Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ортағасырлық Сығанақ қаласы (жазба жəне археологиялық деректер негізінде)

Мақалада ортағасырлық Қазақстанның қала өркениетінің, суармалы егіншіліктің, отырықшылықтың орталығы болған Сығанақ этимологиясының шығуына байланысты жазба жəне археологиялық деректер сараланады. ХІ-ХІІІ ғғ. Қыпшақ хандығының, ХІV-ХV ғғ. Ақ Орданың. ХV-ХVІ ғғ. Қазақ хандығының астанасы болған Сығанақ қаласының элеуметтік-экономикалық, саяси дамуы тарихи деректер негізінде талданды. Ортағасырлық Сығанақ қаласының экономикасы мен әлеуметтік дамуының негізін құрайтын салаларға кеңінен тоқталып, қаланың әлеуметтік, экономикалық жəне саяси тарихының шынайы мазмұны қалпына келтірілген. Ғылыми айналымға соңғы жылдары енген археологиялық қазба жұмыстарының нэтижелерін сараптамадан өткізіп, қолда бар жазба жəне этнографиялық деректерді салыстыра отырып, ортағасырлық қаланың әлеуметтік-экономикалық жəне саяси жағдайының тарихы ғылыми тұрғыдан қалпына келтірілді. Кейінгі ортағасырлық қаланың керамикалық бұйымдарының жасалу технологиясындағы ерекшеліктер анықталды. Керамика өндірісінің қаланың экономикалық жағдайына әсері анықталды; қазақ халқының дәстүрлі қолөнер түрлері мен олардың кейінгі ортағасырлық қалада даму деңгейі, архитектуралық ескерткіштер мен құландыларға сипаттамасы толықтырылып, ирригациялық жүйелер туралы деректер нақтыланды. Қалалардың әлеуметтік дамуына эсер етуші факторлар жəне тұрғын үй мен интерьеріндегі өзгерістер бойынша жəне қала тұрғындарының этникалық құрамы жөнінде ғылыми болжам жасалды.

Оңтүстік Қазақстанда Түркістан уалаятына енетін қалалардың ішіндегі Сығанақ қаласы туралы алғашқы деректер Х-ХІ ғғ. сəйкес келеді. Махмұд Қашқаридің «Түркі тілінің сөздігі» атты шығармасында «Сығанақ Саманидтер мемлекетінің қалаларына жақын орналасқан оғыз қалаларының бірі» деген дерек келтіріледі [1]. Академик В.В.Бартольд «араб жазбагерлерінің деректерінде «Сугнак», немесе «Сыгнак», атауы кездеспейді, алайда Х ғ. мекендеген белгісіз парсы жазбагері өз еңбегінде (Туманский қолжазбасы) ортағасырлық Сығанақ қаласымен баламалауға болатын «Сунах» қаласы бар» деген мэліметтер келтіреді. В.В.Бартольд Сығанақ жайлы «Фараб аумағында орналасқан кішігірім бай қаладан басқа өңірлерге садақ тасымалдайды» — «небольшой город в области Фараба (Отрара), очень богатый; оттуда вывозят в разные места хорошие луки» [2]. ХІІІ ғ. монғол шапқыншылығынан зардап шеккен қала жайлы Ала ад-дин Ата Малик эл-Жуайнидің (ХІІ-ХІІІ ғғ.) «Тарих-и Жаһангуш» («элемді билеушінің тарихы») атты шығармасындағы деректерге сүйене отырып, мынадай мэлімет келтіруге болады: «Отырар 1220 жылдың ақпан айында жеңіліс тапты. Ал Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы эскері 1219-1220 жж. қысында Сырдарияның төменгі ағысындағы қалалардың бірінен соң бірін өзіне қаратты. Жошы эскері монғолдарға соғыс басталмастан бұрын қызметке тұрған жергілікті саудагерлер Хасан-қожа мен Әли-қожа алып жүрді» дей келе, жазба деректе Хасан-қожа қала тұрғындарын монғолдарға өз еркімен берілуге үгіттеу мақсатында жіберілгендігін жəне де «злодеи, чернь и бродяги там умертвили предателя и оказали врагам храброе сопротивление. После семидневного непрерывного боя Сыганак был взят, население вырезано целиком» [3] деген жолдарды кездестіруге болады.

