Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің қалыптасуы мен қызметі: тарихи сананы жаңғырту мәселелері

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен қатар, Отан тарихындағы көптеген өзекті мəселелер жаңаша тұрғыдан каралып, тереңінен зерделене бастады. Ұлттың өзін-өзі тануының бір жолы — төл тарихын білу. Сондыктан тәуелсіз ұлтқа өз өткенінен объективті ақпарат бере алатын танымдык маңызы жоғары тарих кажет. Ондай тарихты зерттеп жазу тәуелсіздік жағдайында Қазакстан тарихы ғылымының тікелей міндеті болды. Ұлт тарихын зерттеп, жазу барысында, əрине, мұрағат кұжаттарын пайдаланудың маңызы зор. Елбасының «Ұлы Даланың жеті кыры» атты макаласында да ел тарихына байланысты архив кұжаттарын кеңінен пайдаланып, зерттеу үшін «Архив–2025» жеті жылдык мемлекеттік бағдарламаны кабылдау кажеттілігі айтылды. Бұл өте куантарлык жағдай. Бағдарлама аясында тарихшы ғалымдарға отандык, алыс-жакын шетел архивтерімен жұмыс жасауға мүмкіндік туады. Елбасының бұл бастамасы да макала өзектілігін көрсетеді. Макалада авторлар Қазакстан Республикасы Ұлттык мұрағатының калыптасу тарихына токтала отырып, мұрағат корларының тізімдері, мұрағат кызметтеріне сипаттама береді. Бұл макаланы жазудағы максат – Қазакстан Республикасы Ұлттык архив корларындағы деректердің тарихи сананы жаңғыртуға косатын үлесін айкындау. Көздеген максатка жету үшін авторлар Қазакстан Республикасы Ұлттык архивінің кұжаттык корларының тізімдерімен танысып, сипаттама беріп, мұрағат ұсынатын кызметтерді атап көрсетеді. Қазакстан Республикасының Үлттык архиві корларында тәуелсіздік тарихына байланысты мол материалдар шоғырланған. Авторлар Ұлттык архив корлары кұжаттары Қазакстан Республикасының тәуелсіздік тарихын жазуда мол дерек көзі болып табылады, тәуелсіздік тарихына катысты архив корларындағы материалдарды екшелеп, көпшілік кауымға тиімді түрде ұсыну кажет деген корытындыға келеді.

Қай заманда, кандай коғамда болмасын, отаншылдыктың бастауында ұлттык мактаныш сезімі түратындығы, ал оның кайнар көзі тарих пен мəдениет екендігі анык. Қазіргі заманда өркениетті үстанымы бар үлттар мен үлыстар, ең алдымен, өзінің кешегі жəне бүгінгі тарихын алға тартады. Ал, сол тарихты жазу алдымен баяндап отырған окиғаға катысты деректер мен күжаттарды зерттеуден басталады.

«История пишется по документам. Документы – это следы, оставленные мыслями и действиями некогда живших людей. Ничто не может заменить документов: нет их, нет и истории», — деп жазады XIX ғасырда Франциядағы «Анналдар мектебін» калыптастырушы тарихшы-ғалымдар Ш. В. Ланглуа мен Ш.Сеньобос [1; 49].

Ал, тарихты жазуға катысты бүл күжаттар, əрине, архивтерде сакталады. Архив сол тарих үшін жинакталған күжаттар коймасы. Сондыктан да ол жеке түлға мен коғамның мемлекеттің тыныс- тіршілігімен бірге тыныстап, өмір сүріп, халкына, мемлекетке, коғамға кызмет етеді. Архивке берілген баға өлшеусіз.

Қазакстан Республикасы Конституциясының 37-бабында: «Қазакстан Республикасының азаматтары тарихи жəне мəдени мүралардың сакталуына камкорлык жасауға, тарих пен мəдениет ескерткіштерін корғауға міндетті» делінген. Сондыктан да архивтердегі күжаттык корды сактау – үрпак алдындағы парыз.

Елбасының 2018 ж. 20 карашада жариялаған «Үлы Даланың жеті кыры» атты макаласында халкымыздың өткені мен бүгінгісін жəне болашағының іргелі негіздерінің бірі ретінде архив жүмыстарарына баса мəн берілген. Архив деректерін ғылыми айналымға енгізу үшін арнайы бағдарлама кабылдау кажеттілігі айтылды.

