Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Отбасында баланы тәрбиелеуде ата анасының рөлі

Авторлар туралы мәліметтер. Жайлаубек Назерке Даулетказиновна – педагогика магистрі, Қазақстан-Американдық еркін университетінің оқытушысы; Саданова Жанар Кабыкенкызы – педагогика магистрі, Қазақстан Американдық еркін университетінің аға оқытушысы.

Аннотация. Тәрбиенің ең үздік әдісі – адамның өзін-өзі тәрбиелеуі. Бала тәрбиесі бойынша барлық ортақ ұсыныстардың өз шектеулері бар. Бір балаға жағатын әдіс екіншісіне жақпайды. Бұл жағдайда тәрбиеге қажет дауыс пен интонация да әсер етуі мүмкін. Айтылған сөздің мазмұны емес, балаға оның интонациясы әсер етеді, демек ата-ананың оларды қалай айтуына байланысты, осылайша тәрбиенің жеке тарихы қалыптасады. Тәрбие типтеріне жататындар – гиперпротекция, эмоционалды бас тарту, гиперпротекция, жоғары моральдық жауапкершілік, қатал қатынас.

Сведения об авторах. Жайлаубек Назерке Даулетказиновна – магистр педагогики, преподаватель Казахстанско-Американского свободного университета. Саданова Жанар Кабыкен-кызы

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.

Әкеасқар тау,

Анаетегіндегі бұлақ, Бала-жасындағы құрақ

деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға сіңлілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын.

Отбасы мақтанышы дегенде ең бірінші мақтанышым деп ата-анамды айтар едім. Ата-анам балалары үшін жақсылықтың жаршысы бола білді. «Жақсы әке балаға 40 жыл азық» деген балалары «менің әкем», «менің анам» деп үлгі тұтып, мақтаныш етіп, ата – ана «міне менің балам» деп отырса бұл отбасы мақтанышы болып есептеледі.

Қыз баланың тәрбиесінде ананың рөлі басым болады. Менің анам бізге қыз балаға тән нәзіктікті, ең бірінші «әкелеріңді сыйлаңдар, ренжітпеңдер, «келеріңнің қарғысын алмаздар» деп айтып, әкені сыйлауды, жалпы ер азаматты сыйлауды үйреткен.

Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.

Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе.

Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықты бір ұшы олардың жасы кішісінгің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. Және қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.

Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған.

Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты. Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.

Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттан арлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.

Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б.)олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттан арлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.

Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.

Рухани қарым-қатынас қызметі – бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру.

Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі – отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану және т.б.) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқын өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз етеді.

Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі, қазіргі, тәрбиелі, отбасылық құндылықтар деп аталады.

Адамдар отбасылық құндылықтар дегенді естігенде көз алдарына бірден құндылықтар түсіп, бір-бірімен ортақ тіл таба алады. Бірақ дәстүрлі отбасылық құндылықтардың әртүрлі болғанына байланысты адамдар осы тақырыпта ортақ тіл таба алмайды.

Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан, ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі. Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез-келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.

Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды.

Сонымен қатар қазіргі отбасылық құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік және т.б жатады.

Отбасылардың басты мақсаты бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген жанжалдарды бастарынан өткереді. Бірақ олар өз қателерін кешіріп, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін құндылық тәрбиелік отбасылық құндылықтардың бірі болып табылады.

Тәрбиелі отбасылық құндылықтарға құрмет, естеліктер жатады

Ой қорытындысы, «Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» деген, мақтан етер ұрпағымыз көбейсін. Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай. Қазақтың әр отбасының керегесім кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Баланы тәрбиелеудің, тағылым берудің негізгі мәйегі – мейірім мен сүйіспеншілікте. Әсіресе, кішкене балалар үшін бұл қасиеттердің орны айрықша екенін ұғынғанымыз жөн. Кез келген жеткіншек ата-ана махаббатына қашан да шөлдеп, шөліркеп тұрады. Олар тек сүйіспеншілікпен ғана өсіп-жетіледі, есейеді, дұрыс жолға түседі. Бала кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді, әрдайым іздеп тұрады. Оны ренжіткісі келмей, мейірімі мен сүйіспеншілігінен ажырап қалмау үшін айтқандарын екі етпей орындауға тырысады. Тіпті, өзі жақсы көрген кісіге еліктеп, ұқсағысы келеді. Ендеше, сүйіспеншілік – бала тәрбиесіндегі негізгі қағида.

«Алла Елшісі (с.ғ.с.) Әлидің (р.а.) ұлы Хасанды (р.а.) бетінен сүйді. Мұны жанында отырған Әл-Ақраъ ибн Хабис Әт-Тамими (р.а.) көріп: «Менің он балам бар. Алайда осы уақытқа дейін мен оның біреуін де еркелетіп сүйген емеспін», – деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған қарап: «Басқаларға мейірімділік етпегеннің өзі де мейірімділікке бөленбейді», – деді.

