Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

М. Мағауиннің «Аласапыран» романындағы прецедентті феномендердің ерекшелігі

Мақалада Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» тарихи дилогиясының мол этномəдени ақпараттан тұратын прецеденттік мəтін ретіндегі ерекшелігі туралы сөз қозғалды. «Прецеденттілік» ұғымының мəніне назар аударылды, сондай-ақ аталмыш ұғымды зерттеген ғалымдардың еңбектеріндегі «прецеденттік мəтіннің» классификациясына сүйене отырып, романдағы прецедентті феномендер зерделенді. Осы ретте прецедентті есім, прецедентті оқиға (ситуация), прецедентті айтылым сияқты романдағы прецеденттік феноменнің мысалдары талданды. Шығармадағы прецедентті феномендердің қолданылу мақсаттары айқындалады. Романдағы этномəдени ақпарат тарихи баяндаудың стильдік тəсілі, прецедентті мəтін ретіндегі ерекшелігі екеніне аса мəн берілді. Атап айтсақ, жазушының шығармада прецедентті феномендерді тарихи шындыққа көз жүгірту, ұлттық колоритті жеткізу, эмоционалды-экспрессивтік мағына беру, оқырманның дүниетанымын кеңейту, шығармадағы этномəдени ақпараттың көрсеткіші ретінде қолдануды мақсат тұтқандығы анықталады. Мақала авторлары романда этномəдени ақпаратты құрайтын прецедентті феномендер тек тілдік қана емес, сондай-ақ қоғам мен тілдік санада болып жататын мəдениеттанулық үдерістерді білдіреді деген тұжырымға келді.

Қазіргі адамзат қоғамында ақпарат қажеттілігі алдыңғы қатарда тұр. Ақпараттық коғамда ақпаратты аккумуляциялау (жинау), ақпаратпен алмасу, оны сақтау, өңдеу, жүйелеу, реттеу, дамыту, екінші адамға жеткізу, өз қажетіне жұмсау, сондай-ақ ақпарат теориясы өзекті мəселеге айналды. Ұлттық ақпараттың дені тарихи шығармаларда шоғырланған. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында рухани құндылықтарсыз сананың толықтай жаңармайтынын атап өткен. Рухани құндылықтарымыз болып табылатын тарихи шығармаларға ақпараттың көзі деп қарау маңызды. Сондай-ақ бұл шығармаларды прецеденттік мəтін ретінде қарастырудың өзіндік мəні бар, себебі оларда халықтың тұрмыс-тіршілігі, болмысы жөнінде этномəдени ақпарат мол. Сондықтан да осы ақпараттарды оқырманға қорытып, түсіндіру керек деп ойлаймыз.

Прецеденттік мəтіндер тілдік жəне мəдени қауымдастықтың ажырамас бір бөлігі болып табылатын əлемнің тілдік бейнесін көрсететін құралдардың ең маңыздысына жатады. Адамның өзін қоршаған ортасына эмоционалды жəне баға беру сияқты қатынасын білдіруде бай мүмкіндіктерге ие бола отырып, прецеденттік мəтіндер əлемнің елеулі, мазмұнды, айқын бейнесін жасауға ықпал етеді. Сондықтан да қазіргі таңда прецеденттілік ұғымы отандық жəне шетелдік лингвистер мен филологтардың зерттеу мəселесіне айналды.

«Прецедент» сөзінің мағынасына зер салсақ, «Шетелдік сөздер сөздігінде» бұл сөз («praecedens» сөзі латын тілінен аударғанда «алда жүруші, алдыңғы» дегенді білдіреді) былай түсіндірілген:

  1. ертеде орны бар жəне үлгі-өнеге немесе ақтауға негіз болатын оқиға;
  2. құқық. Сот шешімі немесе басқада мемлекеттік органдардың белгілі бір іске байланысты шығарылған жəне міндетті түрде ұқсас істерді шешу кезіндегі шешімдер [1; 18].

