Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жаңа əліпби жəне тіл мүддесі

Түрлі объективті жəне субъективті себептерге байланысты соңғы жүз жылда үш рет əліпбиін ауыстырған қазақ жазуы қазір үлкен өзгеріс алдында тұр. Қазақ жазуын латын графикасына көшіру мезгілі жеткен мəселе екеніне Қазақстан қоғамында болып жатқан талқылаулар дəлел бола алады. Дүниежүзіндегі халықтардың басым бөлігі пайдаланып отырған латын графикасына жазуларын көшіру мəселесі шалғай шетел мен таяу шетелдерде дүркін-дүркін көтеріліп отырады. Ал қазақ тілі жазуын латын графикасына ауыстыру себептерінің бірі ретінде қазақ тілі дыбыстарын кирилл əрпімен таңбаланатын дыбыстар образынан ажыратуға, дыбыс үндестігін сақтауға мүмкіндік беретінін атауға болады, яғни бұл қазақ тілін өзгетілді аудиторияда оқытуды жеңілдететін педагогикалық, лингвистикалық себеп ретінде атала алады. Жаңа емле ережелерін нормативтік акт ретінде бекіту қажеттігі байқалады.

Жазу – тілді жаңғыртудың, орнықтырып, бекітудің құралы. Сол себептен де əр ұлттың тілі өзінің даму тарихында жазудың ең қолайлы, тиімді, үнемді, оңай игерілетін түрін қолдануды мақсат етеді.

Қазақ əліпбиі де түрлі себептерге байланысты соңғы 100 жылдың мұғдарында бірнеше рет өзгерді. Тарихи бастауы көне сына немесе руникалық жазулармен тікелей байланысты қазақ əліпбиі дүние жүзіне кең тараған араб, кирилл, латын графикасын пайдаланып келді. Аталған графикаларды пайдалану туралы шешімнің əрқайсысы қабылданған кезде қазақ қоғамының жағдайы түрліше болғаны аян. Түркі халықтары бірнеше ғасыр қолданған араб жазуын жетілдірген А.Байтұрсынұлы ұсынып, біраз уақыт қолданыста болған төте жазу сол кездегі қазақ зиялылары мен жаңа оқып жатқан жастардың іс-əрекетін, пікірін, ұлттық сананың өзгеруін бір арнаға бағыттаушы күш, құрал ретінде қызмет атқарса, одан кейін латын жəне кирилл таңбасын қабылдау идеологиялық, практикалық мақсатты көздейтін, жоғары биліктің араласуынан туындаған таза саяси шешім болды. Соған қарамастан, қазақ халқы аталған əліпбилерді тез меңгеріп, жазу арқылы өзінің мəдени, рухани құндылықтарын жарыққа шығарып отырғаны белгілі.

Ұлттық тілімізді сақтау, əлеммен интеграцияны жеделдету мақсатында қазақ жазуын латын графикасына көшіру туралы пікірлер билік тарапынан алғаш айтылғалы да 10 жылдан аса уақыт өтті. Ал бұл уақытта кезінде Совет Одағында болған түркі тілдес халықтардың біразы өз жазуын латпницаға ауыстырғанына да 6-7 жыл болған еді.

Зерттеушілер жазуды жаңа əліпбиге көшірудің мəдени-əлеуметтік, лингвистикалық, экономикалық, саяси, психологиялық, тарихи, ақпараттық, педагогикалық себептері болатынын көрсетеді. Осы орайда қазақ жазуын латын графикасына көшіру де мезгілі жеткен мəселе екеніне қазіргі Қазақстан қоғамында болып жатқан талқылаулар дəлел.