Қос дүние сұлтаны, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) барлық адамзаттан сүйіспеншілігін аямаған. Жан жүрегімен жақсы көріп, әрқайсына көңіл бөлетіндіктен, әр сахаба өзін «Пайғамбардың ең жақсы көретін адамы мен шығармын» деген ойға қалады екен. Осыдан-ақ пайғамбар тағылымының мәні зор екенін түйсінуімізге әбден болады. Зерттеушілер де басынан сипап, мейірім көрмеген, маңдайынан иіскемеген балалардың психологиялық ауруларға жиі ұшырайтынын дәлелдеген. Ата-ана немесе кез келген тәрбие беруші үшін балаға көп ұрсып, оған ұзақ ақыл айтқаннан гөрі, оның басынан сипап, мейірім көрсетіп, арқасынан қағуы әлдеқайда әсерлі және пайдалы. Баланы әуелі тыңдай білген жөн. Ашылып әңгіме айтқан бала өзінің ішкі дүниесін де ақтарып береді. Әр нәрсені дұрыс түсінуге бала ақылы жете бермейді, десе де әр бала ақылды. Олар балалықпен ғана қате жасайды. Ал, үлкендер болса, олардан есейген жанның ісін күтеді. Қателікке бой алдырса, дереу таяқтап, ұрсып, жазғыра жөнеледі. Содан кейін де жасөспірім «үлкендер маған жамандық жасады, ата-анам мені жақсы көрмейді» деген ойға қалуы бек мүмкін. Сондықтан баланың ішкі дүниесімен сырласпастан, оның ойын білместен, жасаған ісінің дұрыс еместігін түсіндірместен, оған ұрысу, жазалау, қол жұмсау – дұрыс емес, онда ата-ананыкі үлкен қателік болып саналады.

Ата-аналардағы қателіктердің тағы бірі – баланы не болса содан тыйып, іс-әрекетін, қызығушылығын шектей беру. Баланың қате қылығын тыйған кезде, оның дұрысын көрсеткен жөн. Олай болмағанда, бала істеген қателіктерін қайта жасауы немесе қырсық мінезділікке бейімделуі әбден мүмкін. Мысалы, үйдің қабырғасын қаламсаппен сызғыштап ойнаған баланың қолына дереу басқа бір дәптер, қағаз ұстатып, «сызсаң мынаған сыз», «жүгірсең мұнда емес, ана жерге жүгір», «көрсең бұл фильмді емес, мынау фильмді көр» дегеніміз абзалырақ.

Бала – ата-ананың қолындағы аманат. Оған иман, Құран Кәрім және Алла тағаланың әмірлерін үйретіп, сонымен жүруге дағдыландырса, дін және дүние бақытына қауышады. Бұл бақытқа, сауапқа ата-анасы да, ұстазы да ортақ болады. Егер балаға бұларды үйретпесе және әдетке айналдырмаса, бала бақытсыздыққа ұшырайды. Әрбір жасаған жамандықтарының күнәсі ата-анасына да, ұстазына да жазылады. «Барлығың бір үйірдің бағушысы секілді сіңдер. Бағушы үйірін қорғағаны секілді, сендер де үйлеріндегі және қол астылардағы адамдарды жаһаннамнан қорғауға тиіссіңдер! Оларға мұсылмандықты үйретпесеңдер, олар үшін жауапты боласыңдар!», – деген жолдар бар хадис шрифте.

Өзінің істеуі харам болған нәрсені баласына жасатқан, арақ ішкізген, құмар ойнатқан, ұятсыз басылымдарды оқуына себеп болған, өтірік, ұрлық секілді жаман мінездерге баулыған адам күнә жасаған болады. Дініміздің негізі – иманды, парыздар мен харамдарды үйрену және үйрету. Алла Тағала Құран Кәрімнің «Тахрим» сүресінің 6аятында: «Ей, мүміндер! Өздеріңді және үй-іштеріңді (жанұяларыңды) тозақ отынан қорғаңдар!» – деп бұйырған.

Қамшының сабындай қысқа ғана өмірімізде бала-шағамызды дүниелік жамандықтардан қорғау үшін қалай ұмтылсақ, мәңгілік жамандыққа душар етпеу үшін де дәл солай қорғауымыз керек. Әкенің баласын тозақ отынан сақтауы – дүниелік оттан сақтаудан да маңыздырақ. Тозақ отынан қорғау – иман, парыз, харамдарды үйрету арқылы, ғибадат жасауға дағдыландыру және жаман достардан, зиянды баспалардан қорғау арқылы жүзеге асады. Өзіміз халал тамақ жегеніміздей, балаларымызға да халал тамақ беруге тиіспіз. Хараммен қоректенген баланың денесі нәжіспен иленген қамыр іспетті. Мұндай жасөспірімдер жамандыққа, опасыздыққа үйір келеді.

Ата-ананың міндеті

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деген: «Барлық балалар мұсылмандыққа бейім болып туылады. Кейін оларды ата-аналары христиан, яһуди және дінсіз етеді». Олай болса, әрбір мұсылманның бірінші міндеті – баласына ислам дінін және Құран Кәрімді үйрету. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) хадистеріне тағы бір назар аударсақ, «Ата-ананың бала алдында үш міндеті бар. Олар: балаға жақсы ат қою, дұрыс тәрбие беру, уақыты келгенде үйлендіру» деген жолдарды оқимыз. Иә, Ислам діні балаға мағынасы дұрыс, естір құлаққа жағымды, жақсы есім қоюға шақырған. Сондықтан балаға есім берерде бұған аса жауапкершілікпен қараған жөн. Баланың өз ортасында жүзі жарқын жүруіне, жақсы кісілерге еліктеп өсуіне де балаға берілетін есімнің берері мол.

