Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында салықтық жоспарлаудың құқықтық негіздері

Салықтық жоспарлауға негіз болып мемлекеттің салық, бюджет, инвестициялық саясаттарының негізгі даму бағыттарын ескеру; кəсіпорынның есеп саясатын жүргізу; заң бойынша белгіленген барлық салық жеңілдіктерін толық жəне дұрыс қолдана отырып, салық төлеушінің салық міндеттемесін орындау; салық төлеу мерзімін ұзарту, салық жəне инвестициялық жеңілдіктерді алу мүмкіндігін бағалау, тағы басқа факторлар танылады. Салықтық жоспарлау жедел (оперативті), бақылау, жоспарлау тəрізді функцияларды атқарады. Салықтық жоспарлауды жедел, тактикалық жəне стратегиялық элементтерді қамтитын үш деңгейлі жүйе ретінде де қарастыруға болады. Қарастыратын мəселесінің маңыздылығына жəне шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы қызметінің соңғы нəтижесіне салықтардың тигізетін əсеріне байланысты салықтық жоспарлау стратегиялық жəне жедел (оперативті) кезеңдерді қамтиды. Мемлекеттік салықтық жоспарлау көбінесе ағымдағы салықтық жоспарлау түрінде жүзеге асырылғандықтан, ол нақты қаржылық жылға түсетін салықтық түсімдердің жоспарын қалыптастырумен байланыстырылады жəне салықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін тəсілдерден тұрады. Мемлекеттік салыктық жоспарлауды іске асыру кезінде салық салуға байланысты болжамдар бюджеттік тапсырмалар негізінде қалыптастырылады жəне еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуының багдарламаларында беріледі. Бұл бағдарлама салық салу аясындағы қағидалар мен ережелерді, салык заңдарын жəне қаржылық заңдарды қабылдау (салық салу жөнінде қабылданған нормативтік актілер, өзгерістер мен толықтырулармен қабылданған салық кодексі, барлық қызмет көрсету сферасындағы заңды жəне жеке тұлғаларға біркелкі салық саясатын жүргізу құралы) негізін құрайтын экономикалық тұрғыдан негізделіп, заң түрінде ресімделген қағидалар мен ғылыми тұжырымдарды белгілеу жүзеге асырылады.

Салық салу мəселесі кез келген кəсіпорын үшін өте маңызды, себебі салық кəсіпорынның кірісінің белгілі бір мөлшерін мемлекетке міндетті түрде аударуы, сондықтан кəсіпорындар кіріс бөлігін барынша азайтуға тырысады. Сол себепті салықтық жоспарлау түсінігі қолданылады, салықты жоспарлау көмегімен салықтық міндеттемелерді заңды түрде қысқарту салық жоспарлау бойынша маманның көмегімен жүзеге асырылады. Салық жоспарлаудың қажеттілігі – егер олар Үкімет органдарының бағдарламаларына сай қызмет етсе, онда салық төлеушілерге түрлі салық жеңілдіктері мен салық базасын есептеудің түрлі əдістерін салық заңнамасында бекітілген осы жəне басқа да салықтық режимдерді қарастыру.

