Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бірінші курс студенттерінің бейімделуіне қарымқатынастың ықпалы

Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесуі» қажеттілігін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімді болуына, кішкентайынан айналасына деген сезімнің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп басқалармен қарым-қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайды. өзгелермен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз.

Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық, әлеуметтік және психологиялық негізі, ең алдымен, адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты.

С. Елеусізова бойынша қарым-қатынас орнатудың екі бөлшектен тұратынын ажыратып көрсеткен еді. Оның бірі – адамның ішкі дүниесінің қатысты қасиеттері, ойлауы мен саналы әрекеті. Ал, келесі бөлшегі – адамның жүріс-тұрысы мен өзгелермен тілдесіп, бірлесіп әрекет істейтін қатынас сипаттарын білдіреді.

Сонымен қарым-қатынас – ғылым әрі өнер болып табылады. Бұл шығармашылық үрдісі.

Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығы мен ақыл-ойына байланысты жүзеге асып тіршілік мұқтаждығы [1, б. 21].

Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса, ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл онтогенезде пайда болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады.

Қарым-қатынас басқа да іс-әрекет сияқты белгілі бір нәтижемен аяқталады Қарым-қатынас нәтижесін оның өнімі ретінде қарастыруға болады. Өнімі әр түрлі болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас және өзінің образы. Өзара қарым-қатынас қатынас үрдісіне өзінің әсерін тигізеді. Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам қажеттілігіне байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік іс-тәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады: жеке даралық әрекет тәжірибесі және қарымқатынас тәжірибесі бала дамуындағы шешуші фактор – баланың өзіне қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту және әлеуметтік тарихи сипат алады. Өз образын біз аффективті – когнитивті комплекс ретінде қарастырамыз. Оның аффективті жағын өзін-өзі бағалау ал, когнитивті жағын, баланың өзі туралы ойы деп айтуға болады. Бала өмірге келісімен алдымен үлкендермен, одан кейін құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды. Осының нәтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады. Қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы және жағдайы. Қарым-қатынаста адамдар өзін-өзі және басқаларды тану қажеттілігін қанағаттандырады. Өзін-өзі тану және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты.

Ал, жеткіншек жасындағылар қарымқатынасқа өте құмар келеді. Олардың жолдастарымен, құрдастарымен, сыныптастары, қарым-қатынасы төменгі сыныптардағы балалардың қарым қатынастарынан гөрі күрделірек, көп салалы әрі мазмұны тереңірек болады.

Жеткіншектік кезең де жақындық дәрежесі жөнінен әр түрлі қарым-қатынастар қалыптасады, оларды жеткіншектер әншейін жолдастар, жақын жолдастар, жеке дос, деп нақпа-нақ саралайды. Қарым-қатынас жасайтын адамдары тек университет шеңберінде оқу әрекетімен шектелместен, барған сайын университеттен тыс шыға береді, жаңа мүдделерді, кәсіптерді, қарым қатынастарды қамтып, жеткіншек өмірдің дербес және өте маңызды саласы бөлініп бөлінеді. Бұл қарым-қатынастарда әр түрлі оқиғалармен, күрес пен қақтығысулар, жеңістер мен жеңілістер, жаңалықтар мен өкініштер, күйініштер мен қуаныштар кездесіп, осының бәрі жинақталғанда жеткіншектің нағыз өмірін құрайды. Ол осы ортада іс әрекет жасап, ойланып толғанады, көп уақыты мен рухани күш-жігерін жұмсайды. Жолдастарымен қарым-қатынас жеткіншек үшін ерекше құндылыққа ие болады.

Жеткіншектер жеке басының қасиеттері жағынан қоғамшыл болып келеді. Бұл жұмыстар студенттің қарым-қатынасы үшін мазмұнды негіз жасап, ынта көрсетіп, белсенділік, дербестік білдіруге мүмкіндік береді. Кез келген іс-әрекетте олар жай қарап тұрушы болмай, белсене қатысушы болғанды жақсы көреді.

