Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Пластикалық төлем карточкалар банк ісіндегі «технологиялық» революцияның маңызды элементтеріндегі орны және түрлері

Пластикалық карточка – бұл ақпараттың қазіргі жоғары технологиялық алып жүрушісі. Мамандардың айтуы бойынша, пластикалық карточка – бұл Қазақстанның төлем жүйесінің болашағы. Пластикалық карточка жақында тек қана қолма – қол ақшаларды емес, құжаттарды да ауыстырады (жеке куәлік немесе төл құжат орнына – карта суретімен). Барлық әлемде 2,5 миллиардтан астам адам тауарлар мен қызметтерге төлем жасау, жалақы алудың құралы және есептеудің тағы басқа түрлері ретінде пластикалық карточкаларды таңдады. Ендеше, пластикалық карточка қолма – қол ақшалармен есептеуге қарағанда, қолайлы, әрі сенімді болып табылады.

Төлем карточкасы электронды терминалдар немесе өзге құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы, онда мұндай карточканы ұстаушыға төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және төлем карточкасының эмитенті белгілеген әрі соның шарттары бойынша басқа операцияларды жүргізуге мүмкiндiк беретін ақпарат болады.

Төлем карточкасын беру кезінде шарт жасалады, онда мынадай міндетті шарттар болуы тиіс:

  • төлем карточкасын беру талаптары;
  • төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру талаптары;
  • қосымша карточкалар берілетін адамдардың тізімі немесе адамдардың тізіміне сілтеме (төлем карточкаларын беру туралы шарт негізінде түрлі ұстаушыларға бірнеше төлем карточкаларын беру кезінде);
  • төлем карточкасын алу тастау және оқшаулау талаптары;
  • төлем карточкасының және / немесе төлем карточкаларын беру туралы шарттың қолданылу мерзімі;
  • тараптардың құқықтары мен міндеттері;
  • тараптардың жауапкершілігі. Бірінші көпшілік төлем карточкаларын пайда болу тарихы жарты ғасырдан астам болып саналады. Қазақстанның тұрғындары олардың күнделікті өміріне сеніммен кірген төлем құралының осы түрінің ыңғайлы екендігін өткен он жылдың ортасында ғана бағалай алды.

Әлемдік карточка индустриясын дамытудағы маңызды кезең 2000 жылдардың бірінші жартысы чиппен жабдықталған төлем карточкаларын тарату уақыты болды. Уақыт көшіне ілесе отырып, Қазақстандық банктер 2005 жылы магниттік жолағы бар карталарды біртіндеп ауыстыра отырып, «чиптік» карталар шығаруға кірісті.

Қазіргі уақытта төлем карточкаларының нарығында қызмет көрсетудің үлкен ассортименті көрсетілді және түрлі карточкалық бағдарламалардың елеулі саны ұсынылады. Мәселен, төлем карточкасының көмегімен дүкендер мен мейрамханаларда тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем жасауға, коммуналдық қызмет көрсетулерді, байланыс қызметін, салық және кеден төлемдерін төлеуге, кредиттерді өтеуге, карточкадан карточкаға ақша аударуға, Интернет немесе телефонды пайдалану арқылы тауарларға және қызмет көрсетуге тапсырыс беруге болады.

Пайдаланушылар мен банк жұмысшылары карточкалар туралы айтқанда, түсініктер шатасып кетеді. Біреулер несие карточкалары туралы айтып, оларды банктік дейді, ал басқасы есеп айырысу карточкалары туралы айтып, оларды пластикалық деп атайды. Бұл түсініктер ұқсас болғанымен, мағынасы әр түрлі. Несие карточкаларын банктік деп, біз оларды кім шығаратынын айтамыз, пластикалық карточкалар туралы айтып, олардың қандай материалдан жасалатынын айтамыз.

24 тамыз 2000 жылы ҚР төлем карточкаларын шығару мен пайдалану ережесіне сәйкес, төлем карточкасы – бұл заңды және жеке тұлғалармен тауарлар мен қызметтерге қолма-қолсыз төлем жүргізу үшін, қолма-қол ақша қаражаттарын алу үшін, сонымен қатар, шетел валютасында айырбас операцияларын жүргізу үшін қолданылатын карточка.

