Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Абай салған ізбенен...

Автор туралы мәліметтер. Нұрланова Әсем Нұрланқыызы филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Американдық еркін университетінің доценті.

Аннотация. Бұл мақалада Абай дәстүрі мен оның әдеби ортасының Еңлік-Кебек сюжетіне әсері қарастырылады. Автор бұл туындыларында әдеби сабақтастық пен рухани бірлік мәселесін талдайды.Автордың ойы бойынша, Абай және оның әдеби ортасы Еңлік–Кебек туралы туындылардың жазылуына әсер еткен және де Еңлік-Кебек туралы барлық шығармалар дәстүрлер мен рухани бірліктің өзара байланысы болып табылады. Сонымен, ел ішіне дау болып кіріп, лаң болып шыққан, сол елімен бірге әлі жасасып келе жатқан Еңлік – Кебек оқиғасын Абай айналасындағы таланттар шоғыры үлкен қызығушылықпен қолға алып, жұлдызды шығармалар туғызды.

Абай – қазақ әдебиетін, қазақ өркениетін жаңа биікке, басқа белеске көтеріп қана қойған жоқ, оның мол тағылымы мен ізгі дәстүрі өзінен кейінгі әдебиетте мәңгілік із қалдырды десек, артық айтқандық болмас. Профессор Б. Әбдіғазиұлының мына бір бағалы пікірі ойымызды негіздей түседі: «Ұлттық әдебиетіміздің арғы – бергі тарихына үңілсек, оның ең бірінші кемелдену биігі Абай есімімен, ұлы ақын өмір сүрген он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің даму үрдістерімен тұспа – тұс келеді. Сол дәуірдегі көркемсөз өнерінің ғажайып айдынына алып шығар қуатты ағыстың бастау көзі, қайнап шыққан бұлағы Абай поэзиясы болды» [1, 117 б.].

Сар даланың ақыны өзінің парасат пайымын айналасына да дарытты. Білгенін айтып, өнерлерін ұштап берді. Ақылбайға Кавказдағы шағын халықтың өмірі жөнінде

«Дағыстан», Африкадағы тайпалар тірлігінен «Зұлыс», Мағауияға – Ніл дариясындағы құлдардың тағдырын қамтитын «Медғат – Қасым», тарихта болған оқиға турасында «Еңлік – Кебек», Көкбайға қазақ халқының өмірін бейнелейтін «Сабалақ», Шәкәрімге елдің ескі тұрмысынан «Қалқаман – Мамыр», «Жолсыз жаза» дастандарын жаздырады.

Қазақ әдебиетінде өмірлік оқиға, ақиқаттық астары бар аңыз бойынша жазылған шығармалар Абай дәстүрімен астасып жатады. Солардың бірі Еңлік – Кебек хикаясы. Еңлік пен Кебек турасындағы аңызға сүйенеліп жазылған шығармалардың барлығы да Абай және оның ақындық ортасында туған. Бұл заңды да.

Абай өз поэмаларында да бұрыннан бар сюжеттерді, танымал аңыздық оқиғаларды жаңғыртқан. Айталық, аға ақынның «Ескендір» поэмасы Александр Македонский өмірінен алынған өмірлік оқиға мен аңызы аралас баянды арқау етеді. Абайдың «Ескендірі» Фирдоусидің «Шах – намесі» мен Низамидің «Ескендір – намесінде», Жәмидің «Ескендірдің даналық кітабы» және Науаидың «Ескендірдің қорғаны» дастандарымен үндестікте жазылса, Еңлік пен Кебек сюжеті де Абай мен М. Әуезов, Шәкәрім мен Мағауия сияқты ұлы тұлғаларды әдеби сабақтастыққа жетеледі.

Пікірімізді зерттеуші Т. Жұртбай сөздерімен жалғастырсақ: «... Еңлік қыз бен Кебек ердің қасіретті тағдырын жырлауды Абай баласы Мағауия мен інісі Шәкәрімге аманат еткен. «Еңлік – Кебек», «Жолсыз жаза» атты дастан дүниеге келген» [2, 76-77 бб.].

Қозы мен Баян, Жібек пен Төлегендей мәңгілік махаббаттың символы болған Еңлік пен Кебектің сүйіспеншілігі туралы әдебиетімізде бес бірдей туынды бар.