Жолдастық қарым-қатынас студенттер өмірінде үлкен орын алады. Жеткіншектердің өзара және топтасқан қарым-қатынастары көбінесе ересектермен қарымқатынастарға тәуелсіз тіпті олардың дегендері мен ықпалдарына қарсы болып та қалыптасады. Бұл қарым-қатынастардың өз мазмұны мен даму логикасы болады. Егер төменгі сыныптарда ұжымдағы алатын орны негізінен оқу үлгеріміне, тәртібі мен қоғамдық белсенділігіне, яғни баланың ересектер қоятын талаптарды қалай орындайтынына байланысты болса, студенттер үшін басқа қасиеттер: досы мен жолдасының қасиеттері, зеректігі мен білімділігі (тек оқу үлгерімі ғана емес), батылдығы өзін өзі ұстай білуі неғұрлым маңызды болып қарым-қатынас арқылы жаңадан пайда болған достары мен бір топта оқитын студенттерге бейімделе бастайды [2, б. 34-37].

Адам іс әрекетінің психологиялық аспектісін қарастырғанда ол қоршаған ортадан тыс жүзеге асырылмайтындығына көңіл аудармай кете алмаймыз. Сыртқы ортаның объектісі және құбылысы үнемі адамға белгілі әсер етеді және оның іс әрекетінің жүзеге асырылу жағдайын анықтайды, кейде жиі олардың әсері теріс сипат берері қақ.

Адам өмір сүру барысында үнемі оған қауіп төндіретін жағдайлар мен ұшырасады. Өмір бойы адам үздіксіз – климатқа, қоректенуге, қоршаған адамдарға және стреске икемделеді. Яғни барлық тірі ағза қоршаған орта мен үйлесімді болуға тырысады.

Сонымен «бейімделу» түсінігіне тоқталатын болсақ, жоғарыда айтып өткендей «бейімделу» түсінігінің нақты, бір мәнді анықтамасы жоқ.Әр саладағы ғалымдар, зерттеушілер өзінің зертеу бағытына байланысты анықтаманы ұсынады. Соларды қарастыратын болсақ В.Н. Дружинин – «бейімделуді» ағзаның орта мен нәтижелі әрекет ету үрдісі деп қарастырады. Ал Е.А. Ямбург «бейімделуді» ағзаның құрылысы және функциясы, оның мүшелері және ұлпаларының сезінбей және орта мен қақтығыссыз икемделе алу қабілеті» деп қарастырады.

Жоғарғы оқу орнында білім алу уақыты жастық шақтың екінші кезеңімен немесе жеке бас қасиеттерінің қалыптасу күрделілігімен ажыратылатын зерделік шақтың бірінші кезеңімен сәйкес келеді.

Егер студентті жеке адам деп зерттесек, онда 18-20 жас – бұл адамгершілік және эстетикалық сезімдердің белсенді дамуының, мінездің қалыптасып және тұрақтануының, әсіресе, ересек адамның әлеуметтік рөлдерінің толық жиынын: азаматтық, кәсіби еңбектік және т.б. меңгерудің кезеңі. Бұл кезеңмен «экономикалық белсенділігінің» басталуы тығыз байланысты. Демографтардың пайымдауынша экономикалық белсенділік – ол адамның өз бетінше өндірістік іске араласуы, еңбек жолын бастауы және өз жанұясын құруы. Бір жағынан мотивациялардың, барлық құндылықтардың жүйесінің қайта жасалуы, екінші жағынан кәсібиленуге байланысты арнайы қабілеттерінің қалыптасуының шапшаңдығы осы жас кезеңін мінез бен интеллект дамуының орталық шағы ретінде бөліп қарастырады. Студент жеке басына арналған зерттеулер ішкі әлемінің қарама-қайшылығы, өзінің өзбеттілігін табуымен және ашық байқалатын, жоғары мәдениетті индивидуалдығының қалыптасуын көрсетеді.

Басқаша айтсақ, «бейімделу қабілет – ешқандай ішкі дискомфортты сезінбей және қоршаған орта мен қарама-қайшылықсыз адамның қоршаған ортаның әлеуметтік, физикалық, әр түрлі талаптарына бейімделе алу қабілеті». Бейімделу – бұл белсенді іс-әрекеттің алғы шарты және оның тиімділігінің қажетті шарты. Бұдан индивидтің қандай да бір әлеуметтік рөлінің жақсы қызмет етуі үшін бейімделудің жағымды маңызы көрінеді [3,б. 49].

