Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресудегі шетелдік тəжірибе

Бүгінгі күні еліміз бұрын болмаған саяси жəне экономикалық жүйені түбірімен қайта құруда өз тарихында күрделі кезеңді бастан кешуде. Оның куəсі қазіргі уақытта экономикалық қайта құрудың нақтылы нəтижелеріне қолжеткізіліп, іс жүзінде өндірісті реттеудің нарықтық тетігі қалыптасып, тауарлық жетіспеушілік құрдымға кетіп, сыртқы саудадағы оңтайлы сальто тұрақты қамтамасыз етілді. Дегенмен, өкінішке орай, осы нарықтық шаруашылықты қалыптастыру өмірге бірқатар жағымсыз құбылыстар мен процестерді ала келді. Олардың бірі — елдің экономикасына үнемі кері əсерін тигізіп отырған сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикалық қызмет. Экономика саласындағы қылмыстылықтың көптеген себептерінің ішінде сыбайлас жемқорлық та бар екендігі бізге мəлім. Оның көптеген анықтамалары бар. Дегенмен, осы анықтамалардың тоғысатын жері, билеуші элитаның өз билігін немесе байлығын жоғарылату үшін мемлекеттік ресурстарды жағымсыз жағдайда пайдалануы. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар лауазымды тұлғалардың қызметтік мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, қылмыстық ниеттерін іске асыруынан көрінеді. Өкінішке орай, осы кеден саласындағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ішінде сыбайлас жемқорлыққа байланыстары бар тұлғалар да қызмет істейді. Бұл жұмыста қарастырылған шетелдердің мемлекеттік қызметкерлерінің, оларға теңестірілген лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ олармен аралас қызметтегілердің сыбайлас жемқорлық фактілері үшін жауапкершілігін реттеудегі тəжірибесі алуантүрлі, көбінесе қарама-қайшы жəне құбылмалы, бірақ назар аударуға тұрарлық. Дегенмен, қарастырылған шетелдік нормалар сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл мəселелерін шешумен байланысты отандық нормашығармашылық қызметте пайдалы болуы мүмкін.

Сыбайлас жемқорлықпен күресуде халықаралық-құқықтық тəжірибені қолданудың пайдасы өте көп. Отандық заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың көбісі шетел тəжірибелерінен келеді. Мысалы, Ата Заңымызды қабылдау үшін Италия конституциясының үлгісін пайдаланғаны баршамызға белгілі. Сонымен қатар аталған елеулі дертпен тиімді күресу шараларын да шетел құқық қорғау органдары жүргізетін шаралар сияқты пайдаланып келеді.

Батыс елдерінде пара алумен, жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу — алға қойылған міндет. Бұл зардапқа мемлекет тарапынан аса үлкен назар аударуда. Мысалы, Герман Федеративтік Республикасында сыбайлас жемқорлықпен федералдық денгейде Бундестаг (қылмыстық-құқықтық жəне басқа актілер қабылдап) жəне жергілікті деңгейінде Ландтагтар (қызметтік-құқықтық актілер қабылдап) күрес жүргізеді.

Бүгінгі күні еліміз бұрын болмаған саяси жəне экономикалық жүйені түбірімен қайта құруда өз тарихында күрделі кезеңді бастан кешуде. Оның куəсі қазіргі уақытта экономикалық қайта құрудың нақтылы нəтижелеріне қолжеткізіліп, іс жүзінде өндірісті реттеудің нарықтық тетігі қалыптасып, тауарлық жетіспеушілік құрдымға кетіп, сыртқы саудадағы оңтайлы сальто тұрақты қамтамасызетілді. Дегенмен, өкінішке орай, осы нарықтық шаруашылықты қалыптастыру өмірге бірқатар жағымсыз құбылыстар мен процестерді ала келді. Олардың бірі — елдің экономикасына үнемі кері əсерін тигізіп отырған сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикалық қызмет. Бізге белгілі экономика саласындағы қылмыстылықтың көптеген себептерінің ішінде сыбайлас жемқорлық та бар. Оның көптеген анықтамалары белгілі. Дегенмен, осы анықтамалардың тоғысатын жері — билеушілік элитаның өз билігін немесе байлығын жоғарлату үшін мемлекеттік ресурстарды жағымсыз жағдайда пайдалануы [1; 77]. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар лауазымды тұлғалардың қызметтік мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, қылмыстық ниеттерін іске асыруынан көрінеді. Өкінішке орай, осы кеден саласындағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ішінде сыбайлас жемқорлыққа байланыстары бар тұлғаларда қызмет істейді. Оның айқындығын еліміздегі осы салада қызмет ететін қызметкерлерге қатысты қозғалып отырған қылмыстық істерден көруге болады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мəселесі қазіргі уақытта дүниежүзілік өзекті мəселелердің біріне айналып отыр. Оның куəсі Біріккен Ұлттар Ұйымының 2003 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының алғысөзінде «сыбайлас жемқорлықтың ендігі жерде локалды мəселе емес екендігі, оның барлық елдердің экономикасы мен қоғамына қатысты трансұлттық құбылысқа айналғанын» атап өткен. Сондай-ақ аталмыш құжатта бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықпен күрес жəне оның алдын алу саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың ерекше маңыздылығы, келешекте көпсалалы жəне баршасын қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу тиімділігі үшін қажетті əдістеме боларын атап көрсеткен.

