Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әскери сарбаздардың экстремалдық жағдайлардағы мінез-құлық ерекшеліктері

Авторлар туралы мәліметтер. Аликанова Эльвира Абзаловна – дефектология магистрі, Қазақстан Американдық еркін университетінің аға оқытушысы. Нұрмуханбетова Гүлнұр Нұрмуханбетқызы – Қазақстан Американдық еркін университетінің «Психология» мамандығы студенті.

Аннотация. Әскери сарбаздардың экстремальды жағдайлардағы мінез-құлық ерекшеліктерін шетелдік және отандық ғалымдар зерттеумен айналысқан. Тұлғаның экстремалды жағдайларда сабыр сақтап, мінез-құлығын басқара алу қасиетінің барына орай, «копинг-мінез» түсінігі пайда болған. Оны басқаша ұстамдылық мінезі немесе психологиялық еңсеру деп те атауға болады. Мақала әскери қызмет жағдайларында болатын қауіп төндіретін жағдайларда күйзеліс пен қорқынышты еңсеру стратегияларына арналған. Аталмыш жағдайларда психологиялық дайындықтың болуы үшін психологиялық өзін өзі реттеу әдістерін пайдалануға болады делінген, олар – өзін сендіру, өзін нандыру, қиялды басқару, зейін.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрбір егемен елдің, оның ішінде Қазақстанның да басты мақсаты екендігін ел Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деп көрсетті: «Ұлттық қауіпсіздік дегеніміз – аумақтың тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету».

Ұлттық қауіпсіздікті жүзеге асыратын органдарда жұмыс атқаратын маман иелерінің кәсібі күнделікті экстремалды жағдайлармен ұштасып жатады.

Қазіргі таңда осы ұлттық қауіпсіздікті жүзеге асыратын органдардың бірінің ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына кәсіби деңгейлеріне қойылатын талаптар да, жүктемелер де жоғары деңгейде. Олардың тұлғалық ерекшеліктерінің кәсіби іс-әрекет барысында сөзсіз өзгеріске ұшырайтыны да белгілі.

Қандай да бір экстремалдық жағдай болса, ондағы ең басты мәселе адамның өзін қалай ұстауы, іс-әрекеті, мінез-құлқы байқалады. Осыған байланысты бүгінгі күнде психология ғылымында экстремалдық жағдайлардағы әскери сарбаздардың тұлғалық мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі осы уақытқа дейін, экстремалдық жағдайда әскери сарбаздардың қандай мінез-құлық ерекшелігін көрсететіні жайлы толықанды зерттеулер жүргізілмеген.

Осы жайттарды ескере келе, әскери саладағы экстремалды жағдайларға тоқталып кетейік. Әскери салада қызмет ететін қызметкер және Отан алдында борышын атқарып жүрген сарбаздар күнделікті экстремалды жағдайларға тап болып отырады. Бұл мәселе ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап психология ғылымында өзекті мәселелердің біріне айналды. Берілген мәселе әскери психология саласындағы психологтарды қызықтырып отыр. Әскери қызметкерлер мен сарбаздардың экстремалды жағдайлардағы мінезқұлық ерекшеліктерін зерттеуде шетелдік және кеңестік ғалымдар айналысты [1, 105 б.].

Ресейде мінез-құлық мәселесін зерттеумен Выготский Л.С., Ломов Б.Ф., Шорохова Е.В., Михайловский Н.К. сияқты психологтар айналысса, шетелдік психология өкілдерінен Левин К, Шибутани Т, Рецес Д.Ц. ғалымдарын жатқызамыз. Ал экстремалды жағдайлардағы тұлғаның мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеген Ресейлік және Қазақстандық ғалымдар Бектурганов О.Е., Обухова Н, Дикая Л.Г., Беляева Л.И., Дашкевич О.В., Сельчонок К., Тарас А., Ожегов С.И. еңбектерін атауға болады.

