Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық әдістерді қолданудың ерекшеліктері

Автор туралы мәліметтер. Чуйрюкова Асел Кагармановна – Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Шет тілдері: екі шет тілі» мамандығының магистранты.

Аннотация. Мақалада дәстүрлі оқыту әдістерін алмастырып отырған инновациялық оқыту технологияларының әдістері туралы айтылады. Инновациялық қызмет (технология) дидактикалық үрдістің барлық қырларына қатысты болады: ұйымдастыру формалары, оқыту мазмұны мен тех- нологиясы, оқу-танымдық қызмет. Оқытудың келесі интерактивті технологиялары ерекшеленіп, жан-жақты сипаттала түсті: жобалап оқыту технологиясы, компьютерлік технологиялар. Интерактивті оқыту технологиясының формалары мен әдістері, соның ішінде проблемалық дәріс, семинар-диспут, оқу дискуссиясы, «миға шабуыл», дидактикалық ойын және т.б.

Еліміздегі білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесінен әлеуметтік – экономи- калық өзгерістер мен бүкіл өркениеттік әлемдегі ақпараттық даму жаңа технология- ларды пайдалануды қажет етуде. Өйткені, бүгінде ғылым мен техниканың даму қарқыны білім беру саласында жаңа технологиялық әдістер мен инновациялық құрал-жабдықтарды мейлінше қажет етеді.

Еліміздің даму бағыты айқындалған қазіргі уақытта білім берудің маңыздылығы мен мәнділігіне шынайы көңіл бөлініп, сапалы білімге қол жеткізуге нақты міндеттер қо- йылуы тиіс.

Бүгінде білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы технологиялары пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңа- руына себепші болуда.

Қазіргі оқыту әдістемесіндегі заманауи бағдар деп инновациялық білім беру жүйе- сін атауға болады. Ал «Инновация» (лат. тілі. – жаңа, өзгеру деген мағынасын білдіреді) термині түрлі элементтер жүйесі мен солардың аясындағы сандық және сапалық өз- герістерді білдіреді.

Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, яғни, инно- вациялық үрдістерді мазмұнды ұйымдастыруды анықтайды. Инновация ұғымы алғаш рет ХІХ ғасырда мәдениеттанушылар зерттеулерінде пайда болып, белгілі бір мәдениеттің келесі бір мәдениетке енгізген жаңа элементі деген ұғымды берді. Инновация білім беру мақсатында, оқыту технологиясында, білім беру жүйесінде түрліше қызмет атқарады.

Инновациялық технологиялар оқыту үрдісінде білім сапасын заман талабына сай етіп, жаңашыл бағытта білім алушыларды толық қамтамасыз етеді, жаңаша оқыту жүйе- сіне бейімдейді.

Ағылшын тілінің мектепте тілден берілетін білім жүйесіндегі негізгі шетел тілі ре- тінде таңдалып алынуы көптеген факторлардан туындайды. Олар: әлеуметтік лингвистикалық: Адамзат тарихында бірде бір тілге тән болмаған қыз- метті атқаратындықтан қазіргі әлемде әмбебап құрал болуымен байланысты;

әлеуметтік мәдениеттілік: Ағылшын тілді мәдениеттің қазіргі әлемдегі мәдениеттің өзара байытылуына әкелетін, мемлекеттерге және континенттерге әсерін тигізетін транс- мәдениет, халық туралы білім көзі болып табылатындықтан;

экономикалық: әлемдік экономикалық кеңістіктегі ықпалдасуда әлеуметтік қалып- тасу және өсу кезеңінің құралы болып табылатын іскерлі ағылшын тілінің негіздерін мең- геруді бағамдайтындықтан;

ақпараттық: ғылыми-техникалық ақпараттар легі ағылшын тілінде сақталатын- дықтан, ағылшын тілінің бүкіл әлемдік Интернет тілі болып отыратындығынан мектеп- тегі ағылшын тілін оқытудың жаңартылған мазмұны әлемдік стандарттарға сәйкес келуі керек.

Мектепте жеке тұлғаның тілдік жүйесінің дамуына көп көңіл бөлінеді. Тілдік жүй- енің дамуы дегеніміз – жеке тұлғаның тілді меңгеруі.

