Болашақ мамандардың кəсіптік мəдениетін қалыптастыруда тұлғалық-бағдарланған қатынастың орны

Мақала мазмұнында тұлғалық-бағдарланған қатынастың əмбебап, мінсіз процесс болып табылатынын түсіндіруге мүмкіндік беретіндігі, ақпаратты алу жəне түрлендіру көзі, адамдар арасында байланыстарды орнату жəне дамыту процесі болып табылатындығы ғылыми тұрғыдан негізделді. Қатынас арқылы адамдар іс-əрекетінің əр түрлерін ұйымдастыру, тəжірибесімен, білімдерімен, еңбек нəтижелерімен алмасу, өзара түсіністікке қолжеткізу, мақсатқа сəйкес əрекеттер бағдарламасын жасау, бір-біріне өзара əсер ету мəселелері мен зерттеушілілердің көзқарастары қарастырылды. Олардың қатынас мəнін өзара əрекетті, өзара түсіністікті, өзара əсерді қамтамасыз ететін, мақсатқа бағытталған жəне ақпараттық-энергетикалық процестердің өзгеше жүйесі ретінде анықтауға болатындығы тұжырымдалды.

Бүгінгі күні білім беру жүйесінде болашақ мамандарды даярлау саяси, экономикалық жəне мəдени салаларда жаңа қоғамдық қатынастарға өту жағдайларына ие болуда. Ғаламдандыру күннен күнге өсіп келе жатқан халықаралық бəсекелестік қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының өсуі білім беру беру саласының, мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп болды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы», — деп бекер айтпаған. Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті — білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жеке тұлғаның білім деңгейін халықаралық дəрежеге жетелеу.

Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа əлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады», делінген. Жеке тұлғаның дамуының, мəдениаралық алмасулардың, пікірін еркін білдірудің, жаңашыл жобаларды, шығармашылық ойларды іске асырудың түпқазығы ретінде Қазақстанда қолайлы орта қалыптасқан. Бұл, өз кезегінде, жас ұлттың талаптары мен қызығушылығына барынша жауап беретін білім берудің прогрессивті жүйесін қалыптастырумен анықталады. Осылайша, Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде білім беру негізгі роль атқарады [1; 7].

«Қазақстан Республикасының 2005–2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» орта білім берудің мақсаты — алған білімінің, кəсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін дамытуға, сол алған білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға жəне адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі баса айтылған.

Демек, Білім беру туралы тұжырымдамада белгіленген артықшылықтарға сəйкес, мемлекеттің əлеуетін анықтайтын бəсекеге қабілетті, құзыретті мамандарды даярлау білім беру жүйесінің ерекше міндеті деп аталған [2; 30].

Осы орайда даярлық деңгейі жоғары мамандар үшін педагогикалық даярлықсыз жəне педагогикалық білім, дағдылар мен шеберліксіз мүмкін болмайтын тəрбие беру функцияларын орындайтын жүйені қажет етеді, яғни, ол тұлғаның жалпыланған сипаттамасын анықтайтын педагогикалық мəдениет болып табылады. Сондықтан, жас ұрпаққа білім мен тəрбие беру процесінде тиімді өзара əрекеттесу үйлесімді, табандылықты қажет ететін қабілеттілігін көрсетеді.

Біз аталған проблемаға назар аударған Г.М. Андреева, И.А. Зимняя, Е.И. Исаев, Е.И. Рогов, В.В. Рыжов, В.И. Слободчиков, И.П. Шкуратова жəне тағы басқа ғалымдардың ғылыми зерттеулерінде қатынас теңдессіз іс-əрекет, ерекше текті іс-əрекет түрінде берілгендігін анықтадық.