Алғаш академик Ə. Қайдардың қазақ жазуын латын графикасына көшіру туралы мақаласы қоғамда əрқилы пікірлер тудырып, тілші-ғалымдардың ой-тұжырымдары көптеген ғылыми-көпшілік, ғылыми басылымдарда жарияланған еді. 2006 жылы ресми түрде қозғалған соң бұл мəселе туралы пікірталас қыза түсті, оның дəлелі – 2007 жылы шыққан «Латын графикасы негізіндегі қазақ əліпбиі: тарихы, тағылымы жəне болашағы» атты жинақ [1]. Осы жылы Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің арнайы құрылған комиссиясы қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы талдамалық анықтама дайындап, бұл өзгеріске жұмсалатын қаржы көлемін жобалап көрсетті. Одан кейін де латын графикасына көшу мəселесі билік тарапынан екі мəрте көтеріліп, қазақстандықтар арасында қызу талқыланды. Ал 2017 жылдың қыркүйегінде ұсынылған латын графикалы қазақ əліпбиі медиакеңістікте, əлеуметтік желілерде ешкімді бейжай қалдырмағаны да мəлім. Осы талқылаулардың мазмұны бұдан 10 шақты жыл бұрын белгілі ғалым Н. Уəли көрсеткен латын графикалы қазақ жазуының апологеттері мен оппоненттерінің уəждерінен аса алмағанын көрсетіп отыр [1, 2].

Готикалық, соның негізінде пайда болған классикалық латын əліпбиін қазіргі кезде əлем халықтарының басым бөлігі пайдаланып отыр. Тіпті сакралды мəтіндер жазылған араб тілі де қазір ішінара латын қаріптерін пайдаланатыны белгілі.

Жазуды өзгерту, жаңа əліпбиге көшіру немесе əліпбиді жетілдіру тек Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде де жүзеге асырылып жүргені жасырын емес, мəселен, өзіміз ұзақ уақыт пайдаланып келген кириллицаны латын графикасына алмастыру туралы пікір Ресейде де айтылғаны тарихи факт, яғни 1929 жылы РСФСР Халық ағарту комиссариаты орыс алфавитін латын таңбасына көшіру жөнінде комиссия құрып, 1930 жылы оның жетекшісі профессор Н.Ф. Яковлев өз мақаласында орыс жазуының үш нұсқасын ұсынды, сондай-ақ бұл мəселе 2000 жылдардың басында көтерілгені де ақиқат [3].

Қазір жер шарының басым бөлігінде оқытылып, халықаралық, этносаралық тілге айналған ағылшын тілінің əліпбиі жаңа технологиялардың пайда болуымен байланысты ХХ ғасырда жетілдірілгені де шындық. Осы жерде атақты Б.Шоу ағылшын тілінің жазуын жеңілдету, оңтайландыру, жетілдіру үшін жаңа əліпби жасаушыларға 5000 фунт стерлинг мұраға қалдырғанын айта кетсек те болады, яғни қазіргі кезде дүние жүзіне кең тарап, ресми жəне бейресми түрде əлем тілдерінің бірі де бірегейіне айналып отырған тілдің өзі белгілі бір кезеңде белгілі бір тұрғыда жетілдіруді қажет еткені байқалады. 2017 жылдың сəуір айында украин əліпбиінің латын графикасындағы нұсқасы тəжірибе ретінде ұсынылды. Сондай-ақ бұл идея алыс шетелдерде де оқтын-оқтын көтеріліп қоятыны бұқаралық ақпарат құралдарынан белгілі. Мəселен, жазуларын латын графикасына көшіру мақсатында Қытайда 1958 жылы пиньинь цзыму нұсқасы ұсынылды, яғни шетелдіктерге қытай тілін үйретуді жеңілдету мақсатында қытай фонетикалық əліпбиі қабылданып, иероглифтер латын əріптерімен таңбаланды. Бұл жүйе 1982 жылы қытай иероглифтерін латын əріптерімен таңбалау үшін халықаралық стандарт ретінде бекіген, ал мұның өзі қытай тілін əлемдік деңгейде таратуға, үйретуге кеңінен жол ашты.

Ал Жапонияда иероглифтерді латын əріптерімен таңбалау жүйесі ромадзи деп аталған əрі ол 1548 жылы алғаш пайда болған. Бұл жазу түрлі саяси, əлеуметтік, этноиденфикациялық себептерге байланысты бірнеше рет өзгерді. Елдің дүниежүзілік экономикалық үдерістердің көшбасшысы ретінде танылуына байланысты, жапон тілін шетелдік азаматтарға үйретіп, меңгертуді жеңілдету мақсатында бірнеше халықаралық стандарт жасалды, нəтижесінде Нихон сики, Кунрей сики аталатын екі нұсқа жекелеген секторларда қолданылады, жапон атаулары халықаралық деңгейде осы нұсқалармен таңбаланады.