Ең маңызды мәселе – ол оқытудың бірыңғай мазмұнын талдау, бастапқы, орта сатыдағы оқытуға арналған.

Оқытудың нәтижелілігіне бағытталған тіл материалдарының көлемін анықтау; Сыныптар бойынша бағдарлама материалдарының (бірізді, жүйелі, логикалық) презентациясы;

Қарым-қатынас құзырлығын және тілдік сөйлеуді дамытуға арналған арнайы жүй- елі жаттығуларды ұйымдастыру;

Ағылшын тілін үйретудегі қарым-қатынас аспектісі мен сөйлеу қабілетін арттыру мақсатындағы жүйелі тапсырмаларды өңдеу;

Ағылшын тілін оқытудағы рационалды әдіс-тәсілдерге оқушы қызығушылығын ояту.

Ағылшын тілін оқытудағы 3-4 сыныптардың жаңа бағдарламасының мазмұны оқушының жеке тұлға ретінде тілдік дамуын, ауызша және жазбаша сөйлеуін толық меңгеруге бағытталған. Олар:

Лингвистикалық білімнің (фонетика, грамматика, лексика) ауызша және жазбаша сөйлеу мәнерін қалыптастыруында практиканың маңызы зор.

Берілген білімді ауызша және жазбаша сөйлеу процесінде қолдану.

Оқыту процесі жеке тұлғаның ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Ағылшын тілін оқытудың құрылымы

Ағылшын тілін тереңдетіп оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне сәйкес оқытудың үш сатысынан тұрады:

1 саты – бастауыш мектеп; 2 саты – негізгі мектеп;

3 саты – жалпы орта мектеп.

Алғашқы сатысында оны оқып-үйренуге қызығушылығын қалыптастыру үшін педагогикалық - дидактикалық жағдайлар жасалады, ана тіліне сүйене отырып, ағылшын тілінде тұлға аралық бірліктің қарапайым біліктері қалыптасады.

Екінші сатыда оқушыларда тілдік қызметтің барлық тілдерінде: сөйлеу, оқу, жазу және тыңдап - түсінуді жүйелі дамыту жүзеге асады.

Үшінші сатыда ағылшын тілін оқыту өзара қатысымдылық ықпал етуде оқу әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени, әкімшілік, кәсіптік салада, ресми қарым-қатынаста ағылшын тілін қолдануды қамтамасыз ететін, шетел тілінің қатысымды бірліктерінің дамуына ықпал етуі тиіс.

Қазіргі заман жаңа формация мұғалімінің моделіндегі интеллектуалдық, қарым- қатынастық және дүниетанымдық секілді негізгі құзырлықтарды анықтауда тәжірибеде қолданылып жүрген тиімді әдіс-тәсілдер мыналар:

Компьютерлік технологияларды, оның ішінде мультимедиалық кабинет мүмкіндік- терін пайдалана отырып, көп тілділікке оқыту.

Көптілділікке

Мультимедиалық кабинет

оқытудың әдістемелік міндеттерін шешу жолдары

Интернет ресурстары

Электронды оқулықтар, компьютерлік оқыту бағ/сы

Интерактивт і модуль

Аудио-видео

Он-лайн режіміндегі

Лексика, грамматика,

Форум, чат,

Жеке жұмысты

тапсырмаларды орындау,

фонетика пәндеріне

веб-квест

істеуге арналған

ақысыз электронды

арналған дайын

(оқушылард

тапсырмалар мен

сайыстарға тізілу,

материалдар, оқуға

ың жоба

әдістемелік

«Макмилан» баспасынан

арналған қосымша

жұмысы

ұсыныстарды

шыққан оқу әдістемелік

мәтіндер, жобалау

пікірталас)

қолдана отырып,

кешенін пайдалану,

жұмыстарына арналған

 

видео

Интернет желісіндегі

материалдар

 

материалдарды

аутентикалық дыбысты

   

көру

мәтіндер негізінде

     

тыңдап түсіну дағдысын

     

жетілдіру

     

Инновациялық жобалар - көптілділікке оқыту жүйесінің парадигмасы

Мұның мақсаты - көптілділік білім арқылы басқа халықтың тіліне, мәдениетіне, тарихына құрмет сезімдерін қалыптастыру.

Білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде жаңа формация мұғалімдерінің оқытуда жекелік - әрекеттік көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқытудың жаңа модельдері мен технологияларын іздестіру жүріп жатыр. Бұл мақсатты іске асыруда инновациялық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде.

Көптілділікке оқытудың инновациялық технологиялармен жұмыс моделі

Көптілділік

Инновациялық технологиялар

«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі

- жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»

Ақпараттық технологиялар

Қашықтан (аралықтан) оқыту

Программалар оқыту

Оқыту технологиялары

Модульдік технология

Дамыта оқыту технологиясы

Триз

Деңгейлеп оқыту технологиясы

Ғылымның өсіп-өркендеуі елеулі техникалық прогресске жол ашып отырған жағ- дайда оқу-тәрбие жұмысында жақсы табыстарға жету үшін ғылыми-техникалық жетіс- тіктерді оқыту процесінде кеңінен пайдалану керек. Соңғы кезде шетел тілдерін оқытуда бейнефильмдерді қолдануға үлкен мән беріліп келеді. Бейнефильмдер оқушының көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Шетел тілі сабағындағы бейнефильмдер оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін де қолданылады. Оқушылардың белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, ойын, тілін дамытуда, оларды түрлі тақырыптарға сөйлетуге үйретуде бейнефильмдердің пайдасы орасан зор.

Шетел тілін оқыту процесін жеңілдету және жетілдіру үшін сабақта техникалық құралдарды, соның ішінде, бейнефильмдерді пайдаланудың дидактика тұрғысынан да, экономика тұрғысынан да маңызы зор:

Бейнефильмдер оқушының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалды жақсы меңгеруіне, оны интенсивті түрде бекітуге көмектеседі.

Бейнефильмдер оқытушыға оқу-тәрбие жұмысын өмір шындығына жанастыруға мүмкіндік береді.

Сабақта бейнефильмдерді қолдану нәтижесінде оқушылар өздері меңгерген оқушы- ның фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдарды өз ойларын айтып жеткізу үшін қолданады.

Бейнефильмдер тыңдап - түсінуде кездесетін қиындықтарды жеңуге, оқушының бойында тыңдап - түсіну іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Сабақта бейнефильмдерді қолдану оқу сапасын жоғарылатады, оқшының шетел тілін үйренуге қызығушылығын арттырады.

Сабақта қолданылатын бейнефильмдердің түрлері: документальды, көркем фильм, комедия, тіл меңгеруге арналған фильмдер, жарнамалық және коммерциялық фильмдер.

Сабақта бейнефильмдерді қолданғанда ескерілетін жағдайлар: бейнефильмдерді жоспарға сай іріктеу, тақырыпқа сәйкес таңдау, фильмнің көлемін ескеру, қысқа болуын қадағалау, сюжеттің оқушы үшін қызықты әрі логикасы болуы шарт, баяндалу тілінің жатықтығына көңіл бөлу.

Бейнефильмдерді сабақта пайдалану жолдары: Фильмді бірнеше кадрға бөліп көрсету керек. Сабақты ой ашардан бастау.

Фильмді көруге дайындық кезеңі:

а) таяныш, қажетті сөздермен таныстыру; ә) болжау сұрақтар қою;

б) хабарлама жасау.

Фильмді көрсету барысында мына жайлар ескеріледі: а) негізгі идеяны анықтау;

ә) басты ақпаратты да, қосалқы ақпаратты да толық түсіну. Фильмді көріп болғаннан кейін төмендегі жұмыстар жүргізіледі: а) сұрақтар қою арқылы оқушылардың түсініктерін тексеру;

ә) сюжетті талқылау;

б) рөльдік ойындар ұйымдастыру.

Фильмді көрсету әдістер де әр түрлі. Оқушылар фильмді дауысын шығармай ды- быссыз не болмаса кинодан қажетті үзіндіні көру арқылы мұғалімнің берген тапсырма- сын орындайды.

Оқушының өздіктерінен жұмыс белсенділігін арттыру үшін бейнефильмдерді көр- сету арқылы әңгіме, мазмұндама ұйымдастыруға болады. Сонда ғана оқушы тіл ұстар- тып, шығармашылық қабілетін көрсете алады, коммуникацияға бейімделеді.