У. Томас және Ф. Знанецкийдің пікірі бойынша, экономикалық, әлеуметтік, діни және т.б. заңдылықтар экстремалды жағдайда тұлғаның құндылықтарына және психикалық жағдайларына әсер етеді. Тұлғаның әр бір нақты белсенділігі экстремалды жағдайда мәселені шеше алуымен анықталады. Бірақ әскери сарбаз бұл жағдайдан шығу жолын тауып, жоғары деңгейде және эффективті іс-әрекет жасаса да психикалық тұрғыдан жарақат алады. Экстремалды жағдайда тұлға эффективті іс-әрекетті сақтап, психикалық жарақат алмау үшін «копинг-мінез-құлық» орын алады.

Копинг-мінез-құлық арқылы кейбір индивидтер ішкі және сыртқы талаптарды спецификалық тұрғыда басқаруда үнемі когнитивті және мінез-құлықтық жағдайды өзгертіп, өмірдің қиын жағдайларына төтеп береді. Өмірдің негативті жағдайларының сәйкес келуі қиыншылықтарды жеңу немесе қиыншылықтардан қашу, және де қиыншылықтарға төзу болып келеді. Кей жағдайларда әлеуметтік мінез-құлыққа бағытталған өмірдің қиыншылықтарын жеңуге негіз болатын мінез-құлық сәйкестілігі анықталып жатады. Бұл саналы мінез-құлық белсенділікті өзгертуге бағытталады. Дені сау адамдардың әлеуметтік бейімделу үшін ол өте маңызды болып келеді. Копинг түсінігін әрбір психологиялық мектептер әртүрлі түсіндіреді.

Бірінші бағыт бойынша, копинг – эго процесс ретінде қарастырылады. Бұл кезде тұлға өмірдің қиын жағдайларына продуктивті бейімделеді.

Екінші бағыт бойынша, копинг тұлғаның қасиеті ретінде стресстік жағдайдан шығудың жолы болып табылады.

Үшінші бағыт бойынша, копинг динамикалық процесс болып табылады. Яғни экстремалды жағдайда субъективті уайымдарды жеңу үшін қолданылады [2, 15 б.].

Р. Лазарус үш типті стратегияны бөліп көрсетті: эго қорғаныс механизмі; тура ісәрекеттен қашу, яғни өшпенділік пен қорқынышқа әкеліп соғады; аффектік жағдайға берілмеу. Аффект – бұл қысқа мерзімді, бұрқ етпе, өте күшті эмоциялық реакция. Аффект көрініс беру күшінің орасан зорлығымен сипатталады, ол адамды бүтіндей билеп алады. Болып жатқан құбылыстардың көпшілігі өзгеше, басқаша түрде қабылданып, дағдылы мі-

нез-құлықтың күрт өзгереді. Аффект жағдайында сана тарылады, ол көңіл-күйімен байланысты қабылданатын заттар мен түсініктердің шағын шоғырына бағытталады. Аффектті күйде адам көбіне өзінің не істегенін нашар аңғарады. Ол өзін-өзі ұстай алмайды, өз әрекеті нәтижесінің қандай боларын көз алдына келтіре алмайды, күйіне берілгендігі сонша, өз ісінің сипаты мен маңызын нашар бағалайды.

С. Фолькман және Р. Лазарустың пікірінше, копинг екі негізгі қызмет атқарады:

  • эмоцияны реттеу;
  • дистрессті тудыратын проблеманы басқара алу.

Бұл екі қызмет көбінесе стресстік жағдайдан шығуға мүмкіндік береді. Олардың сандық қатынасы стресстік жағдайды бағалауға байланысты болады. Экстремалды табиғи және әлеуметтік жағдайлардағы адамның сәтті іс–әрекеті заманауи өркениетке жылжитын маңызды міндеттердің бірі. Ұзақмерзімді және ауыр стресстерді туындататын әр түрлі жағдайлар ішкі ағзаның зақымдалуы мен ауқаттану, жыныстық, қорғану реакцияларының, және оған тыйым салу мүмкіндігінің жоқтығының жедел қатысуының үлкен көлемдегі қажеттілігінің арасында қақтығыс туындайды [3, 145 б.].