Мысалы, Г.М. Андреева əртүрлі көзқарастарды қоса отырып, қатынастың кез келген түрлері дегеніміз — адамдардың бірлескен іс-əрекетінің ерекше түрлері деп атап өтеді: адамдар əртүрлі қоғамдық функцияларды орындау процесінде жай ғана араласпайды, сонымен бірге олар қандай да бір іс-əрекетке қатынасады, іс-əрекеттің қатынас арқылы жай ғана ұйымдастырылмайтыны жөнінде онда адамдар арасында жаңа байланыстар пен қатынастар пайда болады. «Қатынас дегеніміз — адам қатынастарының бүкіл жүйесін іске асыру... Қатынассыз адамзат қоғамын болжау мүмкін емес. Қатынас онда тұлғаларды цементтеу тəсілі ретінде жəне сонымен бірге осы тұлғалардың өздерінің даму тəсілі ретінде болады» [3].

Сондай-ақ қатынас пен іс-əрекет ұғымдарының ара қатынасын Р.С. Немов қарастырған [4]. Ғалымның пікірінше, адамның белсенділігі түрлері ретінде іс-əрекет пен қатынас арасында айырмашылықтар бар болады. Əдетте, іс-əрекет нəтижесі қандай да бір материалдық немесе идеалды өнімді (бұл — идеяны, ойды тұжырымдау) жасау нəтижесі болып табылады. Қатынас қорытындысы — адамдардың бір-біріне өзара əсер етуі, іс-əрекет — адамды дамытатын белсенділік түрі ретінде, ал қатынас оны тұлға ретінде қалыптастыратын белсенділіктің зияткерлік түрі болады. Іс-əрекет — адамның дербес түрленуіне, ал қатынас оның зияткерлік дамуына қатысады. Осының нəтижесінде, Р.С. Немов бойынша, іс-əрекеті жəне қатынасты адамды дамытатын əлеуметтік белсенділіктің өзара байланысқан жақтары ретінде қарастыруды керек етеді.

Ал, И.А. Зимняяның анықтамасы бойынша, қатынас — бұл «төтенше кең жəне сыйымды ұғым. Бұл ұғынылған жəне ұғынылмаған вербалды байланыс, ақпаратты беру жəне қабылдау, бұл барлық жерде жəне ылғи да байқалады. Қатынас көп жүзді: оның көптеген нысандары мен түрлері бар». Ол «қатынастың өзі іс-əрекет емес, ал қоғамдық-еңбек қатынастарында іс-əрекеттің əр түрлерімен айналысатын адамдардың өзара əрекеттесу нысаны» деп айрықша баса айтады. Өзара əрекеттесу нысаны адамдар іс-əрекетінің қоғамдық-коммуникациялық сферасында пайдаланылатын құралдарға байланысты болады. Адамның тіршілік əрекетінің жалпы мақсатының өзгеруіне байланысты əрекеттесудің өзара байланысқан жəне өзара қамтамасыз етілген үш сферасы ерекшеленеді: қоғамдық-өндірістік (еңбек), танымдық (таным) жəне қоғамдық-коммуникациялық (қатынас) [5].

Психологияда қатынас «ақпаратпен алмасу, бірыңғай өзара əрекеттесу стратегиясын жасау, басқа адамды қабылдау жəне түсіну кіретін, адамдар арасында бірлескен əрекеттің қажеттіліктерімен тудырылатын байланыстарды анықтаудың жəне дамытудың күрделі көп жоспарлы процесі» ретінде түсіндіріледі [6].

Жалпылай келгенде, қатынастың əмбебап, мінсіз процесс болып табылатынын түсіндіруге мүмкіндік береді, ол ақпаратты алу жəне түрлендіру көзі, адамдар арасында байланыстарды орнату жəне дамыту процесі болып табылады; қатынас арқылы адамдар іс-əрекетінің əртүрлерін ұйымдастырады, тəжірибесімен, білімдерімен, еңбек нəтижелерімен алмасады, өзара түсіністікке қолжеткізеді, мақсатқа сəйкес əрекеттер бағдарламасын жасайды, бір-біріне өзара əсер етеді. Қарастырылған көзқарастарды біріктіріп, қатынас мəнін өзара əрекетті, өзара түсіністікті, өзара əсерді қамтамасыз ететін, мақсатқа бағытталған жəне ақпараттық-энергетикалық процестердің өзгеше жүйесі ретінде анықтауға болады, олардың барысында серіктеске жəне шындыққа қатысты айқындалатын, мəдениет пен адамдардың қауымдастығы негізін құрайтын, танымдық жəне эмоциялық-бағалау сипатты ақпаратпен алмасу болады.