Салықтық жоспарлау – бұл салықтық міндеттемелерді заңда қарастырылған жеңілдіктер мен əдістерді қолдана отырып қысқарту. Оның маңызы салық төлеушілердің өз салықтық міндеттемелерін максималды азайту үшін заңда белгіленген тəсілдер мен құралдарды қолдану құқықтарына ие болу. Салықтық жоспарлау бизнесті ұйымдастыруда тиімдірек, себебі ұйымдастырушылық-құқықтық форманы, ұйымды тіркеу орнын, ұйымның ұйымдастырушылық құрылымын жасауда бастапқыда дұрыс таңдаудың маңызы зор. Өткен ғасырдың 90-жылдары мамандар мен практиктердің нұсқаулары салықтық төлемдерді минимализациялауға байланысты жеке басқарушылық шешімдерден айырмашылығы болды. «Салықтық жоспарлау» түсінігі салықтық міндеттемелер мен төлемдер түсінігімен бірге пайда болды. Салықтық жоспарлау салықтық міндеттемелерді заңдастыру жолымен анықталды, яғни салық төлеушінің бюджетке төленетін салықтық төлемдерін заңға сəйкес əрекеттендіруі. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің басым бөлігі салық заңдарында бекітілген көптеген салықтар бойынша жеңілдіктерді дұрыс қолданбайды. Сонымен қатар салық зардаптарын ескере отырып, мəмілелердің мүмкін болатын формаларына талдау жүргізуі қажет. Қателердің аз болуын салық есептемелерінің ішкі бақылау технологиясының процедурасы мен қағидаттары қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бақылау органы салық төлеу мерзімінен асып кетпеуін бірінші орынға қояды. Бірақ салықтар жəне алымдар төлеудің мерзімі салық заңнамаларында белгіленген болса, оларды қолдану керек [1; 115]. Салықты азайтудың əдістерінің бірі шетелдерде оффшорлық компанияны ашу жəне Қазақстан аумағында салықты аз төлейтін компания ашу болып табылады. Сондай-ақ салық ауыртпашылығын заңды түрде азаюын жəне бизнестің ортақ схемасына дəлме-дəл болуы керек. Схемасы дəл болмаса бақылау органдары салық төлеушіні үнемі тексереді.

Салықтық жоспарлау процесі бір-бірімен тығыз байланысты кезеңдерден тұрады. Олар келесідей: Бірінші кезең — бизнесті ұйымдастыру идеясының пайда болуы, мақсаттары мен міндеттерін жасақтау, сондай-ақ заң шығарушы органдар беретін салықтық жеңілдіктерді қолдану туралы сұрақтарды қарастыру. Екінші кезең — салықтық көзқарастан қарағанда кəсіпорынның өндіріс орындарына жəне кеңселеріне, сондай-ақ филиалдарына, еншілес компанияларына жəне басқарушы органдарына тиімді орын таңдау. Үшінші кезең — заңды тұлғаның ұйымдастырушылық- құқықтық формасын таңдау жəне салық режимімен пайда болатын қарым-қатынасын анықтау. Төртінші кезең салықтық жеңілдіктердің талдауын көздейтін кəсіпорынның салықтық кеңістігінің пайда болуын қарастырады. Бесінші кезең — кəсіпорынның мəмілелер бойынша қатынастарының жүйесін жүзеге асыру (пайда болған салық кеңістігін есепке ала отырып). Қорытындысында шаруашылық субъектінің мəмілелік кеңістік пайда болады. Алтыншы кезең түрлі жағдайға талдау жүргізіледі: штрафтық жəне басқа да санкциялармен айқындалып алынған қаржылық көрсеткіштерді мүмкінді шығындармен салыстыру. Жетінші кезең — қате жібермеудің негізгі тəсілі болып салық есептемелерінің ішкі бақылау технологиясы табылады.

Салықтық жоспарлаудың шектеріне келесілер жатқызылды: заңнамалық шектеулер — оларға салық заңнамаларын бұзғаны үшін белгіленген жауапкершілік шараларын жатқызуға болады. Əкімшілік ықпал ету шаралары — тексеріс жүргізіп, сəйкесінше санкцияларды қолдану туралы шешім қабылдай алады, əсіресе салық төлеушінің шотындағы есеп айырысу операцияларын тоқтату, салық төлеушінің мүлігін тəркілеу. Арнайы соттық доктриналар — салықтарды заңсыз төлеу мен жалтаруда заң талаптарына сəйкес келмейтін мəмілелерде қарастырылады. Оларға «формадағы қалып» жəне «іскерлік мақсат» доктриналары жатады. Салықтық жоспарлаудың негізгі шегі салық төлеуші өз салық міндеттемелерін тек заңды түрде ғана жүзеге асыруында. Олай болмаған жағдайда салық үнемділігінің орнына үлкен қаржылық шығындар, банкроттық, тіпті бостандығынан айырылуға дейін барады. Кəсіпорындар мен ұйымдарда салықтарды басқару жүйесін құру мен сəтті жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалу керек. Олар: даму стратегиясы, бизнес- жоспары жəне бюджетінің арақатынасының болуы; əкімшіліктің стратегиялық жəне тактикалық жоспарлар негізінде салықтық жоспарлауды, сондай-ақ басқарудың мінсіз үрдістерін жүзеге асыру; Интернет-ресурстарын жəне жүйелік технологияларды қолдана отырып, жинақтау жүйесін ұйымдастыру мен ақпараттарды өңдеу; құрылымдық бөлімшелерге бөлу (тұлға), бірегей жүйе ретінде салықтық жоспарлауды ұйымдастыруға жауапты; салықтық жоспарлаудың схемасын құрастыру (салық кеңістігі, мəмілелік кеңістік); факторлар жүйесінің мониторингісі) [2; 87] (сур. қара).