Ал «Қазіргі орыс тілінің түсіндірме сөздігінде» мынадай анықтама берілген: прецедент (praecedens лат. — алдыңғы, бұдан бұрынғы) — өткен заманда өзінің орны болып, халыққа үлгі-өнеге болған, халықтың есінде қалған немесе қазіргі уақытта ұқсас əрекеттердің негізі болатын оқиға [2; 58].

Ал осы мағыналардың ішінде лингвистикаға енген прецедент терминін беретін ұғымға сəйкес келетіні ертеде өзінің алатын орны болған, халыққа үлгі-өнеге болып, халықтың есінде қалған белгілі бір оқиға деген анықтама.

«Прецедент» ұғымын орыс тіл білімінде ХХ ғасырдың соңында Ю.Н. Караулов, В.Г. Костомаров, Д.Б. Гудков, И.В. Захарченко, В.В. Красных жəне тағы басқа ғалымдар зерттеген.

Ю.Н. Караулов прецедентті мəтіндер қатарына мəдениеттің кез келген құбылыстарын: əдеби жəне философиялық мəтіндерді, театрлық спектакльдерді, кино өнерін, телевизиялық бағдарламаларды, жарнамаларды, əндер мен музыкалық шығармаларды жəне тағы басқаны жатқызады. Осы ретте шығармалар «ұлттық жадыдағы» элементтерді құрайтын вербалды, сондай-ақ бейвербалды шығармалар болуы мүмкін [3; 44].

Қазақ тіл білімінде осы аталған феномендердің ішінде прецедентті есімдер мəселесімен айналысқан ғалымдар ретінде Т. Жанұзақов, Т. Қоңыров, Г.Б. Мəдиева, Е. Керімбаев, Г.А. Қажығалиева, С.Қ. Иманбердиева, В.И. Жумагулова, тағы басқаларды атап өтуге болады. Əр ұлттың өзіне тəн прецедентті мəтіндері болады.

М. Мағауиннің «Аласапыран» романы тарихи маңызы бойынша терең жəне еліміздің өткен тарихын кеңінен қамтыған қазақ əдебиетіндегі елеулі құбылыс деуге болады. Осындай шоқтығы биік тарихи шығарма — қаламгердің ортағасырлық жазбалардан бастап қазіргі заманғы тарихшылардың қолжазбаларына дейін қыруар тарихи материалды қамтыған көп жылғы зерттеуі мен шығармашылық тəжірибесінің нəтижесі.

Прецедентті феномендер дегеніміз — белгілі бір тілдік жəне мəдениеттің өкілдері қабылдай алатын мəдениет феномендері. В.В. Красных прецедентті феномендердің бірнеше түрін атап өтеді:

  • - қауымдық-прецедентті феномендер — белгілі бір қоғамның орташа өкіліне белгілі феномендер (əлеуметтік, кəсіби, конфессия жəне т.б.) жəне олар ұжымдық когнитивті кеңістіктің бөлігі болып табылады: аталмыш феномендер белгілі бір ұлттан тыс шеңберде бола алады, мəселен, əртүрлі елдердің заңгерлеріне ортақ (кəсіби қауым);
  • - ұлттық-прецедентті феномендер — белгілі бір ұлттық-лингвомəдени топтың немесе, басқа сөзбен айтқанда, ұлттың кез келген орташа өкіліне белгілі феномендер;
  • - əмбебап-прецедентті феномендер — кезкелген адамға белгілі феномендер [4; 54].

Прецедентті мəтін — ойлау мен сөйлеу əрекетінің аяқталған дербес өнімі. Əдетте, мұндай мəтіндер қандай да бір ұлттық-мəдени қауымдастықтың кезкелген орташа мүшесіне жақсы таныс жəне коммуникация барысында бірнеше қайтара қолданылуы мүмкін. Прецедентті мəтіндерге əдеби шығармалар, өлең-əндердің сөздері, жарнама, аңыз-əңгімелер жəне т.б. жатады [5; 62–85].

