Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасында туризмді дамыту

Автор туралы мәліметтер. Ерембекова Данагүл Алтынбекқызы – Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенті.

Аннотация. Туризм саласы экономиканы дамыту көздерінің бірі болып саналады. Қазақстан Республикасында туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Тәуелсіздік алған соң мәдени және тарихи құндылықтарды жаңартуға бағытталған бұл саланы дамытуға алғышарттар жасалды. Сонымен қатар бұл өз кезегінде көліктік, инфрақұрылымдық, сауда орындары, денсаулық сақтау қызметтерін жетілдіруді қажет етеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі өзінің дамудың ұзақ мерзімді бағдарламасында туризмді экономиканың маңызды салаларының бірі деп жариялады.

Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді.

Қазақстанның мәдени-тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру мен сақтауға, саланың ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға және қайта дайындауға үлкен мән бөлінетін болады.

Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризмнен табыс, мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орында келеді. Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің реакциялық сиымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстан әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы енбек демалысына шығуымен байланысты, мұның өзі адамдардың демалуға және бос уақытын өткізуге деген негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторларына айналады.

Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауы болмайтын саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай, немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидайды әлемдік нарыққа шығару керек екен. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 000 турист қалада орташа есепппен екі сағат болған кезде кемінде 350000 доллар немесе адам басына 1 сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

Туризм тек қана экономикалық емес, сонымен бірген әлеуметтік-мәдени маңызға ие. Себебі ол елдер арасындағы мемлекетаралық байланыстардың және мәдени айырбастаудың дамуына ықпалын тигізеді, аймақаралық байланыс көлемін арттырады, халықтың танымдық деңгейін көрсетеді.

Қазақстанда туризмнің хаостық дамуы, мемлекеттің, қоғамдық құқықтық және жеке құрылымдардың арасында өзара байланыстың жоқтығы, экономикалық механизмнің жетілмегендігі тән. Туризм сферасындағы макротенденциялар туризмнің тек бір сегментінің – шығу туризмнің артықшылықты екенін анықтады. Сонымен бірге, Қазақстанда келу туризмін дамытудың да алғышарттары іс жүзінде бар, себебі Республикада табиғи және рекреационды ресурстар, мәдени, тарихи сәулет және археологиялық ескерткіштер мол.

Соңғы кездері Қазақстанда туризмді дамыту арқылы экономикалық жағдайды жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны жиі-жиі әңгіме болып отыр. Ресми мәліметтерге қарағанда, мемлекет қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы осы туризмнен түседі екен.

Қазақстан туристік ел болуға толық мүмкіндігі бар бірден-бір ел қатарына жатады. Алайда, Қазақстанда туризм бәсең дамып келеді. Оның дәлелі, елімізге шеттен келетін туристердің басым көпшілігі – келуге тиісті іс-сапарлармен, кәсіби жұмыс бабымен келгендерден құралып отыр (89,7%). Соған қарамастан, әрбір турист шамамен 700 АҚШ долларын қалдырады екен. Әйткенмен, бұл көрсеткіш әлемдік орташа бағадан (1000 доллар) әлдеқайда төмен [1].

Қазақстанда туризмнің қанат жаюы үшін, шекаралық тексерулер мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, туристерді тасымалдау, яғни, көлік қатынасына жағдай жасау санды факторларды іске асыруды дұрыс жолға қою керек.

