Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тәрбиешілердің эмпатиясының психологиялық ерекшеліктері

Егемендік алған Ұлы Қазақстанның болашағы – жас бүлдіршіндерді азаматтық пен адалдық, отан сүйгіштік пен мейірімділік рухына тәрбиелеу әрбір отбасының, балабақшаның, балалар үйінің тіпті барша халықтың міндеті.

Уақыт өткен сайын тәрбиеленуші жас ұрпақ пен тәрбиешілерге қойылар талаптың да биіктей беретіні заңды құбылыс. Тәрбие сөзі «тәрбие» араб-парсы тілдерінен енген, қазақ тіліне аударғанда «негіз» деген мағынаны білдіреді. Тәрбие деп үлкендердің кішілерге азаматтық қасиетін қалыптастыруға тигізетін әсерін айтады. Тәрбиенің өзі неше түрлі саладан, моральдық, интеллектуалдық, эстетикалық және еңбекке үйретуден, дене шынықтырудан құрастырылады. Тәрбиенің осы түрлері ерте дәуірден басталып келеді. Аталған салалардың жас өспірімдердің есеюіне тигізетін әсері күшті болғанымен, «тәрбие» деген терминді түсінуде ғалымдар арасында түрлі пікірлер кездеседі: бірінші пікір бойынша, баланың басы «таза тақта».

Сондықтан оның көкейіне не жазам десең, соны жазуға болады. Баланың келешекте кім болатынын түгелдей тәрбиеші шешеді. Тәрбиеші баладан келешекте қандай адам жасап шығарғысы келсе, бәрі қолынан келеді.

Екінші пікір бойынша, баланың көкейіне не болса, соның бәрін жазуға болмайды. Біреуді біреу тәрбиелей алмайды, әркім өзін-өзі тәрбиелеп, азамат қатарына жете алады. Соңғы пікір мына сияқты дәлелге сүйеді: ешкім баланың басына өсиеттерді енгізіп, оның рұқсатынсыз ісін, қылығын сол өсиеттерге бағындыра алмайды. Бала үлкендерді тыңдағысы келсе, тыңдайды, тыңдағысы келмесе, тыңдамайды, өз еркі. Дәлелдің бұл түрі орынды сияқты. Бірақ бірінші пікірді жоққа шығаруға болмайды. Себебі тәрбиеші баламен тіл тауып, жақын қатынаста бола алса, онда баланы өзінің сөзіне көндіріп, біразға дейін жетелеп, оны тәрбиелеуде едәуір дәрежеге жете алады. Біз осы екі пікірдің әрқайсысына тән қолайлы жағын алып, тәрбиеге ұмтылатын баланың өзі, оның келісімінсіз бұл салада нәтижеге жетуге болмайтынын мойындай отырып, егер тәрбиеші баланың «кілтін» таба алса, онда тәрбие саласында үлкен нәтижеге жете алады дейміз. Осыған қарағанда тәрбиенің ең негізгі мәселесі баламен әңгімені қандай тақырыпта жүргізуде емес, онымен байланысудың «кілтін» тауып, тіл алдыра білуде [1, б. 147].

Педагогикалық процесс үнемі тәрбиеші мен бала арасындағы өзара әрекетті қажет етеді. Бұл формадағы тәрбиеші мен бала арасындағы өзара әрекет шешу мәселесіне айналып, педагогикалық әріптес тіктікті жүзеге асырады. Әріптестік сәтті болу үшін ең алдымен тәрбиешіде балаға деген сыйластық қатынас, оның ойлау процесіне зейін аудару, әрбір сәттіліктерін мақұлдап қолдау көрсету, баланың орнына өзін қойып эмпатия туғызу, баланың іс-әрекеті, мақсаты мен мотивтерін түсіну, рефлексия, (өзіндік талдау, өзіндік іс-әрекетті бағалау, өзіндік уайымдар мен ойлауды талдау) өзіндік әрекетті талдау, оқу-тәрбиелік процесте түзетулерді тез енгізу біліктіліктері болу керек.