 

Көптеген мемлекеттерде салық төлеуден жалтаруды азайтудың əдістері қолданылады, олар салықтық жоспарлаудың қолданылу саласын азайтуды қарастырады. АҚШ, Ұлыбритания жəне тағы басқа елдерде «антитрансферттік», «антиоффшорлық» жəне «антидемпингтік» заңнамалар қатаң қолданылады. Сондықтан салық шығындарын азайту мүмкіндіктері тек қана жүргізілетін шектеулер жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.

Төменде салықтық жоспарлаудың ірі сегіз процедурасынан тұратын реті көрсетілген:

  1. Шаруашылық субъектінің салық кеңістігін сипаттайтын салық кестесі толтырылады, мұнда əр салық келесі негізгі көрсеткіштермен сипатталады: төлем көзі; бухгалтерлік есеп; салық салу базасы; салық мөлшерлемесі; төлеу мерзімдері; əртүрлі деңгейдегі бюджеттік аудармалар арақатынасы; есеп аударылатын ұйымдардың реквизиті; салықты есептеудің жеңілдіктері мен ерекше шарттары.
  2. Кəсіпорынның жарғысына сəйкес жəне азаматтық заңнама негізінде мəмілелік жүйе қатынасы құрылады. Қорытындысында шаруашылық субъектінің мəмілелік кеңістік пайда болады.
  3. Кəсіпорын орындауға тиіс біртекті шаруашылық операциялар таңдалады.
  4. Салықтық, мəмілелік жəне шаруашылық қызметтерді есепке ала отырып, əртүрлі жағдайлар қарастырылады.
  5. Бухгалтерлік жəне салықтық есептер түрінде рəсімделетін, ең тиімді нұсқаларды таңдау.
  6. Қаржылық жəне салықтық есеп жүргізудің негізі болатын шаруашылық операциялардың журналы толтырылады.
  7. Салық тəуекелдерін есепке ала отырып, максималды қаржылық нəтижені бағалау, салық көзқарасынан қарағанда кəсіпорынның активтері мен пайдаларын тиімді орналастыру.
  8. Ұйымның есептік саясатының альтернативті əдістері анықталады.

Кəсіпорындардың практикалық қызметінде пайда болатын салықтық қателер келесілер: алғашқы құжаттардың болмауы немесе дұрыс толтырылмауы; қолданыстағы салық заңнамаларын дұрыс түсінбеуі нəтижесіндегі қателер; салық салудағы өзгерістерге уақтылы назар аудармауы, əсіресе жергілікті; арифметикалық есептеудің дұрыс еместігі; салықтық есеп құжаттарын уақтылы тапсырмауы; салық төлеу мерзімінің өтіп кетуі.