Карточкаларды пайдалану арқылы төлем жүйесін құруда қандай да бір карточкалардың түрін таңдау маңызды болып келеді. Бұның маңыздылығын түсіну үшін карточкалардың жеке түрлеріне талдау жасап, оларға классификация жасайық.

Карточкалардың классификациясы – бұл жай ғана мәселе емес. Карточканы шығару туралы шешім қабылдағанда, бұл не үшін керек және бұл қандай карточкалар болатынын анықтау керек. Карточканы алғысы келген адам, оның оған не үшін керектігін түсініп, керекті карточканың түрін таңдауы керек. Карточкалық қызметтің мәні – оларды шығару емес, төлем жүйесіне қатысушылар арасындағы қолма-қолсыз есеп айырысуды жүргізудің механизмінде. Карточка қандай да бір төлем жүйесіндегі бұл механизмнің ерекшелігі және құралы болып табылады.

Карточкалардың түрлері:

  • қағаз (картонды);
  • пластикалық;
  • металды.

Ең бірінші қолданылған карточкалар картоннан болды. Бұндай карточкалар өткен ғасырдың 20-жылдары кәсіпорындармен бөлшек саудада және мұнай компанияларымен пайдаланылған. Төлем ретінде бұл карточкалардың қызмет көрсету мерзімі ұзақ емес, жүзеге асыратын төлем сомасы көп емес болуы керек. Қағаз карточкалар арзан, бірақ ұзақ мерзімді емес, ал металды карточкалар қымбат және ұзақ мерзімді, пластикалық карточкалар арзанырақ, қайта өңдеуге жеңіл беріледі және ұзақ мерзімді болып келеді.

Карточка ақпаратты тасымалдаушы болғандықтан, ақпаратты сақтау мен енгізудің классификациясы болады. Келесі түрлері бар:

  1. графикалық жазу;
  2. эмбоссирлеу (қысу);
  3. штрих-кодтау;
  4. магнит сызығын кодтау;
  5. чипті кодтау;
  6. лазерлі жазу (оптикалық карточкалар);
  7. радио желілік жазу.

Карточкаға ақпаратты жазудың ең алғашқы түрі болып графикалық жазу табылады. Ол қазіргі кезде де барлық карталарда пайдаланылады. Алғашында картаны ұстаушының тек аты мен тегі, картаның эмитенті туралы ақпарат болатын,кейін қол үлгісі қарастырылып, аты мен тегі эмбоссирленетін болды.

Эмбоссирлеу (қысу) карточкамен төлеу жасау операциясын жеделдетуге мүмкіндік береді. Карточкадағы эмбоссирленген ақпарат жедел түрде арнайы құрылғы импринттердің көмегімен қағазға түсіп отырады. Қазіргі заманғы жабдықтар карточкаға ұстаушының суретін және қол үлгісінің лазерлі көшірмесін енгізуге мүмкіндік береді.

Штрих-кодтау графикалық жазудың бір түрі болып табылады. Картаға стандарттарға сай штрихтар енгізіледі. Бұл ақпарат арнайы құрылғы арқылы оқылады. Карточкаға ақпаратты штрих-кодтау арқылы жазу магнитті сызық пайда болғанға дейін қолданылды. Бірақ штрих-кодты карточкалар арнайы карточкалық бағдарламаларда қолданылады, онда есеп айырысу талап етілмейді.

1960-жылдардың аяғына қарай қолма-қол ақшаларды алуға мүмкіндік беретін автоматты ақпараттың пайда болуы карточкалық бизнесте революция жасады. Карточкаларды ұстаушылар бұндай ақпараттарды пайдалану үшін карточканың арғы жағына магнитті пленкадан жасалған сызық жабыстырылды. АҚШ-та магнитті сызығы бар карточкаларға қызмет көрсететін ең бірінші банкоматтар болып 1969 жылы «Docutel» фирмасының банкоматтары табылады. Магнитті сызығы бар карточкалардың пайда болуынан бастап қана әрбір ұстаушыға Pin-кодты ендіру мүмкіндігі туды.