Қазақстанда қазіргі жаңа экономиканың қызмет етуі жағдайында, салаларды дамыту стратегиялық мінезге ие болады, болжау мәні бірден өседі, әлеуметтік, экономикалық және сыртқы экономикалық басымдылықтарының қалыптасуы негізінде қоғамдық ұдайы өндірістің барлық үрдістерін реттеуге алғышарттар жасалады. Республикада соңғы жылдары туристік саланы дамытуға бағытталған және мемлекет жағынан оны жан-жақты қолдау шараларының кешені жүргізілді. Сондықтанда жүргізілетін шаралардың күшті және әлсіз жақтарын анықтау және жүргізілген талдау негізінде туристік қызметтің жақсаруын қамтамасыз ететін шаралар ұсыну қажеттілігі туды. Туризм сферасында мемлекеттік басқару органдарының жүргізген ұйымды экономикалық шаралары, толығымен, конструктивті мінезге ие, бірақта талдау туристік нарықта сәтті қызмет үшін белгілі бір резервтер бар екендігін көрсетті. Мақалада көрсетілген деректерден келесідей шешімдер жасауға, белгіленіп отырған бірқатар шаралар саланың қызметін жақсартуға мүмкіндік береді, экономикалық тиімділік көрсеткіштерін көтереді, туристік белсенділік дәрежелері көрсеткіштерін жоғарылатылды, ішке кіру туризмін дамытады, шетелдік туристерді тартады [2].

Туристік фирмалардың қызметтерін жақсартуға мүмкіндік беретін негізгі шаралар

– бұл шағын бизнес кәсіпорындарын капиталдандыру, фирмалардың қызметін маркетинг қағидаларына қайта бағыттау, лицензиялық жүйені жетілдіру. Қазақстанда туристік қыз-

меттің әлеуметтік-экономикалық механизмдерін оқып-үйренумен қатар, туристік ағымдар болжамын есептеуді жүргіземіз және мемлекеттік бағдарламамен ұсынылған болжаммен талдау.

Қазақстанда «Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы» құрылды, онда 2020 жылға дейінгі туризм бойынша көрсеткіштер мен туристік ағымдардың болжамы есептелінді. Осы кезде болжамдарды есептеу кезінде қонақ үйлер мен басқа орналастыру құралдарының максималды сыйымдылығы есепке алынды. Орналастыру орындарында қажеттілік пен туристердің жалпы болжамды ағымының құрылымы математикалық әдістер көмегімен өткен көрсеткіштер негізінде бағаланатын болжамның сандық әдісі негізінде анықталынған.

Қазақстан туризм саласында дүниежүзілік тәжірибені, ғалымдар болжамын ескере отырып, төл туристік бизнесін жедел дамытуға күш салуы тиіс. Жалпы, тарихи, мәдени байланыстар халықтың пиғылын, мемлекет азаматтарының ой-өрісін көрсетеді. Тарихи мұрағаттар да, туристік бизнес те болашаққа қызмет етеді, стартегиялық идеяларды жүзеге асыруға тартылар көпір болады.

Дүниежүзілік туристік ұйымның болжамы бойынша, 2020 жылға қарай саяхатшыларды ең көп қабылдайтын ел Қытай болмақ. Ал, осы елге жетудің тиімді де қысқа жолының екеуі де Қазақстан арқылы өтеді.

Өркениетті елдерде туризмді дамыту басты мақсаттардың біріне жатады және туризм елдің мәртебесін қалыптастыратын құрал болып есептеледі. Елінің сұлу табиғатымен әлемді таңдандыру арқылы мемлекет бюджетіне ақша түсіру, кіріс келтіру ең пайдалы іс екені де белгілі.

Осы туризм арқылы қалтасын қампайтып отырған елдерде жетерлік. Кіп-кішкентай Израильдің бюджетіне тек қана туризмнен – 2 млрд. доллар, Тайландқа – 7 млрд. доллар, ал АҚШ-тың қоржынына 50 – млрд. доллар пайда түседі.

Ал, бізде сыртқа шығатын туристік сапарлардың мөлшері – 50 пайызға жуық болса, елімізге келетін туристік сапарлар – 16 пайызды ғана құрайды. Туристер ағынын қайткенде көбейтуге болады? Осы орайда Түркия мен Тайландтың туризмнен түсетін кірісті көбейту үшін визаны арзандатып, кейбір елдер үшін визасыз жүйе кіргізгені нәтижелі болған. Түркия мен Тайландты туристер тасқыны басып қалды. Тайланд визасы небәрі 8 доллар тұрады [3].

