Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Копинг стратегияның психология ғылымында қарастырылуы

Автор туралы мәліметтер. Байтемирова Каракат Берикхановна аға оқытушы, «Педагогика және психология» магистрі ҚАЕУ.

Аннотация. Бұл мақалада копинг стратегияның психология ғылымында қарастырылуы, стратегия классификациясы, копинг-стратегияның мазмұны сипатталып жазылған. Мақалада классикалық және қазіргі отандық және шетел әдебиетінің негізінде мінез-құлық копинг-стратегиялары ұғымы қарастырылып, копингті түсінудің тұрғыларына талдау жасалған. Копинг-бұл жағдаяттың өз логикасына, психологиялық мүмкіндіктеріне және оның адам өміріндегі маңызының өзара әрекеттестігіне сәйкес қолданылатын жеке даралық тәсіл екендігі және копинг-ресурстардың күйзелістерге бейімделуді қамтамасыз ететіні теориялық тұрғыда негізделген. Теориялық мәліметтерді талдау барысында болып жатқан жағдайдың белгісіздігі адам үшін шынайы жағдаяттық көрініс болуы мүмкін екендігі анықталды, өйткені адамның осы типтес өмірлік жағдаяттардың шешімін табуда тәжірибесінің жоқтығы және дағдыларының болмауы оның тұлғалық ерекшеліктерімен субъективті түрде байланысты болады.

Копинг-стратегия (ағылшын тілінен аударғанда to cope with-қандай да бір жағдайды басқара білу, жеңе алу, шығу жолын таба білу қабілеті) –адамның өмірлік қиын жағдайлардан шығудың қажетті тәсілін қолдану болып табылады. «Копинг» түсінігі (ағылшын тілінде coping) бала дамуының дағдарыстарын зерттеуде алғаш рет психологиялық әдебиеттерде 1962 жылы пайда болды. 4 жыл өткеннен кейін 1966 жылы Р. Лазарус өзінің «Психологиялық стресс және оны игеру үрдісі» атты еңбегінде «копинг» түсінігін әртүрлі жағдайлар негізінде қалыптасқан стресстерді жеңу үшін саналы түрде қолданылатын тәсіл деп сипаттама берген. Ол копингті «адамның шамадан тыс ресурсы ретінде бағаланатын ішкі немесе сыртқы спецификалық талаптармен күресудегі когнитивті және мінез-құлықтық аумақта жүретін үзіліссіз өзгермелі қадам» ретінде қарастырды [1].

Копинг түсінігінің мазмұны қоршаған орта мен адамның өзара әрекеттесуі жағдайындағы талаппен сәйкестену үшін, индивидпен қабылданатын когнитивті және мінез-құлықтық күш болып қалды. Индивид стресстік жағдайға ырықты және ырықсыз түрде әсер ете алады. Ырықсыз реакциялар – саналы бақылауды талап етпейтін, бірнеше рет қайталанған және нәтижелі, оңтайлы меңгеру арқылы үйренген, сондай-ақ темпераменттегі жеке дара айырмашылықпен шартталған [2].

Адамдар әдетте стрессті жеңудің 3 түрін қолданады:

  1. Бағалауға бағытталу.
  2. Мәселеге бағытталу.
  3. Эмоцияға бағытталу.

Белгілі бір жағдайларда бағалауға бағытталуда индивид, мысалы; мәселелерде қандай да бір сұрақтарда өзінің пікірін өзгерту арқылы шығады. Адам өздерінің пікірін құндылықтар мен мақсаттарды өзгерту арқылы, мысалы юмор сезімі арқылы жағдайдан шығудың жолын табады. Мәселеге бағытталу осы туындаған мәселенің себебін анықтау үшін қолданылады. Ол үшін жаңа дағдыларды игеру мен ақпаратты іздеу маңызды. Эмоцияға бағытталу – эмоцияны ұстай білу, жағымсыз сезімдерді бақылай алу, сондай-ақ рахаттану мен босаңсудың тәсілдерін тұрақты қолдану. Адамдар осы 3 тәсілді уақыт көлемінде меңгеру механизмдерін түрліше қолданады. Ер адамдар көбінесе мәселеге бағытталса, әйел адамдар эмоцияға бағытталуды жөн көреді. Мәселеге бағытталуға негізделген меңгеру механизмі мәселеден үлкен бақылау алуға мүмкіндік береді, ал эмоцияға бағытталу бақылаудың жартылай төмендеуіне әкеледі [3].

