Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасының тұтыну несие нарығының дамуының мәселелері және оларды шешу жолдары

Қазақстан Республикасының тұтынушылық несие нарығының дамуының кері және оң аспектілері: тұтынушылық несиелендірудің негізгі мәселесі оның басты артықшылығынан туындайды, яғни тұтынушылық несиелердің аз мөлшерде берілуі. Корпоративтік несиелер портфелімен тұтынушылық несиелер портфелін теңестіру үшін тұтынушылық несиелерді корпоративтік несиелерге қарағанда көптеген есеге жоғары көлемде ұсынуы тиіс. Ал бұл өз кезегінде банк қызметі және оның персоналдарының қызметіне біршама өзгерістер енгізеді, технологиямен қамтамасыз етілуі бойынша және жылдамдықты арттыру бойынша.

Егер корпоративтік несиелерді бір ғана қомақты қызмет ретінде алатын болсақ, ал тұтынушылық несиелер жаппай мөлшерде ұсынылуы керек, ал ол үшін несиелік өтініштерді қарастыру мен қабылдаудың қағидаларына түбегейлі өзгерістер енгізуі тиіс. Бұл үрдісті автоматтандыру үшін адам факторын минимумға дейін төмендету керек.

Жоғарыдағы аталғандар көрсеткендей, қандай болғанда да тұтынушылық несиелері коммерциялық банктерге пайда әкелетін бірден бір көзі болып табылады. Бірақ тұтынушылармен байланысты банк қызметтері бағалы және тәуекел мөлшері жоғары болып келеді, себебі жеке тұлғаның қаржылық жаңдай денсаулығына және қызметінен айырылуына байланысты жылдам өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Бүгінгі таңда тұтынушылық несиелер жеке тұлғаларға түрлі банктер тарапынан ұсынылатын несие түрі. Осыған сай несиелік келісім-шарттың формасын және несиелендіру жағдайын таңдауға әсер етуші негізгі факторларға мароэкономикалық факторларды (жалпы экономикалық және саяси тұрақтылық,ҚР ҰБ бекіткен нақты пайыз мөлшерлемесі, күтілетін инфляция деңгейі, тенгенің сатып алу қабілеті,оның тұрақтылығы, валюта және қор нарығының дамуы және тағы басқалар) және микроэкономикалық факторлар, яғни банк және оның клиенттерінің деңгейінде қызмет етуші (банктің бәсеке қабілеттілігі, банк және оның клиенттерімен байланысты тәуекелдер, клиенттің төлем қабілеттілігі және тағы басқалары) жатқызуға болады. Осындай және басқа да көптеген факторларды ескере отырып екінші деңгейлі банктер өздерінің несие саясаттарын қабылдайды, несиелендіру мөлшерін, пайыз мөлшерлемесі және басқа да несиелендіру жағдайларын қарастырады.

Әрбір жеке жағдай үшін қарастырылатын мәселелер аздаған ерекшеліктермен ерекшеленеді: жылдық пайыздық мөлшерлеме және міндетті кепілдеме, шағын тауарларды сатып алуды қоспағанда.

Ал жалпы алғанда тұтынушылық несие нарығы тіптен керемет болып көрінуі мүмкін, тіпті бірнеше жыл өткен соң қазақстандық тұтынушыларда дәл қазіргідей несиеге тауарлар алу мүмкіндігі болуы мүмкін емес деп те ойлауға болады. Бұл жағдай екі мәселеге келіп тіреледі. Біріншіден, несиелік бум – экономикадағы үнемі өзгерістер және елдегі өте көп ақшалардың пайда болуы. Екіншіден, бұл кез келген статистикадан артық қаржылық-экономикалық тұрақтылыққа негіз бола алады.

Дегенмен бәрі бос сөз. Бірақ біз қарама-қайшылықпен кездесіп отырмыз: халқының кірісі төменгі мөлшердегі елде тұтынушылық несиенің қымбат түрлері дамуда. Бұл жерде сұрақ сұраныстың туындауына, яғни несиегерлердің басаты назар аударатын клиенттер массасына бағытталған. Әрине айлық жалақысы 400-1000 АҚШ долларына тең азаматтар США, 3-5 жылға берілетін мөлшері 13000-20000 АҚШ долларына тең тұтыну несиесінен бас тартпасы анық, автокөлік немесе арзан пәтер сатып алу мақсатында. Дегенмен, оларға мұндай жағдаймен несие ұсынушылар көп емес.

