Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері, оларды бағалау жолдары

Қазіргі уақытта жүзеге асырылатын техникалық саясат негізгі қорлардың әрбір теңгесіне шығарылатын өнімді көбейтуге жағдай жасайды. Бұл өндіріс тиімділігін көтеруге септігін тигізеді. Негізгі қорларды тиімді пайдалану, біріншіден өндіріс көлемі ешқандай қосымша салымдарсыз ұлғаяды, екіншіден, еңбек өнімділігі өседі, өнімнің өзіндік құны азаяды.

Кәсіпорында және өнеркәсіпте негізгі құралдар қаншалықты тиімді пайдаланылатындығын анықтау үшін келесідей көрсеткіштер жүйесі қолданылады:

  1. негізгі құралдар құрылымының қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер;
  2. негізгі қорларды пайдаланудың жалпылама көрсеткіштері;
  3. негізгі қорлардың интенсивті және экстенсивті көрсеткіштері.

Бірінші топ көрсеткіштері: жаңару коэффициенті, негізгі қорлардың шығуы коэффициенті, негізгі қорлардың өсуі коэффициенті және негізгі өндірістік қордағы актив бөлігінің үлес мөлшері.

Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті (Ко) – белгілі кезең (жыл) аралығында жаңадан түскен негізгі құралдарды және олардың интенсивтілігін сипаттайды. Жаңару коэффициенті бір жылда келіп түскен негізгі құралдар сомасының (Фн) жыл аяғындағы негізгі құралдар сомасына қатынасымен анықталады.

(Фкг): Ко =Фн / Фкг

Негізгі құралдардың шығу коэффициенті (Квыб) негізгі құралдардың берілген кезеңдегі жойылу және шығу процесін сипаттайды. Бұл коэффициент негізгі құралдардың берілген кезеңдегі шыққан құнының (Фвыб) берілген период басындағы негізгі құралдардың құнына (Фнг) қатынасымен табылады:

Квыб = Фвыб /Фнг

Негізгі құралдардың өсу коэффициенті (Крост) – негізгі құралдардың жаңаруы есебінен салыстырмалы өсуін бейнелейді:

Крост = (Фн Фвыб)/ Фкг

Негізгі өндірістік қордағы актив бөлігінің үлес салмағы негізгі өндірістік қор құрылымының прогрессивтігін сипаттайды, негізгі өндірістік қордың жалпы сомасындағы олардың актив бөлігінің үлесі (машина, құрал-жабдықтар, скважина, технологиялық қондырғылар, мұнай газ құбырлары) процент түрінде беріледі .

Көрсеткіштердің екінші тобына қор қайтарымдылығы және қор сиымдылығы, қор қарулануы жатады.

Қор қайтарымдылығы (Фо) – негізгі қорларды тиімділік деңгейін бейнелейтін жалпылама көрсеткіш. Ол негізгі қордың 1 теңгесіне шығарылған өнім көлемін (немесе тауарлық өнімді) көрсетеді.

Қор сиымдылығы (Фе) – бұл натуралды немесе құндық түрдегі шығарылған тауарлық өнімнің бір теңгесіне немесе шығарылған өнімнің бір данасына келетін негізгі қорлардың құны.

Фе = Фсг/ Q

Қор қарулануы (Фв) негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін бейнелейді және негізгі қорлардың орташа жылдық құнының өнеркәсіп өндірістік персоналдардың орташа тізімдік санына қатынасымен табылады.

Фв = Фсг/ Ч (Ч – персоналдардың орташа тізім).

Еңбектің техникалық қарулануы: Ф тех = Факт/ Ч

Мұнда Фтех негізгі құралдардың актив бөлігінің орташа жылдық құны.

Бұл топтағы көрсеткіштер динамикасы кәсіпорында жүргізілген ұдайы өндіріс процесі жағдайын көрсетеді.

Үшінші топ көрсеткіштері негізгі қордағы актив бөлігін пайдалану деңгейін және өндірістік қуатты, сонымен қатар оларды пайдалануды жақсарту мүмкіншіліктерінің жасырын резервтерін сипаттайды. Оларға негізгі қорларды интенсивті, экстенсивті, және интегралды пайдалану коэффициенті кіреді.

Экстенсивті пайдалану коэффициенті (Кэ), НӨҚ актив бөлігін пайдалану деңгейін сипаттайды. Ол құрал-жабдықтардың істелген уақыттың қордың календарлық уақытына қатынасы (Тк):

Кэ =Тф/ Тф

Құрал-жабдықтарды экстенсивті пайдалану коэффициентінің мәні бірлікке жақындауы тиіс.

