Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі заманғы лингвистика туралы

Мақала жаңа парадигмаларға негізделген интегративті лингвистиканың қазіргі жай-күйіне арналған. Экспансионизм, антропоцентризм, функционализм жəне экспланаторлық қағидаттары тіл біліміне тілді тікелей адаммен, оның қоғамдағы тіршілігімен байланысты қарастыруға мүмкіндік берді. Соның нəтижесінде жəне жаһандану үдерістері мен үрдісіне байланысты əлемдік лингвистикада жаңа салалар пайда болғаны белгілі. Сонымен қатар бұл өзгерістер кейбір пəндердің зерттеу нысандары мен сипаттау үлгілерін өзгерту қажеттігін туындатты. Мəселен, əлеуметтік лингвистикада бұрыннан зерттеліп жүрген мəселелерді зерттеу фокусы өзгерді. Əлемдік лингвистикада «үш шоғырлану шеңбері теориясына» сəйкес «плюрицентрлік (көпұлтты) тілдер» ұғымы жиі қолданыла бастады, көпұлтты тілдерді қарқынды зерттеу барысында тілдерді сипаттаудың жаңа моделі анықталды. Плюрицентрлік тілдердің автохтонды емес аумақтарда қолданылуы, дамуы, өзгеруі көптеген мəселелерді кешенді түрде қарастыруды көздейді, өйткені бұл сұрақтар сөйлеу субъектісі үшін де, геосаяси тұрғыдан да маңызды. Осы замангы плюрицентрлік тілдердің қазіргі кезеңдегі екітарапты өзгерісі ретінде Қазақстандағы орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдары мəтіндерінде кездесетін қазақ сөздері келтіріледі. Тілдегі өзгерістерді лексикалық тұрғыда тіркеп (фиксация), қолданысқа түсіріп отыратын, тілдегі, қоғамдағы, тілдік тұлғалар интенциясындағы өзгерістерді жіті көрсететін мəтінді түзетін де, оны оқитын да адам болғандықтан, қазіргі лингвистиканы адам туралы ғылым деуге болады.

Техника-технология, өндіріс, коммуникация қарыштап дамып, əлемнің барлық дерлік елдерінің бəрі бірдей дерлік заттарды тұтынып, бірдей дерлік идеологияны ұстануына мəжбүрлеп отырған жаһандану кезінде əр халық өзінің ана тілін сақтап қалуға ұмтылуы, оның белгілі бір кеңістіктегі, қоғамдағы орнын, маңызын зерделеуі, болашағын болжауы, болашағына алаңдауы, тілі арқылы өзін- өзі жəне өзгені тануы, өзін өзгеге танытуы заңды құбылыс. Осы тұрғыдан келгенде тілді құрылымдық-семантикалық, танымдық, тарихи-əлеуметтік, қолданбалы тұрғыдан қарастыратын тіл білімі ерекше маңызды.

ХХ ғасырдың аяғы — ХХІ ғасырдың басындағы зерттеулер өздігінен дамитын күрделі жүйелердің ерекшеліктерін қарастыруға бағытталған, сол себепті жалпы даму заңдылықтары ортақ жəне өзара байланыста болып есептелетін биосфера, қоғам жəне адам ғылыми ізденістердің негізгі нысанына айналып отырғаны белгілі.

Кез келген ғылым саласының жай-күйі оның алдына қоғам қойып отырған міндеттермен, ғылымның өткені мен қазіргі деңгейімен, сондай-ақ онымен байланысты басқа ғылым салаларының жай-күйімен анықталады. Жалпы қандай да бір ғылым дамуы оның өз ішінде саралану жəне өзге ғылым салаларымен ұштасу, тоғысу үдерісімен, үрдісімен байланысты. Сол себепті қазіргі заманғы лингвистика да жалпы ғылым дамуынан қалыс қалып отырған жоқ, яғни оны полипарадигмалы жəне интегративті тіл білімі деп танимыз.