Бала алдындағы екінші міндет – дұрыс тәрбие, яғни дінге сауатты, көзі ашық, саналы ұрпақ өсіру. Әр ұл мен қыз ата-анасынан жақсы тәрбие алуға құқылы, ал ата-ана өз алдына бұған аса жауапкершілікпен қарауы тиіс. Құран аяттарында: «Отбасыңа намазға оқуды үйрет. Өзің де оны сабырмен жалғастыр», – делінген. Мухаммад Ибн Абдуллаh (р.а.) риуаят еткен хадисте «Сахабалар: «Баланың ізгі болуы – Алла Тағаладан, ал әдептілік – әкеден» деп айтатын». Яғни, Жаратушы тағдырға ізгілікті жазғаннан кейін, әкенің міндеті – баланы мұсылмандық әдепке үйрету. Араб тіліндегі «әдаб» сөзі өзіне жақсы мінез-құлық, сөз және ісінде басқалардың алдында абыройлы болу, ұятқа қалудан сақтану тәрізді қасиеттерді қамтиды.

Ер жеткен ұлын үйлендіріп, бой жеткен қызын құтты орнына қондыру да атаананың бала алдындағы міндетінің бірі. Әбу Хурайрадан келген риуаяттардың бірінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Әкедегі бала ақысының бірі – балиғат жасына толғанда өзін үйлендіру». Басқа бір хадисте уақыты келсе де баласын үйлендіріп, аяқтандырмаса, баласының күнә істеуіне себеп болса, бұған әкесі жауапты екендігі ескертілген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Әке баласына жақсы тәрбиеден артық мирас қалдыра алмайды» деген, сондықтан қазіргі таңда діни сауаттылық еліміз үшін киелі міндеттердің бірі болып саналады. Қандай жағдайда да діннен дәріс алып, балаларымызды шынайы иманға баулуға айрықша көңіл бөлгеніміз жөн. Төл сенімінде берік тұрғандықтан сырттан келетін рухани басшылыққа тегеурінді түрде төтеп бере алатын, ұлттық болмысымыздың қаймағын бұзбай кейінгі ұрпаққа жеткізе білейік. Тәрбие мәселесінің қаншалықты маңызды екенін Абдолла Аблонидің тәрбиеге байланысты айтқан: “Тәрбие – біз үшін не өмір, не өлім, не құтылу, не бақыт, не қайғы мәселесі”, сөзінен белгілі.

Қазіргі кезде тәрбие мәселесі өзінің өткірлігі жағынан еліміздегі Арал, Балқаш сияқты экологиялық проблемалардан кем емес, сондықтан тәрбие мәселесін экологиямен қатар қоюға тиіспіз деп ойлаймын.

Ал бала тәрбиесінде отбасы ең үлкен мықты тәрбие ошағы. Баланың адамдық қасиеттері мен әдептілігі, оның болашақта қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты. Өйткені ата-ана басты ұстаз. Баланың заманына лайық азамат болып өсуі – алдымен ананың ақ сүтімен, абзал тәрбиесінің жемісі.

Отбасының ең басты тірегі ол әке. «Әке» дегенде баланың көзіне үлкен қорған елестеуі керек, ал қазіргі нарық заманында сол қорған құлаудың аз – ақ алдында тұр десе болады. Осы жерде «Неге?» деген сұрақ үлкенді де кішіні де мазалайтыны анық. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы 78 жыл халқымызға көптеген қиындықтар туғызғаны белгілі. Осы кезеңде ел арасын жұмыссыздық, ақша жоқтық сияқты жағдайлар жайлап, өмір сүруге қабілеті жоғары адамдар алға шығып, адал еңбек жолындағы азаматтар орта шенде қалып, ал тірлік қылуға құлықсыз адамдар қолда барын сатып бітіріп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар қатарына қосылды. Сөйтіп осы 7-8 жыл халықты түрлі таптық жікке бөліп жіберді. Ешкім өмірге де, өз тағдырына да өкпелеуге тиіс емес деп ойлаймын. Адамды Алланың өзі жер бетіндегі барлық тіршілік атаулыдан құдіретті етіп жаратқан. Сондықтан әр адамзат сол құдіретін пайдаланып, өз өмірінің жақсы болуына мүмкіндік жасауы қажет. Жаңағы қорған бола алмай отырған әкелер өмірдің сынын көтере алмай отырған азаматтар десе болады. Енді «бақытты бала» деген әңгімеге қайта оралғым келіп отыр. Бала бақытты болу үшін оған барлық жағдай жасалуы керек деген ұғым бар халық арасында. «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» деп ертеден ақ адамдар арасындағы айырмашылық ажыратылып отырған. Баладағы тәрбиенің іргетасын қалайтын ол отбасы.

«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген сөз бекер айтылмаса керек. Неліктен көп жағдайда бала ата – анадан асып кете алмайды? Осы сауал мені көптен мазалап жүрген сауалдардың бірі. Бала – періште. Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ол ана сүтін еміп, ананың әрбір шығарған демін сезініп өседі. Ең қарапайымы, баланы емізген ана қандай сезімде отырса, бала соны сезінеді, әр демнен ананың көңіл күйіндегі өзгерісті де баланың сезінетінін түсіндім. Бала есі кіре бастағаннан – ақ «Анам, менің анам. Анам бәрінен де күшті, ол бәрін біледі» деген оймен өседі.