Кез-келген кәсіпорында амортизация аударымының дәлдігі, өнімнің өзіндік құны, оған белгіленген баға, мүлікке есептелетін салық сомасының және де басқа көрсеткіштер негізгі өндірістік қордың бағалануының дұрыстығы мен нақтылығына байланысты. Негізгі қорлардың жағдайы және пайдалануы натуралды және құндық көрсеткіштермен есептеледі.

Натуралдық көрсеткіштер өндірістік қордың техникалық құрамын анықтауға кәсіпорын объектілерінің және саланың жалпы өндірістік құрылымын анықтауға, құрал-жабдық балансын беруге мүмкіндік береді.

Натуралды көрсеткіштегі әрбір объектінің мінездемесі техникалық паспортта бейнеленеді, өндірістік қуатының тозу дәрежесі және негізгі құралдардың құрамы мен жағдайындағы барлық болған өзгерістер көрсетіледі. Негізгі қорлардың сақталуын бақылау мақсатында негізгі қорларды тізімдеу жасалып отырады, бұл олардың жағдайын және түгелдігін бақылап отырады. Негізгі қорларды құндық бағалау бұл олардың жалпы көлемін, құрылымын, динамикасын, амортизациялық аударымдарын анықтау үшін және олардың ұдайы өндірісін жоспарлау үшін қажет.

Бухгалтерлік есепте, негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнмен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады. Негізгі құралдардың әртүрі бойынша бастапқы құнға мына шығындар кіреді:

  • жер учаскесінің бастапқы құнына: жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөніндегі келісім-шартты рәсімдеу үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар енгізіледі;
  • құрал-жабдықтардың бастапқы құнына: құрал-жабдықтарды сатып алу құны, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп, түсіруге кеткен шығындар және тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтарды пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар жатады.

Кәсіпорынға келіп түскен негізгі қорлардың бастапқы құны келесі жағдайларда анықталады:

  1. Екі жақтың келісімі бойынша құрылтайшылардың кәсіпорынның жарғылық капиталға салған салымдарымен;
  2. Кәсіпорынның өзінде шығарылған немесе басқа кәсіпорын және басқа тұлғалардан жалға алынған – бұл объектілерді иеленуге жеткізу, монтаждау және қондыруға кеткен нақты өндірістік шығындар;
  3. Басқа кәсіпорын немесе заңды немесе жеке тұлғалардан қайтарымсыз түрде тегін алынған, сонымен бірге үкімет орындарынан сарапшылық жолмен немесе басқа құжаттар мәліметтері бойынша субсидиялар беру;
  4. Екі жақ келісімі бойынша ұзақ мерзімге жалға алу.

Негізгі құралдардың сандық сипаты баланста толық бастапқы құн бойынша келесі формуламен көрінеді:

Фк = Фн + Фв – Фл, (1)

Мұнда: Фк – негізгі қордың жыл аяғындағы құны;

Фн негізгі қордың жыл басындығы құны; Фв – бір жыл ішінде кірген негізгі қор құ-

ны;

Фг – бір жыл ішінде жойылған негізгі құралдар құны.

Негізгі құралдардың ағымдағы құны бұл шаруашылық субъектісінің белгілі бір уақыттағы яғни бүгінгі күндегі негізгі құралдың нарықтық бағасы болып табылады.

Негізгі құралдардың баланстық құны шаруашылық субъектінің бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпаратында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы қалған құны болып табылады.

Негізгі құралдардың қалдық құны – негізгі құралдардың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шыңғыруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.

Негізгі қорларды қалдық құнмен есептеу ең алдымен олардың сапалық жағдайын, жарамдылық коэффициентін және физикалық тозуын анықтау үшін немесе бухгалтерлік баланс құрау үшін қажет.

Негізгі құралдардың келісілген құны бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.

Негізгі қорладың нақты құны кәсіпорында негізгі қорларды тұрғызуға, қалыптастыруға кеткен, яғни оларды сатып алуға, жеткізуге, қондыруға және басқа да берілген объектіні негізгі мақсатта пайдалануға дайын болған жағдайға дейін жеткізуге кеткен барлық шығындар құны.

Негізгі құралдарды қалпына келтіру құны – бұл олардың қазіргі жағдайда ұдайы өндірісінің құны. Ол негізгі қорларды қалпына келтіру құнының олардың бастапқы құнынан ауытқуы деңгейі ҒТП қарқының жеделдеуінен, инфляция деңгейінен және т.б. негізгі қорларды өз уақытында объективті қайта бағалау олардың жәй және ұдайы өндірісінде маңызды орын алады.