«Архив–2025 бағдарламасы аясында Тәуелсіздік жылдарында халкымыздың өткенін зерттеуге катысты аукымды жүмыстар аткарылды. Еліміздің тарихи жылнамасындағы актандактарды кайта калпына келтіруге жол ашкан «Мəдени мұра» бағдарламасы табысты іске асырылды. Алайда бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі кұжаттар, әлі деболса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр. Сондықтан ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық жəне шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мəдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық жəне шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақмерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мəн беру керек. Қай жағынан болсын, бұл маңызды жұмыс мемлекет есебінен атқарылатын «академиялық туризмге» айналмауға тиіс. Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет, — деп атап көрсетті Елбасы [2].

Ең алдымен, ғылыми əдебиеттерде мұрағат сөзіне берілген анықтамаға тоқталайық:

Мұрағат - ретроспективті құжаттың ақпаратты пайдалану мақсатында құжаттарды сақтау мен қабылдауды жүзеге асыратын мекеме немесе оның құрылымдық бөлімшесінде тұрақты сақталатын құрамдағы құжаттары бар мемлекеттік мұрағаттар ғылыми-зерттеу мекемелері болып табылады, ғылыми жұмыс жүргізеді [3; 25].

Мұрағат - тарих айнасы. «Бәрі де өтеді» дейтін көне тәсілден шығатын ақиқат - өшпейтін, ұмтылмайтын нəрсе жоқ. Сондай кезде өшкеніңді жандыратын, ұмытқаныңды жадыңда жаңғыртып, тарихтағы әр нәрсені, әрбір тұлғаны орын-орнына қойып беретін тағы да мұрағат. Өзін өркениетті санайтын елдің ешбірі мұрағат ісін шетке ысырып қоймайды» [4; 3], — деп баға береді ғалым, мұрағаттанушы Р.Х.Сариева.

Қазақстан Республикасының архивтік жұмыстары дамуының екі ғасырлық тарихы бар. Қазіргі уақытта әртүрлі бағыттағы, оның ішінде ғылыми-техникалық, кинофотоқұжаттар, жеке қорлар мен коллекциялар сақталған мемлекеттік архив қорлары халқымыздың мəдени жəне рухани құндылығын, ұлттық тарихымызды көрсетіп, айқындайтын бірден бір дəлел.

Тарихи архивтер мемлекеттіліктің атрибуты болып табылады, оларға қарап, мемлекеттің қазіргі әлемдегі даму деңгейі анықталады [5]. Қазақстан Республикасы Архивтері мекемелері қоғамдық құрылымдардың өзгеру үрдістері нәтижесінде туындаған қиындықтарға қарамастан (нарықтық экономикаға өту, бюджеттік қаржыландыру тапшылығы), архив жұмысының даму деңгейі мен кадрлық әлеуетін сақтап қалды.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ə. Назарбаевтың бастамасымен жергілікті партиялық архивтер мемлекеттік архивтер жүйесіне біріктіріліп, қоғамның ғылыми жəне мəдени қауымының кеңінен танысуына мүмкіндік берді.

Қазақстан көп уақыт бойы посткеңестік кеңістікте архив туралы заңы жоқ мемлекет болып келді. Негізі, Архив жұмысы туралы заң жобасы 1991 ж. дайындалып, бірнеше қайтара арнайы мамандар мен ғалымдардың екшеуінен өтті. Заң жобасы 1993 ж. Қазақстан Республикасының Жоғары кеңесінің ХІІ шақырылымында тыңдалды.

Ел Парламентінің 1998 ж. 22 желтоқсанда «Ұлттық архив қоры мен архив туралы» ҚР Заңын бекітуі елдің жоғары қызметін реформалаудың нормативтік-құқықтық базасын қалыптастырды. Соңғы жылдары бұл заңға бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, кейбір ережелер нақтыланды.