Бұл қақтығыс адамның өмір сүруіне немесе ар–намысына қысым келтіріп отырған әлеуметтік ортаның әсеріне ұшыраған кезде анағұрлым күрделі, қиын болып табылады, ал жауап беру реакциясына тыйым салу басқа жағдайларға (әлеуметтік детерминант талған) негізделген. Бас ми қыртысының тежелу механизмдерінің критикалық күйзеліс жолымен қамтамасыз етілуінде шынымен де шыдам керек болады. Бірақ осыдан барып тежелген немесе өзгеріске ұшырағаны реакцияның сыртқы мінез – құлықты компоненті ғана болып табылады.

А. Нэз, Т. Дзурил, М. Голфрид бірінші болып копинг процесс немесе экстремалды жағдайда тұлға мәселесін, психологиялық үрдістің ұлғаюын сипаттады.

Л.Д. Битехтин әскери адамдардың экстремалды жағдайдағы мінез-құлық ерекшеліктерін зерттей келе, әрбір адамның тұлғалық қасиеттері маңызды орын алады деген қорытындыға келді. Әскери сарбаздардың немесе қызметкерлердің жағдайды қабылдау және бағалау деңгейлері экстремалдылықтың келесідей факторларына әсер етеді:

  • позитивті өзін-өзі бағалау деңгейлері;
  • субъективті бақылау деңгейлері;
  • позитивті ойлау деңгейлері;
  • жетістікке жету мотивациясы және т.б.

Сонымен қатар әскери сарбаздардың экстремалды жағдайлардағы мінез-құлық ерекшеліктері темперамент типтеріне және мінез акцентуациясына да байланысты болады. Темперамент түрі – бұл тек адамның бастапқы мінездемесі.

Әскерии сарбаздардың мінез-құлқы экстремалды жағдайларда тұлғалық қасиеттерге де байланысты деп зерттеген, Л.Д. Битехтин стресске деген төзімділік психикалық қысымдылықты максималды түрде жеңуге мүмкіндік береді деген қорытындыға келді.

Л.Д. Битехтинтің пікірінше, әскери сарбаздардың экстремалды жағдайларға қабілеттіліктеріне әсер ететін психологиялық факторлар – дағды, жалпы және арнайы дайындық деп көрсетті. Экстремалды жағдайлардағы іс-әрекет әскери сарбаздардың психологиялық тұрақтылығына, инициативтілігіне, қатаң тәртіпті ұстануына байланысты болады [4, 67 б.].

В.Н. Смирнов экстремалды жағдайларда әскери сарбаздардың психологиялық дайындық жағдайын үш деңгейге бөліп көрсетті: төмен, орташа және жоғары.

  1. Төмен деңгейдегі дайындыққа өз-өзіне сенімсіз, шешім қабылдай алмайтын, тұйық, тапсырманы орындау барысында қателік жасайтын сарбаздарды жатқызды.
  2. Орташа деңгейдегі дайындыққа басқаларға және өзіне сенімді, шешім қабылдай алатын, берілген тапсырманы орындау барысында біраз ғана қателік жасайтын, физиологиялық жағдайы нормаға жақын сарбаздарды айтамыз.
  3. Жоғары деңгейдегі дайындыққа күресуге дайын күмәнданбайтын, өзін сынақтан өткізуге бағыттаған, қарсыластарын жеңуге талпынатын сарбаздарды айтуға болады. Бірақта мұндай деңгейдегі психологиялық дайындық сарбаздарда ұзақ уақытқа дейін со-

зылмайды. Бұл психиканың қорғаныс механизміне және адамның физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады [5, 362 б.].

Экстремалды жағдайдағы іс-әрекетте психологиялық дайындықты қолдау үшін психологиялық әдіс өзін-өзі реттеу қолданылады: өзін-өзі сендіру, елестетуін, зейінін басқара алу. Өзін-өзі реттей алатын адам барлық қиыншылықтан шыға алады.

Жалпы алғанда әрбір әскери сарбаздың әскери борышын өтеу барысында алдында ұрыс кезінде берілген тапсырманы орындау және аман-есен қалу жайлы екі негізгі міндет тұрады. Американдық автордың зерттеуі бойынша әскери ұрыста әскери сарбаздардың 25% ғана қару-жарақты адекватты және саналы түрде қолданса, ал қалғандары қорқыныш және өте жоғары қозу жағдайында қолданады деп ұйғарды. Яғни әскери сарбаздардың экстремалды жағдайдағы іс-әрекет ерекшеліктері шынайы өмірде өздерін қалай ұстайтындығын да мінез-құлыққа байланысты болады.