«Экспресс» рейтингтік агенттігінің қызметкерлерімен келесідей зерттеу жүргізілген: MERCUR автоцентрінен тұтынушының кірісі 800 АҚШ доллары деп есептеліп автокөлікті несиеге алу қарастырылды. Алайда мұндай кіріс көлемімен тек “ВАЗ” машинасы ғана қол жетімді екені анықталды, ал мұндай автокөлікті бұл компания несиеге беруді жүзеге асырмайды, себебі оны несиесіз жекелей де сатып алуға болатынымен түсіндірілген. Ал несиелік бағдарламалар тек неміс автокөліктерде ғана бағытталған. Мысалы, Volkswagen Passat автокөлігі 25 000 АҚШ долларына тең құнымен, бірақ ол үшін айлық кірісің 1500-2000 АҚШ долларынан кем болмауы тиіс. Ал мұндай несиені пайдалы деп айту қиын. Көп жағдайда не жылдық пайыз мөлшерлемесі жоғары, не несиені беру мерзімі өте қысқа болған.

Осындай тұрғын-үй несиелеріне жасалған зерттеу де ұқсас нәтиже берген. Демек тұрғын-үй несиелері де айлық кірістері жоғары тұтынушыларға бағытталған.

Almaty Real Estate риэлторлық агенттігінің басшысы Зухра Назарованың айтуынша бүгінгі ипотекалық несиелер халықтың қалқымалы, беткі бөлігіне бағытталған, Алматы тұрғын үй нарығы үшін тіптен. Сондай-ақ мұндай жағдайды несие берушілердің өз несиелеріне деген тәуе-

келді төмендету мақсатында деп түсіндіруге болады. Банктердің мұндай бағдарламаларының алдында тіпті кей кірісі ауқымды адамдардың өздері ипотекаға несие алуды таңдауы мүмкін. Бұл нарықтағы әдеттегі жағдай.

Дегенмен де бұл жағдайдың өзі күнделікті өзгерістерге толы екені айқын. Банктер тарапынан жүргізілген мына бір зерттеуде сауалнама өткізілген халықтың 55% жуығы несиеге жаңа тұрмыстық тауарларды сатып алуға қарсы еместігі анықталған, яғни теледидар, тоңазытқыш, кір жуу машинасын. Тұтынушылық несиелер нарығы әрі қарай дамитыны сөзсіз, себебі Қазақстанның көптеген екінші деңгейлі банктері корпоративтік несиелерден жеке тұлғаларға деген тұтыну несиесін ұсынуға бағытталған. Бұл дегеніміз банктердің корпоративтік несиелерді берудің шегіне жеткенін көрсетеді. Осымен байланысты тұтынушылық несие нарығындағы өзгерістердің болатынына күмән жоқ. Қазір капиталды орналастырудың жаңа механизмдерін іздестірілуде, сол себепті жеке тұлғалармен жұмыс жүргізуші екінші деңгейлі банктер өздерінің клиенттер базасын кеңейтуге бет алуда. Халықтың қызығушылығын тудырып, оларды өзіңе тарту үшін несие берушілердің арасында бәсекелестік рөл ойнауда, бұл тұрғыда банктер арасында пайыздық мөлшерлемелерін азайтулары байқалуда. Нарық сатып алу қабілеттіліктері төмен халықты несиелендіруге бағытталған механизмдерін қарастыруға бағытталған. Бұндай жағдайларда клиенттерге бейтаныс жағдайларды ұсынуға итермелейтін бұл тәуекелдік жоғары мөлшері.

Көріп отырғанымыздай, ұсыныстың өсуіне қарамастан, елімізде сұраныс мөлшері аз мөлшерде. Сұраныс пен ұсыныс ешқашан тең мөлшерде болмайды. Иә, нарық бар сұранысты қанағаттандыруда. Бұл бағытта да өзіндік қиыншылықтарға кездесу жоққа шығарылмайтыны анық.

Алайда несие алудағы ең басты мәселелердің бірі бұл банкке ұсынылатын кепілдеме. Қандай да бір болмасын қомақты несиені рәсімдеу барысында сіз міндетті түрде кепілдеме мәселесімен кездесуіңіз мүмкін. Яғни кепілдік ретінде сіздің үйіңіз, автокөлігіңіз, қымбат бұйымдарыңыз бен үй жабдықтары болуы керек. Мәселе тек кепілзаттың құнының несие соммасына сай келмеуінде ғана емес, сондай-ақ несиенің бір бөлігін төлей алмай қалсаңыз мүңкіңізден айырылатыныңызда. Егер сіз бір тауарды несиеге сатуды жүзеге асырушы фирмамен тауарды несиеге сатып алу және кепілзат ретінде сол тауардың өзін қойып келісім жасасаңыз, барлық сомманың 1520% төлемеген жағдайда сатып алған тауарыңыздан айырылып қалу тәуекелі туындайды.