Олардың екеуі прозалық үлгіде жазылған. Алғашқысы 1892 жылы «Дала уәлаяты» газетінің 29, 31, 32, 34-40 – сандарында «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген атпен шықты [3]. Кейіннен 1900 осы газеттің 46,50 сандарында осы оқиға сюжеті

«Қазақ турасынан хикая» деп басылды [4]. Еңлік пен Кебектің трагедиялы махаббаты негізінде туған шығармалар туралы алғашқылардың бірі болып ғылыми түрде салыстыра отырып тұжырымды талдау жасаған ғалым Р. Нұрғалиев екінші әңгімеде бірінші нұсқадағы сюжет желісі, образдар қалпы сол күйінде сақталған дей келе былай деп түйіндейді: «Жалпы 1900 жылғы нұсқада адам аттарындағы бірер өзгеріс болмаса, ол 1892 жылғы әңгіменің көшірмесі... «Дала уәлаяты» газеті жыл аяғында жаңа оқушылар тарту мақсатымен сегіз жыл бұрын басылған әңгімедегі адам аттарын әдейі өзгертіп, қайтадан жариялаған секілді» [5, 19 б.]. Бұдан шығатын қорытынды – екі нұсқаның түп негізі бір.

Әңгіме авторы турасында сөз ететін болсақ, «Ұмытылған» деген бүркеншік атпен берілген. Бұл – Шәкәрімнің бүркеншік есімі. Бірақ, осы прозалық нұсқаның авторы Абай емес пе екен деген пікір де ғылыми оралымға енді. Қадірлі ғалымымыз М. Мағауин әңгіменің «таным өресі, ой өрнегі тұрғысынан» және «сөз саптау, сөйлем құру, көркемдеу тәсілдері жағынан» Абайға ғана тән сипат аңғарылатынын тиек ете отырып: «Бұл трагедиялық тағдырлар туралы алғаш рет қалам тартқан – Абай деп білуге тиіспіз», дейді [6, 184 б.].

Ал Абайдың ақындық айналасын зерттеуші ғалым Б. Ердембековтің пікіріне сүйенсек, сюжеттің түп төркіні Абайдың інісі Халиолла Өскенбай ұлынан шығады: «... Әңгімені алғаш ел аузынан жазып алған Халиоллла да, Абай ол әңгімелерді нағыз көркемдік талаптарға сай өңдеген» [7, 144 б.].

Абайдың «өзгелерге берген нәрі» екі ғасыр бойы бүршік жарып, жемісін төкті. Абай ықпалымен Еңлік – Кебек сюжеті бойынша жазылған Шәкәрім, Мағауия дастандары мен М. Әуезов драмасында да «сүйісер жастар қате етпес, мейлің илан, мейлің күл» деген аға ақын идеясы тамыр жайған іспеттес.

Шәкәрім ақын бұл ниетін дастан кіріспесінде – ақ: «Шариғатта, әкесінің атастырғаны жас қызға неке есепті десе де, өзге дүниелік пайдасын ойламай, жалғыз ғана қызының қамын ойлап береді дегені. Әйтпесе, жас баланы сатып пайдаланып, керексіз кем – кетікке беріп, обалына қалады деседі, мен соны ойлап, Еңлік – Кебекті соншалық жазалы демеймін», деп білдіреді [8].

Осы емеурін шығарманың өн бойында айдай анық байқалып тұр. Автордың қыршын кеткен екі жасқа бүйрек бұрып, жанашырлық танытатыны сезіледі:

Талайдың таудай күшін талқан қылып, Емі жоқ екпінді ажал бұзып өтті.

Жете алмай мақсұтына Еңлік – Кебек, Арманда екі ғашық өліп кетті [9, 210 б.]

Шәкәрім кейіпкерлерін күреске шақырмайды. Ескілік үкімі, сахараның қатыгез заңдары үстемдік етіп тұрған заманда бұл күрес жөнсіз де еді.

Шәкәрімнің «Еңлік – Кебегі» тікелей Абай өсиетімен жазылған шығарма [10, 17 б.].

Осы оқиғаны өрбіткен келесі бір шығарманың авторы – Абайдың өз кіндігінен туған ұлы Мағауия. Абайтанушы ғалым Қ. Мұхамеджанұлының пікірінше: «Мағауияға Абай «Еңлік – Кебек» оқиғасын айтып бергенде, жаз дегенде сыншыл реализм шартын өсиет етеді» [11, 125 б.].