Қазіргі заманғы лингвистика деп аталатын кезеңді нақтылауда ғылыми айналымда бірізділік жоқ. Кейбір еңбектерде ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басы делінсе, жекелеген ғалымдар бұл кезеңнің басы ретінде ХХ ғасырдың 70 жылдарын атайды.

Көп парадигмалылық лингвистикалық теориялардың бірнеше парадигма шеңберінде дамитынын көрсетеді, яғни тіл білімі үшін ең негізгі парадигма деп антропоөзектілік, функционалдылық жəне когнитивтік парадигмаларды атаймыз. Жаңа ғылыми парадигма пайда болған кезде бұрынғы мектептер біртіндеп жойылса да, ол ғылымның бұрыннан шешілмей келе жатқан немесе көмескі, тасада қалып жатқан мəселелерін шеше отырып, орнығады.

Интегративтілік ғылым дамуындағы өткен мен қазіргіні түрлі пəндер мен əдіс-тəсілдердің бірлігі арқылы зерттеуден көрінеді.

Қазіргі лингвистикалық парадигмаға қатысты зерттеуші Е.С. Кубрякова 4 қағиданы атап көрсетеді: экспансионизм, антропоцентризм, функционализм жəне экспланаторлық [1]. Бұл қағидаттардың əрқайсысы ғылыми зерттеулерде түрліше байқалады.

Экспансионизм тіл білімінің басқа ғылым салалары деректерін пайдалануынан, сондай-ақ бірнеше ғылым саласының тоғысып, ірі бір ғылым түріне айналуынан көрінеді. Бұл термин мəтін лингвистикасына қатысты алғаш рет 1987 жылы Берлинде өткен Халықаралық лингвистикалық конгресте қолданылған еді. Содан бері бұл термин лингвистика ілімдерінің өзге ғылымдарға үстемдік етуі (басып кіруі) деген мəнде қолданылып келеді. Осыған байланысты лингвогносеология, социолингвистика, лингвоперсонология, психолингвистика, нейролингвистика, лингвопраксеология, лингвомəдениеттану, этнолингвистика, лингвопалеонтология сияқты ғылымдар пайда болды.

Физикаға қатысты синергетика заңдылығы қазір барлық ғылым саласымен байланыстырыла жұмсалады, тікелей тіл біліміне қатысты айтатын болсақ, қазақ терминологиясының дамуындағы пуризм жəне неопуризм құбылысын еске алсақ та жеткілікті.

Антропоөзектілік қағидаты адам үшін тілдің, тіл үшін адамның орнын анықтаумен тікелей байланысты. Тарихи даму барысында жақсылықтың да, жамандықтың да басты себепкері адам болғандықтан жəне түрлі прогресті дамытып, сан қилы дағдарысты шешетін де адам болғандықтан, оның қабілеті, соны көрсететін тілі көптеген ғылымдардың зерттеу нысанына айналды, яғни адамның іс-əрекетіне тілдің, тілдің дамуына адамның ықпал-əсері негізге алынады. Шынында да, адам болмаса тілдің заңдылықтары, сөздік құрамы, лексикаға еніп жатқан жаңа бірліктердің еш қажеті болмас еді, ал тіл болмаса, қандай жағдай болса да, қарым-қатынасқа түсіп, соған сəйкес тіл (сөйлеу) бірліктерін таңдап, іріктеп қолдану мүмкін болмас еді. Сол себепті де тіл білімінің əр саласы сөйлеу субъектісі ретінде адамды əр тұрғыдан қарастырады.

Функционализм қағидаты бойынша, ең алдымен, тіл бірліктерінің қызметі, қолданылу мақсаты, екіншіден, оның қолданыстағы қалпы, яғни сөйлеу əрекеті мен өнімі (мəтін не дискурс) қарастырылады. Функционализмнің басты белгілері ретінде типтік құрылымдарға қызмет етуге бағытталғандығын, эмпиризм, статистикалық əдістерді пайдалануын жəне пəнаралық байланыстарға негізделуін атау керек.