Сонымен, прецедентті феномендер халықтың жадындағы құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің бірден-бір құралы бола отырып, халықты мəдени-рухани құндылықтардың шеңберінде біріктіру тəсілі бола алады. Перцедентті феномендердің саналуандығы ұлттық тіліміздің ерекшелігінің көрінісі болып табылады. Осы тұста халықтың, мəдениет пен тілдің өзара байланысы айқын көрінеді.

Біздің зерттеу материалымызда қазақ халқының өмір салты, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық болмысы мен танымы, ұлттық-мəдени ерекшелігі кеңінен көрініс тапқан «Аласапыран» тарихи дилогиясындағы прецедентті феномендерді қарастырып, талдау жасау басты міндетіміз болып табылады.

Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген «Аласапыран» тарихи дилогиясы 1981–1982 жылдары жарияланды. Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дəстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұхара, Сібір хандықтарымен өзара қарым- қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған. Жазушы шығармаларында ХХ ғасырдағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі əлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры шынайы көркем бейнеленген. Жазушы романда өткен кезеңнің колоритін жеткізуде жəне көнерген лексиканы қолдануда асқан шеберлік танытқан. Мəселен, қару-жарақ атаулары, əскери киімдер, ұлттық тұрмыстық лексика, фразеологизмдер мен мақал-мəтелдер жəне т.б. Олар қазақ халқының көшпенді тұрмыс-тіршілігі мен бастан кешірген жауынгерлік оқиғаларынан хабар береді. Осы жайлы Ж. Шағатай мынадай пікір айтады: «М.Мағауин романында заттық болмысты — пейзаж, интерьер, тұрмыстық, жауынгерлік құрал-жабдықтарды суреттеуге, кейіпкер кескіндемелерін жасауға мейлінше мол орын береді жəне бұл романның композициялық құрылымына, біртұтас архитектоникасына барынша үйлесіп, кірігіп жатыр. Үстірт қараған жанға автор табиғатты суреттеуге орынсыз көп орын берген (қаншама тамаша суреттемелер ұшырасады романның өн бойында) секілді көрінуі мүмкін, бірақ оның өзі де ақталған: себебі роман оқиғасы өрбіген кез адамдардың табиғат анадан алшақтамаған, ара-жігі ашылмаған кез екенін ұмытпау лəзім, яғни табиғат — адам, адам — табиғат тізбегі біте қайнасып жатқан кез» [6]. Шындығында да, романда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, басынан кешірген жауынгерлікзаманды, аласапыранды суреттеуде жазушының тілі əсерлі, ұшқыр, бай жəне тарихи шынайылықты көрстеуде барлық тілдік құралдарды шебер қолданған.

Д.Б. Гудков, В.В. Красных, И.В. Захаренко, Д.В. Багаева сынды зерттеушілер «прецедентті мəтін» ұғымының кең ауқымдылығын ескере отырып, прецеденттілік феноменін төрт топқа бөліп қарастырады:

  1. прецедентті есім;
  2. прецедентті жағдай (ситуация);
  3. прецедентті айтылым;
  4. прецеденттік мəтін.

Прецедентті есім — тіл тасымалдарушыларына прецедентті оқиға ретінде танымал, прецедентті мəтіндегі танымал есім. «Аласапыран» романында басты кейіпкер Ораз-Мұхамед сұлтанның өмір жолы, оның куə болған ХVI–XVII ғасырлардағы қазақ, орыс халықтарының бастан кешкен тарихи оқиғалар суреттелген. Яғни, романдағы Ораз-Мұхамед сұлтан — қазақ халқына тарихтан белгілі есім. Ол Жошы əулетінен шыққан қазақ сұлтаны, Қасым хандығының ханы. Яғни, романдағы басты прецедентті есім — Ораз-Мұхамед сұлтан.

