Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

М. Əуезовтің «Көксерек» шығармасын ағылшын тіліне аудару барысындағы аудармашылық трансформациялардың салыстырмалы талдауы

Мақалада М. Əуезовтің «Көксерек» шығармасының С.О. Чоракаев пен С. Гейган, С. Холлингсворт тəржімалаған екі аударма нұсқалары қарастырылды. Авторлар олардың арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктердің себептерін анықтау мақсатымен зерттеуді лексикалық, синтаксистік деңгейлерде жасап салыстырды. Сонымен қатар авторлар жеке кісілік, уақыт факторларын ескере отырып, олардың аударма барысында аудармашылық трансформациялардың қолдануына қалай əсер ететінін қарастырды. Зерттеудің нəтижесінде С.О. Чоракаев аудармасы нұсқасындағы қателіктер белгіленді, сонымен қатар С. Гейган мен С. Холлингсворт аудармасы қазіргі ағылшын тілінің нормалары мен ережелеріне сай екендігі анықталды.

Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру» [1] бағдарламасының аясында «Біз — қазақпыз…» атты қазақ халқының танымал ақын-жазушыларының шығармалары ағылшын тіліне аударылуда. Осы уақытқа дейін М. Əуезовтің, О. Сүлейменовтің, О. Бөкейдің, М. Мақатаевтың, Б. Соқпақпаевтың, тағы басқа шығармалары Ұлыбритания, АҚШ баспаларынан шығып жатыр. М.Əуезовтің «Қаралы сұлу», «Көксерек», «Қаракөз», тағы басқа шығармаларын Саймон Холлингсворт пен Саймон Гейган ағылшын тіліне аударып, аталған шығармалар «Beauty in mourning» («Қаралы сұлу») [2] деп аталатын жинақ ретінде шықты. Жиырма бес жылдан аса орыс тілді шығармаларды ағылшын тілге аударумен айналы- сып жүрген филологтар М.Əуезов шығармаларын аударуды «қиын бақыт» дейді: «Аудару барысындағы ең қиын нəрсе — автордың өзіндік стилін беру. Себебі М. Əуезов оқырманмен ұжымдық бейсана атымен сөйлескен болатын. Ол басқа да ұлы ақын-жазушылар сияқты халықты өз терісімен ғана емес, тіпті ғарыш арқылы сезеді» [3]. Алайда М.Əуезов тек XXI ғасырда аударыла басталған емес, оның Л. Наврозов аударып, 1957 ж. жарыққа шыққан «Абай жолы» романы, «Жеті жарғы» баспасынан 1997 ж. шыққан С.О. Чоракаев аударған «Көксерек» [4] əңгімелері халыққа танымал.

Осындай жағдайда «аударманың көптілігі» деген ұғымды қолдансақ та болады. Ғалым Ю. Левин бойынша аударманың көптілігі дегеніміз — белгілі бір ұлттық əдебиетте түпнұсқасы мəтін түріндегі бір шет тілінде жазылған əдеби шығарманың бірнеше аудармасы [5; 213]. Ал осындай көптіліктің себептері А. Попович бойынша: «Аударманың қайталануы тілдің дамуындағы өзгерістерге, түрлі стильдердің дамуына, метақарым-қатынас мəнмəтінінің өзгерістеріне, белгілі бір дəуірдің эстетикалық сезімі мен талғамына байланысты. Жаңа буынның келуіне, əдеби мектептер мен бағыттардың өзгерістеріне байланысты қажеттілік туғанда түпнұсқа аударылады. Кейбір жағдайларда аударманың қайталануы тек əдеби себептерге ғана байланысты емес, сонымен қатар сыртқы себептерге (мысалы, коммерциялық мүдде) байланысты да болады» [6; 189].

Біз осы жұмыста алғашқылардың бірі болып 2017 ж. шыққан С. Гейган, С. Холлингсворт пен 1997 ж. шыққан С.О. Чоракаев аударған «Көксерек» əңгімесінің ағылшын тіліндегі екі түрлі нұсқасын лексикалық, синтаксистік, стилистикалық деңгейлер бойынша талдап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеміз. Аудармаларының арасында 20 жылдай уақыт жатқандықтан, аудармашылардың біреулерде ағылшын тілі ана тілі, ал басқасында шет тілі болғандықтан, айырмашылықтардың болуына ешбір күмəніміз жоқ.