Экспланаторлық қағидаты қазіргі лингвистикада ішкі сұрақтардың жауабын табу үрдісімен тығыз байланысты, яғни тіл құбылыстарын экспансионизм жəне функционализм қағидаттарына сүйене отырып түсіндіру. Мəселен, қазір түсініксіз болып отырған тіл элементтерін морфемалық, модельдік талдау, модельдеу жəне жоққа шығару, ішкі жəне сыртқы жаңғырту əдістері, статистикалық талдау арқылы нақтылауға, айқындауға мүмкіндік туды. Зерттеуші Ж. Манкеева «тілдің қазіргі деңгейінде ажыратылмайтын екі буынды түбір-негіздер туынды етістіктерге негіз болған «өлі» түбірлерді сыртқы жəне ішкі реконструкция арқылы анықтаған» [2;16], сондай-ақ фразеологимдердің пайда болуына прецедентті жағдайлар мен мəтіндер əсер еткенін дəлелдеуге жаңғырту, қайта қалпына келтіру, айқындау тəсілдері себеп болды.

Сонымен қатар қазіргі тіл білімі үшін аса маңызды боп отырған мəселенің бірі — мəтінөзектілік, себебі əр адам мəтін арқылы тіршілікте алатын бар білімін жинақтайды, ой-өрісін кеңейтеді, рухани бітім-болмысын қалыптастырады. Ал мəтін тілдің барлық құралдарының əлеуетін көрсететін феномен, сондықтан сол мəтінді оқу оны түзуші мен оны оқитын адресаттың танымдық базасын, кеңістігін ұштастыратынын ескерсек, мəтін жалпы ойлау, таным үдерістері туралы да хабар бере алатынын байқаймыз.

Жаңа ғылыми парадигмаға байланысты эколингвистика, лингвоконцептология, лингвоглобалистика сияқты интегративті бағыттар пайда болса, когнитивтік лингвистика, əлеуметтік лингвистика, этнолингвистика сияқты салалардың өзі бұрынғы зерттеу нысандарын қайта қарап, оларға пəнаралық тұрғыдан қарай бастады. Оның себептері қатарында көптеген объективті жəне субъективті факторлар бар [3]. Мəселен, əлеуметтік лингвистиканы алайық. Оның негізгі нысандары ретінде ғалымдар ана тілі мен екінші тіл, тіл мен диалектінің арақатынасын, тілдің əлеуметтік жіктелуін, тіл эволюциясының əлеуметтік шарттарын, тілдердің бір-біріне əсерін, тілді меңгеру деңгейлерін, сөйлеудің əлеуметтік қырларын, семантика мен тіл бірліктерінің тіркесімділігіне əлеуметтік шектеулердің болуын атаған еді. Алайда гео- жəне тілдік саясат өзгеріп, тілдердің мəртебесі алмасып, шекаралар ашылып жатқан қазіргі кезеңде қандай да бір тілде бір ғана емес, дүние жүзінің əр тарабында жатқан түрлі халықтар сөйлеп, жазып, басқа халықтармен сан салалы қарым-қатынас тілі ретінде қолданып отырғанын, сондай-ақ белгілі бір лингвомəдени кеңістікте түрлі тілде сөйлейтін тұлғалардың тұрып жатқанын ескерсек, бұл нысандарды сипаттау үшін жаңа зерттеу модельдері керек болғаны сөзсіз. Осы орайда қазіргі əлеуметтік лингвистикада жиі қолданылып жүрген термин — плюрицентрлік тілдер.

Жаһандану дəуіріндегі тілдік құбылыстар мен коммуникативтік тұрғыдан тілдер теңсіздігін сипаттайтын модельге тірек ретінде үш жаңа ұғым аталады: «социолингвистический масштаб (sociolinguistic scales); иерархия/порядок указателей (orders of indexicality); полицентричность (polycentricy)» [4]. Мұндағы «полицентричность» ұғымы белгілі бір тілдің автохтонды аумақта емес, басқа да көптеген жерде қолданылып, дамып отыруына байланысты плюрицентризм, көпұлтты деген сөздермен жарыса жұмсалады.

