Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Информатика пәні бойынша білім алушылардың оқузерттеушілік қызметін дамытуда қолданылатын әдіс тәсілдер және оқу технологияларының ерекшелігі

Сведения об авторе. Сләмғалиева Назым Аблайханқызы преподаватель КазахстанскоАмериканского свободного университета.

Автор туралы мәліметтер. Сләмғалиева Назым Аблайханқызы – Қазақстан-Американдық еркін университетінің оқытушысы.

Аннотация. Автор информатиканы оқыту үрдісінде колледж оқушыларының ғылыми құзіреттілігінің интеграциясы мәселесін қарастырады. Берілген мақала колледждегі информатика оқытушыларына көмекші құрал болуы мүмкін. Қорытындылай келе, бұл көрсетілген педагогикалық жобалау іс-әрекеттің жиынтығы орындалған жоба жұмыстарының нәтижелерінің бағалануы негізінде әрбір оқушының жеке дара даму деңгейін анықтап беретін, ізденіс, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттілігінің көрсеткіші ғана емес олардың жан-жақты дамуы мен болашақтағы мамандығына дұрыс таңдау жасай алу жолдарында ерекше орын алады деп есептейді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

ХХІ ғасыр адамзаттың индустриялық кезеңнен ақпараттық кезеңге өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты ақпаратты ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Сондықтан да, оқушыларды ақпараттық қоғамдағы өмір талаптарына сай дайындауда мектептерде информатика пәні үлкен роль атқарып келеді. Алайда, жаңа ақпараттық технологиялардың өте шапшаң даму қарқыны бұл пәнге деген көзқарасты түбегейлі өзгертті. Бұл пәнді оқытудағы негізгі мақсатты айқындап берді.

Қазіргі заман талабына сай оқушылардың компьютерлік технологиямен жұмыс істеуге деген ынтасы, талпынысы, ізденісі өте жоғары. Сондықтан да, информатика сабақтарына оқушылар құлшыныспен, бір нәрсені еркін меңгерсем деген ниетпен қатысады. Бірақ, осындай оқушылардың көпшілігінде информатика пәнінен білімді, яғни теориялық білімді меңгермей – ақ, компьютермен жұмыс істеуді үйренсем, болды деген пікір қалыптасқан. Сондықтан да, оқушылардағы мұндай жалған пікірді болдырмау үшін, оқушылардың теориялық білімді меңгеріп оны компьютерде орындағанда, яғни практикада ұштастырғанда ғана, әртүрлі программалық пакеттер құра білгенде, компьютерлік технологиялардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игергенде ғана нақты жұмыс істеуге үйреніп, компьютерде жұмыс істеу сауаттылықтарының шеберліктерінің артатынын дәлелдеу керек. Ол үшін информатика пәнін оқытуда педагогика қолданылатын әртүрлі технологиялық тәсілдердің ішінен оқушылардың білім жетілдіру, олардың компьютерлік шеберліктерін арттыруда ұтымды болатын әдіс-тәсілдерді таңдап сабақ өткізу – пән мұғалімдеріне жүктелер міндет болып табылады.

Сондай педагогикалық әдістердің бірі – жобалау әдісі болып саналады. Бұл әдісті қолдану арқылы оқушының зерттеушілік қызметін ұйымдастыруға болады. Жобалық әдіс арқылы оқушының мектеп жасынан бастап жоба, оны әзірлеу жолдарын меңгеру қабілеттерін қалыптастыра аламыз.

Жобаның мақсаты жобалық әдісті қолдана отырып, информатика пәнін оқытуда оқушының зерттеушілік қызметін ұйымдастыру.

Жұмыстың міндеттері:

  • Курстық жұмыс тақырыбына қатысты әдебиеттерге шолу жасап, жинақталған материалдар бойынша өзіндік талдау жасау;
  • Информатика пәні бойынша жобаларды ұйымдастыруға болатын тақырыптарға шолу жасау;
  • Adobe Flash бағдарламасының көмегімен электронды құрал әзірлеу.

Технология дегеніміз өнім алу үшін оған керекті материалдарды өңдеу әдістері және өнім шығаруға керекті жүйелі процесс. Кез-келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған қалай да жету. Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, онда өндірістік және әлеуметтік саладағы процестер «технология» деген атауға ие болады.

Технологияның артықшылықтары. Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп. Біріншіден технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Технологияда мақсат негізгі болғандықтан оны дәл анықтауға мүмкіндік бар. Екіншіден мақсат сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі. Үшіншіден мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды. Төртіншіден әдістемеде сабақ жоспарлары – мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс – әрекетінің түрлері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? Білім оқыту мен тәрбие деген анықтамаға сүйенсек, онда болмайды. Оқыту мақсаты –оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс-әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады.

Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін. жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады. Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың айырмашылықта. Технологиялар өндірістік және әлеуметтік деп екіге бөлінеді. Өндірістікке табиғи шикі заттарды (мұнай, ағаш т.б.) өңдеу технологиясы немесе одан алынған өнімдер жатады.

Әлеуметтік технологияда адаммен жұмыс істеліп, оның басты бір немесе бірнеше қасиеттері өзгертіледі. Әлеуметтік технологияға оқушыларды оқыту технологиясын жатқызуға болады. Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан көп айырмашылығы бар. Басты айырмашылығы өндірістік технологияның нақты жүйелі операциялардан тұруында. Бір жерде өзгеріс болса, іс – қимылдардың орындары алмастырылып, нәтижені төмендейді.

Әлеуметтік технологияда түрлі шараларды іріктеу жақсы нәтиженің кепілі емес, себебі адамға одан басқа да жағдайлар әсер етеді. Сондықтан әлеуметтік технологияға нақты іріктеліп процестердің жүйесі деп анықтама беруге болмайды. Әлеуметтік технологияда кері байланыс орасан зор роль атқарады. Мұғалім оқушылардың дайындық деңгейлерін қайта-қайта тексеріп, оқу материалын меңгермейтіндерімен қосымша жұмыс істеп , стандартты меңгертеді. Сонымен біз жаңа материалды түсіндіру мен бекітудің қайталанатындығын байқаймыз. Бірақ оқушылардың бәрі емес, тек оқу материалын шала түсінгендер ғана қайталайды.

Оқушылар дұрыс түсінбеген тақырыптар да қайталайды. Сонымен әлеуметтік технология әдістеменің кемшіліктерін түзете алады. Әлеуметтік технологияны ұйымдастыру және жүзеге асыру өндірістік технологияға қарағанда қиындау. Бірақ екі технология негізінен бір-біріне жақын. Екеуі де технологияны ұйымдастырушыға белгілі өнім береді. Сондықтан «Әлеуметтік технология» ұғымын «Өндірістік технология» ұғымымен қатар қолдануға болады. Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оның жүйесінің онша қатаң еместігі, кері байланыстың (нашар жерді анықтау және сол жерде қосымша жұмыстар істеу) болуында.

Педагогикалық технологияның мақсаттары. Қазіргі мектептің ірі кемшілігі мақсаттың жалпылама қойылуы. Түпкі мақсат адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту. Жақсы ұсыныс, бірақ әлде де мағынасы дұрыс ашылмаған.Мақсаттың оқыту мазмұнын іріктеуге, педагогикалық процесті құруға ықпалы әлі де жеткіліксіз. Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп «Мақсатқа жеттік пе?»деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада «диагностика арқылы анықталған мақсат» дейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады.

Технологияның кезеңдері:

  1. Оқытудың мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;
  2. Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;
  3. Диагностика негізінде оқытудың жаңа мақсатын қою.

Сурет 1. Педагогикалық технология кезеңдерінің сызбасы

Технологияда оқушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, шығармашылық қабілеті, белсенділігі суреттеледі. Тексеру құралдары арқылы сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгейімен салыстырады, жаңа мақсат қойылады. Сонымен мақсат анық болмаса оқу процесінің жетілдіруіне кедергі жасалады.

Сурет 2. Педагогикалық технологиялардың оқушыға тікелей әсер етуінің нәтижесі

Педагогикада «технология» ұғымының қолданылатын салалар. Бүгінгі педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.

  1. Қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.
  2. Нақты педагогикалық жүйені технология дейді (В.В. Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиясы т.б.).
  3. Қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.

Сурет 3. Педагогикалық технология түсінігі

Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөздің орнына екінші сөзді қойған. Бұрын В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин, Л.В. Занков т.б. әдістемесі десе, қазір технологиясы дейді.

Екінші анықтамада «технология» ұғымы өндіріс саласынан педагогикаға алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады. Сондықтан үшінші анықтама дұрыс, себебі ол өндірістік технология ұғымына жақын. Технология дегеніміз өндірістік процесті және оның тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технолгияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? Білім оқыту мен тәрбие деген анықтамаға сүйенсек, онда болмайды. Оқыту мақсаты –оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін.

Тәрбиеде жағдай басқаша. Бұл салада технологиялық жоба арқылы керекті қасиеттерді алу мүмкін емес деген пікірлер бар. Себебі адамға неше түрлі жағдайлар әсер етеді. Сонымен тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды мақсат етіп, оның технологиясын жасау мүмкін емес. Ол технологияны тексеретін нақты құралдар жоқ.

Оқыту технологияның ерекшеліктері:

  1. Түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру.
  2. Үлгермеушілерді анықтау және іріктеу.
  3. Олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау.
  4. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру.
  5. Оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау.

