Атопиялық және инфекциялық аурулар арасындағы байланыс

Кіріспе

Аллергиялық аурулардың таралуы және бұл патологияның өсуі соңғы онжылдықтарда көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да байқалып отыр. Әсіресе атопиялық ауруларға шалдыққан науқастар саны тез өсуде. Қазақстанның 800 мыңнан астам тұрғыны әр түрлі аллергиялармен ауырады. Сырқат адамның белсенді, жас кезінде басталады да көбінде мүгедектікке немесе тіпті өлімге душар етеді. Алматы студенттері арасындағы тексерілген әр 1000 адамның 165-інде түрлі клиникалық көріністер анықталды. Бүкіл әлемде аллергиядан зардап шегетін науқастар саны жыл сайын екі есе өсіп отырады. Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ұзақ мерзімге жасаған болжамы бойынша, 2010 жылға қарай Қазақстан халқының 50% -ына жуығы иүрлі аллергиялармен сырқаттанатын болады. Басқа елдердегі жағдай да осыған ұқсас. Германияда балалардағы аллергиялық аурулар барлық патологиялармен 30% ын құрады. АҚШ та қолқа демікпесіне шалдыққандар саны 8% ға жетті. АҚШ мектептерінің оқушылары аллергиялық аурулардың асқыну себебінен сабақтың 25% на дейін қалады. Швейцарияда халықтың алтыдан бір бөлігі аллергиялық ринитпен науқастанады. Данияда соңғы 10 жыл ішінде аллергодерматоздармен ауыратын науқастар саны үш есе өсіп, популяцияның 10 % ын құрады. Сонымен, аллерноздар жөніндегі эпидемиялогиялық зерттеулер әр түрлі елдерде шамамен бірдей

Антигендік ынталандырудың әсерінен иммундық жүйе тарапынан болатын, кейін гиперактивтілік дамитын өзгерістер аллергиялық қабыну деп саналады. Атопия – адам тұқым қуалау жолымен шалдығатын аллергиялық аурулардың бөлігі. Бұл жағдайда шапшаң түрдегі аса күшті сезімталдық дамиды, ол IgE

ЗДОРОВЬЕ для всех: хронические заболевания. проблемы. решения шоғырлануының жоғарылауымен қатар жүреді және соған байланысты болады, клиникалық тұрғыда мұрын ( ринит), көз (конъюнктивит), қолқа шырышты қабатының (қолқа демікпесі) және терінің ( дерматит), кейде басқа ағзалардың аллергиялық қабынуынан көрініс табады

Қауіп факторлары Т-хелперлік-2 жауаптың басымдығымен және «Е» класы иммуноглобулиндердің, әсіресе жасөспірім және бала жасында, қарқынды өндірілуімен иммундық жүйенің сайма-сай емес реакциясынан көрініс табады. IgE алғаш рет 0966 жылы сипатталған, оның көтерілуі атопиясы бар науқастарда байқалған. «Е » класы антиденелері аллергиялық аурулардың патогенетикалық факторы ретінде қарастырылады, олардың негізінде анафилаксия немесе аллергенге деген шапшаң дамитын жоғары сезімталдық жатады. IgE аталған Ig рецепторларға тән жасушалар мембранасында тұрақтайды.

Жалпы IgE шоғырлануының жоғарылауы күл, көкжөтел, тырысқақ секілді инфекциялар кезінде де байқалған, кейбір авторлар IgE тобы антиденелерінің өндірілуі инфекциялық аурулар кезінде кең тараған феномен деп санайды [4, 21, 27]. Соңғы жылдары туберкулезбен ауыратын науқастарда антигенспецификалық IgE болатындығы туралы жұмыстар пайда болды. Дұрыс емнен кейін науқастарда олардың деңгейі анық төмендеген. Және де қандағы IgE деңгейі туберкулинге баяу түрдегі жоғары сезімталдықтың айқындығымен өзара байланысты [12, 18, 35]. Өтіп кеткен инфекциялық процестен кейін көкбауырда IgE түзетін жасушалар саны жоғарылайды. Бұдан басқа көзқарас та сипатталған. Гриппен ауырған 153 науқаста ұрықта IgE өндірілуіне жүкті әйелдердегі респираторлық вирустардың әсері зерттелді. Гриппен ауыратындар және сау аналар тобы арасында анық айырмашылық анықталған жоқ

Демек «Е» тобы иммуноглобулиндері тек атопиялық (аллергиялық) аурулардың маркері ғана емес, сонымен бірге олар әр түрлі инфекциялар кезінде белгілі рөл атқарады. Бұл дерек инфекцияның атопиямен өзара әсері арасында немесе керісінше көпір орнатады. Бұл екі патологияның ықтимал синергизмі немесе антогонизмі туралы мәселе арнайы әдебиетте бірнеше жылдар бойы талқылануда.

