авторлар карастырған. Студенттердің жоғары оку орнындағы, жаңа оку жағдайына бейімделу процестері олардың тікелей оку мотивациясымен, тұлғалык ерекшеліктерімен байланысты болады. Жоғарғы оку орнында студенттің психоəлеуметтíк аспектілер базасын зерттеу толық емес. Қазіргі таңда теориялық талдаудың нəтижесíнде студенттер бейімделуінің əлí күнге дейін өзекті мəселе болғанымен, бұл кұбылысты түсіндіретін бір ғана теориялык ұғым жоктың касы.

А.Г. Маклаковтың көрсетуінше, əлеуметтíк-психологиялык бейімделуді келесідей көрсеткіштер аркылы бағалауға болады: жүйке-психикалык тұрактылығы, карым-катынасшылдык, адамгершіліктік бағдары, топтык біртектілену [9; 64].

В.Г. Чайка студенттердің жоғарғы оқу орнына бейімделуінің критерийлері ретінде келесілерді есептейді:

  1. оқу íс-əрекетíнщ объективті нəтижелерí;
  2. студенттердің топтағы мəртебесí жəне қоғамдық белсенділігі;
  3. ішкі тұлғалық потенциалды жүзеге асыру деңгейі;
  4. эмоционалдық өрістің көрініс беруі.

Психологияда В.А. Ядов бейімделудің əлеуметик-психологиялыщ теориясын, тұлғаның əлеуметтíк жүріс-тұрысын диспозициялық реттеу теориясының негізінде түсіндірген. Бұл теорияға сəйкес, адамның қажеттіліктерінің жəне орта талаптарының арасындағы күрделі сəйкессíздíк ретінде қарастырылады [10; 14].

Студенттің жаңа оқу жағдайына бейімделіп, белсенді оқуына, əлеуметтíк дамуына бірге оқитын тобы ерекше əсер етеді. Адамның оқуға деген ықыласына, ғылымға, қоғамдық мəселелерге қызығушылығының дамуына ұжымда қалыптасқан атмосфера, оның рухани байлығы, топтағы қарым-қатынастың қағидалары да ықпал жасайды.

Тұлғаның əлеуметтíк жаңа орта мен оның жағдайларына бейімделуі оның өзіндік функциялар жəне психикалык механизмдерінің арқасында жүзеге асырылады. Т.Шибутани: «Әрбір жеке адамның бойында қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік беретін тəсíлдер жиынтығымен сипатталады, бұл тəсíлдердí бейімделу формалары ретінде қарастыруға болады», — деп жазады [11; 25].

Студенттердің жоғарғы оку орнындағы жаңа оку жағдайына бейімделуінің ерекшеліктерін анықтауға байланысты зерттеу жұмысының барысында Ч.Д. Спилбергер мен Ю.Л. Ханиннің үрейленуді анықтауға арналған сұрақнамасы жүргізілді. Бұл əдíстеменщ мақсаты адамның бойындағы тұлғалық жəне жағдайлық үрейленулерді анықтауға негізделеді. Бұл əдíстеме біздің зерттеуімізге студенттердің жоғары оқу орнындағы жаңа орта жағдайына бейімделу процесінде туындайтын сезімді, яғни, үрейленуді анықтау мақсатында қолданылды. Зерттеу жұмысына барлығы қазақ бөлімінің І-курсының студенттерінен 40 адам қатысты.

Адамның бейімделуі қоршаған ортаның жағдайларына, биологиялық тірі ағза ретінде, түрлі реакциялар арқылы көрініс береді. Себебі бұл процестің барысында туындайтын реакциялар, адамның өмір сүруінің динамикасын білдіреді. Осыған орай, бейімделудің барысында, адамның бойында пайда болатын сезімдердің бірі, бұл үрейлену сезімі. Адамның бойында үрей сезімі қандай да бір қауіпті сезіну, оның себебі мен туындау уақытын нақты іштей анықтай алмаушылықтың болуы арқылы көрініс береді.

Әдістеменің негізінде алынған нəтижелердí тұлғалық жəне жағдайлық үрейлену бойынша жеке- жеке есептедік. Әдістемеге сəйкес, жағдайлық үрейлену ретінде студенттердің жоғарғы оқу орнындағы жаңа оқу жағдайына бейімделу жағдайын алдық. Алынған сандық көрсеткіштердің сапалық талдауына келетін болсақ, тұлғалық үрейлену шкаласына байланысты үш деңгей анықталды: 25 % сыналушылардың бойында бұл жоғары деңгейде, 35 % сыналушыларда орташа деңгейде, 40 % сыналушыларда төмен деңгейде екендігі анықталды. Тұлғалық үрейлену шкаласы, адамның тұрақты жеке сипаттамасын білдіреді. Көрсеткіштерді 1-суреттен көруге болады.