Еліміздің аса бай рухани қазынасы болып табылатын мұрағат ісі XVIII ғ. бастау алады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 17 тамыздағы «Қазақстандағы мұрағат ісіне 200 жыл» атты Қаулысында Қазақстан тарихында мұрағат ісінің пайда болуын былайша атап көрсетеді: «Алғашқы мұрағат Батыс Қазақстан аймағындағы Ішкі Ордада» қалыптасып, Бөкей хандығының мұрағаты атауымен белгілі болды делінген [6].

Мемлекет Басшысының «1998 жылды Халық бірлігі жəне Ұлттық тарих жылы деп жариялау туралы» Жарлығы еліміздің архив жүйесіне деген халықтың оң көзқарасын оятты. Ұлттың тарихи санасы, патриоттық сезімі нығая түсті. Мемлекеттік архивтердің оқу залынан АҚШ, Канада, Қытай. Жапон, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің келген зерттеушілер жиі көріне бастады [7; 8].

Мəдени мұра мен тарихи жәдігерлерді сақтау мен халыққа насихаттау ісінің маманы, бірнеше жыл ҚР Ұлттық Музейіне жетекшілік еткен Д.Мыңбай өз сөзінде: «...Мемлекеттің, қоғамның, жеке адамның мұрағаттық мұраға, мəдени ескерткіштерге көзқарасы — бұл өркениетті қоғамның, оның мəдени деңгейінің көрсеткіші», — деп жазады [8; 90].

Мұрағаттық деректер Қазақстан тарихының басым бөлігін зерттейтін дереккөзі болғандықтан, зерттеу қажеттілігі өзінен өзі туындайды.

1998 ж. 22 желтоқсанда «Ұлттық мұрағат қоры жəне мұрағаттар туралы» Қазақстан

Республикасының Заңында «Ұлттық мұрағат қоры — заңда белгіленген тәртіппен ұлттық құндылық деп танылған барлық мұрағаттардың, мұрағат қорлары мен коллекцияларының, деректі ескерткіштердің, тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мəдени айрықша маңызы бар құжаттардың жиынтығы» деген анықтама берген. Ал, осы заңның бабында: «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры Қазақстан халқының тарихи-мəдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады жəне оны Қазақстан халқының игілігі ретінде мемлекет қорғайды» деп көрсетіледі [9; 32].

Республикамыздың архив құжаттары – баға жетпес байлық, мемлекеттің, халықтың асыл қазынасы. Бүгін де, ертең де, келер ғасырларда да толыға беретін, жазыла беретін тарихтың қайнар көзі. Архив құжатынсыз тарихтың жазылуы мүмкін емес. Архив – өмірі таусылмас, қоймасы ортаймас, тарих көшімен бағзы заманнан бүгінге дейін өмірдің қатпар-қатпар кезеңдеріндегі еліміздің шаруашылығын, экономикасын, тарихи, мəдени ескерткіштерін, жеке тұлғалардың өмірін мәңгі жасататын ұлттық тарихи мұраның көзі.

Ұлттық архивті ұйымдастыру, дамыту жəне пайдалануды жақсарту мәселесі халықаралық, мемлекетаралық қатынасқа да тікелей байланысты екені сөзсіз. Өркениетті елдерде архив ісі, барлық архив қоры жəне құжаттама басқару аспектісі мемлекеттік қызметтің дербес саласы.

Мемлекет астанасын Астанаға көшіру осында басты архив мекемесін құру қажеттігін айқындап берді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 2003 ж. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев Ұлттық архив ғимаратының құрылысын салу туралы шешім қабылдады. Ұлттық архивтің ресми түрде ашылуы 2006 ж. 14 желтоқсанында өтті.

Елордамыз Астананың төрінен орын алып, Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан тарихи- мəдени маңызы бар күмбез тәріздес ғимаратты байқамай өту мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві қазіргі тарихты тербете отырып, тәуелсіздік жəне егемендік құжаттарын сақтайтын басты орталыққа айналды. Бұл орталық өзінің жастығына қарамастан, құжаттарды жинауда, сақтауда, пайдалануда жəне құжаттық деректерді жариялауда көпқырлы қызмет атқарады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві қызметкерлері архив қорына келіп түскен құнды құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдауды, сақтау мен құжаттардың архив қоймаларына тиімді орналасуын, құжаттардың толықтылығын жəне физикалық жағдайын тексеруді, сондай-ақ биологиялық, физикалық, химиялық зақымдануы бар құжаттарды анықтауды, есепке алуды жүзеге асырады.