Кезкелген тарихи шығармада тарихи тұлғалар бейнесі сомдалатыны белгілі. «Аласапыран» романында қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған ғұлама ғалым, белгілі би Қадырғали Жалайыридің, Едіге бидің ұрпағы Петр Усовтың, Томан бидің, Манақ батырдың, Ділшат пен Ай- Шешек бегімнің көркем бейнелері сомдалған. Олардың бейнесі тағылымы мен тəлімі мол, танымдық сипатқа ие жəне шығарманың көркемдік-эстетикалық деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Романдағы осындай əрбір бейне прецедентті есімдер қатарын толықтыра түседі.

М. Мағауиннің «Аласапыран» романындағы прецедентті есімдерді талдау барысында лексикалық-семантикалық мағынасына қарай бірнеше топты анықтадық. Оларды төмендегідей топтарға бөліп қарастыруға болады:

  1. романдағы тарихи тұлғаларды білдіретін прецедентті есімдер: Ораз-Мұхамед сұлтан, Қадырғали Жалайыри, Едіге бидің ұрпағы Петр Усов, Томан би, Манақ батыр, Ділшат пен Ай- Шешек, Бахадүр сұлтан, Шығай хан, Ес-Мұхамед сұлтан, Тəуекел хан, Хақ-Назар хан, Сүтемген би, Ес-Мұхамед сұлтан, Орыс хан жəне т.б.;
  2. географиялық жер-су атауларын білдіретін прецедентті есімдер: Жетісу, Еділ, Жайық, Ібір- Сібір, Қаратау, Есіл, Талас, Ертіс, Шу, Арыс, Сарыарқа, Созақ, Түркістан, Қорғалжын, Ақмола, Қарқаралы, Торғай, Бетпақ, Қызылжар, Ұлытау, Калуга, Смоленск, Мəскеу, Тобольск, Саран, Сығанақ, Шымкент, Самара, Хорасан, Орал тауы жəне т.б.;
  3. қазақтың дүниетанымын білдіретін прецедентті есімдер: Жер-Ана, Су-Ана, От-Ана, Адам- Ата, Тəңір жəне т.б.;
  4. əлеуметтік категорияларды білдіретін прецедентті есімдер: хан, патша, сұлтан, бас уəзір, бек, қолбасы, аламан, елші, атаман, воевода, стрелец, саудагер, царь-государь, князь, түрмеші т.б.

Жоғарыда аталған прецедентті есімдер топтары романда оқырманға тарихи шындықпен қатар, этномəдени ақпарат беру қызметін атқарып тұр.

Прецедентті жағдай шынайы оқиғаға құрылған немесе виртуалды болып бөлінеді. Романдағы прецедентті жағдай шынайы оқиға желісіне құрылған. Мұхтар Мағауин деректі материалдарға сүйене отырып, оқырманға суреттеліп отырған аласапыран кезең мен ортаның тартысы негіз болған тарихи коллизия барысын көрсетеді. Ол аласапыран тарихы туралы арнайы əдебиетпен танысып, роман мəтінінде нағыз шынайы деректерді көркемдік құралдар арқылы жеткізген. Жазушы тек қана деректі материалдардың жетегінде ғана кетпей, оларды шығармашылық тұрғыдан терең идеялық мағына беріп, роман сюжетін жандандыра түскен.

Роман-дилогияның бірінші кітабында Созақтағы кеңесте Тəуекел ханның сайлау рəсімі мен хан шешімі бойынша он алты жасар Ораз-Мұхаммедтің Қадырғалидың қызы Ай-Шешек-бегімге үйленуі, Қазақ халқының жайлауға көшу кезіндегі жалпы жағдайы, жер дауы, аңшылық, саятшылықтағы Ораз-Мұхаммедтің жастық жалыны, осы жастық, албырттығының кесірінен орыстың қолына тұтқындалып, мұнарасы биік Мəскеуге аттанысынан шежіре шертіліп, Ораз-Мұхамедтің Ресейде де өз халқының қасиетін жоғары бағалатып, орыс-қазақ қатынастары жəне екі ел достастығының тарихындағы үлкен рөл атқарғаны, өз елінен сырт жүріп, айналасындағы ет жақын туыстары — анасы, əйел-баласынан айрылып күйреуі, бірақ Федор патша қайтыс болып, орнына Борис Годуновтың отыруы жəне сол кездегі оны Хан Керменге хан сайлануы, қазақтардың Абдолла ханмен ұрыстағы жеңісі оны қайта түлетіп, қажырына келтіріп жаңғыртады.