Жоғарыда келтірілген жазба деректердің жұтаңдығына қарамастан, Сығанақ қаласының экономикалық жəне саяси жағдайы жайлы жалпы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Дала мен қала мэдениетінің тоғысқан шекарасында пайда болып, дамыған қала сауда жəне экімшілік орталығы ретіндегі мэртебесін сақтап қалғаны анық. Монғол шапқыншылығымен Сығанақ тарихының бірінші кезеңі аяқталады. ХІІІ ғ. екінші жартысында қала жайлы деректер армян патшасы Гетумның 1254 ж. Бату мен Мөңке хандар ордасына барғаны туралы жазылған армян деректерінде «Көлемі үлкен Сгнах (Сығанақ) пен Савран (Сауран) қалаларына бет алған олар кейін Харчук, Асон, Саври мен Отрар, Зурнук жəне Дизак қалаларына аттанды» [4], — деген деректер келтіріледі. XΓV ғ. дейін, нақтырақайтқанда, 1328 жылға дейін, жазба деректерде Сығанақ қаласы жайлы мəлíмет кездеспейді. Ал, САЭ- сы жүргізген қазба жұмыстары барысында Сығанақ қала жұртында Х-ХІІІ ғғ. тиесілі мəдени қабаттың болуы әлі де болса зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі болып отыр. Шахристан қорғанының солтүстік жəне оңтүстік-батысында түсірілген ірі екі стратиграфиялық қима ХІУ ғ. алдыңғы кезеңдерге тиесілі деректер бермеді (тек оғыз дəуíрíне қатысты сырланбаған керамика сынықтарын айтпағанда) [5; 139]. Жоғарыдағы деректер талдай отырып, айтпағымыз, тек археологиялық деректерге сүйене отырып, қалада Х-ХІІІ ғғ. тіршілік болмаған деуден аулақпыз, қазба жұмыстары әлі де жүргізілуде, ал жазба деректер Сығанақты оғыз дəуíрíнде, кейін қыпшақтардың көрнекті қалаларының бірі екендігін баса айтуда [6]. Ақ Орданың астанасы болған Сығанақ жайлы жазба деректер қаланың халықаралық, сауда-ақша, сауда-экономикалық жəне ішкі қарым-қатынастарынан хабар беретін нумизматикалық материалдармен толыға түседі. Мəселен, Сыр өңірінде ақша айналымын қамтамасыз ету үшін Сығанақта басып шығарылған күміс жəне мыс теңгелер Түркістан жəне Жайық бойындағы қалаларда жүргізілген қазба барысында табылған. 1971– 1977 жж. Отырар қаласында Жошы атынан шығарылған 10 мыс теңге табылды, оның үшеуі Сығанақта басылған теңгелер екендігі анықталды. 1911 ж. Ресей Федерациясының Қазан уезінің Сосновка ауылында 1375–1376 жж. Сығанақта басылған теңгелер табылған [7; 129].

Халықаралық саудада өз орнын қалыптастырған ортағасырлық қала жайлы археологиялық деректерді ортағасырлық автор шығармаларындағы деректер толықтыра түскендей. Фазлаллах ибн Рузбихан Исфаханидің «Записки Бухарского гостя» атты шығармасында Сығанақ қаласын сипаттай келе, «Владение Сыгнак — конец благоустроенных земель северной стороны области Дешта. В старину он был очень большим, цветущим городом. Вся эта область весьма благоустроена и возделана, и всему тому краю содействовали всякого рода блага, спокойствие. Этот город в действительности является пограничной заставой Дешт-и Кипчака ...». Рузбихан шығармасында сонымен қатар қаланың сауда қатынастары мен қала базарларына келіп саудаланатын тауар түрлері жайлы да «В эту страну со стороны Дешта, из Хаджи-Тархана доставляют множество благ, жирных овец, коней, верблюдов и другие ценные товары, как-то: шубы из меха киша и тина, то есть из соболя и белки, тугие луки, стрелы из белой березы, шелковые ткани и другие драгоценные изделия» [8; 116] деректер келтіреді. Монғол шапқыншылығына дейін отырықшы-егіншілік оазисінің орталығы ретінде танымал болған қала, XIV ғасырдан бастап теңге сарайы бар ірі саяси жəне экономикалық орталыққа айналғандығы анық. Қаланың өркендеп дамуына, Еуропадан Орталық Азияға келетін сауда жолының Сыр өңірі арқылы өтетіндігі тікелей ықпалын тигізген сыңайлы [9].