Қатынас шарттарына байланысты іс-əрекеттің ерекше түрі ретінде, іс-əрекеттің шарты ретінде, іс-əрекеттің бір бөлігі ретінде, құрал ретінде немесе белсенділіктің дербес нысаны ретінде, зияткерлік жəне адамгершілік даму негізі ретінде алға шығады. Мəселен, қатынастың жеке жəне əлеуметтік сипатта болуы оның, субъект-субъектілік, субъект-объектілік, объект-субъектілік, объект-объектілік болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Демек, қатынасқа көзқарасты жалпылайтын болсақ, онда педагогикалық қатынастың талаптары оқу-тəрбие процесінің ерекшеліктерін ескеруді қажеттенеді.

Зерттеу барысында, анықтағанымыз бойынша, əлі күнге дейін мектептің, жоғары оқу орындарының жəне педагогикалық ғылымның педагогикалық мəдениетті қалыптастыру міндетіне көңіл бөлмеген деп пайымдау артық десек, онда оқушыларды, студенттерді жəне болашақ мамандарды тəрбиелеу олардың педагогикалық мəдениетін қалыптастырудың бірыңғай тұжырымдамасы, оның əдістемелік қамтамасыз етілуі, тарихи-педагогикалық талдауы жеткіліксіздігінен көреміз. Сондықтан біздің қоғамда педагогикалық мəдениетті қалыптастыру проблемасы білім беру саласындағы басым бағыттардың бірі болып отыр.

Анықталған проблеманы зерделеу үшін оны мəдениет теориясы бойынша əдебиетте анықтауға қандай амалдар бар болатынын айқындау қажет. Кейбір зерттеушілер оны — адамның əрекет ету тəсілі, басқалары — адам шығармашылығының процесі ретінде, үшіншілері — адам іс-əрекетіндегі маңызды күштерді іске асыру шарасы мен тəсілі ретінде, төртіншілері құндылықтар жүйесі жəне оларды іске асыру процесі ретінде анықтайды.

Атап кететін бір жайт, ол, əрине, біз А.В. Стремоуховтың пікіріне қосылатындығымыз, яғни «мəдениет» ұғымына Ю.П. Ожегов те аса сəтті анықтама берді: «Мəдениет — бұл адамдардың əлеуметтік құндылықтардың дамуын меңгеру бойынша шығармашылық əрекетінің тəсілі жəне нəтижелері, онда қоғам мен тұлғаның прогресі айқындалады жəне олардың арқасында қамтамасыз етіледі». Басқаша айтқанда, мəдениет, айталық, іс-əрекеттің заңды немесе педагогикалық жəне оған ұқсас түрлерімен қатар, оның ерекше түрі ретінде емес, оның кез келгенінің сапалық сипаттамасы ретінде қарастырылды. «Мəдениет қоғамдық өмірдің бөліктерінің бірі, адамдар өмірінің жеке сферасы болмайды. Мəдениет — олардың сапалық сипаттамасы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларына тəн».

Тұлға мəдениеті — бұл оның маңызды күштерін, материалдық жəне рухани құндылықтарды жасау жəне тұтыну бойынша шығармашылық іс-əрекетінде оларды іске асыру тəсілдерін дамытудың жоғары дəрежесі. Демек, тұлға мəдениеті маңызды күштердің бар болуымен жəне олардың даму дəрежесімен сипатталады. «Адамның маңызды күштері» деген не? — деген сұрақ туындайды.

Өз кезегінде адамның маңызды күштерінің тең оның іс-əрекетіне ғана жəне, ең алдымен, еңбегінде айқындалуы мүмкін екендігі туралы куəландырады. Адам əлемді тек еңбек арқылы түрлендіреді жəне өзінің күштері мен қабілеттерін заттандырады. Осыдан «іс-əрекет» категориясы «мəдениет» категориясынан ажыратылмайды, не болмаса «ол мəдениет механизмі – əлеуметтік тəжірибені жалпылау жəне бекіту нəтижелері мен құралдары арқылы программаланады жəне жүзеге асырылады». Осыдан «əрекеттесу тəсілі» ұғымы теорияны негіздегенде жəне мəдениет феноменін сипаттағанда базалық категория ретінде қабылдануы тиіс екендігі шығады.

