Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Digital-технологиялар дəуірінде медианы дамытудың негізгі үрдістері

Журналистиканың трансформацияға ұшырауына цифрлану, яғни технологиялық фактор мен ғаламдық интернет желісінің пайда болуы əсер етіп отыр. Коммуникацияның жаңа арнасының пайда болуы журналистика функциясына да өзгерістер əкелді. Бұқаралық коммуникациядағы технологиялық жаңалық журналистиканың əлеуметтік функциясына да əсер етті. Жаңа технология бұқаралық ақпарат құралдарын ғана емес, Қазақстан қоғамын да жүйелі түрде жаңа деңгейге көтерген механизм болды. Дегенмен, жаңа коммуникациялық технологияның əсері бір жақты емес. Жаңа жəне дəстүрлі құралдардың қақтығысы журналистика құндылықтарына жаңа көзқарас қалыптастырды. Материалдық, заттық тасымалға негізделген бұрынғы журналистикаға қарағанда цифрлық дəуірде өзгерістердің əсері анағұрлым терең. Технологиялық төңкерістің бұрынғылардан айырмашылығы ақиқаттың виртуалды əлемге көшуі, интерактивтілік пен жаһандық сипат алуы. Бүгінде ақпарат тарату əдістері ғана емес, оны қолданушы орта да ауысты. Жаңа жағдайға бейімделген Қазақстан журналистикасы ақпарат таратудың кез-келген түрлеріне эксперимент жасауда. Мақалада цифрлық технологияның қазақ баспасөзіне əкелген жаңалығы талданған, бүгінгі күн тұрғысынан баға берілген.

Интернет ұдайы өзгеріп отыратын құбылыс. Əлеуметтік желілер мен мобильді технологиялар интернеттің қарқынды дамуына жол ашты. Интернеттегі эволюция адамдардың қарым-қатынасына жаңа тəсілдер енгізді. 2004 жылы дүниеге келген Facebook 2230 миллион белсенді қолданушысы бар бүкілəлемдік желіге айналды. Мобильді технологиялар интернет таралымын арттырып, қолданушыларды көбейтті.

Интернет бұқаралық коммуникация құралдарының ішіндегі ең еркін ақпарат көзі болып отыр.

Цифрлық технологиялар мен интернет желісінің əсерінен бүгінгі күннің шындығы да жаңа сипат алды. Ақпарат тарату пішіні ғана емес, əлеуметтік жүйе өзгеруде. БАҚ арқылы əлеуметтік мəселелерді реттеу пішіндері өзгеріп жатыр. Ақпарат тарату мен БАҚ-тың аудиторияға əсер ету пішіндері жаңғырып, жаңа түрлері пайда болды. Қаржы көздері де жаңа ақпараттық технологияның пайдасына қайта қарастырылуда. Жоғарғы технология мен коммуникация саласындағы бизнесті ұйымдастыру пішіні мен құрылымы өзгерді. Журналистердің кəсіби қызмет əдістемесі, аудитория құрылымы мен бұқаралық-ақпараттық контент жаңғыруда.

Халықаралық Internet World Stats веб-сайтында жер бетіндегі аймақтар мен əлемнің 243-тен астам елінде интернетті қолдану, əлеуметтік желілердегі статистикалық деректер, интернет-нарықты зерттеу туралы ең соңғы деректер ұсынылған. Сондай ақ, Internet World Stats сайты — халықаралық онлайн-нарық, əлемдегі халық саны туралы статистикалық зерттеулер, телекоммуникация туралы ақпараттық хабарламалар мен əлем елдерінің Facebookті қолдану статистикасы салынған пайдалы дерек көзі.

Мəселен, www.internetworldstats.com сайтында 1995–2018 жылдар аралығында əлемдегі интернет қолданушылардың саны мен өсу пайызы көрсетілген.