Сығанақ қаласы тек ірі сауда орталығы ғана емес, сонымен қатар ХІ-ХІІІ ғғ. Қыпшақ хандығының, ХГУ-ХУ ғғ. Ақ Орданың, ХV-ХVІ ғғ. Қазақ хандығының астанасы болғаны жайлы мəлíметтердí де кездестіруге болады. 1590 ж. бұқар ханы Абдолла ГГ жайлы жазылған Хафиз-и Таныш ибн мир Мұхаммед Бухаридің «Шараф-наме-йи шахи» («Шах даңқы жайлы кітап») атты шығармасында келтіріледі: «Сығанақ ежелден-ақ, қыпшақ даласы хандарының астанасы болды» [10; 243-311], алайда бұл деректі автор белгілі мемлекет қатысты айтқандығы немесе жалпы өңір жайлы айтылғандығын анықтау мүмкін емес. Қаланың Түркістан өңірінде алатын орны жайлы ХУ- ХVГ ғғ. ортағасырлық автор Рузбихан мынадай жолдармен келтіреді: «Ертеде шибандық өзбек хандарының ордасы осы қала мен оның аумағында болған, қазір бұл хандардың мазарлары да осы қалада. Дешті қыпшақтың белгілі хандарының қалауы да осы еді, өздері жер жастанғаннан кейін олардың мәйіті осы қалаға әкелініп, үстіне күмбезді ғимараттар салынған» [8; 117]. Осы жолдар Сығанақтың өңірдегі алатын әкімшілік жəне рухани орнын толықтай ашып көрсеткендей.

Ал қаланың құлдырау кезеңі қай уақытта басталды деген сұраққа жауап іздер болсақ, В.В.Бартольд тауып жарыққа шығарған «Сығанақ грамоталарында» қала маңындағы бірнеше арық пен бұлақ атаулары кездеседі жəне қаланың XVII ғ. тіршілік жалғасып жатқандығы айтылады [10; 313-317]. Ал қаланың батыс жағына жүргізілген № 6 қазба кесінді 2 м, яғни 4-қабат, екі құрылыс кезеңін анықтады. Алынған керамикалық материалдар қалада тіршілік XVI-XVIII ғғ. жалғасқандығын дәлелдейді [11]. Қаланың тоқырау кезеңі этнографиялық деректер мен 1867 ж. қала жұртында зерттеу жүргізген П.И.Лерх жазбасына сүйенсек, ХГХ ғ. басына дейін қалада өмір жалғасқандығы жайлы баяндайды.

Сығанақ атауы жазба деректерде әртүрлі үлгіде айтылады. Аталмыш деректерге сүйене отырып, В.В.Бартольд өзінің «К истории орошения Туркестана» атты еңбегінде: «Қазіргі уақытта Сунақ- қорған қала жұрты, жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, Сағанақ деп аталса, ортағасырлық қолжазбалар мен ресми құжаттарда Сығнақ, Сугнак, немесе Суганак, атауы да кездеседі» дей келе,«лингвистикалық тұрғыдан Сағанақ атауынан Сунақ атауы қалай қалыптасқанын түсіндіру қиын» [12], — деген тоқтамға келеді. Ал археолог М.Тұяқбаев болса, «Сугнак» сөзіндегі бірінші «нақ» жалғауының түптөркінін түсіндіре отырып, «нақ» көп деген мағына береді дей келе, Түркістан оазисіндегі барлық қала атауларының тегі түркілік, сондықтан «Сугнак» атауы суы мол аймақ дегенді білдіреді деп болжамдайды. Қала атауының шығу тегін анықтау тыңғылықты зерттеудің қажет ететін мəселе екендігі анық. Сондықтан бұл сұрақта профессор С.Жолдасбаевтың позициясын қолдап, зерттеу жұмысының өне бойында Сығанақ атауын қолданамыз.

Археологтың пікірінше, Сығанаққа зерттеушілер ХІХ ғ. екінші жартысынан көңіл бөле бастаған [13]. Алғаш рет 1867 ж. Орыс археологиялық комиссиясының тапсырмасы бойынша Түркістан аймағындағы ортағасырлық қалаларды қарап шығуға жіберілген шығыстанушы П.И.Лерх Сығанақта болып, оның қай жерде орналасқаны туралы ақпарат берген. 1884 ж. Түркістан өңіріне іс- сапармен келген Н.И.Веселовский ортағасырлық қала құландыларын қарап шығып, қазба жұмыстарын жүргізеді. «Описание развалин древних городов по дороге из Казалы в Ташкент» 52 беттен тұратын қолжазбада Сығанақ қаласы оның маңындағы архитектуралық ескерткіштерге сипаттамма береді [14; 26–28]. 1892 ж. өлкетанушы Е.А.Смирнов Сырдария бойы жасаған барлау кезінде Сығанақта болып, оның аумағымен Төменарық пен қаланың суландыратын жүйесін жазған [15; 6–8]. 1899 ж. В.А.Каллаур қалаға барлау жұмысын жүргізіп, оның топографиясын сипаттап қаланың шығыс жағындағы қақпасының алдындағы 100 м жердегі мешіттің жобасын қағазға түсіреді [16; 15, 16]. 1927 ж. Материалдық мəдениет тарихы мемлекеттік академиясының (ГАИМК)