Əлемдік лингвистикада бұл термин өткен ғасырдың 50-жылдарының аяғына қарай қолданыла бастағанына қарамастан, оның қазіргі кездегі қарқынды əрі кеңінен жұмсалуы үнді текті америкалық лингвист Б. Качрудың ағылшын тілінің дүние жүзіндегі орны мен қызметіне, дамуы мен өзгеруіне, басқа тілдерге ықпалына қатысты ұсынған «үш шоғырлану шеңбері теориясы» (теория трех концентрических кругов) жəне америкалық тілші Л. Смиттің «ағылшын тілінің аймақтық нұсқасы» ұғымының ғылыми айналымға енуімен тығыз байланысты. Біртіндеп үлкейіп отыратын «үш шоғырлану шеңбері» арқылы əлемдегі ағылшын тілін қолданатын тілдік қауымдастық үшке бөлінеді: тіл нормасын жасаған (ішкі шеңбер), тіл нормасын жасап жатқан (сыртқы) жəне тіл нормасына тəуелді (кеңейіп жатқан) (производящие норму, вырабатывающие норму и зависящие от нормы) [5]. Шынында да, Қазақстанда жүргізіліп жатқан үш тұғырлы тіл саясатын ағылшын тіліне қатысты жүзеге асырып жүргендердің арасында отандық та, отандық емес те оқытушылар бар. Ал соңғыларының арасында ана тілі ағылшын тілі болып саналатындар тіпті аз, көбінесе ағылшын тілін екінші немесе шетел тілі ретінде үйренген басқа ұлт өкілдерінің дыбыстау, сөйлеу мəнерін үйреніп жатқанымыз анық жəне олардың ішкі шеңберге кіретін британдық, австралиялық, америкалық, жаңазеландиялық, канадалық ағылшын тілі нұсқаларының қайсысын ұстанатынына да толық көзіміз жете бермейді. Бір сөзбен айтқанда, үш шеңберге кіретін нұсқалардың фонетикалық, грамматикалық, лексикалық, семантикалық жəне прагматикалық деңгейде айырмашылықтары болады.

Қазақстандық зерттеуші Д.Шайбакова плюрицентрлік тілдерді алғаш сипаттаған М. Клайннің бұл ұғымға берген: «Плюрицентрическим считают язык, имеющий несколько стандартных версий, у каждой из которых есть свои кодифицированные нормы» деген анықтамасын келтіре отырып, оның негізгі белгілерін көрсетеді: «1) имеют несколько версий стандартного языка; 2) имеют несколько центров развития; 3) каждый центр имеет свою вариативность, свои собственные кодифицированные нормы; 4) они трансграничны; 5) этническая и языковая идентичность не всегда совпадают» [6]. Ғалым, сонымен қатар, М.Клайннің өз еңбегінде орыс тілін плюрицентрлік тілдердің қатарына енгізбегенін айтады. Алайда отандық зерттеуші орыс тіліне қатысты аталған белгілердің біріншісі мен үшіншісі байқалмайтынына қарамастан, орыс тілінің Қазақстанда қолданылуы, дамуы, өзгеруі плюрицентрлік тілдерді зерттеу модельдерімен жүргізілуі керектігін дəлелдеп, шəкірттерімен (Г.А. Амангелдиева Г.А. Атембаева) бірге осы бағытта бірнеше еңбек жариялады.

Қазіргі кезде плюрицентрлік тілдердің жетекші емес нұсқаларын зерттеуші халықаралық жұмыс тобының (международная рабочая группа по недоминирующим вариантам плюрицентрических языков — WGNDV — International Working Group on Non-Dominant Varieties of pluricentric Languages) ресми сайтында [7] 40-тан астам тіл плюрицентрлік деп көрсетілсе, отандық зерттеуші 17 тілді атайды [8]. Біздіңше, жұмыс тобының мүшелері тізімдегі көптеген тілдердің коммуникативтік, функционалды күш-қуатын емес, сол тілдерде сөйлейтін адамдардың таралу ареалын еске алған сияқты.