Сәбидің ойынша, өз ата – анасынан асқан білгір, данышпан, оған қорған болар адам жоқ. Осы бала санасындағы ойлар біртіндеп өз күшін жоя бастайды. Оған себепші біздер, яғни ата – аналар. Бала ата-анадан нендей себептермен асып кете алмайды деген сауалыма менің тапқан жауабым: «Балада әсіресе мектеп жасына жеткеннен кейін сұрақтар көбейетіні анық, сол сұрақтың бәріне бірдей біз жауап беріп жатуды өзімізге міндет санамаймыз. «Білмеймін» деген жауап қайтаруды жиілетеміз. Ал, күні бүгінге дейін ең білгір, ең ақылды адам деген ата – анасы білмеймін деп жауап бергенде, бала не ойлауы мүмкін. Әрине «олар білмегенді мен қайдан білемін» немесе «осыны білмеген менің ата – анамда ел қатарлы күн көріп жатыр ғой, маған да соны білудің қажеті бола қоймас» деп ойлайды. Осы «Білмейміннен» кейін баланың да даму қарқынына нүкте қоюлары хақ.

Тәрбие мәселесінің қаншалықты маңызды екенін Абдолла Аблонидің тәрбиеге байланысты айтқан: “Тәрбие – біз үшін не өмір, не өлім, не құтылу, не бақыт, не қайғы мәселесі”, сөзінен белгілі.

Отбасы – десе әр адам өзіне қатысы бар деп ойлайтыны анық жағдай. Отбасын ата ана және бала құрайды. Оның кез – келген мүшесі бақытты да төрт құбыласы тең болуды қалайды. Бірақ сондай жағдайды жасауға біреу әрекет қылса, біреу құдай берер деп көктен күтумен уақыт оздырары белгілі жағдай. Мен осы мақаламды жаза отырып өзімнің осы азғантай өмірімнен алған тәжірибемді өзім секілді бір – бір отбасының ұйтқысы, мәні мен сәні болып отырған аналармен бөліспек ойым бар. Әрбір ананың ойлайтыны баласының бақыты екеніне менің күмәнім жоқ. Ал, бақытты бала қандай болуы керек? деген сұрақтың жауабын кім – кім де болса іздейді. Мен өз өмірімде түрлі жағдайларды кездестіріп көрдім. Бір жағынан өзім ұстаз болғандықтан да болар. Қазір мынау егемен елімізде құдайға шүкір бейбіт өмір орнап тұр. Ал енді «Кемшілік хан қызында да болады» демей ме халықта, сол айтқандай бейбіт өмірде де қиындық жоқ деуге болмайды. Тек сол қиындықты басынан өткізу арқылы оның соңындағы қызықты да көре білген жөн. Басқа түскен әрбір күйзеліс кезеңінде өз – өзіне сенімді, белсенді адам ғана өмірдің сол қараңғы түнегінен жарықтың саңылауын көре біледі. Тірлік қылмай өмірге өкпелеп өтетін де адамдар жоқ емес.

Қазіргі кезде тәрбие мәселесі өзінің өткірлігі жағынан еліміздегі Арал, Балқаш сияқты экологиялық проблемалардан кем емес, сондықтан тәрбие мәселесін экологиямен қатар қоюға тиіспіз деп ойлаймын.

Ал бала тәрбиесінде отбасы ең үлкен мықты тәрбие ошағы. Баланың адамдық қасиеттері мен әдептілігі, оның болашақта қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты. Өйткені ата-ана басты ұстаз. Баланың заманына лайық азамат болып өсуі – алдымен ананың ақ сүтімен, абзал тәрбиесінің жемісі.

Отбасы – десе әр адам өзіне қатысы бар деп ойлайтыны анық жағдай. Отбасын ата ана және бала құрайды. Оның кез – келген мүшесі бақытты да төрт құбыласы тең болуды қалайды. Бірақ сондай жағдайды жасауға біреу әрекет қылса, біреу құдай берер деп көктен күтумен уақыт оздырары белгілі жағдай. Мен осы мақаламды жаза отырып өзімнің осы азғантай өмірімнен алған тәжірибемді өзім секілді бір – бір отбасының ұйтқысы, мәні мен сәні болып отырған аналармен бөліспек ойым бар. Әрбір ананың ойлайтыны баласының бақыты екеніне менің күмәнім жоқ. Ал, бақытты бала қандай болуы керек? деген сұрақтың жауабын кім – кім де болса іздейді. Мен өз өмірімде түрлі жағдайларды кездестіріп көрдім. Бір жағынан өзім ұстаз болғандықтан да болар. Қазір мынау егемен елімізде құдайға шүкір бейбіт өмір орнап тұр. Ал енді «Кемшілік хан қызында да болады» демей ме халықта, сол айтқандай бейбіт өмірде де қиындық жоқ деуге болмайды. Тек сол қиындықты басынан өткізу арқылы оның соңындағы қызықты да көре білген жөн. Басқа түскен әрбір күйзеліс кезеңінде өз – өзіне сенімді, белсенді адам ғана өмірдің сол қараңғы түнегінен жарықтың саңылауын көре біледі. Тірлік қылмай өмірге өкпелеп өтетін де адамдар жоқ емес.