Батыстың көптеген елдерінде қауіпті сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресуде қатаң шаралар қарастырып отырғаны бəрімізге белгілі. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың ішінде ерекше көңіл бөлетін мəселе — парақорлық, қызмет бабын теріс пайдалану. Мұндай қылмыстар үшін əр елдерде əртүрлі жаза қарастырылған. Кейде лауазымды адамға «алғыс ретінде» берілген «сыйлықты» қылмыс болып табылатын парадан айыруды қажет етеді. Мəселен, АҚШ-та бұл проблема шешілген мемлекеттік қызметкер құны 100 долларға дейінгі сыйлықты еркін ала береді. Ал Германияда сыйлық құны 50 маркадан аспауға тиіс [2; 12].

1992 жылы Францияда 1810 жылдан қолданыста күші бар Наполеон кодексін алмастырып, жаңа қылмыстық кодекс қабылданды. Ол жаңа кодексте лауазымдық қылмыстарға қатысы бар нормалар едəуір өзгеріске ұшырады. Жаңа кодексте лауазымды қылмыстар қатарынан мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын теріс пайдалануын өзгертіп, оларды лауазымды адамдар жасаған немесе өнеркəсіптік немесе коммерциялық кəсіпорындардың басшылары мен қызметкерлері жасаған деп екі бөлек нормаларға бөліп тастаған. Бірінші жағдайда — 10 жыл, екінші жағдайда 7 жыл түрмеде қамау жазасын белгіленген. Жариялық билік өкілінің өзі тікелей немесе біреу арқылы қандай да бір сыйлық алғандығы үшін 2 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырып, 200 мыңнан 1 млн франкке дейін айыппұл төлеу жазасы қарастырылған.

Бұл елде парақорлық үшін де қылмыстық жауаптылық қарастырылған нормалар өзгеріске ұшырады. Бұл нормалар бойынша пара лауазымды адамдардың өзіне тиесілі емес соманы заңда көзделген деген сылтаумен алуы («енжар парақорлық») жəне пайыздарды заңсыз алу деп бөлінді. 1945 жылға дейін жалпы парақорлық үшін жауаптылық жəне жеке компаниялар қызметкерлерінің парақорлығы үшін жауаптылығы туралы заңда қарастырылған болатын. Бұл нормалар парақорлық үшін жауаптылық көзделген басқа заңдармен біріктіріліп, қылмыстық кодекске енгізілген.

Парақорлықтың қарапайым нысанына мемлекеттік билік өкілінің немесе айрықша өкілеттік берілген адамның өз өкілеттігін пайдаланып, заңсыз салық жинауға бұйрық беруі, ал егер ол жиналған ақшаның сомасы заңсыз жинауға болатыннан асып кетсе — 5 жыл түрмеде ұстау жəне 500 000 франк айыппұл түрінде жаза қолданылды [3; 59].

Парақорлықтың «енжар» нысанында мемлекеттік биліктің өкілі немесе айрықша өкілеттік берілген немесе сайлау мандаты бар адам, өз міндетін орындағаны немесе орындамағаны үшін одан пайда көрген адамнан қандай да бір сыйақы талап етсе, ол 10 жыл мерзімге түрмеге қамалады жəне 1 млн франк айыппұл төлейді. Егер жоғары аталған лауазымды адам кəсіпорын қызметіне толықтай немесе жартылай басшылық етіп, бақылау жүргізіп тұрған кездегі кəсіпорын қызметінен түскен пайызды өзіне тікелей немесе біреу арқылы алып тұрса немесе ұстап қалса, ол 5 жыл мерзімге түрмеде ұстауға жəне 500 000 франк айыппұл салу түрінде жазаланады.

Француздардың бұрынғы қылмыстық заңында енжар парақорлық жасаған адамға 2 жылға дейін түрмеде ұстау жəне 1500 франк айыппұл салу түрінде жаза қарастырылған жəне бұл жаза мынадай жағдайларда қолданылған:

  • – сайлау мандаты бар адамдар, əкімшілік немесе сот органдарының жария лауазымдағы адамдары, əскерилер, агенттер немесе мемлекеттік мекеменің сенім білдірілген адамы, мемлекеттік органда жұмыс істейтін адам, егер олар өз қызметтік міндетіне кіретін əрекетті орындағандары үшін пара алса;
  • – сот немесе тараптардың біреуі — тағайындаған арбитр немесе сарапшы, егер ол тарап үшін қолайлы немесе қолайсыз шешім немесе қорытынды жасаса;
  • – дəрігерлер — адамның бойында қандай да бір аурудың бар екендігін жасырғандығы немесе жоқ ауруды бар деп жалғандық айтқаны үшін пара алса.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының бірі — «билікті пайдаланып, қиянат жасау». Францияның 1992 жылғы Қылмыстық кодексінде қылмыстың бұл түрі екі топқа бөлінген:

  • – билікті басқару жүйесіне қарсы теріс пайдалану;
  • – билікті жеке тұлғаларға қарсы теріс пайдалану.

