Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ділдік лексиконға сипаттама

Мақалада ділге (менталитетке) əр тарапты анықтамалар берілген. Қандайда болмасын діл — рухани болмыс тарихының сығымдалған жəне тұрақты негізде қордаланған, жеке адамдармен əлеуметтік топтардың дүниетанымында орын алатын ерекше көрініс. Оны қалыптастыруда мəдениеттің, философияның, психологияның, ұлттық салт-дəстүрдің, тұрмыстың, қоғамдағы əлеуметтік ортаның, саясат пен идеологияның, экономикалық қатынастардың маңызы зор. Бізге батыс пен орыстың ментальділікпен тілдің байланысы туралы пайымдаулары кеңінен таныс. Солардың жолын ұстанатынымызда жасырын емес. Дей тұрсақта, өз топырағымызда не бар екенін түгендеп алудың ғылымның табиғи жолмен дамуына, оның шынайылығына ықпалы зор болатындықтан, тіл мен ментальділікті осы жосықпен пайымдауға тырыстық. Осы тұрғыдан келсек, бұл мақалада діл мен тілдің орайласуы туралы мəселенің қазақ тілтануындағы бастауларын Абай мен Ахметтен көруге болатындығы қарастырылды.

Ділдік лексикон дегенде еске бірден «ментал», «менталитет» сөздері түседі. Бұл сөздерді «діл» деп аудару ұсынылып, ғылыми көпшілік жағымды қабылдады. Мəселен, демограф-ғалым М. Тəтімов бұл сөздерді «діл», «ділім» деп аударғанды жөн санаған. Менталитетке əр тарапты анықтамалар берілген. Қандай да болмасын діл — рухани болмыс тарихының сығымдалған жəне тұрақты негізде қордаланған, жеке адамдар мен əлеуметтік топтардың дүниетанымында орын алатын ерекше көрініс. Оны қалыптастыруда мəдениеттің, философияның, психологияның, ұлттық салт-дəстүрдің, тұрмыстың, қоғамдағы əлеуметтік ортаның, саясат пен идеологияның, экономикалық қатынастардың маңызы зор.

Философиялық тұрғыдан алсақ, менталитет латын тілінен аударғанда (mens — ақыл, ойлау, ойлаудың бейнесі, жанның қатпары) — бейсаналықты қосқандағы топтық жəне жеке сананың терең деңгейі. Менталитет — жеке жəне əлеуметтік топтардың қимылға, ойлауға, сезінуге жəне дүниені белгілі бір бейнеде қабылдау бағыты дайындығының жиынтығы [1; 10].

Бұл жөнінде философ-ғалым Д. Кішібеков өзінің белгілі «Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең» атты монографиясында: «Менталитетті адамдардың нақтылы ісінен, өмір сүру тəсілінен, ойлау жүйесінен т.б. бөліп қарауға болмайды. Ол тек солар арқылы бейнеленетін, түсінуге болатын құбылыс. Олардан менталиетті жеке-дара бөліп алып қарастыруға болмайды» деген қорытынды жасайды [2; 15–22].

Этнологиялық тұрғыда алсақ, менталитет — нақты жағдайға байланысты қылықтардың басым түрлері, нормалары мен үлгілері туралы этникалық түсініктер жүйесі. Бұл жүйе əлеуметтік ортада бейсана кешендерге (этникалық константаларға) негізделеді. Бұл тіршіліктің мəдени ортасын жасайтын құндылықтар жүйесі. Менталитет — сыртқы ортадағы əр алуан құбылыстарға орай этнос санасында болатын бірдей реакция [1; 10].

Ал мəдениеттанушылар менталитетке мынадай анықтама береді. Менталитет — инсанның тіл, ақыл, сана, ой, «менін» қоса алғандағы рухани қаруы. Менталитет жағымды, оң құбылыс қана емес, тілдің немесе ойдың белсенді əрекетінсіз ол түгелдей иррационалды болып шығады. Өзінің көрінісінде жоғары менталитет — таңдаусыз болатын түсінік, ол — инстинкт-интуиция деңгейінде көрінеді. Мəдениеттанушы менталитетті тар мағынасында, ең алдымен, тіл, сөз деп таниды [1; 10].