тапсырмасы бойынша Сығанақ қаласын А.Ю.Якубовский біршама тыңғылықты қарап шығады. Ол қаланың топографиялық жағына көңіл бөліп жанындағы кейбір керегелері сақтаулы тұрған ғимараттардың суретін түсіріп алған [17; 140–145]. 1947 ж. ОҚАЭ-ның жетекшісі А.А.Бернштам келіп, қаланың топографиялық жобасын түсіріп, үстінен жинастырған материалдар бойынша қаланың б.д.д. қаңлы дәуірінен бері өмір сүріп келе жатқандығы туралы пікір білдірген [18; 86].

ХХ ғ. 40–50 жж. ОҚАЭ-ның жетекшісі Е.И.Агеева мен Г.И.Пацевич үстінен жинастырылған материалдар бойынша қаланың У–УШ ғғ. өмір сүріп одан кейін құлдырағанын, XII-XVI ғғ. қайта көтеріліп, Ақ Орданың кезінде қайта жанданғандығын жазады [19; 41]. ХХ ғ. 70-шы жж. қалаға ОАЭ- ның (Отырар археологиялық экспедициясы) меңгерушісі К.А.Ақышев пен К.М.Байпақов Отырар қаласының ұзақ жылғы зерттелуіне байланысты қаланың топографиялық жағынан зерттеп, бұл қала ортағасырлық қалалардың ішінде Отырар қаласынан кейінгі атақты екінші қала деген анықтама берген [13]. Аталмыш ғалымдар қалаға алғашқы барлау жұмыстары жүргізгенімен кең ауқымды қазба жұмыстарын жүргізбеген.

2003 ж. қалада ХҚТУ-нің САЭ-сы (жетекшісі С. Жолдасбаев, Түркістан қ.) жүйелі зерттеу жүргізуде. Қазба жұмыстары жүргізілместен, бұрын қала жұртына берілген сипаттамада Төменарық пен Шиелі станцияларының арасындағы темір жолдан солтүстікке қарай жиде мен сексеуілдің қалың тоғайының ортасындағы Сұнақ ата шатқалында орналасқан. Ол ұзындығы 175-тен 320 м дейін жететін бес бұрышты дөң. Көне қаланың ішкі жағына жіңішке, ұзындығы 20 м, қала алаңын қамтитын шығыңқы үйінді дуалдан тұрғызылған дәліз апарады. Үйінді дуалдың биіктігі кейде 6–7 метрге жетеді. Онда ірі төбелер түріндегі 15 мұнараның қалдығы сақталған. Бұл мұнаралар əр бұрышқа үштен орналастырылған, аймақты үстінен қоршап тұрған ішкі алаңның биіктігі 4–5 м. Үйінді дуалдың сыртқы беткейі өте тік, кей жері тік жартасты, ішкі жағы — еңістеу. Бұл алаңға үш жағынан да (шығысынан басқа) шамасы, шахристан қалдығы болған болу керек, дəл солай жан- жағынан үйінді дуалдармен қоршалған едәуір көлемді рабат үйіндісі жалғасып жатыр. Рабаттың ауқымы солтүстіктен оңтүстікке созылған бес бұрышты алаң болып табылады.

Қаланың айналасындағы бұта-тоғайлардың ортасында әртүрлі пішіндегі, түрлі көлемдегі топырақ төбелер түріндегі көптеген құрылыстар ізі кездеседі. Сұнақ ата кесене-мешітінен де тек күйдірілген кірпіш пен саз балшық қалдығынан үлкен төбешік қалған. Бүгінде алаң аумағының едәуір бөлігін шаруашылық жəне құрылыс жұмыстары қиратқан. Орталық үйіндіде (шахристанның) XVII ғ. бастап жерлеу жүргізілген, шығыс жағында көлемді қазіргі зираттар орналасқан, жолдар төселіп, автокөлік тұрақтары салынды жəне шаруашылық пен тұрғын үйлер тұрғызылған.

