Дене тәрбиесі пәні бағдарламасының сонғы 100 жылдағы қазақстанда және шет елдерде даму, өзгеру ерекшеліктері

Авторлар туралы мәліметтер. Уанбаев Еркин Қинаятұлы – педагогика ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов ат. ШҚМУ доценті (Өскемен қаласы). Уанбаева Фарида Жеңісханқызы Қазақстан-Американдық еркін университетінің аға оқытушысы.

Аннотация. Мектептің дене тәрбиесі сабағы оқушылардың денсаулығын сақтау, нығайту бағытындағы ең әрекетті, негізгі жолы болғандықтан, дене тәрбиесі бағдарламасы ғасырлар бойы ғалымдардың, ұстаздардың, министрлік басшыларының үнемі назарында болып келеді. Дене тәрбиесі бағдарламасы сонғы 100 жылда саясат, экономика, әлеумет, техника салаларының дамуына байланысты көптеген өзгерістерге ұшырады. Мақалада дене тәрбиесі бағдарламасының дамуы мен өзгерістері 3 бағыт бойынша зерттелген. Ол бағыттар: Кенес одағы кезіне, егемендік жылдары, шет елдердің дене тәрбиесі бағдарламалары. 1917-1992 жылдары Кенес одағы кезеңінде дене тәрбиесі бағдарламалары біртіндеп, саты-саты бойынша экономика дамуына байланысты дамып, өзгертіліп отырылды. Еліміз егемендік алған жылдары дене тәрбиесі бағдарламасы әлеуметтік-экономикалық, техника салаларының өзгеруіне, дамуына байланысты көптеген өзгерістерге ұшырады. Мектептің дене тәрбиесі бағдарламасы ғалымдарымыз, ұстаздарымыз, мектеп, министрлік, Республикалық ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі және спорт орталығының басшы, қызметкерлері қатысуымен 1993, 2003, 2010 жылдары қайта қаралып, зерттеліп, өзгертіліп, құрастырылды. Бағдарламаның өзгеруіне 1996 жылы қабылданған Президенттік сынаманың да әсері көп болды. Ғалымдарымыз дене тәрбиесі бағдарламаларын өзгертіп, құрастыру бағытында шет ел бағдарламаларын: Америка, Европа, Азия елдерінің дене тәрбиесі бағдарламаларын оқып, зерттеп, талдап, олардың негізгі бағыттарын ескеріп отырған. Мақалада осы мәселелердің бәрі көрініс тапқан, кеңінен зерттеліп, анықталған.

Ғалымдардың зерттеулері бойынша Елімізде, көрші Ресей мемлекетінің мектептерінде 12% -дан аз ғана дені сау оқушылар, 38% ауыру, 50% денсаулықтары әртүрлі ауытқуларға бой алдырған оқушылар оқиды [1, Б. 5-10].

Денсаулықты нығайтатын, қимыл әрекетін белсендіретін, өмірге қажет қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыратын негізгі пән – дене тәрбиесі сабағы. Сондықтан да дене тәрбиесі сабағы, оның бағдарламасы, бағдарлама мазмұны ғалымдарымыздың басты назарында.

1917-1932 жылдар кезіндегі оқу бағдарламаларында мектеп дене тәрбиесіне деген бағыты басты назарда ұсталды. Сондықтан да, 1932 жылдардағы мектеп бағдарламасында оқушыларды әскери және дене тәрбиесіне дайындау көрсетілді. В.А. Чугуеваның мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан Республикасындағы ең алғашқы дене тәрбиесі бағдарламасы Орынбор тәжірибе көрсеткіш мектеп базасында, ал біріңғай бағдарлама 1927 жылы әзірленген. Осы бағдарламаның қабылдануы дене тәрбиесі пәнінің мектеп қабырғасындағы негізгі, міндетті пәндердің біріне айналуына алып келді.