Сонымен, қазақ əліпбиін соңғы деректері бойынша, дүние жүзінде тек 12 мемлекет қана қолданатын кириллицадан барлық құрлықта көптеген халықтардың жазу жүйесіне негіз болған латын графикасына көшіру туралы шешім қабылданды.

Қазақстан – қазақ ұлтынан басқа көптеген ұлттар мен ұлыс өкілдері тұратын мемлекет. Бұл күндері өзіне тəн қалыптасқан əлеуметтік-коммуникативтік жүйесін əр алуан қызметтегі 128 тіл құрайды. Егер осы тілдерді қоғамдық өмір салаларындағы қызметі мен орнына, сөйлеушілер санына қарай топтар болсақ, онда еліміздегі тілдік жағдаят 4 тілдік топпен сипатталады. Олар: мемлекеттік тілді ұстанушылар; ұлтаралық қатынас тілі мəртебесіне ие, қазір де көптеген салаларда мемлекеттік тілмен қатар ғана емес, одан да жиі қолданылатын орыс тілін қолданушылар; қоғамдық қызметі аясы алғашқы екеуінен тар, жекелеген облыс, аудан көлемін тығыз қоныстанған кейбір этностар тілі; тек тұрмыстық-отбасылық деңгейде қолданылатын тілдер. Соңғы екі тілдік топқа ана тілдері генетикалық жағынан қазақ тілімен туыс түркітілдес халықтардың өкілдері де кіреді. Аталған тілдік топтар мүшелерінің қазақ тілінің латиницаға көшірілуіне қатысты алаңдаушылық білдіретіні заңды, дегенмен бұл олардың конституциялық құқығына кедергі келтірмейді, себебі оқу орыс тілінде жүретін білім мекемелері мен орыс тілінде шығатын БАҚ-та кириллица біраз уақыт сақталатыны сөзсіз.

Қазақ жазуын латын графикасына көшіру тарихи, саяси, əлеуметтік себептерге байланысты шартарапқа шашырай орналасқан қазақтардың өзара қарым-қатынас жасауына, рухани, мəдени тұрғыда туған жерінде өмір сүріп жатқан қандастарынан ажырап қалмауына, ғылым көшінің басында тұрған əлемдік ғылыми, технологиялық, инновациялық үдерістерден тыс қалмауға, түркі тілдес халықтармен бір ақпараттық кеңістік құруға, қазақ тілін үйренушілер психологиясындағы кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйрету мəселесі өткір қойылып отырғаны белгілі. Мұның шешімін табудың бір жолы да осы латын таңбаларына көшу деген пікірдеміз.

Өткен ғасырдың 40-жылдарынан бастап қолданылып келе жатқан кириллицаның қазақ тілінің дыбыс жүйесіне, емлесіне, сөз сазына, үндесіміне тигізген зияны күнделікті өмірде жиі кездеседі. Бұл орайда сөз ішіндегі бір буынның ерекше айтылуына, яғни бір буынға екпін түсетініне үйренген орыстілді адамға тəн фонетикалық құбылыс аканье елімізде тұратын орыстілді тұрғындар ғана емес, қазақтілді отандастарымыздың сөзінде берік орныққаны байқалады, яғни түрлі топонимдер, материалды дүниенің атаулары, кірме сөздердің бірінші буынындағы о дыбысы а ретінде дыбысталып жүр, мысалы, Москва – Масква, Тойота – Тайота, орфография – арфаграфия т.б. Тек өзге тілдерден ауысқан кірме сөздер ғана емес, байырғы қазақ сөздері де осындай өзгеріске ұшырау нəтижесінде өз мағынасынан айрылып, ұлттық сипатын жоғалтып жүргені де жасырын емес, мəселен, Оспан – Аспан, Олжас – Алжас, Шолпан – Шалпан, Сораң – Сарань, ал кейбір сөздер тіпті екі мəрте осындай дыбыстық бұрмалауға ұшыраған: Төкен – Токен – Такен; Өміргүл – Омиргуль – Амиргуль. Осындай фонетикалық бұрмалаумен беріліп жүрген Ақан сері – Ахан серэ, Ақтөбе – Актюбе, «Таңсəрі» – «Тансари», басқа да онимдерді атауға болады. Бұл адам санасында күрделі психологиялық үдеріс нəтижесінде қалыптасқан бір тіл, яғни орыс тілі, дыбысының образын екінші тіл – қазақ тілінің дыбысына көшіру немесе орнына жұмсау нəтижесінде пайда болған бұрмалаулар, ал бұл дегеніміз – ұлттық тіл мүддесіне қайшылық.

