Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Жақсылық»/«жамандық» концептілерін құрушы тұрақты тіркестер жəне олардың стильдік қызметі

Мақалада когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымының бірі — концепт мəселесі, соның ішінде «жақсылық»/«жамандық» концептілерін құрушы тұрақты тіркестер жəне олардың стильдік қызметі қарастырылды. Жақсылық пен жамандық лексемаларының лингвистикалық түсіндірілуі игілік, амандық, мейірімділік, рақымдылық, əдептілік, адалдық, пайда, бақыт, сəттілік, парыз, жақсы, игі іс, жақсы қарым-қатынас, молшылық, келісу, зиян, қырсық, бақытсыздық, қаталдық, кінə тағу, жағымсыздық, жаман сезім, ыза, ашу, өкініш, күнə, кек, өкпе, тағы басқа ұғымдармен нақтыланып, М.Əуезов шығармалары негізінде дəлелденді. Фразеологизмдер мағыналарына қарай «жақсылық»/«жамандық» мазмұндағы концептілер деп бөлінді. Жəне сол жіктеу арқылы қарама- қарсы қойылған «жақсылық»/«жамандық» концептілерінің мазмұны терең ашыла түсті.

«Адам–қоғам–табиғат» құрамының «адам» макрожүйесіндегі «ер адам», «əйел» концептілері сияқты «жақсылық» жəне «жамандық» қарама-қарсылық концептілері де күрделі концептілік құрылымға жатады. Сонымен қатар олар əр ұлттың дүниетанымында өмір сүретін негізгі концептілер. Бұл жөнінде зерттеуші Ж.Уматова былай дейді: «Исследователи выделают базовые концепты, которые существует в любом языке и актуальны для каждого человека, однако они не только общечеловечны, но и национально специфичны. Базовыми концептами являются: правда и истина, свобода-воля-вольность, человек и личность, добро и благо, долг и обязанность, ум и глупость, судьба, интеллигенция, совесть, дух и душа и др. Они употребляются в контекстах разных типов сознания — обыденном, художественном и научном, что делает их предметом изучения культурологов, историков различных религий, антропологов, философов» [1; 8]. Орыс əлемінің тілдік бейнесін зерттеген Г.А. Хамитова жақсылық пен жамандық концептілерін «ядерные концепты» деп атайды: «... выделяются ядерные концепты, или концепты- доминанты, к которым в русской картине мира относятся понятия «добро»/«зло» [1; 5]. Қысқасы, «жақсылық»/«жамандық» концептілері концептуалды өрісі күрделі, мазмұны терең, оппозициялық мəндегі негізгі концептілер болып табылады. Этикалық тұрғыдан алып қарағандағы жақсылық/жамандық концептілерінің эстетикалық мəніне келсек, ол сұлулық пен ұсқынсыздықты береді. Мысалы, «Ер Тарғын» жырындағы сұлу Ақжүністі алсақ, оның бейнесі тек сұлулықты əспеттейді:

Ханның бір қызы бар еді, Арпа-бидай, ақ ұндай,

Бет ажарын қарасаң, Қас қабағы керілген,

Жазғы түскен сағымдай, Кірпігі оқтай тігілген,

Ет ажарын қарасаң, Қараған кісі үңілген [2;189].

Қабығынан айырған,

Ал «Алпамыс батыр» жырында Ұлтан портретін сипаттағаннан бастап, көз алдымызға тек ұсқынсыз бейненің суреті келеді. Мысалы,

Кеудесі болды көбедей, Мұрны болды төбедей, Күрек тісі кетпендей, Көзі терең зындандай, Аузы үлкен ошақтай, Басқан ізін қарасаң, Көрінер оттың орнындай, Кеңірдегінің тесігі, Жүгімен түйе өткендей [2; 169].