 

Әдістеменің екінші шкаласы адамның бойындағы жағдайлық үрейдің деңгейін анықтап берді. Алынған көрсеткіштерді үш деңгейге бөліп алдық. Нақтырақ айтқанда, 43 % сыналушылардың бойында үрейленудің жоғары деңгейде кездесетіндігі анықталды. Бұл сыналушылардың бойында, мұндай күйдің, əдетте, оның құзыреттілігі тексерілетін жағдайда туындайтындығын білдіреді. Бұл сыналушылардың оқу процесіндегі бейімделу процесінде адамның тез шаршағыштығы, әсерленгіштігі, уайымшылдығы, сенімсіздігі, алаңдағыштығымен сипатталады. Мұндай сыналушылар үшін туындайтын жағдайдың, нақтырақ айтқанда, жаңаша оқу процесіне бейімделу барысында, бұл жағдайдың мәнділік деңгейін төмендету жəне атқаратын іс-әрекетінің мағыналық жағына, жетістікке жетуге деген сенімділігін арттыру ұсынылады. Сонымен қатар бұл студенттердің қоршаған орта тарапынан туындаған қауіп жағдайды өз-өзін бағалауға жəне өзіндік өмір іс-әрекетіне қатысты қабылдайтындығын білдіреді. Әдістемеге байланысты, 27 % сыналушылардың бойында үрейлену сезімінің орташа деңгейде екендігін көруге болады. Бұл адамның бейімделу процесіне байланысты өз бойындағы жағымсыз күйлерді, іштей, дербес түрде реттей алу мүмкіндігімен байланысты болуы мүмкін. Дегенменде, бұл сыналушылардың бойында, үрейленудің деңгейі әрі қарай өсуі немесе төмендеуі мүмкіндігінде білдіреді. Ал 38 % сыналушыларда, үрейлену сезімінің төмен деңгейде екендігі анықталды. Бұл сыналушылардың бейімделу процесінің ешбір қиындықтар туынбайтындығын, кейбір жағдайда жауапкершілік сезімінің төмендігін білдіреді. Сонымен қатар бұл атқаратын іс-әрекеттерінің мотивациялық жағын тереңірек түсіну, қызығушылықта белсенді ету ұсынылады. Көрсеткіштерді 2-суреттен көруге болады.

Қорыта келгенде, сыналушылардың бойындағы үрейлену сезімі бұл ағзаның жаңа ортаға бейімделуінде көрінетін, жауап ретіндегі эмоционалдық күйді білдіреді. Жағдайлық үрей сезімі біздің тақырыбымызға байланысты, студенттік топтың жаңа оқу жағдайымен байланысты бола отырып, адамның мазасыздығы, кернеулік сезімі мен тынышсыздығымен сипатталады. Осыған орай, тұлғалық үрейленудің басым көпшілік сыналушылардың бойында төмен деңгейде екендігі, олардың темперамент типтерінің бір көрінісі болуы мүмкін. Себебі тұлғалық үрей, бұл адам ағзасына тəн эмоционалдық көрініс болып табылады.

Бұл тақырыптың эксперименталдық бөлімін алда оқу мотивациясы феноменімен байланыстыруды жөн көріп отырмыз. Нақтырақ айтқанда, студенттердің жаңа оқу жағдайына бейімделуінің көрсеткіші, біздің ойымызша, тікелей олардың оқу мотивациясынан айқынырақ көрінуі мүмкін.

Жұмыстың практикалық құндылығы, біздің ойымызша, алынған нəтижелер мен соның негізінде жасалған қорытындылар, жоғары оқу орнындағы студенттер үшін, əсересе, І-курс студенттері үшін жаңа оқу жағдайын ұйымдастыратын мамандар үшін қажетті жəне көмегін тигізеді деген ойдамыз. Себебі оқу процесінің алғашқы уақыттарында, оқытушылар мен оқу процесін ұйымдастырушылардың тарапынан зерттеу мәліметтері негізге алынатын болса, әлеуметтік- психологиялық бейімделу процесі жетістікпен, ешбір қиындықсыз өтеді деп ойлаймыз. Ал бұл студенттердің оқу мотивациясына, оқу үлгеріміне тікелей əсер ететін ерекшеліктер болып табылады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте / Л.И. Божович. — М.: Просвещение, 1988. — 464 с.
  2. Антропов В.А. Интеграция академической науки, высшей школы и производства как фактор совершенствования качества подготовки специалистов: сб. науч. ст. / В.А. Антропов, С.Ю. Юрпалов, О.Е. Петренко. — Омск: ОмГУПС, 2000. — C. 333.
  3. Тодер Г.Б. Проблема психологической адаптации студентов-первокурсников к учебному процессу в вузе: сб. науч. ст. / Г.Б. Тодер. — Омск: ОмГУПС, 2000. — C. 608.
  4. Эльконин Д. Б. Избранные психологические труды / Д. Б. Эльконин. — М.: Педагогика, 1989. — 215 c.
  5. Асмолов А.Г. Психология личности / А.Г. Асмолов. — М., 1990. — 302 с.
  6. Гальперин П.Я. Актуальные проблемы возрастной психологии / П.Я. Гальперин, А.В. Запорожец, С.Н. Карпова. — М.: Изд-во Моск. ун-та, 1978. — 414 с.
  7. Джакупов С. М. Управление познавательной деятельностью студентов в процессе обучения / С. М. Джакупов. — Алматы, 2002. — 98 с.
  8. Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии / под ред. И.И. Ильясова, В.Я. Ляудис. — М., 1986. — 256 с.
  9. Маклаков А.Г. Личностный адаптационный потенциал: его мобилизация и прогнозирование в экстремальных условиях / А. Г. Маклаков // Психологический журнал. — 2001. — Т. 22. — № 1. — С. 16–24.
  10. Селье Г. Очерки об адаптационном синдроме / Г. Селье. — М.: Медгиз, 1960. — 254 с.
  11. Абульханова-Славская К.А. Стратегия жизни / К.А. Абульханова-Славская. — М.: Мысль, 1991. — 198 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.