Әскери психологияда қолданылатын ең жақсы әдіс – бұл сарбаздың берік, тұрақты, моральдық саяси сезімдері мен жігерлік қасиеттерінің болуы, қауіптің әділдігін анық түсінуі, жеңіске жетуге сенуі, әскери шеберлігінің жоғары деңгейде болуы мен психологиялық дайындығының болуы.

Сарбаздың әскери шеберлігі оның жеңіске жетуіндегі маңызды алғышарт болып табылады. Әскери шеберліктің қалыптасуы мен дамуы жалғасымды процесс. Психологиялық тұрғыдан әскери шеберлік – білім, дағды, икемділік адам қызметінің компоненттері болып табылатын психикалық құрылым ретінде қалыптасады. Әскери дайындықтың ең маңыздысы сарбаздардың психологиялық тұрақтылығы болып келеді. Сарбаздардың психологиялық тұрақтылығы туа пайда болмайды. Әскери қатарға қабылданғаннан кейін қалыптаса бастайды [6, 15 б.].

Психологиялық тұрақтылық 2 деңгейден тұрады:

  1. Жоғары психологиялық тұрақтылық сарбаздардың өз міндеттері мен қойылған талаптарды өз бетінше, сенімді түрде орындай алуымен, жағдайдың өзгеруінен күрделенуі кезінде қойылған мақсат пен қызметтің нәтижелігін сақтаумен сипатталады.
  2. Психологиялық тұрақтылық қатаң кәсіби дағдыларға үйренбеген, әскери шеберлікті толық игермеген, дене күші тұрғысынан жақсы шынықпаған, эмоциялық жігерлі тұрақтылыққа қол жеткізбеген, әскери шеберлікті игермеген, сондықтан командирдің қолдауын қажет ететін сарбаздарды айтамыз [7, 45 б.].

Жоғарыда атап өткендей, сарбаздардың психологиялық тұрақтылықтары да экстремалды жағдайда өздерін сенімді ұстауға, тығырықтан жол табуға көмектеседі.

Сонымен теориялық зерттеуді қорытындылай келе, әскери сарбаздардың экстремалды жағдайдағы мінез-құлық реакциясы – жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне, өмір сүру тәжірибесіне, кәсіби біліміне, эмоциясын реттей алуына, дистрессті тудыратын проблеманы басқара алуына, позитивті өзін-өзі бағалау деңгейлеріне, субъективті бақылау деңгейлеріне, позитивті ойлау деңгейлеріне, психологиялық дайындық пен психологиялық тұрақтылыққа, жетістікке жету мотивациясына және т.б. байланысты болады. Әскери қатарда борышын өтеу арқылы сарбаз әскери білімін жетілдіріп, өзінің біліктілігі мен дағдыларын, өз-өзіне деген сенімділікті жоғарлатып, экстремалды жағдайға деген психологиялық дайындығын арттыра алады [8, 57 б.].

Ал енді әскери сарбаздардың экстремалдық жағдайлардағы мінез-құлық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу барысында төмендегі әдістемелер қолданылды:

  1. Р. Лазарус пен С. Фолкманның «Копинг тесті».
  2. Дж. Роттердың «Субъективті бақылау деңгейі» сауалнамасы.
  3. «Стресстің төзімділік типін перцептивті бағалау» сауалнамасы. Жүргізілген әдістемелердің қорытындысы төмендегідей:

Бірінші зерттеу жұмысымызда қолданылған әдістемеде әскери сарбаздар үшін өзіндік бағалау, әлеуметтік қолдауды іздестіру, жауапкершілікті қабылдау жағымдылықты қайта бағалау шкалалары жоғары деңгейде орын алды. Демек экстремалды жағдай туындаған кезде оларда өзіндік бақылау арта түседі. Және әлеуметтік ортадан қолдауды күтеді. Кез келген істе жауапкершілікті қабылдау жоғары болып келеді. Ал мәселені шешу

кезінде жоспарлау орташа болады. Осы алынған нәтиже көрсеткіштері негізінде әскери сарбаздардың экстремалды жағдайдағы бейнесін көруге болады.