Жақсылық пен жамандық лексемаларының лингвистикалық түсіндірілуіне келсек, жақсылық дегенде игілік, амандық, мейірімділік, рақымдылық, əдептілік, адалдық, пайда, бақыт, сəттілік, парыз, жақсы, игі іс, жақсы қарым-қатынас, молшылық, келісу, тағы басқа ұғымдармен нақтылана түсетін «бəрі жақсы, оң, адамгершілілік (жамандыққа қарама-қарсы)» сияқты жалпы компоненттер бөлініп шығады. Бұл компоненттер арқылы адамның тек жақсы мінезі мен іс-əрекеттері беріледі. Мысал ретінде көркем шығармадан жинастырылған сөйлемдерді келтірейік: Дауылдың қара бұлтындай болып, əдейі басына арналып келе жатқан қайғы-қасіретті көріп, соның алдынан айласыз-əлсіз күйде өзінің отырғанын біліп тұрса да, кемпірдің жүзінде үлкен сабыр бар. Сынбаған ажар, қажымаған қайрат, кең салқын ерлік бар [3; 84]. Оспан басында не айтарын білмей қысылыңқырап қарап, артынан əлденеден рақымы түскен пішінмен күлді [3; 134]. Мақыштың жұмсақ, ақырын даусынан, əдептісыпайы сөзінен жас жігіттерге үлкен құрмет көрсеткендей, ниет сезіліп, жаратылысындағы мейірімді мінезділігі де көрінгендей еді [3; 145]. Бұл уақытқа дейін төбенің басында жүрген Мақыш ақсақал келіп, қонақтарды аттандырып, бұрынғыдай əдепті, жылы пішінмен қоштасып қала берді. Сыздықтың алмағы да бай қызы емес, осындай адамшылығы бар: момын, таза мінез, таза жүректі кедей қызы болатын [3; 148]. Адамшылықты бағалай білетін, еркекке адал дос болатын, жүрегі жылы, махаббатты адам болғандай [3; 149]. Бұрын бірін-бірі сыйлаған жылы көңіл тағы да қалыбына келе бастады [3; 149]. Ал жамандық лексемасының жалпы компоненті: «бəрі жаман, нашар, өнегесіз, адамгершілікке жатпайтын (жақсылыққа қарама-қарсы)». Жəне ол мына компоненттер арқылы нақтылана түседі: зиян, қырсық, бақытсыздық, қаталдық, кінə тағу, жағымсыздық, жаман сезім, ыза, ашу, өкініш, күнə, кек, өкпе, қуланушылық. Мақаламызда одан əрі осы жамандық лексемаларының компоненттеріне көркем шығармадан мысалдар келтіру арқылы тоқталамыз. Бұл ұғымдар жағымсыз адамның бейнесін, портретін бергенде қолданылады. Мысалы, суық қарайтын қисық біткен кішілеу өткір көзінде жəне түксиген қабағында өзгеше қаталдық бар [3; 70]. Сыз деуге бұл еңгезердей үлкен бойлы, əдемі қара мұртты, ашушаң, бұлтиған пəлеқор көзді, кекірдей кісі [3; 338]. Орталау, қағылез бойлы Құлжатайдың ашаң қызғылт жүзінде үлкен ызақатты кейіс бар [3; 338].

Сол сияқты адамның жаман мінезін, бір жағдай болғандағы кейіпкердің қимылын, іс-əрекетін суреттегенде: Мінекей — «қас жаман қасындағысын қарақтайды» деген осы. Көрер көзге моп- момын, мүп-мүлəйім болып жүрсе де, ол мылжыңның іші осындай. Кеудесі толған — борсып жатқан бықсыма арамдық [3; 82]. Үйіне бір қонақ қонса, соған асқан бір жілікке жаны шығып, тыжырынып отырады. Жаннан асқан дүниеқоңыз [3; 79]. Қалтай пішен-қораның ішіне кірісімен шөпке қарамай, үлкен жұмысы ол емес, басқа нəрсе екенін сездіріп, өңі өзгеріп, өтірік күліп қуланыпəдепсіз мінезге түсіп, ойындағы дайындап алған сөздерін сөйлей бастады [3; 84]. Бірақ Жұмағұлдың шешесі Қамария — жас күнінен шаруақорлықты сараңдыққа жеткізген, күтімділікті пайдакүнемдікке жеткізген, мінезі қатты, дүниеге пасық бəйбіше болғандықтан, бұл жолы науқанда да қыл-қыбырын көп шығармай, шығындамай, керек нəрселерін тез қамдап алды [3; 99]. Осыны ойлаған сайын жүрегін ыза керней бастады... Өмірінде сыртына шықпаған ашу, ыза, намыс барлық еркін билеп, дуылдап басына бір-ақ шықты [3; 86]. Өмір бойында ешбір жаннан мұндай қаттылықты, тұрпайылықта көрмеген Ғазиза, бір жағынан, қорланып, ызаланыпөксіп жылап, бір жағынан, ашу қысып, Жақыпты сол минутта барлық жас жүрегімен өлердей жек көрді [3; 185]. Қасым ашулы болып, қаны бұзыла бастады [3; 217]. Дөң басында малдас құрып отырып, ашулы суық пішінмен күн батыстағы ақ таңлаққа қарап көзін алмайды... қатал ойға бекініп, жаратылысындағы асау қаны тасып, сазарып алды [3; 176]. Жаутаңдаған көзімен жылы шырай іздеп келе жатқанда, алдында бұрынғыдай зəрленіп тұрған Исаны көрді [3; 217].

Жақсылық пен жамандықты «ақ» жəне «қара» деген түс арқылы да бейнелеуге болады. Ақ түс жақсылықтың, ізгіліктің, бейбітшіліктің, қара түс жамандықтың, зұлымдықтың нышаны ретінде қолданылады. Пейзажды суреттегенде де осы түстер көп пайданылады. Мұны М.Əуезовтің психологиялық шығармаларынан кеңінен көруге болады. «М.Əуезовке дейін қазақ прозасында адам психологиясының автор идеалымен сабақтас келетін пейзаж жоқ. Зерттеуші Р.Нұрғали де «Пейзажды, диалогты, монологты адам психологиясын ашудың ұтымды тəсілі ретінде пайдалану — Əуезовтің жазушылық ерекшеліктерінің бірі», — деп нақтылайды» [4; 6].