Инфляция жағдайында негізгі қорларды қайта бағалаудың оңтайлы жағы негізгі қорлардың нақты дәл құнын объективті түрде бағалайды; өнім өндіруге және өткізуге кеткен шығындарды дәл анықтайды; негізгі қорлардың жәй ұдайы өндірісіндегі амортизациялық аударымдар шамасын нақты анықтайды; жалға берілетін (жалға берілген жағдайда) немесе өткізілетін негізгі қорларға сату бағасын объективті түрде белгілейді.

Негізгі қорларды құндық бағалау олардың есебіне, талдау және жоспарлауға, сонымен қатар, капитал салымдарының көлемін, құрылымын анықтау үшін керек. Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатыса отырып оларды үнемі пайдалану және табиғи тозу салдарынан өзінің бастапқы қалпын біртіндеп жоғалта бастайды.

Негізгі қорлардың тозуы физикалық және моралды түрде болады. Уақыт өте келе негізгі қорлар тоза отырып, өзінің бастапқы жұмыс істеу қабілетінен арыла бастайды.

Бұл процесс негізгі қорлардың физикалық тозуы деп аталады. Ол келесідей факторлардың әсерінен болады: құрылыс және дайындаудың сапасы, негізгі қорладың бастапқы сапасы, оларды пайдалану дәрежесі және интенсивтілігі, қызмет көрсету деңгейі, негізгі қорлар қызмет ететін ортаның белсенділік деңгейі, қызмет көрсетуші персоналдардың деңгейі, ППР дер кезінде өткізіп отыру және т.б. жағдайлар. Физикалық тозудың басты себебі – коррозиялық және құрал–жабдықтардың немесе бөлшектердің механикалық тозуы.

Физикалық тозу пайдалану сапасын нашарлатады да оның әсерінен құрал-жабдықтарды пайдаланумен байланысты шығындарды көбейтеді. Бұл негізгі құралдың экономикалық тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Құрал-жабдықтардың физикалық тозуынан кейін оларға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Өзінің бастапқы сапасын жоғалтып және жаңа басқа аналогтық құралдар талаптарын қанағаттандырмаған кезде негізгі құрал толық физикалық тозған деп есептеледі.

Негізгі қорлардың физикалық тозу коэффициенті (К ф.т.):

К ф.т =(И/Пс)* 100; (2)

Мұнда: И негізгі қорларды барлық пайдалану кезеңіндегі тозу сомасы (аударылған амортизация);

Пс – негізгі қорлардың бастапқы немесе қалпына келтіру құны;

Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті олардың белгілі уақыттағы физикалық жағдайын сипаттайды және мына формуламен есептеледі:

К г.ф. =((Пс-И)/Пс)*100 (3)

Негізгі қорлардың жарамдылық ко-

эффициенті физикалық тозу коэффициенті негізінде де анықталуы мүмкін:

К г.ф. = 100-К ф.т. (4)

Бұл формулалардың негізгі кемшілігі негізгі қорлардың бірдей физикалық тозуын болжайтындықтан үнемі нақты бола бермейді.

Құрал-жабдықтар физикалық тозумен қатар, техникалық прогресс әсерінен моральдық тозуға ұшырайды. Техникалық прогрестің жоғарғы қарқында өсуі негізгі қорларды олардың моральдық тозуы салдарынан ауыстыру қажеттілігі туады. Моральдық тозудың экономикалық маңызы бұл еңбек құралдарының өз маңыздылығын, құнын олардың физикалық тозуына дейін, өзінің физикалық қызметінің мерзімі біткенге шейін жоғалтуы.

Моральдық тозу екі түрлі формада болады:

Бірінші нысанда негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің қымбаттауы (арзандауы) нәтижесінде (инфляция әсерінен немесе еңбек өнімділігінің өсуі, техниканың жетілуі есебінен олардың қалпына келтіру құнының көбеюі немесе төмендеуі әсерінен) болады;

Екінші нысан конструктивті жетілдірілген және өндірістік машиналардың қалыптасуы салдарынан болады.

Кәсіпорындарда моралды тозған құрал-жабдықтарды жаңалармен үнемі ауыстырып отыру бұл соңғы нәтижеде өнім шығаруды көбейту және оның өндірісіне кеткен шығындардың азаюы есебінен өндіріс тиімділігінің көтерілуіне әкеп соғады.