Алайда ділдік лексикон дегенде тілтанушы ділді ізерлеп кетсе, лингвистикалық нысаннан ауытқып кетеді. Өйткені ділдің тілге ықпалы күшті десек те, екеуі бір нəрсе деуге келмейді. Оның үстіне тіл ділдің тікелей фотографиялық суреті емес. Сондықтан ділдік лексиконды «діл» деген жалпы гуманитарлық үлкен мəселенің бір аз бөлігі ғана деп есептеген жөн. Оның өзінде бұл жолы біз ұсынып отырған зерттеуімізде тілдік инсанның сөйлеу үдерісін талдаумен ғана шектелеміз.

Бізге батыс пен орыстың ментальділік пен тілдің байланысы туралы пайымдаулары кеңінен таныс. Солардың жолын ұстанатынымыз да жасырын емес. Дей тұрсақ та, өз топырағымызда не барекенін түгендеп алудың ғылымның табиғи жолмен дамуына, оның шынайылығына ықпалы зор болатындықтан, тіл мен ментальділікті осы жосықпен пайымдауға тырыстық. Осы тұрғыдан келсек, діл мен тілдің орайласуы туралы мəселенің қазақ тілтануындағы бастауларын Абай мен Ахметтен көруге болады.

Алдымен бүгінгі қозғалып отырған мəселе діл (ментал) туралы тоқтала кетейік. Бұл сөздің түбірі — латынның көп мағыналы mens cөзі. Ақыл, ой, көңіл күйі, жан деген сияқты мағыналарға ие. «Ментальность», «менталитет» деген ұғымдарға нақты да толық анықтама əлі берілген жоқ, абстракт күйінде түсіндіріліп келеді. Алайда көпшілік мойындайтын бір қағидалық жайт бар: ақыл-ес, сезім, ерік-жігер адам болмысының барлық жағын қамтиды, бұл үшеуінің жиынынан инсан жасалады. Ал олардың сомдалуынан халықтың сапасы келіп шығады. Мұны орыстың атақты тарихшысы В.Ключевский «халық темпераменті» деп, тағы бір тарихшы А. Щапов «қауымдық бейімділік (общинное предрасположение)» деп атапты. Зерттеушілердің бір тоқтамы менталитетттің рухани мəні мен руханияттың ақыл-естік мəнінің жұптасуын ментальділік деп атаған жөн [1; 13]. Діл, сонымен, халық рухының игілігі. Ал Абайдың діл туралы тұжырымын 17-қара сөзінен көруге болады. Хакімнің қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің таласына ғылымға төрелік айтқызатынын еске түсірейік. (Еске сала кету артық емес: Абайдағы «ғылым» деген ұғым үстірт ойлағанға физика, лингвистика т.с.сияқтылардың жалпылауыш атауы тəрізді көрінуі де мүмкін, бұл ұғым Абайда өзгеше мəнде жұмсалады, дүние мен діни ғылымды қамтиды): «Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:

– Ей, қайрат, сенің айтқаныныңның бəрі де рас . Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, — депті.

– Ей, ақыл! Сенің айтқаныныңның бəрі де рас. Сенсіз еш нəрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тəңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да — бəрі сенен шығады. Жақсының, жаманның — екеуінің де сүйенгені сен; екеуінің де іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, — депті. — Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ — менің ісім, — депті. Бірақ сонда билеуші, əмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді: жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бəрін жүрекке билет, — деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа əрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті».

