Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасындағы электр энергетикасы саласының жағдайы

Электр энергетикасы республиканың өнеркәсіп өндірісінің барлық көлемінің 7% нан астамын қамтамасыз ететін, отын – энергетикалық кешенінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Тек 2015 жылы отандық энергетика электроэнергияның 88,7 млрд кВ/сағ өндірді, соның ішінде 8,3 млрд кВ/сағ басқа елдерге жеткізілді (алдыңғы жылдан 22% ға көбірек). Үлгі боларлық, бұл бүкіл Қазақстан электро энергиясының шамамен 86 – 88% жылу электр станцияларында өндіріледі [1].

Қазақстандық энергия жүйесінің негізгі сипаттамалары туралы айтқанда, ол оның объектілерінің бүкіл елдің аумағында біркелкі емес орналасуымен ерекшеленетінін атап өту керек. Шартты түрде отандық энергетикалық кешенің үш ірі аймаққа бөлуге болады:

Солтүстік және Орталық аймақ. Оған Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстары кіреді. Бұл облыстардың энергетикалық шаруашылығы бірыңғай желісіне біріктірілген және Ресей Федерациясының энергия жүйесімен тығыз, дамыған байланысқа ие. Берілген аймақтың аумағында еліміздің ірі энергия өндіруші қуаты орналасқан: Екібастұз МАЭС-1 (мемлекеттік ауданың электр станциясы) және МАЭС -2, Ақсу МАЭС, Қарағанды ЖЭО-3 (жылу электр орталығы), Өскемен ЖЭО, Шүлбі ГЭС (гидро электр станциясы). Электр энергияны өндірудің қомақты үлесі Екібастұз электр станциясы үлесінде (4000 МВт дейін). Өңірде көмір кен орныны болуына байланысты көмір электр энергиясы басым. Ол өзін – өзі электр энергиясымен қамтамасыз етіп қоймай, оны экспорттау әлеуетіне ие [2].

Бұл аймақта оларды кеңейту құрылыс жұмыстары бар электр станциялары орналасқан:

Ақмола ЖЭО – 2 (185 МВт);

Қарағанды ЖЭО – 3 (110 және 140 МВт);

Қарағанды ЖЭО – 2 (185 МВт);

Өскемен ЖЭО (80 МВт).

Оңтүстік аймақ. Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарын ортақ желімен біріктіре отырып, бұл аймақ Қырғызстан мен Өзбекстанның энергетикалық жүйелерімен дамыған байланысқа ие. Өз отын көздерінің жоқ болғандығынан, тиестінше, ірі электр станциясы, ол көрші мемлекеттердің электр энергиясының импортынан тәуелді. Бұл мәселені шешу үшін 1998 жылы қуаты 500 кВ «Екібастұз – Нұра – Агадырь – ОҚМАЭС (Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік аудандық электр станциясы) – Алматы» транзиттік электрлік келісі қатарға енгізілді. Ол Оңтүстік аймақты Солтүстік және Орталық Қазақстанның энергия көздерімен байланыстырды. Мұнымен орталық азиялық мемлекеттерінен энергияны импорттаудан қатысты тәуелсіздік қамтамасыз етілді. 2004 жылдың соңында екінші магистральдық «Солтүстік – Оңтүстік» желісінің құрылысы басталды. Бұл жобаның бағасы US$295,6 млн бағаланды.

Өзін – өзі баланстауды тіпті бұл дәстүрлі жетіспеушілікті өңірде экспорттық әлеуеті болашағында құру мүмкін. Бұл қайта жөндеу мен ЖЭО – да алғаш құрал – жабдық алу есебінде немесе жаңа құрылыс есебінде жүзеге асу мүмкін.

Батыс аймақ. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарын қосады, ол Ресейдің энергетикалық жүйесімен тығыз байланысты. Ақтөбе облысын қоспағанда, оның энергия шаруашылығы оқшауланған түрде жұмыс істейді. Барлық облыстар ортақ электр желісімен біріккен. Көмірсутек шикізатының елеулі қорына қарамастан, электр энергиясындағы қажеттіліктердің бір бөлігі Ресейден импорт арқасында жабылады. Болашақта жеке қажеттілікті толықтай өтеу үшін, сондай – ақ қуатты шетелге шығару үшін өңірде жаңа өндіруші қуаттарды құру жоспарлануда.