Бұл Қылмыстық кодекстің билікті басқару жүйесіне қарсы теріс пайдаланғандығы үшін жауаптылық көзделген нормаларында, заңды теріс қолданғандығы деп танитын əрекеттерге нақты сипаттама бермеген. Мысалы, оған мемлекет билік өкілінің өз қызметтік міндетін орындау барысында заңды бұзғандығы жатқызылған. Ол үшін бірнеше жылға дейін бас бостандығынан айыру жəне 500000 франк айыппұл салу жазасы көзделген. Ал егер қылмыстың қандай да бір зардаптары болса, жаза екі есеге ұлғаятын болған [4; 79].

Мемлекеттік билік өкілі, лауазымдық қызметін жүзеге асыру құқығы бар адам немесе сайлау мандаты бар адам өз қызметінің тоқтағаны жайында ресми хабар алғаннан кейін де қызметін орындауды əрі қарай жалғастырса, яғни шешімге бағынбаса, ол 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жəне 200 000 франк айыппұл төлеуге жазаланады.

Кодексте қызметтегі жалғандық үшін жауаптылық қарастырылмаған, ол Қылмыстық кодекстің 4-кітабына кіретін «Қоғамдық сенімге қиянат жасау туралы» тарауда берілген.

Жалғандық үшін жауапкершілікке жеке адам да, лауазымды адам да тартылады, бірақ кейінгінің жазасы қатаңырақ, «Мемлекеттік бақылау органдарына мемлекеттік қызметтегі адамдардың қолсұғуы туралы» тараудың нормаларына да назар аударалық. Онда «өз қызметін бəсекелестік бар секторда жəне жеке құқық нормаларына сəйкес жүзеге асырушы кез келген мемлекеттік кəсіпорын жеке кəсіпорынға теңестірілген» жəне бұл ереже мемлекеттік мекемелердің, ұлттық кəсіпорындардың капиталының 50 %-дан астамы тікелей немесе жанама мемлекетке тиесілі, экономикасы аралас компаниялардың қызметкерлеріне таралады делінген. Сонымен, заң шығарушы коммерциялық кəсіпорындар қызметкерлерін бұл қылмыстың субъектілері қатарынан алып тастады.

Германияның 1987 жылы қабылданған Қылмыстық кодексі жайында да айта кеткен жөн. Неміс заңгерлерінің алдында мемлекеттік қызметкерлер жасаған қылмыстарды коммерциялық ұйымдардың басшы қызметкерлері жасаған сондай əрекеттерден айырып алу проблемасы тұр.

Лауазымды адам ұғымына Қылмыстық кодексте «герман құқығына сəйкес: а) шенеунік немесе судья болып табылатын; ə) өзге де жария-құқықтық қатынастарда тұратын немесе б) қандай да бір билік органында немесе басқа мекемеде не оның тапсырмасымен жария басқару міндетін жүзеге асыруға тиісті адам» деп анықтама берілген. Бірақ кейбір жағдайларда «биліктің қандай да органында жария басқару міндетін жүзеге асырушы қызметкер де» лауазымды адам ретінде жазалануы мүмкін. Бұл парақорлық үшін жазаланатындар шеңберін кеңейтеді.

Парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілікті анықтағанда герман заңнамасы лауазымды адамның өз қызметтік міндетіне жататын занды əрекеттерді орындағанына немесе қызметтік міндетке қайшы келетін заңсыз əрекетті орындағанына аса көңіл бөледі [3; 68].

Қандай да бір əрекетті жасағаны немесе жасайтыны үшін өзіне мүліктік пайда талап еткен, алған немесе ондайға уəде алған лауазымды адам 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе айыппұлға жазаланады.

Əділсот жүргізу кезінде судьялардың немесе төрелік судьялардың жасаған тура осындай іс- əрекеті бұл қылмыстың саралаушы құрамы ретінде қарастырылған. Ол үшін 3 жылға дейін қамауда ұстау немесе айыппұл төлеу түрінде жаза белгіленген.

Егер субъект өзі талап еткен пайданы нақты немесе уəде түрінде алып, ол жайында билікті тез хабардар етсе немесе ол пайданы алуға құзыретті орынның келісімі болса, онда ешқандай жазалау шарасы қолданылмайды.