Транзакцияны жүргізу келесідей орындалады. Карточкамен операцияны жүргізу кезінде электронды құрылғы карточканың магнитті сызығынан ақпаратты өткізеді, осыдан кейін кассир операция сомасын енгізеді, ал карточканы ұстаушы арнайы Pin-пад клавиатурасына Pin-кодты енгізеді. Электронды құрылғы алынған мәліметтерден ақпараттық пакет дайындап, мәліметтерді өңдеу орталығына жібереді. Бұл орталық алынған мәліметтер пакетін өңдеп, оң нәтиже алғанда электронды құрылғыға операцияны орындауға рұқсат жібереді.

Магнитті сызығы бар банктік карточкалар әлемдік стандарттарға сәйкес жасалады, ол стандарттарды Стандарттар бойынша Халықаралық Ұйым (ISO – International Organization of Standardizations) ойластырып бекітеді.

Бұл стандарттар мыналарды анықтайды:

  • карточканың өлшемі;
  • магнитті сызықтың орналасуы;
  • магнитті сызықтағы жазылымның құрылымы;
  • символдарды қысудың орны мен формасы.

Магнитті жазылым пластикалық карточкаға ақпаратты енгізу әдісінің ең кең тараған түрлерінің бірі. Бірақ 10-15 жыл өткеннен кейін магнитті сызықтар алаяқтықтан қорғай алмады. Одан да сапалы ақпаратты тасушыны ойластыру барысында чипті пайдалану идеясы ұсынылды. Чип өзімен интегралды микросхеманы білдіреді. Микросхемасы бар карточкалар ақпаратты тасушының жаңа түрін білдіреді, бұндай карточкалар ақпаратты сақтап қана қоймай, сонымен қатар оны өзінің ішкі алгоритмі бойынша өңдейді. Бұндай карталар

Смарт-карталар деп те аталады.

Микросхемасы бар пластикалық карточкаларды 1974 жылы бірінші ойлап тапқан француз журналисі Ролан Морено. Чиптік карточканың артықшылықтарымен бірге кемшіліктері де бар. Олардың бірі болып өзіндік құны саналады, ол магниттік карточканың құнынан біршама жоғары.

Банктік карточканың мынадай өзіне тән реквизиттері бар:

  • логотипі, яғни карточканың қай төлем жүйесіне тиісті екендігі, мысалы:
  • «Master Card», «Visa» және т.с.с.;
  • карточканың нөмірі (ол 16 саннан тұрады);
  • карточка иесінің аты-жөні
  • карточканың эмитентінің атауы;
  • карточканың қызмет ету мерзімі;
  • карточка иесінің қол қою үлгісі. 

Қазіргі кезде көптеген эквайер банктеріміз ірі сауда үйлерімен өзара жасаған келісімшарт негізінде төлем карточкаларын шығаруды кездеп отыр. Мұндай карточкалардың иелері аталған сауда үйлерінде сауда жасағанда белгілі бір жеңілдіктерді пайдаланады.

Ол үшін сауда үйінде ПОС терминал орнатылады. Мұндағы Pos-терминал дегеніміз сауда немесе кызмет көрсететін кәсіпорында банктік карточкаларға қызмет көрсетуге арналған құрылым. Құрылғылары орнатылады.

Pos (ағылш. Point of Sale сауда орны) эквайрер банкпен өзара жасалған келісім шартка сәйкес, тұтынушылардың сатып алған тауарлар мен қызметтері үшін төлем құралы ретінде банктік картаны қабылдайтын, сауда немесе қызмет көрсететін кәсіпорын.

Қазақстан аумағында қолданылып жүрген карточкалар қолданылу аясына қарай екі түрге бөлінеді:

  1. локальдық немесе оқшауланған, яғни бір елдің аумағында қолданылатын төлем карточкалары;
  2. халықаралық, яғни әлемдік банктік тәжірибеде еркін қолданылатын төлем карточкалары.

Төлем карточкаларымен есеп айырысулар слиптің көмегімен жүзеге асырылады.