Отбасының ең басты тірегі ол әке. «Әке» дегенде баланың көзіне үлкен қорған елестеуі керек, ал қазіргі нарық заманында сол қорған құлаудың аз – ақ алдында тұр десе болады. Осы жерде «Неге?» деген сұрақ үлкенді де кішіні де мазалайтыны анық. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы 78 жыл халқымызға көптеген қиындықтар туғызғаны белгілі. Осы кезеңде ел арасын жұмыссыздық, ақша жоқтық сияқты жағдайлар жайлап, өмір сүруге қабілеті жоғары адамдар алға шығып, адал еңбек жолындағы азаматтар орта шенде қалып, ал тірлік қылуға құлықсыз адамдар қолда барын сатып бітіріп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар қатарына қосылды. Сөйтіп осы 7-8 жыл халықты түрлі таптық жікке бөліп жіберді. Ешкім өмірге де, өз тағдырына да өкпелеуге тиіс емес деп ойлаймын. Адамды Алланың өзі жер бетіндегі барлық тіршілік атаулыдан құдіретті етіп жаратқан. Сондықтан әр адамзат сол құдіретін пайдаланып, өз өмірінің жақсы болуына мүмкіндік жасауы қажет. Жаңағы қорған бола алмай отырған әкелер өмірдің сынын көтере алмай отырған азаматтар десе болады. Енді «бақытты бала» деген әңгімеге қайта оралғым келіп отыр. Бала бақытты болу үшін оған барлық жағдай жасалуы керек деген ұғым бар халық арасында. «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» деп ертеден ақ адамдар арасындағы айырмашылық ажыратылып отырған. Баладағы тәрбиенің іргетасын қалайтын ол отбасы. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген сөз бекер айтылмаса керек. Неліктен көп жағдайда бала ата – анадан асып кете алмайды? Осы сауал мені көптен мазалап жүрген сауалдардың бірі. Бала – періште. Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ол ана сүтін еміп, ананың әрбір шығарған демін сезініп өседі. Ең қарапайымы, баланы емізген ана қандай сезімде отырса, бала соны сезінеді, әр демнен ананың көңіл күйіндегі өзгерісті де баланың сезінетінін түсіндім. Бала есі кіре бастағаннан – ақ

«Анам, менің анам. Анам бәрінен де күшті, ол бәрін біледі» деген оймен өседі. Сәбидің ойынша, өз ата – анасынан асқан білгір, данышпан, оған қорған болар адам жоқ. Осы бала санасындағы ойлар біртіндеп өз күшін жоя бастайды. Оған себепші біздер, яғни ата – аналар. Бала ата-анадан нендей себептермен асып кете алмайды деген сауалыма менің тапқан жауабым: «Балада әсіресе мектеп жасына жеткеннен кейін сұрақтар көбейетіні анық, сол сұрақтың бәріне бірдей біз жауап беріп жатуды өзімізге міндет санамаймыз.

«Білмеймін» деген жауап қайтаруды жиілетеміз. Ал, күні бүгінге дейін ең білгір, ең ақылды адам деген ата – анасы білмеймін деп жауап бергенде, бала не ойлауы мүмкін. Әрине «олар білмегенді мен қайдан білемін» немесе «осыны білмеген менің ата –анамда ел қатарлы күн көріп жатыр ғой, маған да соны білудің қажеті бола қоймас» деп ойлайды. Осы «Білмей міннен» кейін баланың да даму қарқынына нүкте қойылары хақ.

Бала тәрбиесі ол үлкен бір ғылым. Бір отбасында жалғыз бала болса да, 6-7 бала болса да балаға берілген тәрбиеде кемшілік болып жатады. Дана халқымыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген, қазіргі уақытта ол күндердің әдебін көру көп жағдайда мүмкін болмай отыр. Ең әуелі олар баланың алдындағы өз міндетін біліп, сол міндетті жеткілікті дәрежеде орындауы тиіс. Ол дегеніміз, байлық пен барлық қана емес, балаға рухани байлық керек. Жақсы мен жаманды ажырата білгені жөн. Өмірдің мәні тек ақша мен байлық деген ойдан баланы аулақ салу қажет. Адами қасиетті бала бойына дарыта білу кез – келгеніміздің қолымыздан келе бермейді. Тіршілік қамымен жүріп балаға мүлдем көңіл бөлмейтін де, өз машақатымен айналысып балаға тәрбиенің керек екенін ұғынбайтын да, тәрбиеде ең бастысы тәртіп деп балаға тым қатал қарайтын да, қазіргі балаға қатты айтуға болмайды деп баланың ыңғайымен жүретін де, менің жиған – тергенім балама жетеді деп қалтаға сенетін де, басқа жұрт не десе о десін менің балам ең тәуір бала деп баланы жақтап отыратын ата – ана да жоқ емес. Мен өз өмірімдегі осындай жағдайларды ескере жүріп, балаға қойылатын талаптың да, оған берілетін еріктің де өз шегі болуы керек енеуіне көз жеткіздім. Демек, бала мен ата – ана арасында өте тығыз байланыс жүру керек. «Баланы жастан» деген, бала тәрбиесі бесікте жатқаннан басталу керек. Бала жылады деп көп көтерсе ол соған дағдыланады. Мезгілсіз мекенсіз тамақ берсе соған да үйренеді. Бесікке байласа жылай береді деп бесіктен жиі босата берсе, нәресте бесіктен мүддем шығып алады. Осылайша бала бесіктен белі шықпай жатып өз дегенін жасатуға дағдыланады. Бала үшке толғанда «болады» мен «болмайдыны» білуі тиіс. Бала тәрбиесін бес жастан бастаймын дейтіндер де бар. Бес жастан қазір мектепке барады. Сонда мектепке келгенде бала өзіне рұқсат етілетін мен етілмейтіні ажырата алмаса одан не үміт, не қайыр. Мұғалім оған қалам ұстап жазуды үйрете ме, әлде болатын мен болмайтынды ажыратуды үйрете ме.