Сонымен, ГФР-ның ҚК-сінде лауазымды адамдардың немесе судьялардың пара үшін жасайтын əрекеттерінің сипаты туралы ешнəрсе айтылмаған. Керісінше, ҚК-де лауазымды адамның өзқызметтік борышын бұзатын əрекетті жасағаны үшін қандай да бір материалдық пайда талап еткендігі, алғандығы немесе ондайға уəде алғандығы қарастырылған жəне мұндай қылмыс үшін 6 айдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал ауырлығы шамалы жағдайда – 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл түрінде жаза көзделген [5; 73].

Егер мұндай əрекетті судьялар немесе төрелік судьялар жасаса, жаза қатаңырақ — 1 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жəне ауырлығы шамалы жағдайда — 6 айдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қызметтік борышты бұзу болып табылатын əрекетті пара үшін жасаған жағдайға қатысты қылмыстық жауапкершілік емес, іс жүргізу шаралары көзделген — ол үшін айыптының өзінің контрагентіне өз міндеттерін бұзуға немесе өз өкілеттігін теріс пайдалануға даяр екендігін іс жүзінде көрсетсе болғаны.

Германия Қылмыстық кодексінде пара бергендік үшін жауапкершілік туралы нормалар: лауазымды адамның пара үшін заңсыз əрекет жасауымен байланысты жəне оның өз қызметтік міндеттерін бұзумен байланысты пара ұсынғандық үшін жауапкершілікке бөлінеді.

Парақорлықпен байланысты қылмыстардың субъектісі жайында мыналарды айта кеткен жөн. Германия құқығында пара алғандық үшін жауапкершілігі жоғары лауазымды адамдардың ішінде тек судьялар мен төрелік судьялар ғана аталған. Ал басқа лауазымды адамдар, қандай биік жəне жауапты жұмыстар атқарғанымен, ҚК-тің лауазымдық қылмыстар туралы тарауында аталмайды [3; 110].

Сонымен қатар бұл тарауға лауазымды адам болмаса да, «жария қызмет өтеуге тікелей шақырылған» адамдар да кірген, бұл пара алғандық үшін жауапкершілік туралы нормалар бойынша қудаланатын адамдар шеңберін кеңейтеді. Жəне де бундесвер əскерилері пара алуы мүмкін субъектілер қатарында жоқ, ал солдатты пара беріп заңсыз да, заңды да əрекет жасауға итермелеген адам үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Бірақ 1997 жылы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңның қабылдануымен байланысты қылмыстық заңнамаға мына жағдайларға қатысты едəуір өзгерістер енгізілді:

  • – лауазымды адамдар қатарына тек мемлекеттік қызметкерлерді ғана емес, коммерциялық ұйымдардың жəне басқа шаруашылық субъектілерінің басшы адамдарын жатқызу есебінен лауазымды адам ұғымының ауқымы кеңейді;
  • – егер қылмыстық ұйым тарапынан пара берілген болса, бұрынғыдай оны берген нақты адамды анықтаудың қажеттілігі жоқ, енді пара бергендік туралы айып қылмыстық топқа түгелдей тағылады. Мекеменің қызметкерлерімен жақсы қатынаста болу үшін ұдайы қызмет көрсетіп немесе садақа- құрбандық беріп тұру да заңсыз деп танылды;
  • – қайырымдылық ұйымдарының қажетті əкімшілік шешімдерінің қабылдануын көздеген құрбандықтары да заңға қайшы деп қарастырылады;
  • – парақорлық үшін жазалау шегі 2 жылдан 3 жылға, ал судьялар үшін 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға көтерілді [5; 125].

Қызметтен тəртіптік жаза бойынша шеттетілген қызметкерге, егер ҚК-де қарастырылған кейбір қылмыстардың жолын кесу үшін шара қабылдап, тергеу органдарына белсенді көмектессе, оған 65 жасқа толғаннан кейін ай сайын ақы төлеп тұру көзделген.

Америка Құрама Штаттарының қылмыстық заңнамасында парақорлықтың төрт негізгі нысаны көрсетілген:

  • жария əкімшілік қызметіне нұқсан келтіретін парақорлық;
  • коммерциялық парақорлық;
  • кəсіподақтар қызметіндегі парақорлық;
  • спорт саласындағы парақорлық.

Парақорлық жайлаған сала мұнымен бітпейді. Кейінгі үшеуін қоя тұрып, жария əкімшілік қызметіне нұқсан келтіретін қылмыстарға баса назар аударайық. Мұндай парақорлық үшін жауаптылықты реттейтін нормалар американдық заңнамада жан-жақты баяндалған [2; 17].