1-кесте https://www.internetworldstats.com/emarketing.htm сайтынан алынды

Дата

Қолданушылар саны

Əлем халқының саны %

Ақпарат көзі

1995 ж. желтоқсан

16 миллион

0,4 %

IDC

2005 ж. желтоқсан

1 018 миллион

15,7 %

Əлемдік интернет-статистика

2015 ж. желтоқсан

3,366 миллион

46,4 %

Əлемдік интернет-статистика

2017 ж. желтоқсан

4 156 миллион

54,4 %

Əлемдік интернет-статистика

2018 ж. маусым

4 208 миллион

55,1 %

Əлемдік интернет-статистика

Кестеде көрсетілгендей, 1995 жылдың желтоқсанында əлемдегі халықтың 0,4 % интернетті пайдаланған. Яғни 16 миллион пайдаланушы интернетке қосылған. 2005 жылы пайдаланушы 1 миллиард, 2015 жылы 3 миллиардқа өсті. 2017 жылғы желтоқсанда əлем халқының 54,4 % Интернет қол жетімді болды. 2018 жылдың маусым айындағы деректер бойынша 4 миллиард 208 миллион пайдаланушы интернетті тұтынады. Жер халқының 55 % — ы интернетке қосылған.

Жаһандану процесі Қазақстанды айналып өтпеді. Қазақстан Орталық Азияда телекоммуникациялық сектор бойынша көш бастап тұр. Азияның басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстанда кең жолақты интернет қол жетімді, ұтқыр интернет белсенді пайдаланылады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 2017–2021 жылдар кезеңінде цифрландырудың бəсекеге қабілетті ұлттық инфрақұрылымын құруға бағытталған.

Сандық технология көршілес Ресейдегі ақпарат тарату саласын да өзгертті. Жаңа медианы табысты пайдаланған басылымдар монетизациялау тəжірибесін пайдалана отырып пайда табуда. АКАР мəліметтері бойынша, ресейлік баспа басылымдарына жарнамадан түскен түсімдер 2018 жылдың тоғыз айында 10 % — ға қысқарды. Ал Интернет-медиа, соның ішінде басылымдардың онлайн нұсқалары 2017 жылы 12 млрд рубль көлемінде жарнамадан пайда тапты. Бұл жағдайда газеттер мен журналдар оңтайландырылады, кейбіреулері жабылады, кейбіреулері басқа нұсқаға ауысады.

2018 жылы Ресейдегі ең ірі ақпараттық агенттік РБК жарнаманы көргісі келмейтіндерге ультриматум орнатты. Яғни, жарнаманы оқшаулайтын пайдаланушылар үшін сайтқа кіруге тыйым салынған, ақылы жазылу ұсынылады.

Ресейде ең танымал бизнес жобалардың бірі — краудфандинг. «Медиазон» жəне басқа басылымдар оқырмандардан түскен қайырымдылық қаражат есебінен өмір сүреді. Тіпті «The New Times» жəне «7×7» интернет-журналы Роскомнадзордың айыппұлын төлеуге қаражат жинады. Бұл бірінші жағдайда 22 млн рубль, екінші жағдайда 840 мың рубль болды.

Мобильді құралдардың таралуы жəне мобильді интернеттің жеделдігі медиатұтыну ісінде жаһандық өзгерістерге алып келді. Media Consumption Forecasts жүргізген зерттеуге сəйкес, 2018 жылы Ресейдегі халық гаджеттерге 24 % уақыт жұмсады. 2011 жылы ол тек 5 пайызды құрады. 2020 жылы медиатұтынудың 28 % — ы мобильді интернетті пайдаланады деп болжанып отыр.

2018 жылы мобильді құрылғылардағы Рунет аудиториясы алғаш рет десктоп аудиториясын басып озды, деп хабарлайды Mediascop зерттеу компаниясы. Мобильді аудиторияның танымал ресурстары «ВКонтакте», мессенджер Whatsapp, Google, Яндекс жəне Instagram. Олардың əрқайсысы 20 % — дан астамын пайдаланады [1].

Ресей мемлекетіндегі ақпараттық кеңістікте болған өзгерістердің Қазақстанға ықпалы зор.