Шынымен де, М.Əуезовтің қай шығармасын алсақ та, табиғаттың пейзажы, диалог, монолог автор кейіпкерлерінің психологиясын аша түседі. Бейнелеу бірліктерінің бірі пейзаждың өзін алдағы болатын іске байланысты береді. Мысалы, «Жетім» əңгімесіндегі «Жаз ортасының қоңыр кеші. Ұлы таудың бөктерінде кештің қоңыр салқын желі еседі. Күн батып, ымырт жабылып барады. Күнбатысты қалың қара бұлт басқан, айналада күңгірт тартқан төбелер қоңырқай тартып, түн тыныштығына қарай бойсұнған сияқты... Əн салған жігіттер табиғатпен жалғасатын тіл тапқандай боп, кейде баялап қоңырлатқан, кейде шырқыраған сұлу əнмен түн құшағына кіріп келе жатты...» деген табиғатты бейнелеуде жазушы қоңыр сөзін беру арқылы алдағы болатын оқиғаның жағымсыз екендігінен хабар береді. Сондай-ақ «Қорғансыздың күні» əңгімесіндегі «Күн батуға тақап қалған мезгіл. Күнбатыс батуға айналған күннің қызғылт сəулесімен нұрланып, қызыл торғынның түсіндей болып тұр. Күнге жақын тұрған ұзынша, жұқалаң бұлттардың түсі қалың өртке қызған темірдей қып- қызыл. Төбеге жақын тұрған алысырақ бұлттардың бір-бір жағы ғана жұқалаң қызылға боялған асыл нұрдың буын ғана жалатқандай. Қызғылт сəулесін дүниеге жайып тұрған күн шарасымен тұтас көрініп тұр. Күннің қызыл сəулесі даланы да, тауды да өз өңіне кіргізген. Күнбатыс жақтан бораған ұсақ қар да күн астынан қызғылттанып көрінеді» [3; 8] деген пейзажда автор қызыл түсін пайдалану арқылы қорғансыздар өміріне төнгелі тұрған қауіп туралы ойды оқырман қауымға тұспалмен білдіреді. Əдебиет зерттеушісі Ы.Дүйсенбаевтың айтуынша: «... Шағын кіріспенің өзінен- ақ қорқынышты оқиғаның төнгенін сезініп, дегбірсізденгендей боласыз. Күннің райы да, табиғат ерекшелігі де көңілдегі күдікті күшейте түседі» [4; 6]. Шығармасында қоңыр, қызыл сөздерін үнемі қайталап, белгілі бір мақсатта қолданушы М. Əуезовтің сөз саптауындағы қара сөзінің орны тіптен ерекше. Мысалы, «Түнгі тау, қара жартас алыстан перілер мекеніндей болып — жарқ етіп, қайта қараңғылыққа батып жоғалады. Түн қараңғылығы жалт еткен жарықты тездетіп, жалмауыздан басып қалады. Таудың қараңғы сырлы сайлары жартастың қалың көлеңке басқан қара күйедей тұңғиық қап- қара беттері түндегі таудың қараңғы пəлелерін ішіне бүгіп жиып тұрғандай көрінеді» [3; 111]. Табиғатты суреттеудегі бұл сөз ең үрейлі, ең қорқынышты сəтті беруде қолданылады, яғни автор шығарма бойындағы қоңыр, қызыл, қара түстерді қорқыныш пен қайғының символы ретінде қолданып, қорқыныш əсерін күшейтуді көздейді. М.Əуезовтің көп шығармаларында қара түннің қараңғы сыры, түннің қара желі, қаралы сұлу, қара бұлт сынды сөз тіркестері көп кездеседі. Бұл жөнінде М.Қаратаевтың ойы мынадай: «ылғи «қара», «қараңғы», «қап-қара», «қараңғылық» деген бояулардың қайталануының өзі қорқыныш əсерін күшейтуді көздеген романтикалық сөз кестесін аңғартады»

Ал Г. Пірəлиеваның «М. Əуезов болса, өз шығармаларында əрқашан оқиға өтер жерді (местодействие), психологиялық ортаны алдын ала жан-жақты баяндап береді. Сосын оған қайтып айналып соқпайды. Бірақ сол қоршаған ортаны, оқиға өтер айналаны, жерді, табиғатты, ел мекенді ондағы кейіпкерлердің көңіл-күйіне əсер ететіндей, тікелей эмоционалдық, психологиялық жағдай (настрой) сезім құрады. Содан соң автордың барлық көркемдік назары тек қана кейіпкерінде болады. Негізі оқиғаның қайда өтетінін ескеру — кез келген шығармаға тəн табиғи көркемдік тəсіл» [5; 275] деген сөзінен шығармаларында жазушының психологиялық ортаны, психологиялық сезімді ерекше баяндап отыратынын байқаймыз.

Сонымен «ақ» пен «қара» сөздері арқылы əлемдегі жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық сияқты дүниенің негізін құрайтын ұғымдарға бағдар жасауға болады. Қазақ тілінде жақсылық концептісі ақ тілеу, ақ босаға, ақ жол, ақжолтай, ақ ниет, ақ көңіл, ақ білек, тағы басқа тілдік бірліктері арқылы, ал жамандық концептісі қара жүрек, қара жау (қас дұшпан), қара көңіл, қара уайым, ұрынарға қара таппау, қара түнек заман, қара күн туу, қара қол, қара күш, тағы басқа тілдік бірліктері арқылы көрініс табады. Сол сияқты «ақ» пен «қара» ұғымдары арқылы алғыс жəне қарғыс сөздерінің айтылатыны белгілі. Алғыс «ақ» тілдік бірлігі арқылы берілсе, ал қарғыс «қара» атауы арқылы көріністенеді. Мысалы, ақ дегені — алғыс, қара дегені — қарғыс, ақ күн тусын, айтқаның ақ болсын, қара күн тусын, қара шашың жайылсын, көзіңнен қара қан ақсын, қара басыңа көрінгір т.б.Қазақ тілінде ақ сөзіне қатысты түйе малына айтылатын бір қарғыс кездеседі, ол ақ шелек келгір, немесе ақ шелек шалғыр. Өрістен келмей, қасқырға жем бол деген мағынаны білдірсе керек.