Осыған байланысты 1926 жылы түркологтердің Бакуде өткен І съезінің қарарын еске түсіруге болады. Онда түркі тектес халықтардың жаңа əліпбиін жасау барысында төмендегі мəселелерді ескеруге шешім қабылданған еді:

 орыс графикасының əріптерін алмау;

 қосар əріп алмау;

 диакритикалық белгі алмау,

 бірдей дыбыстарға əріп алмау;

 жіңішке дауыстыны таңбаламау;

 кірме сөздерді айтылуы бойынша игеру;

 кірме сөздерді түпнұсқа тілдегі түрінде алу;

 кірме сөздер үшін таңба алмау;

 кірме сөздерді үндестік заңына бағындыру;

 халықаралық сөздердің соңындағы дауыстыларды қысқарту;

 кірме сөздерде о əрпі тұрса, оны [о] дыбысы етіп айту [4].

Бұл шешім сол кездің өзінде Совет үкіметінің қатаң бақылауында болса да, орындалмағаны байқалады, оған дəлел — Н. Төреқұловтың, Х. Досмұхамедовтің жəне 1929 жылы бекітілген қазақ əліпбилері. Аталған ережелердің соңғысының сол кезде де, кейін кириллицаны қабылдаған кезде де сақталмауы қазір қазақ тілінің, жоғарыда көрсетілгендей, орыс орфоэпиясын пайдалануына əкелгенін байқатады.

Əрине, ол кездегі жағдай мен қазіргі қазақ қоғамының латын графикасына ауысу кезіндегі сауаттылық, білім беру деңгейін, педагогикалық-əдістемелік мүмкіндіктерін, ақпараттық, техника- технологиялық, экономикалық əлеуетін салыстыруға келмейтіні ақиқат, алайда қазақ тілінің емле ережелерін жасағанда ескеретін мəселелердің бірқатарын осы құжаттан байқауға болады.

Қазақ тіліне сөз ішіндегі, сөз бен сөз арасындағы дыбыс үндесімі тəн болса да, қазір сөйлеуде орфографияны сақтау жиі кездеседі, мəселен, қашан гелдің? Кім гелді? деудің орнына жазылуына сəйкес Қашан келдің? Кім келді? деп дыбыстау қазақ тілінің əуезділігіне нұқсан келтіретіні сөзсіз.

Кирилл таңбасы халқымыздың ұлттық танымын, мүддесін аяқасты етіп жүргенінің бір көрінісін қазіргі Интернеттен байқауға болады. Қазақстан кеңістігінде кеңінен қолданылатын Mail.ru желісі қазақ сөздерін автоматты түрде орыс тілінде септеп жібереді, мəселен, «Вы знакомы с Улыкбьком Есдаулетовым, Аркой Ақшамы?», яғни сөз тіркесімен берілген газет атауындағы алғашқы компонент сыртқы тұлғасына байланысты женский родта қабылданып, септелген. Тағы бір мысал – «Вы знакомы с Шiркiн Қазақтың тойына не жетсiном, Сагындыком Абильгазином и ещё 5?». Келтірілген мысал да жоғарыда аталған құбылыстың бір түрі, тек техникалық деңгейде, яғни сөздің сыртқы тұлғасына байланысты грамматикалық категория көрсеткіші жалғанып тұр. Ал мұның өзі кириллицаны пайдаланып отырған қазақ сөздерін техника танып біле алмайды деген сөз. Дəл осы сөз тіркесі мен сөйлем латын графикасымен берілсе, мұндай қателік жіберілмес еді.

Жылжымалы екпінге ие орыс тілінің əсерімен қазір қазақ тіліндегі сөздердің, əсіресе антропонимдердің дыбысталуында екпіннің ауысуы байқалады, мəселен, Жазира есімінің соңғы буынына түсетін екпін қазір екінші буынға ауыстырылып айтылып жүр. Туыстық атауларды білдіретін сөздерге орыс тілінің еркелету-кішірейту мəнді жұрнақтарын жалғап қолдану да кең тараған құбылыс.

Аталған мəселелерді қазақ жазуын латын графикасына көшірудің лингвистикалық жəне педагогикалық себептерінің бір тармағы ретінде тануға болады.