Слип (Pos-терминал немесе банкоматтың түбіртегі) төлем карточканы пайдаланып операция жасалғандығын растайтын есеп айырысу құжаты.

  • Слип мынадай көрсеткіштерді қамтиды:
  • Pos немесе банкоматтың идентификаторы;
  • операцияның жасалған күн;
  • операция сомасы және валютасы;
  • эмитент банктің операцияларды авторизациялауды растайтын коды;
  • банктік карточканың өзіне тән белгілері;
  • слипте карточканы ұстаушының қолы.

Мұндағы, авторизация эмитент банктің төлем карточкасын пайдаланып операция жүргізуге берген рұқсатын білдіреді. Авторизациялау процедурасы аяқталған соң эмитентбанк, банктік картаны (слип) пайдалану арқылы жасалған есеп айырысу және езге құжаттарды төлеуге байланысты міндеттеме алады.

Авторизациялау екі режимде: «онлайн» және «офф-лайн» режимінде жүзеге асырылуы мүмкін.

«Он-лайн» режимі (ағылш. on-line – нақты уақыт режимі) банктік картаны шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысы арқылы немесе магнитті штрихті картаны көмегімен жасалатын операцияны сипаттайды. On-line режимінде рұқсат алу үшін эмитент банкпен арада байланыстың болуы қажет.

«Офф-лайн» режимі (ағылш. off-line қол жетімсіздік) банктік карточканы шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысты қажет етпейтін, яғни чипті (микросхемалы) картаның көмегімен жасалатын операцияны білдіреді.

Эквайрер банк банктік карточкалар көмегімен жасалатын операциялар бойынша Pos-терминалдармен есеп айырысуды жүзеге асыратын банк.

Қазақстанда 2000 жылдың аяғында Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің құрылтайшылығымен жабық акционерлік қоғам нысанында «Процессингтік орталық» құрылды. Мұндай ұйымды құрудың басты мақсаты Қазақстанда төлем карточкаларын пайдаланудың біртұтас кеңістігін жасау болып табылды.

Ұлттық процессингтікі орталық төлем жүйесінің технологиялық ядросы болып саналатын мамандандырылған есептеу орталығы.

Ұлттық процессингтікі орталық мынадай қызметтерді атқарады:

  • төлем карточкалары бойынша транзакцияларды ендеп, қажетті құжаттарды дайындау;
  • төлем жүйесіне қатысушы банктер арасында өзара есеп айырысуларды жүргізуге арналған ақпараттар даярлау;
  • төлем карточкаларын, соның ішінде халықаралық төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын төлемдер клирингін ұйымдастыру;
  • төлем жүйесіне катысушы банктердің үстеме шығыстарын азайту мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен бағдарламалық техникалық құралдарды көтерме бағамен жабдықтаушылар арнасынын байланыстыру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • қатысушы банктерді техникалық және ақпараттық жағынан қолдау;
  • төлем карточкаларын қабылдау торабын ұйымдастыру.

Карточкадағы ақпараттар көлемі бірнеше ондаған байттан бірнеше килобайтқа дейін өзгереді. Осыған орай карточкалардың өзі бірнеше түрге бөлінеді:

  • интеллектуалды емес карточкалар. Бұған ақпараттары өзгермейтін тұрақты карточкалар немесе шартты тұрақты карточкалар жатады. Шартты тұрақты карточкаларда маңызды емес мәліметтер көлемі қайта жазылуы мүмкін, мысалы, карточкадағы код немесе карточканың қызмет көрсету мерзімі;
  • интеллекті шектелген карточкалар (Smart Cards). Бұл карточкаларда мәліметтер бірнеше бөлімдерге бөлініп тасталады. Бұл бөлімдердің әрқайсысында мәліметтерді өңдеудің өз тәртібі болуы мүмкін;
  • супер интеллектуалды карточкалар (Super Smart Cards). Сырт пішінімен смарткарталардың гибридін еске түсіреді.