Қарапайым әлеуметтік жағдайды ескеретін болсақ, қазіргі уақытта тәрбиелеуде эмоционалды-адамгершілік мәселесі маңызды болып отыр. Эмпатиялық уайымдардың даму процесін жүзеге асыруда, мінез-құлықты реттеудің этикалық нормаларына сәйкес балалардың біліктіліктерін қалыптастыру қажет. Эмпатияның негізгі формалары келесідей болады:

  1. уайымдау эмоционалды жағдайдағы субъективтілік;
  2. сезіну субъективті түрде басқа адамдардың уайымын сезіну.

Балаларда сензетивті түрде 3-4 жаста эмпатиялық уайымдар дамиды. Сондықтан біз бұл жұмысты ерте кезден бастауды ұсынамыз. Жалпы алғанда, эмпатия сенімділік деңгейін дамытады және қарым-қатынасты нығайтады. Сол себепті балалар сезіне алуға, уайымдауға, басқаның жетістіктеріне қуануға, әлеуметтік ортаға жеңіл бейімделуге, әріптестерімен ойын кезінде еркін байланысқа түсуге қабілетті болады [2, б. 14].

Алайда, мінез-құлықтық және эмоционалды реакцияның ұқсастық жағдайында эмпатия жеңіл реттеледі.

Сондықтан да біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда эмпатияның дамуын, тәрбиешінің тұлғалық сапасындағы кәсіби маңыздылықты және кәсіби шеберлікті қарастырамыз. Тәрбиешінің біліміне ғана емес, сонымен қатар оның ішкі жан дүниесіне әсер ету арқылы балаға деген эмпатиялық түсіністігін де анықтауға мүмкіндік аламыз.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы үшін тәрбиелеу мекемелеріне тек кәсіби тәрбиеші ғана емес, баланы түсінетін, оның жағдайын сезінетін, көретін білікті мамандар қажет. Адамгершілігі мол тәрбиеші басқаны тыңдап, естіп ғана қоймай, сонымен қатар баламен де сөйлесе біледі. Ол рефлексияға қабілетті, өзгерістерді есепке ала отырып, өзінің мінез-құлқын тез өзгертуге бейім болып келеді. Мұндай тәрбиеші үнемі тұлғаның адамгершілік қасиетін анықтап отырады және тәрбиелейді.

Педагогикалық әдебиеттерде, көптеген тәрбиешілер тіпті еңбек өтілімі жоғары дәрежедегі тәрбиешілерде эмпатия деңгейі жеткілікті дамымаған деп сипатталады.

Эмпатиясы дамымаған тәрбиешілерге педагогикалық байланыс жасау қиынға түседі. Себебі олар баланың орнына өздерін қоя алмайды, өйткені олар үшін бала психологиясын түсіну қиындық туғызады.

Эмпатия бұл тәрбиеші тұлғасындағы маңызды кәсіби қасиеттердің бірі болып табылады. Тәрбиеші әріптестік позициясы бойынша қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді. Басқа адамның уайымдарын қабылдау және өзінің уайымдаулары арасындағы эмоционалды әлеміндегі екі қарама-қайшылық эмпатияның бастауы болады.

Педагогикалық эмпатияда баланы эмоционалды қолдау бағыттылығы маңызды болып келеді. Тәрбиешінің эмпатиялығы баланы қабылдау және түсіну жағдайынан, шынайы махаббаттың туындауынан көрінеді. Бұл түсінікке біз өз мақсатын түзету, мотивін саналау, өз іс-әрекетін жоспарлау, өз бетімен әрекетін, жоспарын құрып және бағалаудағы тәрбиешінің қабілеттілігін жатқызамыз.

Эмпатиялық уайымдауларды дамыту үшін тәрбиеші баланы ол қандай сондай етіп қабылдау керек. Сонымен қатар баланың ойлауы мен арманына, эмоциясы мен мінез-құлық реакциясына, оның уайымдаулары мен сезімін ескеру қажет.