Мұны біреу əфсана деп есептеуі мүмкін, ал біз ғылыми-танымдық трактатқа жатқызуға əбден бейілдіміз. Мұнан нендей түйінге келуге болады? Біздіңше, ділді қазақ жосығымен Абайша түсінуіміз керек. Сонда діл ақыл мен қайраттың жүрек ықпалымен таным арқылы болатын бірлігі дегенге саяды. Хакімнің осы сөзін қуаттай түсетін əрі қазақтың ділін тұспалдайтын 14-қара сөзіндегі мына бір максима: «Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады».

Жалпы ғылымда діл мəселесі бастапқыда тек əлеуметтану жəне мəдениеттану аясында қаралды. Мəдениеттанушылар мен əлеуметтанушылар менталитетті «жан формасы», «рух функциясы» деп түсіндірді. Осыған орай психологтар рух функциясының өмірге аяқ басқан сəбидің əлемді қабылдауымен ұқсастығын байқады да, осы арқылы менталитетті, ментальділікті дəлелдеуге ұмтылған екен. Абайдан ғылыми-философиялық, танымдық еңбектерінен, өлеңдерінен осы із байқалады. Демек, біз айтып отырған мəселелер бойынша максималық тұжырымдарға ойшыл эволюциялық жолмен келген. Дəлел үшін 7-нші, 19-сөздерін ұсынуға болады. Оқиық. 7-cөзден: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар — тəннің құмары, бұлар болмаса, тəн жанға қонақ үй бола аламайды һəм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі — білсем екен демелік. Не көрсе, соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дəмін татып, қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да, тұра жүгіріп, «Ол немене?», «Бұл немене?» деп, «Ол неге үйтеді?», «Бұл неге бүйтеді?»деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бəрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бəрі — жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген». Мынау 19-сөзден: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайда білгені, көргені көп адам білімді болады», — деп жазады.

Қазақ тілінде діл деген сөз қазір ментальділік, менталитет деген сөздің балауына алынып жүр. «Діл» — парсы сөзі, сөзбе-сөз аударғанда «жүрек» ағзасының атын білдіреді. Шындығында, «жүрек» деген сөзге көп мəн-мағына сыйып кетеді. Абай да осындай кең мəнде қолданған. (Асылы, Абай лексиконының семантикасын жеткізуге дəстүрлі түсіндірменің əлеуеті жетпейді, бұл үшін герменевтика керек). Осы тұрғыдан келгенде, оның «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды, амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады» [14-сөз]. «Жүректің тілін сөйле, тіл жалғаны жоқ бояма»деген пікірі тіл мен ділдің тура пропорционал байланыста болатынын бүгін байқап «тауып» жүрген когнитивтік тілтанушылар мен психологиялық тілтанушылардың алдын əлдеқашан орап кеткеніне көзіміз жеткендей болады.

Лингвомəдениеттануда, когнитивтік тіл білімінде, менталингвистикада этнопсихолингвистикада «өзің арқылы өзгені», «өзге арқылы өзіңді» тану, өзге мəдениетпен диалогке түсу сияқты өзекті мəселелер бар. Абайдың: «Əр елдің тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік пікірлесе алады, аса арсыздана жалынбайды», — деген пікіріне ой жүгіртсек, қандай тілдің иесімен болсын паритеттік қарым-қатынасқа түсу үшін тілді жалаң білу аз екенін, оның ділдік болмысын, өз сөзімен айтқанда, «өнерін» де білу керек екендігін болжамдауға əбден болады. Бұл жерде Абай өнер сөзін қазіргідегідей «искусствоның» баламасы ретінде емес, материалдық жəне рухани мəдениет, тіпті, тұрмыс-салт деген мəнде қолданып отыр деп санаймыз.