«Виртуалды кеңістіктің қарқынды дамып келе жатқан технологиясы журналист мамандығын да өзгертетінін елестетпеу мүмкін емес. Алайда мамандықтың ішкі негізі, оның əлеуметтік маңызы жалпы өзгерген жоқ. 2010 жылы журналист-роботтар ғылыми фантастика ретінде танылды, ал 2015 жылы шындыққа айналды. 2012 жылы əріптестерімен бірге «РИА-Новости» редакциясына Chartbeat технологиясын енгізумен айналыстым. Бұл технология ақпараттық сайтты пайдаланушының қызметі туралы «тікелей эфир» жасайды. Өткен бесжылдықтың көрсетуінше, технология қызмет көрсету функциясын орындайды жəне олар адамдар тарапынан əсерді күшейтеді немесе əлсіретеді. Кез келген технология шындыққа, шындыққа, түсіндіру қабілетіне, тəуелсіз талдауға, уайымдауға жəне беруге деген көзқарасты өзгерте алмайды. Бұл журналистік іске жаңа «сандық ақиқат» ұсынатын ең басты сабақ, — дейді ресейлік ғалым С. Шомова [2].

Chartbeat технологиясы деректерді талдау саласындағы үздіктердің бірі болып табылады. 2012 жылы Ресейде пайдалануға берілген аналитикалық құрал — пайдаланушылардың сайт ішінде, сайттың жеке бетінде жəне сайттың нақты элементтеріне қаншалықты уақыт бөлетінін қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл ретте өлшемдер екі негізгі параметр бойынша орындалады: recirculation (қайтару, сайт беттеріне өту, парақтағы элементтермен өзара іс-қимыл) жəне engaged time (сайтта пайдаланушылардың белсенді өткізу уақыты, сессия ұзақтығы). Сервисті əлемнің 60-тан астам елінде USA Today, CNN, The New York Times, Vox, Fox News Channel, The Washington Post, MSN, BBC, le Monde, Ringier, The Independent, El Tiempo, Caracol Television, Nikkei America, Media Prima сияқты БАҚ-тар пайдаланады.

Chartbeat жобасы Қазақстандық БАҚ-та 2018 жылы іске қосылды. «Жоба аясында 25 қазақстандық онлайн-басылым əлемнің жетекші БАҚ-тарында қолданылатын жаңа құралдарға қол жеткізеді. Жобаның операторы Қазақстандық баспасөз клубы болып табылады. Жоба Қазақстандағы АҚШ елшілігі арқылы инновациялар қоры есебінен қаржыландырылады. Chartbeat-ты редакциялық жұмысқа енгізу отандық БАҚ-тарға аудиторияны дұрыс талдауға, жақсы түсінуге, онлайн-өлшеудің дəл əдістерін пайдалануға жəне контенттің сапасын арттыруға көмектеседі. Жоба редакциялық саясатта метрикаларды кеңінен тарату арқылы онлайн-нарықтың жалпы кəсіби деңгейін арттырады. Қазіргі заманғы əдістерді қолдану отандық БАҚ-тың оқырман аудиториясын кеңейтуге жəне жарнамадан түсетін табысты арттыруға мүмкіндік береді. Конкурс негізінде 25 қазақстандық онлайн- басылым іріктеліп алынды, олар Қазақстан нарығында бірінші болып Chartbeat құралдарын тегін пайдалана алады. Сондай-ақ, жобаға қатысушылар оқудан өтіп, компания өкілдерінен тегін кеңес ала алады», — деп хабарлайды қазақстандық ақпарат көзі.

Журналистиканың кəсіби сипаты өзгерді. Түрлі медиақұралдар конвергенттік редакцияның пайда болуына əкелді. Аудитория баспасөзде көтерілген тақырыпқа, ақпараттық саясатты қалыптастыруға ықпал ете бастады.

Ақпараттық нарыққа енген жаңа сандық технология медиа тұтынудың дəстүрлі түрлерін өзгертті, бұл көптеген бұқаралық ақпарат құралдарын оқырманды ұстап қалу жолдарын өзгертуге мəжбүр етті.