Копинг-стратегия және қорғаныс механизмі тұлғада әр түрлі психологиялық дәстүрлер шекарасында дамыды, олардың арасындағы айырмашылық пен өзара байланыс мәселесі өте маңызды болып табылады. Жоғарыда аталғандай осы жағдайда копингтер саналы және ырықты әрекет ретінде анықталады және копингтен қорғаныс механизмдерінің айырмашылығы – ол саналылық. Көптеген анықтамаларда айырмашылықтар әр түрлі сипатталады. П. Крамер қорғаныс механизмі мен копингстратегиясының айырмашылығын көрсететін екі негізгі критерийді бөліп көрсетеді: Саналы ( бейсана); Ырықты (ырықсыз).

Осы критерийлердің талдануы нәтижесінде тағы бір критерий ұсынылды: жағдайды қайта қарау (бұрмалануға бағыттылық). Бұрмалану негативті эмоциялардан қашу мақсатында саналанбаған ниеттерден туындаған ұстанымдарды көздейді. Жағдайды қайта қарау – шынайылықты нақты бейнелеу мақсатында, яғни «эпистемикалық нақтылық» мақсатына бағынатын және саналы ниеттерді кері қайтару арқылы туындаған ұстанымдардың өзгеруі. Копинг-стратегияны қолдана отырып адам белгілі бір елестетуді бұрмалайды немесе терістейді. (мысалы: «мен жолы болмайтын адаммын»), егер керекті дәлелдермен ғылыми тұрғыда тексерілетін болса, бұл сипаттама жалған, сондай-ақ дәлелдеуге негізсіз. Копинг-стратегияда адам қателесуі мүмкін, бір жағынан оның іс-әрекеті шынайылыққа жақындау мақсатында басқарылады. Бұл жағдайда мәселе шешімін табатын немесе шешімін таппайтын болса да, мәселе ретінде мойындалады [4].

Қорғаныс механизмінде адам шынайылықты «тексермейді», теріс эмоцияларды ығыстыру мақсатында оған тәуелсіз өз жағдайын өзгертеді. Осы көзқараспен келіссек, эмоцияға бағдарланған копинг бірыңғай түсінік емес. Бір жағынан негативті эмоцияларды азайту, мәселені шешу немесе мәселемен байланысты феномендерді өзіне қосады. Оған: классикалық қорғаныс механизмдері қатысты–терістеу, басу, рационализация т.с.с. Басқа қырынан алып қарағанда, оған мәселені қабылдау және сонымен байланысты эмоцияларға бағытталған копинг-стратегияның өзі жатады.

Анағұрлым жіктелген, әдістемелік жағынан ұқсас ықпал Р.И. Абитовтың жұмыстарында ұсынылған, мұнда мақсат ерекшелігі ретінде (бейімделу, жағдайдың ыңғайлылығы) келесі салыстыру параметрлері бөлінеді: бейімделу сипаты (белсенді, енжар), саналану деңгейі (жағдайдың саналанған өзгерісі – қысымға санасыз әсер ету), түзету мүмкіндігі (үйрету, саналау). Копинг-стратегия мен қорғаныс механизмдерінің қатынасының мәселесін Дж. Вэйллант ұсынды. Оның көзқарасы бойынша кең түсінікте копингстратегияның үш класын бөліп қарастырады.

Стратегияның бірінші тобына басқа адамдардан қолдау немесе көмек алумен байланысты әлеуметтік қолдауды іздеу.

Екінші топқа Р. Лазарус пен С. Фолкманның дәстүрлі түсінігіндегі копинг-стратегия кіреді, және адамның өмірлік қиын жағдайда қолданатын саналанған когнитивті стратегиясы қатысты болып табылады.

Үшінші топқа стрессті төмендету мақсатында ішкі және сыртқы шынайылықты қабылдауды өзгертетін ырықсыз психикалық механизмдер жатады, яғни бұл жерде стресс жайлы жалпы ақпарат Г. Селье бойынша стресс анықтамасы былай: стресс бұл кез келген сыртқы талаптарға ағзаның бейспецификалық реакциясы.