Оқу материалын меңгеру заңдылықтары. Оқушы кез-келген оқу тапсырмаларын бұрынғы меңгерген ақпараттарына сүйеніп орындайды. Бала оқу іс әрекетінің тиімділігі оның жеке тәжірибесіне байланысты. Баланың өз біліміне сүйеніп жасайтын іс-әрекетін репродуктивтік, өткен тәжірибеге сүйеніп жаңа өнімдер жасауын продуктивтік іс-әрекет дейді.

Іс-әрекет үйрену репродуктивтік іс-әрекеттен басталады. Бала ереже, алгоритмдердің қолданып жаттығулар жазады, есептер шығарады, мәтіннен түсінгенін айтады, бір сөзбен айтқанда дайын білімдерге ештеңе қоспайды.

Оқушылардың оқу-зерттеушілік қызметін жобалау әдісі арқылы ұйымдастыру

Әрбір адамда дүниетану, білімге талпыну болмаса, еңбекке үңіле қарамаса, ілгері басу, прогресс те болмас еді. Сондықтан, ұлттық мәдениетті көтеретін, ұлттық әдетғұрыпты, намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарай алатын оқушы дайындауымыз керек. Олар жаңа ойларға, идеяларға шығармашыл болып, күтпеген жерден пайда болған мәселелерді шеше біліп, ақпараттарды саралай білулері керек. Оқушылар кез келген жалпыға танымал ақпараттарды сын тұрғысынан шығармашылықпен қарап, оның ұтымды жақтарын қолдануға тиісті. Оқушының зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту: тоқтаусыз өзгерістегі қоғам талабына сай рухани интеллекті, өз ұлтының тілін, ұлттық мәдениеті мен дінін ғана біліп қоймай, басқа ұлттардың да мәдениеттерін танып, біліп, оны құрметтеуге үйретуде, жағымды және жағымсыз іс-әрекеттерді сын көзбен саралай алуға, өзін-өзі басқара алуға, жаңаша жобалар мен идеяларға шығармашыл болуға, сайып келгенде, оқушының жан-жақты дамуындағы проблемалық жағдайларды туғызатын теориялық маңызды, практикалық тұрғыдан өзекті мәселе болып есептеледі.

Қойылған мақсат, міндеттерге жету жолындағы әдіс-тәсілдерге: интернет жүйесімен жұмыс, институт, университеттермен, кітапхана орталықтарымен, ғылыми зерттеу мекемелерімен, педагогикалық бақылау (әңгімелесу, сауалнама алу, эксперимент жүргізу, салыстыру), мониторинг шығару, талдау, жинақтау, бағалау жатады. Оқушыны оқыту, тәрбиелеу процесінде өзіндік іздену, зерттеу мен шығармашылық қабілеттілігін дамыту мақсатта жобалау әдісі ұсынылып отыр. Бұл әдіс жас ұрпақтың технологиялық мәдениеттілік қабілеттерін, оқушы мен оқытушы және ата-ана арасындағы бірлесе жақын қарым-қатынаста жұмыс істеу мүмкіндіктерін қалыптастыруда, өзіне-өзі қызмет көрсете алуға үйретуде, материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыра алуға баулуда, қажеттілік пен сұраныстың экономикалық тиімділік жақтарын пайдалана алуға үйретуде ерекше практикалық тұрғыдан маңызды болмақ.

Жобалау таным әдісі ретінде оқушыларға оқу мен білімнің өмірдегі рөлін сезінуге, оқу мен білімді мақсат етуден гөрі құрал етуді ойлау мәдениетін игеруде сараманды көмек беруі тиіс.

Бұл әдістің негізін салушылардың бірі – профессор Кильпатриктің пікірінше, «Жобаның міндеті жұмыс барысында өзіне практикалық міндеттер қоятын және оны орындай алатын үнемі өзіндік инициатива көтеріп отыратын адамды тәрбиелеу» болып табылады.

Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Ендеше, зерттеушілік, ізденушілік бала табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.

Жобалау оқыту әдісі бойынша оқушылардан күтілетін нәтиже төмендегідей болмақ:

  • оқушының бойында рухани адамгершілік қасиеттер қалыптасады;
  • ізденімпаздық, зерттеушілік қабілеттері дамиды;
  • ұқыптылық, жинақылыққа, икемділікке дағдыланады;
  • жауапкершілікке үйренеді;
  • шығармашылық қабілеті дамиды;
  • өз елінің ұлттық рухани және материалдық құндылықтарын құрметтей алатын, патриот тұлға болып қалыптасады.