Тұрғын-үйді несиелендіруші бірде бір компания несиенің толық соммасы төленбей ол затты иесінің атына рәсімдеуді жүзеге асырмайды. Ал мұндай несиенің уақыт ұзақтығына байланысты несиелендіруші компанияның банкроттыққа ұшырап қалу қаупі туындайды. Дегенмен де мұндай жағдайлардың барлығы несиелік келісімде толық қарастырылады. Мысалы банкроттыққа ұшыраған жағдайда ол компанияның мүлкін сату үрдісі басталады және сезбен жасасқан кез келген келісім сіз үшін сот оң шешім қабылдайтынының кепілі бола алмайды.

Ал банк үшін тәуекел несиенің қайтпауына, кепілзаттың құнының несие соммасына сай келмеуіне, республикамыздағы халықтың кірісінің тұрақты еместігіне байланысты. Банкирлердің мойындауынша жеке тұлғаларға несие ұсынудағы маңыз аударатын жайт несие алушының несие тарихы болмақ. Бұл мәліметтерді талдау әлемдік деңгейде жеке тұлғалармен жұмыс жасаудағы негізгі атрибуты болып табылады.

Енді бір мәселе бұл декларирленген ақшалардың айналымы, яғни компаниялардың өз жұмыскерлеріне бухгалтерлік құжаттарға енгізусіз жалақы төлеулерінде. Ал бұлай төленген жалақыны несие беруде сіздің төлем қабілетіңіздің айғағы ретінде ұсыну мүмкін емес.

Неге өмір сүру деңгейі төмен елде несиенің қымбат түріне деген сұраныс жоғары деген сұраққа оралайық. Кей аналитиктер мұндай жағдайларды несие алу және қайтару арқылы жасырын капитал легализациясымен түсіндіреді. Әрине, мұндай пікірді нақты деп айту мүмкін емес. Алайда Қазақстандағы несие нарығының жалпы дамымауы, сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік бұл нарық неге соншалықты “привередлив” деген сұраққа итермелейді. Неге Қазақстандағы тұрғын-үй несиелері Ресеймен салыстырғанда біршама қымбат және мерзімі бойынша қысқа болғанына қарамастан “демократиялы” емес.

Риэлторлар мен банкирлер Қазақстандағы бұл сегменттің жақсы дамуын “ұзын” арзан ақшалардың жоқтығымен және заңдық бақылаудың жеткіліксіздігімен түсіндіреді. Алайда ешкім тұрғын-үйді несиелендіру нарығындағы жағдай туралы ашып айта алмайтыны сөзсіз. Қалай дегенмен де бұл нарық дамуға қарай бет алысымен сипатталады. Тек Алматыда ғана несиеге ондаған элиталық үйлер салынуда.

Осындай жағдайларға негізделе отырып тұрғын-үй несиелерін рәсімдеуде капиталды легализациялардың заңдық сызбалары құрастырылған.

Төменде мұндай сызбалардың бірін қарастырамыз. Құрылыс алаңындағы үлестік несиелерді рәсімдеу несие алынды – құрылыс аяқталды несие қайтарылды. Ағымдағы заңнамаларға сай мұндай несиелерді қайтарудағы пайда көзі декларирлен бейді. Осылайша несие өтелген ақшалар легализленеді.

Жалпы алатын болсақ еліміздегі несие нарығының дамуы “шикі”, яғни аяғына дейін қалыптаспаған және жетілдірілмеген. Бірақ біз білеміз күннен күнге қозғалыста, таңдау қарқынмен дамып келеді. Көптеген несиелендіру бойынша мамандандырылған арнаулы риэлторлық компаниялар пайда болуда. Жарнамалық газет беттері несиенің түрлері бойынша, ипотека, қаржылық лизинг бойынша хабарландырулармен толығуда. Мұның өзі нарықта айналымды қажет ететін ақша қаражаттарының бар екенін көрсетеді.

Қазақстандық тұтынушылық несиелер нарығы ресейлік тұтынушылық несиелер нарығымен салыстырғанда бірнеше жылғы артта қалуда. Ресейде нарықтың бұл түрі 1992-1993 жылдары қазіргі жаңа механизмдер бойынша дамуына бастама алған. Ресейлік несиелендіру стратегиясы алғашында тұтынушылардың сұранысын зерттеуден басталған. Мәскеулік “Русский стандарт” банкінің мониторингтерінен кейін Ресейде қырық миллионнан астам адамның айлық табысы жүзден мың долларға дейінгі аралықта екені анықталған.

Бұл дегеніміз керемет нарық, банктер капиталы пайдалы салымдармен толығу мүмкіндігі туды. Осы нарық қазақстандық нарыққа қарағанда шын мәнісінде “демократиялық”, сұраныс тарапынан да, ұсыныс тарапынан да.