Ортағасырлық қалада алғашқы қазба жұмысы бірден үш жерде жүргізілді. Бірінші қазба жұмысы қаланың солтүстік-шығыс жағындағы рабадтан шығыс жағындағы қақпаға жақын жатқан кішкене бір төбешікке көлемі 8,5–14,5 м жерге салынды. Бұл жерде 3 бөлмелі үй қалдықтары аршылды. Жалпы табылған бұйымдар XVШ-XIX ғғ. тəн. Үйдің өртенгендігіне қарағанда жоңғар шапқыншылығы кезінде болды ма деген ой туғызады [13; 14]. Екінші қазба жұмысы қаланың солтүстік-батысжағындағы қалаға кіретін солтүстік-батыс жағындағы екінші қақпаға қарама-қарсы 100 м жердегі рабат үстіндегі төбешікке салынды. Төбешіктің үсті қыш сынықтарына толып жатты. Кірпіш сынықтарын тазалап 30 см тереңдегенде қыш кірпіштен қаланған ғимарат қалдығы ашылды. Оның іші-сырты тазаланғанда көлемі 14 х 12 м болатын дуалдары қыштан қаланған кесене жобасы белгілі болды. Кесенеге пайдаланған кірпіштің басты көпшілік бөлігінің көлемі 25 х 25 х 5 см, бірақ арасында көлемі 43 х 25 х 7 см, 41 х 26 х 6 см келетін түрлері де кездеседі. Кесененің іргесі (негізі, фундаменті) көлемі 40 х 40 х 20 м, 50 х 50 х 35 см, 30 х 30 х 12 см, келетін сұр тастармен қаланған. Кесененің қас беті мұнара тəрíздí жасалған деген ой туғызады. Бұл мəселе сəулетшíлер қатысуымен қайта зерттелуі қажет. Жалпы қазба жұмысының нəтижесíнде кесененің төрт бөлмесі ашылды, екі түпкі жəне ауызғы екі бөлмелері белгілі болды.

Сығанақ қала жұртындағы мешіт құландылары 2009 ж. № 5 қазба нəтижесíнде аршылған. Қаланың орталық бөлігінде шығыс қақпадан келетін үлкен көшенің бойында орналасқан бұл ғимараттың орталық алаңының оңтүстік жағында салынған, негізгі құрылыстың жобасына қарағанда, мешіт орны екендігі қазба жұмыстары барысында айқындалды. Іскендір жазбаларына сүйенсек, «Сығанақта жерленген Сасы-Бұқаның баласы Ерзен Отырарда, Сауранда, Жентте, Баршынлы кентте құдайға құлшылық жасайтын құрылыс нысандарының (медресе, ханака, мешіттер) көп бөлігін сол салдырды жəне ескілеріне қайта жөңдеу жұмыстарын жүргізді» [20; 130]. Қазба барысында табылған бұл ғимарат осы Ерзен хан тұсында қайта жөндеуден өтіп, мешіт-медресеге айналуы да мүмкін.

Қазба жұмыстарымен қатар, Сығанақ қаласының суландыру жүйесін зерттеу мақсатында Қаратау мен қала аралығында таудан ағатын өзен суларын егіс даласында пайдалану үшін тартылған арық-тоғандарды барлау жұмыстары жүргізілді. В.В.Бартольд тауып, жарыққа шығарған «Сығанақ грамоталары» ХV-ХVIJ ғғ. жазылды деген болжамға сүйенсек, қаланың ирригациялық жүйелері жайлы көптеген мəлíмет алуға болады. Бірінші грамотада «аталған уалаяттың асыл текті шейхтары мен оқымысты арабтарына жеткілікті дəрежеде құрмет көрсетіліп, Сырдариядан тартылған Ордакент, Қызыл-Тал жəне Тұманарық аумағынан бір төбе жəне Шікіл-Тоғай мен Бозғыл өзек арықтар бойынан бір төбеден өз игіліктеріне пайдалану үшін жер берілсін» [10; 317] делінген, мұнда Сығанақ қаласын сумен жабдықтап отырған арық атаулары көрсетілген. Ал үшінші грамота 1598 ж. жазылып, онда «Тоқтамыш бұлағы, Хараш бұлағы, Келте Шалқия каналы, Қызыл-Тал каналы, Арсланды каналы, Джулақ каналы, Мыңбұлақ қайнары, Хисаршық бұлағынан басқасының барлығы Сығанақ қаласы тұрғындарының мүлкі (жеке меншіктегі жері) болып табылады» дей келе, «Хисаршық бұлағының Хазрат Аллам Абу-л-Хасан Зийа ад-Дин-Шайх Сыгнакидің вакфтық меншігіне айналдырылғаны» [10; 318] туралы да баяндалады.

