Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқушыларды жан –жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігі

Авторлар туралы мәліметтер. Жайлаубек Назерке Даулетказиновна – педагогика магистрі, Қазақстан Американдық еркін университетінің оқытушысы, Саданова Жанар Кабыкенкызы – педагогика магистрі, ҚазақстанАмерикандық еркін университетінің аға оқытушысы.

Аннотация. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында: «... Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет. Бүгіннен бастап, ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» деген болатын.

Өскелең ұрпақтың рухани жан-дүниесін білім нәрімен сусындатып, халқының ерте заманнан жинақталған асыл мұрасымен байытып, ұлттық дәстүрлердің озық үлгілерін санасына сіңіріп, Абайша сөйлесек, «көкірек көзін оята тәрбиелеу» ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып атсалысатын жауапты міндеттердің ең бастысы. Осы тұста Мағжан Жұмабаев былай дейді: «Әрбір ел келешегіне қызмет етуге негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебінде салмақ. Бір елдің тағдыры мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе. Бұл ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық. Тарихты аз ғана болса да ақтарған кісі мұны біледі. Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, сау, берік, һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт». Келешек ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде, жаңа заманда көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматты тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі үдеріс болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде көптеген ойшылдар мен ғалымдар өз үлестерін қосқан.

«Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан – жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан – жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл – ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек».

Жеке тұлғаны жан – жақты дамыту идеясы ертедегі Грек мемлекетінде пайда болып, өткен дәуірдегі алдыңғы қатарлы прогресшіл ойшылдарды терең толғантты. Педагогикалық және философиялық еңбектерден «жан – жақты дамыту» идеясы туралы көзқарастар қайта өрлеу дәуірінен бастау алғанын байқаймыз (ХV-XVI ғ.ғ.). Олардың негізінде дене және рухани сұлулықтың үйлесімді дамуын айта келе, оған жету тек адамдардың өнермен, гимнастикамен айналысуы жағдайында ғана жүзеге асады деп дәлелдейді. Бұндай көзқараста еңбек қызметінің маңызы қарастырылмаған. Себебі, еңбек қызметі тек құлдарға ғана тәуелді болған.

Аристотельдің көзқарасында дене, адамгершілік және ақыл – ой тәрбиесі тұлғаның жан – жақты дамуы ретінде қарастырса, қайта өрлеу дәуірінде гуманисттер Витторино да Фельтре, Ф. Рабле, М. Мантень, Э. Роттердамский жан – жақты идеясын дамыта отырып, тұлғаның эстетикалық дамуы қажеттілігіне назар аударады. Кейіннен жеке тұлғаның жан жақты үйлесімді дамуы жайында пікірлер социал утопистер Томас-Мор, Т. Кампанелла, Р. Оуэн, Сен-Симон еңбектерінде де дұрыс көзқарасқа әрі толық мазмұнға ие болды. Олар қоғамның барлық мүшелері қатысқан еңбек пен оқытудың бірлігін жан – жақты даму деп қарастырды. Бірақ та қанаушы тапқа бөлінген қоғам жағдайында бұл ойды жүзеге асыру мүмкіндігі болмады. Сондықтан да бұл арман утопистік сипатта қала берді.

XVIII ғасырдағы француз философ ағартушылары Гельвецию және Дидро еңбектерінде бұл ойдың негізіне ақыл – ой мен адамгершілік тәрбиесін қарастырды. Ж.Ж. Руссо бұл пікірге терең талдау жасап, табиғатпен дұрыс қарым – қатынас жасай білетін барлық балаларды еңбекке тарту қажеттігі жайында өз пікірін уағыздайды.

Жан – жақты дамыту идеясын орыстың революцияшыл демократиялық педагогикасының негізін қалаушылары Н.Г. Чернышевский мен Н.А. Добролюбовтар да қолдады. Н.Г. Чернышевский тәрбиенің мақсаты жайлы – қоғамдық идея жағынан ұстамды күрес адамын, революционерді тәрбиелеу, халық мүддесін ойлайтын «азаматтық істерге» араласа алатын, адал ниетті адамдар тәрбиелеу деп жаңа қоғам үшін күрескерлерге қажетті қасиеттер жөнінде өз көзқарасын білдіреді.

Жеке тұлғаның жан – жақты дамуын қалыптастыру дегеніміз:

  • отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға дайындығын, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін, еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу;
  • ғылым, мәдениет, техника саласындағы білімдер жүйесін және өндірісті ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу;
  • адамгершілік қасиеттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;
  • еңбекте адал қарым – қатынасын, қоғам игілігі үшін материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек адамын құрмет етуге тәрбиелеу,
  • әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан ажырата білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу,
  • денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене шынықтырумен (спортпен) үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу;
  • табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам өмірінің бастауы – жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау, қастерлеу, сақтау рухында тәрбиелеу, т.с.с.