Ал шығарманың екінші кітабында Хан Керменге аттанған Ораз-Мұхаммед ата салты бойынша ақ киізге отырып хан сайлануына, Хан Кермен воеводасы Ерофей Глуховпен теке тіресіне, Есеней бектің жаулық əрекетіне, осы жұрттың ең басты төрт ұрығы — Шəш пен Есенейдің, Саманай мен Төбейдің қыздарынан, қарындас-туыстарынан қалыңдық алуы, əпкесін, жиені — Мұрат-Мұхаммедті көшіріп əкелуі, Көшім ханның əулет-жұрағатына пана болуы, қалтқысыз сенімді досы Жаһаншамен пікірлесуі, оның қайтыс болуы, Борис Годуновтың қабылдауында болуы, оның Ораз-Мұхаммедті өзімсініп ішкі сырын айтуы, қысқасы, Ораз-Мұхаммедтің Хан Кермендегі тіршілігіне арналады. Шығарма аяғы жазушының эпилог есепті өз ойы берілуімен бітеді [7].

Прецедентті айтылымдар — ойлау мен сөйлеу əрекетінің аяқталған дербес бірлігі. Прецедентті айтылымдарға мақал-мəтелдерді, фразеологизмдерді, қанатты сөздер мен өлең жолдарын жатқызады. Мəселен:

«У жесең — руыңмен!» деген қайда?» [8; 61].Осы мақалды адамдардың көпшілігі рулық қоғамды, руға бөлінуді дəріптеу деп түсінуі мүмкін. Негізінде осы мақалда қандай аласапыран қиындыққа тап болсаң да, еліңмен бірге бол, бірге көр дегенді білдіреді.

«Бас кеспек бар — тіл кеспек жоқ» [8; 59], бұл мақал тілдің адамзат өміріндегі маңыздылығын көрсетеді. Ертеде билеріміз қандай дау болмасын құдіретті сөз күшімен шешіп, əділ билік еткеніне көзжеткіземіз.

«Қылыш үстінде серт жоқ, қымыз үстінде кеңес жоқ» деген [8; 48]. «Кеселіне қымыз жақпаған жан — кісі болып қатарға қосылмайды», — деді сұлтан [8; 176]. Осы мақалдар да халқымыздың көшпенді тарихындағы этнографиялық мəдениетінен хабар беретін мақалдарға жатады. Көшпенді халықтың дастархан мəзіріндегі қымыздың ерекше орны көрсетілген.

«– Айтсам, қара қазан, сары баланың қамын айтам» [8; 59]. Осы сөйлемдегі «қара қазан, сары бала қамы үшін» деген тұрақты тіркес жаугершілік кезеңдегі қазақ батырларының жиі қолданатын ұранына айналған. Бұл жерде ертедегі қазақ халқының түсінігі бойынша, «қазан» — бүтіндіктің белгісі, ұрпақ жалғасы мен отбасы берекесінің нысаны. Яғни, халықтың қазаны құрыса, ел құриды деген сөз.