Туризм бойынша көрсеткіштерді болжау кезінде орналастыру орындарының өткізілімдік мүмкіндігін ғана есепке алып қана қоймай, сондай-ақ көрсету объектілерінің өткізілімдік мүмкіндіктерін, сонымен қатар республика ландшафтарының максималды мүмкін болатын туристік жүктелуімді есепке алу қажет.

Осымен бірге туристік ағымды шектейтін негізгі факторларының бірі неғұрлым әйгілі ескерткіштер немесе құнды градоқұрылыстық ансамбльдердің және қызмет көрсету объектілерінің өткізілімдік мүмкінділіктері болып табылады.

Туризмдегі физикалық жүктелуім туризм мен қоршаған орта арасындағы сандық – сапалық өзара байланысты көрсетеді. Қабылдау жүктелімі туристік топтардың жекелеген мінездеріне әлеуметтік-психологиялық тәсілге негізделген, бұл көрсеткішке туристердің талғамдары, әдеттері мен жергілікті халықтың дәстүрлері және т.б. әсерлерін тигізеді. Осы кезде жүктелім түрінде субъективті элементтер үлкен мәнге ие болады, сондықтан да туристік ағымдарды болжау рекреациялық ресурстардың физикалық жүктелісінен шыға жүргізіледі. Әрине, бұл тәсіл кезінде, экономикалық көзқарас жағынан берілген ресурстарды қолдану тиімділігін есептеу керек.

Күнделікті тұтынушылар циклі бір күндегі туристік қызметтер сағатының санын әрбір туриске қызмет сағатының санына қатынасы ретінде анықтайды. Өткізілімдік мүмкіндікке негізделген туристік ағымдарды есептеу жоғары жүктелімдіктің салдарынан табиғи ландшафтардың бұзылуына алып келуі мүмкін. Сондықтан да болжау кезінде туристердің өтімділік көрсеткіші, сонымен қатар туристік жүктелуім нормативі оңтайлы сәйкес келуі керек.

Туристік жүктелуімді анықтау туристік ағымды болжау кезінде неғұрлым объек-

тивті болып табылмайды, өйткені ол тек сезілетін және сезілмейтін көптеген параметрлерге байланысты сандық көрсеткіш. Бұл көрсеткіш ұзақ мерзімді жоспарлау кезінде пайдалы ақпарат береді.

«Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы» бойынша болжамдық көрсеткіштер мен туристік жүктелуім параметрлері бойынша болжамдық көрсеткіштерге зерттеу жүргіземіз. Бірақ та жұмыста көрсетілген көрсеткіштерге жету осы бөлімнің басында көрсетілген саланы дамыту жағдайларын қалыптастыру кезінде ғана мүмкін. Мақалада көрсетілген болжанған көрсеткіштер шетелдік туристердің белсенді демалуы үшін жағдайлар жасау мен дамыған туристік инфрақұрылымы кезінде неғұрлым нақты болады.

Болжамдарды салыстыру туристік сыйымдылық шегі 1020 мың адамды құрайтынын көрсетеді, ал «Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы» бойынша 2010 жылы бұл көрсеткіш 1510 мың адамды құрды, норманы 490 мың адамға жоғарлатады, ал туристер ағымының жоғарылауы – жылына 8,8 млн. адам-сағат. Осы көрсеткіштің жоғарылауы салдарынан табиғи ресурстардың деградациясы болуы мүмкін, басқа жағынан тарих пен мәдени ескерткіштерінің эстетикалық негіздерін бұзуына алып келеді.

Туристік ағымдарды болжаудағы маңызды мәнге неғұрлым аттрактивті туристік аймақтардың басымдықтарын анықтау ие болады.