Мағауияның мақсаты – ру басыларды сынап, «бағының жамандығын көрсету»: Заманның ғаділетсіз надандығын,

Қозғадың жүрек, тілім, сөйлем мығым. Баяғыны көксейді білімсіздер,

Мінеки көрсетейін жамандығын [11, 162 б.].

Шәкәрім поэмасымен салыстырғанда, Мағауия шығармасы тарихи туынды дей алмаймыз. Автор мұнда ешқандай тарихи ақпар, уақыт пен кеңістік нұсқауын бермейді. Бірақ, саяси әлеуметтік мән бар. Мағауия сюжетінде екі контраст қана бар: оның бір ұшында Кеңгірбай бастаған тобырдың қара күшін көрсек, екінші ұшында жазықсыз жастар Еңлік пен Кебектің ақ сезімі. Ал Шәкәрімде осы екеуімен қатар, кезең кесепаты, Кеңгірбай шешімін шығартқан тарихи оқиғалар ізі бар.

Әр автордың өзіндік шешімі, өзіндік ізденісі, өзіндік идеялық – эстетикалық табысы бар. Трагедия негізінде алып дала, оның төсінде көшіп – қонып жүрген адамзат ұрпағы, олардың арасындағы қым – қиғаш өмір, тартыс, әрқилы тағдырлар шындығы жатыр.

Авторлар оқырманын Еңлік пен Кебек басындағы аянышты трагедияға ортақтастырып, олардың бойындағы жанашырлық сезім арқылы екі жастың «жаланғыштарына» деген кекті ызаны ұялатады.

Абай өзі шәкірттеріне «көп жасамай көп орған, жарасы үлкен жас өлім» Еңлік пен Кебек жайын сөз етуді жүктегенде, кейінгілер ғибрат алсын деп, салтты бұзған бұзық ойлы жандар саналатын бейкүнә сезім иелерін жас ұрпақ алдында ақтап алуды мақсат етті. Бұл дәстүрді кейін ғұлама ақын сырласар досы Әуез қарттың немересі, Абай еккен дәннен қуат алған Мұхтар жалғастырып, «өскен өркен» Абай көзін жұмған соң да жеміс берді. Сөз жоқ, Еңлік пен Кебектің басынан кешкен жайт туралы оқиғаның жаңғырығын бала Мұхтар жас кезінен құлағына сіңіріп өскен.

Әр қаламгер өз заманының жаршысы. М. Әуезов «Еңлік – Кебек» пьесасында, кеңестік идеологияға сәйкес, феодалдық қауымның кертартпа қылықтарын әшкерелейді.

Жазушының эпопеясында Еңлік пен Кебектің жатқан жері елге елеусіз «ескі моланың» кімнен қалғанын, кімдікі екенін жастар білмейді де. Тек Абайдың күңіренген күйлі көңілі айналасындағы жас шыбықтың шабытын бәйгеге шақырып, делебесін қоздырады: « Осы жалғыз мола осынау елсіз жотаға пайда болғалы, міне, биыл жүз рет жадырап жаз, кірбің тартқан күз кепті. Сол бір ықылымнан бергі көп буындар тіршілігінің үнсіз куәсі осы мола. Бұл қос мола – ішіне аса бір ауыр сыр бүккен молалар. Шаңда бір осы тұсқа соғып өткенде, әлдебір арылмаған қарызым бардай боламын. Ақындық қарызым сияқтанады...» [12, 10 б.].

Ұлы ақын болып сөйлеген кемеңгер жазушы эпопеясында аға Абайға осы оқиғаның қазылығын да айттырады: « Осы екеуін махаббат үшін өз елінің қатал үкімі, өз замандастарының қолымен, зорлықпен өлтірткен болатын. Жүз жылдан бұрын да, содан кейін де дәл бүгінгі күнге шейін де ұлға тұсау, қызға бұғау болған ел заңы осы екеуін ат құйрығына байлатып, сүйретіп өлтірткен» [12, 10 б.].

Міне бұл жерде де «лағынетті» ел заңымен ұшырасамыз, мұнда да ол бар кілти паттың кілті болып тұр.

Гуманист ақынның жүрегі тағы да аһ ұрып, оқиғаның ақ – қарасын айналасындағыларға ашып береді: « Еңлік пен Кебек қуғыннан қашып, аңдай боп, мына Орда тауын паналап, азғандай ғана дәурен сүргенді. Сол бұйырмаған махаббат, достықтан біркен екеуінің баласы, жөргектегі нәрестесі – жас ұлан, әкесі мен шешесінен айрылған күні жөргектегі жылаған күні мынау шеткі Ақшоқының есіз биігінің басына апарып тасталды. Дәл сол қаза күні байып батқанша шегі қатып, жылап жатты. Суық дүние, тылсым жүние ортасында, тас бауыр адамнан алыс, жалғыздықта... үні өшті!.. Мәңгі өшті!» [12, 10 б.].