Проблеманың өзектілігін ескере отырып, ЕААСІ Президиумы 2001 жылы Микробтық өнімдердің - бактерия, пробиотиктер, микобактериялар, липополисахаридтер сығындыларының аллергияның дамуына әсерін зерттеу жөніндегі бағдарлама құрды. Әрбір мәселе бойынша ЕААСІ ғалымдарының секциясы жұмыс жасады. Көптеген зерттеулер бактериялық аллергендермен емдеудің демікпе ағымын жақсартатындығын көрсетті. Патогенді емес микобактериялардың атопияның дамуын тежейтіні анықталды Инфекциялардың, әсіресе вирустардың, атопиялық ауруларға әсері жөнінде бір-біріне қарама-қайшы мәліметтер алынды. Риновирустар риноэмия шақырып қанға ене алады және жіті демікпе ұстамасының дамуына байланысты иммунитетке жүйелі түрде кері әсер ете алады.

Авторлардың үлкен тобы ерте вирустық ( синцитиальды) инфекцияның атопиялық аллергияның дамуына әсерін зерттеді. Вирустық инфекция бронхиттер мен бронхиттен кейінгі сырылдарды тудырады, бірақ оның аллергиялық сенсибилизациядағы рөлі әлі дәлелденген жоқ. Ерте жаста вирустық инфекциямен сырқаттанған балаларда ересектеу жаста атопиялық аллергендермен теріге жасалған сынамалар сирек жағдайларда ғана оң болып шықты. Қызылша және А вирусты гепатитімен ауырған балалар арасында атопиялық аллергендермен теріге жасалған сынамаларда оң нәтиже өте сирек. ВСĜ вакцинасына туберкулиндік жауап және атопиялық патология арасында өзара кері қатынас анықталды

Бірқатар жұмыстар ерте жаста вакцинация жасаудың ересектеу кезде аллергиялық атопиялық аурулардың дамуына тигізетін әсеріне арналды. Швецияда ВСĜ вакцинациясын алған иммигранттар мен егілмеген тұрғындардың патологияларын салыстырғанда бұлардың алғашқыларында атопиялық аурулар үш есе сирек болып шықты. Жапонияда ВСĜ вакцинациясы атопия мен қолқа демікпесін төмендетті, ал Англияда бұндай байланыс анықталған жоқ. Жануарларға жасалған тәжірибелерде ВСĜ вакцинациясын тамыр ішіне және мұрын ішіне егу гамма-интерферон түзілуін күшейтті және ТҺ-2 лимфоциттер тобын, сондай-ақ онымен байланысты белгілерді: эозинофилияны, IL-4 және IL-5 эксперсиясын ынталандыруды тежеді. Гвинея-Биссау негрлерінде ВСĜ вакцинациясы прик-сауалнамалар мәліметтері бойынша сенсибилизацияны және атопиялық ауруларды төмендетті

Микобактериялар қоршаған ортада барлық жерде бар және 80-нен астам түрі бар ( топырақ пен суда). Олардың кейбірі ВСĜ секілді адам иммунитетін ынталандыруға қолданылады, бірақ атопияны емдеуге емес. Патогенді емес микобактериялар атопиялық аурулардың алдын алу және емдеу үшін ұсынылды. Микобактериялардың ТҺ-2 цитокиндердің түзілуін төмендететіндігі, адам қаны сарысуында көкбауыр жасушаларымен IL-4 және IL-5 түзілуін азайтатындығы, ТҺ-1 жауапқа және атопияның алдын алуға көмектесетіндігі дәлелденді. Балаларға сапрофитті микобактерияларды тағаындау атопияның алдын алуға мүмкіндік береді. Микобактериялардың сапрофитті штаммдарының аллергиялық ауруларды емдеу кезіндегі әсері туралы қарама-қайшы оң да, теріс те мәліметтер бар.