Балаға үлкен адамдардың өмірі уайымдауларға, сезімдер мен эмоцияға толы екендігін көрсетіп үйреткен жөн. Өйткені бұл екі жақты өзара әрекеттесу процесі болып табылады. Сондықтан да баламен қарым-қатынас жасауда эмоция мен сезімді ғана көрсетпей, ересектермен тәжірибе де алмасу керек. Тәрбиеленуші мен тәрбиешінің өзара әрекеті, қарым-қатынас процесінде кері байланыстағы эмпатия процесінің туындауына көмектеседі. Эмоционалды кері байланысқа жету баланың мінез-құлық ерекшеліктеріне, жалпы психологиялық жағдайына, қарым-қатынас процесіндегі өзгерістерге байланысты болады.

Эмпатиялық уайымдардың дамуы тәрбиешінің баланы бағасыз қабылдауына байланысты жүзеге асады. Бағасыз қабылдау келесідей болады:

  1. балаға тек ғана аты-жөні мен қатынас жасау, яғни аты-жөнін атау арқылы байланысқа түсу күшті стимул болып келеді;
  2. сезімнің вербализациясы;
  3. баланың жан дүниесіне «жақындау»;
  4. оның жағдайын эмоционалды қолдау және «белсенді тыңдау»;
  5. «сен жақсысын» деп психологиялық қолдау көрсету.

Тәрбиешілердің басты жұмысы нақты өмірлік жағдайды немесе баланың мінез-құлқын жорамалдау негізінде, балада не болып жатқанын сезіну және түсіну болып табылады. Тәрбиеші үшін ең бастысы баланың орнына өзін қоюдағы жағдайы және жас ерекшелігі емес, өзіндік мінезқұлқы, ойлауы, сезім реакциялары болып келеді. Бұл жерде сезім эмоционалды жағдай ретінде қарастырылса, ойлау идея ретінде алынған ақпаратқа жауап болады, ал мінезқұлық нақты жағдайдағы ойлау мен сезімнің сәйкестілігі болады [3, б. 37].

Баланың мінез-құлық ерекшеліктері эмоционалды-сезімдік сфераны анықтайды. Біздің бақылауымыз көрсетіп отырғандай, гармониямен өмір сүре алмайтын адам қоршаған ортамен өзара қатынас жасағанда, эмпатиялық уайымдарды көрсетіп және бекітуге қабілетті болмайды. Әрбір адам үшін эмпатияны тәрбиелеу және бұзу қиынға түседі.

Сондықтан да біздің басты міндетіміз мектепке дейінгі мекемелерде қызмет ететін тәрбиешілердің педагогикалық жағдайын моделдеу арқылы эмпатиясын туғызу болып келеді. Берілген міндет екі бағытта жүреді: бірінші, қоршаған ортаны дамыту, екінші, бала мен ересектің арасындағы өзара әрекетті ұйымдастыру болып табылады.

Тәрбиешінің эмпатиясын дамыту технологиясы бірнеше кезеңдерден тұрады:

  1. басқа адамдардың эмоционалды жағдайын түсіну;
  2. уайымдаудың алдын алу;
  3. әрекетті түрде көмек беру;
  4. басқалардың жетістіктеріне және сәттіліктеріне шынайы түрде қуану.

Эмпатия тәрбиеші үшін кәсіби маңызды қасиет болады. Тәрбиеші әрбір уақытта бала сезімін және ойлауын сезінген жағдайда ғана, өзінің түсіністік қабілетін сәтті түрде көрсете алады. Мұндай жағдайдағы бағыттылық тәрбиешінің өзіндік дамуына, педагогикалық іс-тәжірибеде туындайтын қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік туғызады.

Педагогикалық сферада кәсіби іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарым-қатынас процесі маңызды рөл атқарады. Әсіресе қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу мен оқыту міндеттері, педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру, тәрбиешінің кәсіби шеберлігін жоғарлату қарқынды түрде жүзеге асады [4, б. 380].

К. Роджерстің пікірінше, тәрбиеші үш негізгі шарттарды ұстану керек:

1 балалармен қатынас жасау; 2 тәрбиешінің конгруэнттілігі;

3 баланың ішкі әлемін эмпатиялық түрде түсіну.