Қазақстанның басқа энергетикалық жүйесінің ерекшелігі бірыңғай, тік ұйымдастырылған диспетчерлік басқарудың бар болуы болып табылады. Оны сондай –ақ электр энергиясының құрама әдісінің үлесі сипаттайды (электрлік және жылу энергиясын өндіретін ЖЭО энергия көздерінің құрылымында басым болуы). Мұның жанында, көптеген қазақстандық электр станцияларының құрал – жабдықтарының тозу фактісі оның жұмысының есептік ресурсынан асуы алаңдатады (қуат бойынша орташа өлшенген тозу 58,5% құрайды) [3].

Электр энергиясын өндірушілер – тәуелсіз немесе ірі өнеркәсіптік тұтынушылармен интеграцияланған акционерлік қоғамдардың атынан электр станциялары.

Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің мәліметі бойынша республикамызда 60 электр станцияларын өндірушілері бар, соның ішінде 8–ұлттық маңызы бар электр станциялары, 52 – аймақтық электр станциялары, 22 – аймақтық электр желілік компаниялар (АЭК).

16 АЭК–ның мүліктік кешені жеке меншікте. 2 АЭК (аймақтық энергетикалық компаниялар) жеке компанияларға инвестициялық міндеттемелерге берілген – Шығыс Қазақстан АҚ – «ШҚ АЭК», Семей – «ШҚ АЭК» АҚ – ның Семей филиалы.

4 АЭК мемлекет меншігінде қалады, соның ішінде: «Маңғыстау АЭК» АҚ – ның 93,78% акциялардың мемлекеттік пакеті «Самрұқ Холдинг» АҚ–на берілген, «Батыс Қазақстан АЭК» АҚ 100% акциялардың мемлекеттік пакеті Батыс Қазақстан Әкімінің сенімгерлік басқаруында. Коммуналдық меншікте: «Қалалық электр желілері» АҚ – Астана қаласының электр желілері, «Қостанайюжэлектросервис» МКК (мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын) (бұрынғы «Оңтүстік электр елілері» АҚ».

Қазақстанның электр станцияларының сомалық орнатылған қуаты 18,99 млн кВ құрайды. Қуат құрылымында 88% ЖЭС (жылу электр станциясы) келеді, 12% ГЭС және 1% дан аз емес генерацияның басқа да түрлеріне келеді. Барлығы қолданыста 63 электр станциясы бар [3].

Қазақстанның электр энергетикасының негізін ірі МАЭС құрайды:

  • Екібастұз МАЭС-1 (ГРЭС-1) – 4 млн. кВт;
  • Ақсу МАЭС (ГРЭС) – 2,1 млн. кВт;
  • Жамбыл МАЭС (ГРЭС) – 1,2 млн. кВт;
  • Екібастұз МАЭС-2 (ГРЭС-2) – 1 млн. кВт.

Ертіс өзенінде Бұқтырма ГЭС – 0,7 млн кВт, Өскемен ГЭС – 0,3 млн кВт және Шүлбі ГЭС – 0,7 млн кВт салынған. Іле өзенінде Қапшағай ГЭС – 0,4 млн кВт және Шарын өзенінде Мойнақ ГЭС 0,3 млн. кВт салынған.

Ірі өндірістік өнеркәсіптердің жылу және электрмен жабдықтайтын ЖЭО және жақын орналасқан елді мекендер қатарына кіреді: Павлодар ЖЭО, Шымкент ЖЭО, Балқаш ЖЭО, Рудный ЖЭО және т.б.

Соңғы жылдардың салынған Балқаш ЖЭС бірінші кезеңде қуаты – 1,3 млн кВт, ал 2016 жылға қарсы– 2,6 млн кВт.