Баспа басылымдары қағазға, баспаға, оның таралуына қаржы жұмсайды. Интернет ақпаратты тез жəне арзан таратуға көшті. Бүгін оқырмандар газеттен емес, интернеттен ақпарат алуға үйренді. Газет оқырмандарының саны күрт қысқарды. Көптеген газет басылымдары интернетте сайттарын ашты. Алайда сайттың ашылуы газетті құтқара алмады. Нарықтағы бəсекелестік бұл сайттарды мультимедиялық порталға айналдыруға мүмкіндік берді. Сайтта подкаст, видеороликтер, фотогалерея, анимация, слайд-шоу, радио-сұхбат, бейнерепортаж, видеоролик, инфографика, дауыс беру, рейтинг, бағалау, флеш ойындар жəне т. б. аудиторияны тек түрлі формалар арқылы ғана ұстап тұруға болады. Əртүрлі сандық құралдарды біріктіре отырып, ақпаратты аудиторияға беретін медиаконвергенция деген ұғым пайда болды. Дигитализация — мəтін, дыбыс, бейне арқылы мультимедиалық өнім жасау. «Мультимедиялық қызметтер, желілік қызмет көрсету, бағдарламалық өнімдерді жасау ажырамайтын байланыстармен бекітілген жаңа интеграцияланған нарық құрылды» [3]. Ғалым Е.А. Баранованың пікірі бойынша, конвергенция сандық құралдар арқылы бір реттік контентті бірнеше рет тираждау жəне түрлі медиаплатформаларға ұсыну [4]. Бұл ақпаратты берудің түрлі нысандарын табуға мүмкіндік береді. Мəтіннен басқа, мұнда фотосуреттер, бейнетаспалар, инфографикалар, радиобөлшектер болады. Мультимедиялық журналистикада шектеулер жоқ.

«Мəліметтер мен пікірлерді жинау кезінде оқырманға қандай формада ақпарат беру керектігі анықталады. Сөзді түсіндіру қажет болған жағдайда, картаны, диаграмманы, кестені, слай-шоуды көрсету қажет. Ал оқырмандар пікірді білу керек болса, пікір қалдыра алатын пішін ойлап табады. Мультимедиалық редакцияда журналист оқырманның назарын аударатын режиссерге айналу керек» [5].

Бүгінде барлық қазақстандық редакциялар конвергенттік режимге көшуге дайын емес. Жас басылымдар жаңалықты оңай қабылдады, ал дəстүрлі, ұзақ жылдық тарихы бар басылымдарға мультимедиаға өту оңай болмады.

Бүгінде көптеген басылымдар өз контентін тарату үшін жаңа платформаларды пайдалана бастады. Бəсекелестік баспа басылымдарының интернет-сайттарын жасауға, оларды мультимедиялық порталға айналдыруға мəжбүр етеді. Басылымдарға сұраныстың төмендеуі редакцияларға конвергенттік тəсілмен жұмыс істеуге мүмкіндік берді. «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанскаяправда» республикалық газеттеріне QR-кодты енгізумен электрондық басылым тізбегі құрылды, ол оқырманға гаджеттің қосымшасы арқылы газеттің электрондық нұсқасына көшуге мүмкіндік берді.

«Егемен Қазақстан» газетінің сайты 3 нұсқада жұмыс істейді, сондай-ақ кириллица, араб графикасы, латын нұсқасы негізінде Еуропадағы жəне Түркиядағы Қытай Халық Республикасындағы қазақ диаспораларына арналған беті бар. Сондай-ақ Android, iOs, Windows Phone үшін бағдарламалар жасалған. Дегенмен, елде сайттар рейтингісін ұсынатын жоғары рейтингі бар бірінші жиырмаға KZ сайтында баспа БАҚ-тың бірде-бір электрондық нұсқасы кірген жоқ. Кейбір редакциялар онлайн режимге көшті, кейбіреулері жабылды. 2016 жылы «Алаш айнасы» газеті нұсқасын жауып, сайт болды, «Дала мен қала» жəне оның орыс нұсқасы «Страна и мир» жабылды. Алайда бұл ауылда тұратын оқырмандар үшін тиімді емес. Ауылдық жерлерде интернетке қолжетімділіктің төмендігін ескере отырып, біз бұл оңтайландыру тиімсіз екенін көріп отырмыз. Астана мен Алматыға газеттің 35 %, өңірлерге — 65 % келеді. Біз көріп отырғанымыздай, Қазақстан аймақтарында газеттер əлі де сұранысқа ие.