Сығанақ қаласында 2010 ж. жүргізілген археологиялық қазба нəтижелерí, біріншіден, қала шахристан бөлігінің топографиялық жобасының түсірілуі, екіншіден, қала ішіндегі үш орынға қазба жұмыстарының жүргізілуін атап айтуға болады. Соңғы түсірілген топографиялық жобада бірнеше бөлікке бөлінген шахристан, кең көшелер, 2009 ж. ашылған алдында алаңы бар мешіт айқын байқалады. Кейінгі жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған керамикалық бұйымдар ХV-ХVІ ғғ. сəйкес келетінін көрсеткен. Алайда бұл кезеңмен қала өмірі тоқтады деген сөз емес, керісінше, бұл кезең өтпелі екендігі айқын байқалады [21].

Сығанақ қаласының тарихына қатысты негізгі мəселелерíн ашуда 2011 ж. далалық жұмыстар көп əсерíн тигізді. Атап айтқанда:

  • Сығанақ қаласының қалыптасуын жəне тарихи дамуын қарастыруға мүмкіндік беретін қала топографиясы мəселесí;
  • Сығанақ қаласының тарихи дамуындағы дəуíрлеу мəселелерíн қарастыратын қаланың стратиграфиясы мəселесí;
  • Сығанақ қаласының археологиялық мəдениетíнщ ерекшелектері мен жергілікті мəдениетпен сабақтастығын қарастыратын қаланың мəдени дамуы.

Сығанақта жүргізілген қазба жұмыстарының деректік маңызы бар нысандарының бірі 2011 ж. ашылды, ол негізгі қамалға жапсарлана салынған өте күрделі қақпа құрылысының бір бөлігі. Осы кезеңнің өзінде қала қақпасының сəулетí ерекше құрылыс екендігі анық. Өкінішке орай, көптеген басқадай ортағасырлық қалалардың қақпасына арнайы қазба жұмыстары жүргізілмеген. Бұл қақпа осы өңірдегі анықталған Сауран, Отырар қалаларының қақпа құрылысынан өзгешелеу. Бұл екі қаланың қақпаларында аспалы көпірге арналған тіреу бар. Сығанақ қаласының негізгі платформасы ғана күйдірілген кірпіштен қаланған, ал екі қапталдағы мұнарасы пахсадан жасалған жəне негізгі платформа алға 4,5 м шығыңқы болып орналасқан. Платформаның қазіргі анықталған ең биік жері1,7 м жəне одан төмен қарай жалғасып жатыр, дегенмен, қазба барысында жер асты суының шығып кетуіне байланысты тоқтатылды. Бұл жерде айтпағымыз, Сығанақтың қақпасында да аспалы көпірге арналған тіреу болуы қажет. Қазіргі жер бедерінен ондай ерекшелік байқалмайды. Оны анықтау үшін келесі жылы қазба аумағын кеңейту жоспарланып отыр. Шығыс қақпасындағы осы жылы басталған қазбаның нəтижесí бойынша 3 құрылыс кезеңі анықталып отыр. Ең жоғарғы құрылыс кезеңі ХУÌ–ХУП ғғ. қамтиды. Ал қақпаның ең алғашқы құрылыс кезеңін алдағы жылдардағы қазба жұмыстарының нəтижесíнде ғана анықтауға болады. № 10 қазба кезінде қала қорғанының үстінен салынған бөлмелер аршылды. Бұл қазба қала тұрғындарының мздени-тұрмыстық өмірін көрсетуге материалдар береді.

Аталмыш нысандағы қазба жұмыстары əлí толық аяқталған жоқ. Қазба жұмыстарының негізгі мақсаты қала дамуының соңғы кезеңінің мəдениетíн көрсетуге бағытталған. Əсíресе тұрмыстық бөлмелер, бөлмелердегі ошақтары мен шаруашылық құрылыстар өте қызықты болып келеді. Бұзылып жатқан қаламыздың тарихи беттерін қайта ашып, ашық аспан астындағы мұражайға айналдырсақ, өткен тарихымыздың беті қайта ашылып, жаңа өмірмен жалғасын қайта табар еді. Сонда біздің мəдени мұраларымыз өз елінің игілігіне жараған болып табылады [22].

Соңғы жүргізілген қазба жұмыстарының нəтижесíнде қала өркендеуіне өз əсерíн тигізген екі монументалды құрылыс орны аршылды, олар: шахристанның солтүстік-шығыс қақпасы мен қала орталығында орналасқан орталық мешіт. Қалада мұндай архитектуралық құрылыс орындарының ашылуы Сығанақтың астаналық мəртебесíн айқындай түскендей. Абд ал-Кадир ибн Мухаммад - Аменнің «Маджма"ал-ансаб ва-л-ашджар» атты шығармасында «его отправили в Ак-Урду в качестве правителя. Город Сигнак он превратил в стольный город. Территорию между реками Джем, Джайики, Сайхун сделали местом своего владычества» [23] деген жолдар кездеседі.