Осы екі еңбекті негізге алып, аудармашылардың қандай əдіс-тəсіл қолданғанын көріп, аудармалардың ерекшеліктеріне назарымызды аудартайық. Лингвистикалық аударма теориясының көмегімен біз аудармашылардың қандай трансформациялар қолданғанын көре аламыз. Аудармашылық трансформацияларды В.Н. Комиссаров, А.Д. Швейцер, Я.И. Рецкер, Қазақстан ғалымдарының ішінен А.Қ. Жұмабекова, сонымен қатар оларды translation techniques деп атаған Ж.-П. Вине, Ж. ДарбельнеМ. Бейкер сияқты көптеген ғалымдар зерттеген болатын, алайда біз осыжұмысымызда өзінің жүйелілігіне байланысты В.Н. Комиссаров жəне А.Қ. Жұмабекова ұсынған аудармашылық трансформацияларға сүйеніп, талдау жасаймыз. В.Н. Комиссаров, А.Қ. Жұмабекова бойынша аудармашылық (тіларалық) трансформация — ол белгіленген мазмұнда бастапқы тіл бірліктерінен аударма тілінің бірліктеріне ауысуы [7; 172, 8; 61].

Алдымен, шығармадағы ономасиондық лексиканың берілу жолдарын қарастырайық.

Қазақ тіліндегі нұсқасы

Орыс тіліндегі нұсқасы

С.О. Чоракаев аудармасы

С.Гейган/С.Холлингсворт ау- дармасы

Қара адыр

Черный холм

Black Hill

Black Hill

Құрмаш

Курмаш

Kurmash

Kurmash

Көксерек

Коксерек

Kokserek

Kokserek

 

Серый Лютый

Fierce-Grey

Savage Grey

Қасен

Хасен

Khasen

Khasen

 

Семипалатинск

Semipalatinsk

Semipalatinsk

Аққасқа

Аккаска

Akkaska

Akkaska

Бөгембай

Богамбай

Bogambai

Bogembai

Қанжығалы

Канжыгалы

Kanzhygalys

Kanzhygal

Аудармашылар аударма барысында транслитерация, транскрипция, сонымен қатар калькалау əдістерін қолданған болатын. Көріп отырғанымыздай, аудармашылар жалқы есімдерді бір тəсілді қолданып аударғанына байланысты олардың көбісі бір-бірімен сəйкес келеді. Алайда «Серый Лютый» ағылшын тілінде екі түрлі нұсқасымен берілген. С.О. Чоракаев аудармасындағы fierce ол қатал, ашулы, ал С. Гейган, С. Холлингсворт аудармасында savage сөзі жабайы деген мағыналарды білдіреді. Біздің ойлауымыз бойынша, savage нұсқасы қасқырды керекті жағынан сипаттайды, себебі шығарманы оқу барысында қасқырдың қаталдығына немесе ашулылығына емес, қанша адамдар ара- сында тəрбиелесен де, оның жабайы хайуан екендігіне назарын аудартады. Сонымен қатар Semipalatinsk сияқты жалқы есімнің қазақ тілдегі нұсқасының жоқтығын айтып кету керек. Шығарманы орыс тіліне аудару кезінде аудармашы А. Пантелеева орыс тілді оқырмандарға түсінікті ету үшін кейбір қосуларды қолданған. Сонымен бірге қателіктерді де байқауға болады. Кестеден көріп отырғанымыздай, қазақ батырының аты Бөгембай орыс тіліне аударылуы барысында өзгеріске ұшырады: «е» əрпі «а» əрпімен ауыстырылды. Ал «Қараадыр» орыс тіліне калька арқылы аударылғандықтан, ағылшын тіліне де солай аударылған болатын. Бірақ осы мəнмəтінде ол географиялық атауды білдіретіндіктен, оны транслитерация жолымен аудару дұрыс болар еді. Қанжығалы сөзінің ағылшын нұсқасына қарайық. С.О. Чоракаев аудармасында ешбір ережелерге бағынбайтын -s жұрнағы пайда болды, ал екінші нұсқасында тіпті  əрпі алынып тасталынды. Біз ешқандай ережелер мен нормаларға сай емес екі аударма нұсқасын да қолдай алмаймыз.