Маңызды мəселенің бірі, бұл, əрине, мəдениетті зерделеу, адамның жеке ерекшелігін қарастыра отырып, педагогикалық мəдениетті дамытудың негізгі бағыттарын да заңға сыйымды қамтамасыз етті. Кез келген азамат іс-əрекетінде жəне қатынас процесінде оқыту, тəрбиелеу жəне, əрине, мəдениет тұрғысында ең жақсысын алуға тырысады. Берілген жағдайда мəдениеттің дамуы тұлғаның қоғамдық тіршілік əрекетінің кез келген саласында дамуымен сəйкес келеді.

Жоғарыдағы негізделген мазмұнға сəйкес, тұлғаның педагогикалық мəдениетін талдау оның əдіснамалық мəні үшін қажет. Философиялық білім құрылымының түсінігін, зерттеу тақырыбының өзгешелігін назарға алып, əдіснамаға, гносеологияға, диалектикалық логикаға, əлеуметтік философияға, сондай-ақ ғылым философиясына сүйенеміз. Зерттеу негізіне таным теориясының, философиядағы ғылыми таным теориясының маңызды сипаттамасы қабылданған. Бұл жерде адамзат факторы рөлінің жоғарылауымен мəдениет максиологизациясы тенденциясы, оған жақсы қасиеттер беру байланысқан. Мұнда мəдениет құндылықтар жүйесі жəне оларды іске асыру процесі ретінде айқындалады.

Философ-ғалымдар мəдениет ұғымында əр түрлі бөлімдерді ерекшелейді — бұл рухани жəне материалдық бөлімдер. Осыдан алғанда, материалдық мəдениеттің адам іс-əрекетінің бүкіл сферасын, оның нəтижелерін, қоғамның материалдық өмірінің жəне адамның жеке тіршілік ету жағдайларын тудыратынның барлығын қамтитыны шығады, ол өндірістік күштердің даму деңгейімен, қоғамның экономикалық құрылысымен анықталады, рухани мəдениеттің қалыптасу жəне даму базасын атқарады.

Қазіргі уақытта əдебиетте кездесетін анықтамаларды кез келген тарихи кезеңге бөліп қарастыруға болады. Сондай-ақ маманның педагогикалық мəдениетіне сапалы жаңа талаптар қойылады. Басқаша айтқанда, педагогикалық іс-əрекет ретінде 20–25 жыл бұрын саналғанды жəне қазір саналатынды бірдей анықтауға болмайды. Жүйелік-құрылымдық амалдың зерделенетін құбылыстарға қойылатын талаптары жəне зерттеу міндеттері бізді, оларды бір мезгілде пəн ретінде де, тəрбие берудің нəтижесі ретінде де қарастырып, онда оның құраушыларының маңызды элементтерін көрсету арқылы педагогикалық іс-əрекет анықтамасын шекті нақтыландыру қажеттілігіне келтірді.

Философиялық жəне психология-педагогикалық əдебиеттерде тұлғаның педагогикалық мəдениетінің құрылымына көзқарастарда анықталған бірлік қалыптасты. Біздің ойымызша, кездескен айырмашылықтар түбегейлі емес жəне негізінде олардың көптігі туралы айтылады.

Педагогикалық мəдениеттің негізгі элементтеріне психология-педагогикалық білім жəне білімдарлық; педагогикалық бағытталғандық (өзгеше кəсіптік қатынастар, көзқарастар мен нанымдар жүйесі); педагогикалық бағытталған қатынас жəне тəртіп; оқу жəне тəрбие берудің нəтижелі жəне шығармашылықпен үйлестіре білу; тəрбиелеушінің педагогикалық іс-əрекетіндегі кəсіби маңызды тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы; үнемі өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылу (өздігінен білім алу жəне өзін-өзі тəрбиелеу) жəне т.б. жатады.