Қазіргі когнитивистикада, психолингвистикада ғаламның тілдік бейнесі, тілдік инсан, аялық білім дейтін санаттар кіндік санаттар болып табылады. Осы санаттарды зерттеудегі басты қағида — «Менің əлемімінің шекарасы менің тіліммен сызылған». Демек, əлем аясындағы адамды оның тілі арқылы тануға болады. Осыны зерттеуге əдістанымдық тірек ретінде Абай хакімнің: «Сөзіне қарай кісіні ал, Кісіге қарап сөз алма», «Адамға ғылым-білімді көбейтуге екі қару керек: бірі — мұлахаза (пікірлесу), екіншісі — мұхафаза (сақтау, қорғау)» [32-сөз], «Кімде-кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нəрселерді көбейтіп алса, ол — көп жиғаны бар адам. Ондай кісі жаңа естіп, көріп білгендерін сынап, орынды-орынсызын бағанағы жиған нəрселеріне қарай есеп қылады. Бұлай етіп харекет еткен адамды ақылды дейміз» [43-сөз], — деген зейіндемелерін ұстансақ, адамды тілі арқылы парықтауда шындықтан жырақтамаспыз деп ойлаймын.

Абайды оқығаннан тағы бір түсінгеніміз сол, ақынның:

Мақсатым — тіл ұстартып өнер шашпақ, Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ, —

дегенін тіл ұстартуды өнер (мəдениет, зерде, таным, руханият деп түсіне тұрыңыз) шашудың, сана мен ойлауды түзеудің амалы деп қабылдаймыз. Ал бұл өлеңнің жазба мəтіндерінде редакторлар «тіл ұстартыптан» кейін мəніске үңілмей үтір (,) қойып екіұштылық жасап жүр. Егер үтір (,) қойсақ, ақынның мақсаты тіл ұстарту жəне өнер шашу болады. Сонда Абайды тіл үйретуші деп ұғуымыз керек пе? Ақынның мақсаты тіл ұстарту емес екенін «өлеңді тілі орамды жастарға үлгі бермек үшін жазғанынан» əбден байқауға болады. Шындығында, «көкірегі сезімді, тілі орамды» болса, оның тілін ұстартып жатудың өзі артықтау іс емес пе? Көрнекілік үшін мына шумақты оқуыңызға болады:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды ертегіні термек үшін, Көкірегі сезімді, тілі орамды Жаздым үлгі жастарға бермек үшін

(Осы тұста белгілі лингвист А. Потебняның «Мысль направлена словом» деген қағидасы еске түседі).

Ахмет Байтұрсынұлының В.фон Гумбольдттің еңбектерімен таныс болған-болмағаны туралы мəлімет жоқ, алайда неміс ойшылының «Sprache ist Sinne Volks» деген тұжырымы мен қазақ ғұламасы А.Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған елдің өзі де жоғалады» деген нақылы үндесіп жатыр. Дəлелдейік. Орыстар Гумбольдтің бұл сөзін «Язык — это дух народа» деп аударып, ал қазақтар орыстан аударып «Тіл — халықтың рухы» деп айтып жүр, жазып жүр. Шындығында, немісше-орысша сөздікке, неміс тілінің сөздігіне қарасақ, «Sinn» сөзі көп мағыналы екен: орыс тілінде «суть», «смысл», «значение», «сам», «сознание», «разум» дегенді білдіреді екен. Демек, қазақшалағанда «Тіл — халықтың жаны, мəні, өзі» болып шығады екен. Енді Гумбольдт пен Байтұрсынұлының пікірін салғастырыңыз...

Біз жоғарыда А. Байтұрсынұлы «Əдебиет танытқыш» атты еңбегінен (қазіргі тұрғыдан қарасақ, бұл еңбектің жартысынан көп бөлігі тілтану мəселесіне арналған деуге болады) жеке инсанның тілді қолдануындағы психикалық-танымдық əрекетерді келтірдік. Əдістанымдық тұрғыдан қарап толығырақ тағы бір оқиық:

«Ойыңдағы, қиялыңдағы, көңіліңдегі нəрсені тілмен айтып жеткізу өте қиын. Сөз өнері жүзінде асқан өнерпаздар мүддесін тілмен айтып жеткізе алмай, сондай қиналғанда, өзгелерге ондай іс оңай болып табылар ма? Сондықтан сөзден жасап сөз шығару деген жұмыс əркімнің қолынан келе бермейді жəне шығарғандардың да сөздері бəрі бірдей жақсы бола бермейді.