Стресс – организмнің күшті әсерлерге реакциясы, ол өз табиғаты бойынша стресстік жауап – зақымдаушы факторлар әсер еткенде организмнің тұрақтылыққы (резистентікке) жету әдісі. Сонымен қалыпты дені сау организмде қолайсыз факторлармен күресуге бағытталған механизм бар. Сол қолайсыз фактор әсерінен организм өліп кетуі де мүмкін. Бұл механизм – стресс-реакция немесе жалпы бейімдеу синдромы деп аталады [5].

Стрессорлар дегеніміз стресс реакциясын тудыратын сыртқы және ішкі ортаның барлық факторлары, оған мыналар жатады:

  1. Қоршаған ортаның зиянды күшейткіштері (физикалық және химиялық, факторлар).
  2. Ағзадағы инфекциямен (жұқпалы аурулар) қоса әр түрлі аурулардағы физиологиялық процестердің бұзылуы.
  3. Уақыт жетіспеген жағдайда жұмыс істеу, ақпаратты жылдам өңдеудің қажеттілігі.
  4. Өзінің және басқаның өміріне қауіп төнген уақытта жұмыс атқару.
  5. Тіршілікке қауіптілікті сезіну.
  6. Үйреншікті өмір салтынан айырылу, бөлініп шығу.
  7. Жеке басына топтық қысым көрсету, қуғындау.
  8. Оқиғаны бақылау мүмкіндігінің болмауы.
  9. Өмірде мақсаттың болмауы.

Сыртқы әсерлердің (тітіркендіргіштің) болмауы (сенсорлы депривация).

Стресс түрі бойынша жедел және созылмалы деп бөлінеді. Жедел түрі кезінде қорғаныс механизмі тітіркендіргіш әсер еткенде стрессор қысқа уақытқа созылады. Созылмалы кезінде күйзеліс туғызушылар ұзақ әсер етеді. Сондықтан оған реакция және қорғаныс механизмінің өзіндік ерекшелігі бар.

Сонымен қатар стресстерді физикалық (физикалық, химиялық, биологиялық фактор әсер еткенде) және эмоциялық (теріс эмоцияны тудыратын психологиялық фаторлар) деп те бөлінеді. Стресстің белгілері стресске әлеуметтік жағдайға және қызмет түріне байланыссыз барлық адамдар ұшырайды. Осыдан Дж. Вэйллант «психикалық механизмдердің» ішінен қорғаныстың бейімделгіштігі жоғары деңгейін бөледі, мұнда антиципация, альтруизм, басу және сублимация. Бұл бейімделгіштік механизмдері біріншіден адамның қанағаттануы көзқарасымен анағұрлым эффективті, екіншіден елестету және оның салдары, өз сезімдерін саналау мүмкіндігін болжайды.

Көптеген жағдайларды нәтижеге негізгі ықпал жасауда копинг-стратегияның алғашқы екі тобы әсер етеді, копинг-стратегияның үшінші тобы үш негізгі қасиетке ие: олар өзгеруі мүмкін емес және шынайы өмірде өзгерісті туындатуы мүмкін жағдайларды реттеуге мүмкіндік беретін әлеуметтік мүдде мен білімге тәуелді емес. Бейімделгіштік механизмін қолдану денсаулық жағдайының нашарлауымен байланысты ғана емес, сонымен қатар субъективті денсаулықтың кепілі (30 жасқа дейін денсаулық жағдайын алғаш бағалаудан кейін) [6].

М. Мак Край мен П. Кост зерттеулерінде меңгерудің анағұрлым эффективті стратегиясын қолдану тұлғалық өзгерістерге ықпал етуді бақылауда төмендетілген жағдайда да бақыт сезімін бастан кешірумен және өмірге қанағаттанумен байланысты стратегияның қайсысы болса да, эффективтілігі таңдау тобындағы барлық қатысушылармен бірдей орташа бағаланды. Зерттелушілер мәселені шешу үшін анағұрлым эффективті деп сенім, қолдау іздеу, рационалды әрекет, сезімдерді көрсету, бейімделу және юмор; «әрекеттену» үшін эффективтілігі төмен болып бағаланған стратегиялар: дұшпандық, шешім қабылдай алмаушылық, фантазиядан кету; стрессті субъективті төмендетуге юмор, қолдау іздеу, стресс нәтижесінде өзін өзі жетілдіру, сенім деп сипаттады. Керісінше, стрессті күшейту жаулық (дұшпандық), шешім қабылдай алмау, өзін-өзі кінәлауды белгіледі.