Еліміздің әлемдік интеграцияға шоғырлануы жағдайында ағылшын тіліне сұраныс күн сайын өсе түсуде. Осыған сай ағылшын тілін меңгеру арқылы ғана беделді қызметке қабылданып, мансабыңыз ілгерілей түсетіні анық.

Ол үшін мектеп қабырғасынан алған білім тілдік дағдының негізін нықтауға әрдайым сай келмейтіні заңдылық.

Шетел тілін үйренгісі келетіндердің басым бөлігінің кейбір қажеттіліктерге қолы жете бермейді. Олардың жеке үйретуші (репетитор) жалдауға да қалтасы көтермейді. Сөйтіп, тәжірибелік сөйлеу дағдысын жоғалту салдары білімнің де таяздануына алып ке- леді. Сол үшін, яғни, тілді ұмытуға жол бермеу үшін ағылшын сөзін үнемі тыңдап жүрген абзал. Осындай тыңдау тәсілінің арқасында көптеген үйренушілер басқа елдің тілін қысқа мерзім ішінде меңгеріп жатады. Егер де кімде-кім үйреніп жатқан тілін сол елге арнайы барып, тілді жетік меңгеруге мүмкіндігіне ие бола алмайтын болса, оған сүйеніш – аудио- кітаптар.

Аудиокітаптар – жазылған және айтылған мәтіндердің синтезі. Тыңдаушы диктор сөйлеген сәттен бастап бір мезгілде экрандағы мәтінді тыңдайды әрі оны бақылап оты-

рады.

Аудиокітаптар – жазылған және айтылған мәтіндердің синтезі. Тыңдаушы диктор сөйлеген сәттен бастап бір мезгілде экрандағы мәтінді тыңдайды әрі оны бақылап отыра- ды.

Кәсіби диктордың оқуындағы аудиокітапты тыңдау, олармен бірлесе оқу тіл үйре- нуді барынша жеңілдетеді. Американдық және британдық ғалымдардың әр алуан зерт- теулеріне сүйенсек, осыған ұсақ тәсіл оқу материалында ұсынылған жаңа сөздерді жат- тауға бөлінетін уақытты 30% дейін қысқартады. Бұған түрлі факторлар ықпал етеді, олар- дың ең маңыздысынан мидің оң және сол жақ шарының синхронды жұмысы жатады. Бұл қабылданған білім мөлшері мен сөйлеуге дағдыландыруға жарамды қосымша тәсілдерді ұлғайтуға жол ашады.

Сөйтіп, аудиокітаптар тыңдаушының сөздік қорын кеңейтумен қатар, оның ауызша және жазбаша сөздерді түсінуін жеңілдетеді. Олар сөз дикциясы мен оның айтылуындағы жетістіктерге арналған құрал сипатында пайдаланылады. Аудиокітаптар – бұл ақпаратты игеру мен жылдам түсінуге ықпал ететін құрылым, қуатты да икемді жүйе. Аудиокітап- тардың көмегімен ағылшын тілі қарым қатынас құралы болып қалыптасты. Бүгінгі оқы- тушылардың басым бөлігі оқыту процесіне аудиокітаптарды енгізудің маңыздылығын жете сезінуде.

Аудиокітаптарды қолданудан күтілетін нәтижелер:

Аудиокітаптар тілдік дағды мен сауаттылық сапасын көтереді. Олар сөздік қорды қалыптастырып, ойда елестетуге ынталандырады, оқу шапшаңдығын арттырады. Аудио- кітаптардың көмегімен айтылу үлгілерімен, сөйлем құрылымдарымен танысуға болады.

Аудиокітаптар оқушылардың оқуға деген ықыласын оятып, уақыт бірлігіне қарай қабылданатын мәліметтер көлемін көтеруге септігін тигізеді.

Аудиокітаптар аудиториядағы тыңдармандарға тең мүмкіндік жасайды. Олар жеке адамның бойындағы қабілетіне қарамастан ұғынуға ынталандырып, осы замандық тіл мәнері мен тіл айналысын жетілдіреді. Нәтижесінде оқушылар бірлесе оқуға қабілетті болып, бірлескен мәдени іс-шараларға белсенді қатысуға ниеттенеді.