Плюрицентрлік тілдерді зерттеу модельдері кең ауқымдағы үлкен мəселелерден гөрі локальді аумақтағы тілдік жағдаят субъектілері үшін маңызды сұрақтарға назар аудару қажеттігінен туындағаны белгілі. Осы мақсатта плюрицентрлік тілдерді зерттеушілер үшін тұрақты түрде 2011 жылдан бастап өткізіліп тұратын конференциялармен қатар [7], сан алуан тілдік жағдайлардағы тілдерді сипаттауға, зерттеуге арналған əрқилы конференцияларда плюрицентрлік тілдерді зерттеушілер үшін арнайы панель қарастырылған.

Бұл зерттеулерде ғалымдар мынадай мəселелерге назар аударады:

  •  жаһандану үдерістері жəне олардың тілдерге ықпалы;
  •  тіл жəне көші-қон (миграция)
  •  білім экономикасындағы тілдің рөлі;
  •  ұлттық азшылықтың тілін сақтау үшін тілді тауарға айналдыру;
  •  контактілі тілдердің құрал жəне символ ретіндегі қызметі;
  •  би- жəне мультитілді топтардың материалды мəдениеті;
  •  метрополиядан тыс қолданылатын тілдердің прагматикалық нормаларының өзгеруі;
  •  ұлттық тілде сөйлеушілер жəне білім жүйесіндегі мəселелер;
  •  тілдік құқық: заң жəне тəжірибе арасында;
  •  мəдени дипломатиядағы билингвизм мен мультилингвизмнің рөлі [6].

Жаңа тілдік жағдайдағы плюрицентрлік тілдің рөлін анықтау үшін шетелдік ғалымдар басқа да факторларды ескереді [6]. Бір қарағанда, бұл факторлар бұрыннан айтылып жүрген сияқты көрінгенмен, кейінгі зерттеулерде бағалауыштық рең басым екені байқалады, яғни белгілі бір геосаяси кеңістіктегі тұрғындардың тіл саясатына, тілдік жағдайға, тілдің рөліне қатысы олардың оң не теріс бағалауы арқылы да сипаттала бастағанын көрсетеді. Бұл орайда плюрицентрлік деп қарастырылып отырған тілдердің өзгерісі, олардың сол кеңістікте қатар қолданылатын тілдерге ықпалы екіжақты екенін байқауға болады. Мəселен, кеңестік дəуірде көбіне ұлттық тілдерге орыс тілінің əсері туралы айтылатын болса, қазір кері бағыттағы үдерістер жиі байқалады. Бұны Қазақстанда тұрып жатқан, ана тілі орыс тілі емес түрлі этнос өкілдерінің сөйлеу тілінен, орыстілді бұқаралық ақпарат құралдарынан байқауға болады. Кез келген тілдегі өзгерістерді лексикалық тұрғыда тіркеп (фиксация), қолданысқа түсіріп отыратын, тілдегі, қоғамдағы, тілдік тұлғалар интенциясындағы өзгерістерді жіті көрсететін материалдық феномен — медиамəтін. Сол себепті де отандық зерттеушінің: «Современная интегративная лингвистика выходит на междисциплинарный уровень, ее предметом становится все, что сопровождает массовую коммуникацию. Идеи, смыслы, их манифестация посредством языковых единиц — на первый взгляд, не вполне лингвистическое исследование. Но именно анализ смыслов и их фиксация в текстах дают картину развития языка/языков» [9; 15] деген пікірі назар аударарлық.