Қаланың солтүстік-шығыс қақпасы Оңтүстік Қазақстан археологиясында бұрын кездеспеген белгісіз фортификациялық жүйе типіне жататындығы анық. Біріншіден, қақпа алды көтерілмелі көпірдің ажыратылмалы механизмі зерттеліп, Самарқан қақпалары секілді қыш тақташалармен безендірілген қақпаның жайма порталы анықталды. Екіншіден, Отырардың бас қақпасына ұқсас қақпа алды қабырғаларының қақпа алды көтеріңкі жерінің көлемі үлкен. Аталған ерекшеліктер зерттеушілер назарын қала қақпасына аудармай қоймас деген ойда зерттеуші-археологтар [5; 145].

Сығанақтың ортағасырлық қазақ тарихында алатын орны жайлы мынадай тұжырымдар жасауға болады: қала Қазақстанның қала өркениетінің, суармалы егіншіліктің, отырықшылықтың ежелгі орталығы ретінде танымал. Сонымен қатар қазба барысында табылған шикі кірпіштен тұрғызылып, үстінде күмбез орнатылған құрылыс ескерткіштері Оңтүстік Қазақстанның қала тұрғындары құрылыс жұмыстарын жүргізуде сауаттылығы жоғары, тəжíрибесí мол екендігін көрсетеді. Сəулет өнері ескерткіштері жайлы Хафиз Таныш «Шараф-наме-йи шахи» шығармасында «1582 ж. Абдаллах хан Сығанақты аралап, Ходжа ханның қабірінің басына қойылған күмбез тəрíздес құрылыс орнына келіп аялдайды» деген жолдар жазады. Алайда қазір хан басына орнатылған бұл құрылыс жүйесін анықтау мүмкін болмай тұр [10; 288]. Осындай құрылыс ескерткіштерін салу барысында жинақталған тəжíрибе тұрғын жəне шаруашылық мақсатта қолданылатын үй-жайларды салуда жинақталғаны анық. Қазба барысында аршылған ғимараттар құландыларына жəне суармалы жүйелердің іздеріне қарай қала Х-ХІХ ғғ. аралығында ірі өркениет орталығы болғандығы жайлы баяндауға болады.

Қала тек экономикалық орталық қана емес, ғылым дамыған мəдени орталық ретінде де қарастыруға болады. Қазақ мемлекеттілігінің нығаюына ықпал жасаған Ислам дінінің таралуына осы Сығанақ қаласынан шыққан Шайхы баба Сыганаки [24], Хусам ад-дин ал-Хусейн ас-Сыганаки өз үлестерін қосқан. Алайда Сунақ-Атаның діни қызметі мен қаланың Сығанақ немесе Сугнақ атауы жайлы мəселелер əлí де тыңғылықты зерттеуді қажет ететін тақырып. XIV ғ. Сығанақта қыпшақ ақындары Құтып Қыпшақи мен Берке Факих Қыпшақи өмір сүрген жəне «Хосрау-Шырын» дастанын осы қалада Ақ Орда ханы Тыныбек пен оның əйелí Мəлике хатунға арнап жазған деген деректер бар [23; 131].