Сондай-ақ аудиокітаптар жете талдап қарауға және негізгісін ажырату шеберлігін арттыруға ықпал етіп, тілдік өзгерістер мен сөйлемдердің жинақылығын, жатықтығын және қалыптылығын құрылымдық безендіру дағдысын әрі қарай жетілдіреді.

Аудиокітаптармен жұмыс әдістемесі кәдімгідей, бірақ, берер жемісі берекелі.

Бастамас бұрын мәтіннің жалпы ұғымын жинақтау керек. Мұндағы негізгі ойды жете түсінуге талпыныңыз. Егер әңгіме не жөнінде жүріп жатқанын ұқпасаңыз, онда сөздіктегі әрбір сөздің мағынасы арқылы нақтылауға болады.

Тыңдаған кезде әрбір сөздің бұлжытпай айтылуына зейін қойыңыз.

«Қанша көп болған сайын, ол үстіртін келеді, дұрысы аз, бірақ мұқият» принципін ұстаңыз. Сонда ғана, сөздік қорды толықтыру мақсатындағы мәтініңіз түсінікті болады, ал түсініксіз сөздердің мағынасын нақтылайсыз. Ол үшін кез келген шығарманың үзін- дісін таңдап, оны толығымен қазақ тіліне тәржімалаңыз. Сізге көптеген жаңа сөздер: эпитет, синонимдердің барлығы таныс болып қалады.

Жүйелі түрле шұғылданыңыз. Сабаққа арнайы уақыт бөліңіз әрі күн сайын айна- лысыңыз. Көп болып, әр кез оқығанға қарағанда, аз болса да, жиі-жиі болғаны нәтижелі екенін есте сақтау керек.

  • Сабаққа дайындалуға қанша көп уақыт жұмсасаңыз, оқуыңыз соншалықты терең әрі тиімді болады.
  • Пассив сөздер қатарындағы сөздер мен сөйлемдерді аудару үшін келесілерді істе- ген игілікті: дауыстап оқу, синтаксистік сөйлем құрылысын есте сақтау, диктор тарапы- нан айтылған сөздерді өз сөзіңмен салыстырып көру мақсатында аудио жеткізгішке сөздерді жаздырту.

Аудиокітаптар - ағылшын тілін меңгертуді жетілдірудің берден бір тиімді (эффек- тілі) құралы. Әрине, оқу процесі әрдайым уақыт пен күшті қажет етеді. Дегенмен, тіл меңгеруде де әркімнің өзі жетер биігі бар!

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Иванова И. П. Теоретическая грамматика современного английского языка. - М., 1988.
  2. Бархударов Л.С. Грамматика английского языка. - М., 1986.
  3. Иманқұлова С. Жаңаша оқыту әдістемесі // Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы, Филология сериясы, 97-98 беттер, №1, 2006.
  4. Сақтағанова М.С., Алиева Н.Қ., Айтбаева Н.Қ. Ағылшын тілін оқытудың әдістері //Білім, 43-бет, №3, 2006.
  5. Ботағарина Г. Ағылшын тілін оқытудағы бүгінгі белес // Білім, 70-бет, №3, 2006.
  6. Шамшырақова Г. Ағылшын тілін оқытудың құрылымы // Кәсіптік мектеп, №3, 2007.
  7. Жұмайқызы Г. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі салыстырмалы ерекшеліктер // Білімдегі жаңалықтар №3, 53-54 беттер, 2006 ж.
  8. Жақыпов Ж. А. Аударма тануды аңдату. – Астана: «Аударма баспасы», 2004.
  9. Қазақ грамматикасы. – Алматы: «Жазушы», 1990.
  10. Качалова К.Н., Израилевич Е.Е. Практическая грамматика английского языка. - М.:

«Лист Нью», 2003.

  1. Рысбаева Г. Ағылшын және қазақ тіліндегі етістіктің етіс категориясы // Методика обучения иностранному языку, №2, 29 бет, 2006.
  2. Тубышева Қ. Модульдік оқыту технологиясын ағылшын тілі сабақтарында қолдану. Оқыту-тәрбиелеу технологиясы, №4, 35-36 беттер, 2007.
  3. Нұрланбекова Е. Шетел тілін оқытуда бейнефильмдерді қолдану. // Шетел тілін оқыту методикасы, №2, 17–18 беттер, 2005

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.