«Ал қалғаның мына қонақтарды күтіңдер. Иесін сыйласаң, итіне сүйек сал деген» [8; 83]. Осы мəтіндегі ит туралы мақалдың халқымыздың ит туралы дүниетанымынан хабар береді. Ит Адам ата мен Хауананың пейіштен қуылып жерге түскендегі алғашқы жан серігі, досы əрі қорғаушысы. Сол себепті жеті қазынаның бірі болып саналған. Ит адам баласының сенімді серігі үйдің қорғаушысы, қора мен малдың күзетшісі. Қазақ халқы итті Жеті атаның бірі, жетінші ырыс деп те атайды.

«Тең — теңімен, тезек — қабымен» [8; 326]. Екі жас отбасын құруы ежелгі қазақтың дəстүрі құда түсуден басталады. Қазақ халқы, əдетте, «Тең — теңімен, тезек — қабымен» деген қағиданы ұстанып, өздері сыйласатын, аралас-біліс, əлеуметтік деңгейі өзімен шамалас адамдармен құдаласатын болған. Бұл мақалдың шығу төркіні қазақтың құдаласу дəстүрінде жатыр.

«... бөрі арығын білдірместің» кебінде сияқты» [8; 71]. Қасқыр тотемі ежелгі көшпенді мəдениетімізде ерекше орынға ие. Қазақ халқында қасқарға байланысты мақал-мəтелдер өте көп. Қасқырды қазақ халқы киелі аң санаған. Бұл жерде бөрінің жақсы мінез-құлқын адамға қатысты қолданылып тұр. Яғни, жаманыңды жасыру, жақсылығыңды асыру мағынасын меңзейді.

«Асын ішіп, аяғын теуіп кетіпті» деген сөз шығып жүрер [8; 91]. Бұл мақал да қазақ халқында ертеден келе жатқан жəне осы күнге дейін өзектілігін жоймаған жиі қолданылатын мақалдар қатарына жатады. Бұл жерде «аяғян тебу» «ыдыс-аяғын тебу» дегенді білдіреді. Яғни, қазақта дастарханынан дəмдес болып, аралас-құралас бола отырып, сатқындыққа барудың теріс əрекет екендігі жайлы сөз болады.

«Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» деген ғой қазақ [8; 255]. Қазақтың ұғымында беташар жасаған адам сол келіннің алдағы тағдырына да, тұрмыс-тіршілігіне де жауапты деп есептелген. Қайын-жұртына келген келіннің алғаш көрер адамы осы беташар жасаған жан. Сондықтан да жас келін ата-енесіне, қайын ағаларына айта алмайтын əңгімелерін, назын, өтінішін осы бетін ашқан адам арқылы жеткізіп отырған. Осы мақалды бүгінгі күні де ауыспалы мағынада қолдану кеңінен көрініс тапқан.

«Құлан басына күн туса, қодығына қарамас» [8; 240]. Бұл мақал да қазақ халқының дүниетанымынан хабар береді. Басқа шындап қауіп төнгенде жанашыр жақынынан гөрі əркім өз басын қорғайды деген ауыспалы мағынаны білдіреді.

Романда кездесетін фразеологизмдер: басынан бағы таю, асауды ауыздықтау, қырық күн шілде, ант ішу, тағзым ету, пір тұту, қара бұқара, қалың қауым, аузынан жыру, қиян-кесі соғыс,құзырына құлдық ұру, тамырын басып көру, ұзын арқан кең тұсау, асын ішіп аяғын тебу, ерсілі- қарсылы шұбау, ант бұзу, қан жұту, қыдырдың батасы дару, киіз туырлықты көшпенділер, ат шаптырым аймақ т.б.

«Образды фразеологизмдер — жалпы айтылар сөздің көркі. Олар тек ауызша, жазбаша ұсынылған əдеби тіл үлгілерінде емес, ауызекі сөйлеу тілінде де берік орын алады. Ал билер, шешендер, салиқалы сөз иелері болса, образды сөздер мен тіркестерді қолданбай отыра алмайды. Мысалы: аса астарлы, сондықтан көп сөзді етіп сөйлемей, ойын қысқа-қысқа қайырып, бірақ əсерлі етіп баяндаған Тəуекел хан қамалдың қабырғасын сүзу (қамалға шабу), жан тартып келген жақын (жақындасу), ордасын ортасына түсіру (талқандау, жеңу), жанын тастай алмай жатқан (өле алмай), құшақ ашу (жақындасу, табысу) сияқты образды фразеологизмдермен тіл қатады» [9; 12].

