Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Студенттердің бейімделу ерекшеліктері

Қазіргі таңдағы ғылым мен тәжірибеде бейімделу түсінігі студенттердің дайындығының тиімділігін жоғарлату әдісін өңдеумен айналысады. Студенттердің бейімделуі білім берудің фундаменталды сұрақтарының қатарына жатады. Демек, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жеке тұлғаның дамуы, мамандандыру, студенттердің әлеуметтенуі. Жоғары оқу орнына студенттердің бейімделуінің сәтті болуынан студенттің мамандануы жақсы қалыптасады және қоғамдық ортада дамуы жүзеге асады.

Бейімделу кез-келген әлеуметтік жүйелердің (мысалы, отбасы тобы, іскерлік фирмасы, ұлттық мемлекет) өзінің тіршілік ету ортасына жауап беруі немесе, оны «басқаруы»; тұлғаның немесе әлеуметтік топтың қоғамдық ортаға икемделуі үрдісі, мұның нәтижесінде осы үрдіске қатысушы субъектілердің талаптары мен күтулері сәйкестендіріледі.

Бейімделу мәселесі психология және педагогика ғылымдарының ежелгі тарихынан келе жатқан мәселесі болғанымен де өзінің өзектілігін қазіргі күнге дейін жоғалтпаған. Кезкелген қоғамдық жағдайдың ерекшелігі халықтың көшіп-қонуымен көрінеді. Яғни жаңа ортаға қоныстанған жеке тұлғаның бейімделуі арқашан да өзекті мәселе болып табылады.

Қалалық және ауылдық қоғамның арасындағы ерекшеліктер арқашан байқалады. Демек, ауылдан қалаға келген студент жаңа ортаға келгенде бөтен қаланың өзіндік ережелерімен, құндылықтарымен, талаптарымен танысып, жаңа қоғаммен қарым-қатынасқа түсу олардың көзқарасына, дүние – танымына бейімделуіне әсер етеді. Және де ауылдан қалаға оқуға келген студенттердің бірінші курста психологиялық өзгерістер байқалады. Бейімделу кезеңінде жаңа қоғам олардың жуйке жуйесіне, мінез-құлқына әсерін тигізеді. Сондықтан да мұндай жағдайда студент бірінші курсқа келгенде жаңа ортада жаңа ақпараттарды қабылдауы мен қоғаммен қарым-қатынасқа түсуі төмен көрсеткішті көрсетуі мүмкін.

Сонымен студенттердің бейімделу деңгейін қарастырған ғалымдар: Дандыбаева А.С., Жусупбекова Л.Е, Емельянов Ю.Н., Захарова В.П., Ковалева Г.А., Микин Х.Байтемирова К.Б., Ананьев Г., Дмитриев А.В., Кен И.С., Лисовский В.Т., Есарев З.Ф., Яковленко Л.Н., Воронский В.А, Любимова т.б. ғалымдарының еңбектерінде қарастырылады [1, 23-26 б.].

Адам іс әрекетінің психологиялық аспектісін қарастырғанда ол қоршаған ортадан тыс жүзеге асырылмайтындығына көңіл аудармай кете алмаймыз. Сыртқы ортаның объектісі және құбылысы үнемі адамға белгілі әсер етеді және оның іс әрекетінің жүзеге асырылу жағдайын анықтайды, кейде жиі олардың әсері теріс сипат берері қақ.

Адам өмір сүру барысында үнемі оған қауіп төндіретін жағдайлар мен ұшырасады .Өмір бойы адам үздіксіз – климатқа, қоректенуге, қоршаған адамдарға және стреске икемделеді. Яғни барлық тірі ағза қоршаған орта мен үйлесімді болуға тырысады.

Медицина ғалымының дәрігері А.П. Авыцын – «өмір сүру яғни – бейімделу» деп санайды [1, 336 б.].

