Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстандағы аударма ғылымы және оның зерттелуі

Авторлар туралы мәліметтер. Едильбаева Гульжан Бакытбековна – қазақ филологиясының магистрі, Қазақстан-Американдық еркін университетінің аға оқытушысы, Жеңісқанова Әсем Өмірбекқызы Қазақстан-Американдық еркін университетінің, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті.

Аннотация. Мақалада аударма үдерісінің жандануы тіларалық қатынас мәселесі қарастырылды. Авторлар көптеген ұғымдарды орыс тілігіндегі порым – пошымына, пішініне қарап, өз тіліміздің мүмкіндігіне орай жаңадан жасады. Тілімізде жаңа сөз, жаңа термин, жаңа тіркес, жаңа сөйлем құру дағдысы пайда болды. Бұл іс әрекетті ғылыми әдебиеттен де, көркем әдебиеттен де байқауға болады. Қазіргі кездегі аударма ауқымын жай шолып өтудің өзі оңайға түспейді. Аударманың қазір сала – саласы бұтақтап, тамыр таратып дамып отыр. Көркем әдебиет пен саяси – қоғамдық әдебиет аудармаларының сыртында, көгілдір экран мен эфирден берілетін неше алуан хат – хабарлар тағы басқаның берілімдердің басым көпшілігі аударма материалдардан тұрады. Қазіргі кезде қазақ тіліне аударылған дүние ғылым талдауына түсуге тиіс. Еліміздің тілдік, стильдік жүйесіне, рухани мәдениетіне соншалықты мол әсері бар бұл іс өз зерттеушілерін күтуде.

Аударма өмір танытатын, білім тарататын, тәрбие беретін құрал ғана емес, ол сонымен бірге халық пен халықты қауыштырады. Бейнелі сөзбен айтсақ, аудармашы халық пен халықты таныстырып, достастыратын дәнекер.

Жалпы алғанда, әлемдік лингвистикада лингвистикалық аударма танудың негізін салушылар ретінде А.Федоров, В. Виноградов, И. Резвин, К. Райс, О. Каде, Ю. Найда, Ж. Мунин, А. Швейцер, Я. Рецкер, В. Комиссаров, А. Латышев, З. Львовская сияқты ғалымдардың есімдерін атауға болады. Осы ғалымдардың еңбектерінде, біріншіден, «аударма» деген терминнің нені қамтитындығы, яғни «аударма» дегеніміздің анықтамасы беріледі.

«Аударма» сөзі көп мағыналы және оның екі терминологиялық мағынасы бар. Біріншіден, бұл ұғым бір тілде көрініс тапқан мазмұнды екінші тілдің құралдары арқылы жеткізу үдерісі ретіндегі ой қызметін анықтайды. Екіншіден, осы үдерістің нәтижесі – ауызша немесе жазбаша мәтін де аударма деп аталады. Дегенмен бұл екі анықтама бірбірімен тығыз байланысты, олардың біреуін екіншісін сіз анықтау мүмкін емес. Бұл тұжырым осы мәселені зерттеумен айналысатын ғалымдардың қай қайсысы да атап өтетін дәстүрлі қағида. Қазақ тілінде де «аударма» сөзі осындай анықтаманы иеленді: «аударма – бір тілден екінші тілге аударылған еңбек, туынды; іс-әрекеттің нәтижесі және аударма – бір тілден екінші тілге аудару ісі; жүргізілетін процесс» [1, 10].

Ғалымдардың пікірінше, аударылатын мәтінде аударма тілдің лингвистикалық заңдылықтарын сақтаумен бірге, түпнұсқа тілді тұтынушы халықтың ұлттық бояуы сақталуы тиіс. Бұл туралы В.Н. Комиссаров: «Аударылатын мәтін «аударушының мәдениетіне көшірілуі» тиіс болғанына қарамастан, аударылған мәтінде түпнұсқа тілді қолданушының мәдени бояуы сақталуы керек» [2].