Бұл туристік қызмет көрсетуді болжау мен жоспарлау тәжірибесінен шығады, сонымен қатар бар туристік бағдарлар, туристік аймақтар бойынша орналастыру объектілерінде қажетті орын санын анықтау және оларды жоғарылату бойынша жобалық шешімдерді қабылдау [4].

Осыған орай, ежелде «Ұлы Жібек Жолы» өткен туристік аймақтарда туристердің қандай ерекше қызығушылықтары бар екендігін анықтауға болады. Ұлы Жібек Жолының қазақстандық бөлігінде болжанған туристердің ағымы жылына 50 мыңға жуық шетелдік туристерді құрайды. болжауға әсер ететін орналастыру объектілерінің сыйымдылығы, туристердің ағыны, туристік объектілердің өткізілімдік мүмкіндіктері, сонымен қатар бір туристен алатын табыс сияқты негізгі факторларға сүйене отырып, толығымен Қазақстан Республикасы бойынша пайда мен өткізілген өнімдер бойынша болжанған көрсеткіштерді есептеу жүргізілді.

Тәжірибеде болжалынғаны көрсеткіштерді алу үшін келісілген инвестициялық саясатты жүргізу қажет. Біз көңілімізді туристерді қабылдаумен айналысатын фирмалар, яғни ішке кіру туризмін сегменттеуде ғана инвестициялық және салықтық қолдауға көңіл бөлінеді. Барлық сала қызметінің тиімділігі үшін оның барлық бөлімшелік құрылымдарының өзара байланысы қажет, бір уақытта әртүрлі қалаларда орналастыру, тамақтану, көліктік және экскурсиялық қызмет көрсету сұрақтарын шешу үшін біртипті туристік ұйымдар әрекет етуі қажет. Бір элементінде жетіспеушілік пайда болған кезде әлеуетті клиент үшін тізбектеме аттрактивтілігін жоғалтады. Сондықтан да толық құнды және сапалы туристік өнімді жасауға барлық қатысушылардың мүдделерін үйлестіру туралы сұрақ тұр [5].

Нарықтық экономика – туризм үшін неғұрлым жағымды орта. Туризм рекреациялық, танымдылық және емдік мақсатта орындалады, бірақ сонымен бірге жаңа инфрақұрылымды құру, аралас салаларды дамыту, елдің төлемдік балансын жақсарту және валюталық түсімнің ағыны сияқты экономикалық аспектілерге және үлкен мәнге иелік етеді.

Қазақстанда соңғы 12 жылдың ішінде туризм сферасында түбегейлі институционалды және сапалы өзгерістер болды. Нарықтық экономика элементтерін енгізу, мемлекеттік туристік кәсіпорындарды акционерлік, жеке және біріккен кәсіпорындарға қайта құру сыртқа шығу туризмі мен шоп туризмге бағытталған Қазақстанның отандық туристік өнімін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Қазақстанның аймақтарын рекреациялық аймақтандыру сапарлық мақсаттар бойынша туризмді қайта құруға мүмкіндік берді. Еліміздің территориялық артықшылық-

тарын және оның аттрактивтігін бағалауды есепке ала отырып ішке кіру туризмін дамыту үшін басымдылықты болып тау, танымдылық және рекреациялық туризм табылады. Қазақстандағы көрсетілген туризм түрлерінің құрылымы елде мамандандырылған аңшылық туризмнің, оқиғалық туризмнің, көштік, этникалық, өткенді еске түсірушілік, діни және жастар туризмінің қызмет етуі мен әрі қарай кеңеюі үшін мүмкіндіктері бар.