Мәселен қарапайым тұтыну тауарларын несиеге алу үрдісін қарастырайық. Банктер тұрмыстық тауарлар сатумен айналысатын дүкендермен келісім жасайды. Несие мөлшері 30 мың рубль (1000 АҚШ доллары), алғашқы жарна тауар құнынан 20%, сыйақы 10%, мерзімі – жарты жалға дейін. Отандық тәжірибеден ерекшелігі несиені алу үшін тек анкета ғана толтырылады. Басқа ешқандай құжаттар талап етілмейді

Жеке бас қажеттіліктеріне ұсынылатын несиелер де демократиялы көрінеді. Ресейде несиені жалақы көлемі 50 АҚШ долларына тең болған күнде де ала алады. Пайыздық мөлшерлемелері 10-12%, максималды мерзімі бес жылды құрайды. Расында ұсынылатын несие соммасы аса жоғары емес 250 АҚШ доллары шамасында, алайда ауылдық жер тұрғыны үшін бұл қомақты ақша көлемі. Сонымен қатар ипотека және автокөлікті несиелендірудің де артықшылықтары бар. Мәскеудегі ипотекалық несиелердің пайыздық мөлшерлемесі 15-16%-дан аспайды, мұндай несиелер 10 жыл мөлшеріне де ұсынылады.

Сонымен Қазақстандағы тұтынушылық несиелендіру саясаты көптеген шешімдер тізімін қабылдауға негіз болды. Бастысы Қазақстандағы несиелендірудің қазіргі тәжірибесі тұтынушылық несие берудің алғашқы даму кезеңінде. Сәйкесінше бұл нарықтың да өзіндік мәселелер қатары бары анық.

Оларға мыналарды жатқызуға болады:

  • несиелендіру үрдісінің жеткіліксіздігі;
  • несиені ұсыну және өтеу тәртібі қолма қол ақшаны қолдану арқылы жүзеге асырылады;
  • нақты экономикаға негізделген пайыз саясатының жоқтығы;
  • заңнамалық сипаттағы мәселелер. 

Халықтың кірісінің тұрғысынан, сатып алу қабілетіне байланысты нарыққа өткізілген талдау еліміздегі тұтынушыларды несиелендірудің мәз еместігін көрсетті. Осы тұрғыда банктер де біршама тәуекелдерге бас тігеді: несиеге кепіл ретінде қабылданған құнды қағаздардың құнсыздануы, клиенттің кенеттен болған қазасы, клиент тарапынан алдаушылық таныту және тағы басқалар. Дегенмен де тұтынушылық несиелердің қайтарылуын қамтамасыз ету мүмкіндігі кәсіпорындар мен ұйымдарға берілген несиелерді қайтарып алу мүмкіндігіне қарағанда жоғары. Банктер өздерінің несие саясаттарын тұтынушылық несиелерге деген сұранысты арттыруға бағыттап құрастырады. Тұтынушылық несиелер нарығының дамуы және нарықтағы бәсекелестіктің артуы, әсіресе бұл нарыққа шетелдік инвесторлардың көптеп келуі несие пайыздарының төмендеуіне себепші болады.

Нарықтың қарқынды өсуіне келесідей факторлар әсер етеді:

  1. Шетелдік инвесторлардың бұл көптеп тартылуы;
  2. Несиелік инфра структураның кеңеюі және несиелендірудің жаңа құралдарын енгізілуі;
  3. Банк жүйесіне деген халықтың сенімінің артуы;
  4. Ақшалай кірістердің өсуі;
  5. Халықтың қаржылық сауаттылығының артуы;
  6. Несиелік бюролар жүйесінің дамуы.

Сонымен қатар айта кететін жайт тұтынушылық несие секторына желілік жекелей сатудың дамуы да оң ісерін тигізуде. Қазіргі таңда несие қоржыны қандай несиелік өнімдермен толыққан. Ең бастысы бұл қарапайым банктік несиелер, яғни кез келген банк бөлмешелерінен рәсімдеп алуға болатын. Ол үшін өтінішті қарастыру үрдісінен өту керек, ол бір-екі күн болуы мүмкін. Банктік несиенің бұл түрі несие алушы тарапына біршама талаптар қойылады, оның кірісін нақтылайтын құжаттар мен кепілдеме талап етіледі. Алайда, осындай кепілдемелер ала отырып банк өзінің тәуекел деңгейін төмендетеді, сәйкесінше пайыз мөлшерін төмендетуге тырысады.

Келесі бұл дүкендік немесе экспресс несиелер. Бұл белгілі бір тауарларға арналған несиелер, яғни тұрмысқа қажетті заттар, автокөлік сатып алу мақсатында.