Өлеңге əркімнің-ақ бар таласы, Сонда да ішінде бар таңдамасы. Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы? — деп Абай айтқандай, сөз шығаратындар көп, бірақ келістіретіндері аз болады. «Алуан-алуан жүйрік бар, əліне қарай жүгіреді». Əр ақын, əр жазушы сөздің басын өзінше құрастырып, өз оңтайымен тізеді. Өз білуінше пікірлейді. Сондықтан əрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік белгісі болады».

Ғалым мұнымен адамның ділдік сипаттарының тіл арқылы көрінетінін меңзесе, енді осы ой-рух иесі инсанның оны жарыққа шығаруындағы даралық пен ортақ жалпылықтың болатынын ескертеді: «... жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама-шарқынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек. Мүддесін тілмен айтып жеткізу қиын екендігін, оған өте шеберлік керек екендігін мынадан байқауға болады.

Ол — айырым белгілерін жай айтып түсіндіру қиын, əрқайсысының шығарған сөздерін оқып, əбден танысып, үйреншікті болғанда ғана сезілетін белгі. Шеберлердің қолынан шыққан нəрселермен таныс адам, сол шеберлердің істеген нəрселерін қай жерде көрсе де айтпай таниды. Сол сияқты сөз өнерпаздарының да шығарған сөздерін оқып, лұғатына үйір болғаннан кейін, оның бұрын оқылмаған, аты қойылмаған сөздерін де айтпай тануға болады. Сөздің өзін танытатын белгі — тіл яки лұғат белгісі болады. Ол белгі əркімнің өз ыңғайымен, өз оңтайымен сөз тізіп əдеттенуінен, салттануынан болады» [3; 10, 11]. Демек, жеке адамның тілді жаратуының түбі оның ой-саналық қатпарларында жатыр.

Ділдік лексиконның қазақ тіл біліміндегі бастапқы ғылыми түсіндірмесі ретінде жоғарыда келтірілген А. Байтұрсынұлының мұрасы жайлы сілтеме діл мен лексикон байланысына да түсіндірме бола алады. Онда тілдегі сөзді түгел білу сол тілді қолдана алумен тең емес екендігі, тілді қолдана білу айтылмақ ойға қажетті деген сөздерді дəл таңдай білумен танылатындығы айтылып, қазақ тілі «қазақ ортасындағы бəріне бірдей ортақ мүлік болғанмен, бəрі бірдей пайдаланбайтындығына» көңіл бөлінген. Автордың ойынша, сөз қолдану ортақ болғанымен де, өзара ажыратылатын даралық сипатта: «Сол сияқты, əркім пікірін сөз қылып шығарғанда да ана тіліндегі сөздерді əрқайсысы əртүрлі қолданады. Қысқасын айтқанда, əркім сөзді өз қалауынша алып, өз оңтайынша алып тұтынған сөздер сол адамның тілі болады» [3; 18, 19].

А.Байтұрсынұлы ділдік лексикондағы таным мен сөйлеу үдерісінің тығыз байланысты болатынын орыс академигі Щербадан ширек ғасыр бұрын байқаған. Ғалым былай деп жазады: «Лебіз ашық мағыналы болу үшін, айтушы айтатын нəрсесін анық танитын болу керек. Адам анық танитын нəрсесін ашық атайды да, көмескі танитын сөзін көмескі, күңгірт атайды. Сондықтан біреудің айтқан сөзін түсінеміз де, біреудің сөзін анық түсінбей, жорамалдап жорып, ұйғарып қана қоямыз» [3; 20].