Сонымен «бейімделу» түсінігіне тоқталатын болсақ, жоғарыда айтып өткендей «бейімделу» түсінігінің нақты, бір мәнді анықтамасы жоқ.Әр саладағы ғалымдар, зерттеушілер өзінің зертеу бағытына байланысты анықтаманы ұсынады. Соларды қарастыратын болсақ В.Н. Дружинин – «бейімделуді» ағзаның орта мен нәтижелі әрекет ету үрдісі деп қарастырады. Ал Е.А. Ямбург «бейімделуді» ағзаның құрылысы және функциясы, оның мүшелері және ұлпаларының сезінбей және орта мен қақтығыссыз икемделе алу қабілеті», деп қарастырады.

Сондай орта жағдайына икемделуі дейді. Л.Д. Столяренко «бейімделу – адамның қоршаған ортаның түрлі талаптарына ішкі қолайсыздықты сезінбей және орта мен қақтығыссыз икемделе алу қаблеті», деп қарастырады.

Сонымен «бейімделу» дегеніміз – бұл тірі ағзаның қозғалмалы жүйесінің арқасында, жағдайдың өзгеруіне қарамастан өзінің өмір сүруіне, дамуына, ұрпағын жалғастыруға қажетті тұрақтылықты ұстайтын қозғалмалы үрдіс.

Әлеуметтік бейімделу үрдісін міндетті түрде үш деңгейде қарастыру қажет:

  1. қоғам (макроорта) – тұлғаның және әлеуметтік – экономикалық, саяси, рухани және қоғамның мәдени дамуына бейімдеуі;
  2. әлеуметтік топ (микроорта) – адамның бейімделуі немесе керісінше әлеуметтік топпен адамның қызығушылығының түйіспеуі;
  3. индивидтің өзі (тұлға ішілік бейімделу) – үйлесімділікке талпыну, ішкі позициясы мен өзін бағалауын басқа индивидуум позициясы мен баланс жасау [2, 352 б.].

Философиялық энциклопедиялық сөздікте бейімделу мәселесі былайша қарастырылады: «әлеуметтік бейімделу әлеуметтік ортада әлеуметтік топ пен тұлғаның өз ара әрекет ету түрі». «Психологиялық бейімделу – тұлғаның белсенділігі және аккомодация, ассимиляция бірлігі ретінде көрінеді. Орта тұлғаға немесе топқа әсер етеді. Осыдан бейімделу бір уақытта тұлғаның немесе топтың белсенділігін бейімдейді. Бейімделудің бұндай механизімі тұлғаның әлеуметтену үрдісінде құрылып, оның мінез – құлық және іс-әрекет негізі болып табылады.

Қазіргі кезде бейімделу жайлы түсінік И.П. Павлов, И.М. Сеченов, П.К. Анохин т.б. жұмыстарында негізделеді. Бейімделу феноменінің көптеген анықтамаларына қарамастан, объективті түрде оның негізгі көріністері бар, олар бейімделуді біріншіден – ағза қасиеті; екіншіден өзгермелі орта жағдайына бейімделу үрдісі; үшіншіден – «адам – орта» жүйесі мен өзара әрекет ету нәтижесі; төртіншіден – ағзаның талпыну мақсаты ретінде бекітуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда бейімделу феноменін қарастыру да екі жалпы тұрғыны бөліп көрсетуге болады [6, 23-29 б.].

  1. бейімделу оның сыртқы орта жағдайына тұрақтылығын қамтамасыз ететін кез келген тірі өзін реттеуші жүйе қасиеті ретінде қарастырылады;
  2. бейімделу динамикалық құрылым, сыртқы орта жағдайына тікелей бейімделу үрдісі ретінде қарастырылады.

Бейімделу тұлға мен әлеуметтік ортаның өзара әрекет ету түрі ретінде, олардың талап күтілімдері мен келісуі көбіне қоғамдық иерархия жүйесінде анықталатын индивидтің алғашқы, өзін бірегейлендіру жағдайына байланысты. Тұлғаның өзін бірегейлендіруді индивидтің өзі істейтін істі таңдауы мен тұлғаның өзін анықтауына сәйкес жүзеге асуы.