Эмоцияға копинг-стратегия ретінде күлкінің ықпалын терең зерттеуді Н.Куйпер мен Р. Мартин жүргізді. Олар стресстің жоғарғы деңгейін сирек күлетін адамдарда кездесетін негативті аффекттің басымдылығымен байланысты деп анықтама берді. Көп күлетін адамдардың өмірлік стрессінің күшеюі негативті аффекттің өсуіне әкелмейді. Осыдан басқа, көп күлетін ер адамдарда стресстің күшеюі позитивті аффекттің туындауына негіз болған. Стрессордың деңгейі мен юморы эмоционалды күйінудің алғышартына тәуелсіз болып шықты. Демек, адамда неғұрлым юмор сезімі дамыса, соғұрлым ол стресстік жағдайда эмоционалды күйінуге бейім. Юмор мен күнделікті стресстің деңгейінің өзара әрекеттесуі зерттелінушідегі соматикалық симптомдардың санын анықтауға негіз болады.

Қысым немесе қиын жағдайдағы психологиялық игіліктенудің маңызды алғышартының сапасы копинг-стратегияның екі типімен қарастырылады – мәселеге бағытталған, яғни мәселені белсенді шешуге ұмтылу, және қашқақтау, бұл мәселелі жағдайдан қашу, ушықтыру, кету. Біріншісі екіншісінен қарағанда үлкен көлемде стрессордың психологиялық денсаулығы мен сәтті бейімделуіне байланысты. Осыдан басқа қашқақтау копингі есірткі қолдану мен маскүнемдікке тәуекелділіктің маңызды факторы болып табылады. Дистрессті төмендету мен психологиялық игіліктенудің маңызды факторы копинг-стратегиясының әртүрлілігі. Копинг-стратегияның әр түрлілігінде, әртүрлі емес копинг қолданатын зерттелушілер де стресстің сол бір деңгейіне алаңдайды.

Дегенмен олардың психологиялық игіліктен жоғары болады. С.Ченг және М.Чеунг копинг-стратегияның икемділігінің критерийін болжайды: олардың болжамы бойынша адамдардың стресспен күресе алу, стрессті жеңе білу қабілетінің анағұрлым эффективті болуы әртүрлі туындаған жағдайға байланысты болады (басқарылатын және басқарылмайтын), сонымен қатар адамның жағдайға сай копинг-стратегияны қолдануына байланысты деген [4].

Копинг-стратегия және іс-әрекет эффективтілігі. Бірқатар зерттеулердің көрсетуі бойынша сәтсіз және сәтті спортшылар, студенттер, оқушылар іс-әрекет түріне сәйкес қиын жағдайларды әр түрлі шешеді. Үшінші сыныпта қолдау алу және іздеу үш жыл бойында баланың мектептегі сәттілігін шарттайды, сонымен қатар сары уайымға салынуды төмендетіп және әлеуметтік құзіреттілікті жоғарылатады. Е.А. Шепелева зерттеулерінде оқудағы қиындықпен белсенді күресу стратегиясы (және субъективті мектептегі игіліктен) оқу үлгерімімен байланысты, ал эффективтілігі төмен копинг-стратегия әрекетсіздік және бір іс-әрекеттен екіншіге ауысу – негативтілік ретінде сипатталады.

Басқа қырынан алып қарағанда қатарластарымен қарым-қатынастағы қиын жағдайды шешуге қолданылатын өнімді копинг-стратегия әлеуметтенудің сәттілігімен байланысты; конструктивті копинг-стратегияны қолданатын жеткіншектерді қатарластары адекватты қабылдайды. Т.О. Гордеев пен Е.А. Шепелев Ресей жеткіншектеріндегі оқудағы сәттілік пен копинг-стратегиямен байланысты мінездің анықталған гендерлік спецификасын анықтаған.