Америка Құрама Штаттарының қылмыстық заңнама жинағында «Адал емес табыстар парақорлық, лауазымды адамдардың өз қызмет бабын теріс пайдалану» деп аталатын арнайы тарау бар. Бұл заңда пара алған адам да, пара берген адам да парақорлық субъектісіне жатқызылған. Пара алатын лауазымды адамдардың қатарына келесілер жатады:

  • – конгресс немесе тұрақты комиссиялардың мүшелері, АҚШ-тың департаменттер өкілдері, атқарушы билік органдары атынан əрекет ететін адамдар немесе қызметкерлер;
  • – лауазымды тұлғаның міндетін атқару үшін таңдап алынған немесе тағайындалған адамдар;
  • – арнаулы үкімет қызметкерлері, оның қатарына федералдық заң шығарушы жəне атқарушы органдардың, кез келген тəуелсіз органдардың, сыйақыға немесе сыйақысыз жылына кемінде 130 күн жұмыс істейтін шенеуніктер мен қызметкерлер кіреді [3; 108].

Америкада осындай мақсатта берілген пара үшін жауаптылық көзделген:

  • – лауазымды адамның қарауындағы мəселенің шешіміне ықпал ету үшін;
  • – лауазымды адамды қандай да бір жалған əрекет жасауға немесе мүлдем əрекет жасамауға итермелеуге көндіру үшін.

Пара алушылар жоғарыда көрсетілген санаттардағы лауазымды адамдар болып танылады. Əрине, параны алудың жəне берудің мақсаты лауазымды адамды заңды да, заңсыз да əрекеттерге итермелеу болғандықтан, параны алғандары жəне бергендері үшін он мыңнан астам долларға дейін айыппұл жəне екі жылға дейін түрмеде қамау жазасы көзделген [6; 32]. Мұндай қылмыстар үшін бұрынғы қызметкер де, келешек қызметкер де жазалануы мүмкін. Мемлекеттік қызметкерлер жасайтын лауазымдық қылмыстардың екінші тобына — қызмет бабын теріс пайдаланғандыққа — негізгі лауазымдық міндеттермен үйлеспейтін қызмет атқару жатады. Конгресмен немесе Конгреске сайланған адам, не тұрақты комиссияның мүшесі Талап сотында тəжірибе жүргізетін болса, ол оның қызмет бабын теріс пайдаланғандығы болып табылады.

Заң шығарушы, атқарушы немесе сот органдарының мемлекеттік қызметкері немесе жалданып жұмыс істейтін адамы, егер өз міндетіне жатпаса, АҚШ қойған қандай да бір талапта өкіл немесе айыптаушы бола алмайды, ондай талап қоюда көрсеткен көмегі үшін сыйақы, пайызды үлес алуға тиісті емес. Бұл нормаларды бұзғандық үшін 10000 долларға дейін айыппұл немесе 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жоғарыда аталған лауазымды адамдар өзінің бас пайдасы үшін қандай да бір іске мемлекеттік қызметкер ретінде араласса, ондай əрекет үшін де қылмыстық жауапкершілік көзделген [2; 19].

Лауазымды адамға келетін пайда мардымсыз жəне оның мəртебесі одан зардап шекпейді деп санап, жоғарғы тұрған лауазымды адам жазбаша рұқсат берген жағдайда ғана, ол қандай да бір іске қатыса алады.

АҚШ заңнамасында сайлаумен жəне саяси қызметпен байланысты қылмыстар өзінше бөлек тарауда қарастырылған. Қандай да бір сайланбалы орынға үміткердің өзін қолдағаны үшін біреуге қызмет уəде еткендігі қылмыс деп саналады. Сенаторлардың, өкілдер палатасы мүшелерінің, басқа да мемлекеттік қызметкерлердің саяси ынтымақтастыққа өзінің тікелей немесе біреу арқылы сұраншақтануы да қызмет бабын теріс пайдаланғандық болып табылады. Бұл көрсетілген əрекеттер үшін 5000–10000 долл. айыппұл немесе 2–3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза белгіленген.

Нью-Йорк штатының Қылмыстық кодексінде лауазымдық қылмыстарға «Жария басқаруға қарсы қылмыстар» деп аталатын тарау арналған. Онда лауазымды адамның заңсыз əрекеттері, лауазымдық міндетті жүзеге асыруға кедергі жасағандық, парақорлық, сондай-ақ сот əділдігіне қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік көзделген баптар біріктірілген.

Бұл тұжырымдама бойынша, парақорлық құрамы үш дəрежеге топтастырылған. Басқаларға қарағанда, бұл Штаттың заңнамасында пара алу-беру қылмыстың өзінше дербес құрамы ретінде қарастырылған. Парақорлықтың үш дəрежесіне тиісінше параны алудың-берудің де үш дəрежесі қарастырылмаған. Ал жария қызмет алу мақсатындағы парақорлық қылмыстың өзінше дербес құрамына жатқызылған [7; 269].

Парақорлықтың барлық үш дəрежесі де ауыр қылмыстар болып саналады, олар параның сомасына қарай «В», «С», «Д» деп белгіленді. Үшінші дəрежелі парақорлық «Д» класының фелониясына жатады. Бұл ретте пара беруші жария қызметкердің өзінің айтқанын істеуге келіскені үшін қандай да бір оған материалдық пайда келтіруге уəде етеді. Мұндай қылмыстар 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға алып келеді.