Жобаның тақырыбы оқушының мүмкіншілігіне сай, қазіргі күнделікті өмірдегі өзекті мәселелерге байланысты, ал шығарылған қорытынды тәжірибе жүзінде іске асып, адам қажеттілігін қанағаттандырарлықтай болуы шарт. Бұл оқушының бағалы, әрі сапалы жұмыс істеуін, жауапкершілігінің жоғары болуын, өзіне талап қоя алуын, қойған мақсатына жетуін, топтаса жұмыс істеу дағдыларын, шығармашылық қабілетінің артуын қалыптастырады. Шығармашылық жобаны орындау барысында оқушы информатика пәнінен алған білімін пайдаланып қана қоймай, басқа пәндерден де алған білімін пайдалана алады.

Жобаның тақырыбын таңдауда әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктеріне, олардың бейімділігі мен психофизиологиялық қабілетіне, икемділігі мен қызығушылығына мән беру керек.

Баланы ізденушілік, шығармашылыққа баулу, оған зерттеу дағдысы мен біліктілігін игертіп, жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету үшін, баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін,зерттеу жүргізу керек. Зерттеу жүргізудегі ең маңызды нәрсе проблеманы көре алу болып табылады. Мұғалім оқушының қабілеттілігін жан-жақты зерттемей отырып, оның тәрбиесі мен оқуында нәтижелі жетістікке жетуі мүмкін емес.

Оқушылардың жобамен жұмыс істеуге дайындықта, жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыруда төмендегі кілттік құзыреттіліктерді меңгеруі керек:

Проблемаларды шешу мен өзіндік менеджмент:

  • проблемалық жағдайларды көре алуы;
  • қажеттілікті анықтай алуы;
  • мақсат қоя білу, оған жету үшін міндеттерді анықтай алуы;
  • ақпараттық мәліметтерді жинақтай білу, оның негізгісін анықтай алуы;
  • нақты нәтижені анық айқындап көрсете алуы;
  • өз мүмкіндігін дұрыс бағалай білуі. Ақпараттық құзыреттілік:
  • жоба бойынша ақпараттарды алудың түрлі көздерін білуі;
  • әдебиеттер, анықтама құралдар, ғылыми мақалалар мен оқулықтар, түрлі кешендерді пайдалануы;
  • әдебиеттерге талдау жасай алуы және қажетті мәліметтерді бөліп алуы;
  • интернет байланыстарын пайдалана алуы;
  • қажетті ақпаратты тауып, жоба бойынша технологиялық карта құру;
  • жоба туралы ақпаратты, оның нәтижесін сауатты түрде ұсыну. Әлеуметтік құзыреттілік:
  • топта жұмыс істей отырып, топ мүшелерін тыңдау білуі; өзгенің пікірін құрметтеп, сұрақтарды талдай алуы;
  • жоба бойынша серіктесімен қарым-қатынас орнатуы;
  • өз ой-пікірін анық, нақты және сауатты жеткізуі;
  • өз көзқарасын жеткізіп, пікірталасқа түсе білуі;
  • интернет байланыстарымен жұмыс жасау дағдыларын меңгеруі;
  • жоба жұмысын ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, презентациясын дайындап, оны қорғауы.

Қорытындылай келе, бұл көрсетілген педагогикалық жобалау іс-әрекеттің жиынтығы орындалған жоба жұмыстарының нәтижелерінің бағалануы негізінде әрбір оқушының жеке дара даму деңгейін анықтап беретін, ізденіс, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттілігінің көрсеткіші ғана емес олардың жан-жақты дамуы мен болашақтағы мамандығына дұрыс таңдау жасай алу жолдарында ерекше орын алады деп есептеймін.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Балапанов Е.Қ. Жаңа информациялық технологиялар. Информатикадан 30 сабақ: оқулық / Е.Қ. Балапанов, Б.Б. Бөрібаев, А.Б. Дәулетқұлов. Алматы: «Рауан», 2003. 380 б.
  2. Введение в педагогическую деятельность: учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. М.: «Академия», 2002.
  3. Захарова И.Г. Информационные технологии в образовании: учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. М.: «Академия», 2003.
  4. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения: учеб. пособие. М.: «Просвещение», 1986.
  5. Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар: оқулық. Өскемен, 2005.
  6. Морева Н. А. Педагогика среднего профессионального образования: учеб. пособие для студентов высш. пед. учеб. заведений. М.: «Академия», 2001.
  7. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии: учеб. М.: 1989.
  8. Ермеков Н.Т. Информатика (жаратылыстану математика бағыты): 11 сынып оқулығы / Н.Т. Ермеков, М.А. Ғалымжанова. Алматы: «Жазушы», 2007.
  9. Халықова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі: әдістемелік құрал. Алматы: Научноиздательский центр «Ғылым», 2000.
  10. Таубаева Ш.Т. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образования / Ш.Т. Таубаева, С.Н. Лактионова. Алматы: Научно-издательский центр «Ғылым», 2001

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.