1973 жылдан бастап 1999 жылға дейін Маңғышлақ түбегінде қуаты 52 мың кВт (жабылу кезінде). Маңғыстау атом электр станциясы кешені (бұрынғы Шевченко АЭС) жұмыс істеді. Өндірілген электр энергиясы теңіз суын тұшыту үшін қолданылды.

Электр энергиясын өндіру және тұтыну 2015 жылы Қазақстанда 88,7 млрд кВт сағ электр энергиясы өндірілді (+5,1% 2012 жылға). Электр энергия құрылымында ЖЭС үлесі 91%, ГЭС 9%, ЖЭК (жаңартылатын энергия көздері) 0,5% аз [3]. Жалпы 2008 – 2015 жж. электр энергиясын өндіруін 1-ші кесте мен 1-ші суреттен көруге болады.

Кесте 1. Электр энергиясы өндірісі (млрд кВт сағ)

Жыл

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

Барлығы

67,9

71,7

76,6

80,3

78,7

82,7

83,7

88,7

90

80

70

60

50

40

30

20

10

0

2008-2009

2010-2011

2012-2013

2014-2015

Сурет 1. 2008 – 2015 жж. электр энергия өндірісінің динамикасы

Қазақстан Республикасының индустриялық – инновациялық мәжбүрлеу бойынша Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің үлесі электр энергия өндірісінің жалпы көлемде 2018 жылы 1% дан асу керек.

2015 жылы Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 89,7 млрд кВт сағ.өндіріс үлесі 85,3% ға жетті, халық 11,9%, көлік – 2,55% ды құрады [3]. 2008 – 2015 жж. электр энергиясын тұтыну мөлшерін 2-ші кесте мен 2-ші суреттен көруге болады.

Кесте 2. Электр энергиясын тұтыну, (млрд кВт сағ)

Жыл

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

Барлығы

67,7

71,9

76,7

80,6

77,9

83,8

87,7

89,7

100

80

60

40

20

0

2008-2009

2010-2011

2012-2013

2014-2015

Сурет 2. 2008 – 2015 жж. электр энергия тұтынуының динамикасы

2015 жылы Қазақстанмен 8,3 млрд электр энергиясы импортталды, соның ішінде 4,6 млрд кВт сағ Ресейден және 1,6 млрд кВт сағ Қырғызстаннан. Ресейден электр энергия Батыс Қазақстан тұтынушыларына, Қырғызстаннан еліміздің оңтүстік аймақтарына жеткізіледі [3]. 2015 жылы Қазақстаннан экспорт алдын ала берілгендер бойынша 5,6 млрд. кВт сағ. құрады.

2008 – 2015 жж. электр энергиясы импорты мен экспортының мөлшерін 3-ші кесте мен 3-ші суреттен көруге болады.

Кесте 3. Электр энергия импорты мен экспорты, (млрд. кВт сағ.)

Жыл

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

Импорты

3,5

4,0

3,4

2,8

1,7

6,2

7,7,

8,3

Экспорты

3,6

3,7

3,3

2,5

2,4

4,7

4,9

5,6

10

8

6

4

2

импорт

экспорт

0

2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015

Сурет 3. 2008 – 2015 жж. электр энергия импорты мен экспортының динамикасы Қазақстанның жоғары вольтты электр желілерімен басқаруды мемлекеттік «Қазақстан электр желілерімен басқару бойынша компаниясы» (KEGOC) қамтамасыз етеді. 2015 жылдың басында жағдайы бойынша компания балансында 0,4– 1150 кВ кернеулі 310 электр энергиясын жеткізу желілері болды. Желі ұзындығы 24,5 мың км құрайды, соның ішінде:

  • 1150 кВ кернеулі электр желісі — 1,4 мың км;
  • 500 кВ кернеулі электр желісі – 6,4 мың км;
  • 220 кВ кернеулі электр желісі – 16 мың км;
  • 110 кВ кернеулі электр желісі – 0,6 мың км;
  • 0,4 – 35 кВ кернеулі электр желісі – 0,1 мың км [3].