Екінші дəрежелі парақорлықта да осындай əрекеттер орын алады, бірақ параның мөлшері 10000 долл. асады, ал ол үшін 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген. Бірінші дəрежелі парақорлықта параның мөлшері рөл атқармайды, бұл жерде «А» класының фелониясына жататын қандай да бір ауыр қылмысты жасағаны немесе жасауға талпынғаны үшін кез келген адамды тергеуге, қамауға, айыптауға немесе оқшаулауға бағытталған ықпал жасалынады, ол үшін 25 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Жария қызметкердің өз міндеттерін бұзғандығы үшін қандай да бір пайда көруі «Е» класының фелониясына жатады, ол үшін 4 жылға дейінгі мерзімге қамауда ұстау белгіленген. Заңсыз сыйақыберу жəне алу «С» класының фелониясы ретінде қарастырылады (7 жылға қамауда ұстау). «Шай- пұл» бергендік жəне алғандық үшін де жаза белгіленген. Бұл қылмыстар жеңіл қылмыстарға жатады, ол үшін 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған [6; 31].

Калифорния штатындағы жүйе басқаша. Қылмыстық кодексте лауазымдық қылмыстар екі топқа топтастырылған:

  • атқарушы билік өкілдері жасаған жəне атқарушы билікке қарсы бағытталған қылмыстар;
  • заң шығарушы билікке қарсы бағытталған қылмыстар.

Бірінші топқа жататындар: парақорлық; табысты, сыйлықты немесе сыйақыны заңсыз алу; оларды талап ету; сыйлықты ұсыну жəне беру, сондай-ақ қызметке тағайындалғаны үшін сыйақы алу-беру. Екінші топқа биліктің заң шығарушы органдарындағы пара алу жəне беру фактілеріне қатысты қылмыстар ғана жатқызылған.

«Атқарушы органдардың шенеуніктеріне пара беру немесе ұсыну» тарауына мынадай түсінік берілген: «Осы штаттың атқарушы органының кез келген шенеунігіне қандай да бір ықпал жасау ниетімен қандай да бір пара берген немесе ұсынған адам төрт жылға дейін түрмеге қамауға жəне штатта қандай да бір мемлекеттік қызметке тұруына тыйым салумен жазаланады».

Ал «Атқарушы органдар мен министрліктердің шенеуніктерінің пара алуы» тарауына мынадай түсініктеме берілген: «Өзінің дауысы, пікірі немесе əрекеті мəселенің шешілуіне ықпал ететінін біле тұрып пара сұраған, алған немесе алуға келіскен мемлекеттік шенеунік төрт жылға дейінгі мерзімге түрмеге қамаумен, сондай-ақ қызметінен босатуға жəне штатта қандай да бір қызмет атқаруға тыйым салумен жазаланады» [5; 154].

Штаттың кез келген лауазымды адамы өзіне тиесілі еместігін біле тұра табыс, сыйлық, сыйақы сұраса, алса немесе алуға келіссе, онда ол қылмыс жасаған болып саналады. Ондай əрекет үшін ол адам 6 ай бас бостандығынан айыруға, немесе 1000 долл. айыппұлға, жазаланады. Қандай да сый немесе сыйақы үшін басқа адамды жария ұйымға жұмысқа дайындаса, 10000 долл. мөлшерінде айыппұлға жазаланады жəне Калифорния штатында кез келген қызмет атқару құқығынан айырылады.

Пенсильвания штатының Қылмыстық кодексінде парақорлық үшін жауапкершілік «Жария басқаруға қарсы қылмыстар туралы» тарауда келтірілген, оның басқа штаттардың заңдарынан айырмашылығы — қылмыстық əрекеттің түрлері субъект жəне объект бойынша бөлініп алынбаған [8; 56]. Қылмыстық заң нарықтық экономика жағдайында ұзақ уақыт бойы қолданылып келген АҚШ- тың мысалында біз мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің қылмыс жасауымен байланысты қалыптасатын қатынастардың қалай реттелетінін көрсетуге тырыстық. Бірақ бұларда да шешімін таппаған көптеген мəселелер бар, солардың бірі — мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің жасаған қылмыстарын коммерциялық ұйымдар қызметкерлерінің сондай іс-əрекетінен ажырап қарастыру мəселесі. Оның себебі Батыстың əр елі лауазымдық қылмыстарға жатқызылатын іс-əрекеттер шеңберін əртүрлі анықтайды. Ал оларды саралағанда қылмыстың объектісінің ғана емес, субъектісінің де ерекшелігі ескерілуі тиіс. Олай болмаған жағдайда олардың құрамы басқа тарауларда анықталған өзге қылмыстардан ажырату қиынға түседі.

