Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Иран Ислам Республикасының Еуразиялық экономикалық одақпен ынтымақтасу мүмкіндіктері

Мақалада Еуразиялық экономикалық одағының (ЕУЭО) Иранмен ынтымақтастық мәселелері қарасытырылды. ЕУЭО құрылуымен жаңа одаққа мүшелікке үміткерлер жайлы сұрақ туындады. Бүгінгі күні Молдавия ЕАЭО-ның бақылаушы мемлекеті болып табылады, Вьетнаммен Бірыңғай экономикалық кеңістік бойынша келісімге қол қойылған. ЕАЭС-ке мүше болуға Тунис, Үндістан, Түркия, Иран, Монголия, Əзербайжан жəне Тәжікстан елдері ниет білдірді. Одан өзге, ынтымақтастыққа мүдделі екендігін бірқатар Оңтүстік-Шығыс елдері білдірді, Мысыр, Таиланд жəне Сербиямен келіссөздер жүргізілуде. Бүгінде экономикалық ынтымақтастыққа үміткер ретінде сарапшылар Иран Ислам Республикасын жеке мəн беріп қарастыруда. Иран əлем бойынша газ қорынан бірінші, мұнай экспорты бойынша төртінші орынға ие екендігі белгілі. Осы тұрғыдан Тегеран ЕУЭО мемлекеттерімен одақтағы шикізатты пайдаланушы елдері үшін өте тиімді жағдай тудырып дамуға мүмкіндік алады. Экономикалық ынтымақтастықтың жандануы 2014 ж. іске қосылған Жанаозен – Гызылгая – Берекет – Этрек – Горган теміржол байланысының толыққанды жүзеге асуына ықпал етер еді. Қорытынды бөлігінде Иран мен ЕУЭО қауымдасуы екіжаққа да тиімді болатындығы жайлы сарапшылар пікірлері келтірілді.

2015 жылдың 1 қаңтарында Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік негізінде құрылған халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік Еуразиялық экономикалық одақ аз уақыт ішінде өзін əлемге танытып, өзге мемлекеттердің қызығушылығын танытып келеді. Бүгінгі əлемдегí тұрақсыздық пен трансформация жағдайында Еуразиялық интеграцияны қазіргі интеграциялық үрдістердің мысалы ретінде қарастыруға болады. Бүгінгі Еуразиялық экономикалық блок 183 млн халықты біріктіретін, жалпы ішкі өнімі шамамен 2,2 трлн АҚШ долл. құрайтын, посткеңестік кеңістіктегі əр мүшесіне тиімді жалғыз экономикалық платформа болып табылады. Бұл интеграциялық бірлестік тек қана ТМД елдерінің ғана емес, əлемнíц өзге де елдерінің қызғушылығына ие. Бүгінгі күні Одаққа кіруге үміткер ретінде Тунис, Үндістан, Иран, Монғолия, Əзербайжан жəне Тəжíкстан ынталы. Молдавия ЕАЭО бақылаушы мемлекеті болып табылады. Вьетнаммен Еркін сауда аймағы жайлы келісімге қол қойылған. Одан өзге, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отыр, Мысыр, Таиланд жəне Сербия мемлекеттерімен келіссөздер жүргізілуде. Бір жыл бұрын Ресей тарапынан ЕАЭО — Қытай, Үндістан, Пəкíстан мен Иранның қатысуымен «Үлкен Еуразиялық əрíптестíк» форматында ынтымақтастықты кеңейту туралы ұсыныс түскендігі де елеулі жайт. Қазақстан Президентінің «Еуразиялық идеясы» болашақта АСЕАН жəне Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы сияқты интеграциялық бірлестіктермен арақатынастың жаңа кезеңіне өтуі əбден мүмкін. ЕАЭО-тың ЕО-мен кооперациясы да болуы мүмкін. Жалпы, еуразиялық интеграция идеясының алғаш рет жарияланғанына ширек ғасыр болды, Нұрсұлтан Назарбаевтың модель түріндегі «Еуразиялық идеясы» уақыт өткен сайын сұранысқа ие болып, басым көпшілік тарапынан мойындалып, іс жүзінде бекіп, дамып келеді. Соның арқасында Еуразиялық экономикалық кеңес ұлттық экономиканың тұрақты дамуы мен бəсекеге қабілетін күшейту үшін барлық жағдай жасалған құрлық интеграциясының ядросы ретінде танылып келеді [1].