Жалпы, Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романындағы прецедентті феномендерді келесідей 3 топқа бөлуге болатындығын көрсеттік:

  1. Прецедентті есімдер.
  2. Прецедентті жағдай (ситуация).
  3. Прецедентті айтылымдар.

Зерттеу барысында романдағы прецедедентті есімдердің өзі келесідей төрт топтан тұратындығын анықтадық:

1) романдағы тарихи тұлғаларды білдіретін прецедентті есімдер;

2) географиялық жер-су атауларына байланысты прецедентті есімдер;

  1. қазақтың дүниетанымын білдіретін прецедентті есімдер;
  2. əлеуметтік категорияларды білдіретін прецедентті есімдер.

Шығармадағы прецедентті жағдай шынайы тарихи оқиғалар желісіне құрылған десек болады. Жазушы шығармаға ХVI–XVII ғасырлардағы қазақ, орыс халықтарының бастан кешкен тарихи оқиғалары мен жағдайын арқау еткен. Қасым ханның хатын баяндауда жазушы реалистік хат қағидаларын басшылыққа алады, осы ретте көнерген лексиканы таңдап алуда да аса мұқияттылық сақтаған. Романда Ораз-Мұхамедтің Сигизмунд корольмен кездесуі жəне Жолкевскиймен жасаған шарты суреттелген. Жазушы романдағы оқиғалардың барлығын көркемдік шеберліктің қағидаларын басшылыққа ала отырып, тарихи оқиғаларға ерекше реңк бере отырып суреттеген.

Жазушы шығармада халық тілінің асыл қазынасы — мақал-мəтелдерді мен фразеологизмдерді қолдануы тарихи баяндаудың стильдік белгісіне жатады. Романда этномəдени ақпараттың бір бөлігін құрайтын фразеологизмдер, мақал-мəтелдердің ұлттық мəдениетіміздің тілдік көрінісі деуге болады. Шығарманы оқи отырып, кітаптың əр парағынан қазақ халқының ой шеберлігі мен бай тілін көрсететін өткір ойлы мақал-мəтелдерін жиі кездестіреміз. Романда жазушы мақал-мəтелдерді қолдануы шығармаға эмоционалдылық пен экспрессивтілік реңк беріп, поэтикалық қызмет атқарады деуге болады.

Жалпы, романдағы тарихи оқиғаны прецедентті феномен деп алатын болсақ, ол прецедентті есімдерден, прецедентті жағдайлар мен прецедентті айтылымдардан тұрады. Прецедентті есімдер, прецедентті жағдайлар мен прецедентті айтылымдар романның тұтас прецедентті мəтін ретіндегі ерекшелігін айқындайды. Сонымен қатар прцедентті есімдер, прецедентті жағдайлар мен прцедентті айтылымдар романға эмоционалды-эксперссивті мағына, тарихи шындық пен қатар этномəдени ақпараттың көрсеткіші ретінде қызмет атқарып тұр.

Ғалым Рəбиға Сыздықтың «...жазушы Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романы қазақ көркем əдебиетіндегі тарихи шығармалардың ең сəтті үлгілерінің бірі деп санауға тек оның көркемдік- шығармашылық сипаты ғана емес, тілдік-стильдік белгілері де мүмкіндік береді. Бұл — көркем туындыны «тарихи стиль» дегеннің тезіне салып жазудың да бірден-бір көрнеу үлгісі. Ал «тарихи стиль тезі» («историческая стилизация») жалғыз ғылыми таным үшін емес, қазақ халқының бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы, тіпті күні кешегі XIX ғасырдағы өмір шындығын дұрыс тануымыз үшін де қажет» [9; 14] деген пікіріне сүйенсек, романдағы прецедентті феномендердің бірден-бір ерекшелігі деп тарихымыздағы өмір шындығын суретттеудегі жазушылық шеберлікті атауға болады.