Соғыстан кейінгі жылдары басты міндет дене қозғалысының дамуына, спорттық шеберлікті жоғарылату, әлемдік біріншілікте Кеңестік спортшылардың көп жүлделерді иеленуіне жағдай жасалды. Сондықтан да, соғыстан кейінгі кезеңде арнайы тапсырыс бойынша оқу бағдарламасының құрылуына, оның білімдік қағидаларына басты назар аударылды. Оқушылардың спорттың негізгі түрлері: гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы дайындығы, спорттық ойындарға деген ынталары артты .

70-жылдардан бастап дене тәрбиесінің бағыты «спорттың негізгі түрлерін үйрететін» білімдік бағыттан оқушылардың мүмкіндіктерін жоғарылататын сауықтырғыш бағытқа дейін өсті.

Мектеп дене тәрбиесін түбегейлі өзгертудің қажеттілігі 1984 жылы жалпы білім беретін және кәсіби мектептерде жаңа реформаның тууына әкелді. Оның пайда болуы 1985-1986 жылдары «Жалпы білім беретін мектептің І-ІХ сыныптарына арналған кешенді бағдарламаның» енуіне жағдай жасады. Бұрынғы үрдістей бұл бағдарлама жалпыға ортақ болды. Бағдарлама кешенді деген атқа ие болды. Өзіндік мазмұнына қарама-қайшы өзгерістерді, ешқандай концептуалды әдісті және еш жаңа деңгейді қамтымағандықтан мұндай (кешенді) атау бағдарламаның мазмұны мен қосылған өзгерістердің мінезін ашық көрсетіп тұрды. Мектеп дене тәрбиесінің тәжірибесіне әзірленген оқушылар мен жасөспірімдердің қозғалыс белсенділігін арттыру аталмыш бағдарламаның ерекшелігі болды [2, 28, 76 б.].

90-жылдардың басында қалыптасқан жағдай мектеп оқушыларының дене тәрбиесіне тағы да жаңа толықтырулар енгізді, біз сөзбен айтқанда жаңа реформаны қажет етті. Бұл кезеңде мамандар (Ю.Н. Вавилов, 83) дене тәрбиесін қайта қарастырған жаңа концепцияның жобасын жасады. В.И. Столяров құрастырған «Спарта» жүйесі басты назарға алынып, жаңа ұйымдастыру құралдары мен әдістері арқылы дене тәрбиесін қалыптастыру ісі жүрді. Соның нәтижесінде дене тәрбиесі бойынша жаңа оқу бағдарламалары пайда болды. Оларды бірнеше негізгі түрлерге бөліп қарауға болады. Солардың ішінен мұғалімге, оның шығармашылық және кәсіби мүмкіндіктеріне басты көңіл бөлетін бағдарламалардың орын ерекше.

Екінші түрдегі бағдарламаларда басты бағыт – оқушыларда. Бұл үлгідегі оқу кешенінде дене шынығуындағы белсенділік оқушылардың өзін-өзі көрсету құралы ретінде ұсынылады. Бағдарламадағы ойын үлгілері қозғалысы көп спорттық ойындардың аса қажеттілігін түсіндіреді. Ал төртінші үлгі оқушыларға дене тәрбиесі пәні арқылы оқытумен қатар тәрбие беру үрдісін ұғындырумен сипатталады .

Базалық және вариативті бөлімдердің үндесуі қоғам мен жеке тұлғаның арасында қарама-қайшылықтың болмауына, салауатты өмір салтына тәрбиелеу маңыздылығының артуына балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі тануымен өзі-өзі жетілдіруіне мол мүмкіндік жасауға, педагогикалық үрдіс барысында гумандық қағидалардың қалыптасуына көмектеседі.

Мұндай тәсіл жасөсперемдерді тәрбиелеу ісінде спорттық мекемелерінде қазіргі таңда да нақты тәжірибеден өтуде. Мысалы, оқу бағдарламасының базалық деңгейі жалпы білім беретін мектептің «Дене тәрбиесі» пәні арқылы Мемлекеттік білімдік стандартты қамтиды. Ол бастауыш, негізгі және орта білім беретін мектеп оқушыларының бойынан әзірлікті талап етеді.