Қазір республика жұртшылығы латын таңбасындағы қазақ жазуының ресми билікке ұсынылған үш нұсқасымен таныс. Осы орайда латын графикасына негізделген қазақ жазуының посткеңестік кезеңдегі алғашқы нұсқалары ХХ ғасырдың 90-жылдары ұсыныла бастағанын айту кету керек, оларда дыбысты əріп, əріп тіркесі, диакритикалық таңба жəне дəйекше арқылы беру ұстанымдары басшылыққа алынды да, əліпби нұсқасын əзірлеушілер нақты бір тоқтамға келе алмады.

2017 жылдың 11 қыркүйегінде Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық координациялық-əдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов таныстырған қазақ жазуының жаңа нұсқасына 25 əріп енгізіліп, ол диграф жүйесіне негізделді. Осыған байланысты орфографиялық жаңа ережелер қабылдануы керек делінгенмен, осы нұсқаның өзі көп сұрақтар туындатты. Осы нұсқаны баспа мəтіндерде пайдалануда басы артық диакритикалық белгілер болмайтындықтан, көзбен көріп, қабылдауда нейропсихологиялық кедергі болмайды əрі экономикалық тұрғыдан тиімді дегенмен, аталған нұсқа қазақ ұлтының жазба коммуникациясына нұқсан келтіретіні, яғни қазақжазулы адамның көзшалымы сөзді əріп тіркесі ретінде қабылдайтындықтан, диграфтар мəтінді қабылдауды қиындататыны ескерілмеді.

Қазақ жазуын латын графикасына көшіру үшін тек ағылшын тіліндегі пернетақтаны ғана емес, неміс клавиатурасының жекелеген таңбаларын да, мəселен, біздің төл дыбысымыз «ө-ге» ұқсайтын дыбыстың таңбасын — умлаут белгісін (Österreich – Австрия, lösen – шешу, böse – ашулы, das Öl – май) пайдалануға болушы еді. Сондай-ақ ə, ү, ұ дыбыстарын да жеке əріп немесе диакритикалық белгімен берген дұрыс əрі бұл техникалық тұрғыдан қиын шаруа емес болса да, жаңа əліпби ұсынушылар бұған аса назар аудара қоймады.

2017 жылдың қазанында апострофқа негізделген екінші нұсқада əріптер саны алғашқысына қарағанда көбейгенмен, ол да қазақ тілінің дыбыстар құрамына қатысты дүдəмалды жоя алмағаны соңғы кездегі пікір, талқылаулардан байқалып отыр.

Бұл əліпбидегі 9 таңбаның апострофпен берілуі психологиялық, семантикалық жəне технологиялық тұрғыдан сөздің тұтастығын бұзып, оқуды қиындатады əрі баспа мəтінді оқуға медициналық тұрғыдан қолайсыз, көзді тез шаршатады.

Ал ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген үшінші нұсқада диакритикалық белгі арқылы жəне диграфтар арқылы таңбаланған 32 əріп бар, ол алдыңғы екі нұсқаға қарағанда едəуір жетілдірілген деп есептеледі.

Қалай дегенмен де, бұл əліпби қолданысқа енгізілмей тұрып, қазақ тіліндегі дыбыстар саны нақтылануы тиіс, кірме сөздердің дыбысталуы мен жазылуы (ashana – асхана əлде ашана), бұрын сөз мағыналарын саралау (дифференциациялау) үшін қолданылған əріптерді таңбалау (hat, qat) мəселесі шешілуі қажет, емле ережелері түзілуі керек.

Қазіргі кезде мектеп, орта арнаулы жəне жоғарғы оқу орындарында қазақ тілінің дыбыстар жүйесі түрліше көрсетілген, мəселен, орта мектепте 12 дауысты, 26 дауыссыз, жоғары оқу орны бағдарламасында 12 дауысты, 25 дауыссыз делінеді. Ал «Қазақ грамматикасында» қазақ тілінің дыбыс жүйесін 9 дауысты, 17 дауыссыз дыбыс құрайтыны əрі ол эксперименталды түрде нақтыланғаны келтірілген, яғни ғылыми зерттеу нəтижелері орта мектеп пен орта арнаулы оқу орындарында айтылмайды деген сөз, сондықтан латын графикалы қазақ əліпбиі үшін бұл айрықша маңызды.