Ағылшын тіліндегі екі нұсқасы да орыс тілі арқылы аударылғандықтан, біз талдауымызды орыс- ағылшын тілдеріндегі сөйлемдерді салыстырып жасаймыз.

Жас шөптер басылып, тапталып қалған [4, 8].

Волчьи лапы вскоре утоптали свеженарытую землю [4; 48]. The wolves' paws soon tramped down the rummaged earth [4; 80]. Their paws soon packed down the freshly burrowed earth [2; 59].

Осы сөйлемде грамматикалық ауыстыруды көруге болады. С.О. Чоракаев аудармасында wolves зат есім болып қалды. Ал орыс тіліндегі волчьи зат есімін С. Гейган мен С. Холлингсворт аударма- сында their, яғни есімдікпен ауыстырылды. Аудармашылар осы тəсілді wolf сөзін қайта-қайта қолданбауы үшін, əрі оқырмандарға жағымды естілуі үшін қолданған болатын. Сонымен қатар бірінші аудармада свеженарытый сөзін тек rummaged, яғни жаңа сөзін, алған болатын.

Қозы екі қомағай ауыздың кергісінде қан жоса болып дар-дар айрылды [4; 9].

Волк и волчица набросились на него и в одну минуту разорвали на части [4; 49].

The two wolves pounced upon it and in no time torn it apart [3; 81].

Wolf and she-wolf hurled themselves onto the animal and in less than a minute had torn it to small pieces [2; 60].

С.О. Чоракаев аудармасында волк и волчица two wolves сөз тіркесімен берілген болатын. Аудар- машы осында жалпылау (генерализация) əдісін қолданған болатын. Екінші аудармада wolf and she-wolf сөзбе-сөз аударылып тұр. Қайтадан грамматикалық ауыстыру кездесіп жатыр. Орыс тіліндегі него есімдігін екінші аудармада the animal, яғни зат есіммен, ауыстырып тұр. Сонымен қатар екінші аудармада аудармашылар сөйлемдерді қосу арқылы сөйлемге жағымсыз реңкке ауыстырды.

Ін үстіне мүйіз тұяқтар тасырлап дүбірлетіп келді, айқай-дабыр молайды [4; 9].

Люди съехались у самого логова, спрыгнули с коней [4; 49].

The horsemen gathered in a group right before the lair and got off their horses [4; 81].

The men rode up to the lair and jumped from their horses [2; 61].

Бұл мысалда нақтылау (конкретизация) əдісін көруге болады. Бірінші аудармада люди сөзін сөзбе-сөз аудармай, нақты қандай адам екендігін нақтылап отыр. Осы жағдайда келген адамдар — салт аттылар. Екінші сөйлемде men деп нақтыламай, сол қалпында қалдырды. Екі аудармада да компенсация қолданылып тұр. Аудармашылар their есімдігін екі нұсқасында да қосқан. Оның себебі ағылшын тілінде осы мəнмəтін бойынша жай, кез келген ат туралы айтуға болмайды, нақтылап, қандай ат, кімнің аты екенін жазу керек.

Енді біразда көк шөпте əрлі-берлі аунап-аунап, керіліп тұрып, жегендерін құса бастады [4; 9].

Волк и волчица повалялись в сочной пахучей траве [4; 49].

The wolf and his mate rolled around in the juicy, fragrant grass [4; 81].

The wolves sprawled out on the succulent, fragrant grass [2; 60].

Аудармашысы екінші аудармасында екі рет wolf сөзін қайталамау үшін жалпылауды қолданған болатын.

Баурын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды [4; 11].

Курмаш не расставался с ним; приготовил для него чистую плошку, мягкий кожаный ошейник [4; 50].

Kurmash did not part with the cub for a moment. He got him a clean saucer and made him a soft leather collar [4; 82].

There was no parting Kurmash from him; he made a new little bowl for him and a soft leather collar [2; 61].