Қыздарда қиындықтарды шешу стратегиясы академиялық үлгірмеушіліктің алғышарты, ал ер балаларда қиындықтармен белсенді күресу стратегиясын қолдану оқу үлгерімімен байланысты емес, осыдан барып оның негативті алғышарты «жанама іс-әрекет» стратегиясы болып табылады деп көрсетеді. С. Браун және оның әріптестерінің кәсіби іс-әрекетінің материалында копинг-стратегия іс-әрекет нәтижелілігіне эмоцияның негативті ықпал етуінің модераторы болып табылады. Көбінесе басқа адамдарға негативті эмоцияны шығару, негативті эмоциялардың жағымсыз әсерін күшейтеді. Өзін-өзі бақылау стратегиясы екі жақты әсерге ие. Бір жағынан, негативті эмоцияда негативті эффектті төмендетті, екінші жағынан, іс-әрекет нәтижесіне негативті әсерін тигізді. Мәселеге тұрақталу іс-әрекет нәтижелілігіне позитивті ықпал етеді.

Копинг теориясы: үрдіс-копингісі, мінез-құлық копингісі, копинг-стратегия.

Копинг – бәрінен бұрын адамның стресс кезеңіндегі психоәлеуметтік бейімделуіне индивидумның қолдау көрсетуінің тәсілі. Ол өзіне стрессті күшейтетін жағдайды әлсірету немесе азайту үшін құрастырылатын когнитивті, эмоционалды, мінез-құлықты өзіне қосып алады. Р. Лазарус бойынша копинг-индивидтің мәселені шешуге ұмтылысы, егер қоршаған орта талабы, оның өзін-өзі жақсы сезінуі үшін маңызды болса (мәселен, қауіппен байланысты, сонымен қатар үлкен сәттілікке бағытталған жағдайлар), осы талаптар индивидтің бейімделуге мүмкіндігін белсендендіреді. Осы негізде, копинг мінезқұлық талаптарды қанағаттандыратын ресурстар мен қоршаған орта талаптары арасындағы балансты сақтау немесе қолдау бойынша тұлғаның іс-әрекеті. Бұл тәсіл индивидуумның стресске алаңдаушылығы немесе стресске жауап қайтаруы болып табылады [5].

Вебер мінез-құлық копингісін психологиялық алдын ала қалыптасуы жағдайға адамды барынша, мүмкіндігінше бейімдеу, меңгеру тәсілдерін игеруге көмектесу, талапты жеңілдетуден тұрады деп көрсетеді.

Копингтің міндеті адамның әлеуметтік қарым-қатынасқа қанағаттануы, психикалық және физикалық денсаулығының игіліктенуін қолдау. Тәжірибелік тұрғыда копинг бейімделу үшін индивидуумен қолданылатын стратегия ретінде түсіндіріледі.

Копингті түсінудің негізгі ұғымы – осы үрдісті анықтайтын анықтамалар мен тұжырымдарды іздеу.

Копинг түсінігін үш тұрғыда бөлуге болады. Біріншіден, копингтің бұл анықтамасы тұлғаның қасиеті ретінде қарастырылады, яғни стресстік жағдайға жауап беру үшін тұрақты алғышарт болып табылады. Екіншіден, «копинг» күйзелісті түсіру, төмендету үшін психологиялық қорғаныс тәсілі ретінде, үшіншіден «копинг» индивидуум үшін қиын жағдайды басқаруға бағытталған, динамикалық үрдіс ретінде қарастырылады.

Мінез-құлық копингісі анағұрлым үлкен немесе неғұрлым сәттілігі төмен бейімделуде жетекші және физикалық, тұлғалық, әлеуметтік игіліктенудің адам үшін психологиялық қысым ретінде қабылданатын, әрекеттер стратегиясы ретінде қарастырамыз. Копингтің қызметі стрессті туындату. Стресстік реакцияның күші Р. Лазарус бойынша стрессор сапасын ғана емес, адам үшін жағдайдың маңыздылығын анықтайды. Адам игілігіндегі мұндай психологиялық қысым, науқастың (пациент) арқа жарақатына әкелетін жағдай [6].