1993 жылғы шыққан республикалық бағдарламаға сәйкес материал мазмұнынан толықтырулар мен өзгерістер енгізуге ұлттық дәстүрге байланысты материалдықтехникалық қорландыруға болады. Әйтсе де, Ю.Н. Васильковтың нақты нұсқаларына сүйенсек, жекелеген аймақтарға арналған бағдарлама жасаудың алғы шарттарын Ш.Х. Ханкельдиев, Б.У. Альмуханов, С.В. Хрущев секілді ғалымдар бастады [3, 21 б.].

Қарағанды облысында Г.К. Гейнцтің бастамасымен дене шынықтыру пәнінің жалпы білім беретін мектептің 1-9 сыныптарына арналған бағдарламаның нұсқалық бөлімі жасалды, бұл үлгіде оқушыларға арналған тиімді жаттығулардың түрі төмендегідей берілген. Олар: «Малдас», «Сайыс» жүйесіндегі жаттығулар, ырғақты гимнастика, халықтық би бөлшектері, қозғалмалы ойындар, «Қазақша күрес», көзге арналған гимнастика, аутотренинг, йога элементтері, тыныс алу жаттығулары, массаж және айтылған дене жаттығуларды өткізу және ұйымдастыру әдістемесі [4, 7 б.].

Қазіргі кезеңде дене шынықтыру пәнінің оқытушысына мектептің материалдық базасы мен оқушылардың мүмкіндігін пайдалана отырып, оқу бағдарламаның орта қанаты мен негізгі қанаты құрылу қажеттілігі туды. Сонымен қатар, мектеп тәжірибесіне сауықтыру мақсатымен спорттың жекелеген түрлеріне арналған бағдарламалар түрі де енді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мамандар тобы тарапынан бағдарламалар құрастырылып, 2003, 2010 жылдары оқу үрдісіне енгізілді. Ол бағдарламаны құрастыруда С.І. Қасымбекова, А.Қ. Қульназаров, Ю.Г. Телеугалиев, С. Тайжанов секілді отандық ғалымдар еңбек етіп, құрастыруға өз үлестерін қосты. Бағдарламаның түсіндірмелігінде мақсат міндеттерді, оның әдебиеттерінің қолданылу тиімділігі айтылған.

Шет елдерде дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасы өзіндік құрылымы жағынан ерекшелігін көрсетіп отыр. Мұндай бағдарламаларда батыс европалық концепцияларда көрініс алған ой басты бағытты ұстанған. Яғни, денсаулық, патриотизм, (отансүйгіштік), әскери дайындық және т.б. ұғымдар дене тәрбиесі пәнімен тығыз байланыста деп, түсіндіріледі. Жеке тұлғаның өзін-өзі тануы, белсенділігі, жетілуі де аталмыш бағдарламаның ерекшелігін танытады.

Құрастырылуымды сараптау үшін шетелдік бірқатар бағдарламаларды зерделеуге болады.

АҚШ білім жүйесіндегі бағдарламалардың басты мақсаты – мектеп оқушыларын өмірге әзірлеу, оларды жеңіске бағыттау. Соңдықтан да, АҚШ мектептеріндегі дене тәрбиесі пәні де аталған қағидаттарға сәйкес келеді. Әйтсе де, АҚШ тәжірибесі өзге елдерден ерекшеленбейтіні де анық. Мемлекеттік және жекелеген орта мектептерде басты бағыт – тәрбиеленушінің физикалық дайындығын шындайтын жаттығуларда, спорттың жекелеген түрлерінде қозғалмалы және спорттық ойындарда [5, 11 б.].

Румыния мектептерінің 1-4 сыныптарына арналған дене тәрбиесі пәні бойынша бағдарламаларда оқушыларды шапшаңдыққа үйрететін, бойларын тік ұстауға бағыттайтын эстафеталық ойындарға көп көңіл бөлінеді. Ал сыныптан сыныпқа жоғарылаған сайын жеңіл жаттығулар атлетикаға, гимнастикаға, акробатикаға ұласады. Румынияда мектептегі оқу жұмыстары материалдық және техникалық қорға сәйкес оқытушылар тарапынан жоспарланады [6, 18 б.].