Адам, қоғам және олардың арасындағы байланыс та үнемі түрленіп, дамып, өзгеріп отыратын күрделі құбылыстар. Кез келген қоғамның қандай болуы оны құраушы субьектілердің күш-жігеріне байланысты. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде, әлеуметтік гуманистік ғылымда жастар мәселесі ауқымды орынға ие. Сонғы жылдары жүргізілген түрлі әлеуметтік, психологиялық зерттеулер жастар бойында жалпы құндылық, нормативті дағдарыстың бар екенін көрсетіп отыр. Қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында, күрделі экономикалық және саяси өзгерістер жастар ғана емес, жалпы адам психикасына елеулі әсер ететіні белгілі. Осыған байланысты адамның бейімделуін зерттеу адам мен оны қоршаған орта қатынасының динамикасын күшейтетін факторлардың өсуімен, қоғамның адамға қоятын талаптарының көбеюімен, сондай-ақ психология ғылымының негізгі зерттеу объектісі – тұлға, оның қалыптасуы мен дамуы мәселесінің маңыздылығымен байланысты ерекше ауқымды орын алып отыр [7, 12-22 б.].

Психология ғылымында бейімделу теориялық сипаттамасында адам кез-келген жағдайда өзін жақсы сезінуі үшін, әр түрлі жағдайларға икемделе, бейімделе алуы өте маңызды болып табылады деп қарастырылған.

Латын тілінен аударғанда «бейімделу» икемделу, үйлесу деген мағынаны береді. Қазіргі уақытқа дейін «бейімделу» түсінігін нақты бір ашып түсіндіретін анықтамасы жоқ. Ағылшын ғалымы Проссердің айтуынша, оның көп мәнділігі сонша, әрбір зерттеуші өзінің зерттеуіне байланысты әр түрлі жауап қайтарады деген.

Бейімделу процесі аса динамикалы болып табылады. Оның жетістігі көбіне объективті, субъективті оқиғаға, функционалды жағдайға, әлеуметтік тәжірибеге, өмірлік бағдарға және т.б байланысты.

Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық бейімделу мәселесі психология ғылымындағы және психология ғылымының басқада аймағындағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық мәселесі ауқымды түрде теориялық және қолданбалы маңызды иеленеді. Адамды қоғамға, әлеуметтік топқа және ұжымға енгізудегі, адам мен әлеуметтік тәжірибені меңгеру механизімінде, қарым – қатынас және мәдени тәжірибелерге бейімделу және әлеуметтену процесі маңызды механизм болып табылады.

Адамның бейімделу ерекшелігі «әлеуметтік әлемге бірте – бірте енуі мен» мінез – құлық, жүріс – тұрыстың әлеуметтік ережелерін меңгеру процесі мен адамның әлеуметтенуі мен байланысты болады. Негізінде әлеуметтік бейімделу әлеуметтенудің маңызды механизімі болып табылады.

Психоаналитикалық және психологиялық бағдар жұмысының авторларынан басқа осы тұрғыға жақын Г. Сельенің (1979-1992) жалпы бейімделу синдром концепциясы жүзеге асырылады. Осы бағыт шегінде қақтығыс әлеуметтік ортаның шек қоятын талаптары мен тұлғаның қажеттіліктерінің сәйкестенбеуі ретінде қарастырылады. Қақтығыс нәтижесі болып – жеке тұлғаның үрей жағдайын өзектілеу болып табылады. Осы тұрғыда тұлғаның бейімделу деңгейі оның эмоционалды өзіндік көңіл-күй түрі мен анықталады. Осының салдарынан бейімделудің екі деңгейін көрсетуге болады: бейімделу және бейімделе алмау.

Бейімделу – тұлғада үрейдің болмауы мен байланысты. Бейімделе алмау – үрей жағдайының көрінуі мен байланысты.

Бұл жерде Э. Эриксон тұрғысына көңіл аудару керек және осы бағыт бойынша әлеуметтік бейімделуді зерттеуде елеулі ерекшеліктер бар. Бұл ерекшеліктер Э. Эриксон бойынша бейімделу процесі формула бойынша сипатталады: қайшылық үрей ортада индивидтің қорғаныс реакцияларының жетіспегендігінен болады.