«Казконтент» АҚ қарайтын e-history.kz сайт бірегей тарихи контентті, National Digital History жəне жаңа интерактивті мүмкіндіктері бар ауқымды порталға айналды. Сайттың жаңа дизайны мен логотипі əзірленді, жаңалықтарды шығару жəне беру жақсартылды, «қазақстандық» бөлімі қосылды.

«Казконтент» АҚ құрамына кіретін Bnews.kz сайтында өз жұмысының сараптамалық- ақпараттық мəнін кеңейтті, əдеби портал adebiportal.kz сайтының редизайны өткізілді. Оның мобильді қосымшасын қосу жоспарлануда, оның көмегімен онлайн режимде кітаптарды оқуға, сондай-ақ аудиокітап тыңдауға болады.

«ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігін жаңғырту оның техникалық инфрақұрылымын — компьютерлік паркті, бағдарламалық қамтамасыз етуді жəне блэйд-серверлік жабдықты жаңартудан бастады. Сайт аудиториясы тəулігіне 45 мың пайдаланушыны құрайды. Бұл санды екі есе арттыру жоспарлануда, бұл агенттікке елдің ақпараттық нарығы көшбасшыларының бірі болуға мүмкіндік береді. Ресурс мобильді қосымшаны əзірлеуді, сондай-ақ жекелеген жобаларды енгізуді жоспарлап отыр.

«Алайда, осыған қарамастан, Қазақстандағы желілік жəне Интернет-басылымдардың үлесі шамалы, БАҚ жалпы санының 7 % — ы ғана құрайды» [6].

Газеттің таралымын арттыру үшін Д. Пулитцер бір ғасыр бұрын ұсынған формула қазақстандық журналистикада кеңінен қолданылады. Белгілі журналист саяси жанжал, зерттеу, түрлі сенсация, спорт, əйелдер тақырыбы, илюстрация, əзіл, жарнама үлкен таралымды қамтамасыз етеді деп санайды. Отандық баспасөз интернет-технологияларға жəне Қазақстандық ақпараттық кеңістікке енген абсолюттік бостандыққа дайын емес. Аудиторияның контентті пайдалануы ғана емес, сонымен қатар біздің баспасөзде контентті құру еркіндігі де бар. Сандық дəуірде контент мəтіні мен журналистика жанрлары өзгерді. Этикалық нормалар сақталмайды, сленгтерге басымдық беріледі. Бұл аудиториялар ойлау жəне сөйлеу сипатындағы өзгерістерге ұшырағанын көрсетеді.

Əлеуметтік желілер арқылы тілдік, моральдық нормаларды сақтамай жазу жұртшылық үшін күтпеген мүмкіндік болды. Бұл сондай-ақ мазмұнды тұтыну заңдылығына əсер етті. Бұл қазақ журналистикасы үшін күтпеген жағдай. Интернет дəуірінде мəдени, тілдік, əлеуметтік, идеологиялық, ағартушылық жəне басқа да нормалар қалыптасты. Енді ақпараттың мазмұны мен құрылымы көпшілік алдында анықталады. Цифрландыру Қазақстан журналистикасы үшін қоғамға деген қарым-қатынасты өзгертті. Автор мен аудитория арасындағы шекаралар жойылды.

Web 2.0 желісі арқылы əлеуметтік желілерден, блогерлерден, жарияланымға пікірлерден шексіз ақпарат шығарылады. Енді ақпарат тек жаңалықтар агенттігінен ғана емес, аудиорияның өзінен де келіп түседі. Бүгінде аудиторияға оқиғаны кездейсоқ куəгер немесе кəсіби тілші жариялай алады.

«Біздің ақпараттық ғасырда танымалдықты қолдан жаасуға болады», — деді М. Маклюен [7].

Интернет-пайдаланушылар ақпараттық кеңістікте белсенді бола түсті. Осылайша, əлеуметтік желіге ерекше қызығушылық аудиторияның журналистикаға деген көзқарасын өзгертті.