Қателерді азайтудың негізгі əдісі салық есебінің ішкі бақылау технологиясын қолдану болып табылады. Ішкі бақылау технологиясының негізін қалаушы қағидаттары: технология шегінде барлық салықтық шешімдер белгілі бір процедуралардың көмегімен шешіледі; барлық салықтық шешімдер технологияны енгізу кезеңінде белгіленіп, ешқандай субъект ешбір шешім қабылдай алмайды. Жағдай өзгергенде салықтық қорытындыны сарапшылар тобы (комиссия) шешеді; кəсіпорын салыққа байланысты процедуралар мен белгіліс жүргізуге құқығы бар бір топ тұлғаларды белгілеуі керек; əрбір салық шаруашылық операциясы белгілі мысалда көрсетілген жазбаша құжатпен көрсетілуі тиіс; салықтық қателерді азайту үшін стандартталған құжаттар қолданылады; күнделікті бақылауға салықтық жеңілдіктердің əрбір мəмілеге негізделуі жатады; барлық бухгалтерлік өткізгіштер мен салықтық есептер біртекті шаруашылық жағдайлардың кестесінің негізінде жасалады; барлық ақпараттық-құқықтық жүйенің қолданушылары өздеріне қажет ақпаратты ала алады.

Əр мемлекетте салық заңдарының ерекшеліктеріне байланысты салық режимін қолданатын белгілі бір қызмет түрі мен ұйымдастырушылық-құқықтық форма бар. Осы заңдарға сəйкес салық салудың төмен мөлшерлемесі арқылы шетел заңды тұлғаларын тартуға негіз болады [3; 201].

Оффшорлық бизнес — бұл кіріс көздері шетелден болатын, сондықтан салық салу жеңілдіктерін қолданатын, берілген заңнамадан тыс жүргізілетін қызмет болып табылады. «Оффшорлық зона» түсінігі бойынша заңды түрде оффшорлық кəсіпорындардың мəртебесі мен нормалары анықталған жəне соған сəйкес қаржылық-əкономикалық операциялар жүргізілетін заңнамалар жатады. Сонымен қатар бұндай зоналарда пайда болатын заңды тұлғалардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары келесідей: серіктестік, жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық, акционерлік қоғам жəне т.б. Қазіргі кезде дүниежүзінің салық картасында, салықтық жоспарлау тұрғысынан қарағанда, əлемдік қаржылық операциялар қызығушылығын білдіретін 300 бірлік жеңілдетілген заңнамалар мен зоналар бар. Оффшорлық компаниялардың жалпы саны бірнеше жүз мыңға жетуде.

Оффшорлық зоналар жер шарының ең негізгі бірнеше нүктелерінде белгіленген: Кариб бассейні (Багам, Виргин, Кайман, Барбадос жəне Гренада аралдары); Ортатеңіз (Андорра, Гибралтар, Монако, Кипр); Еуропа (Швейцария, Люксембург, Лихтенштейн, Гернси, Джерси жəне Мэн, Сан-Марино, Ирландия аралдары); Араб елдері (Ливан, ОАЭ, Бахрейн); Африка (Сейшел аралдары, Либерия); Азия-Тынық мұхиты маңы (Қытай, Гонконг, Сингапур, Малайзия, Филиппин). Оффшорлықкомпаниялар ұсынатын жеңілдіктер түрі: салық салудың жеңілдетілген тəртібі, валюталық автономияны ұсыну, тауарды импортқа шығарғандағы кеден жеңілдіктері, тіркелу процедурасы мен есеп берудің жеңілдеуі, банктік жəне коммерциялық құпияға кепілдік жəне т.б. Оффшорлық зонада салық мəртебесі əртүрлі компаниялар қызмет жүргізеді. Оффшорлық компания – ұлттық компанияның арнайы түрі, Кипрдің заңнамасымен қарастырылған; белгілі ережелерді бұзбаған жағдайда салық салу мөлшерін таңдау мəртебесіне ие компания [4; 101]. Босатылған компания салық төлеуден толық босатылады, бірақ қағаз жүзінде салық төлеуші ретінде тіркеуде тұр. Резидент емес компания ұлттық заңға сəйкес салық салуға жатпайды.