Соны мен «бейімделу» түсінігіне тоқталатын болсақ, жоғарыда айтып өткендей «бейімделу» түсінігінің нақты, бір мәнді анықтамасы жоқ. Әр саладағы ғалымдар, зерттеушілер өзінің зертеу бағытына байланысты анықтаманы ұсынады. Соларды қарастыратын болсақ М.И. Бабнева – «бейімделуді» ағзаның орта мен нәтижелі әрекет ету процесі деп қарастырады [10, 40-42 б.].

Қазіргі таңда білім беру әрбір тұлғаның даралығын ашу, жеке тұлға ретінде дамыту, бейімділігін қалыптастыруға бағытталса, сол жаңа жүйенің негізі бүгін көрініс тауып, қазірден нәтижесін беруі қажет. Сондықтан әрбір педагог өз қызметінің мазмұнын инновациялауы шартты. Ол үшін жаңа мазмұнды жұмыс жоспарын жасап, барлық үдеріс нәтижеге бағытталып ұйымдастыруы міндетті.

Студент материалдық және рухани өмірде жоғары кәсіби және әлеуметтік рөлдерді орындау үшін белгілі бір бағдарламамен іс-әрекеттері ұйымдастырылатын әлеуметтік жеке тұлға.

Студенттік жасқа әлеуметтік тұрғыдан жетілу кезеңі сәйкес келеді. Бұл кезеңнің белгісі білім алудың аяқталу кезеңі, еңбекке деген белсенділік, қоғамдық жұмыстар, заң алдындағы жауапкершілік, жанұя құру, бала тәрбиесі болып келеді. Қазіргі кезде студент қоғамдағы сан жағынан алғанда алдыңғы орындардың бірінде. Оған әркімнің де көзі жетеді. Соңғы жылдардағы білім беру, оның ішінде жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты арнаулы орта білім, жоғары білім, жоғары білімнен кейінгі екінші жоғары білім, магистратура, аспирантураларда білім алып жатқан жастардың саны арта түсуде.

Студенттер қоғамның ірі интеллектуалдық потенциалы. Студенттердің әлеуметтік құрылымы негізінен біздің қоғамымызды әлеуметтік құрылымын айқындайды.

Студент ұғымына педагогика және психология ғылымдары нақты түсінік бермейді. Ал ғылыми әдебиеттерде берілетін анықтамалар әртүрлі болып келеді.

Психологияда 17-18, 25-26 жас аралықтарындағы үлкендер, ересектер қатарына енген шақ деп сипатталады. Студент үшін бұл кезеңдер жеке тұлға ретінде қалыптасуымен жоғары білікті маман бөлу кезеңдеріне жатады [12, 23-29 б.].

Белгілі Кеңес Одағының психологы Б.Г. Ананьев студенттік кезең, жеке адам тұрғысынан алғанда, адамгершіліктік және эстетикалық сезімдердің белсенді түрде даму кезеңі, ересек адам ретінде азаматтық, саяси қоғамдық және кәсіби мамандық міндеттерінің тұрақталу, толысу кезеңі деп көрсетеді.

Қазіргі таңдағы ғылым мен тәжірибеде бейімделу түсінігі студенттердің дайындығының тиімділігін жоғарлату әдісін өңдеумен айналысады. Студенттердің бейімделуі білім берудің фундаменталді сұрақтарының қатарына жатады. Демек, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жеке тұлғаның дамуы, мамандандыру, студенттердің әлеуметтенуі. Жоғары оқу орнына студенттердің бейімделуінің сәтті болуынан студенттің мамандануы жақсы қалыптасады және қоғамдық ортада дамуы жүзеге асады.