Зерттеушілер бірінші курс студенттерінің оқу орнының жағдайына бейімделуінің үш түрін көрсетеді:

  1. формальды бейімделу, студенттердің жаңа ортаға, жоғарғы мектеп құрылымына, ондағы оқыту мазмұнына және оның талаптарына қатысты;
  2. қоғамдық бейімделу, яғни, бірінші курс студенттерінің топтық ішкі бірігуі және жалпы алғанда топтардың басқа студенттермен қосылу үрдісі;
  3. Дидактикалық бейімделу, жоғарғы мектепте студенттердің оқыту жұмыстарының түрлері мен әдістеріне байланысты бейімделу.

Студенттердің әр курстағы дамуы бірнеше сипатқа ие.

Бірінші курс ұжымдық өмірдің студенттік түрлеріне кешегі абитуриентті үйрету міндетін шешеді. Студенттердің мінез-құлқы конформизмнің жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді. Бірінші курстағы студенттер де өз рөлдеріне дифференциациядан қадам жоқ.

Екінші курс – студенттің оқу әрекетіндегі ең қысым түсетін оқыту мен тәрбиелеудің барлық түрлері жедел араласады. Студенттер жалпы дайындықты алады, олардың мәдени сұраныстары мен қажет-

тіліктері қалыптасады. Берілген ортаға бейімделу үрдісі негізінен аяқталған деп саналады.

Үшінші курс – мамандандырудың басталуы, ғылыми жұмысқа қызығушылықтың күшеюі студенттің кәсіби қызығушылығының тереңдеуі мен ары қарай дамуының бейнеленуі ретінде көрінеді. Мамандануға табанды қажеттілік жеке адамның жан жақты қызығушылықтары аумағының таралуына жиі әкеліп соғады. Әдетте, жоғарғы оқу орнындағы жеке адамның қалыптасуының түрлері мамандану факторымен анықталады.

Төртінші курс – оқу іс-тәжірибесі кезінде мамандықпен бірінші нақты танысу. Студенттер мінез-құлқын арнайы дайындықтың рационалды түрлері мен жолдарын интенсивті іздестіру. Студенттер мәдениет пен көпшілік өмір құндылықтарын асыра бағалайды; оқу орнын жақында тәмәм дау перспективасы – болашақ іс-әрекет түрін нақты тәжірибелік қағидалары қалыптасады. Жұмыс орны, материалдық және жанұялық жағдаймен байланысты одан әрі өзекті бола бастаған жаңа құндылықтар пайда болады. Студенттер біртіндеп оқу орнының ұжымдық өмірінен алшақтай бастайды.

Ғшінші және төртінші, кей жағдайда екінші курстарда өмірлік серігін іздеу маңызды рөл атқарады. Бұл да студенттердің қоғамдық іс-әрекеті мен үлгеріміне әсер етеді. Қарама-қарсы жыныс өкіліне қызығушылық студенттер мінез-құлықтары мен ақыл-ойында мәнді орынды иеленеді. Интимдік қарым-қатынастар өзін жақсы көрсетуге, жұмысты көңіл-күй, шығармашылық белсенділік тудыратыны жиі кездеседі, десек те, О. Кернбергтің ойына жүгінсек эмоционалды өзара қарым-қатынастарда агрессия мен махаббат өзара әрекеттесе рөл ойнайды [4, б. 160-161].

Студенттің жеке басының психологиялық дамуы – қарама-қайшылықтардың пайда болуы мен шешілуі, сыртының ішкіге ауысуы, өзіндік серпіліс, өзімен белсенді жұмыс жасаудың диалектикалық үрдісі. Бұл типологияда жалпы студенттердің кәсіпті таңдау ерекшеліктері, оқу үлгеріміндегі, мамандығына қатынасының айырмашылықтарына, негізгі қызығушылықтарына, қарым-қатынасы, бос уақытын өткізу ерекшеліктеріне баса назар қойылған. Оқытудың сәттілігі оқытылу сияқтыдық;

5 ішкі сенімсіздікті тудыратын өзін-

адамның психикалық қасиетімен анықталады. Бұл түсініктің негізін адамның жеке бас ерекшеліктері (бейімділік, жеке адамның тұрақтылығы мотивациялар тығыздығы және басқалар) және оның барлық интеллектуалдық потенциалы құрайды.