Жаңа техниканы ендіре отырып, моральдық тозудан кейінгі жоғалтуларды азайтатын негізгі қорлардың модернизациясына баса көңіл аудару қажет. Құралжабдықтарды модернизациялау жаңа техникалық деңгейде ұстап және оның моральдық тозуын болдырмайды.

Әрбір кәсіпорында негізгі қорлардың физикалық және моральдық тозуы басқарылып отырылуы тиіс.

Мұны басқарудың негізгі мақсаты – кәсіпорын үшін құрал-жабдықтардың тозуы теріс экономикалық әсерге соқтыратындықтан негізгі қорлардың, әсіресе, актив бөлігінің моралды және физикалық тозуын болдырмаудың алдын алу.

Бұл процестерді басқару негізгі қортады.

Негізгі қорлардың пайдалы қызмет лардың ұдайы өндірісі саясатын жүргізу арқылы болады.

Бұл саясаттың негізгі мақсаты шаруашылық субъектілер үшін жәй және кеңейтілген ұдайы өндірісте өндірістік қайта техникалық жарақтануына қолайлы жағдай туғызады. Бұл мәселе амортизациялық, инвестициялық, және салықтық заңдарды жүзеге асыру арқылы шешіледі.

Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі – бұл реконструкция, техникалық қайта жарақтануы, модернизация және капиталды жөндеу жолымен олардың үздіксіз жаңартылу процесі.

Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің негізгі мақсаты – кәсіпорынды сапалы және санды негізгі капиталдар құрамымен қамтамасыз ету, сонымен қатар оларды жұмыс істеу қабілетін сақтап тұру. Ұдайы өндіріс процесінің әртүрлі себеп салдарынан істен шыққан негізгі қорлардың орнын толтыру, өндіріс көлемін кеңейту мақсатында негізгі қорлар массасын көбейту, негізгі қорлардың технологиялық, жас өлшерін және сыртқы келбетінің құрылымын жетілдіру, яғни өндірістің техникалық деңгейін көтеруіндегі алатын орны ерекше.

Кәсіпорынға негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне арналған негізгі құралдар кәсіпорынның жарғылық капиталына салым түрінде, капитал салымы нәтижесінде, қайтарымсыз берілген, жалга алу немесе беру нәтижесінде келіп түсуі мүмкін.

Тозу мәселесімен бірге бұл қорларды әртүрлі пайдалану жағдайларымен, қызмет көрсетуші персоналдардың кәсіби біліктілігімен, жүргізілетін жөндеу жұмыстарының сапасымен байланысты негізгі қорлардың пайдалану мерзімін анықтау мәселесі бір-бірімен тығыз байланысты. Жаңа құрал-жабдықтардың пайдалану мерзімі олардың физикалық және моральдық тозу уақытын қарастыра отырып,сарапшылық әдіс негізінде анықталады. Пайдалы қызмет мерзімі – негізгі құралдарды белгілі бір уақыт аралығында пайдаланудан экономикалық түсім алуды болжау.

Негізгі құралдарға үлкен капитал салымдары салынатындықтан әрбір кәсіпорын оларды өндірістік процесте пайдалы қызмет ету мерзіміне қызығушылық таны-

мерзімі олар қандай материалдан дайындалғандығына, олар пайдаланылатын жағдайларына, оларды пайдаланатын жұмысшылардың техникалық білімділігіне, жұмыс ауысымына, өткізілетін жөндеу жұмыстарының уақытшылығы мен сапасына байланысты болады.

Негізгі құралдар табиғи және моралды тоза отырып, қызмет ету мерзімі ішінде бастапқы құны толығымен өзінің қатысуымен шығарылған өнімге берілуі қажет. Негізгі құралдардың құнының өнімге бұлай берілуі амортизация деп аталады, осы өнімнің өзіндік құнына кіретін бұл өнімді өткізгеннен кейін ақша түрінде оралатын құралдар сомасын амортизациялық аударым деп атайды. Бұдан құралдарды толық қалпына келтіруге арналған амортизациялық қор қалыптасады. Бұл қор кәсіпорында өндірісті жетілдіру және модернизациялауға жұмсалады.

Амортизация бұл активтің қызмет ету мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түріндегі тозудың құндық көрінісі. Амортизациялық құн бастапқы құн мен жойылу құны арасындағы айырманы білдіреді, жойылу құны негізгі құралдар түскен кезде қосалқы бөлшектердің, металл қалдықтарының, пайдалы қызмет біткен кезде пайда болатын қалдықтардың болжамды құны ретінде анықталады.