Олай болса, халық ауыз əдебиеті мен көркем əдебиетті, тарихи оқиғаларды ұлттық-прецедентті феномендерге жатқызуға болады. Көркем мəтін тіл мен мəдениеттің бірлігі болып табылады десек, халықтың өткен тарихы мен мəдениетін суреттейтін шығармалар да прецедентті мəтіндерге жатады. Осы орайда тарихи шығармалардағы этномəдени ақпаратты білдіретін лексика ұлттық-прецедентті феномендерді білдіретін прецеденттік мəтіндердің бірден-бір қайнар көзі болып табылады жəне олар өз алдына жіті зерттеуді қажет етеді.

М. Мағауин «Аласапыран» тарихи дилогиясындағы прецедентті феномендер төмендегідей қызметтер атқарады:

  • - тарихи шындыққа көз жүгірту;
  • - ұлттық колоритті жеткізу;
  • - эмоционалды-экспрессивтік мағына беру;
  • - тілдік-баяндау;
  • - оқырманның дүниетанымын кеңейту ( ұлттың мəдени болмысын көрсету арқылы);
  • - шығармадағы этномəдени ақпараттың көрсеткіші ретінде.

Демек, прецеденттік мəтіндер, ең алдымен, белгілі бір халықтың ұлттық-мəдени жəне тарихи жадындағы тілдік қорды білдіреді. Романда этномəдени ақпаратты құрайтын прецедентті феномендер тек тілдік қана емес, сондай-ақ қоғам мен тілдік санада ұдайы болып жататын мəдениеттанулық үдерістерді білдіреді. Халқымыздың болмысы мен тұрмыс-тіршілігі жөніндегі бай этномəдени ақпаратқа құрылған прецеденттік мəтінді басқа тілге аударудың өз ерекшеліктері мен қиындықтары бар жəне ол туралы келесі мақаламызда сөз қозғайтын боламыз.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка: материалы для лексической разработки заимствованных слов в русской литературной речи / Сост. под ред. А.Н. Чудинова. — 3-е изд., тщательно испр. и знач. доп. — СПб.: В.И. Губинский, 1910. — 676 с. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://rus-yaz.niv.ru/doc/foreign-words- chudinov/index.htm.
  2. Современный толковый словарь русского языка / Сост. С.А. Кузнецов. — СПб. – М.: Рипол-Норинт, 2008. — 960 с.
  3. Караулов Ю.Н. Некоторые особенности функционирования прецедентных высказываний / Ю. Н. Караулов // Вестн. МГУ. Сер. 9. Филология. — 1997. — № 4. — С. 73–78.
  4. Красных В. В. Этнопсихолингвистика и лингвокультурология: курс лекций / В.В. Красных. — М.: Гнозис, 2002. — 284 с.
  5. Багаева Д.В. Когнитивная база и прецедентные феномены в системе других единиц и в коммуникации / Д. В. Багаева, Д. Б. Гудков, И. В. Захаренко // Вестн. Москов. ун-та. Сер. 9: Филология. — 1997. — № 3. — С. 62–85.
  6. Жаңабек Шағатай. Сұлулық пен сыршылдыққа құштарлық (М .Мағауин туралы) [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://www.qamshy.kz/03.11.2014.
  7. «Аласапыран» романындағы тарихи оқиғалар желісі жəне көркемдік шешім [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://massaget.kz/.
  8. Мағауин Мұхтар. Аласапыран: тарихи роман. — Алматы: Жазушы, 1988. — 828 б.
  9. Сыздықова Р . Сөз құдіреті: көптомдық шығармалар жинағы / Р. Сыздықова. — Алматы: Ел шежіре, 2014. — 123 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.