Дүние жүзіндегі мемлекеттердің төрттен бірі шетел резиденттеріне əлемдік салықтық жоспарлауды жəне оның элементтерін қолданады. Оффшорлық бизнес негізінде құруға болатын схемалар: 1) оффшорлық компания — сауда жүргізудегі делдал. Сыртқы сауда операцияларын сатушы мен сатып алушы арасында жүргізгенде компания құрылады, ол салық салу объектісінде көбірек кірісті локализациялау; 2) оффшорлық компания — мердігер. Бұл жағдайда компанияны салық салу базасын азайту мен өз құнын қоса алғанда шығындың көбеюіне ықпалын тигізу үшін қолданады; 3) оффшорлық компания – құны қымбат тұратын мүліктің иесі. Бұл схема мүлік иесі өз иелігіндегі құнды мүлік бар екендігі құпияда қалдырғысы келген кезде қолданады; 4) оффшорлық компания — тауар белгісінің иесі жəне лицензиар. Бизнесті тұрақты емес мемлекетте жүргізсе, тауар белгісін осы компанияға тіркеуге болады немесе тіркелген күйде сатуға болады; 5) оффшорлық компания — авторлық құқық иесі. Бұл схема салықты азайтудың жəне капиталды экспорттауда қолдануға болатын ыңғайлы əдіс; 6) оффшорлық компания — банк шоттарын ұстаушы. Бұл жағдайда иесі берілген компанияны өз қадағалауына алады, ал компания банкте, белгілі уақыт өткеннен кейін корпоративтік кредиттік картаны алу үшін шот ашады; 7) оффшорлық компания — кепілдік ұстаушы. Бұл схема салықтық жоспарлауда қолданылады, егер мүлік иесі мүлігінің сақталуына күмəнді болса; 8) оффшорлық компания — инвестор. Оффшорлық компания шығарылған инвестицияларды жаңа инвестициялық жобаға өз еліне қайтару үшін аудару қызметін атқарады; 9) оффшорлық компания — кеме иесі. Көптеген оффшор орталықтары олардың туы астында жүретін кемелерге салық салу шарттарының жеңілдіктерін ұсынады; 10) оффшорлық компания – құрылыс жұмыстарын орындаушы.

Қаржылық операциялар үшін əртүрлі кəсіпорындардың түрлері ғана қолданып қоймай – оффшорлық серіктестік, компаниялар, кепілдіктен шектелген, акционерлік қоғам, сонымен қатар жаңа ұйымастырушылық-құқықтық формалар енгізілуде. Көптеген трасттық қағидалар мен нормаларға негізделген арнайы қаржылық қызмет қазіргі бизнес сұранысына бейімделген. Трасттар (сенімгерлік меншік) оффшорлық бизнесте жиі қолданылады немесе бірқатар жағдайларда жай компаниялармен салыстырғанда қалаулы болады [5; 17]. Көптеген шетелдік оффшорлық компаниялар сыртқы экономикалық операцияларды жүргізуде мүлдем қажет болмаса, келесілеріне өте қажет болады.

Оффшор — бұл қызмет атқаратын жəне оны қолдануға болатын салықтық жоспарлаудың анық құралы. Бірақ соңғы жылдары оффшорлық бизнес өте маңызды өзгерістерге ұшырағанына көңіл аударайық. Сондықтан оффшорлық бизнестегі əлем тенденциясына, сондай-ақ өндірісі дамыған мемлекеттер тарапынан оффшорға қарсы əдістерді есепке ала отырып, оффшорлық орталықтың қатысуымен жүргізілген салықтық схеманы құруға аса назар аудару қажет.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Абиев С.Н. Салық жəне салық салу: оқу құралы / С. Н. Абиев, М. М. Алиева. — Алматы: Дəуір, 2012. — 244 б.
  2. Нұрымов А. А. Салық жəне салық салу / А. А. Нұрымов, С.А. Шоимбаева. — Алматы: Жетi жарғы, 2013. — 215 б.
  3. Есенғалиева Қ. С. Экономикалық теория: оқулық / Қ.С. Есенғалиева. — Алматы: Экономика, 2015. — 576 б.
  4. Елшібаев Р.Қ. Шағын жəне орта бизнесті ұйымдастыру: оқу құралы / Р.Қ. Елшібаев. — Алматы: Экономика, 2016. — 172 б.
  5. Герун А. Планирование налоговых проверок / А. Герун // Вестн. налоговой службы Республики Казахстан. — 2016. — № 1. — С. 15–18.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.