«Стресс» ұғымы білім аумағында кең қолданылады, сол үшін оған сондай жағдайдың туындауына себеп әртүрлі көзқарастардан туған мағыналар, оның даму механизмін, пайда болу ерекшелігі және нәтижесі жинақталады. Ол туғаннан бастап сыртқы ортаның төтенше әсері және пайда болуы, қақтығыс, күрделі және жауапты тапсырма, қауіпті жағдаятпен байланысты үлкен сұрақтардан құралады. Стресстің аспектісін психология, физиология, медицина, әлеуметтану пәндері және басқа да ғылымдар аумағындағы зерттеулер жатады. Бұл түсініктің мазмұнына көп көңіл бөлінуі және ары қарайғы мазмұнды жиі қолданылып жүрген оның түсініктемесі болады. Осы күнге дейінгі әдебиеттерде стресс, дистресс, қысым, мазасыздық, эмоциялық стресс түсініктері нақты шектелмейді, бұдан басқа не үйренуді қиындатады бұның өзі қиын мәселе болып табылады.

Стресс психикалық күй ретінде адамның өмірге келуімен және эмоциялық пайда болуымен байланысты, бірақ ол тек қана эмоциялық феноменді көрсетпейді, сонымен қатар тұлғаның мотивациялық, когнитивті, еркін, мінездік және тағы басқа компоненттерін бейнелейді. Сол үшін стресс феномені арнайы психологиялық оқуды талап етеді.

Стресс физикалық жағдайдың реакциясы ғана емес, сонымен қатар қоршаған орта мен тұлғаның өзара әсер ету ерекшелігі болып табылады. Бұл біздің когнитивті үдерістің жоғарғы дәрежесі, айталық ойлауы және жағдаяттық бағасы, өзіндік білімі, басқару тәсіліндегі білім алу дәрежесі және олардың адекватты таңдаудағы жүріс-тұрыс стратегиясы. Бұл дегеніміз бір адамдағы стресстің (дистресс) пайда болу сипаты мен туындау шарты міндетті түрде басқа адам да, сол сияқты болуы мүмкін емес деген түсінік.

Стресті зерттеудің дамуы жалпы биологиялық, физиологиялық, психологиялық көзқарастардағы стрестік күйдің мәнін, даму себептерін, реттеу механизмдерінің ерекшеліктері жайлы жаңа тұжырымдамалардың, теориялардың, модельдердің қалыптасуымен жүреді [7].

Г.Н. Кассиль, М.Н. Русалова, Л.А. Китаев-Смык және басқа кейбір зерттеушілер эмоционалдық стресс ұғымы ретінде мамандандырылмаған биохимиялық, электрофизиологиялық көрсеткіштер және басқа да көрсеткіштер, психикалық және мінез – құлықты көрінулер ретінде түсіндіріледі.

«Стресс» терминімен басқа да қысым, қауіп сияқты ұғымдар байланысты. Ч.Д. Спилбергердің пікірі бойынша индивидтің нақты қоздырғышты немесе жағдайды өзіне актуалды жеңіл түрде немесе қауіп-қатердің, жамандықтың потенциалды элементін қабылдаған кездегі жағдайы. Осы жағдайлармен келісе отырып, автор стрессті тұлғаның талаптарды шектен тыс деп қабылдауы және өзін сыйлаудағы, өз-өзін бағалаудағы қауіпқатерді тудыратын сыртқы әсердің жалпы көрініс табуы (стресс-фактор) және соған сәйкесінше эмоциялық реакцияның тууы деп түсіндіреді. Эмоционалды реакцияның бұл түріне бейімділік тұлғалық талап езушілікпен сипатталады.

Психология аймағында дамудың физиологиялық ерекшелігі мен стресстің көріну жағдайының тікелей ауысымы нәтижесіз болып шықты. R. Lasarus ойынша, физиологиялық және психологиялық стрессті бір-бірінен әсер етуші ынта ерекшеліктерімен, оның даму механизмімен және жауап қайтару сипаттамасымен ажыратуға болады. Егер физиологиялық стрессте ынтаның ағзаға дұрыс әсер етпеуі барысында гомеостаз бұзылса және олардың қалпына келуі стереотипті мінез-құлық реакцияларын көрсететін механизмдер арқасында қалпына келсе, онда психологиялық стресс субъекті үшін жағдайдың мәнін бағалау қорытындысы оның интеллектуалды процесімен және тұлғалық ерекшеліктері арқылы дамиды [7].