Азаматтық журналистика ақпаратты таратуда жеделдікке ие. Алайда, ақпаратты тексеру — fact checking, оқиғаларды бағалау, іріктеу кəсіби журналистердің еншісі.

Жаңа медианың жеделдігін дəстүрлі БАҚ-тармен салыстыруға болмайды. Кез келген маңызды оқиға редакциялық өңдеусіз ұсынылады. 2019 жылы 1 қаңтарда Қарағанды қаласында армян ұлтының өкілі иелік ететін «Рим» мейрамханасындағы төбелес халыққа Facebook жəне Ватсап арқылы жедел тарады. Мейрамханада жаңа жылды қарсы алған қазақ жастары мен мейрамхана қызметкерлерінің арасындағы қақтығыс салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл оқиғақазақстандықтардың ызасын тудырды. Жүздеген адам далаға шығып, кінəлілерді жазалауды талап етті. Ақпараттың тек əлеуметтік желілер арқылы таралуының басты себебі 1, 2 қаңтар күні мерекені мерекелеуге байланысты баспасөз жəне телеарналар арқылы жаңалық тарату мүмкін болмады. Оқиға орнынан бейнетүсірілімдер, фотосуреттер салынып, пікірлер əлеуметтік желі арқылы үлкен резонанс тудырды.

«Оқиға 1 қаңтарда болды, бірақ депутаттар тек 9 қаңтарда ғана ресми мəлімдеме жасады. Осы кезеңде ақпараттық кеңістікте бұл оқиға туралы 140 материал шықты. Олардың 95-і қазақстандық, 45-і шетелдік БАҚ-та. 108 материал түпнұсқа, сілтеме жасалған 32 материал қайта жарияланды. 8 қаңтарда ІІМ ресми баспасөз мəслихатына дейін қазақстандық БАҚ-тардың ешқайсысында «армян» сөз жарияланбаған. Баспасөзде төбелеске қатысушыларының ұлты көрсетілмеген. ҚР ІІМ мəлімдемесінен кейін «Армения азаматтары» термині қолданылды. 6 қаңтарда ел алдында сөйлеген Қарағанды облысының əкімі Ерлан Қошановтың сөз сөйлеуінде ғана эмоциялар байқалды [8]. Ал əлеуметтік желілерде күдіктілердің ұлты ашық жарияланып, ұлтаралық қақтығысқа теңестірілді. Толық жəне жан-жақты ақпараттың болмауына байланысты қақтығыс асқынды. Осыған байланысты Бас Прокуратура жалған ақпарат таратушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ескерту жариялады.

Осыдан шығатын қорытынды Қарағандыда болған оқиға туралы қазақстандық БАҚ-та ресми хабарламаларды жариялаумен шектелді. Зардап шеккендердің, қақтығысқа қатысушылардың, сарапшылардың пікірі берілген жоқ. Осылайша, дəстүрлі журналистика əлеуметтік желіден ұтылды.

Жаңа медиа кез келген оқиғаға «халықтың жеке пікірін» қалыптастырады. Соңғы бес жылда Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста «араб көктемі» сияқты түсінбеушіліктердің өршуіне бұқаралық коммуникацияның əсері зор болған.

Бақылаусыз ақпарат тарату елдегі тұрақтылыққа қауіп төндіреді. Соңғы жылдары қоғамдық формацияға сыртқы жəне ішкі əсердің күшеюі қазақстандық билікке ақпарат нарығы мен БАҚ-қа қоғам алдында жауапкершілік жүктейтін жаңа нормаларды енгізуге мəжбүр етті. Қазақстан жаңа медиа арқылы түсетін ақпаратты шектеуді заңнамалық реттеуге күш-жігерін салды. Бұл жағдайда мемлекет əлеуметтік желіні БАҚ-пен теңестіретін даулы заң нормаларын қабылдауға ұрынды.