В.Н. Комиссаров өзінің «Слово о переводе» атты еңбегінде аударма жайында Д. Селесковичтің мынадай пікірін келтіреді: «Кез келген аударма – бұл түсініктеме (интерпретация). Аудармаға төрт элемент қатысады: Х тілдегі сөйлеу сөйленімі (речевое высказывание), аудармашының осы мағынаны түсінуі және У тіліндегі мағынасының берілуі.

Жалпы алғанда, бұл тілдік бірліктерге жүргізілетін операция емес, идеяларға жүргізілетін операция, сондықтан аудармашы тілдік мазмұнды ғана емес, сөйленім мазмұнын түсіндіріп, түпкі мағынаға жетеді» [3].

Аударма танудың көрнекті өкілі Л.С. Бархударов: «Аударма дегеніміз – бір тілдің сөйлеу (тілдік емес!) шығармашылығын, мазмұн межесін, яғни мағынасын өзгеріссіз (!) екінші тілдің сөйлеу шығармашылығына айналдыру үдерісі" деп атайды [4]. Демек, ғалым аудармаға қойылатын ең басты талап мағынаның өзгеріссіз берілуі дегенді айтады. Алайда Л.С. Бархударовтың бұл тұжырымына Дж. Кэтфорд мынадай түзету енгізеді: «Аударма тілі мен түпнұсқа тілдегі мәтін «бір ғана мағынаны білдіреді» немесе аударма үдерісінде «мағына ауысуы болады» деген пікірдің негізі жоқ. Мағына, біздің ойымызша, белгілі бір тілдің өзіндік «қасиеті» [5] дейді.

Ал белгілі ғалым Я.И. Рецкердің пікірінше, аударма үдерісін жүзеге асыратын негізгі тұлға «аудармашының міндеті – түпнұсқаның тұтастығы мен мазмұнын басқа тілдік құралмен оның стилистикалық және экспрессивтік ерекшеліктерін беруі» деп анықтайды. Аударманың «тұтастығы» ұғымының астарынан жаңа тілдік негіздегі мазмұн мен тұрпаттың бірлігін түсіну керек.

Аударма қызмет ретінде бірқатар ғылымдардың зерттеу нысаны дегенді ескерте отырып, А.Д. Швейцер «соңғы жылдары аударманы үйрету бойынша көптеген мектептер пайда болды, олардың әрқайсысына тән аударманы ұғымының түсініктемесі және қол жеткізген нәтижелері бар» екендігін айтады. Ғалым өзінің «Перевод и лингвистика» деп аталатын еңбегінде аударманы зерттейтін ғылымдардың қатарына лингвистиканы, әдебиеттануды, психология мен этнографияны жатқызады [6].

Аудару принципі мен аударманың дәлме-дәлдігі туралы ұғым заманалар озған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, орта ғасырларда әріп шілдік, сіреспе аударма басым болса, бертін келе, жаңғыру дәуірінде, XVII XVIII ғасырларда «еркін» аударма етек алды. Одан соң әдебиет әлемінде балама аударма пайда болды. Тіл морфологиялық, орфографиялық, синтаксистік ережелерге бағынады.