Қаралған үлгілер қорытындысының қиындығы авторлардың стрессті түсіндіруде әр түрлі анықтамалар мен терминдерді қолдануында болып табылады. D. Mechanik стрессті индивидтің жағдайға жауап қайтаруы деп түсіндіреді. D. Basowitz және оның бірнеше қызметтестері стрессті – индивидтің оған деген қатынасына тәуелді емес жағдайдың сапасы ретінде қарастырады. H. Selye B. Dohrenwend және механикалық үлгіні жақтаушылар стрессті стрессорларға ішкі реакция болып табылатын жағдайға бөгет туғызушы ретінде анықтаған. F. Aleksander үлгісінде стрессті ынталанудың сапасы ретінде де және индивидтің оған деген реакциясы ретінде де қарастырады, R. Scott және A. Howard бұл жағдайды қобалжу категориясы арқылы қарайды [8].

Кейбір үлгілер даулы болжамды ұстанады. H. Basowitsтің күмәнді болжамы бойынша стрестік жағдай бір адамға қалай болса, екінші адамға да солай болады. F. Alexander және H. Wolff үлгілерінің болжамы бойынша индивидтің кез-келген ын-талануды стресс ретінде қабылдауы физиологиялық және психологиялық тұрғыда зиянды мінезқұлыққа әкеліп соқтырады.

Түсіндіруші үлгілер C. Peterson және M .Seligman теориялары әр түрлі сәтсіз жағдайлармен, аурулармен байланысты жағдайды жеткілікті деңгейде жақсы сипаттады, бірақ олар стресстен кейін пайда болатын депрессияның сипаттамасына онша келмейді.

A Banduraның теориясында субъектінің қалыптасу механизмі және өзінің мүмкіндіктері нақты анықталмаған. Психологиялық және профессионалдық стресстің теорияларымен концепцияларының қалыптасуы стресстің екі түрлі мазмұнда сипатталатынын дәлелдейді: бір жағынан үдерісті және қалыпты. Екінші жағынан заттық және себеп-салдарлық. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты. Кез-келген маманданған іс-әрекет стресстің психологиялық даму себептерін немесе психологиялық деңгейде көрінуін таң қалдыра алады.

Хаан бойынша белсенді мінез-құлық копингісі мен қорғау бағыттылығының айырмашылығы бар, ол басым, жетекші үрдістерге негізделеді. Копинг үрдістер стрессорды қабылдаудан бастау алады [8].

Тұлға үшін осы күнге дейін болған жағдайларға талаптардың сай келмеуінен копинг үрдісі басталады. Егер жаңа талаптар индивидуум үшін күрделі болмаса, онда копинг-стресс қорғаныс формасы ретінде қабылданады. Қорғаныс механизмі шынайылықты бұрмалау арқылы психикалық жарақатты (травма) жеңуге мүмкіндік береді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Нартова-Бочавер С.К. «Coping behavior» в системе понятий психологии личности. // Психологический журнал, 1997. №5. С. 20-30.
  2. Авдеев В. Психотехнология решения проблемных ситуаций. – М., 1992.
  3. Татьянченко Н.П. Развитие понятия «копинг» в отечественной и зарубежной психологии. – М., 2006.
  4. Крупник Е.П. Психологическая устойчивость личности как методологическая категория. – М.: МПГУ, 1999.
  5. Дементий Л.И. К проблеме диагностики социального контекста и стратегий копингповедения // Журнал прикладной психологии, 2004. №3. – С. 54–59.
  6. Анцыферова Л.И. Личность в трудных жизненных условиях: переосмысливание, преобразование ситуаций и психологическая защита // Психологический журнал, 1994. -№1. С. 3-18.
  7. Гиссен Л.Д. Время стрессов. – М.: «Физкультура и спорт», 1990.
  8. Апчел В.Я., Цыган В.Н. Стресс и стрессоустойчивость человека. – СПб.: «Речь», 1999.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.