Сығанақ қаласының қазақ тарихындағы маңыздылығы өзі астанасы болған Қыпшақ хандығының қалыптасуы дамуымен байланысты. Қазақ халқының қалыптасуында қыпшақтардың орны жоғары екендігін ескерсек, қыпшақ тайпалары өмір сүрген Сыр өңіріндегі барлық қалалардың ролі арта түседі. Сығанақ қаласын ортағасырлық автор белгісіз себептерсіз «Дешті Қыпшақтың айлағы» деп атамаса керек.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі / Махмұт Қашқари. — Алматы: Хант, 1997. — Т.1. — 592 б.
  2. Бартольд В.В. История культурной жизни Туркестан. — Т. 2. / В.В. Бартольд. — М.: Наука; Гл. ред. вост. лит., 1965. — 1020 с.
  3. Материалы по истории туркмен и Туркмении VII-XV вв. Арабские и персидские источники. — Т. 1. — М.; Л.: АН СССР, 1939. — 612 с.
  4. Киракос Гандзакеци. История Армении / пер. с древнеарм.; предисл. и коммент. Л.А. Ханларян / Киракос Гандзакеци. — М.: Наука, 1976. — 360 с.
  5. Археологические исследования объекта историко-культурного наследия. Средневековое городище Сыганак (промежуточный): отчет о НИР / МКиИ РК. — Туркестан, 2012. — 145 c.
  6. Извлечения из письменных источников о средневековых городах Сауран и Сыганак / сост. М. Елеуов. — Туркестан, 2005. — 228 с.
  7. Бурнашева Р.З. Денежное обращение в городах Южного Казахстана в XV-XVIII вв. / Р.З. Бурнашева. — Туркестан: Типография Междунар. казах.-турец. ун-та им. Х.А.Ясауи, 2006. — 255 c.
  8. Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани. Михман-наме-йи Бухара («Записки бухарского гостя») / пер. с перс. Р.П. Джалиловой; — М.: Гл. ред. вост. лит. изд-ва «Наука», 1970. — С. 55-167.
  9. Zholdasbaev S. The Medieval Town of Kazakhstan / S. Zholdasbaev, M. Aldabergenova // Asian Social Science. — Published by Canadian Center of Science and Education, 2013. — Vol. 9, No. 5. — Р. 73-82.
  10. Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII веков (Извлечения из персидских и тюркских сочинений) / сост. С.К. Ибрагимов, Н.Н. Мингулов, К.А. Пищулина, В.П. Юдин. — Алма-Ата: Наука, 1969. — 650 с.
  11. 2009 ж. Ортағасырлық Сығанақ қаласында жүргізілген ғылыми жобаның жылғы (аралық) есебі: ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің 2009-2011 жылдарға жариялаған мемлекеттік «Мəдени мұра» гранты бойынша Мəдениет жəне ақпарат саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламасы аясында орындалған. — Түркістан, 2009. — 61 б.
  12. Бартольд В.В. К истории орошения Туркестана. В IX т. — Т. 3. Сочинения / В.В. Бартольд. — М.: Наука; Гл. ред. вост. лит., 1965. — 713 с.
  13. Жолдасбаев С. Ортағасырлық Сығанақ қаласы (X-XVIII ғғ.) / С. Жолдасбаев. — Түркістан, 2010. — 224 б.
  14. Веселовский Н. И. Рукопись «Описание развалин древних городов по дороге из Казалы в Ташкент» / Н.И.Веселовский. Ф. № 111 Опись № 1. Ед. хр. — № 243. — 58 с.
  15. Смирнов Е. Древности на среднем и нижнем течении реки Сырдарьи. ПТКЛА (1896-1897) / Е. Смирнов. — Ташкент, 1897. — Т. 2. — С. 1-14.
  16. Каллаур В.А. Древние города Саганакъ (Сунакъ), Ашнасъ или Эшнасъ (Асанасъ) и др. в Перовском уезде, разрушенные Чингисханом в 1219 году. ПТКЛА (1899-1900) / В.А. Каллаур. — Т. 5. — Ташкент, 1900. — С. 6-16.
  17. Якубовский А. Ю. Развалины Сыгнака (Сугнака). Сообщения Государственной академии материальной культуры / А.Ю. Якубовский. — Т. 2. — Л., 1929. — С. 123-159.
  18. Бернштам А.Н. Проблема древней истории и этногенеза Южного Казахстана / А.Н. Бернштам // Известия АН Казахской ССР. Сер. Археология. — 1949. — № 67(2). — С. 59-99.
  19. Агеева Е.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана / Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич // ТИИАЭ АН КазССР. — Т. 5. — Алма-Ата: Изд-во АН Казахской СССР, 1958. — 215 с.
  20. Бартольд В.В. Работы по истории и филологии тюркских и монгольских народов / В.В. Бартольд // Сочинения. — Т. 5. — М.: Наука; Гл. ред. вост. лит., 1968. — 757 с.
  21. 2010 ж. Ортағасырлық Сығанақ қаласында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебі (аралық есеп): ҚР Мəдениет министрлігінің мемлекеттік «Мəдени мұра» бағдарламасы бойынша 2009-2011 жж. арналған Мəдениет саласындағы қолданбалы зерттеулер аясында орындалған. — Түркістан, 2010. — 107 б.
  22. 2011 ж. Ортағасырлық Сығанақ қаласында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебі (аралық есеп): ҚР Мəдениет министрлігінің мемлекетік «Мəдени мұра» бағдарламасы бойынша 2009-2011 жж. арналған Мəдениет саласындағы қолданбалы зерттеулер аясында орындалған. — Түркістан, 2011. — 133 б.
  23. Қазақстан тарихы. — Т. 2. — Алматы, 1998. — 303 б.
  24. Дербİсəлиев Ə. Қазақ даласының жұлдыздары / Ə. Дербİсəлиев. — Алматы, 1995. — 164 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.