Аударма қиын мәселе. Аудармаға қойылатын талап пен талғам да зор. Аудармаға қойылатын басты талап автордың стилистикалық өзіндігін сақтау, яғни адамдардың келбет бітімі, жүріс-тұрысы бір-біріне қандай ұқсамаса, олардың сөз саптау машығы да бірбіріне сондай ұқсамайды, ендеше сол ерекшелікті айыра білу керек. Аударма мамандық емес өнер. Өнерге өмірді арнағанда ғана өнімді еңбек беруге болады. Сондықтан «жүрдім-бардым» атүсті айналысу дегендер мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді аудару ісін көгертпейді, аударма мәдениетін биікке көтермейді. Бұл іске бірыңғай берілген, белсене, құлшына, жүрек әмірімен жұмылған аудармашылар керек. Қандай сөзді болса да, кілтін тапса, қазақшаға аударуға болады. Аударма теориясын зерттеуде кездесетін қиын-дықтар өте көп. Аударма теориясы, соның ішінде, қазақ аудар-масының теориясы да жас, жаңа ғана туып, қалыптасу дәуірін бастан кешіріп отырған кенже ғылым. Міне, осы себептен де қазақ аудармасының тарихы да жазылмаған. Ал «заттың тарихы жоқ жерде заттың теориясы жоқ, ал заттың теориясы жоқ жерде онық тарихы туралы тіпті сөз болуы мүмкін емес». Өйткені ондай жағдайда зат туралы, оның шекарасы мен мағынасы туралы мүлде ұғым болмайтыны айдан анық. Аударма өнерінің дәл өзіне арналмағанымен, ұлт тілінің тазалығын сақтау, қазақшаға аударылған еңбектерде оқырманға түсінікті етіп жеткізу жайында қазақ оқымыстыларының XVIII-XIX ғасырлар мен XX ғасырдың бас кезінде айтқан пікірлері бар.

Қазақ аудармасы ұлттық мәдениетіміздің, әдебиетіміз бен публицистикамыздың құрамдас бір саласы ретінде дамып отырған кезде оның теориясы, тарихы, жеке аудармашының шеберлігі жайында келелі пікірлер айтыла бастады, жеке авторлардың монографиялық зерттеулері, жинақтар, мақалалар жарияланды. Аударма қызметінің ең басты мақсаты, Белинскийдің айтуынша, халықтардың бір-бірімен танысып, өзара идеялар алмасуы, соған орай, әдебиеттерінің гүлденіп өсуі, ақыл-ой өрісінің үлгілері бір халық әдебиетінің екінші халық тіліне аударылуына негізделеді. Аударманың тарихын сөз еткенде оның өзі әрбір ұлттың әдебиет пен мәдениеттің құрамдас бөлігі болғандықтан,ізін де, дәстүрін де, даму дәрежесінің қандай сатыда болған да сол ұлттың әдебиеті мен мәдениетінің тарихынан іздеген дұрыс. Демек, қазақ тіліне аударылған әдеби туынды қазақ әдебиетінің қазынасына қосылған дүниелік, ол қазақ, әдебиетінің төл туындысымен туыстас, үзеңгілес бола алады.

Аударма әдебиеті жеке бір жанр емес, ол ана тіліміздегі әдебиетіміздің барлық жанрын қамтитын бел баласы, солардың ажырамас бір бөлігі. Қаламгер өз ортасының, өзі өмір кешкен заманының перзенті. Ол өзімен бағыттас, әріптес қайраткерлердің шығармашылық тәжірибелері мен тағылымын бойына сіңіргенде, олармен өзектес, үндес болғанда ғана қоғам алдындағы парызын өтеген. Аударма әрқашан да адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік-экономикалық, рухани, ғылыми қарым-қатынастың алмасуы, айырбастаудың құралы, ел танудың құралы, достықтың, тәжірибе тағылым алысудың дәнекері болады. Аударманың тарихы тереңде жатыр. Ол ой тұжырымының, сөз өнерінің қажетті қасиеттерін жинақтаған; қазына іспетті. Аударма өнерінің дәрежесі тума мәдениеттің кемелденуіне әсер ете отырып, аударманың өзі де сол мәдениеттің нақты нәтижесі, көрнекті жемісі ретінде өркендейді. Қазақ аудармасының жазба тарихын жасаудың, қазақ әдебиетінде аударма өнерінің туған кезеңін дәл белгілеп айтудың көптеген қиындығы бар. Жарыққа шыққан зерттеулерде XIX-XX ғасырдағы аударма жайы ғана айтылып жүр. Қазақ аудармасының тарихы тереңде жатыр деп айтқанымызбен, оның тарихи өркендеу сатысын белгілі жүйемен зерттеп, ғылыми әдеби жағынан бір ізге, бір арнаға түсіру қажеттілігі байқалуда. Мұның бірінші себебі: аударма теориясының зерттелуі жиырмасыншы жылдардан қолға алынды. Сондықтан қазақ тайпалары мен халқының әдебиетіндегі бізге жеткен шығармалардың қайсысы төл тума, қайсысы аударма екенінің ара жігі әлі де анықталмаған. Ертеде, әсіресе, қазақ сахарасында ислам дінінің уағыздарымен қоса, араб, үнді әдебиетінің үлгілері таралғаны мәлім болса, сол шығармалардың, аудармалардың аудармашысы кім екендігі беймағлұм.