Материалдар мен әдістер

Экспедиция мүшелері тыныс алу ағзаларының аллергиялық ауруларын анықтау үшін Қарағанды және Семей облыстарының үш аймағы тұрғындарын зерттеді. Нақтамалудың жалпыға ортақ әдістері қолданылды: сырқатнама, клиникалық-зертханалық және аллергологиялық әдістер. Бруцеллезге қарсы егудің әсері сарапталды. 2000-2001 жылдары біз ?Алматы қаласының әр түрлі аудандары тұрғындарын тексеру жолымен тыныс алу ағзалары аллергиялық ауруларының таралуын зерттедік. Қалалық аллергия орталығында 9008 амбулаториялық карталар талданды. Патология жиілігіне әсер ететін қауіп факторларыЗДОРОВЬЕ для всех: хронические заболевания. проблемы. решения анықталды – қаланың әр түрлі аудандарындағы сыртқы ортаның ластану деңгейі және басқа факторлар. Алматы ауруханаларындағы сырқатнамалардың көшірмесіалынып, талданды. №1 қалалық аурухананың аллергия бөлімінде 1997 жылдан 2002 жылға дейін – 6419 науқас, №7 қалалық клиниқалық аурухананың балалар бөлімінде 2001-2002 жылдарда 1930 науқас, №1 қалалық клиниқалық аурухананың терапия бөлімінде 1999-2002 жылдарда 3470 науқас, №1 қалалық клиниқалық аурухананың ревмотология бөлімінде 2001-2002 жылдарда 1197 науқас еьделген. 6 жыл ішінде барлығы 14689 сырқатнама сарапталып, бағаланды.

Бұл жұмыстың мақсаты – түрлі инфекциялардың және профилактикалық егулердің атопиялық аллергиялық аурулардың дамуына және өсуіне әсерін зерттеу. Бұл мәселе әдебиетте осы күнге дейін әр түрлі түсіндіріледі.

Қорытындылар және оларды талқылау

Алматы қаласында аллергоздармен аурушаңдықты біз науқастардың 1997-2001 жылдарда қалалық аллергия орталығында қаралуы бойынша зерттедік. Аллергоздары бар 9008 науқастың амбулаторлық карталары талданды. Аурулардың шынайы саны Аллергия орталығында қаралғандардан 8 есе асып түсетіндігі анықталды.

Амбулаториялық сырқатнамаларды талдау мынаны анықтады: әйелдер бірнеше есе көп (55%), 21 жастан 66 жасқа дейінгілер 66 %, науқастардың 71%-да (631) аллергоздардың атопиялық генезі анықталды, респираторлық аллергия кезінде қатар жүретін аурулар ішінде ең жиі кездесетіні тағамға деген аллергия (21%) және дәрі-дәрмекке аллергия (27%). Мамандығы бойынша: қызметкерлер - 35%, оқушылар - 27%, жұмысшылар - 9%, жұмыссыздар, мүгедектер, зейнеткерлер – 31%.

Поллиноз 3627 науқаста (41%) нақтамаланды. Шоғырлануы жөнінен поллинозы бар науқастар былайша бөлінді: риноконъюнктивит – 2327 (63%), ринит + дерматит + қолқа демікпесі (5%). Демек, ринит науқастардың 100% - да дерлік, қолқа демікпесі - 18%-да, дерматит - 24%-да анықталды. Қалада поллинозбен аурушаңдық 1000 тұрғынға шаққанда 38-ден 77 науқасқа дейін ауытқыды. Ол сыртқы ортаның ластану деңгейіне анық байланысты болды. Қатты ластанған аудандарда – 1000 тұрғынға шаққанда 70, одан гөрі таза аудандарда – 40. Алматы қаласы тұрғындарының санын ескере отырып, бұндағы поллинозға шалдыққан адамдар саны орташа есеппен 55000-ға тең, бұл 4-8 %-ды құрайды. Жоғарғы тыныс жолдары патологиясы басым. Сонымен, Алматы қаласында атопиялық-аллергиялық патологиямен аурушаңдық сипаты мынадай көрсеткіштермен сипатталады: қаланың әр түрлі аудандарындағы науқастар барлық популяцияның 4-тен 8%-ға дейінгі бөлігін құрайды, әйелдер біршама көбірек, науқастар арасында жастар көп, көбіне ой еңбегімен шұғылданатындар ауырады, шоғырлануы жөнінен ринит бірінші орында. Сырқаттар саны жыл сайын өсуде және әрбір 10 жыл сайын екі есеге артады. Аурулардың шынайы санымен салыстырғанда емдеу мекемелерінде емделетіндер саны едәуір төмен.