Таным теориясының қағидасы бойынша таным белгісізді белгіліге, дерексізді деректіге салғастыру жолымен жүреді. Мұның сөз саптаудағы көрінісін А.Байтұрсынұлы жазбай тапқан. Бұған сөйлеу үдерісінде сөйлеуші сөзінің толық түсінікті болуы үшін «дерексіз заттарды деректі затша, пернесіз заттарды пернелі затша қалыптауы» жəне «жансыз затты жанды заттай ғамалдауы» жайлы ойлары — дəлел [3; 23].

Ахмет Байтұрсынұлы тіл əлемінің аясына енбек инсанның мəдени-психологиялық толқыныстарының себебін мəдениеттің адамзатқа ортақ екендігімен, сонымен бірге əр ұлтта өзіндік сонылық болатынымен, бұлардағы ұқсастық пен сəйкестіктер олардың астарласуына мүмкіндік беретінімен түсіндіреді [4; 419, 420].

Сөйтіп, сөз етіп отырған мəселеде мұнан былай əдістанымдық жолдың басында Абай ойы жүрсе, соны нəтижелерге қолжеткізуіміз əбден мүмкін.

Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері ойдың игі мақсатқа қарай дамығанын көрсетеді. Ахметтің пайымдамалары Абай ойларына əдістанымдық негіз ретінде сүйенгендей əсерде қалдырады. Өйткені тіл мен ділдің байланысына ғұлама ғалым анағұрлым нақты жақындаған.

Енді осы ділдің жеке адамның тілді пайдалануына қатысы қандай екенін барлап көрейік. Бұл тұста ең басты ұстанатынымыз — тіл мен ой-сананың диалектикалық бірлігі. Қазiргi тiл бiлiмiнiң теориялық зерттеу парадигмасының антропоөзектiк басты ұстанымы тiлдiң диалектикалық бiрлiктегi қызметтерiн тереңiнен ашып, айқындап, тiл бiлiмiн заман талаптарына сай жаңа сапалы деңгейге көтеруге негiз болып отыр.

Бұл жөнінде əралуан бағдар бар. Соның бірі тілдің болмыс пен инсан арасында оларды қатыстырушы дербес буын екендігі туралы. Мұны Г.В. Колшанский жөн көрмейді: «Язык … не может рассматриваться в качестве барьера между человеком и миром или самостоятельным познавательным механизмом, наделенным такими качествами, которые дают ему возможность представлять по-своему этот мир и доносить его до человеческого сознания. В принципе остается действительным лишь двуединство «мышление — мир», в котором формой существования мышления выступает язык, сохраняющий все существенные свойства предметного мира»[5; 19].

Инсанның психикалық танымы арқылы объективті дүниенің бейнесі қалыптасады, ол — адам санасындағы идеалды болмыс, оның материалдық пішіні — тіл. Қоршаған дүниенің бір бөлігі ретіндегі адам мен шындық болмыстың арасындағы диалектикалық байланыс осы екеуінің арақатынасында көрінеді, ал тіл — сана болмысының пішіні дəрежесінде объективті шындықпен ас- тасып жатады. Тіл өз алдына жеке-дара дүние емес, дүние-болмысты игерудің түрі («форма овладения миром»). Г.В. Колшанскийдің бұл пікірі көңілге қонады. «Ойлау мен тілдің арақатынасы қатар өмір сүретін екі құбылыстың жай бір-біріне əсер ету қатынасы емес, мазмұн мен форманың диалектикалық бірлігі болып табылады. Бұл бірлікте алғашқылық, айқындаушылық қызмет ой-санада болады, өйткені ол шындық дүниенің идеялық бейнеленуі болғандықтан, өзінің тілдік формасын жасайды» [6; 55, 56] дегенде, ойлау мен тілдің арақатынасы, табиғаты айқындала түседі. Мазмұн мен пішіннің арасындағы байланысты ашқан кезде екеуінің диалектикалық бірлікте екенін анықтаған жөн. Тілдік пішін жай ғана дыбысталу емес, ол осы құбылыстың материалдық жағы ретінде оның идеалдық жағы — мазмұнмен қарама-қарсы, екінші жағы болғанмен, олар ажырамас бірлікте болатыны тілдік пішіннің идеалды мазмұнның ықпалымен қалыптасқанынан, сомдалғандығынан көрінеді. Осы зандылықты А.П. Комаров атайды: «Языковое звучание есть не просто звучание, но звучание, тщательно обработанное, строго оформленное, изваянное идеальным, одухотворенное и, следовательно, несущее в себе идеальный момент в виде следов, отпечатков мыслительной деятельности. Форма есть проявление идеального, его материальное воплощение, «его иное», его переход в свою противоположность — в материальное» [7; 20].