Қарым-қатынас жасаудағы эмпатияның болуы тәрбиешілер үшін кәсіби маңызды қасиеттердің бірі. Тәрбиеші шеберлігіне оның білімі, дағдысы, баламен қарым-қатынасы, бейімділігі, қабілеті, сөйлеген сөзі де кіреді. Тәрбиеші бала жанын түсіне білу керек. Балаларды түсіну дегеніміз – демек олардың позициясында тұру, олардың сезімін бағалап, іс-әрекеті мен қылықтарын елеулі түрде қабылдау, олармен санасу деген сөз. Балаларды түсіну деген – оларға өктемдік көрсетпей, олардың бүгінгі тіршілігін тірек ете отырып, ертеңгі тіршілігінің өркенін жаю деген сөз. Баланың көңіл құбылысы мен жүрек тебіренісін, оның сезімі мен талпынысын түсіне отырып, әрі балалар өміріне өзінің ең жақын адамындай араласа отырып, тәрбиеші баянды тәрбиеге қол жеткізе алады. Нағыз тәрбиеші әруақытта балаларға жақын болады. Қоғамдық өмірде тәрбиеші мен балалар арасында түрлі дәрежедегі қатынас орын алып жататыны белгілі. Сонымен, қарым-қатынас адам өміріндегі маңызды факторлардың бірі болғандықтан өзекті мәселе деп қарастырылады. Қарымқатынастағы адамның жан ашырлық танытуы, қарым-қатынас әріптесінің қуанышына ортақтасып, қайғысын бірге бөлісуі эмпатия қасиеті болып табылады. Тәрбиеші мамандардың бойында осы қасиеттің болуы, кәсіби іс-әрекетті табысты орындауға мүмкіндік береді.

Л.С. Славин бала мен тәрбиеші арасындағы эмпатиялық ерекшеліктерді қарастырды. Оның ойынша, педагогикалық әрекеттесудің сәтті болуы, эмпатияның жағымды жағдайда өтуіне негіз болады.

А.Э.Штейнмец әділетті түрде былай деп көрсетеді. Егер де тәрбиешінің эмпатиясы дамымаса, онда ол тәрбиешіде педагогикалық байланыс болмайды. Яғни олар өздерін баланың орнына қоя алмайды, демек олар бала психологиясын түсінбейді деуге болады [5, б. 34].

Авторлардың пікірінше, эмпатияны сезіну тек педагогикалық қабілеті, ерекше сезімталдығы бар, баланың психологиясын терең түсінетін тәрбиешілерде ғана болады делінген.

В. Кессель өзінің зерттеу жұмысының нәтижесінде, тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы тығыз қатынастың көрсеткіштерін атады.

И.М. Юсупов 684 адамға (кәсіби және болашақ тәрбиешілерге) сұрақтама жүргізіп, тәрбиешінің эмпатия сапасының құрылымын анықтады. Педагогикалық қабілеттің құрылымына эмпатияға деген қабілетті енгізді. Н.В. Кузьмина педагогикалық қабілеттің екі деңгейін, яғни рефлексивті және проективті деп бөліп қарастырды.

Біздің елде педагогикалық процестегі эмпатия рөлін зерттеген отандық психолог Р.Б Қарамұратова болды. Оның зерттеу мақсаты – қыз балалардың эмпатиялығының тереңдік деңгейін анықтау болды. Ол эмпатияны өту ұзақтығына байланысты және тереңдігіне, іс-әрекет сипатына байланысты бөліп қарастырды.

Педагогикалық эмпатия әлеуметтік санат болып енеді және басқа адамды қабылдауға, түсінуге, ашық және сенімділікпен қарым-қатынасқа нұсқауда байқалады.

Педагогикалық эмпатия өзара әрекеттесу кезінде байқалатын педагог тұлғасының қасиеті ретінде тәрбиешінің кәсіби ісәрекетінің екі түрлі негізін береді: оқыту және тәрбиелеу.