Жылдық амортизациялық аударымдар (Аг) негізгі қордың жалпы құнына және амортизациялық уақыт ұзақтығына (Та) байланысты болады:

Аг =(Сп Сл)/Та (5)

Негізгі қорлардың жалпы құны бастапқы құн (Сп) мен жойылу құны (Сл) айырмасынан құралады.

Амортизациялық кезең – бұл негізгі қорлардың құнының орнын толтыру мерзімі, яғни оларды пайдалану мерзімі. Мерзімі қаншалықты ұзақ болған сайын, жылдық амортизациялық аударым сомасы соншалықты аз болады және керісінше.

Жойылу құны – құрал жабдықты пайдаланудан жұмысқа жарамай істен шыққаннан кейін алуға болатын құралдар.

Бастапқы құнға жатқызылған және процентпен берілген, жылдық амортизациялық аударымдар амортизация нормасын анықтайды.(На):

На = (Аг /Сп )*100 (6)

Мұнда: Сп қайта бағалаудан кейінгі пайдалануға берілген құрал-жабдықтың бастапқы құны.

Амортизация мөлшері негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық проценті болып есептеледі.

Ол экономикалық тұрғыда негізделіп, негізгі қорлардың өз уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде мақсатқа сәйкес негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін келесідей факторларға сай дұрыс анықтау қажет: негізгі қорлардың төзімділігі; сапалық тозу;техникамен қайта жарақтанудағы келешекке арналған жоспар; жабдықтау балансы; жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі.

Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымының мөлшері кәсіпорын экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағынан, амортизациялық аударымының тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын пайдасының мөлшері де азаяды.

Сол себепті кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымды деңгейі қысқарады. Екінші жағынан амортизациялық аударымының кемітілген үлесі негізгі қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал бұл олардың ескіріп қалуына соғады. Міне осының салдарынан бәсекеге жарамдылығы төмендеп, өздерінің нарықтағы жайға сымы ысырап болады.

Амортизация мөлшерін дұрыс белгілеудің кәсіпорынның барлық шаруашылық қызметіндегі маңызы зор. Амортизациялық аударым көлемін негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша тікелей есептеу жолымен анықтайды.

Амортизация объектілері болып шаруашылық жүргізу және оперативті басқару үшін ұйым меншігіндегі негізгі құралдар табылады.

Амортизация ұйым қорындағы (резервте, қоймада) тұрған негізгі құралдар объектілеріне есептеледі. Амортизациялық аударымдар өндіріс шығындарына кіреді. өндіріс шығындарына кірген амортизациялық аударымдар сомасы осылай ұйым табысын азайтады.

Қазақстандағы кәсіпорындарда негізгі құралдар амортизациясы бухгалтерлік есеп стандартының 6 бөліміне сәйкес үш әдістің бірі арқылы жүзеге асырылады:

  1. бірқалыпты әдіс (амортизация негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне байланысты бірқалыпты бөлінеді);
  2. өндірістік әдіс (амортизация негізгі құралдардың өндірістік қуатына байланысты есептеледі);
  3. жеделдетілген әдіс:
  • қалдықты азайту әдісі (амортизация негізгі құралдардың қалдықты құны бойынша есептеледі);
  • кумулятивті әдіс (амортизация сан сомасы бойынша есептеледі):
  1. бірқалыпты есептеу әдісі барынша қарапайым әдіс болып табылады. Бұл бойынша объектінің амортизацияланатын құны ай сайын бірдей сомада есептеп шығарылады. Бұл әдіс кезінде амортизациялық аударым сомасы пайдалы қызмет ету мерзіміне, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер" туралы заңдық күші бар жарлығында белгіленген амортизацияның шекті нормасына сүйеніп анықталады;
  2. амортизацияны өндірістік әдіс арқылы есептеу кезінде амортизация сомасымен өндірістік қуат арасында тура байланыстылық болады. өндірістік қуат өнім шығару бірлігімен, пайдалану сағатымен, жүру бірлігімен, және т.б. көрсетілуі мүмкін. Бұл әдіс пайдалану мерзімі көбінесе техникалық көрсеткіштерге немесе субъектінің шаруашылық қызметіндегі өзгерістерге байланысты шектеулі болған жағдайларда қолайлы болып келеді;
  3. негізгі құралдардың жекелеген түрлері пайдалану мерзімінің бас кезінде барынша тиімді іс-әрекет жасайды.бұдан басқа, технологиялық жетілу жағдайында құрал-жабдық моральдық жағынан тез ескіреді. Сондықтан өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізуді жылдамдату және негізгі құралдарды жаңартуға мүдделікті арттыру үшін қаржылық жағдай ту-

дыру мақсатында субъектілер амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдісін қалдықты азайту әдісін немесе кумулятивті әдісін қолданады. Кумулятивті әдіс бойынша есептеп шығару әдісі есептік коэффициенті арқылы шығарылады. коэффициент алымы пайдалы қызмет ету мерзіміне тең, ал бөлімі қызмет ету мерзімінің аяғына дейін қалған кері тәртіптегі жыл санын білдіреді.