1998 жылғы 10 қыркүйекте «Парақорлық үшін жауапкершілік туралы» Еуропа кеңесінің (ЕК) заңы қабылданды, онда ЕК билік органдарының лауазымды адамдарының жəне ЕК-не қатысушы елдердің-мемлекеттердің лауазымды адамдарының парақорлығына қатысты жауапкершілік қарастырылған.

1998 жылғы 10 қыркүйекте «Халықаралық парақорлықпен күрес туралы» Заң қабылданды, ол 1997 жылы 33 мемлекет қол қойған «Шетелдік лауазымды адамдардың халықаралық сауда айналымындағы парақорлығымен күрес туралы» Келісімде қарастырылған ережелер негізінде даярланды. Оған сəйкес пара берушінің мүддесі үшін лауазымды адам жасаған əрекеттің немесе əрекетсіздіктің кайтарымы ретінде халықаралык сауда айналымында тиімді тапсырыс немесе елеулі артықшылық берген, көрсеткен немесе уəде еткен кез келген адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады [6; 21].

Германия қылмыстық заңында қылмыстың билікті пайдаланып, қиянат жасаудың барлық жағдайларын қамтитындай кеңейтілген құрам жоқ, сондай-ақ билікті асырудың немесе қызметтік міндетті қылмыстық орындамаудың да кұрамдары жоқ.

Құжаттарды жалған куəландыру да лауазымдық қылмыстар қатарына жатқызылған, өзінше бөлініп алынған жəне ресми құжаттар беруге өкілетті адам құқықтық тұрғыдан елеулі фактіні жалған куəландырса немесе ресми реестрге немесе кітапқа заңсыз енгізсе, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады немесе оған айыппұл салынады деп көрсетілген.

Дамыған басқа капиталистік елдердің қылмыстық заңнамасын алатын болсақ, оларда да мемлекеттік лауазымды адамдар жасаған қылмыстар мен коммерциялық ұйым басшылары жасаған сондай іс-əрекеттер арасындағы ерекшеліктерді айқындау мəселесі əртүрлі шешілген.

Мысалы, 1990 жылы Италияда ҚК-нің лауазымды қылмыстар туралы тарауына едəуір өзгертулер енгізген № 86 бұйрық қабылданды [9; 8]. Ол заң лауазымды адам ұғымының анықтамасын өзгертті. Бұрын лауазымды адамдар қатарына: 1) мемлекеттік қызметті тұрақты немесе уақытша атқарып жүрген мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік кəсіпорын қызметкерлері; 2) мемлекеттік қызметті тұрақты немесе сыйақыға, еркімен немесе міндеті бойынша атқарып жүрген кез келген басқа адамдар жатқызылған еді.

1990 жылғы заң лауазымды адамдарға заң шығарушы, сот не əкімшілік функцияларын орындайтындарды жатқызуы, ал жария құқық нормаларымен жəне биліктің қаулыларымен реттелетін функциялар мемлекеттік деп саналды.

Лауазымды адамның міндетін кез келген лауазыммен атқарушы адам да лауазымдық қылмыс субъектісіне жатқызылды. Сонымен қатар адвокат кəсібімен немесе санитарлық қызмет саласындағы кəсіппен, сондай-ақ мемлекеттің арнайы рұқсатынсыз тыйым салынған кез келген басқа кəсіппен айналысатын жеке адамдар, жария əкімшілік шығарған нормативтік актіде қоғамдық қажеттілік функциясы деп анықталған функцияны орындайтын жеке адамдар да лауазымдық қылмыстар үшін жауапқа тартылатын субъектілер деп танылған. Нəтижесінде бұл субъектілер шеңбері кеңейтілді.

Бұл Қылмыстық кодекс бойынша параны бопсалаушылық жəне пара алу сияқты аралас құрамды қылмыстар лауазымдық қылмыстар туралы тарауға енгізілді. Сондай-ақ құрамдарды бөлектеудің өлшемдеріне пара беруші мен алушының арасындағы қатынас алынды. Параны бопсалаушы адам өз мəртебесін пайдаланып, пара берушінің үрейін ұшырады, оны пара беруге мəжбүр етеді. Ал параны жай алған жағдайда беруші мен алушы арасында ықтиярлық қатынас болады, олардың екеуі де бұл əрекеттің заңсыз екендігін ұғына отырып, оны өздерінің мүдделерін қанағаттандыру мақсатында жасайды [9; 9].

Өз қызмет бабын пайдаланып, пара бопсалаушы адам үшін 4 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленген.

Параны бопсалаушылық үш элементпен сипатталады: лауазымды адамның өз қызмет бабын пайдалануы, талап етуінің заңсыздығы жəне жеке адамға психикалық қысым көрсетуі. Италияның Қылмыстық кодексінде бөлек-бөлек баптарда үш құрам бөлініп алынады: лауазымды адамның құзыретіне қайшы əрекеттерді жасағандық үшін пара алу, лауазымды адамның құзыретіне кіретін əрекеттерді жасағандық үшін пара алу жəне параны сотта алу. Сонымен параны бопсалаушылық пен параны алу құралдарын айыру өлшемдеріне сыйақы үшін лауазымды адам жасаған əрекеттердің сипаты емес, лауазымды адам мен пара беруші арасындағы қатынастың сипаты алынады. Пара алғанда екі жақ өзара келісімге келеді, ал параны бопсалаушылықта ондай ықтиярлық болмайды.