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында 2017 жылдың 15 сəуíрíнде Еуразия экономикалық одақтың Жоғарғы экономикалық кеңесінің мәжілісі болып өтті. 2017 ж. Одаққа Қырғызстан Төрағалық еткен болатын. Аталған отырыс қажетті мемлекет басшысы қатысқан болатын. Атап айтсақ, Одақтағы бес елдің де басшылары: РФ Президенті Владимир Путин, Беларусь — Александр Лукашенко, Қазақстан — Нұрсұлтан Назарбаев, Армения — Серж Саргсян, Қырғызстан — Алмазбек Атамбаевтармен қатар, жиынға Молдавия президенті Игорь Додон бақылаушы ретінде қатысты [2].

Еуразиялық экономикалық одақтың аталған жоғары отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың Иран, Қытай, Сербия жəне өзге де елдермен ынтымақтасу мəселесíн белсенді етуге шақырды, деп хабарлады бұқаралық ақпарат құралдары. «Сауда нарығын кеңейту мен инвестицияны арттыру үшін жаңа серіктестермен жаңа сауда-экономикалық келісімшарттар дайындау керек. Иран, Қытай, Үндістан, Сингапур, Сербия, Израиль жəне ынта білдірген өзге де елдермен ынтымақтасу мəселесíн жеделдету керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте өткен отырыста [3].

Бұған дейін де Елбасы бұл ұсыныстарын бірнеше мəрте білдірген болатын. Мəселен, 2016 ж. 31 мамырда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында мемлекет басшысы ЕАЭО- ның бірлескен нарығы Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы байланыстырушы буын болуға тиіс екендігін айта кетіп: «Осы орайда, ұйымның төрағасы ретіндегі менің ұсынысыммен, 2016 жыл «Үшінші елдермен жəне негізгі интеграциялық бірлестіктермен ЕАЭО-тың экономикалық қарым-қатынастарын тереңдету жылы» болып жарияланды. Өз Үндеуімде ЕАЭО-ны біз əлемдíк экономикалық жүйеге үйлесімді түрде кіріккен, Еуропа мен Азия арасындағы дəнекер қызметін атқаратын ашық қоғамдастық ретінде көретінімізді атап өткен едім. Былтыр Вьетнаммен арада еркін сауда аймағын құру туралы ЕАЭО-ның алғашқы келісімшартына қол қойылды. Бүгінде ҚХР, Үндістан, Израиль, Мысыр, Иран, Камбоджа жəне өзге де көптеген елдермен ынтымақтасу мəселелерí жөнінде жұмыс жүргізілуде. ЕАЭО-ның ЕО, ШЫҰ, АСЕАН жəне өзге интеграциялық бірлестіктермен де сауда-экономикалық байланыстарын жолға қою мүмкіндіктері бөлек қарастырылуда», — деді Қазақстан Президенті [4].

Қазіргі замандағы қалыптасқан жағдайда ғаламшардың маңызды саналатын Орта жəне Таяу Шығыс аймағында Иран Ислам Республикасы басымдық орынға ие деп бағалауға болады. Иран Үнді мұхитының Парсы жəне Оман шығанақтарының суымен ұласып, орта-шығыстық, кавказдық, орталық-азиялық, каспийлік ел болуымен, әскери-стратегиялық өте маңызды орынға ие. Аймақтың барлық «науқас» орындары Иранмен түйіндеседі. Сонымен қатар аймақтың этникалық немесе діни, əскери жəне экономикалық, босқындар мен есірткі бизнесі, лаңкестік пен жікшілдік-сепаратизм сынды аса ішкі мәселелері тек Иранның жәрдемдесуімен нәтижелі шешілуі мүмкін болмақ [5].