Бұл коэффициент пайдаланудың түрлі кезеңдерінде әртүрлі болып келеді, бірақ амортизацияланатын құнның тұрақты мөлшеріне қолданылады.

Бұл әдісті қолдану кезінде амортизациялық аударым сомасы пайдаланудың алғашқы жылдарында кейінгі жылдарға қарағанда әлдеқайда болады.

Кумулятивті санды анықтау үшін мына формула қолданылады:

Мұнда: S сандар сомасы,

N болжамды пайдалы қызмет ету мерзімі.

Қалдықты азайту әдісі кезінде тура жолды әдіс кезінде қолданылатын амортизация нормасы екі еселенеді және әрқашан тек қалдық құнға ғана қолданылады.

Кесте 1. Негізгі құралдар амортизациясының әдістерін салыстыру

Әдістер

Сипаттамасы

1. Бірқалыпты әдіс

Отандық есептеу тәжірибесі үшін қалыпты және түсініктілеу әдіс. Өзінің әмбебаптығы арқасында қазақстанда және басқа шет елдерде кең таралған. Тозу шығындарға бірдей беріледі, сондықтан,негізгі қорлардың қалдық құны бірқалыпты азаяды.

2. Өндірістік әдіс

Тозу көбейеді, ал қалдық құн тікелей орындалған жұмыс көлеміне байланысты азаяды,яғни негізгі қорлардың өндірістік қуатына пропорционалды. Бұл әдіс негізгі құралдарды пайдалану техникалық көрсеткіштермен шектелген жағдайда қолайлы (мысалы, мұнай және газ өндіруге тікелей қатысты құралжабдықтарды пайдалану кезінде)

3. Жеделдетілген әдіс: қалдықты азайту әдісі; кумулятивті әдіс

Пайдаланудың алғашқы жылдарында тозу келесі жылдарға қарағанда айтарлықтай көп, сондықтан бұл әдістер көбінесе тез моралды тозатын негізгі құралдарға сәйкес келеді (мыс, компьютерлер үшін). Бұл әдістер құрал-жабдықтардың жаңа түрлерін ендіруді жетілдіруге бағытталады.

Бұл ретте амортизация сомасы жылдан-жылға кеми береді, әрі ол алғашқы жылдарда едәуір жоғары болады.

Амортизация сомасы қалдық құнды жойылу құнына дейін кемітуге қажетті мөлшерге дейін шектелген соңғы жылдан басқа кезде болжанып отырған жойылу құны амортизацияны есептеу кезінде есепке алынбайды

Пайдалануға жаңадан берілген негізгі құралдардың амортизациясы келесі айдың бірінші күнінен бастап есептеледі, ал істен шыққан негізгі құралдар амортизациясы істен шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады Амортизацияны есептеу негізгі құралдарды қайта құру мен техникалық қайта жарақтау кезінде ол толық тоқтап тұрған жағдайда олардың толық қалыптасуына дейінгі уақытта жүргізілмейді. Бұдан басқа, кәсіпорын меншігіндегі жер, азықтық мал, кітапхана қоры, мұражай қалдықтары, сәулет және өнер ескерткіштері, көпшілік пайдаланатын автомобиль жолдары амортизациялауға жатпайды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Гибсон Дж.Иванцевич Д.М., Донелли Д.Х. Организации: поведение, структуры, процессы / Пер. с англ. – 8-е изд. – М.: ИНФРА-М, 2009.
  2. Чайковская Н.В., Буцанец Н.Б. Организационный потенциал эффективности труда в условиях рынка. – Муром: Муромский институт, 2010.
  3. Форд Г. Сегодня и завтра. Пер. с англ. – М.Финансы и статистика, 1991.
  4. Пилипенко Н.П. Трудовая мотивация и пути ее повышения. – М., 1999.
  5. Maslow A.H. Motivation and Personality. N.Y., 1970.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.