«Қызым үйде, қылығы түзде» деп бекер айтылмаса керек. Бұл сөз тек қыздарға ғана қатысты деуге болмайды. Кез – келген бала өз отбасында, ата – ананың көз алдында жүріп көрсете алмайтын мінез құлықтарын басқа қоғамда көрсетеді. Өзге біреуге әлім – жеттік көрсету, үлкенге қарсы келіп сөз қайтару сияқты үйде көрсетпейтін мінездерді далаға шыққанда көрсетіп жатады. Мұның бірін де ата – ана үйретеді деуге болмайды. Бірақ бұл да тәрбиеден кеткен қателік деуге болады. Ата – ана балабақшамен, мектеппен тығыз байланыста болуы керек. Бірақ сол нәрсеге уақыт тауып, менің балам басқа жерде қандай, оның сабағы қалай, өз тобында немесе сыныбында оның ролі қандай деп көңіл қоятын ата – ана жоқтың қасы. «Уақыт жоқ, мектептегі баланы қарасам үйдегі шаруам қалады немесе жұмыстан қолым тимейді» деген сияқты біздің тарапымыздан сылтау көп болып жатады. Сол сылтауларымыз сиресе, ата – ана үшін бала өзінің орнының бөлек екенін, оның болашағы олардың назарында жүргенін сезінер еді деп ойлаймын.

Бала тәрбиесі мәселелерін әрбір ана не әке өмірлік тәжірибеден көріп үйрену керек. Балаға жылы қабақ қандай мөлшерде болса, қатал көзқараста сондай мөлшерде болуы тиіс. Балаға ата – ана тарапынан талап үнемі қойылу керек және оның орындалуы қадағалануы тиіс. «Балаға жаның ашыса, оны аяма» деген де сөз бар. Сол айтылған сөздің мағынасына тоқтап кеткім келіп отыр. Әр балада тәуліктің 2-3 сағаты ғана бос уақытқа бөлінуі тиіс, одан басқасында бала сабақта, үй тапсырмасын орындауда немесе ата – анамен бірге үй шаруасында болуы керек. Бос уақыты көп бала түрлі жаман әдеттерге үйірсектенеді, ең қарапайымы теледидардан мүлдем қарауға тұрмайтын жат нәрселерді қарап, өзіне қажет емес ақпараттарды алары анық жағдай. 12 жастан асқан бала отбасында ата – ананың оң қолы ретінде барлық шаруаға дерлік қабілетті болғаны жөн. Қазіргі уақытта ата – ана емес бала талап қоюға бейімделген. Ал, ата – ана сол мүмкіндікті балаға неге беретінін түсінбеймін. Ата – ана баланың алдындағы өз міндетін жоғары деңгейде атқарып отырса, әр нәрсені өз орнымен орындап, содан соң балаға талап қойса, ешбір бала қойылған талаптан бұлтармайды. Егер бала талап қояр болса, онда бұл талап тек баланың қажеттілігін қанағаттандыратын деңгейде ғана орындалуы тиіс. Бала талабын жеткілікті деңгейде орындау дұрыс емес. Есін білетін баланың бәрі тұрмыс жағдайында адам баласына қажет болатын әрбір нәрсенің қайдан, қалай, қанша еңбектің, қаржының арқасында келіп жатқанын оның құнының өтелуі тиіс екенін ұғынып өсу керек. Үлкендер кішілерге, аяқ астында тегін жатқан нәрсенің жоқтығын, оның бәрі тек еңбек арқылы келетінін, бала санасына жеткізіп отыруға міндетті.

«Ана» – ол өте терең ұғым. Ана болу ол тек дүниеге бала әкелу ғана емес, ол бала тауқыметін налымай көтеріп, балаға саналы тәрбие бере білу. Баланы дүниеге әкеліп, оны анасыз баладан да қиын өмір азабына салатын болса, ондай адамды ана деуге болмайды. Ол тек көп әйелдің бірі ғана. Әр баланың анадан күтері көп. Ең бірінші сәби анадан мейірім, жылылық күтсе, есейе келе ана тарапынан марапат, өмірде кездескен әр сұрағына жауап күтеді. Біз аналар баланың ойлағанынан да жоғары деңгейде ойлауға тырысуымыз керек. Сонда ғана бала қиялындағы ғажайып, данышпан ана бола аламыз. Бала тәрбиесіне көбірек назар аударайық құрметті ата – аналар! Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Білімді, саналы, қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ол біздің қолымызда. Бала бақыты ол өміршең ата – ана. Баланы бақытқа бөлейтін ол ана мейірі мен әкенің қатқыл қабағы.

Бала тәрбиелеудің 9 өсиеті.