Иран Ислам Республикасы халықаралық жəне аймақтық қатынастарда маңызды рөл атқаратын Орта Шығыс аймағындағы ірі мемлекет болып табылады. Ең бірінші кезекте энергетика саласында табиғи ресурстар қорының басым бөлігіне иелік ете отырып, 2011 ж. көктемде, ел басшылығы жариялағандай, Иран жақын жылдары аймақтық орталық күшке айналуды мақсат етеді. Ирак пен Ауғанстаннан АҚШ кеткеннен кейін Иран аймақтағы экономикалық, сондай-ақ әскери-техникалық əлеует жағынан үстем мемлекет болуы əбден мүмкін. Қалай болғанда да, Иран Ислам Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты арнайы Резолюция түрінде төртінші мəрте қабылданып отырған қатаң халықаралық экономикалық санкциялар жағдайында дамып келе жатқан мемлекет. Әлемдік қауымдастық тарапынан жасалған қысым мен санкцияларға қарамастан, мәжбүрлі түрдегі оқшаулануда қала отырып, ымырасыз бағытты ұстанып, Иран мемлекеті тек қана аймақтық көшбасшы ғана емес, әлемдік қауымдастық назарын өзіне қаратып отырған әлемдік саясат орталықтарының бірі болып табылады. Исламдық Иран Республикасының ядролық отын өндіруге ұмтылысы көптеген мемлекеттерді әртүрлі елдердің экономикасының қилы салаларын қамтитын шешімдер қабылдауға ынталандырып отыр. Əлемде жыл сайын энергия қорына деген қажеттіліктің артуына орай, энергоресурстарды экспорттаушы мемлекеттердің маңыздылық дәрежесі арта түсері анық. «Tasnim» ақпараттық агенттігінің жариялаған ақпараты бойынша, «British Petroleum» ағылшын компаниясы өзінің әлемдік энергетика бойынша статистикалық шолу топтамасының 2015 ж. баяндамасында Иран әлемдік мұнайдың 3,9 пайызын иемдене отырып, мұнай қорының көлемі бойынша Венесуэла, Сауд Арабиясы, Канададан кейін төртінші орында тұр. Аталмыш компания Иранның 2015 ж. 5/192 миллиард текше метр газ өндіріп, Қатардан озып, АҚШ пен Ресейден кейін əлем бойынша газ өндіруден үшінші орынды иемденгендігін жариялаған болатын [6].

Демек, энергоресурстар нарығында Иран негізгі ойыншылардың бірі екені анық. Бүгінгі күні елдің саяси ықпалы мен энергетика қорының болуы тығыз арақатынаста. Сондықтан да Иранның қазіргі әлемдік саяси үрдістерге зор ықпалы шынайы көрсетілмейді жəне Иран елі көпполярлы əлем орталықтарының бірі екені анық [7].

Бүгінгі күні экономикалық серіктестікке үміткер ретінде сарапшылар Иранды шындап қарастыруда. Иран, аталып өткендей, әлемдік деңгейде газ қоры бойынша үшінші орынды жəнемұнайды экспортқа шығару бойынша төртінші орынға ие. Осы тұрғыдан Тегеран Еуразиялық Одақ елдерімен осы одақ шеңберінде шикізатты пайдаланушы елдер үшін өте тиімді шарттарды орнату бағытында дамуы мүмкін, бұның өзі қарқынды дамуға мүмкіндік тудырады. Қарқынды даму, өмір сүру деңгейі де көтеріледі дегенді білдіреді, ал бұл, өз кезегінде, сыртқы мəселелердí шешуде халықпаралық ықпалға да əсер етеді дегенді білдіреді.

Алайда Иранның ислам əлемíндеп орны мен географиялық жағдайын ескерер болсақ, бұндай қадам бірқатар елдерде, əсíресе АҚШ пен Израиль тарапынан алаңдаушылық тудыруда. Бұл елдер Еуразиялық кеңістіктің Иран есебінен кеңеюіне барынша тосқауыл қоюда.

Иранның жаңа экономикалық бірлестіктегі мүмкіндіктерін Тегеран жоғары бағалайды. Иранның бұрынғы сыртқы істер министрі Əли Акбар Салехи (2010–2013 жж.) аймақ үшін Еуразиялық ынтымақтастық пен оның маңызына тоқтала келе, «еуразияшылдық ісінің дамуы мен кеңеюі жолында Иранның берері мол» деген болатын. Саясаткер Иран тек қана ашылған жаңа нарық есігі қуанышын ғана емес, бірлестіктің қалыптасуындағы бастапқы жəне одан кейінгі уақыттағы ұйымдастыру-қаржылық қиыншылықтарын да көтеруге əзíр, Еуразия экономикалық кеңесінің табиғи екінші полюсы болуға дайын деген пікірді де білдірді.