«Жамандық» пен «жақсылық» концептілері арқылы жағымды жəне жағымсыз құндылықтарды байқауға болады. Оны біз жоғарыда қарастырған фразеологизмдерден көруге болады. Əлемдегі барлық заттар, құбылыстар жақсы жəне жаман деген принцип бойынша бағаланады. Осы тұрғыда фразеологизмдерді мағыналарына қарай «жағымды/жағымсыз» мазмұндағы концептілер деп бөліп қарастыруға болады. Қазақ тіл біліміндегі фразеологизмдердің «жағымды» мəндегі концептілерін былайша жіктеуге болады:

  1. «Мінез-құлық» концептісі: бір ұрт (қыңыр, қырсық), иманы бетінде үзіліп тұр (ұяң, ибалы, тəрбиелі), жарқын жүзді (мінезі ашық-жарқын), Атымтайдай жомарт (сері, қолы ашық), жылы жүрек (қайырымды, мейірімді, тілекке ынтығы бар сергек көңіл), жібектей есілген (мінезі биязы, жақсы қылықты).
  2. «Ақылдылық» концептісі: ақылы Аплатондай (дана), ақылы азық, сөзі суысын, ақылын азық, сөзін сусын етті (ақылымен қаракет қамына бастап, сөзімен қаяу көңілді тұшытқан даналар жайлы айтылады).
  3. «Батырлық» концептісі: атан жілік, арқар мүйіз (қуатты, айбарлы), арыстан жүректі (қаймықпайтын, тайсалмайтын өжет), алапаты асқардай (алабөтен күшті, айбаты зор), жолбарыстай қайраттыжүрегінің түгі бар (ер, батыр, батыл кісі, еш нəрседен таймайтын, қаймықпай бетіне айтатын адам), жүрек жұтқан (еш нəрседен қорықпайтын батыл, ер-азамат).
  4. «Достық», «жақындық» концептісі: тел қозыдай өсу (жұп жазбай бірге өмір сүру), тең құрбы (жақсы қатар, замандас), тонның ішкі бауындай (өте жақын, өз адамындай), егіз қозыдай (өте тату, айырылмас дос), бауыр еті (өте жақын, қымбаттысы), бауырындай көру (жақын тарту), арасынан қыл өтпейді (өте тату болу, дос көңілді болу), етене жақын (жандай дос, өте жақын).
  5. «Сұлулық» концептісі: қара көз (сұлу қыз, жас əйел), қырмызыдай ажарлы (өте сұлу, əдемі), қордың қызындай (діни сенім бойынша пейіштегі ең сұлу қыз), кер маралдай керілді (кербез, сұлу, бойына əсемдік жарасқан), ақ білек (сұлу, перизат), ақ сұпыдай (əсем, ақ торғын), атқан таңдай (өзгеше ару, асқан сұлу), кісі жұтып қойғандай (сүп-сүйкімді, өте əдемі, келісті).
  6. «Қуаныш» концептісі: ақ түйенің қарны жарылды (қарық боп қалды), жүрегі жарыла жаздады (қатты қуанды, көңілденді), жерден жеті қоян тапқандай (қатты шаттанды), əйелі ұл тапқандай қуану (өте қатты қуану, мəз болу), екі езуі екі құлағында (өте көңілді, көңілі көтеріңкі, қуанышты, мəз-мейрам).
  7. «Түр-кескін» концептісі: алпамсадай жігіт (сойталдай, еңгезердей ірі), бидай өңді (ақ құба, ажарлы), ашық жүзді (ақша бет, ақ құба, шырайы жарқын), ақбөкеннің таңындай (күн шалмаған аппақ, ақ күмістей), балқып туған толған айдай, аршыған жұмыртқадай (аппақ, ақ торғын).

Жағымсыз қасиеттерді беретін «жағымсыз» мазмұндағы концептілерге келсек, фразеологизмдер құрамындағы оларды да төмендегіше топтастыруға болады:

  1. «Мінез-құлық» концептісі: арам ниет (көңілі қара, бұзық адам), арыстандай құтырды (аласұрды, жанын жеді), ашуы жауған қардайшөк нардай (ашуы қатты, қаһарлы, ашуы зілді, салмақты), бурадай бұрқылдады (бұрқан-тарқан болып қатты ашуланды, қаһарланды), қара көңіл (ниеті арам, аяр кісі), қабағынан қар жауғандай (қатты ашуланып, қаһарланды, кектенді), қара жүрек (рақымы жоқ, қанқұйлы адам), сиыр мінез (сүйкімсіз қылық), кескекті аю (ашулы, қаһарлы).
  2. «Қыңырлық» концептісі: кекіреге тойған текедей бақылдайды (қоразданып «маза» бермеген, өкіреңдеген еркек кісі), бір ұрт (қыңыр, қисық), аузына құм құйылды (сөзбен жым болды, жағы қарысты, сөз айта алмай қалды), аузына тас салды (жұмған аузын ашпау, тіс жармау, мыңқ етпеу), кер табан (қияңқы, қырсық, тартыншақ), сиыр тектес (жөн сөйлемейтін, қисық, қыңыр).
  3. «Ұсқынсыздық», «сүйкімсіздік» концептісі: ажары қашты (адамның бет əлпеті, түр-түсі бұзылды), көрден шыққандай (адам қарайтын сиқы жоқ, өңі қуқыл, жадау), өңі қораш (тұлға бітімі шағын, түрі өңсіз), өгіздей өңкиген (денесі ебедейсіз үлкен, еңгезердей), жаман түйенің жабуындай (əбден тозығы жеткен, алба-жұлбасы шыққан).
  4. «Қайғыру» концептісі: ботасы өлген түйедей зарлады (қайғы батты, жоқтап, зар еңіреді), ботадай боздады, боталаған нардай зарлады (еміренді, мейірімі түсіп егілді), жабырқау тартты (көңілсіздік басты, мұңайды), жер таянды (уайым, шерге батты, қайғыда қалды), жүрегі қарс айырылды (қайғыдан қатты күйінді, өзегі өртенді), көңілі жабықты, көңіліне құса түсті (қайғырды, уайымдады), қара уайым басты (қайғырды, қалың қайғыға шомды).
  5. «Кедейлік», «аштық» концептісі: сығай тойды (аузы-мұрнынан шыққанша жеді), табанынан таусылған, аузы жарымаған, шілдесінде шырақ көрмеген (түк көрмеген, түкке жарымаған), күйедей жаладыжылан жалағандай (еш нəрсе жоқ, түк қалдырмай, тып-типыл қылған), екі құлағынан басқа адал қарасы жоқ (нағыз кедей, қу кедей, тақыр кедей).
  6. «Жамандық» (жамандық жасау) концептісі: дəм татқан құдыққа түкірді, дəм-тұзын аттады (жақсылыққа жамандық жасады), көзіне топырақ шашты (жамандық істеді), көңіліне арамдық түйді (жаман ойлады), көр қазды (арамдық жасады, жамандық жасады), ала жібін аттау (қиянат жасау, сұғанақтық істеу).
  7. «Жанжалдасу», «араздасу» концептісі: ала арқан кесісті, ат кекілін кесісті (біржола араздасты, бөлінді), алакөз қылды (араз, қырғи қабақ болды), ала қозыдай бөлінді (жік-жік болып ыдырады), кешу айтысты (арыздасты), ит пен мысықтай (бір-біріне өш, өштес, аңдысып өтер жау мағынасында).

Жақсылық пен жамандық концептілерінің негізгі емес бөліктерінің көрініс табуы фразеологизмдермен қатар, мақал-мəтелдерде де анық көрінеді. Себебі қазақ халқы үшін сабырлылық, еңбекқорлық, жомарттық сынды ұғымдар жақсылықты берсе, сабырсыздық, жалқаулық, сараңдық ұғымдары тек жамандықты береді. Жəне осы ұғымдардың мəнін ашуды көздеген қазақ халқы сөз маржаны мақал-мəтел мен қанатты сөздерін қалдырды.

Kөне мəдениеттің көзі, сөз мəйегі — мақал-мəтелдер, қанатты сөздер. Сан ғасырлар бойы халықтың өзiмен бiрге жасалып, екшелiп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз əдебиетiнiң бай салаларының бірі мақал-мəтелдердің, қанатты сөздердің ұлтымыз үшін алар орны ерекше. Мақал-мəтел, қанатты сөздер — ата-бабадан ұлағатты сөз, парасатты ой ретінде ұрпақ еншісіне тиген мол қазына. «Олар ел-жұрт өмірінің айнасы, табиғи шындықтың өзі» [6; 22]. Егер зерделеп қарасақ, əрбір мақалдың күнделікті өмірдің өзінен алынғандығына айқын көз жеткіземіз. Жəне сол мақал-мəтел — дер кезінде тура тауып, суырып салып айту сияқты дана қазақтың ешбір ұлтта қайталанбас қасиетінің негізінде өмірге келген құнды дүние. Бұл жөнінде ауыз əдебиетінің шағын жанры мақал-мəтелді алғаш зерттеушілердің бірі, қазақтың жарық жұлдызы Ш.Уəлиханов былай дейді: «Мақалдарда халық ойының ең түйінді, ең қысқа, дəл тұжырымдалған мəуелі жемісі жинақталады» [7; 45].