Аударма мәселесі жайындағы ой – пікірлер газет – журналдарда ептеп, аздап алғаш бой көрсеткен. Содан бері осы мәселе күн тәртібінен түскен жоқ. Бұған әрқашан әдебиет, мәдениет қайраткерлері араласып, өз ойларын, көзқарастар мен пікірлерін айтып келді. Ғылыми әдебиетте аударма жайында алғаш пікір айтқан маман С.Сейфуллин болатын. 1914 жылы «Айқап» журналында Верный қаласында уезд бастығы болып жұмыс істеген И.Лиханов дегеннің қазақ өмірінен алып жазған «Манап» драмасы жарияланады. Көп кешіктірмей осы драма жайында С.Сейфуллиннің пікірі жарық көреді. Сонда ол: «оны қазақшаға сөзбе – сөз аударған. Соның үшін сөздері нағыз қазақша болып шықпаған» деп қорытынды жасайды.

Қазақ аударматану ғылымының зерттелуі, іргелі тұжырымдар А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Әуезов еңбектерінен бастау алады. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ тілінің өміршеңдігін сақтау, лексикалық қорын сақтау, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру мақсатында жасалған шаралардың басында А. Байтұрсыновтың тіл білімінің терминдерін қазақ тіліне аударуын, Қ. Жұбановтың қазақ терминологиясына қатысты тұжырымдарын, М. Әуезовтың көркем аударма мәселелері төңірегіндегі пікірлерін атауға болады.

М. Әуезов аударма туралы ойларын бұдан әрі жалғай түсіп, іле – шала тағы бірнеше мақала жариялайды. Мысалы, «Ревизордың аудармасы туралы» («Қазақ әдебиеті», 1936, №37), «Пушкин аудармасы қазақ әдебиетіне не берді?» («Қазақ әдебиеті», 1937,

№9), «Евгений Онегиннің» қазақшасы туралы («Соц. Қазақстан», 1937, №6), «Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар» («Соц. Қазақстан», 1937, №49). Қазақтың көркем аударма мәдениеті үшін үлкен бір белес болғалы тұрған кезеңді дәл түсініп, осы құрметті істі қолға алушыларға аз да болса жәрдемі тисін деген мақсатпен арнайы жазылған мақалаларында жазушы ең алдымен аударма түпнұсқаның сөз байлығын, ой тереңдігін, стиль ерекшеліктерін дәл беруді міндет санайды. М. Әуезов аударма теоретигі есебінде осы ұстанымды өмір бойы қолдап өткен. М. Әуезовтен кейін аударманы салиқалы әңгіме еткен адам – белгілі сыншы, әдебиетші М. Қаратаев. Оның 1937 жылы жарияланған «Жүз жылдан кейінгі Пушкин», «Пушкин мен Абай» деген екі мақаласында орыс халқының

ұлы ақынының адамзатқа, Абайға, қазақ ақындарына тигізген игі әсерін әңгімелей келіп, соны аударудағы қиыншылықтар мен ұстанымдарды талдап кетеді.