Қазіргі кезеңде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Әлемдік бәсекелестік заманда әрбір адамның білім санасын, қабілеттілік деңгейін, іскерлік мүмкінділігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып отыр, яғни адамның білімі мен біліктілігі қазіргі заманда мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналды. Сондықтан көптеген елдер бәсекеге қабілетті қоғам үшін адам ресурстарын дамыту, әсіресе оның қабілетін арттыру сияқты арнайы бағдарламалар қабылдауға кірісті. Сондықтан да, үздіксіз білім беру жүйесінің басты міндеті – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бұл әлеуметтік педагогикалық міндетті орындау үшін тәрбие жұмысымен тікелей айналысушылардың жүргізетін тәрбие мазмұны қоғамның бүгінгі талабына сай болуы керек. Жалпы білім беруде мектеп өзінің міндетін толық атқару үшін, қоғамның оған қоятын әлеуметтік сұранысын ескере отырып, тәрбие мазмұнын жақсарту үшін мектеп пен жанұяның бірлігін қамтамасыз ету қажет.

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында «әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымызбен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткенде қандай күйде көргіміз келеді» делініп, ұрпақ тағдыры мен мемлекет тағдыры қатар қойылған. Демек, балаға дұрыс бағыт беретін үлкен мықты тәрбие ошағы – отбасы болып саналады.

Отбасы тәрбиесі мәселелері Шығыстың ұлы ойшылдары Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қ. Иассауи, М. Қашғари, классик педагогтар Я. Коменский, К. Ушинский, И. Песталоцци, қазақ ағартушылары Абай Құнанбаев пен Ы.Алтынсарин еңбектерінде, кеңес педагогтері В. Сухомлинский, А. Макаренко, Н. Крупская, қазақ зиялылары М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов және т.б. еңбектерінде кеңінен орын алады. Бүгінде отбасы тәрбиесі мәселелері қазақстандық ғалымдар С. Ғаббасов, Р. Қоянбаев, Г. Байделдинова, В. Лысенкова, Р. Төлеубекова және т.б. тарапынан зерттелініп келеді.

Ал мектеп пен жанұяның бірлігі мәселесі бойынша Гиппенрейтер Ю.Б., Дереклеева Н.И., Карнеги Д.Кипнис М., Минияров В.М., Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А., Хухлаева О. еңбектерін атап көрсетуге болады.

Біз зерттеу барысында мектеп пен жанұяның бірлігі негізінде оқушыларда жанжақты тәрбиелеуде балалардың ерекшеліктерін, даму өзгешелігін зерттеген психолог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, оларды әлеуметтендіруде “әлеуметтік–педагогикалық” білімдермен, жұмыстар жүйесінің, ақпараттық көмектің қажетті екендігін көре алдық.

Бұл мәселенің нақты зерттелуіне келер болсақ, Б.Т. Лихачев, Е.В. Стребелова, Н.М. Михайлицкая, А.И. Прихожин, Н.Н. Толстыхтың және т.б. еңбектерін негізге алуға болады.

Ата-аналарға, жұртшылыққа жүйелі педагогикалық білім беретін ата-аналар университеттері және халық университеттерінің жанынан педагогикалық факультеттер ұйымдастырылады. Университеттерде оқу мерзімі екі жыл. Оқу сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Университетке түсетін адамдар мектеп жанындағы ата-аналар комитеті арқылы қабылданады. Университетке түскендер педагогика, балалар психологиясы, жас ерекшелік физиологиясы, мектеп гигиенасы мәселелерінен және халықаралық жағдайдан, өнер, медицина, құқық және заң тақырыптарынан дәрістер тыңдайды, семинарларға қатысады, рефераттар жазады.

Университетті тыңдаушылар бірінші оқу жылының аяғында сынақтар, ал екінші оқу жылының соңында емтихан тапсырады. Университетті бітіргендерге куәлік беріледі.

Мектеп тәжірибесінде озық ойлы шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер ата-аналармен жұмыс істеу барысында жоғарыда аталған дәстүрлі формалардан басқа бейдәстүр формаларында қолданады.

Дегенмен де мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынасының нәтижелі болуы көбінесе педагогикалық тұрғыдан дұрыс таңдалған қарым-қатынас пен өзара әрекет формасына байланысты. Олардың негізіне міндетті түрде 5 жағдайды ескеру қажет:

  1. Оқушыға қатысты жағымды қарым-қатынастың болуы. Мұндай жағдай, тіпті қиын оқушыға да қатысты болуы шарт.
  2. Мұғалімдердің ата-аналар тарапынан болатын кеңестеріне өте мұқият назар аударуы.
  3. Оқушы тұлғасында пайда болған жағымсыз құбылыстың себебін бірлесіп анықтау, талдау және оны жоюдың тәсілін бірге қарастыру.
  4. Оқушы тұлғасына немесе сынып ұжымына нәтижелі әсер етудің формалары мен тәрбиелік ортасын табуда бірлесе іс-қимыл көрсету.

Мұғалімдердің ата-аналарымен қарым-қатынасында педагогикалық әдептің, этиканың қатаң сақталуы.