Г.В. Колшанский адам санасындағы болмыстың белсенді түрдегі бейнеленуі сөз тудыру үдерісімен бір уақытта өріледі десе де, танылған объективті дүние табиғи дыбыстық тілде адам санасында, ойында қалыптасқан дүниеге айналатынын айта келіп, ойлаудың тілдін алдын алатыны (ашығын айтқанда, ойлаудың тілден бұрын болатыны) ойлау мен тілдің бірлігін бұзбайтынын айта келіп, «тілдің объективті дүниеге тікелей қатысы жок, ол ойлаудың, ойдың бейнелеуші əрекетін берудін тəсілі», — дейді. Дүние-болмыс — ой тіл құбылыстарының арақатынасына байланысты жоғарыда айтылған ойларын қорыта келіп, ғалым тіл мен ойды бірлікке тоғыстыра отырып, оларды «языковая мысль — мир» байланысында қарастырады [5; 24, 25].

А.П. Комаровтың ой мазмұны мен тіл семантикасының арақатынасы туралы ерекше, атап айтқанда, ой бейнесінің мазмұны мен тілдік семантиканың арасында онтологиялық жағынан болсын, функциялық жағынан болсын, ауқым жағынан болсын ешқандай айырмашылық жоқ; ойлау əрекеті мен сөйлеу əрекеті — екі əрекет емес, екеуі де — əрекеттің бір түрі; тіл мен ойлау арақатынасы, түптеп келгенде, тілдің материалдық (дыбыстық) идеалдык (мағыналық) жақтарының бірлігіне саяды; болмыстың екі түрі: объективтік шындық — тілде екіаралық қатынас бар, объективтік шындық — ойлау — тіл тұрғысындағы үшаралық қатынас болмайды; дүниенің екі бейнесі жоқ, концептуалдық (ойлық) жəне лингвистикалық (тілдік) деп ажырату əдіснамалық қасаңдыққа апарып, тілдік жəне тілдік емес сананы мойындап «тіл — ойдың тікелей болмысы» деген негізгі тезиске кайшы келеді дейді [8; 130].

Тіл білімінің тарихында тілдік мағына теориясы əрдайым зерттеуші-ғалымдардың назарында болды жəне де осы теория ауқымында тілдік мазмұн (языковое содержание) мен ұғымдық мазмұн (понятийное содержание) арақатынасын айқындау мəселесі маңызын жоғалтпады. Өйткені тілдіксемантиканың жалпы теориялық сипаты осы тұрғыдан ғылыми негізделе алатыны айқын болды да, жалпы грамматикалық семантиканың қыр-сырын аша түсу қазіргі тіл білімі теориясының ең өзекті мəселесіне айналып отыр.

Тілдік семантика мен ұғымдық мазмұнның байланысы мен ара-жігін айқындау, түптеп келгенде, тіл ғылымы мен философияға ортақ мəселе, ол тіл мен ойлаудың арақатынасын ғылыми негізде пайымдауға негіз болады [9; 92].

Ғалым А.П. Комаров тіл адам қоғамы дамуының жемісі ретінде онымен, оның дамуымен үндес, өзектес бола отырып, диалектикалық бірлікте болатындығын көрсетеді.