Білімділік мəдениеттіліктің маңызды алғышарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық əрекет мəдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мəдениеті бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы əсемдікке ұмтыламыз, ал моральдік таным арқылы — жақсылық пен жамандықты айырамыз.

Отандық ғылымда қатынас бұрыннан əлеуметтік психологияның базалық категориясы болған жəне танымдық, эмоциялық-бағалау жəне басқа ақпаратпен алмасу мақсатында екі немесе одан көп адамның өзара əрекеттесуі ретінде анықталған, қатынас дербес зерттеу объектісі ретінде біршама жақында ғана бөлінді. Қатынас зерттеу тақырыбынан алдымен танымдық процестерді, сонан соң жалпы алғанда адамның тұлғасын зерделеу тəсіліне, қағидасына айналды.

Жалпы белгілі болғандай, қатынастың əмбебап, мінсіз процесс болып табылатынын түсіндіруге мүмкіндік береді, ол ақпаратты алу жəне түрлендіру көзі, адамдар арасында байланыстарды орнату жəне дамыту процесі болып табылады; қатынас арқылы адамдар қызметтің əр түрлерін ұйымдастырады, тəжірибесімен, білімдерімен, еңбек нəтижелерімен алмасады, өзара түсіністікке қолжеткізеді, мақсатқа сəйкес əрекеттер бағдарламасын жасайды, бір-біріне өзара əсер етеді. Қарастырылған көзқарастарды біріктіріп, қатынас мəнін өзара əрекетті, өзара түсіністікті, өзара əсерді қамтамасыз ететін, мақсатқа бағытталған жəне ақпараттық-энергетикалық процестердің өзгеше жүйесі ретінде анықтауға болады, олардың барысында серіктеске жəне шындыққа қатысты айқындалатын, мəдениет пен адамдардың қауымдастығы негізін құрайтын, танымдық жəне эмоциялық-бағалау сипатты ақпаратпен алмасу болады.

Қатынасты қарастырғанда берілген категорияның қызмет контекстінде зерделенетінін есепке алу қажет. Сөздің тар мағынасында қызмет деп қоршаған əлемге белсенді қатынастың өзгеше адамдық нысаны түсіндіріледі, оның мазмұнын мақсатқа сəйкес өзгеруі жəне түрленуі құрайды; кең мағынасында тек қоршаған ортаға ғана емес, сонымен бірге адамның өзіне бағытталған, мақсатты болжайтын шығармашылық белсенділік түсіндіріледі. Қызметтің берілген анықтамасынан шығатыны: қызметтің негізгі мазмұны əлемнің (сыртқы немесе ішкі) мақсатқа сəйкес өзгеруі жəне түрленуі болып табылады. Бірақ мақсатқа сəйкестілік пен түрленуді ылғи да қатынастың мазмұндық сипаты деп тануға болмайды. Қатынастың белгілі түрлері болады, оларда тап мұндай қызмет болмайды.

Қатынастың белсенді сипатын көрсететін категориялардың бірі «өзара əрекеттесу» категориясы болып табылады, ол бірыңғай мақсатқа бағыныштылықпен, мақсатты болжаумен байланысты емес, сонымен бірге қатынас процесінің екі бағыттылығын жəне нақтылығын көрсетеді. Бірақ кез келген өзара əрекеттесу қатынастарсыз болмайды. Адамзат қатынастарының айқындалуы ретінде қатынастың қарама-қайшы, екіжақты сипаты болады, ол бір мезгілде объективті де, сонымен бірге субъективті жанамаланған процесс ретінде болады, себебі нақты тіршілік əрекетінде адам қоғамның «өнімі» ғана емес, сонымен бірге оны жаратушы болып табылады.

Қатынас қоғамдық қатынастардың айқындалуы тұлғалық нысаны болып табылады, сонымен бірге оларға келтірілмейді, ол бір мезгілде тұлғааралық, ұлтаралық қатынастардың ақиқаты ретінде болады. Объективті сипаттама адамзат қатынасының қоғамда қалыптасқан қатынастар жүйесімен анықталуынан ғана емес, сонымен бірге оның адам үшін адам санатына енуге байланысты емес қажеттілік болып табылуынан айқындалады, объективті қажеттілік субъектіленеді, жеке қажеттілік болады. Қатынас бір мезгілде адамдар бірігуінің объективті қажеттілігі ретінде де, олардың субъективті қажеттілігі ретінде де алға шығады. Адамның өзінің субъективтілігін, адам ретінде өзіне көзқарасын сезінуі қатынасқан да, басқа адамдардың сезінуі арқылы болады.