Интернет туралы қабылданған жаңа заң интернет-қоғамдастыққа ғана емес, масс-медиаға да жаңа шектеулер енгізді. Заңда барлық интернет-сайттар, блогтар, чат жəне форумдар бұқаралық ақпарат құралдарына теңестірілді. Сот шешіміне бағынбаған жағдайда сайт бұғатталады, ал оның иесі өзінің доменін жəне осындай тақырыптағы домендік атауларды үш айға дейін мерзімге пайдалану құқығынан айырылады. Заңды жауапкершілікке интернет-ресурстарда жарияланған материалдар ғана емес, оларға жазылған пікірлер де кіреді. Блогерлер, өз парақшаларында жарияланған ақпарат пен түсініктемелер үшін жауап береді. Ал чатта жазылған сөздерді модератор бақылап отыруы керек. Бір қызығы, сотқа тек қазақстандық интернет-ресурстарға ғана емес, сондай- ақ кез келген елдің ресурстарына да шағым жасауға болады.

Медиа қоғамға көзқарасты қалыптастыру кезінде əртүрлі PR-технологияларды, маркетингтік құралдарды пайдалануды игерді. Журналистикада ақпарат ұғымының сипаты өзгерді. Дəстүрлі журналистикадағы ақпараттың шынайылығы құндылық болып саналды. Бүгін бірінші орынға ақпараттың шынайылығы емес, эксклюзив шықты. Сондықтан фейк жаңалықтар дəуірі дүниеге келді. Бұл жағдайда аудиторияны тарту үшін сапасыз контентке басымдық беру Қазақстан журналистикасындағы дағдарыстың көрінісі болып табылады. Алайда, контентті пайдалану құрылымының өзгеруі жаңа əдістемелердің пайда болуына алып келді.

Ақпарат тарату технологиясындағы өзгерістер қоғамда, оның ішінде қазақстандық журналистикада жаһандық əлеуметтік процестердің пайда болуына алып келді. Журналистика — қоғамның өзгерістерге дайындығының айқын көрінісі. Бұл өзгерістер технологиялық ғана емес, əлеуметтік себептер бойынша да орын алады. Жаңа ақпараттық қоғамға көшу қоғамдағы əлеуметтік үдерістердің, жүйелердің жəне қатынастардың, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының жаһандануының көрінісі болып табылады. Қазақстандық медиа жаңа сандық технологияларға оңай бейімделді дей алмаймыз. Дегенмен, цифрлану қазақстандық медиа үшін коммуникацияның жаңа инновациялық құралдарын жасады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Медиарынок 2018: продажа Forbes, бум спортивного контента и победа мобильного трафика [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.sostav.ru/publication/mediarynok-2018–34710.html? fbclid=IwAR3r6V38e3oVKdnIvwRM4c- _3W9LLeCdhF-YFoN_vbkWK6MPuCNfK-fxUPI
  2. Качкаева А. Г. Мультимедийная журналистика: учеб. для вузов / А.Г. Качкаева, С. А. Шомова. — М.: Изд. дом Высшей школы экономики, 2017. — 413 с.
  3. Вартанова Е .Л . К чему ведет конвергенция СМИ? / Е .Л . Вартанова // Развитие информационного общества в России: монография: [В 4 т.]. — Т. 1. Теория и практика. — СПб.: Изд-во СПб. ун-та, 2001. — С. 157–164.
  4. Баранова Е. А. Особенности развития газетных редакций в условиях медиаконвергенции: автореф. канд. дис. ... канд. филол. наук: 10.01.10 – «Журналистика» / Е.А. Баранова. — М., 2011. — 30 с.
  5. Мамбетова И.К. Актуальные проблемы прессы Казахстана, 1991–2016 гг.: автореф. канд. дис. ... канд. филол. наук: 10.01.10 – «Журналистика» / И.К. Мамбетова. — М., 2016. — С. 105, 106.
  6. Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің сайты [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://qogam.gov.kz/
  7. Маклюэн М . Понимание Медиа: внешнее расширение человека / М . Маклюэен. — М .: Гиперборея, 2007. — С. 301.
  8. Как СМИ освещали убийство и массовую драку в Караганде? [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://newreporter.org/2019/01/11/kak-smi-osveshhali-ubijstvo-i-massovuyu-draku-v-karagande/

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.