Осылай Иран өзінің ұстанымын жариялай отырып, ЕАЭО-ға қосылуға мүдделі екендігін білдірген болатын. Ресми Тегеран тарапынан Еуразиялық одақ əлеуеттí стратегиялық əрíптес қана емес, сонымен қатар Ислам Республикасының халықаралық қауымдастыққа толыққанды интеграциясының көңілі қалайтын геосаяси формасы ретінде қарастырылады. Бүгінгі күні көпполярлы əлем құруға мүдделі, сондықтан бұл бағыттағы бастамаларға қолдау көрсетілетін болады.

Бүгінгі Иранды зерттеу орталығының директоры Раджаб Сафаровтың пікірі бойынша, «Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың интеграциялық идеяларының дамуына аймақтағы елдердің келіспеушілігі емес, көбіне олардың өздерінің батысшыл элитасы кедергі келтіріп отыр» деген пікірді білдіеді. Қалай болғанда да, жоба күннен күнге күшейіп, Одаққа кіретін елдер ішінде бұл бастаманы жақтаушылар саны көбеюде. Иранның халықаралық қауымдастыққа мүше бірқатар мемлекеттерімен сауда-саяси қатынастарға толыққанды интеграциясы «ядролық мифологияның» аяқталуына мүмкіндік тудырып, Ислам Республикасы төңірегіндегі өршіген шиеленісті азайтуы сөзсіз. Бұл Ауғанстаннан америкалық əскердщ шығарылғаннан кейін туған Орталық Азияда соғыс қауіпі уақтында өзекті саналады [8].

Экономикалық перспектикаларға тоқталар болсақ, Иранның жалпы ашық жүйедегі көлік- логистикалық дəлíзге енуі Таулы Карабах пен Арменияның Еуразиялық экономикалық одақ ішіндегі толыққанды экономикалық айналымға қатысу проблемасын шешеді. Бұл, өз кезегінде, ирандық порттар мен байланыс жолдарының тауар транзиті үшін қолдануға жəне толыққанды инвестициялық жобаларды жүеге асыруға жол ашады. Болашақта көлік дәлізінің жаңа мүмкіндіктерін бүгінде ауылды жерлерін дамытуға жəне аграрлық секторын қалпына келтіруге мұқтаж Грузия да қолдана алатын болады. Одан өзге, Иранмен бірге, біртұтас экономикалық стратегия шеңберінде əрекет ететін Ресей мен Қазақстан да Каспий теңізінде ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл бұрыннан келе жатқан қажеттілік екенін атап өткен абзал.

Еуразиялық интеграциялық одаққа Иранның қатысуы орасан зор энергия қорына дұрыс иелік етуге жағдай туғызады, аймақтағы көптеген қатысушы елдердің жаңа деңгейде дамуына көтеріп, сонымен қатар бүгінде төмен деңгейде өмір сүріп жатқан аудандардың инфрақұрылымын дамытуда жаңа мүлдем өзге тәсіл қалыптасар еді. Демек, Иранның ЕАЭО-қа қосылуы жаңа бірлестіктің келешегін түбегейлі өзгертіп, оны жақын жылдардағы ең танымал жəне маңызды бірлестік қылары даусыз [8].

Қазақстан үшін Иран үш мың жылдық көне тарихы бар, мəдени, рухани тамырлас ел болып саналады, Иран Каспий тарапынан көрші, экономика, білім-ғылым саласында айтарлықтар қарым- қатынастар орнаған. Сыртқы саясатта да Қазақстан мен Иран Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі Кеңес, Ислам ынтымақтастық ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы сынды бірқатар халықаралық жəне аймақтық ұйымдарда саяси ықпалдастықты нығайтып келеді. Екі ел ширек ғасырлық дипломатиялық қатынастарға ие, сонымен қатар Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының 2014–2020 жж. арналған концепциясының 10- тарауына қатысты «Елдік жəне аймақтық басымдықтар» деген бөлімде: Иран Ислам Республикасымен өзара тиімді серіктестік сауда-экономикалық, транзиттік-көліктік салалардағы, Каспий теңізіндегі тұрақтылықты сақтау сынды жалпы мүдделерге негізделетін болады делінген [9].

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, екіжақты сауда-экономикалық байланыстарының дамуына «Солтүстік-Оңтүстік» деп аталатын халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі болып табылатын «Жаңаөзен (Қазақстан) – Қызылқия – Берекет – Этрек (Түркіменстан) – Горган (Иран)» бағытында теміржол тармағын қолдану айтарлықтай мүмкіндік туғызады.