Көлемінің ықшамдылығына қарамастан, күрделі, терең ойды беретін мақал-мəтелдерді тіл білімінде, əдебиет əлемінде зерттеу ерте кезден қолға алынды. Мысалы, мақал-мəтелдердің тілдік табиғаты, олардың басқа тұрақты тіркестермен ұқсастықтары немесе ерекшеліктері А. Байтұрсынов, І. Кеңесбаев, Р. Сəрсенбаев, Б. Адамбаев, Ə. Қайдар, С. Нұрышев, Ғ. Мұсабаев, М. Ғабдуллин, Ғ. Тұрабаеваның еңбектерінде, салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыдан А. Нұрмаханов, Э. Мұқышева, А. Дондаева, Д. Беғалықызының, тағы басқалардың жұмыстарында қарастырылған. Фольклорист зерттеуші М. Əуезов те зерттеу еңбегінде халық ауыз əдебиетінің 4 түрін: сыршылдық салт өлеңдер, əңгімелі өлеңдер, айтыс-тақпақ жəне ертегі, мақал-мəтел, жұмбақ деп бөліп көрсетеді де, мақал-мəтелдерге қысқаша тоқталады. Сондай-ақ мақалдарды, мəтелдерді жинастыра отырып зерттеуде Ш. Уəлиханов, В. Радлов, А.В. Васильев, П.М. Мелиоранский, Ə. Дибаев, Ө. Тұрманжанов, С. Аманжолов, Ə. Құрышжанұлы сынды ғалымдардың еңбегі зор. Мəселен, көрнекті ғалым Ш. Уəлиханов қазақтың үш жүздей мақал-мəтелін жинастырған.

Ал Мəшһүр Жүсіп Көпейұлының есімі қазақ халқының мақал-мəтелдерін ұзақ жылдар бойы жинап, зерттеп, зерделеген ғұлама ғалым ретінде ерекше аталуы тиіс. Ғалымның ерекшелігі, өзі жинаған мақал-мəтелдерді тақырып бойынша топтастырған. Қазақтың «Шығасы шықпай, кіресі кірмейді», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» сынды кейбір мақалдарының шығу төркінін анықтап, соларға қатысты деректер жинаған. Алдағы жұмысымызда ғалымның жинастырған мақал-мəтелдерін негізге алып отырамыз.

Жалпы, мақал-мəтелдерді, қанатты сөздерді өте ертеден, Орхон-Енесей жазба ескерткіштерінен, орта ғасырдағы М. Қашқаридің «Түркі сөздерінің жинағынан», Ж. Баласағұн, С. Сарайи, А. Йүгінекидің зерттеу еңбектерінен кездестіруге болады. Осы сынды келесі дəуір толқындары Майқы би, Бұқар, Шалкиіз, Абай, Шəкəрім сөздерінің барлығы дерлігі тек ізгі қасиеттерді уағыздайтын ғибрат, өсиет сөздер. Сол сияқты Қадыр Мырза Əлі, Əзілхан Нұршайықовтың қанатты сөздері басылым беттерінде жариялануда.

Қазақ мақалдары мен мəтелдерінің тақырыптары əр алуан: туған жер, ел-отан, еңбек, денсаулық, өнер, төрт түлік мал, егіншілік, денсаулық, өнер, егіншілік кəсібі, ынтымақ, достық, ерлік, батырлық, жақсы адам мен жаман адам т.б. Біздің зерттеу жұмысымызда адамның мінез-құлқына байланысты,жақсы мен жаман қасиетіне қатысты мақал-мəтелдер, қанатты сөздер қарастырылады. Білетініміздей, қоршаған ортадағы барлық заттар мен құбылыстар «жаман», «жақсы» принципі бойынша бағаланады.

Қазақ халқы үшін сабырлылық ең жақсы қасиеттердің бірі саналатын, сары алтынмен пара-пар келетін ұғым. Сабырлылық дегеніміз — адамның төзімділігі мен ұстамды болу қасиеті. Белгілі бір мақсатқа жету жолында адал, сабырмен еңбек етсе, сабырлы адамның көздеген жетістікке, тілеген тілегінің, мүддесі мен міндетінің ең биік шыңына шығатыны анық. «Сабыр түбі — сары алтын», «Асыққан қалар ұятқа» [7; 58] мақалдары мен Жүсіп Баласағұнның «Асығыс түбі — өкініш» [7; 104], Йүгінекидің «Жақсылықтан үміт етсең — сабыр ет» деген қанатты сөздері [7; 106] осы ойды үстемелей түседі. Сабырлылық қасиетті М.Көпеев өзінің «Бес қымбат» нақыл өлеңінде үшінші қымбат нəрсесіне жатқызады:

«Үшінші қымбат нəрсе — сабыр!» — деген,

«Сабырлысы мұратын табар!» — деген.

Əр істе сабырсыздың тəубе-зорлық, Сабырсыздық басқа пəле салар! [6; 226] — деген. Адамның жақсы/жаман қасиеті іс-əрекетімен өлшенеді. Адам адамнан білімі, жақсы мінезі, яғни бойындағы жақсы қасиеттері, арқылы ғана ерекшелене алады. Сол қасиеттерге кішіпейілділік, адалдық жатады. Бұл жайлы қазақ мақалдары «Кішіпейілділіктен кішіреймессің», «Кішіпейілділік — кісінің көркі» [7; 172] десе, Йүгінеки «Кішіпейілдің абыройы асады, Тəкаппардың құты қашады» [7; 27], Құтып «Адалдық — ерлік нышаны» [7; 96] дейді. Баласағұнидың «Тəкаппарлық хақ жолынан тайдырар» [7; 28] деген қанатты сөзі адамның абыройына, беделіне нұқсан келетін жаман қасиеттердің бірі тəкаппарлықты бейнелейді. Бұл жаман қасиетті Ғ. Қараш:

Біреуі жаман мінез тəкаппарлық, Менсінбеу басқаларды құлқы тарлық. Бұ да бір көрмегендік, білмегендік. Болмаса не бар өзін зор баларлық, [8; 239] — деген ойларымен суреттесе, Балпық би «Адамды түрлі бəлеге ұшырататын — тəкаппарлық», «Тəкаппарлық үнемі көрініп тұратын өлік» деп, тəкаппарлықты адамның жаман мінезінің ішіндегі жаманының қатарына жатқызады.