Стратегиялық болып табылатын 1999 жылдың 9 сәуірінен № 384 «2030 жылға дейін электр энергиясының даму бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасының Жарлығына сәйкес Республиканың электр энергиясының даму бағдарламасы сатылы жүзеге асырылады, және жыл бойынша төрт сатыдан тұрады:

  1. бағдарламаның I сатысы – 19992005 жылдар;
  2. бағдарламаның II сатысы – 20062010 жылдар;
  3. бағдарламаның III сатысы – 2011-2015 жылдар;
  4. Бағалау– 2016-2030 жылдар

Саланың даму бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші және екінші сатысында жүзеге асырылды:

  • Қазақстанда екі деңгейден құралатын – электр энергиясының көтерме сауда нарығы (орталықтандырылмаған сауда) және бөлек сауда нарығы құрылды және жұмыс істеуде;
  • тәуелсіз экономикалық құрылымдардан тұратын, басқарудың жаға ұйымдастырылған құрылымы құрылды;
  • электр энергетика саласының қайта құрылымдауы жүргізілді: энергия көздерінің 80% жекешелендірілді және басқаруға берілді;
  • электр энергиясының қол жетімді бәсекелі нарығы ұйымдастырылды;
  • электр энергиясы нарығының одан әрі даму бағдарламасы анықталды.

Бағдарламаның үшінші сатысы энергетика саласының бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етудің тиімді басқару тәсіліне негізделген болатын.

Бірақ экономиканың осы секторының дамуына әсер ететін мәселелер қатары туындады. Электр энергиясы нарығының дамуының проблемалық сұрақтарына келесілер жатқызылды:

  • Қазақстанның БЭЖ (Бірыңғай энергетикалық жүйесі) – де «нақты уақыт» режиміндегі электр энергиясының өндірістік
  • тұтынуының келісім шарттық және нақты шамалары арасындағы баланс теңгерім дигінің нарықтық механизмінің жоқ болуы;
  • оның тұрақты жұмыс істеу және сенімді энергетикалық қамтамасыз ету үшін Қазақстан БЭЖ –де жедел қуаттарды генерациялайтын резервтік қамтамасыз ету бойынша іс–шаралар әзірленген жоқ;
  • бөлшек сауда нарығында өзінің шешілуін талап ететін негізгі мәселелер болып табылады: облыстық және қалалық электр желілері түрінде бұрын болған АЭК–дың дербес және заңды тұлғаларға бөлінген, аймақтық электр желілерінің (АЭЖ) дербес заңды тұлғаларға бөлінгенге дейін тігінен интеграцияланған – еліміздің аймақтарында электр жабдықтаудың құрылымдық – ұйымдастырушылық сұлбаларының бар болуы;
  • АЭК – ның жекешелендіруінің аяқ талмағандығы;
  • бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясын жеткізуде саласында бәсекелестіктің болмауы:
  • нормативтік және нормативтен тыс (коммерциялық) ысыраптардың төмендеуіне АЭК –дың стимулы болмауы бөлігінде аймақтық деңгей желісі бойынша электр энергиясын беру тарифтік әдістемесінің жетілмегендігі:
  • бөлшек сауда тұтынушыларының электр жабдықтау және электр энергиясын беру бойынша қызметін жүзеге асыру кезінде АЭК – да шығындарды бөлек есепке алуының болмауы;
  • электр энергиясын дамыту бағдарламасында ауылдық елді мекендерде электрлендіру дамуы бойынша бөлімнің болмауы;
  • электр станциясының жұмысы үшін электр энергия мен жылу өндірісінің құрамдастырған үлгісі мен электр энергияның бәсекелестік нарығында жағдай жасау қажеттілігі;
  • электр және жылу желілер шаруашылығының жаңаруы мен қайта жаңғыртуға инвестицияларды тартудың төмен деңгейі [4].

Электр энергетикасында нарықтық реформаларды жүргізуде жалпы проблема болып, ішкі нарықта электр энергиясымен сағаттық сауда жүргізуге және мемлекетаралық ағындарының орнатылған сағаттық шамаларын сақтағанға мүмкіндік бермейтін, нарық субъектілерінде қажетті коммерциялық есеп жүйесінің болмау табылады. Бұл мәселелер нарық қатынастарының тереңдетуіне және болашақта дамуына, саланың қаржылық тұрақтылығы мен инвестициялық тартымдылығына ықпал етпейді.