С. Арасымовичтің түсіндіруінше, Польша мектептерінің тәжірибесі де ұтымды. Яғни, бұл елдің мектептерінде отандық бағдарлама мен дене тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктерінің негізінде оқушылардың білімі, қабілеті, қозғалыс икемдері ескеріледі [7, 10 б.]. Т.В. Корнеев, Н.В. Полянекийдің зерттеулері бойынша бағалардың қозғалыс белсенділігінің төмендігінен дене тәрбиесі пәнінің санын арттыру бос уақытта да дене шынықтыру сағаттарын жиі өткізу қажет. Венгрияда бұл мәселе 1-3 сыныпқа күн сайын, ал жоғары сыныптарға жұмысына 3 рет өткізу шешімін тапқан. Болгарияда 1-3 және 8-сыныптар үшін де шынықтыру пәні аптасына 3 рет өткізу жоспарланған. Ал Кубада жалпы, еңбек және политехникалық білім жүйесі бойынша дене мәдениеті пәні өзге пәндер есебінде үшінші орында екен [8, 55 б.].

Г.П. Богдановтың пайымдауынша, Моңғолия мектептерінде жылына 18 сауықтыру шаралары ұйымдастырылады. Аталмыш шаралардың ішінен «Олимпиада үміті», «Үй тапсырмасы», кроссты (жылына 8 рет), спорттың 8-9 түрі қамтылған жазғы лагерьдегі жеңіл сайыстарды айтуға болады. Сонымен қатар, Моңғолия мектептерінде жыл сайын спартакиада, шағын аудандар мен ауыл командалар арасындағы байқаулар, әскери-спорттық жарыстар туристік жорықтар ұйымдастырылып отырады. Ауылдық аймақтарда ат пен түйелермен бәйге байқауы болады [9, 63 б.].

Ал Швеция мектептерінде пәндер жоғары сынып оқушыларының қалауынша өтеді. Олардың қалауынша аптасына екі сағат не дене тәрбиесі пәні, не өзге пәндер жүреді. 5 сыныптан бастап ер балалар мен қыз балаларда пән бөлек болады. Сондықтан да, оқушылардың қалауы мен тілегі тәжірибеге арнайы қағидаттарды енгізеді.

Европа елдерінде, Швейцария, Австрия және Скандинавиялық аймақтарда ең алдымен жеке тұлғаға, оның әлеуметтік дамуына, оқушының спорттық және әлеуметтік қозғалысына ден қойылады.

Көптеген батыс европалық елдерде дене тәрбиесі пәнін ұйымдастырмас бұрын олардың мүмкіндіктері, қажеттіліктері ескеріледі. «Әлсіз» оқушыларға және спортқа қабілет ынтасы жоғары оқушыларға арналған екі айырым белгіленген. Соңғы топ өкілдері арнайы спорттық гимназияларды, спорттық класстарда дайындалады. Бұндай әдістеме Бельгия, Германия, Люксембург елдеріне тән.

Біз үшін Норвегия мектептеріндегі дене тәрбиесі пәнінің ұйымдастырылу әдістемесі өзгешелігімен көзге түседі. Норвегияда төмендегідей қағидалар ескерілді: арнайы жағдайларды қарау; бұл қағидат денсаулығы нашар, мүмкіндіктерге, кезінде жарақаттанған адамдар үшін құрастырылған. Яғни, арнайы жаттығу түрлері арқылы әр тұлға өзін толыққанды адам ретінде сезіне алады.

Шығыс Европа елдерінің жалпы білім беретін мектеп бағдарламасы бойынша дене шынықтыру және сауықтыру шаралары сыныптан тыс, мектептен тыс орындарында өтеді. Бұл бағдарлама бойынша гимнастика және жеңіл атлетика уақыттың көп мөлшерін алатындықтан қысқартылған.