Тәрбиешілер «адам-адам» мамандығы типінің өкілдері ретінде кәсіби жетістікте болу үшін, өз бойларында рефлексивтілік, басқа адамға деген қызығушылық, қарым-қатынасқа түсуге талпыныс, коммуникабельділік, ізгі ниеттілік, қақтығыс сыздық, децентрациялылық, өзін жақсы реттей алушылық, басқа адамдармен ұзақ уақыт қатынасқа түскендегі эмоционалды тұрақтылық, бейімделгіштік, мінез-құлықтың еркіндігі, эмоционалды көмек көрсете алу қабілеті, эмпатиялық, шыдамдылық, жинақылық, пунктуальділік секілді кәсіби мәнді білімдер мен тұлға сапаларын дамытуы қажет.

Тәрбиешілердің эмпатиялық мәдениетінің қалыптасуына әлеуметтік-психологиялық тренингтер ықпал етеді және қарым-қатынас саласындағы құзіреттілікті жоғарлатып, тұлға аралық қарым-қатынас дағдыларына ие болуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік-психологиялық тренинг тәрбиешілердің эмпатиялық мәдениетін қалыптастырушы және оның ішінде іскерлік пен рөлдік ойындарды, дискуссияларды тағы басқа да әр-түрлі әдістерді автономды түрде қолдануға мүмкіндік беретін әдіс ретінде көрінеді. Тренингтің тиімділігі оған қатысушының жеке индивидуалдығын, қарым-қатынас дағдыларын тікелей бағалап және оларды түзей алу мүмкіндіктері арқылы анықталады. Диалогтық қарым-қатынас нақты бір әдіс ретінде эмпатиялық мәдениеттің қалыптасып, дамуына ықпал ететін, эмоционалды интеллектуалдық амал тәсілдердің мол қорына ие.

Жоғарыда ұсынылған, тәрбиешілердің эмпатиялық мәдениеттерін дамытуды жүзеге асырушы эмоционалды-интеллектуалдық амал-тәсілдер диалогтық қарымқатынас шегінде басқа әдіс-тәсіл – тұлғалық қатынас орнатуды қолдануға мүмкіндік береді. Бұл әдіс-тәсіл өзара әрекетке және қарым-қатынасқа түсуші екі тұлға арасындағы байланысты анықтауға ықпал жасайды.

Тәрбиешілердің эмпатиялық мәдениеттерін тәрбиелеуде біршама құнды болатын қатынас визуальді қатынас болып табылады, ол көздің көзге қарауы арқылы жүзеге асады. Р. Кэмпбелл былай деп жазады: «Баланың көзіне ашық, шынайы, ізгі тілекті түрде тура қарау жағымды коммуникативтік қатынас орнату үшін ғана емес және де оның эмоционалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін де маңызды болып келеді». Яғни, тәрбиешілердің эмпатиялық мәдениеттерін қалыптастыру көзқарасы бойынша, мынандай білімдері қалыптастыру қажет: балаға «жай ғана қарамау», онымен қарым-қатынасқа түскенде «көзіне тура қарау» арқылы оған деген эмпатия мен сенім артуды жеткізу [6, б. 68].

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Гаврилова Т.П. Понятие эмпатии в зарубежной психологии // Вопросы психологии. 1995. № 2.
  2. Василюк Ф.Е. Семиотика и техника эмпатии // Вопросы психологии, 2007, № 2.
  3. Василюк Ф.Е. Уровни построения переживания и методы психологической науки // Вопросы психологии. 1998. № 5.
  4. Карягина Т.Д. Некоторые аспекты развития представлений об эмпатии // «Психология общения – 2006: на пути к энциклопедическому знанию»: материалы международной конференции 19–21 октября 2006. Психологический институт РАО. М.: Академия имиджелогии, 2006.
  5. Курпатов А.В., Алехин А.Н. Индивидуальные отношения: теория и практика эмпатии. М.: Олма-Пресс, 2007.
  6. Орлов А.Б., Хазанова М.А. Феномены эмпатии и конгруэнтности // Вопросы психологии. 1993. № 4.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.