Пара алғанда жеке адам тарапынан, ал бопсалаушылықта лауазымды адам тарапынан ынта білдіріледі.

Қызмет бабын пайдаланып, қиянат жасау Италияның Қылмыстық кодексінде елеулі лауазымдық қылмыс болып табылады. Бұл нормаға сəйкес, лауазымды адам немесе лауазымды адамның міндетін атқарушы өзі немесе басқа біреу үшін сипаты мүліктік емес пайда көру мақсатында немесе басқа адамдарға заңсыз зиян келтіру мақсатында өз қызмет бабын теріс пайдаланса жəне оның іс- əрекетінде ауырырақ қылмыстың белгісі болмаса, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады [9; 7].

Ал мүліктік сипаттағы пайда көру үшін қызмет бабын теріс пайдаланған жағдайда — жаза қатаяды, 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге түрмеге қамалады. Бірақ басқа елдердің заң актілері сыбайлас жемкорлықпен күресте қатаңырақ шаралар қарастырған. Мысалы, Канадада сотта немесе заң органында істейтін мемлекеттік қызметкер белгілі бір əрекет жасағаны немесе ондай əрекетке жол бергені үшін материалдық жəне басқадай пайда алуға келісімін берсе, 14 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Мұндай жаза полиция комиссарлары мен əділсот саласында өкілеттік жасаушы адамдар үшін де көзделген.

Француз құқықтанушысы М. Ансельдің мынадай пікірімен келіспеуге болмайды, шетел құқығын зерделеген заңгер өз елінің құқығын жақсы игереді, өз құқығын қанша жете білгенмен, жақсы ойлар мен пікірлер оны басқа құқықпен салыстырғанда келеді [10; 41].

Мемлекеттік басқару органдарымен кез келген іскерлік келісім жасасқан кезде, көрсеткен көмегі үшін несие, комиссиялық сыйақы немесе өзгедей пайда талап еткен, ұсынған немесе алуға келісім берген лауазымды адамға түрмеге қамау түріндегі жаза қолданылады.

Қорыта келе айтарымыз, бұл жұмыста келтірілген шетелдердің мемлекеттік қызметкерлерінің, оларға теңестірілген лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ олармен аралас қызметтегілердің сыбайлас жемқорлық фактілері үшін жауапкершілігін реттеудегі тəжірибесі əртүрлі, қарама-қайшылықтар да кездеседі. Дегенмен, шетелдік нормаларға көңіл аударарлық сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы əрекет үшін отандық норма шығармашылық қызметтің құзырына пайдасы өте көп екендігі байқалады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Щетинин В. Одолеем ли коррупцию? / В. Щетинин // Международная жизнь. — 1993. — № 2. — С. 76–80.
  2. Михайлов Л .В. Борьба с коррупцией в США (80-е годы) / Л .В. Михайлов // Вопросы истории. — 1994. — № 5. — С. 10–25.
  3. Уголовное законодательство зарубежных стран (Англия, США, Франция, Германия, Япония): сб. законодательных материалов; под ред. И.Д. Козочкина. — М.: Зерцало, 1999. — 352 с.
  4. Зубченко В.А. Коррупция во Франции / В.А. Зубченко // Экономические и социальные проблемы России: пробл.- темат. сб. — М.: ИНИОН РАН, 2004. — 129 с.
  5. Кузнецов Ю.А. Российское и зарубежное законодательство о мерах противодействия коррупции: учеб. пос. / Ю.А. Кузнецов, Ю.Р . Силинский, А. В. Хомутова. — Владивосток: Изд- во: ДВГАЭУ, 1999. — 198 с.
  6. Решетников Ф. М. Ответственность за должностные преступления в зарубежных странах / Ф. М. Решетников. — М.: Юрид. лит., 1994. — 128 с.
  7. Роуз- Аккерман С. Коррупция и государство. Причины, следствия, реформы / С. Роуз-Аккерман; пер. с англ. О.А. Алякринского. — 2-е изд.— М.: Логос, 2010. — 356 с.
  8. Борьба с коррупцией в государственных органах Республики Казахстан: учеб. пос.; под ред. Е.О. Алауханова. — Алматы: Изд-во КазАТК, 2008. — 330 с.
  9. Heyer R. Korruptions be Kampfung im offentlichen Dienst / R. Heyer // Wissenschaftliche Dienste des Deutschen Bundestages. — 1999. — S. 6–10.
  10. Ансель М. Методологические проблемы сравнительного права / М. Ансель // Очерк сравнительного права. — М.: Прогресс, 1981. — С. 36–86.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.