Оның орнына мектеп жасындағы балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін қозғалысты спорттық ойындарды жиі ұйымдастыру жөн деп табылған [10, 55 б.]. Дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігін жетілдіру жолдарының арасында оқушы-

лармен өтетін оқу материалдарын дұрыс жоспарлау – негізгі қағидалардың бірі болып табылады. Басқа сабақтарға қарағанда дене тәрбиесі сабағын жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі бар. Мектептерде жалпы білім беретін сабақтарды (физика, химия, т.б.) жоспарлау бағдарламаның өзінде-ақ анықталып берілген, ал дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі әр оқу жылына дайындалғанда оқушылардың дайындық дәрежесін, сол жердің жергілікті ерекшелігін, ауа райының текшелігін және мектептің спорт құралдарымен жабдықталу жағдайын ескеру қажет.

Дене тәрбиесі сабағын жоспарлау үшін мұғалімде мынадай үш түрлі құжат болуы керек:

  • бір жылдық сабақ жоспар-кестесі;
  • тоқсандық жұмыс жоспары;
  • әр сабақтың жоспар-конспектісі.

Жоспарлаудың негізгі мақсаты – алға қойылған мақсатты анықтау, алда тұрған міндеттер, оларды шешу жолдары, оқушыға түсетін салмақтың деңгейімен жиілігін анықтау, осы мақсатта бақылау жұмыстарын жүргізу. Бұл сөзімізді А.Н. Ханның пікірі нақтылай түседі. Оның пікірі бойынша «сабақтың мақсаты – нақты міндеттерді анықтайды» делінген.

Көпжылдық өзінің тәжірибесіне сүйене отырып Г.А. Васильков мынадай нұсқауларды ұсынған «мұғалімде екі жұмыстық (жылдық және сабақтық) жоспардан басқа бірнеше қосымша материалдары болуға тиіс». Ал, С.Г. Арзуманов пен Т.С. Усманходжаев оқу материалдарды жоспарлаудың екі вариантын ұсынған. Авторлардың пікірлері бойынша бірінші вариантты спорт залдары бар мектептерге ыңғайлы, ал екінші варианты ондай жағдайлары жоқ мектептерге десе, Ш.Х. Ханкельдиевтің ыстық климаты бар аймақтарда дене қасиеттерді тәрбиелеуге бағытталған құралдардың келесі бір мынадай орналастыруларын ұсынады:

  • күш жылдамдық қабілеттері мен шыдамдылық – қараша, наурыз айларында;
  • жылдамдық, күш жылдамдық және үйлесімдік – қыркүйек, қазан, сәуір және мамыр айлары.

Және осында Г.А. Васильковтың пікірінде ұсынылған бірнеше қосымшаларда: «жоспар жасалғанда мектеп жағдайына, климаттық зонаға, спорттық материалдық базаға, оқушылардың мүдделеріне, мұғалімнің спорттық мамандығына және тағы басқа факторларға байланысты ыңғайланып, нақтылану керек», делінген [11, 23 б.].

В.С. Рубиннің пікірі бойынша «дене тәрбиесінде жоспарлау процесіне келесілер жатады:

  1. мақсатты жоспарлау (нәтижелі көрсеткіштер);
  2. нәтижеге жету жолында дене тәрбиесі процесінің жүзеге асырудың жоспарлануы (жобалануы) қалай орындалады .

С. Касымбекова, С. Тайжанов жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулығында келесі бағдарламалық материал ұсынады: жеңіл атлетика, кросс даярлығы, спорт ойындары (баскетбол, волейбол, футбол, қол добы), гимнастика, шаңғы даярлығы, жүзу, қазақша күрес, конькимен жүгіру.