Бірінші аудармада аудармашы бір құрмалас сөйлеммен екі жай сөйлем құрап сөйлемдерді бөліп аударған. Осы орыс тілінен калькаланып аударылғаны көрініп тұр, себебі грамматикалық, лексикалық құрылымы дəлме-дəл қайталанып жатыр. Сонымен қатар осы сөйлемде с ним есімдігі the cub — күшік зат есімімен ауыстырылып аударылды. Осындағы чистая плошка сөзбе-сөз аударылса, екінші аудармада new little bowl сөз тіркесімен ауыстырылды. Ағылшын тілінде сөйлейтін адамдар итке арналған ыдысты көбінесе bowl дейді, Oxford Dictionary бойынша saucer — а shallow dish, typically having a circular indentation in the centre, on which a cup is placed, яғни ортасында өзіне ғана сəйкес тостағанды қоятын орын болатын жайпақ ыдыс [9]. Сонымен, бірінші аудармаға қарағанда, екінші аударманың ағылшын тілінің нормаларына сəйкес аударылғанын көре аламыз. Осындай жағдай аудармашылардың өздері ана тілі ағылшын болуына байланысты.

Он еще не прозрел, когда у него выросли клыки, — говорила бабушка. — Не успеет встать на ноги — прижмет к затылку уши [4; 50]

He couldn't see yet, and he had already grown fangs, said the grandmother. The moment he can stand on his feet he will flatten back his ears like all wolves do [4; 82].

He hasn't grown to full size yet, but when his fangs are fully grown, he'll be pinning his ears back and snapping at us before he even gets on his own two feet, the grandmother warned [2; 62].

Орыс тіліндегі еще не прозрел, яғни көзі ашылған жоқ деген сөз тіркесін бірінші аудармада couldnt see yet, яғни əлі көре алмады деп сөзбе-сөз аударып қойып, ал екінші аудармада модуляция əдісі қолданғаны көрініп тұр. Себебі hasn't grown to full size yet сөзбе-сөз аудармасы өзінің толық қалпына дейін өскен жоқ, сондықтан көзі əлі көрмейді. Осында себеп-салдар қатынасын байқай ала- мыз. Сонымен бірге нақтылау да (конкретизация) екінші аудармада қолданылған. Мысалға, говорила бабушка бірінші аудармада said the grandmother деп беріліп тұр, ал екінші аудармада дəл осы сөз warned сөзімен алмастырылды, яғни əжесі жай ғана айтпай, немересін қасқырдың қауіпі туралы ескертіп қойды.

Ауыл-үйдің қатындары өсек таратып жүрді [4; 12].

А женщины сказали [4; 50].

The woman said [4; 83].

But the woman replied [2; 62].

Аудармада сказали сөзі said нейтралды сөзбен ауыстырылды. Екінші аудармада сказали сөзін replied сөзімен ауыстырып, іс-əрекетті нақтылады. Осындай трансформация түрін біз нақтылау (конкретизация) деп атаймыз. Əйелдер тек қана айтпай, олар біреудің сөзіне жауап қайтарған болатын.

Көргіш көздер ін түбіне қадалды [4; 9].

Волчица стояла в шиповнике на крутом откосе оврага, вывалив из оскаленной пасти язык. Она все видела [4; 49].

The she-wolf stood in the dog-rose bushes on the steep slope of the gully, her tongue hanging out from between her bared teeth [4; 81].

Standing in the briar of dog roses on the steep slope of the ravine, her tongue lolling from her bared teeth, she could see everything [2; 61].

Осында трансформацияның грамматикалық түрі қолданылып тұр. Бірінші аударма түпнұсқа сияқты. Ал екінші аудармада сөйлемдердің құрылымын ауыстыру арқылы бір жай сөйлем қалдырды.

От аула к аулу ползла худая молва [4; 58].

The frightening news spread from village to village [4; 89].

Terrifying rumors spread from aul to aul [2; 69].

Ауыл дейтін тұрмыстық реалийді бірінші аудармада, С.Влахов бойынша аударма тілінің оқырманына таныс емес ұғымды оған жақын, əрі таныс басқа ұғыммен беру деп аталатын функционалдық аналог [9; 48] ретінде ағылшын тілінде берген болатын, яғни ағылшын тілді оқырманға ауылға жақын ұғым ол village (деревня). Ал екінші аудармада реалий транслитерация əдісі көмегімен берілген болатын.

Луна зашла. Ночь была на исходе [4; 57].