Әр ата-ана «баланы қалай тәрбиелеу керек?» деген сұраққа жауап іздейді. Баланы қалайша тәуелсіз, бірегей, мақсатты және жинақы етіп тәрбиелеуге болады? Бала тәрбиесі ауыр да үздіксіз еңбек екенін бәріміз де білеміз. Сондай-ақ, бала біреуге қарап еліктейтіні айдан анық. Сондықтан да, ата-аналар бала үшін ең бірінші «модель» болады. Мысалмен айтатын болсақ, әкесі баласына: «Тамақ ішпес бұрыс қолыңды жу» деп, өзі жұмыстан келген бетте сол талапты орындамаса, балаға қанша ұрысқанымен ол әкесінің жасағанын / жасамағанын істейді. Бұл кезде тәрбие берудегі қақтығыс – «ережелік» талап ету мен нақты іс-әрекеттің сай келмеуі пайда болады. Осы қайшылық түсінбеушілік пен қарсылықты туғызады. Әрине, әр отбасының бала тәрбиелеудің өз түсініктері бар. Бірақ, тәрбие берудің қандай тәжірибелері бар екенін көру қызықты болады деп ойлаймын. «Үй энциклопедиясы» деген кітаптан оқып алған бала тәрбиелеудің 9 өсиеті сіздерге де қызықты да пайдалы болады деген оймен осында жазуды жөн көрдім.

Ата-аналарға арналған бала тәрбиелеудің 9 өсиеті

  1. Балаң өзіңнің көшірмең болады деп күтпе. Оған қоса, сенің қалауың дағды болады деп күтпе. Тәрбие бала үшін СЕН болуға емес, өзіндік ЕРЕКШЕ болуға көмектесуі тиіс.
  2. Барлық жасаған іс-әрекеттер үшін балаңнан құн сұрама: сен оған өмір сыйладың, ол қалайша саған алғысын жеткізе алады? Ол басқа адамға өмір сыйлайды, бұл алғыстың қайтымсыз заңы.
  3. Тәрбиелеу процессінде бар өшіңді балаңнан алма, өйткені не ексең, соны орасың.
  4. Баланың проблемаларын түкке тұрмайтын деп асқақтап қарама: өмір ауыртпалығы әр адамға күшіне байланысты беріледі, сондықтан да, баланың жүгі сенікімен бірдей болады. Мүмкін сенікімен ауырлау да шығар. Өйткені, баланың әлі дағдысы қалыптаспаған.
  5. Тәрбие беруде баланы мұқатып кемсітпе.
  6. Өз балаңа бір нәрсені жасай алмасаң, ол үшін өзіңді қорлама. Бірақ жасау қолыңнан келіп, жасамасаң – қорла.
  7. Бала үшін барлық жағдай жасау – тәрбие берудің ең маңызды заңдылығы. Осыны ұмытпа!
  8. Біреудің баласын сүйе біл. Басқа біреудің баласына өз балаңа жасамайтыныңды жасама.
  9. Балаң дарынсыз, қырсық, ересек болса да, оны сүйе біл; балаңмен қарым-қатынаста қуануға ұмытпа, өйткені балаңмын жанында болу – бұл сенімен өмір бойы бола бермейтін мереке уақыты.

Айтылғандардың бәрінен мынадай тұжырым шығаруға болады: балалар бұл өмірге үлкендердің тәрбиесін алу үшін ғана емес, балалар БІЗДІ де тәрбиелеу үшін дүниеге келеді. Ата-аналар өз балаларын жақсылыққа тәрбиелеу барысында өздері де жақсы бола бастайды. Бұл тәрбиелеудің негізгі мақсаты.

Отбасындағы ері мен әйелі жұмысына, баласына, теледидарға, интернетке, соңыра келгенде жеке қызығушылықтары мен хоббилеріне көп уақыт жұмсайтындықтан, бірбіріне тәулігіне тек 4-ақ минут уақыт бөледі екен.

  • Күйеуі мен әйелінің бірі көзіне шөп салған жағдайда 75 пайыз отбасы ажырасып кетеді.
  • Италиялық жұп үйлену тойы кезінде шыныаяқ сындырады. Бокал сынықтары қаншаға бөлініп түссе, сонша жыл бірге бақытты ғұмыр кешеді деген сенім бар.
  • Адамның білімі оның некелескен жасына тәуелді болады. Білімді адамдар сондықтан да кеш отау құрады.
  • Бірінші некеде жұптардың 5 жыл ішінде ажырасып кету қаупі 20 пайызды құрайды, бірақ олар заңды түрде некелеспеген болса бұл қауіп 49 пайызға дейін өседі.
  • Үйленген еркек бойдаққа қарағанда толық болып келеді. Егер күйеуі толық болса әйелінің де семіздікке шалдығу қаупі 37 пайызды құрайды.
  • 2008 жылы жасалған зерттеу қорытындысы бойынша, бақытты неке тек балалары өсіп, өз алдына отау құрғанда бір-ақ сезіле бастайды-мыс. Ал егер балалары өсіп келе жатқан кезде әйелі мен ері жиі ұрсысатын болса, балалары бөлек шыққан соң жағдай тым қиындап кетеді екен.
  • Өздерін бақытты жұп санайтындардың 81 пайызы қарым-қатынастарына ата-енелері араласпайтынын айтқан. Ал 38 пайызды құрайтын бақытсыз жұптардың ісіне атаенесі араласпайды.
  • Сауалнамаға қатысқан жұптардың 60 пайызы да сүйіктілерінің көзіне шөп салғанын мойындаған. Бұл жағдай көбінде 25-39 жас аралықтарында байқалған.
  • Барлық қабылдайтын ақпараттың жеті ғана пайызын екінші жұбуымыздан естиді екенбіз. Оның 37 пайызын дауыс ырғағынан, ал 55 пайызын іс-әрекеті бойынша қабылдаймыз.
  • Егер ер мен әйелдің міндеттері дұрыс қойылып, дәстүрлі түрде ері асыраушы, ал әйелі үй жағдайына жауап беретін болса – бұған еркектердің көңілі тола бермейді. Ал әйелдер осы дәстүрмен өмір сүруді дұрыс көреді.
  • 15 жылға созылған зерттеудің қорытындысы бойынша, адам баласы некелескен соң бақытты болу деңгейі жоғарылап кетпейді. Сондықтан да адамның жан дүниесі сырты факторларға байланысты бола бермейді екен.
  • Сұралған жұптардың 90 пайызы бірінші бала тапқаннан кейін өз некесіне көңілі толмайтынын айтқан.
  • Жұптардың бақытты болуы олардың өз отбасыларында нешінші бала болуына тікелей тәуелді дейді мамандар. Бақытты жұп болуы үшін күйеуі тұңғыш бала болып, ал әйелі кенжесі болуы керек немесе керісінше болса да болады-мыс. Ал отбасында жалғыз бала болғандардың некесі тұрақсыз саналады.
  • Көпшілік ұлттардың үйлену салттарындағы сүйісу шарасы ежелгі Рим дәстүрінен тамыр жайған. Ежелгі Римдіктер сүйісу арқылы келісімшартқа таңба басуды меңзеген.
  • Ежелгі Грекияда (біздің ғасырымыздан бұрын VII ғасыр) бойдақтарды қоғамдық жұмыс орындарына отырғызбаған. Ал Спартада (біздің ғасырымыздан бұрын І ғасыр) үйленбеген, баласы жоқ еркектер көпшіліктің құрметіне ие бола алмаған. Ал ежелгі Римде Август императоры үйленуді міндеттеп, үйленбеген дерді жазалау туралы заң шығарған.
  • Некеде қалыңдықтың киетін ақ көйлегін оның қалыңдық құрбыларына да кигізетін болған. Осы арқылы қалыңдық ұрлайтындарды алдаған екен.

Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады (қараңыз азаматтық неке). Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік, өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).

Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеде ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді. Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай-ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік береді. Ерлі-зайыптық қатынастар, әдеттегідей ғұмырлық, яки некеге тұру белгілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады. Қазақстанда мемлекеттік АХАЖ органында тіркелген неке ғана неке деп танылады. Қазақстанда некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығынан қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады. Ерлі-зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол берілмейді.

Некеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жету болып табылады. Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады. Соның өзінде ата – аналарының немесе туыстарының келісімі талап етілмейді. Дей тұрғанмен, қай жағынан алып қарағанда да ата – анасының құптауы болашақ отбасы үшін өте маңызды екендігі күмәнсіз. Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш – қуат кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас. АХАТ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата – аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді себептердің қатарына жатады. Соның өзінде басқа да дәлелді себептердің болуы мүмкін. Некеге тұратын адамдар медициналық, сондай – ақ медициналық – генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультациялар алып, тексеруден өтулеріне болады. Мұндай тексерулер некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана өткізілуі тиіс. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медициналық құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін. Болашақ ерлі – зайыптар АХАТ органына өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде мәлімдеуі керек.

Ал олардың біреуі АХАТ органына бірге өтініш беру үшін келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда қалай істеу керек? Егер ол дәлелді себептермен АХАТ органына келе алмайтын жағдайда ол адамдардың некеге тұруды қалайтындықтары жөніндегі нотариус куәландырған өтінішін табыс етуге заң рұқсат береді. Некеге тұратын адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік АХАТ органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілдер арқылы қиюға тыйым салынады. Қамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік тіркеу АХАТ – та емес, бас бостандығын айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі. Заңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ ерлі – айыптылардың жақын туыстығы, некеге тұрушылардың біреуінің іс әрекетке қабілетсіздігі, сондай – ақ бала асырап алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Амонашвили Ш.А. Личностно-гуманная основа педагогического процесса. М.: «Университетское», 1990.
  2. Гребенников И.В. Основы семейной жизни. М.: «Просвещение», 1991.
  3. Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. – А., 1985.
  4. Пинт А.О. Это вам, родители. М.: «Знание», 1971.
  5. Тажибаев Т. Философские, психологические и педагогические взгляды Абая Кунанбаева. А-А., 1957.
  6. Коменский Я.А. Избранное педагогическое сочинения / Под ред. А.И. Пискунова и др. – М.: «Педагогика», 1982.
  7. Жумадуллаева А. Отбасы некелік тәрбие негіздері. – Алматы, 2007.
  8. Баланың құқығы туралы конвенция. Алматы: «Дәнекер», 2000.
  9. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Алматы., 1999.
  10. Әсемжанова З. Менің отбасым – менің үйім. // Бастауыш мектеп журналы 2005, № 9, 25-26 б.
  11. Әтемова Қ. Қазақ отбасындағы тәрбие үрдісі. // Қазақстан мектебі, 2006 №1.
  12. Азимов М. Жанұя ықпалы // Бастауыш мектеп журналы, 1998 № 6, Б. 12-13.
  13. Капустин Л.М. Работа школы с родителями. – М., 1983.
  14. Сухомлинский В.А. Балаларға жүрек жылуы. – А.: «Мектеп», 1973.
  15. Керимов Л. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. –А., 1990.
  16. Назарбаев Н. Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады // «Егемен Қазақстан», 11 қазан, 1997.
  17. Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. –А., 1985.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.