Студенттің білімді меңгеруі мен білім алуға деген қызығушылығы және оның үлгерімінің жоғары дәрежеде болуына оның жаңа қоғамдық ортадағы студенттермен, оқытушылармен, жоғары оқу орнының әкімшілігімен өзара қарым-қатынасының жақсы болуы үлкен әсер етеді. Сондықтан профессор-оқытушылар құрамының студенттермен жұмыс жасау жағдайы олардың бейімделуіне үлкен әсерін тигізеді.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны білім беру саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістерді кең көлемде қолдануды қажет етіп отыр. Яғни, білім беру саласындағы ақпарат алмасу, электрондық пошта, телеконференция, бейнеконференция, интерактивті сабақтар педагогтардың кәсіби білімінің жоғары деңгейі арқасында жүргізіліп жатқаны рас. Оқыту үдерісіне бұндай ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы нәтижелерге жетіп, бірқатар мәселелер оң шешімін табуда. Атап айтсақ:

  1. оқу материалын студенттің терең түсінуіне;
  2. студенттің оқуға деген қызығушылығының артуына;
  3. алған білімнің ұзақ уақыт сақталуына;
  4. студент және оқытушы арасындағы қарым – қатынастың орнауына;
  5. студенттің белсенді әрекетінің болуына;
  6. ең бастысы, студенттің сабақтан тыс уақытта өз бетінше жұмысты жалғастыруына;
  7. отбасы, студент, жоғарғы оқу орны арасында байланыстың болуына.

Білім беру салаларында кәсіби міндеттерін дербес, әрі шығармашылық тұрғыдан шеше алатын, кәсіби қызметінің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсіне білетін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгерген, кәсіби және бәсекеге қабілетті мамандар жұмыс істеуі тиіс [13, 85-83 б.].

Осыдан келіп, Қазақстанды білім беру жүйесіндегі негізгі мәселе мемлекетті қажетті мамандармен қамтамасыз ету мәселесі туындайды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін қазіргі кезде білім беру саласындағы мамандандырылған дайындықтар негізінде болашақ мамандарды қазіргі заманғы инновациялық технологияларды қолдану арқылы дайындап, оларды мамандандырылған мәселелер мен қызметтердің шешімін табуға үйретеді. Ал бұл қызметтерді орындау үшін адам белгілі бір білім мен біліктілігі, инновациялық технология саласын меңгерген болуы керек.

Студенттердің кәсіби бағыттылығы қазіргі заман талаптарына сай жоғарғы оқу орындарындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Кәсіби бағыттылықтың қалыптасуы болашақ маманға сапалы білім беру мақсаттарын жүзеге асырудың бірден бір жолы.

Студенттердің ЖОО-ға бейімделуінің бағыттылығының қалыптасу ерекшелігі қазіргі заман талабына сай жүзеге асады. Жалпы студенттердің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы оқу процесінің ұйымдастырылу деңгейіне, оқытушының іскерлігіне, студенттердің ғылыми жұмысының ұйымдастырылуына тәуелді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі»деп атап көрсеткен. Сондай – ақ, Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры деп аталады. Олай болса, әрбір педагогтың ақпараттар ағымына ілісіп, бәсекеге қабілетті құзырлы болуы – басты міндет және парыз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан: елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жария ету кезінде сөйлеген сөзі // Ана тiлi. 2007. 8-14 наурыз (№10)
  2. Педагогика және психология сөздігі. - Алматы: «Мектеп», 2002.
  3. Столяренко Л.Д. Основы психологии. 2- е изд. Ростов н/Д: Феникс, 1997.
  4. Стефаненко Т.Г. Этнопсихология . – М.: Академический проект, 1999.
  5. Яковленко Л.Н. Адаптация первокурсников // Аспирант и соискатель. – 2003. – С. 116-120.
  6. Воронский В.А. Исследования студентов к условием в вузы // Соционика. – 2001. - №6. – С. 29-33.
  7. Любимова Г.Ю. От первокурсника до выпускника // Вестник Московского Университета. Сер 14. Психология. – 2001.№1. – С. 48 – 52.
  8. Свиридова Н.А Адаптационные процессы в среде молодежи // Соц. ис. № 1. 2002.
  9. Дудник Е.А. Адаптация учащихся младших классов к условиям обучения в среднем звене. Дипломная работа. УКа, 2000.
  10. Туршинский З. Многоликая адаптация // Биология в школе. – 1996. – № 5. – С. 7780.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.