Студенттердің үлгерімі тек арнайы қабілеттер мен жалпы интеллект дамуына ғана емес, сонымен бірге, қызығушылықтар мен мотивтер, мінез қырлары, темперамент, жеке адам бағыттылығы, оның өзіндік санасына да тәуелді. Жеке адамның бағыттылығына, оның материалдық және рухани қажеттіліктері кіруі мүмкін. Осы қажеттіліктер өзінің қанағаттануын күтеді және сондықтан да құмарлық, еліктеу, тілек ету, талпыныс, эмоционалдық күйлерді тудыратыны хақ, ал осылардың себебінен студент белсенділік танытуға мәжбүр болады.

Жеке адамның потенциалды мүмкіндіктерін жұмылдырудың маңызды шарты оның қандай да бір іс әрекет түріне бағыттылығы мен белсенділігі болып табылады. Адам үшін ең мәнді нәрсе сайып келгенде оның іс-әрекетінің мотивтері мен мақсаттары ретінде орын алады.

Студенттің жеке басындағы негізгі қажеттіліктерінің бірі қарым-қатынас қажеттілігі. Қарым-қатынаста студенттер өзгелерді ғана емес өзін де танып-біледі, әлеуметтік өмірдің тәжірибесін меңгереді.

Студент дамуы мен іс-әрекетінде әлемдік көзқарасы – қоршаған ақиқат дүниеге көзқарасы, наным-сенімдер жүйесі де қомақты рөлге ие. Студенттің мінез-құлқы мен әрекетіндегі айқын ерекшеліктер темпераментіне де тәуелді. Сондай-ақ, студенттердің іс-әрекеттерінде олардың мінезі де көрініс береді. Мінез – адамның салыстырмалы тұрақты психикалық құрылымы, оның жүріс – тұрысына әсер ететін қырлар жиыны [5, б. 20].

Сонымен студенттік жас кезеңдерінде төмендегідей жаңа жасалулар, мүмкіндіктер анық байқалады:

  1. ақыл-ой, адамгершілік қатынастағы зерделілік (ересектік);
  2. наным-сенім, дүниеге көзқарасы; 3 өзбеттілік турашылдық;

4 сыншылдық және өзіне сыншылдік бағасының қайшылығы;

  1. максимализм, үлкендердің ойына жағымсыз қатынас;
  2. екі жүзділік, қалжың, дөрекілік, айқаймен әсер етуге талпыныс;
  3. интеллектуалдық танымдық дамудың жоғарғы шегі.

Студенттік кезең кәсіби ойлау мен кәсіби компоненттігінің қалыптасуындағы ең қолайлы кезең.

Біздің ойымызша, студент жеке адам ретінде өз қызығушылықтары мен мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Ол үлгерімді студент болуымен қатар келешек өмірінің жоспарларын құрайды.

Сондықтан жан-жақтан келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі студенттердің оқыту-тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін, олардың қарым-қатынас жасауындағы ерекшеліктерді анықтау өзекті мәселелердің бірі.

Студенттердің өзара қарым-қатынас деңгейіне байланысты бейімделу дәрежесі анықталады. Яғни, қарым-қатынас деңгейі неғұрлым жоғары немесе төмен болатын болса, бейімделу деңгейінде осыған сай дәрежені көрсетеді [6, б. 26].

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Вопросы психологии межличностного познания и общения /Сборник научных трудов. – Краснодар, 1983.
  2. Бодалев А.А. Личность в общении. М., 1983.
  3. Балл Г.А. Понятие адаптации и его значение для психологии // Вопросы психологии. 1989. № 1. С. 92-101.
  4. Гапонова, О. А. Особенности адаптации студентов вуза в процессе обучения // Психологический журнал. 1994. Том 15. № 3. С. 132-135.
  5. Алексеева, О. Ф. Индивидуально-психологический фактор адаптации субъекта учебной деятельности (в контексте гуманизации образования): автореф. дис. канд. пед. наук. 1995.
  6. Ануфриенко, Е.В. Особенности адаптации первокурсников в вузе // Материалы научно-методической конферен-ции.Благовещенск: Изд-во БГПУ, 2000. С. 25-27.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.