Адамның қоғамдағы рөлін анықтайтын ақылдылық, ақылсыздық, надандық қасиеттеріне қазақ мақалдарынан, қанатты сөздерінен көп мысалдар келтіруге болады. «Ақылды елді оздырады, ақылсыз өзін-өзі тоздырады», «Ақылды адам батпан-ақ, ақылсыз адам сасқалақ» [7; 59] немесе «Ақылсыз бас аяққа тыным бермейді» мақалдары мен Баласағұнидың «Ақылсыз адам — мəуесіз ағаш секілді» [7; 137] жəне Сарайидің «Ақылды адам өмір сүру үшін ішіп-жейді, ақымақ адам күнде ішіп-жеу үшін өмір сүреді» [7; 133], Рəшид-əд-диннің «Надандық» дегеніміз — тозақ, одан шығар жол жоқ» [7; 146], Йүгінекидің «Білімді білімсіздің мыңын жеңер» [7; 150] деген қанатты сөздерінің үндестігін байқауға болады. Қазақ философы, ақын Шəкəрімнің айтуынша, ақыл деген нəрсе — өлшеусіз бір нұр. Ақылсыздың өмірі мағынасыз өмір дейді. «Ақылсыздық — адам қасіреттерінің ең зоры, ол адам мəнінің жойылуы болып есептелген» [8; 158]. Ақынның мына бір өлеңінде сол ақылдының, арсыздың жəне адал адамның сиқы бейнеленген:

Ақылды сол — ынсаппен ар сақтайды, Арсыз сол — арамдықпен жан сақтайды. Адал сол — таза еңбекпен күнін көріп, Жаны үшін адамшылық ар сатпайды [8; 45] (Шəкəрім).

Қазақ ақ көңіл, қонақжай, жомарт халық болғандықтан, сараңдықты еш ұнатпаған. Баласағұн: «Сараңдық — емі жоқ ауру» [7; 23], — дейді. Керісінше, «Жомарт болу дегеніміз — өзгеге жақсылық сыйлау» [7; 147], жамандыққа жақсылықпен жауап қайтару. «Жақсылыққа — жақсылық əр кісінің ісі, жамандыққа — жақсылық ер кісінің ісі», «Сараң адам өзі жинаған байлықтың құлы» [7; 274] деген мақалда қазақ жомарттық нағыз ер, нағыз нар кісінің ісі екенін көрсетсе,

Өмірде жақсы мінез — «жомарт» деген, Жаман ат — «сараң», тəуір сөз ермеген. Берген қол бəрінен де, құтты болар, Сол жаман — ала біліп, түк бермеген, — деп, Йүгінеки «Ең жақсы əдет — жомарттық» [8; 21] деп саралайды. Сол сияқты «Мінездің жақсысы — əдептің мінсізі, ал жомарттық — ол сараңның айнасы», — дейді Йүгінеки «Ақиқат сыйы»еңбегінде. Жалпы «жомарттық — адам бойындағы жақсы қасиеттерінің бірін білдіретін, оң моральдік сапасын белгілейтін этикалық категория» [8; 192].

Адам баласын тəрбиелейтін мектептердің бірі еңбек болып табылады. Ата-бабамыз «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады» деп адамзатты еңбекқорлыққа тəрбиелеп, жалқаулықтан бойын аулақ ұстауға шақырған. «Еріншекке есік те асу көрінер, жалқауға бұлт та жүк көрінер» [7; 30] деген Махмуд Қашқари сөзі де жалқаулық, еріншектікті ұсқынсыз жағынан суреттесе, қазақтың Төле биі де мінездің жаманын саралап бергенде осы еріншектікті ең басты кесірлікке жатқызған: «Жігіт адамға басты кесір — еріншіктік, ортаншы кесір — ұйқышылдық, кенже кесір — кежірлік, тілазарлық. Осы үш кесір, əдет бір адамда болса, ол адам өмір бойы оңбайды» [8; 168].

Қазақ мақал-мəтелдері, əр ғұламаның айтқан қанатты сөздері — көп сөзді шұбыртпай, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шығарған, қысқаша ғана айтылған сөздің мəйегі. «Мақалдар кейде өлең сияқты ұйқастық тізбекпен айтылып, өте терең салмақты ырғақпен қара сөз арқылы адамның өз ойын жеткізеді. Ал кейде шешендік өнердің бір саласы сияқты терең мағынада тақпақтап айтылады. Сондықтан да бізге мақалдың сөйлемдері екі бөлімнен тұратын сияқты болады: біріншісінде əуелі ой айтылады, одан соң өте қысқа ғана қорытынды келеді» [8; 27].