Сөйтіп «Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігі» тақырыбындағы жүргізілген зерттеу жұмыстары төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

  1. Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігі теориялық тұрғыдан негізделді;
  2. Оқылып, зерделенген ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен педагогикалық зерттеулердің нәтижесі «оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігі» ұғымының мәні ашылды;
  3. Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігінің мүмкіндіктері айқындалды;
  4. Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысын ұйымдастырудың практикада қолданыстағы тиімді жолдары белгіленді;

Біз өзіміздің бұл еңбегімізде төмендегі педагогикалық мәселелерді зерттеуге мұрындық болар деген мақсат пен пікірдеміз. Тәрбие мазмұнының мәніне арналған төмендегі пікірлерімді ұсынамын:

  1. Тәрбие барысында Егеменді Республикамыздың және оның аймақтарының әлеуметтік – экономикалық даму деңгейінің маңыздылығын ескеру;
  2. Мемлекеттік тіл – қазақ тілін жан-жақты терең игеретін жаңа тәрбие мазмұнының бағдарламасын нақтылау қажеттілігі;
  3. Халқымыздың педагогикалық ойлары мен педагогика тарихының келелі мәселелері белгілі бір жүйеге келсе және мұны қарауға мұғалімдер ата-аналардың да өмірлік тәжірибелерін зерттеп жүйелей отырса;
  4. Қандай халықтың болмасын өзіне тән ана-тілі, жаратылыс болмысы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті, өнері бар. Осы педагогикалық мәнді құбылыстарды ата-аналар арасында насихаттау мұғалімдердің оқытушылық қызметінің құрамдас бөліміне айналса педагогикалық жұмыс нәтижесін беретіндігіне ешбір күмән жоқ.
  5. Болашақ мұғалімдерді дайындау барысында тек ғана жеке пәндерді оқытумен оның әдістемелерін үйретумен жүктелмей педагогика кафедрасы ата-аналарының педагогикалық әдістемелік шеберлігін арттыруға арналған арнайы пәндік оқу енгізсе өте дұрыс болар еді.

Ата-аналармен ұйымдастырылатын педагогикалық жұмыс мазмұнының тиімділігі төмендегідей міндеттерді шешеуге байланысты демекпіз:

  • Ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір қасиетін қалыптастыру, яғни туған елін сүюге тәрбиелеу;
  • Жер тағдыры мен ел тағдырының табиғат пен адам өмірінің бірлігін терең сақтайтын жер, су, ауа, ғарыш әлемінің қадірін бағалай білетін, табиғатты аялай оны қорғай алатын азаматты тәрбиелеу, яғни экологиялық тәрбие беру;
  • Эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа тәрбиелеу, тазалыққа үйрету;
  • Мемлекеттік заңдарды білу және оған сый-құрметпен қарау оны жүзеге асыруға дайын және ынталы болу, қоғамдық тәртіптің заң ережелерін бұзушылыққа төзбестік білдіру, құқықтық тәрбие беру;
  • Еңбектің адам өміріндегі мәні мен мазмұнын түсіндіру, еңбек дағдысын баланың бойына жастайынан сіңіру;
  • Жас ұрпақты кішкене күнінен үй болуға, шаңырақ көтеруге, яғни ұл бала мен қыз баланы құрметтеуге, қыздарды ұл балалардың алдында иба сақтауға үйрету, адамгершілік имандылық тәрбие беру;
  • Ұлттық ойын, дене шынықтыру түрлерін кең қолдана отырып жастарды дене тәрбиесі қажеттілігіне дағдыландыру;
  • Халқымыздың ерлік жауынгерлік тарихын, өз жерін, өз елін қорғай алатын елжанды, ұлттық намысы мол жігерлі азамат тәрбиелеу;
  • Басқа ұлттардың өкілдері мен жастардың өзара сыйластық, достық негізінде өмір сүруіне ықпал жасау, ұлтаралық қатынастардың жақсы дәстүрлерін үйрету.
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Назарбаев Н. Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы // «Егемен Қазақстан», 11-қазан, 1997.
  2. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. «Рауан», 1993.
  3. Хухлаева О. Активные формы групповой работы с родителями // Школьный психолог. – 2006, №19.
  4. Лихачев Б.Т. Формирование нравственно-эстетического отношения к действительности // Сов. педагогика, 1981, №2.
  5. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: «Мектеп», 1992.
  6. Аристотель. Избранное
  7. Чернышевский Н.Г. Таңдамалы шығармалары. VII том 7
  8. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Астана, 1998.
  9. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: «Рауан», 1992.
  10. Асанова Г. Отбасы – бастапқы тәрбие мектебі // Қазақстан мектебі №1, 2007 ж.
  11. Капустин Л.М. Работа школы с родителями. –М., 1983.
  12. Сухомлинский В.А. Балаларға жүрек жылуы. – А.: «Мектеп», 1973.
  13. Керимов Л. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. – А., 1990.
  14. Назарбаев Н. Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады // «Егемен Қазақстан», 11 қазан, 1997.
  15. Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. – А., 1985.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.