Сондай-ақ қазақ жазуын кирилл таңбасына көшіру барысында қабылданып, қазірге дейін əр деңгейдегі оқулықтардағы қазақ тілі дыбыс құрамын анықтауда, емледе қиындық тудырып отырған и əрпін атап айту керек. Бұл əріптің түрлі дыбыстар тіркесімін беретініне қарамастан, ол мектеп жəне орта арнаулы білім бағдарламасында дауысты дыбыстардың қатарында аталып, кейде дауыссыздың қызметінде жұмсалады делініп, ғылымның соңғы тəжірибелік нəтижелеріне қайшы болса да, тіл үйретуде, сауатты сөйлеу, жазуда қиындықтарға ұшыратып отырғаны белгілі.

Соңғы кездері орталық басылым беттерінде, қалың көпшілік арасында айтылып жүрген ұсыныстың бірі – кірме сөздерді айтылуы бойынша, қазақ тіліне барынша бейімдеп алу, мəселен,режім, станса, мəйкі т.б. Мұндай сөздердің ауызекі сөйлеуде өзгеріске түсетіні дұрыс, бірақ жазба коммуникацияда бұлардың бұрмаланып жазылуы қазақ тілінің жетілуіне, мəдениетінің ілгерілеуіне қаншалықты ықпал етеді? Емлеге қатысты жаңа ережелерді түзу барысында бұл да ойланатын сұрақ.

Жалпы, емле ережелері де қазақ тілі графикасының ауысуына (1912, 1929, 1940 жж.) байланысты ХХ ғасырдың І жартысында бұқаралық ақпарат құралдары бетінде, үлкенді-кішілі жиналыстарда мұғалімдер, оқытушылар, филолог-мамандар, қалың жұртшылықтың қатысуымен талқыланып, түрлі ұсыныстар айтылғаны мəлім. Қазақтың байырғы сөздерінің, жекелеген қосымшалардың, біріккен, басқа да күрделі сөздердің, терминдердің, кірме бірліктердің жазылуына қатысты ұсыныс-пікірлер жинақталып, тек 1957 жылы ғана Қазақ ССР Жоғары Советінің Президиумы бекіткен «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері» қабылданып, ол 1983 жылы толықтырылып қайта бекітілді. Ұзақ уақыт бойы бұл ережелердің қолданылуы міндетті болып, қалың көпшіліктің сауаттылығына, тіл мəдениетінің жетілуіне, тіліміздің нормалануына игі əсер еткені анық. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында тіл дамуымен, орыс орфографиясының ықпалымен қазақ тілінің емле ережелерінде де қайшылықтар көбейе бастады, ал бұл көп жағдайда соңғы шыққан орфографиялық сөздіктерге сүйену халық көкейінде көптеген сұрақтардың туындауына, жазуда емле ережелерінің сақталмауына, халық сауаттылығының төмендеуіне əкеліп отыр деуге болады. Қазақ тілінің латын графикасына ауысуына байланысты жасалатын емле ережелері де талқыланып, бір ізге түскен соң үкімет тарапынан нормативтік акт (заң, қаулы, кодекс) ретінде қабылданса, көптеген сұрақтардың шешімі табылар еді.

Қорыта айтқанда, қазақ тілін латын графикасына көшіру аса маңызды реформа болғандықтан, оны жүзеге асыруда аталған мəселелерді нақты шешу жолдары жан-жақты зерделенгені дұрыс.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Латын графикасы негізіндегі қазақ əліпбиі: тарихы, тағылымы жəне болашағы. — Алматы: Арыс, 2007. — 410 б.
  2. Тлешов Е.Е. Əліпби таңдау: тіл табиғатын сақтау, түркілік тұтастық жəне əлемдік ақпараттық кеңістік / Е.Е. Тлешов // Қазақ тіл білімінің өзекті мəселелері: халықарал. ғыл.-əдіст. конф. материалдары. — Көкшетау, 2017. — ІІ-т. — 351–357-б.
  3. Алпатов В.М. Русская латиница Н.Ф. Яковлева / Научный диалог / В.М . Алпатов. — Екатеринбург: Центр научных и образовательных проектов, 2015. — № 3(39). — С. 8–28.
  4. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері / Қ. Күдеринова. — Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту орталығы, 2010. — 380 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.