Несиелеу үрдісі қажетті құжаттардың тапсырылуымен байланысты.

Сонымен Қазақстан Республикасының қаржы-несие жүйесінің негізгі мәселелеріне келесілерді жатқызуымызға болады:

  • банк саласындағы тәуекелді басқару стратегияларының оптималды еместігі;
  • банктерде көлеңкелі капиталдың болуы;
  • банк операцияларын жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық реттеу қызметінің жетілмеуі;
  • банк операцияларының жеке түрлері жүзеге асыратын ұйымдар мен микронесиелер ұйымдарының дамуына мемлекеттік көмек көрсету тетіктерінің жоқтығы;
  • мемлекеттік микро несиелендіру бағдарламаларының жетілмеуі, яғни шағын бизнес және микро несиелендіруді жүргізудегі ақпаратпен қамтамасыз ету мен кеңес берудің жүйесінің жетілмеуі;
  • Республикадағы өндірістің тұрақты дамуының тетігі ретінде сақтандыру жүйесінің әлеуетін қолдануына бағытталған міндетті және экологиялық сақтандыру көлеміндегі бірыңғай мемлекеттік саясаттың жоқтығы.

Макроэкономикалық тұрақтылық халықтың банктік несиелерді қолдануына оң әсерін тигізері сөзсіз. Жалпы жоғарыда аталғанның бәрі коммерциялық банктердің тұтынушылармен несиелік қарым-қатынастарын отандық және шетелдік тәжірибені қолдана отырып одан әрі дамыту түсудің қажеттігін көрсетті. Меніңше, банктерге кешенді қызмет көрсетуді дамытқан жөн, яғни банктік өнімнің кең көлемін ұсынған жөн, осылайша ресурстар базасын қалыптастыра отырып, тұтынушылармен несиелік қатынастарын кеңейту керек.

Ары қарайғы несиелендіруді ұйымдастыруды дамыту үшін біршама мәселелер қатарын шешуі керек. Тұтынушылық несиелері қазіргі таңда тек несиелендірудің арнайы мамандандырылған институттар ғана емес, несиелік іспен айналыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдар да ұсынады. Ал мұндай жағдайлар көптеген мәселелердің шешілуіне кері әсерін тигізеді. Мысалы, елдегі және аймақтағы тұтынушылық несиелерін жоспарлау мүмкіндігі жоғалады. Банктердің несиелік жоспарларында тек олармен ұсынылған несиелер ғана қарастырылады. Тұтынушылық несиелердің дамуының перспективаларын зерттеуде қиындықтар туындайды. Несиелерді беру және өтелуі халықтың шығыс және кірістер балансымен сәйкес келмейді.

Аталмыш жағдайлар банк жүйесіндегі тұтынушылық несие беруді концентрациялауды қажет етеді.

Банктер мен тұтынушылардың арасындағы несиелік қатынастардың дамуы бұл тек экономикалық мәселе емес, саяси және әлеуметтік де мәселе болып табылады. Банктер өздерінің несие саясаттарын тек қана әлеуметтік бағытта қарастырмай елдегі несиелеу әдістерін, пайыз саясатын және несиені ұсыну, өтеу тәртібін де қарастыруы керек.

Банктегі мамандардың тұтынушыға біліктілік танытуы және сыпайылық танытуы маңызды рөл ойнайды. Банк таңдауда қызмет етуінің ыңғайлылығы да аса маңызды, яғни банктің филиалдарының және банкоматтарының жеткілікті болуы. Дегенмен де филиалдарының көптігі бұл сапалы қызмет кепілі бол алмасы сөзсіз.

Әрбір банк ерте ме кеш пе несиені төлемеудің мәселелеріне тап болады, және мұндайда басшылық алдында дилемма пайда болады бұл мәселені өз күшімен кадрлар тарту арқылы шешкен жөн бе немесе арнайы қарыздарды жинаумен айналысуға мамандандырылған компанияларға жүгіну керек пе деген.

Көп жағдайларда несиелік ұйымдардың басшылары мұндай мәселелерді шешуді штаттық заңгерлерге немесе банктің экономикалық қауіпсіздік қызметіне тапсырады. Мұндай шешімдердің артықшылығы коллекторлық компанияларға төлемдерден үнемдеуінде. Арнайы мамандандырылған дайындықтың, тәжірибенің, икемділіктің, шешімдер қабылдаудағы еркіндіктің және ақша қаражаттарының қайтарып алуға деген тура материалдық қызығушылықтың болмауы ақыр соңында банк штаттарының қызметкерлерінің қызметтерінің тиімділігінің төмендеуіне алып келері сөзсіз.