Қазақстанда аллергиялық аурулардың таралуын және өсуін зерттеу мынаны анықтады: аурулардың жалпы құрылымында респираторлық аллергоздар басым, бұл патология жыл сайын өсуде. Аурушаңдықтың өсуіне мыналардың әсері байқалды: аталған аймақтағы өсімдіктер сипаты, жергілікті жердің климаттық- географиялық ерекшеліктері, тамақтану сипаты, қанда С витаминінің болуы, бруцеллезге қарсы егу, аталған жерде тұру ұзақтығы. Қазақстанның шөлді аймақтарында, Ресейдің орталық аймақтарынан көшіп келгендер арасында аурушаңдық анық жоғары , ауылдық жерлермен салыстырғанда өнеркәсіптік қалаларда аурушаңдық екі есе көп, бұл ауаның полютанттармен ластануына байланысты.

Аллергоздары бар науқастардың Қазақстанның әр түрлі облыстарындағы аллергология кабинеттеріне келіп қаралуын талдау 1-кестеде көрсетілген. Респираторлық аллергоздар үнемі өсуде және 25 жыл ішінде аллергиялық ринит бойынша дәрігерге көріну жағдайлары жиіледі, оның ішіне поллинозға шалдыққандар 16 есе, қолқа демікпесімен ауыратындар 5,3 есе өскен. Егер бұл мәліметтерді 2004 жылға дейін экстраполяцияласақ, Қазақстанда бүгінгі күні дәрігерге көріну жағдайлары 1000 тұрғынға шаққанда орта есеппен аллергиялық ринит жөнінен – 12,5, ал қолқа демікпесі бойынша – 11,0.

  1. кестеде №1 қалалық клиникалық аурухананың мамандандырылған аллергология бөлімінде болған науқастар сипаттамасы келтірілген. Бес жыл ішінде 6419 науқас емделген. Ең жиі кездесетін нозология поллиноздың (П-з) және қолқа демікпесінің (ҚД) асқынуы, сәйкесінше жалпы санының: 32,5% және 43,6%- ы. Респираторлық аллергоздар Қазақстан үшін аймақтық патология болып табылады. Толық клиникалық зерттеу қатар жүретін немесе патологияларды анықтауға мүмкіндік берді. Қатар жүретін немесе бұрын болған өкпенің созылмалы қабыну сырқаттары (СҚС) санын келтірсек – пневмониялар, ларингиттер, сондай- ақ туберкулез (ТБЦ). Бұндай науқастар 18,8% болды. Осындай талдау №7 ҚКА-ның балалар аллергология бөлімінде де жүргізілді. Екі жыл ішінде станционарлық емді 1930 адам алды. Бұнда да дәл осындай заңдылық анықталды. Респираторлық аллергоз (П-з) және ҚД басым болды. Науқастардың 80%-да тектік бейімдік байқалған. 9%-ының сырқатнамасында жіті инфекциялар болған. Алайда науқастардың 90%-дан астамы тыныс алу ағзаларының инфекциялары бұрын болған жоқ деп жауап берді. Демек, мамандандырылған аллергология бөлімдерінде емделген 8349 станционарлық науқастың сырқатнамаларын талдау тыныс алу жолдарының бұрын болған инфекциялары жиі дамитын респираторлық аллергозға әсер етпейді деп есептеуге мүмкіндік береді.
  2. кестеде туберкулез бөлімінде ем алған туберкулезі бар науқастардың атопиялық ауруларының

ЗДОРОВЬЕ для всех: хронические заболевания. проблемы. решения талдауы көрсетілген. Науқастардың басым бөлігінде спецификалық үрдістің шоғырлануы көбіне өкпеде байқалған. Қатар жүрген патология ретінде тіркелген атопиялық аллергиялық реакциялар 19,3% жағдайда анықталған.

Дені сау адамдар мен түрлі патологиялары бар (инфекциялар, туберкулез, созылмалы қабыну сырқаттары) науқастардағы респираторлық аурулардың нәтижесін салыстырсақ, біз инфекциялар атопиялық қабынулардың өсуіне алып келмейді деп айта аламыз. Атопиялық қабынулар дені сау адамдарда жиірек кездеседі. 1-кесте.

Алматы қалалық №1 клиникалық ауруханадағы аллергиялық аурулар ( ересектер және балалар бөлімі)

Ескерту : АР – аллергиялық ринит, ҚД – қолқа демікпесі, АД – атопиялық дерматит, РА – респираторлық аллергоз, СҚА – созылмалы қабыну аурулары. Ересектер бөлімі бойынша: атопиялармен ауыру ұзақтығы – 6 жылдан 15 жылға дейін (56%-да), науқастардың орташа жасы – 25-тен 50 жасқа дейін (69%-да); р<0,002. Балалар бөлімі бойынша: %), орташа жас – 6-дан 10 жасқа дейін; ауыру ұзақтығы – 1 жылдан 4 жылға дейін; р<0,01.