Шетелдер тәжірибесі көрсетіп отырғандай, туризм сферасында дұрыс қалыптастырылған мемлекеттік саясат оның пайдалылығын қамтамасыз етуі мүмкін және әлеуметтік-экономикалық дамудағы бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі. Шетелдік туризмді дамытуға бағытталу мен дамыту кезінде, қымбат және қымбат емес орналастыру құралдарын үйлестіріп, шетелдік туристердің саранымына жауап беретін туристік өнімді құру арқылы болашақта Қазақстан Республикасында ішке кіру туризмін дамыту мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда туризмді елдің мамандануының негізгі түрлерінің біріне айналдыра отырып, халықаралық туризмді сапалы дамыту үшін икемді салық саясатын, пайызсыз займдар мен несиелер беру, соның ішінде валютада, дотациялар қарастыру мақсатты болар еді.

Экономикалық күйзеліс жағдайында, белгіленген экономикалық және саудалық байланыстардың бұзылуы, жұмыссыздық өсуі кезінде туристік қызмет көлемі мен туристік өнімнен бас тарту болған жоқ, бірақ туризмде құрылымдық қайта құру байқалды – қызметтердің жалпы көлемінде сауда-саттық туризмі жоғарылады, неғұрлым үнемді турларға сұраныс көбейді.

Туристік сферадағы бар сертификациялау мен лицензиялау жүйесі өз қызметтерін толық көлемде орындап отырған жоқ. 2001 жылы қабылданған соңғы лицензиялық жүйе туристік саланың дамуына теріс әсерін тигізді. Лицензияны туризмнің түріне байланысты және ішке келу туризмімен айналысатын туристік фирмалардың қызметтерін ынталандыру мақсатында беру қажет. Туризмдегі тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жоғарлату үшін кешенде Қазақстанның жекелеген аймақтарында қызметтерді сертификациялауды жүргізу мақсаттанған: туристік фирмалар, қонақ үйлер және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары.

Туристік қызметтің жақсаруы маркетингті тиімді қолдану көмегімен қамтамасыз етілуі мүмкін. Туризм нарығын сегменттеу әртүрлі сегменттердің басымдықтары айрықшаланатынын көрсетті: жоғары табысы бар тұтынушылар рекреациялық туризмді талғайды, орташа және төмен табыстырар – шоп-туризмді.

Туризмде фирмалар арасындағы бәсеке жоғарылауда, сондықтан да бәсекелетерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін оқып-үйрену керек, осыған орай фирмамен тұтынушыларын таңдауға әсерін тигізетін неғұрлым маңызды қызметтік көрсеткіштері есепке алынған туристік фирмалардың рейтингтік бағаларының варианттары құрылған.

Ішке кіру туризмін дамытуға мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі негізделген. Осы мақсатта шетелдік туристерді қабылдаумен айналысатын туристік фирмалар үшін жеңілдік шарттар қолдануға болады: қызмет етуінің бастапқы жылдарында жиынтық табыстан алынатын салықтан, қосымша құн салығынан босату, сонымен қатар туристердің негізгі ағымы жоспарланып отырған аймақтарда туристік инфрақұрылым объектілері салумен айналысатын ұйымдарды субсидиялау және жеңілдетілген несие беруді қарастыру.

Туризмді дамытуға ынталандырушылық әсер ету инвестициялаудың арқасында жүргізіледі. Сондай-ақ, инвестициялаудың сондай мақсаттанған жүйесін қолдану керек, әсіресе жергілікті жұмыс күшін және жергілікті өндіріс материалдарын қолдануды іске асыратын.

Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады [6].

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма: Учебник, 3-е издание.М., Новое знание, 2002.
  2. Квартальнов В.А. Стратегический менеджмент в турагентстве. – М., 2009.
  3. Квартальнов В.А., Романов А.А. Международный туризм: политика развития. – М.:

«Советский спорт», 2009.

  1. «Қазақстан Республикасының Туристік қызмет туралы Заңы» 13.06.2001 ж. №211-2 Қазақстан Республикасының Заңы.
  2. Панорама №16, 29 сәуір 2005 жыл.
  3. Қазақстан Республикасындағы 2002 жылғы туризм. Статистикалық жинақ. Алматы, 2016.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.