Қазіргі таңда мектептерде дене шынықтыру сабағы аптасына 3 рет жүреді, яғни жылына 102 сағат жоспарланады (бұрынғы 68 сағатқа қарағанда). 1 тоқсанда 27 сағатта 1 сағат – білімнің негіздері, 12 сағат – жеңіл атлетика, 10 сағат – спорттық ойындары, 4 сағат – жалпы дене дайындығы өтеді. 2 тоқсанда 21 сағаттан 1 сағат білімнің негіздері, 2 сағат – спорт ойындары, 14 сағат – гимнастика, 4 сағат – ұлттық ойындары жүзеге асырылады. 3 тоқсанда 1 сағат – білімнің негіздері, спорт ойындары – 16 сағат, 4 сағат – ұлттық ойындар, 2 сағат – жалпы дене дайындық, 10 сағат – шаңғы дайындығы. Жоспарланған 4 тоқсанда 1 сағат – білімнің негіздері, 8 сағат – жеңіл атлетика, 8 сағат – спорт ойындары, жалпы дене дайындығы – 4 сағат өтеді.

Қорытынды. Өзіндік дәстүрімен, мемлекеттік құрылымымен, қоғамдық басқаруымен әр түрлі елдердің бағдарламалары ерекшеленсе де, олардың өзара ұқсастықтарын табуға да болады. Біршама елдердің оқу бағдарламаларында ең алдымен қозғалысты көп қажет ететін жаттығуларға, спорттық ойындарға, суда жүзуге көп көңіл бөлінген. Соңғы жылдары дене шынықтыру сабағында әуенмен әрленген жаттығулар мен билерді қолдану әдісі де кең қолдау тапты. Бұл үрдіс барысында басты назар нормалардың орындалуында емес, жаттығу кезінде қаншалықты қозғалыстың көп болғандығына аударылады.

Дегенмен, отандық және шетел бағдарламаларының қайсысын алсақ та жалпыға ортақ бір ерекшелік бар. Ол – жасөспірімдер мен балалардың дене қуаты қасиеттерін жоғары деңгейге жетуіне жағдай жасау, спорттық жарыстарда, дене жаттығулары мен жекелеген қозғалыстарды орындауда үздік нәтижеге қол жеткізу.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Русанов В.П. Здоровьесберегающие технологии в школьном образовательном процессе // Bulletin Almanach Science Association France-Kazakhstan. Editions Association. FranceKazakhstan, 2016-№ 4С.5-10.
  2. Кульназаров А.К. Проблемы и методологические основы совершенства физкультурного движения Республики Казахстан. // Автореф. дис. канд. – Алматы: «Рауан», 1993. – 23 с.
  3. Альмуханов Б.У. Вариативность учебных программ по физической культуре. // Автореф. дис. канд. – М.: «Академия», 1994. – 22 с.
  4. Гейнц К.А. Разработка вариативной части физического воспитания учащихся І-ІХ классов общеобразовательных школ Казахстана. // Автореф. дис. канд. – М.: «Медицина», 1995. – 22 с.
  5. Воробьева Н.Е., Чернов А.Ю. Проблемы методики и практики физического воспитания в США. // Теория и практика физической культуры, 1983. – № 2. – С. 55-57.
  6. Андреев С.Н. Физическое воспитание школьников Румынии // Физкультура в школе, 1980. – № 7. – С. 63-65.
  7. Арасымович С. К вопросу об эффективности образования в физической культуре (в школах ПНР) // Теория и практика физ. культуры, 1988. – №5. – С. 54-55.
  8. Корнеев Т.В., Полянская Н.В. Пути и формы развития массовой физической культуры и спорта среди учащихся (по материалам междунар. симпозиума, Бургас) // Физкультура в школе, 1989. – № 1. – С. 63-64.
  9. Богданов Г.Д. Все лучшее – в практику: О воспитании монгольских школьников // Физкультура в школе, 1989. – № 6, – С. 62-63.
  10. Думов А. Физическая культура в школах Швеции // Физкультура в школе, 1974. №4. – С. 61-63.
  11. Васильков Г.А. Планирование учебного процесса и методический багаж для его реализации // Физическая культура в школе, 1990. – № 8. – С. 11-15.
Жыл: 2017
Қала: Оскемен
Категория: Философия