Қорытындылай келсек, қазақстандық коллекторлық бизнесті миллиардтаған айналымы бар индустрияға айналуының бастапқы шағында десек болады.

Сол себепті бірінші мақсат бұл қазақстандық тұтынушыларға қарыздарды қайтарып алу қызметі әлемдік деңгейдегі мойындалған, жоғары технологиялық бизнес түрі екенін, бұл қызметті қазақстандық нарыққа да енгізу қажеттігін түсіндіру керек.

Жарнамаларда көбінесе тұтынушылық несиелерді банк қызметінің ең тәуелсіз түрі деп атайды. Бұл нарықтың жағдайын білмейтін адам банктерге корпоративтік клиенттер тұрғанда, жеке тұлғаларға берілетін аздаған мөлшердегі несиелерді беріп азаптанудың қажеті не деп ойлауы мүмкін. Бірақ бұл жерде бастысы жалпы көлем. Европаның, АҚШ-тың, Канаданың, Австралияның қаржыгерлері өз замандарында отбасының бос ақша қаражаттарының жұмыс істеуіне қажеттінің барлығын ойластырған. Қорытындылар және ұсыныстар:

  1. ел экономикасында несие жүйесінің алатын орны ерекше, себебі несие жүйесі халықтың тұрмыс жағдайы мен мемлекеттің болашақтағы өсу қарқынын көрсетеді. Осымен қатар мемлекеттің өзі де несие жүйесінің құрылуы мен дамуына тура әсер етеді. Несие жүйесінің пайдалылығы оның қызмет структурасына ғана байланысты емес, банктер мен банктік емес ұйымдардың дамуына, нарықтағы шаруашылық субъектілерінің капитализациялануына да байланысты;
  2. Қазақстанның несие жүйесі ауыр ұйымдастырылу структурасын көрсетеді, яғни бұл жүйеге қаржы нарығының дамуы, инвестициялық орта, несиелік және басқа ұйымдардың көп деңгейлігі, заңмен қамтамасыз етілу факторлары, макро, мезо, микро факторлар өз әсерін тигізеді;
  3. Қазақстанның несие-қаржы жүйесінің іріленуі жағдайында несие мекемелерінің транспаренттілігінің жоқтығымен байланысты, меншік және басқа да даулы мәселелер ортамерзімді шешуді талап етеді;
  4. несие ұйымдарының дамуы үшін және жалпы несие жүйесінің жетілдірілуі үшін бұл жүйені реформалаудың жаңа қадамдары керек, яғни эволюциялық доктринаға негізделген;
  5. Қазақстанның несие жүйесінің дамытудың үлгісі ақша – несие саясатының, валюталық операциялардың либерализациясы, төлем жүйесінің тереңдетудің жаңа салаларына бағытталуы қажет. Банк сферасында үш деңгейлі институционалды ортаның қызмет етуінің тиімділігінің маңызы зор. Ипотекалық және инвестициялық банктердің қызметін тереңдету және реттеу қажет;
  6. басқа елдердің несиелендіру бойынша тәжірибелерін қолдана отырып банктерге материалды-техникалық базаны қатайту және кадрлар саясатын жақсарту керек;
  7. қолданыстағы несие түрлерін жетілдіре отырып, несиенің жаңа түрлерін қалыптастыру. Мәселен студенттерге арналған несие бағдарламаларын қалыптастыруды қарастыру;
  8. халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру;
  9. несие беру жағдайын несиенің түрі бойынша, мерзімі бойынша, клиенттің төлем қабілеттілігі бойынша дифференциациялар;
  10. несиені рәсімдеу және қолдану жағдайын унификациялар.

Сондай-ақ несиелендіруді дамытуға оң әсерін:

А) Халықтың қажеттіліктерін зерттеу мақсатында маркетингтік зерттеулерді жүргізу;

Б) жекелеген банк клиенттерін әрдайым жаңа банк өнімдері және қызметтері туралы ақпараттармен қамтамасыз ету;

В) клиенттің қызығушылығын максималды зерттеу тигізері сөзсіз.

Осылайша, Қазақстанның несие жүйесінің дамуы қаржылық инвестициялық нарықтың барлық секторларына негізделе жасалған тетіктер жиынтығын қамтыған жөн.

Бүгінгі таңда жеке тұлғаларды несиелендіру бағдарламалары автотранспорттарды, тұрғын-үйді жөндеу, медициналық мақсатта, білім алуға, мерекелерді өткізуге және маңызды қажеттіліктерге бағытталған. Несиелердің мұндай түрлерімен қатар бүгінде несиеге сатудың жаңа сегменті қосылуда, яғни несиеге үй жиһаздарынан бастап ұялы телефондарға дейін ұсынылады. Барлық бірінші ондықтағы банктер жеке тұлғаларды несиелендірудің өзіндік бағдарламаларын жария етті.