2-кесте.

Әуежай ауруханасының туберкулез бөліміне жатқызылған науқастардағы аллергиялық аурулар (1996-2002 жж.) (n=1197)

Талдау үшін бұрын Боткин ауруымен (А және В гепатиті) сырқаттанған науқастар жеке топқа бөлінді, олар 1997-2002 жылдар аралығында станционарлық бөлімдерде (терапия, ревматология, туберкулез бөлімдерінде) емделген. Бұндай науқастар саны 4345 болды. Олардың ішінде атопиялар 1578 (36,3%) науқаста анықталды, яғни басқа инфекциялық аурулар болған жағдайлардан екі есе жиі. Нозологиялар бойынша олардың саны аса ерекшеленбейді: поллиноз – 412, қолқа демікпесі – 376, дерматит – 418, ринит-372.

Қорытынды

Алматы, Семей және Қарағанды облыстары тұрғындарының үлкен тобын, сондай-ақ Алматы қ. Амбулаториялық және станционарлық аллергология бөлімдерінде емделген нуқастарды клиникалық және эпидемиологиялық зерттеу қорытындыларын есептей келе, мынаны анықтадық. Қазақстанда респираторлық аллергиялық аурулармен ауыру деңгейі жоғары. Атопиялық аурулардың өсуіне ықпал ететін қауіп факторлары анықталды. Олардың бірі – көлік және кейбір өнеркәсіп кәсіпорындары бөлетін зиянды полютанттармен қалалар ауасының ластануы. Бұндай қорытындыны әлемнің көптеген елдері растайды. Алайда, атопиялық аурулардың жиілеуіне басқа да қауіп факторлары әсер етеді. Инфекциялар мен атопиялық аурулар арасындағы өзара байланыс туралы мәселе ең аз зерттелген және қатты пікірталас тудырады.

Бұрын болған инфекциялар мен вакцинациялардың атопияға әсері зерттеушілердің жұмыстарында кейде тіпті қарама-қайшы. Бірі инфекцияны атопияның ынталандырушысы деп санаса, екінші біреулер вакцинация мен инфекциялар – атопияға қарсы механизм деп дәлелдейді.

Бұрын IgE тобы антиденелері тек аллергиялық атопиялық аурулардың патогенетикалық факторы ретінде қарастырылды. Соңғы жылдары инфекциялық аурулар тек антигенспецификалық IgE ғана емес, қанда жалпы IgE жоғарылауы байқалды. Мәселен, IgE антиденелері мына науқастарда түзіледі және шоғырлануы ұлғаяды: гельминтоз, безгек, күл, менингит, кандидоз және т.б инфекциялар. Сонымен бірге микобактериялар қоршаған ортада Th-1 лифоциттерге күшті активтендіруші әсер етеді, гаммаинтерферонның өндірілуін ынталандырады, Th-2 лифоциттер қызметін және олармен байланысты IL-4 және IL-5 бөлінуін тежейді, эозинофилияны және қандағы IgE мөлшерін төмендетеді. Сонымен, бактериялардың кейбір түрлері атопиялық үрдіс кезінде аллергиялық қабынуды тежейді, яғни атопия антагонистері болып табылады.

IgE антиденелер атопиялық аурулар мен кейбір инфекциялар кезінде эффекторлық жасушалар рецепторларымен байланыс үшін бәсекелестік күрес жүргізуі мүмкін. Бұл тұжырымдама тәжірибе жүзінде тексеруді талап етеді.

Ересектердің және балалардың аллергология бөлімдерінде емделген станционарлық науқастарды талдау респираторлық аллергоздардың (қолқа демікпесі және поллиноз) айтарлықтай басым екендігін көрсетті. Сырқат тарихында инфекциялар болмаған науқастармен салыстырғанда тыныс алу ағзаларының қабынуы (бронхиттер, пневмониялар) болған науқастар саны ересекткр арасында 4 есе және балалар арасында 10 есе кем.

Жекелеген нозологиялардың – атопиялық аурулардың (ринит, поллиноз, дерматит, қолқа демікпесі) бактериялық инфекциямен байланысын қарастырғанда дәл осындай үрдіс байқалды. Сырқатнамасында немесе тексеру сәтінде инфекция болмаған науқастар саны «таза» атопиктермен салыстырғанда төрт есе аз.