Қазіргі қазақстандық орыстілді медиамəтіндерде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, болмысына, рухани дүниесіне қатысты онимдер тұрақты түрде кездеседі. Олардың барлығы жиі қолданылғандықтан, орыстілді оқырмандарға, тыңдармандарға жақсы таныс. Олардың арасында тек аз ғана фонетикалық өзгеріске ұшыраған, мысалы, келін (келин), ага (брат, братан), бауырым (братишка), қарындас (сестренка), жездешка сияқты қаратпа сөздер, шаңырақ, бесік (бесик) секілді материалдық дүниенің атаулары, саяси-əлеуметтік салада қолданылатын аким, мажилисмен, жол полициясы тəрізді бірліктер болса, еш өзгеріссіз жұмсалатын бірліктер қатарында түрлі мемлекеттік бағдарламалардың (Рухани жаңғыру — Духовное обновление, Ата жолы — Дорога отцов, Денсаулық — Здоровье, Баспана — Жилье), əр алуан сыйлықтардың атауларын (Алтын жүрек, Алтын қалам), салт-дəстүрмен байланысты əрқилы сөздерді (тұсаукесер, беташар, шілдехана, той, сарқыт, бата, алып қашу), сондай-ақ жалпы халықтық қолданыстағы ауыл, Наурыз, əлем, əдемі, ақын, жүз сөздерін атауға болады. Кейбір мəтіндерде қазақ сөзінен орыс тілінің сөзжасам үлгісімен жасалған акимат, акимство, мажилисмен, болашакер сияқты қолданыстарды байқауға болады. Жекелеген сөздер үнемі жағымсыз контексте қолданылып, стереотипке де айналып үлгерді, мысалы, ағашка лексемасы бейресми, заңға қайшы қарым-қатынасты вербалдайтыны байқалады, дəл осындай мағынасы ауыстырылған сөз — рақмет, ол кейбір медиамəтіндерде пара ұғымымен теңестірілген.

Мұның өзі қазіргі Қазақстан аумағында ұзақ уақыт коммуникативтік жəне функционалдық тұрғыда үстем болып келген орыс тілінің дамуына қоғамда болып жатқан өзгерістер ықпал етіп отырғанын көрсетеді.

Əлеуметтік лингвистика қоғам мен тілдің қатысын зерттейтінін, ал қоғамды құрайтын адамдар екенін ескерсек, қазіргі лингвистика адаммен тығыз байланысты, адам үшін қызмет ететін, оның бар болмыс-əрекетін, сезімін, танымын, қарым-қатынасын, əлеуметтік-рөлдік мəртебесін, маңызын əр қырынан танытатын ғылым деуге болады жəне ол осы заманның жаңа сұрақтарына жан-жақты жауап бере алатын деңгейде.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Кубрякова Е.С. Эволюция линвистических идей во второй половине ХХ века (опыт парадигмального анализа) / Е.С. Кубрякова // Язык и наука конца ХХ века: Ю.С. Степанов, Р.М. Фрумкина, Д.И. Руденко и др. — М: Изд-во Российского государственного гуманитарного у-та, 1995.
  2. Манкеева Ж. Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту / Ж. Манкеева. — Алматы: «Мемлекеттік тілді дамыту орталығы» ЖШС, 2010. — 212 б.
  3. Кирилина А. Основные модели описания языковых изменений в условиях глобализации / А. Кирилина, Е. Гриценко // Власть. — 2011. — № 5. — С. 55–59.
  4. Кирилина А. В. Глобализация в аспекте лингвистики / А. В. Кирилина, Е. С. Гриценко, А.О. Лалетина // Вопросы психолингвистики. — 2012. — № 1 (15) — С. 18–37.
  5. Качру Брадж Б. Мировые варианты английского языка: агония и экстаз / Брадж Б. Качру (пер. Т.А. Иванькова) // Личность. Культура. Общество. — Т. XIV. — Вып. 4, № 75, 76. — 2012. — С. 145–165.
  6. Шайбакова Д. Д. Плюрицентризм языка в исследовательской модели / Д. Д. Шайбакова. — Алматы: Ұлағат, 2016. — 142 с.
  7. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://www.pluricentriclanguages.org/
  8. Джундубаева А. А. Описательные модели плюрицентрических языков [Электронный ресурс] / А. А. Джундубаева // Universum: Филология и искусствоведение: электрон. научн. журн. — 2017. — № 10(44). — Режим доступа: http://7universum.com/ru/philology/archive/item/5193.
  9. Шайбакова Д. Д. Социально- языковая контактология / Д.Д. Шайбакова. — Алматы: Ұлағат, 2015. — 192 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.