Ол педагогикалық қатынасты оқытушының білім алушылармен кəсіптік қатынасы ретінде қарастырады, сонымен бірге студенттердің бойында оңтайлы өзара қатынастарды қамтамасыз ету, ұжымдағы əлеуметтік-психологиялық процестерді басқару, меншікті қатынас пен тəртіпті иелену шеберлігін қалыптастыруға басты назар аударады, бұл білім беру процесіне қатысушылардыңэмоциялық-адамгершілік көңіл-күйіне белгілі түрде əсер етеді. Осыдан педагогтың кəсіптік шеберлігі — педагогикалық қатынас процесінде білім алушыларға əсер етудің теңдессіз қабілеті ерекшеленеді.

Оқу-тəрбие процесіндегі педагогикалық қатынастың жетекші ролін атап өтіп, оған, адамдар арасындағы байланыстарды анықтауға қарағанда, аса маңызды функцияны береді, атап айтқанда, «педагогикалық қатынас əр түрлі коммуникациялық құралдардың көмегімен іске асырылатын жəне педагогикалық этиканың қолданылып жүрген нормалары шеңберінде əрекет ететін педагогикалық міндетті шешуге бағытталған, күрделі коммуникациялық өзара əрекеттер жүйесімен беріледі [39]; педагогикалық қатынастың өзгеше ерекшеліктерін ерекшелейді, ол:

  • – оқу міндеттерін шешу құралы ретінде;
  • – тəрбие процесінің əлеуметтік- психологиялық қамтамасыз етілуі ретінде;
  • – тəрбиелеу мен оқыту табыстылығын қамтамасыз ететін педагог мен тəрбиеленушілердің өзара қатынастарын ұйымдастыру тəсілі ретінде;
  • – білім алушылардың əлеуметтік тəртібін қалыптастыру факторы ретінде болады.

Аталған ерекшеліктер оқу-тəрбие процесінің негізгі мазмұнын өзіне алатындықтан, қатынас педагогикалық қызметтің негізін құрайды деп айтуға болады.

Бүгінгі таңда педагог-ғалымдар, психологтар берілген ұғымды анықтауға əртүрлі талпыныстарды қолданады. Т.И. Кулыпина білім берудегі тұлғалық-бағдарланған амал баланың тұлғасын дамытуға негізделеді деген тұжырымға келеді, оған өзара байланысқан екі жоспар кіреді: ол адамның ішкі, мəнді, табиғи, əмбебап қасиеттерінің өздігінен ашылуы ретінде жəне тұлғаның құндылықтары жүйесінің қалыптасуы ретінде көрсетіледі.

Біздің ойымызша, тұлғалық-бағдарланған білім берудің мақсаты адамды қалыптастыру жəне тіпті тəрбиелеу емес, табу, қолдау, адамдағы адамды дамыту жəне онда өзін-өзі көрсету, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі тəрбиелеу жəне өзіндік тұлғалық бейненің қалыптасуы жəне адамдармен, табиғатпен, мəдениетпен, өркениетпен диалогты жəне қауіпсіз өзара əрекеттесу үшін қажетті басқа механизмдердің негізін қалау.