Əр ұрпақ өзінен бұрын қалыптасқан дүниетанымды бойына жинаған ана тілін үйреніп, сол арқылы дүние-болмысты игеріп өседі, бірақ ол танушы субъектінің шындық болмысты ары қарай тануын шектемейді, ойлау үдерісі өз заңдылықтарымен əрі қарай дами береді, оның нақты көрінісі болатын тіл де өзіндік зандылықтарымен болмыстың тілдік суретін қалыптастыра береді. Ойлау мен тіл диалектикалық бірлікте бола отырып, біріне-бірі əсер етіп, үнемі даму үстінде болады. Дүние- болмыс — объективтік шындық ретінде адамзатқа ортақ, оның адам санасындағы тану үрдісі де ерекше. Таным нəтижесінде қалыптасқан жалпы ұғымдық категориялар əр тілде өз жүйелік- құрылымдық сипаттарына, заңдылықтарына сай тұлғаланады. Адам болмысы мен таным əлемін тұтастай қамтитын адам рухының əрекеті тіл аркылы көрінеді, сол əрекет нəтижесінде дүниенің тілдік бейнесі түзіледі.

Сөйтіп, біріншіден, жеке адам, ең алдымен, əлем қауымдастығының, адамзаттың бір бөлшегі (оны осы тұрғыдан қарап, ділі мен тілін тексергенде, Абайдың ақыл, қайрат, ғылым, жүректің адам өміріндегі қызметі туралы, жоғарыда келтірілген басқа тұжырымдарына сүйенген жөн деп санаймыз); екіншіден, ол қалай болса да белгілі бір ұлттың өкілі болып саналады (ділдік лексиконды саралағанда ұлттық болмыс зерттеушінің өз бойында болу керек, сонда тілдік инсанмен бірлесе алады); сонымен қатар, үшіншіден, оның өзіне тəн психикалық, ойлау ерекшеліктері болады (мұны іс-тəжірибе, білім- білік, орта факторлары шешеді, зерттеуде ділдік лексиконның мұндай ерекшеліктері тəжірибені талдау арқылы анықталады, жинақтау (синтез) арқылы топтастырылады).

Сонда, ділдік лексикон (ментальный лексикон) деген ұғым жоғарыда көрсетілген үш тұғыр (бұлар жалпы ділге (менталитетке) байланысты) нəтижесінде инсанның сөйлеу, сөзді қолдануындағы психикалық əрекеттермен тікелей де тығыз байланысты ұғым болып шығады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Колесов В.В. Язык и ментальность / В.В. Колесов. — СПб.: Петербургское востоковедение, 2004. — 240 с.
  2. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең / Д. Кішібеков. — Алматы: Ғылым, 1999. — 200 б.
  3. Байтұрсынов А. Əдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер / А. Байтұрсынов. — Алматы: Атамұра, 2003. — 208 б.
  4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы / А. Байтұрсынов. — Алматы: Ана тілі, 1992. — 264 б.
  5. Колшанский Г.В. Объективная картина мира в познании и языке / Г.В. Колшанский. — М.: Наука, 1990. — 107 с.
  6. Тұрғынбаев Ə. Тiларалық байланыстар мен қатынастар диалектикасы / Ə. Тұрғынбаев, Л. Нұсқабаева. — Алматы: Білім, 2005. — 216 б.
  7. Комаров А.П. Актуальные проблемы общего языкознания / А. П. Комаров. — Алматы: Изд. КазГУМЯ, 1995. — 82 с.
  8. Комаров А.П. О внутренних противоречиях языка / А.П. Комаров. — Алма- Ата: Мектеп, 1988. — 152 с.
  9. Рысалды К. Т. Дүние- болмыстың тілдік бейнесі туралы / К. Т. Рысалды // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сер. — 2005. — № 8 (90). — Б. 89–93.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.