М. Әуезов «Абай жолында» Еңлік – Кебек» жырына таласатындардың ішіне Мағауияны қоспайды. Әдебиетші Б. Ердембеков мұның себебін былай деп түсіндіреді: «Абайдың салған тиымы Әуезов заманында да, одан кейін де ел ішінде әлі мәнін жойған жоқ – тын. Әулиедей сиынған Кеңгірбай бабаның атына ауыр сөз айтқан Мағауияның Еңлік жыры эпопеядан тыс қалды. Мұхтардың пьеса жазуда тек Шәкәрім нұсқасына сүйенуіне де қаншама уақыт өткенмен, тасқа таңбаланғандай болып жаңғырып тұрған Мағауияға жасаған Абай ескертпесі әсер етпеді емес» [13, 525 б.].

Пьеса алғаш рет Абайдың немересі Ақылияның ұзатылу рәсімінде қойылды. Жиырма жасар Мұхтар «Еңлік – Кебек» арқылы осылай әдебиет тарихына енді. Оның тұсауы Абайдың қара шаңырағында осы пьесамен кесілді деуге болар. Жас жазушы қазақ топырағындағы дәстүрлі түрлердің бәрінен үзілді – кесілді бас тарып, өмір шындығын өнер шындығына айналдырды.

Драматургтың тырнақалды туындыларының бірі саналатын «Еңлік – Кебек» пьесасында нағыз трагедияға тән, шындық арқауында шиеленісе шиыршық атқан табиғи тартыс бар. Бұл тартыс Кебек пен өзі сенген елі, Кебек пен Есен батырлар, Еспембет бастаған қанішерлер мен Еңлік Кебек махаббаты, дала тағылары мен Абыз, Жапал арасында өрбиді.

«Ол «Еңлік – Кебек» трагедиясы арқылы бүкіл феодалдық қоғамға, әлі де сол тозған дәуірден етек – жеңін жиып ала алмай «феодализмнің қураған мүйізінен» тас қып ұстап тұрған билерге шырға тастады» [2, 96 б.].

Сонымен, ел ішіне дау болып кіріп, лаң болып шыққан, сол елімен бірге әлі жасасып келе жатқан Еңлік – Кебек оқиғасын Абай айналасындағы таланттар шоғыры үлкен қызығушылықпен қолға алып, жұлдызды шығармалар туғызды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім поэзиясының көркемдік қайнарлары. – Қарағанды, 2003.
  2. Жұртбай Т. Бесігіңді түзе: Роман – эссе. – Алматы, 1997.
  3. Дала уәлаятының газеті. Әдеби нұсқалар (Құрастырушы Субханбердина Ү.). 1888 – 1894 ж.ж. Алматы, 1989.
  4. Дала уәлаятының газеті. Әдеби нұсқалар (Құрастырушы Субханбердина Ү.). 1899 – 1902 ж.ж. Алматы, 1992.
  5. Нұрғалиев Р. Трагедия табиғаты: Монография. – Алматы, 1968.
  6. Мағауин М. Абайдың ақын інісі // Жұлдыз. – 1988. №8.
  7. Ердембеков Б. «Енді айтамын Еңлік пен Кебек сөзін...» // Жұлдыз. – 2008. №8.
  8. Абайдың қорық – мұражайының архивінен. Папка №181, КП – 28
  9. Шәкәрім. Қазақ айнасы: Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы, 2003.
  10. Мағауин М. Ақын, тарихшы, философ // Шәкәрімтану мәселелері: Сериялық ғылыми жинақ. Т.1. – Алматы, 2007.
  11. Абайдың ақын шәкірттері. Дайындаған Қ. Мұхамедханұлы / Алматы, 1993.
  12. Әуезов М. Абай жолы: Роман – эпопея. – Алматы, 1997. – 3-кітап, Абай жолы..
  13. Ердембеков Б. Мағауия. Шәкәрім. Энциклопедия / Бас редакторы Е.Б. Сыдықов. – Семей: Шәкәрімтану ғылыми – зерттеу орталығы, 2008.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.