Иран тарапы қазақстандық ауылшаруашылығы өнімдері үшін үлкен маңызға ие. Иран тауарлары Министрлік сайтындағы ең соңғы ақпарат бойынша, 2015 ж. Қазақстан астығының Иранға экспорты 758,2 мың т құрады, оның ішінде бидай — 186,6 мың т, арпа — 571,2 мың т құрады [10].

Одан өзге Иран Қазақстанмен көптеген жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істейді. 2016 ж. 11 сәуірде Нурсултан Назарбаевтың Тегеранға сапарында мемлекеттік жəне жеке сектор өкілдері арасында 2 млрд долл. құрайтын 66 келісімге, сонымен қатар жеке компаниялар арасында 30 өзара түсіністік меморандумына қол қойылылды.

ИИР мен ҚР Каспий теңізіндегі қазақстандық Ақтау порты мен ирандық Энзели порты арқылы сауданың жандануына ықпал ететін жүк тасымалдау мақсатында бірлескен кеме жүзетін компания құру жайлы келісімге қол қойды. Иран кедендік статистикасының мәліметі бойынша, екі ел арасындағы сауда айналымы 2015 ж. 650 млн долл. құраса, оның 570 млн сомасын Қазақстан экспорты құрайды [11].

Армения Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі бола тұра, Иран Ислам Республикасымен жəне Одақтың мүшелерімен еркін сауда аймағы жайлы келісімге келуге ұсыныс жасаған болатын. Бұл орынды да, себебі Армения Иранмен шекарасы бір жəне экономикалық тығыз байланысы бар ЕАЭО- дағы жалғыз ел болып табылады. Сомымен қатар Иран, Əзербайжан, Түркия сынды дұшпан мемлекеттермен қоршалған Армения үшін Парсы шығанағы арқылы сыртқы нарықтарға шығу үшін стратегиялық маңызды дәліз саналады. Иранның Кедендік одаққа енгізілуі Армения үшін салық шығынын айтарлықтай азайтып қосымша бюрократиялық қиындықтардан құтылуға мүмкіндік береді.

Иран ядролық келісімге келген соң тек мұнай-химиялық ғана емес, өндірістік өнімдер үшін де жаңа нарық іздеуде. Негізі Армения Иран үшін кішкентай нарық саналады (тауар айналымы 300 млн долл. құрайды), бірақ ол ЕАЭО жəне Кедендік одақ мүшесі ретінде жəне географиялық орналасуы бойынша Иран мен Одақ елдері үшін көпір болатындай тиімді мүмкіндіктерге ие. Иран мен Армения арасында визалық режимнің жойылуы екіжақты байланысты жеңілдете түсері сөзсіз. Иранның Армениядағы Елшісі Сейед Казем Саджаи жақын қатынастарды ескере отырып, Иран Армения тарапынан ЕАЭО нарығына енуде қолдау көрсетеді деп үміттенеді.

АҚШ мен ЕО Ресейге қарсы қабылданған санкциялары жəне өткен жылы қараша айында ресейлік бомбалушыны атып түсіру оқиғасынана кейін Түркиямен қарым-қатынастың нашарлауынан кейін, Иран мен Ресей сауда байланыстарының кеңеюіне себеп болды. Ресей нарығындағы бірқатар түріктік ауыл шаруашылық тауарларын Иран тауарлары алмастырды. Санкцияның алынуынан кейін Иранға батыс нарықтың ашылуына қарамастан, ауқымды ынтымақтастық үшін кедергілер әлі де бар, себебі Ислам Республикасына Батысқа деген сенімсіздік сақталған. Ресей болса, Иранмен серіктестікті санкция салынған уақытта да энергетика, ауыл шаруашылығы, өндірістік, əскери- техникалық жəне өзге де әртүрлі салалар бойынша үзбеген болатын. Жыл сайын Иран мен Ресей арасындағы тауар айналымы өсіп келеді. Қазіргі уақытта Иран мен Ресей арасындағы туристерге визасыз тəртíп қабылдау мүмкіндіктері қарастырылуда, бұл өз кезегінде барлық келем деушілерге визаны жоюға негіз болады.