Бүгінгі күнде банктік қызметтерді көрсетуде компьютерлік технологияларды қолданатын, банктер бар екендігін ескерген жөн. Осылай, Ұлттық Банк өз қызметтерін Интернет арқылы жариялайды, жиірек Интернет пен компьютерлік технологияларды қолданатын клиенттерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді ұсынады. Банк жұмысында Интернетті қолданудың жарық көрінісі ретінде мысал болып, Texa Ka Bank табылады.

Texa Ka Bank клиенттік есеп айырысудың жаңа жүйесін енгізу шегінде өзінің ресми сайтының ашылуы туралы жариялайды. Texa Ka Bank жаңа технологияларды белеңді дамытушы универсалды банк ретінде белгілі. Жаңа “Internet-banking” бағдарламасын енгізумен оған банктік қызмет көрсету сферасындағы жаңа серпілістерді өзіне сезінуге мүмкіндік беріп, ол клиенттердің шоттарға қол жеткізуін жеңілдетті. Банкпен байланыстың бұл мобильді динамикалық әдісі банктік операцияларды жүргізу үшін клиентке өз бетінше уақыт пен орын таңдауға мүмкіндік береді. Олар банкпен Интернет арқылы үйден және офистен сондай-ақ, Қазақстан аумағынан тыс жерден байланыса алады. TexaKaBank өз салымшылары мен қарызгерлеріне олардың ақшаларын қауіпсіз басқару үшін тәжірибе мен технологиялық шешімдер, конфиденциалдылықты қатаң сақтау мен әр қайсысына жекеше жақындауды, минималды қалдықты талап етусіз ұстау, мультивалюталық шоттардың икемді жүйесі, құжаттарды рәсімдеудің және келесі on-line процедуралардың қарапайымдылығын ұсынады.

Банк ақпарат конфиденциалдығын қамтамасыз етуді өзінің басты мәселелерінің бірі болып табылады деп санайды. Сондықтан, қызмет көрсету қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларға ерекше көңіл бөлінген. Сервермен қосылу клиент пен сервер арасындағы кестенің барлығын белгілеуді жүргізетін 128 бит кілтімен 5513.0 протокол бойынша жүзеге асырылады. Клиентті идентификациялардың жоғары қауіпсіздігі мен шартсыз кепілдігі байланыстың сеанстық кілттерін қолдану арқасында қамтамасыз етіледі. Texa Ka Bank бірнеше оншақты клиенттері “Texa Ka Bank” жүйесінің сенімділігін, ыңғайлығы мен оперативтілігін бағалады. Міне, клиенттердің қажетті тәжрибесі мен сенімділігі жиналған, бұл болса жаңа жүйенің жоғары атағын қалыптастырды. Алдағы жылдары “Texa Ka Bank” ұмтылған дамуы, Texa Ka Bank тәжрибесінің жоғары таралуы мен басқа банктердің қызметтерінде жаңа технологиялардың енгізілуі жалғасатындығына сенуге болады.

Республикадағы банктік қызмет рыногын одан әрі дамыту мен жетілдіру бойынша қосымша ұсыныстар ретінде банктерге репо, трасталық операциялар, андеррайтинг сияқты, банктік операциялардың жаңа дәстүрлі емес түрлерін өз қызметінде кең қолдануға, ипотекалық несиелеуді белсеңді тәжірибелеуге, жиірек, ипотекалық облигациялар мен құрылыс жинақтаулары, қарызды ұсыну кезінде кепілдіктің дәстүрлі емес әдістері және тағы басқаны ұсынуға болады.

Жоғарыда айтылғандарды мазмұндай, Қазақстандағы банктік қызмет рыногы келешекте жетілдірілген, сонымен қатар шет ел тәжірибесімен кеңейеді және байитындығы, жаңа, дәстүрлі емес банктік операциялар мен қазіргі технологиялармен толықтырылатындығы туралы қорытындыға келеміз.

Бұл банктік қызмет көрсетудің дәрежесі мен сапасын өсіруге, қаржылық жүйені сауықтандыру мен бекітуге, экономиканың нақты секторының жаңдануы мен дамуына жағдай жасауға, тиімді ақша-несиелік саясатты мақсатты өткізуге мүмкіндік береді.

Банктердің барлық коммерциялық қызметі клиентпен максималды жақындауға бағытталған. Міне сондықтан олармен ұсынылатын инкассация облысындағы қызметтер бәрінен бұрын қол жеткізуге болатын бағалар мен банктік қызметтің тиімділігін өсіру бойынша оның қажеттіліктерін едәуір толық және сапалы қанағаттандыру мақсатымен клиентпен әлде қайда тығыз байланыс түрін қалыптастыру мен дамыту үшін жақсы мүмкіндік ретінде қарастырылады.