Осы алынған көрсеткіштерді талдай келе, келесі әдістеменің нәтижесінде жалпы интерналды тип басымдылық көрсетті. Шкала бойынша жоғары көрсеткіш зерттелінушілердің экстремальды жағдайдағы субъективті бақылау деңгейін жоғары дәрежеде көрсетті. Демек аталған топтың зерттелінушілері түрлі жағдайларға байланысты жауапкершілікті өздері сезінеді. Олардың пікірінше, барлық жауапкершілік өз мойындарында деп ойлайды.

Соңғы әдістеме негізінде экстремалды жағдайдағы стресстің төзімділік жағдайын анықтадық. Алынған нәтиже бойынша әскери сарбаздар стресске төзімді болып келеді.

Көрсетіліп тұрған нәтижелер бойынша біз келесі қорытындыға келдік, әскери сарбаздар экстремалды жағдайда жауапкершілікті өздеріне алады, осы кезде өзіндік бақылаулары жоғары болады, мәселеден қашпайды, мәселені шешу кезінде жоспарлау орташа дәреже жүреді. Субъективті бақылау деңгейлері жалпы интерналды тип бойынша жүзеге асады. Стресске төзімділік байқалады. Осы көрсеткіштерді келесідей бағалауға болады кәсіби іс-әрекетінің экстремалдық жағдайларының әсеріне және стресстік жағдайларға төзімділік танытады. Берілген қорытындыны осы аймақтағы болашақ зерттеулерде эффективті түрде қолдануға болады (экстремалды жағдайдағы қызмет атқаратын адамдардың кәсіби іс-әрекеттерін зерттеу кезінде).

Әдістемелерден алынған нәтиже қорытындылары студент критерий негізінде есептеп шығарылды. Үш әдістеме арасындағы байланыс анықталды. Нәтижесінде үш әдістеменің арасында байланыс бар болып шықты.

Әскери сарбаздармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарына сипаттама беруде төмендегі ұсыныстарды көрсетеміз:

  1. өзін-өзі талдау дағдыларын қалыптастыру;
  2. жекелеген функциялар мен сапалардың дамуына бағытталған психологиялық жұмыс жүргізу;
  3. өзі туралы ойын дамыту, коммуникациялық іскерлікті жетілдіру, сенімділікті сезіну үшін тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін дамыту;
  4. әскери сарбаздарға түрлі терапияларды қолдану арқылы психикалық жағдайларына әсер ету.

Жалпы алғанда мұндай зерттеулер қазіргі қоғамда әсіресе әскери психологтар үшін экстремальды жағдайларды шешуде практикалық тұрғыда өте қажет. Және де осы салада жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарын толықтыра түсетін бастамалардың бірі.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Обухова Н. Человек в экстремальной ситуации: теоретическая интерпретация и модели психологической помощи // Развитие личности, 2006. №3. – С. 105.
  2. Ильина Е.С. Экстремальная профессия – сотрудник МВД // Развитие личности, 2002. - № 4. С. 15.
  3. Малкина Пых И.Г. Экстремальные ситуации: Справочник практического психолога. – М.2005. – 145 с.
  4. Дьяченко М.И., Кандыбович Л.Л., Пономаренко З.А. Готовность к деятельности в напряженных ситуациях. – Минск, 1985.
  5. Психология экстремальных ситуаций . Сост. К. Сельченок. – М.: АСТ, 2006.
  6. Гостюшин А.В. Энциклопедия экстремальных ситуаций. – М., 1994.
  7. Дашкевич О.В. Эмоциональная регуляция деятельности в экстремальных условиях: Автореф. дис. д-ра психол. наук. – М., 1985.
  8. Бектурганов О.Е. Регуляция эмоционально-поведенческих реакций сотрудников и военнослужащих в экстремальных условиях // Вестник Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилева. – 2004. – №4. – Б.57

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.