Беларуске келер болсақ, ирандық-беларус экономикалық байланыстар айтарықтай қомақты емес. Беларусь кеңес заманынан машинақұрастыру дәстүріне, сонымен қатар маңызды орнықты инфоқұрылымға ие. Әсіресе онда шығарылатын ауылшараушылығы техникасы, əскери өнеркәсіптік кешен өнімдері Иранда үлкен сұранысқа ие. Беларусь тауарлардан Иранға кен шығаруға арналған (карьерлік) техника, ауыр жүктасымалдайтын техника, әртүрлі талшықтар, аралайтын кесетін материалдар, қағаз, тыңайтқыш өнімдер, автобус, минибус жəне өзге де көптеген тауарлар енгізіледі. Беларустар болса, Ираннан жеміс, кептірілген жеміс, өзге де азық-түлік тауарларын, медициналық құрылғылар, теңіз өнімдері, құрылыс материалдарын сатып ала алады. Екі ел арасындаға соңғы жылдардағы тауар айналымы 100 млн долл. аспайды.

Иран сондай-ақ Қырғызстанмен де сауда-экономикалық байланыстарын дамытуда. Жыл сайынғы тауарайналым шамамен 200 млн долл. құрайды.

Қорытындылай келе, Иран сынды алпауыт экономикалы ел ЕАЭО үшін салмақты да маңызды мүше болмақ, өз кезегінде, аларынан берері көп Иран мемлекеті де Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына ықпалын тигізетіні сөзсіз.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Нурсултан Назарбаев: от идеи Евразийского союза к перспективам интеграции «Большой Евразии» [Электронный ресурс]. — 2017. — Режим доступа: http://www.kisi.kz/ru/categories/aktual-nye-kommentarii/posts/%E2%80%8 Bnursultan- nazarbaev-ot-idei-evrazijskogo-soyuza-k-perspe2017 год.
  2. Саммит ЕАЭС в Бишкеке: о чем говорили семь президентов. РИА Новости [Электронный ресурс]. — 15.04.2017. — Режим доступа: https://ria.ru/analytics/20170415/1492319201.html.
  3. Назарбаев ЕАЭО-ның Иранмен, ҚХР-мен жəне Үндістанмен əрштестíгш белсенді етуге шақырды [Электронный ресурс]. — 14.04.2017. — Режим доступа: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazarbaev-eaeo-nyin-iranmen-khr-men- jane-undstanmen-279315/.
  4. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы. [Электронный ресурс]. — 31.05.2016. — Режим доступа: http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/zhogary-euraziyalyk-ekonomikalyk-kenes-otyrysy.
  5. Региональная политика Исламской Республики Иран [Электронный ресурс]. — 2013. — Режим доступа: http://csef.ru/ru/politica-i-geopolitica/484/regionalnaya-politika-islamskoj-respubliki-iran-4203.
  6. Иранские запасы нефти и газа занимают четвертое и первое места в мире [Электронный ресурс]. — 2016. — Режим доступа: http://parstoday.com/ru/news/iran-i29965.
  7. Денильханов И. Иран в мировой политике на рубеже XX-XXI вв. [Электронный ресурс] / И. Денильханов. — 2017. — Режим доступа: http://www.rumvi.com/products/ebook/иран-в-мировой-политике-на-рубеже-xx-xxi-вв.
  8. Чмеленко Ю. О перспективах присоединения Ирана к Евразийскому экономическому союзу [Электронный ресурс] / Ю. Чмеленко. — 2016. — Режим доступа: http://fondres.ru/index.php/412-o-perspektivakh-prisoedineniya-irana-k-evrazijskomu- ekonomicheskomu-soyuzu.
  9. Концепция внешней политики РК на 2014–2020 гг. Утверждена Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2014 года № 741 [Электронный ресурс]. — 2014. — Режим доступа: http://mfa.gov.kz/ru/content-view/kontseptsiya- vneshnoj-politiki-rk-na-2014-2020-gg.
  10. Сотрудничество Республики Казахстан с Исламской Республикой Иран [Электронный ресурс]. — 2015. — Режим доступа: http://mfa.gov.kz/ru/content-view/sotrudnichestvo-respubliki-kazakhstan-s-islamskoj-respublikoj-iran.
  11. Иран — Евразийский союз: перспективы интеграции [Электронный ресурс]. — 08.10.2016. — Режим доступа: https://www.fondsk.ru/news/2016/10/08/iran-evrazijskij-sojuz-perspektivy-integracii-42777.html.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.