Банктік карточкалар негізінде микропроцессорлы карточкаларды қолданған дұрыс, олардың көмегімен операцияларды орындауда максимальды қорғаныс қамтамасыз етіледі, микропроцессорлы карточкалар қолма қолсыз есеп айырысуда «электронды әмияндар» қызметін атқарады. Қазіргі кезде гибридті карточкалар пайдаланылады, яғни карточкаларда бір уақытта магнитті сызық пен микросхема қоса орналасады.

Лазерлі жазуы бар карточкалар оптикалық карточкалар деп те аталады. Олардың негізгі ерекшелігі еске сақтау қабілетінің үлкендігі. Олар ең қымбат карточкалар болып табылады. Банк ісінде олар әзірше қолданылмайды.

Радио желілік жазу радиосигналдар арқылы карточкадағы мәліметтерді айырбастауға мүмкіндік береді.

Радио желілік карточкаларды келесі мақсаттарға пайдаланған жөн:

  • кәсіпорын территориясында персоналдың қозғалысын электронды бақылау үшін;
  • өндірісті, тауарды және кедендік қоймаларды, дүкендерді, тауарлардың қозғалысын бақылау үшін;
  • мәліметтерді автоматты жинау және қажеттілік жағдайында темір жолдарда, ақылы автокөлік жолдарында, жүк станцияларында және терминалдарда төлемді жүргізу;
  • қоғамдық транспорт-қозғалысты басқару, проезді төлеуді басқару т.б.

Мұндай карточкалардың негізгі ерекшеліктері:

  • карточкалар тез оқылады;
  • тікелей байланыс керек жоқ;
  • карточкалар лай, бу, су, бояу, пластмасса арқылы да оқылады;
  • карточкаларда көп мәліметтер сақталады.

Карточкаларды эмитент пен ұстаушы арасындағы есеп айырысу тәсілі бойынша классификациялаудың маңызы зор.

Карточкалардың келесідей түрлері бар:

  1. несиелік;
  2. дебеттік (төлем);
  3. оверддрафтты (есеп айырысатын) дебеттік;
  4. алдын-ала төленген.

Несиелік және дебеттік карточкалардың бір-бірінен айырмашылықтары:

  1. Несиелік карточкаларда тауарлар мен қызметтердің төлемін банкпен берілген несие арқылы жүргізеді;
  2. Дебеттік карточкаларда тауарлар мен қызметтердің төлемі карточкалық шотта қалған қалдық бойынша жүргізіледі.

Әрқайсысын дәлірек қарастырайық.

Несиелік карточкалар шет елде кеңінен таралған. Несие тек банкпен ғана емес, сонымен қатар American Express сияқты мамандандырылған компаниялармен де беріледі. Несие карточкалары өзімен эмитент арқылы тауарлар мен қызмет көрсетулерге төлем жүргізуге мүмкіндік беретін жеке клиенттерге шығарылатын төлем карточкаларын білдіреді. Несие карточкалары клиентке ссуда берілгенін білдіреді. Барлық несиелердегі сияқты, карточканың берілуі карточканы шығаратын банк пен клиент арасындағы келісім-шартты білдіреді. Келісім-шартта проценттік ставка, карточканы пайдаланғаны үшін жылдық төлем, несиені пайдаланудың мерзімі және т.б. шарттар айтылады.

Несие карточкасын пайдалану келесі операциялардан тұрады:

  1. клиент пен банк-эмитент арасындағы несие карточкасы бойынша контракт;
  2. клиент пен коммерсант арасындағы саудалық шарт;
  3. коммерсант пен саудалық банк арасындағы дисконттық шарт;
  4. саудалық банк пен банк-эмитент арасындағы есеп айырысалық шарт.

Дебеттік карточка өзімен клиенттің банктегі карточкалық шотында бар соманы ғана пайдалана алатынын білдіреді. Дебеттік карточка бойынша тауар және қызмет көрсетуге төлемді жүзеге асырған кезде банктік шотыңыздың жағдайы тексеріледі. Егер операция сомасы шоттағы қалдықтан асып кетсе, операция орындалмайды. Дебеттік карточка компьютерде иесі туралы кодталған ақпаратты (оның аты-жөні, шотының сәйкестендірме нөмірі) құрайды. Карточканы иесі салым салу үшін, қолмақол ақша алу үшін, аударымдар жасау үшін пайдалана алады. Дебеттік карточка бойынша орындалатын операцияларға мыналар қатысады:

  • аккредитив беретін банк;
  • ұстаушы;
  • делдал;
  • реципиент (банк-эмитент, алушы банк, немесе сатушы банк).