Адамның жақсы мінезіне қатысты келтірілген мақалдардағы жомарттық, батылдық, шыншылдық, ізеттілік, кішіпейілділік, əділдік, сабырлылық, еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттердің барлығы адамгершілік категорияларына жатады. Осы адамгершілік қаруымен қаруланған адам — «жақсы адам», Абай тілімен айтсақ, «толық адам». Қай елдiң мақал-мəтелдерiн алмасақ та, барлығының ең басты ерекшелiгi тəрбиелiк маңыздылығы екенін байқаймыз. Қазақ халқында «Адамды екі нəрсе қартайтпайды: бірі — жақсы мінез, екіншісі — жақсы сөз» деген сөз бар. Адамның қорғаушысы — жақсы мінезі жəне əрдайым адамның сары алтын сабыры қорғаны, таудай талабы жетекшісі, азбас ақылы басшысы, ерен еңбегі жолдасы болуы тиіс.

Сонымен, жақсылық/жамандық концептілерінің ассоциативтік өрісі кең. Сондықтан ол концептілер ізгілік пен зұлымдық, жомарттық пен сараңдық, адалдық пен арсыздық, жалқаулық пен еңбекқорлық, шындық пен əділетсіздік, сабырлылық пен асығыстық сияқты концептілерін де өзіне қосып алады. Бұлардың барлығы да адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы негізінде қалыптасатын құндылықтар. Қазақ тіліндегі ұлттық негізді танытатын тілдік мұра, асыл қазына мақал-мəтелдерден осы концептілердің көрінісін байқауға болады. Сондай-ақ жақсылық пен жамандық қазақ тілінде ақ жəне қара лексикалық бірліктері арқылы көрініс табады. Жарық жақсылықты берсе, қараңғылық жамандықты сипаттайды. М. Əуезовтің психологиялық прозасындағы табиғатты суреттеп беретін тұстарынан осы түстердің басым қолданылатынын көреміз. Тіліміздегі жақсылық концептісі ақ тілеу, ақ босаға, ақ жол, ақжолтай, ақ ниет, ақ көңіл, ақ білек, тағы басқа тілдік бірліктері арқылы, ал жамандық концептісі қара жүрек, қара жау (қас дұшпан), қара көңіл, қара уайым, ұрынарға қара таппау, қара түнек заман, қара күн туу, қара қол, қара күш, тағы басқа тілдік бірліктері арқылы да көрінеді. Сонымен қатар қазақ тіл білімінде «жақсылық» концептісі сияқты жағымды мəндегі «ақылдылық» концептісі: ақылы Аплатондай (дана), «батырлық» концептісі: арыстан жүректі (қаймықпайтын, тайсалмайтын, өжет), «достық», «жақындық» концептісі: тел қозыдай өсу (жұп жазбай бірге өмір сүру), «сұлулық» концептісі: қара көз (сұлу қыз, жас əйел), «қуаныш» концептісі: ақ түйенің қарны жарылды (қарық боп қалды) жəне «жамандық» концептісі сынды жағымсыз мазмұндағы «қыңырлық» концептісі: бір ұрт (қыңыр, қисық), «ұсқынсыздық», «сүйкімсіздік» концептісі: көрден шыққандай (адам қарайтын сиқы жоқ, өңі қуқыл, жадау), «қайғыру» концептісі: ботасы өлген түйедей зарлады (қайғы батты, жоқтап, зар еңіреді), «кедейлік», «аштық» концептісі: табанынан таусылған, аузы жарымаған, шілдесінде шырақ көрмеген (түк көрмеген, түкке жарымаған), «жанжалдасу», «араздасу» концептісі: алакөз қылды (араз, қырғи қабақ болды) кең өріс алған. Міне, жоғарыда көрсетілген жағымды жəне жағымсыз мəндегі концептілерге тоқталу арқылы қарама-қарсы қойылған жақсылық/жамандық концептілерінің мазмұны терең ашыла түсті.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Уматова Ж.М. Концепты «душа»/«жан» как лингвокультурологический феномен: дис. ... канд. филол. наук: 10.02.20 – «Сравнительно-историческое, типологическое и сопоставительное языкознание» / Ж.М. Уматова. — Алматы, 2005. — 26 с.
  2. Қоңыратбаев Ə. Қазақ фольклорының тарихы / Ə. Қоңыратбаев. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 288 б.
  3. Əуезов М . Жиырма томдық шығармалар жинағы /М . Əуезов. — Алматы, Жазушы, 1979. — 456 б.
  4. Шайкенова А. 1920–30 жылдардағы қазақ прозасындағы астарлы мағына жəне дискурс табиғаты: филол. ғыл. канд. дис. / А. Шайкенова. — Астана, 2010. — 28 б.
  5. Пірəлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мəселелері / Г. Пірəлиева. — Алматы: Алаш, 2003. — 328 б.
  6. Көпеев М .Ж. Екі томдық / М .Ж. Көпеев. — Алматы: Ғылым 1992. — 324 б.
  7. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал-мəтелдері / Ө.Тұрманжанов. — Алматы: Ана тілі, 1993. — 176 б.
  8. Раев Д. Қазақ шешендігі философиясы / Д. Раев. — Алматы: Қарасай, 2011. — 264 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.