М. Әуезовтің пікірлерінен соң кейінгі жылдарда бір тілден екінші тілге аударудың тілдік мәселелеріне арналған, оның ішінде көркем әдебиеттің аударылуы қарастырылған бірнеше жұмыстар болды. Бірқатар жұмыстарда қазақ көркем әдебиетінің ағылшын, неміс, француз тілдеріне тәржімасы зерттелді (Ю. Сушков, Д. Алтайбаева, З. Жантикеева, Ә. Ипмағамбетов және т.б.). Бұл еңбектер қазақ аударматану ғылымына айтарлықтай үлес қосқандығын сеніммен айта аламыз.

Аударма мәселесінің шындап қолға алына бастағаны – елуінші жылдар. Осы жылдары жұртшылық қолына З. Ахметовтың «Лермонтов және Абай», С. Қирабаевтың Спандияр Көбеев жөнінде, Ә. Дербісалиннің Ы. Алтынсарин жөніндегі еңбектерінде де аударма үдерісі сөз болады. Ал 1957 жылғы К. Канфиеваның «Развитие переводческого искусства в Казахстане» деген тұжырымдары республикамызда аударма өнерінің қалай дамып, қалыптаса бастағанын сипаттайды. 50 – жылдардың екпіні 60 – жылдары күшейе түспесе бәсеңдеген жоқ. Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтында тіл мәдениеті мен аударма мәселелерін ғылыми тұрғыда тексеріп, талдаудың жоспары құрылып, арнаулы бөлім мен топ құрылды. Зерттелетін нысан, мәселелердің басы ашылып, бағыт – бағдар белгіленді.

60-70 жылдарда аударматану саласында бірқатар зерттеулер жүргізілді, бірақ олардағы аударма мәселелері тағы да әдебиеттің, шығармашылықтың шеңберінде болды. Аударманы ғылыми – зерттеу жұмыстарының нысанына түбегейлі айналдыруда С. Талжанов пен Ә. Сатыбалдиевты алдымен айту керек. Белгілі ғалым С. Аманжоловтың еңбектерінде де аударма мәселесі теориялық және практикалық тұрғыдан сан рет қаралып, салиқалы ой – пікірлер айтылған.

Қазақ аударма тануына алғаш рет таза лингвистикалық тұрғыдан келген зерттеу Ө. Айтбаевтың «Аудармадағы фразеологиялық құбылыс» атты еңбегі. Бұл – 70-інші жылдарда орыс тілінен қазақ тіліне аударылған көркем шығармадағы фразеологиялық тілдік бірліктерді тілдік стильдік тұрғыдан жүйелі етіп талдаған алғашқы еңбек. Содан бастап ғалым әрі терминжасам мәселелерін жүйелі түрде зерттеуде. Оған дәлел «Основы казахской терминологии» (Алматы: Арыс, 2000), «Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы» (Алматы: Ғылым, 1988), «Терминдер және олардың аудармалары» (Алматы: Ғылым, 1990), «Қазақ сөзі» (Алматы: Рауан, 1997), «Терминжасамдағы аударманың орны» атты еңбектерін атауға болады.