Тəрбиені азаматты қайта дамыту, мəдениет жəне адамгершілік адамы ретінде қарастыратын, тұлғалық-бағдарланған тəрбие тұжырымдамасын белгілі ғалым Е.В. Бондаревская ұсынады. Бастапқы қалпын тəрбие қоғамдағы ілгерілетуші жəне тұрақтандырушы функцияларды орындайды: мəдениетті сақтау, еске түсіру жəне дамыту; ұрпақтар ауысуының тарихи процесіне қызмет көрсету, тұлғаның мəдениет субъектісі ретінде еркін дамуы, өзінің дамуы жəне тіршілік əрекеті үшін жағдайлар жасау. Автор тəрбие процесін мақсатқа бағытталған, екіжақты, ақпараттық-қызметтік, ұжымдық-шығармашылық, қатынастық, басқарылатын, тұлғаның рухани əлеміне жүгінген процесс ретінде ерекшелейді. Тəрбиедегі тұлғалық-бағдарланған амал білім алушының тəрбие процесінің белсенді субъектісі танылуын, тəрбие тиімділігінің жоғары көрсеткіші – субъектілік қасиеттердің қалыптасқандығын білдіреді. Тұлғаның осы қасиеттерінің қалыптасуына білім беру мен тəрбиелеудің адамгершілік негіздерін, яғни педагогикалық процесті ізгілендіру, күшейту мүмкіндік туғызады.

Е.В. Бондаревская тұжырымы бойынша, тұлғалық-бағдарланған тəрбиені тұлғаны мəдени сəйкестендірудің, əлеуметтік бейімделуінің жəне шығармашылық өзін-өзі көрсетуінің педагогикалық басқарылатын процесі ретінде анықтайды. Тұлғалық-бағдарланған тəрбиенің мақсаты мəдениет адамы болады, оның мəні руханилық болып табылады, руханилық негізі ретінде білім беру тəрбиенің құраушысы болады.

Қатынастың негізгі тəсілдері жалпылап қорытылған жəне өзара əрекет типтеріне байланысты топтарға біріктіріледі. Олардың тағайындалуы өз араларында ұқсас, бірақ қатынас түрі бойынша ерекшеленеді. Біріншісі басымдылығы бойынша – субъект-субъектілік, екіншісі негізінде субъект- объектілік болып табылады. Бірақ екеуі де тұлғалық-бағдарланған амалда іске асырылуы мүмкін.

Сондықтан кəсіптік мəдениеттің, кез келген басқа мəдениеттің сияқты, жетілу шегінің жоқ екендігін атап кету керек. Қоғамның дамуына қарай оның сапалық деңгейі жəне практикалық маңызы үнемі артып отырған жəне болашақта да артатын болады. Педагогикалық мəдениеттің қалыптасуы қоғамның барлық педагогикалық жүйесінің дамуы мен жұмыс істеуі үшін орасан зор мəні бар. Тұлғаның педагогикалық іс-əрекетіне əсер етіп, педагогикалық мəдениет сонымен бірге мемлекеттік қызмет орындарында, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың іс-əрекеттеріне де əсер етеді. Өзара азаматтардың арасында, адамдарда мəдениетке деген құрметті – тəрбиелеумен байланысты қыруар жұмыс жүргізу міндеті тұр.

Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындары болашақ мамандардың кəсіптік мəдениетін қалыптастырудағы тұлғалық-бағдарланған қатынасты жобалау теория мен практикадағы проблемалыжəне жеткіліксіз əзірленген міндет болып табылады. Зерттеулердің басымдылығы, білім беру процесі субъектілерінің тұлғалық қатынасының ерекшеліктерін қозғамайды. Осыған орай, қазіргі гуманистік парадигма қағидалары іске асырылатын, білім алушының тұлғалық-кəсіптік дамуы үшін қажетті шарттар құрылатын амалды, болашақ мамандардың кəсіптік даярлығындағы тұлғалық-бағдарланған қатынасты жобалаудың басты фактор ретінде қарастыру қажеттігін негіздейміз.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010.
  2. Концепция государственной политики в области образования // Учитель Казахстана. — 2005. — № 9.
  3. Андреева Г.М. Социальная психология: учебник / Г.М. Андреева. — М.: Аспект Пресс, 1998. — 376 с.
  4. Немов Р.С. Психология: [В 3 кн.]. Кн. 1: Общие основы психологии / Р.С. Немов. — М.: Знание, 2009. — 688 с.
  5. Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник для вузов / И.А. Зимняя. — М.: Логос, 2004. — 384 с.
  6. Краткий психологический словарь / под ред. А.В. Петровского. — М.: Инфра, 2005. — 213 с.
Жыл: 2018
Категория: Педагогика