The moon had set and the night was drawing to an end [4; 88].

The moon was on the wane. The night was coming to an end [2; 68].

Екі аудармада үлкен айырмашылықтар байқалмайды. Бірақ екінші аудармада have set орнына on the wane деген эмоционалды-экспрессивті сөз, тіркесін қолданған болатын. Бірінші аударма əсерсіз, «құрғақ» естіледі.

Аязды түнде табанының астындағы қар шықыр-шықыр етеді [4;17].

Ветер стих, подморозило [4; 56].

The wind was subsided. It was freezing [4; 87].

The wind abated and the frost had set in [2; 67].

Орыс тілді нұсқасын оқысақ, сөйлем бір бүтін сияқты оқылып жатқанын көруге болады. Алайда бұрынғы аударманың сөйлемдерді бөліп аударғанына байланысты, түпнұсқа сияқты əсер етіп тұрған жоқ. Сонымен қатар етістіктің осы жағдайға сай келмейтін шағын қолдануға байланысты лексикалық мағынасы ауысып кетіпті. Ал кейінгі аударма құлаққа жағымды естіліп, түпнұсқа сияқты жағымсыз əсер қалдырып жатыр.

Но Серый Лютый так и не пришел на его зов. Волк появился в ауле ночью [4; 55].

But Fierce-Grey never came back to his call. The wolf turned up in the aul at night [4; 86].

But Savage Grey paid no need to his plaintive calls, only returning to the aul later that night [2; 66].

Алдымен, бірінші сөйлемнің аудармасы орыс тілді нұсқасынан калька арқылы беріліп тұрғаны анық көрініп тұрCome back to one's call ағылшын тіліне грамматика жағынан дұрыс аударылса да, ағылшын тілді елдерде осындай сөз тіркесін есту өте жирек құбылыс. Аудармашы сөйлемді сөзбе-сөз аударып, қателікке ұшырады. Түпнұсқа сияқты да екі жай сөйлеммен берілген болатын. Ал екінші сөйлемге назарымызды аудартсақ, аудармашының сөйлемді эмоционалды реңге боятқаны көрініп тұр. Мысалға, аудармашы компенсация əдісін қолданып, plaintive calls сөз тіркесін қосқан болатын, яғни қасқырдың тіпті баланың аянышты шақыруына да елесген жоқ. Сонымен қатар екі сөйлемді қосып аударған.

Раненько они нынче объявились, — сказал чабан [4; 55].

They came quite early this year, a shepherd said [4; 86].

They are early this year, the herdsmen remarked [2; 66].

Осында жоғарыда көп қайталанған нақтылауды көре аламыз. Орыс тіліндегі сказал орнына екінші аудармада remarked, яғни ескертті деген мағынамен нақтылап тұр. Чабан сөзі бірінші аудар- мада Oxford Dictionary бойынша shepherd -a person who tends and rears sheep [10], яғни қойды бағатын адам, ал екіншісінде herdsmen -the owner or keeper of a herd of domesticated animals [10], яғни қой, ат,сиыр, тағы басқа түлікті бағатын адаммен аударды. Бұл нұсқасының қайсысы дұрыс екені анық көрінбейді. Себебі мəнмəтін бойынша сол адамның қай түлік малды бағатыны туралы ешбір сөз жоқ.

И назвал Курмаш своего любимца Коксерек, что означает Серый лютый [4; 54].

So Kurmash gave his pet the name of Kokserek, which means Fierce-Grey [4; 84].

And Kurmash called his beloved cub «Kokserek», which means «Savage Grey» [2; 64].

Бірінші нұсқасында аудармашы любимец сөзін pet жай ғана үй жануары деп аударып қойды, ал екінші аудармада аудармашылар Құрмаштың қасқырға деген қатынасын, онымен байланысын көрсетіп, жай кəдімгі үй жануары емес, оның жақсы көретін күшігі деп аударып қойып, сөйлемге эмоционалды реңкі қосты. Қасқырдың лақап аты туралы біз жоғарыда сөз қозғаған болатынбыз. Еске салып қойсақ, біз екінші нұсқасындағы аттың берілу жолын қолдаймыз.