Дебеттік карточка бойынша операциялар банкоматтар немесе POS-терминалдар арқылы жүргізіледі. Банкоматтар банктерде және карточкалар иесіне шотын басқаруға мүмкіндік беретін жерлерде орналасады.

Овердрафтты дебеттік карточкалар – шоттағы сомадан жоғары төлемдер жүргізуге мүмкіндік беретін дебеттік карточка. Карточканың иелеріне бұндай жағдайда қысқа мерзімді несие беріледі. Бұл аралас карточка және дебеттік карточка мен несие карточкасының ортасында тұратын карточка болып табылады.

Алдын-ала төленген карточка да дебеттік карточканың бір түрі болып табылады. Карточканың жасалуы кезінде оның ұстаушысы туралы ештеңе мәлімсіз. Карточка дайын болғанда, оның шотына белгілі бір көлемдегі сома салынады. Бұндай карточканы алғанда оның ұстаушысы карточканың шотындағы ақша сомасын төлейді. Алдын-ала төленген карточкалар метрополитен қызметтері үшін және байланыс кәсіпорындары қызметтері үшін төлем жүргізуде кең тараған. Мысалы, Телеком, Тұлпар, Актив т.б. карточкалары, сонымен қатар халықаралық төлем жүйесіндегі «Visa Travel Money» карточкалары.

Карточкалар әр түрлі ұйымдармен шығарылады, сондықтан оларды мынандай эмитент типтері бойынша бөлуге болады:

  • банктік әмбебап банктермен және қаржылық ұйымдармен шығарылатын;
  • жекеменшік – өз компаниясының сауда жүйесінде есеп айырысуды жүргізу үшін сол коммерциялық компаниямен шығарылатын карточкалар;
  • American Express және Dinners Club сияқты ұйымдардың карточкалары.
  • карточкалар шотты басқарудың құралы болғандықтан, олар басқару тәсілі бойынша да бөлінеді:
  • автономды «электронды әмиян»;
  • эмитенттегі шоты көшірілетін «электронды әмиян»;
  • «шоттардың кілті» – шоттың иесін сәйкестендіру тәсілі.

Карточканы пайдалану туралы келісім-шарт жеке тұлғамен де, заңды тұлғамен де жасалады. Осыған байланысты карточкалар жеке және корпоративті болады.

Жеке карточкалардың негізгі ерекшелігі – жеке тұлғаның банкпен келісімшарт жасасып, осыған сәйкес банк жеке тұлғаға шот ашып, несие лимитін тағайындап, карточка шығарады, жеке тұлға карточка үшін, шот ашқандығы үшін ақы төлем келісім-шартта айтылған шарттарды орындауға міндеттеледі.

Корпоративті карточкаларда келісімшарт банк пен заңды тұлға арасында жасалады, бұл келісім-шарт бойынша заңды тұлға карточканы пайдалану құқығын қандай да бір жеке тұлғаға береді. Келісімшартқа сәйкес банк алдында жауапкершілікті карточканы ұстаушы емес, шоттың иесі алады. Ал шотты карточканы ұстаушы басқарады. Бір шотқа бірнеше карточкалар шығарылуы мүмкін, ал олардың ұстаушылары жалпы шоттан әр түрлі лимитте қаржы иеленеді. Бұндай шотты тек қана шоттың иесі – заңды тұлға толтыра алады, өйткені корпоративті карточкалар жол жүру шығындарына, көрме шығындарына т.б. арналады.