Ұлттық архив тек қағаз түріндегі ғана емес, сонымен бірге электронды жеткізгіштегі құжаттарды қабылдайды. «Электронды Үкімет» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру архив саласында да, заманауи ақпараттық технологияларды қолдануды талап етеді. Осы мəселеге байланысты Ұлттық архивте «Мемлекеттік органдардағы электрондық мұрағаттар жүйесі» ақпараттық жүйесі енгізілген. Ұлттық архивте электрондық мұрағат жүйесін енгізу құжаттардың түпнұсқасының сақталуына, оларға тез жəне жеңіл түрде қолжеткізуге, сонымен қатар мемлекеттік органдардан электронды түрдегі құжаттарды қабылдауға мүмкіндік береді.

Ұлттық архивте сақталатын құжаттардың негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуы мен дамуы кезеңіне жатады. Ұлттық архивтің негізгі үш қызметі бар: Ұлттық архив қоры құжаттарын сақтау, толықтыру жəне пайдалану» [10].

Архивтік анықтамалар жəне көшірмелер беру тек Ұлттық архивтің ғана емес, барлық мемлекеттік архивтердің негізгі қызметтерінің бірі жəне халыққа қызмет көрсетудің мемлекеттік қызмет көрсету тізбесіне кіреді. Жыл сайын Ұлттық архив қорларына сұраныстар саны арта түсуде. Оған себеп — Ұлттық архив қорының əрдайым құжаттармен толықтырылуы.

Қазіргі кезде (2018 жылдың мәліметі бойынша) Ұлттық архивте 240 қор бар. Оның ішінде басқарушылық-әкімшілік сипаттағы құжаттар — 200, жеке қорлар саны — 40. Бұл қорлардың көпшілігі Қазақстанның тәуелсіздік жолы мен мəдени өмірінен мол дерек береді. Атап айтқанда, ҚР Жоғары кеңесінің қоры, ҚР Орталық сайлау комиссиясының қоры, ҚР Премьер-Министрінің қоры, ҚР жоғары Сотының, Конституциялық соттың, Жоғары арбитражды соттың қорлары, əртÝрлİ Министрліктер қорлары, ҚР Парламенті Сенатының қоры, сонымен қатар еліміздің көрнекті ғалымдары, мəдени қайраткерлері мен саяси тұлғаларының жеке қорлары шоғырланған.

Қазакстан Республикасының Жоғары Кеңесінің кұжаттары ҚР Ұлттык архивінің 2-корында жинакталған, барлығы 2486 кұжат бар. Мұндағы кұжаттар 1991–1995 жж. аралығын камтиды [11].

Қазакстан Республикасының Орталык сайлау комиссиясының кұжаттары ҚР Ұлттык архивінің 3-корында жинакталған, барлығы 1195 кұжат бар. Мұндағы кұжаттар 1988–2011 жж. аралығын камтиды [12].

Қазакстан Республикасының Конституциялык сотының кұжаттары ҚР Ұлттык архивінің 5-корында жинакталған, барлығы 333 кұжат бар. Мұндағы кұжаттар 1992–1995 жж. аралығын камтиды [13].

Осы аталған қорлар құжаттары еліміздің тəуелсíздíк тарихы, Тəуелсíздíк Декларациясын кабылдау, Қазакстан Республикасының Президентін сайлау барысы, тағы да баска маңызды саяси құжаттардың қабылдануы тарихынан мəлİмет береді.

Жоғарыда атап өткеніміздей, Қазакстан Республикасының Ұлттык архивіндегі жеке корлары ішінде көрнекті тарихшы-ғалым Ә.Марғұланның, Ж.Тəшеновтщ, Қ. Салғараұлының, А. Сейдімбектің, М. Жолдасбековтің, Ә.Таразидің, И.Жақановтың, Əбсаттар қажы Дербíсəлíнщ, А.Мұсаходжаеваның, Марат Әбсеметовтің, Р.Сариеваның қорларын атап айтуға болады. Бұл қорлар құжаттарымен жұмыс жасау арқылы тəуелсİз еліміздің саяси, мəдени, рухани өмірі жайлы мол мағлұмат аламыз.