Қызмет рыногындағы қатаң бәсекелестік жағдайда банктерге клиенттің инкассация бойынша талаптары айтарлықтай өсті. Клиент үшін басты бір критерийлердің бірі болып банк сенімділігі табылады. Одан басқа, қызмет көрсететін банкті таңдай, клиентпен тек әрекет етіп тұрған ставка мен тарифтердің дәрежесі, имиджі ғана ескерілмейді, сондай-ақ кәсіпорынынан территориялық алшақтығы да ескеріледі, өйткені бұл жол қозғалысы мен байланыстың әлсіз инфрақұрылымның болуы кезінде маңызды.

Бұл жеке тұлғалардың банктердегі депозиттік салымдарының өсуімен байланысты. Салымдарды кепілдендіру жүйесінің пайда болуы, банктерде біршама қаржылық ресурстардың пайда болуына алып келді.

Соңғы жылдары тұтынушылық несиелер банктер ұсынатын маңызды қызметтердің біріне айналғаны сөзсіз. Бүгінде Қазақстандағы тұтынушылық несиелер нарығы өсу үстінде. Несиенің бұл түрі банктерге өздерінің клиенттер базасын диверсификациялауға мүмкіндік береді, сонымен қатар депозиттер тартып кіріс көзін табуға мүмкіндік береді. Шынымен де соңғы жылдары көптеген банктер шетелдік банктер тарапынан бәсекелестіктен алшақтау үшін, үнемі корпоративтік несиелер бойынша болатын ауытқуды болдырмас үшін көп назарды тұтынушылық несиелерге аударуда.

Бұған қарамастан тұтынушылық несиелер банкир мамандардың айтуынша біршама кемшіліктерге ие. Қайтарылмаған несиелер пайызы басқа несиелерге қарағанда жоғары. Сапалы тұтынушылық несиені ұсынудағы маңызды фактор несие алушының мінезі және жауапкершілігі болып табылады. Банк оны несие бюросынан алынған клиенттің несие тарихындағы мәліметтерден біле алады. Несие бюроларының мәліметтері соншалықты сенімді, банктер сол ақпараттар негізінде бұрын өзінен несие алмаған тұлғаға да несие бере алады.

Мәлімет көрсеткендей қазіргі қазақстандық тұтынушылық несие тәжірибесі несие объектісін кеңейту бойынша да, несиені беру жағдайының әртүрлілігі бойынша да дамытуды талап етеді.

Халыққа қызмет көрсетуді кешенді тұрғыда, яғни клиенттерге банк қызметі мен өнімдерінің кең таңдауын ұсынып дамыту керек. Макроэкономикалық тұрақтылық және инфляцияны өте білу халыққа банк ресурстарын кең көлемде пайдалануларына мүмкіндік береді. Осының барлығы коммерциялық банктердің отандық және шетелдік тәжірибені қолдана отырып несиелік қатынастарды дамытуларына нұсқама береді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Мақыш С.Б. Банк ісі: оқулық. Алматы, 2009
  2. Нуркенов Н.Ж. Макроэкономика. М.: МАОК, 2004
  3. Сейткасимов Г.С. Деньги, кредит, банки: Учебник под ред. проф. Алматы, 1996.
  4. Банковское дело / под ред. О.И. Лаврушина.М., 1998.
  5. Журнал «Банки Казахстана» №3, 2014.
  6. Хамитов Н. Н. Банк ісі: лекциялар курсы. – Алматы, 2006.
  7. Банковское дело / уч. под ред. Е.П. Жарковской. М., 2014.
  8. Коммерсант-деньги №8, журнал от 10. 05.2014 г.
  9. Гольцберг, М.А. Хасан-Бек, Л.М. Кредитование. Пер. с англ. – Киев: Торговоиздательское бюро ВHV, 2014.
  10. Мозжухов А. Общее состояние законодательства о потребительском кредите // Методический журнал "Расчеты и операционная работа в коммерческом банке", № 9, 2014.
  11. Ачкасов А.И. Активные операции коммерческих банков / Под ред. А.П. Носко. Консалтбанкир, 2014.
  12. Щиборщ К. Потребительский кредит: западный опыт и перспективы развития в России // Банковские технологии, № 9, 2013
  13. 13 Хе О. Народный банк увеличивает объемы потребительского кредитования // Panorama, №48, 14 декабря, 2013.
  14. 14. Отчет Национального банка Республики Казахстан о состоянии банковского сектора РК в 2014 году

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.