Қазақстан Республикасының шет мемлекеттер мен басқа да құрылымдармен байланыстарына орай соңғы жылдары аудару іс-әрекетінің нысаны ұлғайды, көркем аудармамен қоса, күнделікті баспасөз материалдары, публицистикалық стильдің әр алуан жанрлары, саяси қайраткерлердің сөздері мен баяндамалары, ресми құжаттар (жарлықтар, бұйрықтар, өкілдер, жарғылар мен ережелер, қатынас қағаздары), жарнамалар, т.б. аударма жолы арқылы жүзеге асырылуда. Жазба аудармамен қатар ауызша (ілеспе аударма, қосарлама аударма) жеке жанр ретінде байқалуда. Бұрын бір тілден екінші тілге аудару іс-әрекеті орыс тілі мен қазақ тілінің арасында көрініс тауып келген болса, енді өзге де еуропалық тілдерден және қытай, жапон, парсы, араб, түрік тілдерінен қазақ тіліне тікелей аудару тәжірибесі белгіленуде. Қазақ тілінен өзге тілдерге тәржімалау ісі де жолға қойыла бастады. Бүгінге дейін орыс тілінен қазақ тіліне аударылған әдебиет – қазақ мәдениетіндегі күрделі арна болып келді. Сандық және сапалық көлемі жағынан ауқымды аударма нұсқалар қазақ әдеби тілінің динамикалық жай-күйіне елеулі әсер етті; тіл дамуындағы семантикалық іс-әрекеттер, лексикалық бірліктер мағыналық құрылымының стильдерге қарай жіктелуі, қазақ тілі терминдік жүйесінің реттелуі, бірқатар сөзжасам тұлғаларының қызметіндегі белгілердің даралануы іспеттес эволюциялық сипаттарға интралингвистикалық факторлармен қатар аударма әдебиетінің де ықпалы болды. Аударма ұлттық әдебиеттің өскелең бір саласы деген өлшем берген әдеби сыншылар, жазушылар мен журналистер көркем төл әдеби туындыны әдеби ғылыми, мәдени тұрғыдан қалай сараптап өткізсе, әрбір тәржіме шығарманы да сондай дәрежедегі талқыға салуда.

Қазақ тіл біліміндегі аудару ісінің лингвистикалық тұрғыдан зерттелуін жүйелі талдап, бағдарламалық нақты ғылыми тұжырымдар ұсынылған еңбек ретінде А. Алдашеваның «Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер» деген монографиялық еңбегін атауға болады. Ғалым былай деп жазады: «Адам факторының тілдегі көрінісін, тіл мен сол тілді иеленуші адамның ойлау пайымдау қабілетінің арасындағы байланысты, ұлттық мәдениеттің ұлт тіліне ықпалын зерттеуде аударма әдебиет көп көмек жасайды. Аударма әдебиетті түпнұсқамен салыстыру бірнеше тілдерде бар универсалды бір ұғым, образ, стереотиптер үшін жұмсалатын тілдік единицалардың ұлттық-мәдени құндылығын дәлірек танытуға мүмкіндік береді» [7, 17].

Жалпы соңғы жылдары аударма теориясының шеңберінде контрастивті лингвистика және аударма, универсалий мәселерді (Э.Д. Сүлейменова), жалпы теориялық мәселелер (А. Алдашева, А. Жұмабекова) зерттеліп, оқу бағдарламалары (Н. Шаймерденова), аударма ғылымының метатіліне қатысты сөздіктер (А. Жұмабекова) шығарылды.

Сондай-ақ аударманың дербес теориясына қатысты ағылшын, қытай, араб, түрік тілдерінен қазақ тіліне аудару талдана бастады, бұған байланысты Г. Бегимованың, П. Дәулетованың, А. Донбайдың еңбектерін атауға болады.

А. Қайдаровтың, З. Ахтамбердиеваның және Б. Өмірбековтің, Ш. Жарқынбекованың, Ф. Ахметжанованың, Р. Садықованың еңбектерінде түс атаулары арқылы ұлттық мәдени мазмұнның жеткізілуіне мән беріледі.

А. Жұмабекова аударманың жалпы, жеке және арнайы теориялары бар екендігін атап өтеді. Оларды осы жіктемелер бойынша кімдер зерттегенін мақсатына сай төмендегіше сипаттайды:

Аударманың жалпы теориясының мақсаты – аударма ісінің жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау (осы саланы зерттеген ғалымдар: В.Н. Комиссаров, Я.И. Рецкер, Ю. Найда, Р.К. Миньяр-Белоручев, С.В. Тюленев, т.б.).

Аударманың жеке теориясының мақсаты – бір тілден екінші тілге аудару кезіндегі заңдылықтарды анықтау. Мыс., қазақша-орысша, орысша-немісше аудармасының теориясы (А.М. Алдашева / орысша-қазақша/, В.Г. Гак /французша-орысша/, Л.К. Латышев / орысша-немісше / т.б.).