Қорытылай келгенде, əрбір аудармашының өзіндік ерекшеліктері, өзіндік стилі айқын көрініп тұр. Трансформацияның тиісті түрін таңдау аудармашының аялық біліміне байланысты, лингвистикалық жəне экстралингвистикалық факторларды ескеруді талап ететін күрделі əрекет.

С.О. Чоракаев аудармасында жалпылау (генерализация) трансформацияның түрі жиі кездестіріліп келеді. Сонымен қатар аударманың синтаксистік құрылымы орыс тіліндегі түпнұсқасынан калькаланып келеді осыған байланысты сөйлемдердің сөзбе-сөз аударылғаны байқалып тұрады. Жоғарыда көрсетілгендей, қазіргі ағылшын тілінің нормаларына жатпайтын жайттар да аз емес.

Біздің байқауымызша, С. Гейган мен С. Холлингсворт аудармасында керісінше нақтылау (конкретизация) жиі қолданылады. Аудармашылар компенсацияны қолданып, сөйлемдерді мəнмəтінге байланысты жағымды не жағымсыз эмоционалды реңктерге бояйды. Оның үстіне аудармашылар сөзбе-сөз аудармадан аулақ болып, сөздердің семантикасына қарап аударуына тырысты. Көрсетілгендей секілді басқа да айырмашылықтар көп, бірақ мақала шегінде барлық үлгілерді көрсету мүмкін емес.

Жалпы алғанда, өзінің кемшіліктеріне, 20–30 жыл бұрын тəржімаланғанына қарамастан, С.О. Чоракаев аудармасы XX ғасырдың соңының əдеби, мəдени нормаларына жатып, мақсатты ауди- ториясына үйлеседі. Ал С. Гейган, С. Холлингсворт аудармасы қазіргі ағылшын тілдің нормалары мен ережелеріне сай болуы, өздері ағылшын тілінің иелері ретінде болуына байланысты өткен ғасырдың аудармасына қарағанда жеңіл, түсінікті оқылады. Алайда екі аударма нұсқасы дəнекер тіл — орыс тілі арқылы жасалғанына байланысты, семантикалық жоғалтуларды байқауға болады, сол себепті олардың екеуін де толыққанды аудармалар деп есептеуге дəтіміз жоқ. Сондықтан М. Əуезов сияқты қазақ елінің мұрасының, мəдениетінің өкілдерін бүкіл əлемге жариялап, таныстыру мақсатында осындай мəселелені шешудің бір жолы орыс тіліндегі аудармалардың сапасын көтеру немесе қазақ тілінен тура ағылшын тіліне көркем аударма жасайтын аудармашыларды дайындау.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н.Ə. Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру [Электрондық ресурс] / Н.Ə. Назарбаев. — Астана, 2017. — Қолжетімділік тəртібі: http://www.akorda.kz
  2. Auezov M. Beauty in mourning / M.Auezov. — Translation by S. Geoghegan, S. Hollingsworth. — London: Russell Press, 2017. — 412 p.
  3. Корнеева О. «Мы — казахи…» выходим в англоязычный мир [Электронный ресурс] / О. Корнеева. — Режим доступа: https://dknews.kz/in-the-newspaper/46124-my-kazakhi-vykhodim-v-angloyazychnyj-mir.html
  4. Ауезов М. «Көксерек» (на казахском, русском, английском языках) / М . Ауезов. — Алматы: Жеті жарғы, 1997. — 112 с.
  5. Левин Ю.Д. Проблема переводной множественности / Ю.Д. Левин // Литература и перевод: проблемы теории. — М.: Прогресс, 1992.
  6. Попович А. Проблемы художественного перевода / А. Попович. — М .: Высш. шк., 1980. — 199 с.
  7. Комиссаров В. Н. Теория перевода (лингвистические аспекты) / В.Н. Комиссаров. — М.: Высш. шк., 1990. — 253 с.
  8. Жұмабекова А.Қ. Аударма теориясы / А.Қ. Жұмабекова. — Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ, 2010. — 264 б.
  9. Влахов С. Непереводимое в переводе / С. Влахов, С. Флорин. — М.: Междунар. отношения, 1980. — 352 с.
  10. Oxford Dictionary of English / edited by Angus Stevenson [Electronic resource]. — Oxford University Press, 2010. — Access mode: https://en.oxforddictionaries.com

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.