Электр станциялары мен АЭК–ның негізгі қорларының тозуы сындарлы шегіне жетті, және таяу жылдары өте қауіпті салдарға әкелуі мүмкін.

Қазақстанның электр энергиясының даму бағдарламасы әуелде Оңтүстік аймақтың Орта Азия мемлекеттерінен энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ететін Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанды біріктіру сұлбасын жүзеге асыруда Қазақстан бірыңғай энергетикалық жүйесін құру шеңберінде болды. Үкіметтің есебі бойынша энергияны өндіру және беру орталығы Солтүстік аймақ (артық электр энергиясымен) болуы тиіс болды. Оңтүстік аймақ үшін жетіспейтін энергия бөлігі Қырғызстаннан түсуі керек болды, ішінара Жамбыл МАЭС өндіреді. Бірақ, үкіметтің қате есебі кесірінен қазіргі уақытқа дейін бағдарлама іске асырылмаған. Қазіргі күде Солтүстік энергиясы артатын аймақ болып табылмайды, Қырғызстан жеткізуден бас тартты, Жамбыл МАЭС келетін болсақ, онда оның қуаты газ бен мазут бағасы көтерілген соң оңтүстік аймақтың энергия қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды, Жамбыл МАЭС – нің көтерме бағасының жоғары болуы жеткізушілер қаражаттың жоқ болғандығынан электр энергиясын сатып ала алмайды. Энергетикалық тәуелділік мәселесін шешудің бір жолы болып Амангелді табиғи газ кен орнын игеру, бірақ бұл кен орынның қаншалықты МАЭС газбен қамтамасыз ететіні туралы сұрақ соңына дейін түсініксіз болып қалуда. Еліміздің оңтүстік аймағын электр энергиясымен қамту мәселесін шешу бойынша үкіметтің есебі қате болып шықты, ал Солтүстік – Оңтүстік желісінің құрылысы бүгінгі күнде еліміздің солтүстік аймағында қажетті электр энергиясының көздерімен қамтамасыз етілмеген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкесінше энергетика және минералды ресурстар Министрлігімен бағдарлама түзетуі жүргізілді (22.05.2006 ж. №160 энергетика және минералды ресурстар Министрінің Бұйрығымен бекітілді). 2009 жылы Үкіметте Қазақстанның электр энергетикалық саласының даму болашағы талқыланды. Талқылау барысында бүгінгі күнде энергия тұтыну қарқынының ұлғаю үрдісі жыл сайын 5% 6% бақылануда. Еліміздің оңтүстігінде мен батысында ерекше сезілуде. Биылғы жылдың басында мемлекет басшысы үкіметке бұл үрдістерді ұзарту бойынша іс – шаралар кешенің өндеуді тапсырды. Жиналыс барысында республикада жаңа энергетикалық объектілері құрылысында инвестицияларды тарту үшін жағымды жағдайлар құру мақсатында іс – шаралар кешенін жасап шығару керектігі туралы айтылды. Дегенмен, ерекше назар аймақтардағы желілік компаниялардың құрал – жабдықтарына қаратылуы тиіс еді [4]. Сарапшылардың болжамы бойынша қазіргі энергия жетіспеушілігінің өсу қарқыны көрсеткіші 2018 жылда 3 млрд. кВт сағ жетуі мүмкін. Жетіспеушілікті болдырмау бойынша белсенді жұмыстар бірнеше жыл жүргізілуде. Атап айтқанда, қазіргі уақытта Солтүстік – Оңтүстік екінші электр желісінің, екінші кезекте Астана ЖЭО-2, Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы аймақ аралық желісі, Қандыағаш ГТЭС (газ – турбиналық электр станциясы) және басқалардың құрылысы бойынша жобалар жүзеге асырылуда.