Қазақстандық банктерде карточкалардың тағыда бір кең тараған түрі бар – бұл «жалақылық» деп аталатын карточка. Белгілі бір ұйым банкпен оның жұмысшыларына карточкалар шығару туралы келісімшарт жасасады, ары қарай ұйым банкке ақша аударып тұрады және әрбір жұмысшыға тиесілі төлем тізімін береді. Банк шоттарға карточкалардың қаражаттарын аударады.

Қазақстанда пластикалық карточкаларға негізделген төлем жүйесін енгізу жұмыстары 90 жылдардың басында ірі банктермен – Халық Банкі, Қазкоммерцбанк, Тұран Әлембанкпен басталды. Төлем жүйесін құруда екі негізгі технологиялық шешім болды – магнитті сызығы бар карточкалар және микропроцессорлы карточкалар.

Қазақстан Халық банкі 1995 жылдардың аяғында Қазақстанда бірінші болып Europay / Master Card ассоциациясына мүше болды, ал мыңдаған персонал мен Europay-дің сертификатталған бағдарламалық қамсыздандыруын иеленіп банк 1997 жылдың басынан бастап магнитті сызығы бар пластикалық карточкаларға негізделген «Алтын-Карт» карточкаларының жүйесін енгізуге кірісті.

Қазақстан тұрғындарының әр түрлі деңгейіне қол жетілетін және бюджетті ұйымдардың қызметкерлеріне жалақыны беру құқығын иеленген «Алтын» карточкасы арқылы Халық банкі «Алтын-Карт» төлем жүйесінің магнитті сызығы бар карточкаға негізделген ұлттық төлем жүйесі ретінде танылуына барлық мүмкіндіктерге ие болды.

Алматыда магнитті сызығы бар карточкаға негізделген нақты өзінің төлем жүйесін құрған бірінші банк – Тұран Әлем Банкі болды. 1995 жылы Alem Card карточкасы айналысқа шықты, оның көмегімен қазіргі кезде қолма-қол ақшаны алуға, Қазақстанның барлық қалаларында тауарлар мен қызмет көрсетулерге есеп айырысуға болады.

Қазақстандық ірі банктердің үштігіне кіретін Қазкоммерцбанк 1995 жылдан бастап Europay International жүйесінің толық мүшесі болып, Cirrus/Maestro карточкасын шығарады. 1997 жылдан бастап Visa жүйесіне мүше болып Electron, Classic, Business және Gold карточкаларын шығарды.

Төлем карточкаларын саудада тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін есеп айырысу құралы ретінде пайдалану пайызының төмен болуына қарамастан, бөлшек саудада қолма-қол жасалмайтын төлемдерге өтудің сөзсіз болатынын және мемлекет үшін салықты тиімді жинауды, қолма кол ақшаның көлеңкелі айналымын азайтуды, ақша айналымын бақылауды күшейтуді білдіреді. Төлем карточкасы ұсақ бөлшек тауар-ақша айналымындағы қолма-қол ақша массасын экономикаға тартудың, оны қолма-қол жасалмайтын айналымға аударудың неғұрлым қолайлы құралы.

Төлем карточкасы бұл ақша емес, карточка ұстаушыға төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және карточкасының эмитенті айқындаған және оның талаптарымен басқа операцияларды жасауға мүмкіндік беретін ақпараттан тұратын электрондық терминалдар немесе өзге құралдар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы.

Карточка ұстаушының тауар алуы оны ұсынған бойда жедел жүзеге асырылады, ал сауда ұйымының ақша алуы банкке орындалған операция туралы хабарлау үшін және оның шотынан ақша аударуға қажетті уақыт өткеннен кейін жүргізіледі.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Ақша, несие, банктері. Оқулық Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С. Сейтқасимов. – Алматы, 2011.
  2. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы – Алматы, 2011.
  3. Саниев М.С. Ақша, Несие. Банктер. – Алматы: Алматы экономика және статистика институты, 2012.
  4. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, 2011.
  5. Мақыш С. Банк ісі // Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2012.
  6. Абылхасимов С. «Центр Кредит Банк» Казахстана переходит на чиповые платежные карточки // Банки Казахстана, 2012.
  7. Брушковский К. Особенности исследования поддельных пластиковых карт // Правовая реформа в Казахстане, 2015.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.