Терпиялық жане ревматолгиялық стационарларда атопиялық аурулардың бар-жоқтығын зерттеу өте маңызды болды. Жетекші сырқаттар түрлі ағзалардың жіті және созылмалы аурулары және құздама болды. Қатар жүретін аллергиялық аурулары бар науқастар саны 19,4%-лан артық емес.

Бұл көрсеткіштер дені сау адамдар арасында атопиялық патологияның таралуымен салыстырғанда төмен. Біз сондай-ақ туберкулез стационарында атопиялық аурулардың таралуын зерттедік. Өкпе туберкулезі бар науқастар арасында атопиясы бар аурулар саны 20,7%-дан асқан жоқ.

Бұрын Боткин сырқатымен (А және В гепатиті) ауырған емделушілер арасында атопиялық ауруларды зерттеу кезінде жағдай басқаша болды. Терапия, Ревмотология және туберкулез бөлімдерімен (орта есеппен 19,5%) салыстырғанда олардың саны екі есе артық (36,3%). Вирустық инфекция атопиялық аурулардың дамуына ықпал етеді деген болжам жасауға болады.

Ауылтұрғындарын тексерген кезде атопиялық риниті бар науқастарға вакцинацияның әсерін тексердік. Олар екі топқа бөлінді: бруцеллезге қарсы егілгендер және егілмегендер (екі топта да дені сау адамдар). Егілгендер арасында атопиялық ринит екі есе жиі кездесті. Сонымен бірге BCG вакцинациясы атопияларды төмендеткен.

Демек, әр түрлі инфекциялар және аутоиммундық аурулар, сондай-ақ профилактикалық вакциналар атопиялық аурулардың дамуына әр түрлі әсер етеді, немесе аллергиялық қабынуды ынталандырады не тежейді.

 

Әдебиет

  1. Адо А.Д. «Общая аллергология» (М.: Медицина), 1987.
  2. Алексеев О.А.,Сульдавцев А.А. «Иммунные механизмы в патогенезе геморрагической лихорадки». Тер. Архив (70) II: 39-42, 1998.
  3. Беклемишев Н.Д. «Т-хелпер –ключевая клетка прометазойного иммунитета и реакции аллергии немедленного типа». Иммунология 3: 4-8, 1995.
  4. Беклемишев Н.Д. , Мошкевич В.С., Суходоева Г.С. «Иммунотерапия при аллергии к микробам» (Алматы.: Наука), 1980.
  5. Бережная Н.М., Ялкут С. И. «Биологичек\ская роль иммуноглобулина Е» (Киев.: Наукова Думка), 1983.
  6. Вершигора А.Е. «Основы иммунологии» (Киев.: Выща школа), 1980.
  7. Генис Д. Е. «Медицинская паразитология» (М.: Медицина), 1979.
  8. Гущин И.О. «Немедленная аллергия клетки» (М.: Медицина), 1976.
  9. Железниклва Г. Ф. «Иммуноглобулин Е.: биологическая роль при инфекционных заболеваниях». Медицинская иммунология 4,4-5/; 515-530, 2002.
  10. Инсанов А.В., Фейзуллаева Н.А., «Гуморальный и клеточный иммунитет при менингитах различной этиологии». Проблемы туберкулеза №2: 21-23, 2000.
  11. Кривицкая В.З., Александрова И.А. «Антивирусный IgE при респираторно-вирусной инфекции у больных бронхитом». Ж. Микробиологии №4: 56-61, 1998.
  12. Литвинов В. И., Гергерт В.Я.«Иммунология туберкулеза: современное состояние проблемы» Рос. Вестник АМН №7: 8-11, 1997.
  13. Мошкевич В.С. «Аллергические заболевания верхних дыхательных путей в Казахстане». Дисс. Д-ра мед. Наук (М.) 450 с., 1973.
  14. Сепиашвили Р.И. «Функциональная система иммунного гомеостаза». Аллергология и иммунология (4) №2: 5-14, 2003.
  15. Сергеев А. Ю.«Иммунитет при кандидозе». Иммунология, аллергология, инфектология №1: 91-99, 1999.
  16. Arkwright P.D., David T J ”Intradermal administration of killed Mycobaterium in atopik dermatitis” J Allergy Clin Jmmun 107 531-534 2001
Жыл: 2013
Қала: Алматы
Категория: Медицина