Бұрынғыдай саладағы тариф саясаты мәселелері өзекті болып қалады. Бүгінгі күнде әлі де бар тарифтерді есептеу әдістемесі ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын тарату бойынша қызметінде, сондай – ақ аймақтық және жергілікті деңгей желілері бойынша инвестициялық құрамдасын қамтымайды, соған сәйкес инвестициялар бойынша компаниялардың шығындар өтемақысы тарифтерді есептеу кезіне саналады.

Мұндай әдістеме тұжырымдамаға сәйкес бірнеше АЭК бойынша инвестициялық бағдарламасы бар пилоттық жобада қолданылады. Инвестициялық құрамдас бойынша есептеу әдістемесі саланың инвестициялық тартымдылығының, өндіріс шығындарын мен электр энергиясының нормативтік техникалық шығындарын төмендетуге көмектеседі. Тұтынушылар үшін тарифтің өсуі түсінікті болуы керек, ол заңнамамен қалай қарастырылғанын және республика халқының негізгі бөлігінің төлем қабілеттігің ескеру керек.

Жоғарыда айтылғандардан келесі қорытындыларды жасауға болады:

  1. еліміздің энергетикалық кешенінің дамуы негізгі қорлардың ескіруінің сындарлы шегіне жетті. Ол ағымдағы жылы еліміздің оңтүстік аймақтарындағы энергетикалық дағдарыста, энергия және жылу жеткізушілерінің ұсынылған қызметі бойынша тарифтердің жоғарылауында әсерін білдірді;
  2. 2030 жылға дейінгі электр энергиясын сатылы дамыту бағдарламасы толық мөлшерде жүзеге асырылмады, энергетика саласының дамуына бағытталған ақша қаражаттарын экономикалық тиімді қолдану негіздемесі мен мөлдірлігі жоқ;
  3. ауылдық елді мекендерде электрлендірудің салалық бағдарламасы жоқ, ауылда электр желісі толықтай жарамсыздыққа келді;
  4. саланың инвестициялық саясатының дамуы негізінде қарыз қаражаттарын қолдануға бағытталған, саланы инвестициялаудың нарықтық механизмі құралдары қолданылмайды.
  5. аймақтар бойынша электр энергия тапшылығының өсуі үлкейеді.

Қазақстанның энергетикалық саласының тұтастай бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында және оның бәсекелестік артықшылықтарын анықтау үшін ескеру қажет:

  • өтімді бағалы қағаздарының шығуы және оларды еліміздің ішінде қор атағында орналастыру арқылы электр энергиясы саласына инвестицияларды таратуды қамтамасыз ету;
  • ауылдық елді мекендерде энергиямен қамтамасыз ету сұрақтарын «Самрұқ – Қазына» мемлекеттік холдинг компаниясының инвестициялық қаражаттары арқылы шешу, орта мерзімді келешекке ауылдық елді мен кендерге энергиямен қамтамасыз ету бағдарламасын қамтамасыз ету;
  • аймақтардың дамуы үшін стратегиялық маңызы бар энергиямен қамтамасыз ету объектілерінің мемлекеттік меншігіне қайтару туралы сұрақты және ерекше қоғамдық маңызын талқылау;
  • 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының электр энергетикасының сатылы даму бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелерінің парламенттік тыңдауын өткізу;
  • аймақтардың энергиямен қамтамасыз етілу компаниясының аудиторлық қызметінің жылдық басылымын қамтамасыз ету;
  • облыс (қала) әкімдерінің қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысында энергия жабдықтау компанияларының басшыларының жылдық қызметі бойынша есепті тыңдау.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Баймуратов У. Национальная экономическая система. Алматы: Ғылым, 2000.
  2. Кенжегузин М.Б. Рыночная экономика Казахстана.Алматы, 2003. – 376 с.
  3. Ежегодный статистический сборник Агентства РК по статистике за 2002 – 2015 годы.
  4. Экономический анализ состояния энергетического сектора Казахстана. http: // www.articlekz.com
  5. Рогалев Н.Д. и др. Экономика энергетики.– М.2013.
  6. Программа по развитию электроэнергетики в Республике Казахстан 2015-2030 года. http: // www.kegog.kz

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.