Аударманың арнайы теориясының мақсаты – аударманың әр алуан жанрлары мен стильдерінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын анықтау. Мыс., көркем аударманың теориясы, ауызша аударманың теориясы, т.б. (Г. Гачечиладзе, А.Л. Пумпянский, А.Д. Швейцер, т.б.) [8, 9].

Бүгінгі таңда қазақ елінде аударма іс әрекеті күнделікті қажетті үдеріске айналуы заңды құбылыс. Қай халықтың тарихын оқып қарасақ та, ол өзінің мәдени, рухани байлығын, экономикалық, техникалық, шаруашылық өресін ең басты екі негізден алып, дамытып отырған. Бірі өзінің ішкі мүмкіндіктері болса, екіншісі өзге елдің мәдени, рухани, тарихи байлығына иек арту.

Өз мәдениетін дамыта түскен ел қашанда басқа халықтың ғылым – білімін үйреніп, соны игеруге ұмтылады. Осындай істің жандануына аударманың елеулі қызмет атқарып келгені бәрімізге белгілі. Егер біз бүгін дүние жүзі халықтарының бәріне ортақ түрлі мәдени, әдеби, тарихи мұраларды оқып, танып, біле алатын жағдайда – болсақ, ол тек аударманың арқасы. Ендеше аударма қай заман, қай ғасыр, қай кезең болсын қоғам өмірінің ілгері жылжи, дами түсуіне айтарлықтай қызмет етіп келді.

Аударма үдерісінің жандануы тіларалық қатынас мәселесін шешті. Біз көптеген ұғымдарды орыс тілігіндегі порым – пошымына, пішініне қарап, өз тіліміздің мүмкіндігіне орай жаңадан жасап алдық. Тілімізде жаңа сөз, жаңа термин, жаңа тіркес, жаңа сөйлем құру дағдысы пайда болды. Бұл іс әрекетті ғылыми әдебиеттен де, көркем әдебиеттен де байқауға болады.

Қазіргі кездегі аударма ауқымын жай шолып өтудің өзі оңайға түспейді. Аударманың қазір сала – саласы бұтақтап, тамыр таратып дамып отыр. Көркем әдебиет пен саяси – қоғамдық әдебиет аудармаларының сыртында, көгілдір экран мен эфирден берілетін неше алуан хат – хабарлар тағы басқаның берілімдердің басым көпшілігі аударма материалдардан тұрады.

Қазіргі кезде қазақ тіліне аударылған дүние ғылым талдауына түсуге тиіс. Еліміздің тілдік, стильдік жүйесіне, рухани мәдениетіне соншалықты мол әсері бар бұл іс өз зерттеушілерін күтуде.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Алдашева А. Аударматану: аударманың жалпы және дербес теориясы // Ілеспе аударма жұмысын ұйымдастыру мәселелері. Республикалық ғылыми-практикалық семинар жинағы. – Павлодар, 2009 . – 80 б.
  2. Латышев Л.К. Курс перевода: эквивалентность перевода и способы его достижения. – СПб.1992. – С. 105-108.
  3. Комиссаров В.Н. Слово о переводе (очерк лингвистического учения о переводе). – М.: «Международные отношения», 1973. – 215 с.
  4. Бархударов Л.С. Язык и перевод. Вопросы общей и частной теории перевода. – М.: «Международные отношения», 1975. – 240 с.
  5. Catford, J.C., A Linguistic Theory of Translation: An Essay in Applies Linguistics. London, 1965.
  6. Швейцер А.Д. Перевод и лингвистика. (Газетно-информационный и военно-публицистический перевод.) – М.: Воениздат, 1973. 280 с.
  7. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 1998. – 243 б.
  8. Жұмабекова А.Қ. Аударма теориясы: Оқу құралы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010. – 264 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.