Ұлттык архивке пошта аркылы, электронды поштаға келіп түскен барлык сұраныстар есепке алынып, сұраныстар тіркеу журналдарына енгізіледі, шығыс нөмірлері койылған хаттардың түпнұскалары сканерленіп, электрондык нұскада сакталады.

Қазакстан Республикасы Ұлттык мұрағатындағы мемлекеттік органдардағы электрондык мұрағаттар жүйесін (МО ЭМЖ) енгізу мен жетілдіру жұмыстары 2004 жылдың 10-карашасында Қазакстан Республикасы Президентінің № 1471 Жарлығымен бекітілген Қазакстан Республикасында 2005–2007 жж. арналған «Электронды үкімет» мемлекеттік бағдарламасын калыптастыру максатында 2007 жылдан басталған екен. Қазіргі уакытта Қазакстан Республикасының Ұлттык мұрағатындағы МО ЭМЖ «Қорлар», «Тізімдемелер», «Көрсеткіштер», «Мұрағат төлкұжаты», «Мемлекеттік сактандыру коры», «Толыктыру көздері», «Оку залы, зерттеушілермен жұмыс жасау», «Сұраныстар: əлеуметтíк-^кыктык, тақырыптық», «Топографиялық көрсеткіштер» жəне тағы басқа модульдерден тұрады.

Қазіргі таңда Қазакстан архивтері біздің ұлттык ескерткіштеріміз болып табылатын кұжаттармен Қазакстан Республикасының Ұлттык архиві корларын толыктыру, сактау жəне колдану жұмыстарын жалғастыруда. Тəуелсİз еліміздің қалыптасуының тарихи сəттерİн бейнелейтін Ұлттық архив кұжаттары тарихшы-ғалымдар мен жас зерттеушілер үшін өте маңызды деректер көзі болып табылады. Келешекте де Ұлттык архив корлары тың деректермен толығып, тарихшылар үшін казыналы орталыкка айналары сөзсіз.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Ланглуа Ш.В. Введение в изучение истории / Ш.В. Ланглуа, Ш. Сеньобос. — М.: Гос. Публичная историческая библиотека России, 2004. — 305 с.
  2. Назарбаев Н.Ə. Ұлы Даланың жеті қыры [Электронный ресурс] / Н.Ə. Назарбаев. — Режим доступа: https://egemen.kz/article/178090-nursultan-nazarbaev-uly-dalanynh-zheti-qyry
  3. Атабаев Қ.М. «Деректану» пəнİн оқыту методикасы: оқу құралы / Қ.М. Атабаев, Н.А. Тасилова, А.Ғ. Толамисов. — Алматы: Қазақ ун-тİ, 2011. — 299 б.
  4. Сариева Р.Х. Мұрағат жəне тарих: мақалалар, баяндамалар / Р.Х. Сариева. — Алматы: Арыс, 2004. — 292 б.
  5. Исахан Ғ. Тəуелсİз ел тарихының сүйенері — мұрағат / Ғ. Исахан // Қазақстан мұрағаттары. — 2012. — № 1(21).
  6. Əбсеметов М. Мұрағат жəне мұрағатты ел / М. Əбсеметов // Қазакстан мұрағаттары. — 2015. — № 4 (36).
  7. Национальный архив РК. Ф. 110. Центральный Государственный архив РК за 1997–1999 гг. Оп. 1. Д. 4. Л. 8.
  8. Аккали А. Мұрағаттардағы кұжаттарды сактау / А. Аккали // Қазакстан мұрағаттары. — 2012. — № 1(21). — 90-б.
  9. Национальный архив РК. Ф. 110. Центральный Государственный архив РК за 1997–1999 гг. Оп. 1. Д. 1. Л. 32.
  10. Əбсеметов М.О. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты: дамудың өзекті мəселелерİ мен болашағы / М.О. Əбсеметов // Қазакстан мұрағаттары. — 2012. — № 2(22).
  11. Национальный архив РК. Ф. 2. Верховный Совет РК (за 1991–1995 гг.).
  12. Национальный архив РК. Ф. 3. Центральная избирательная комиссия РК (за 1988–2011 гг.).
  13. Национальный архив РК. Ф. 5. Конституционный суд РК (за 1992–1995 гг).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.