Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тіл мәдениеті – рухани мәдениет саласы

Мәдениет туралы түсінікке де әр ғалым әртүрлі анықтама береді. Қарап отырсақ, мәдениеттің өзі екіге бөлінеді оқуағарту, ғылым өнер т.б. рухани өмір табыстарының жиынтығы, дейді тілші-ғалым М. Балақаев. Материалдық және рухани мәдениет. Соның ішінде тіл мәдениеті рухани мәдениетке жатады. М. Балақаевтың жоғарыда мәдениет туралы айтқан анықтамасын ары қарай тіл мәдениетімен сабақтасақ – «тіл мәдениеті» дегеніміз – тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы.

Н. Уәлиұлы «тіл мәдениеті дегеніміз сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», деп анықтама береді [1].

Жоғарыдағы анықтамалардан шығатын қорытынды, тіл мәдениеті дегеніміз – сыпайы, ізетті, сауатты сөйлей білу мен жаза білу және сөзді дәл айту, оны орнымен, әсерлі етіп қолдана алу шеберлігі немесе сөзді дұрыс айту, дұрыс жазу, мағынасына сай дұрыс қолдану, сөйлемді дұрыс құрастыру, тілді әсерлі етіп жұмсау.

Тіл мәдениеті зерттеу нысанына қарай екіге бөлінеді. Ауызша сөйлеу мәдениеті және сөз қолдану мәдениеті. Тілдің бейнелеуіш элементі болып саналатын тұрақты тіркестер: мақал-мәтелдер, фразеологиялық тіркестер, қанатты сөздер тілдің әрі ұтымды, әрі сымбатты байлықтарының бірі.

Мақал-мәтелдер халық данышпандығының айнасы, оларды тудырған халықтың тіл байлығының алтын қазынасы. Фразеологиялық тіркес – кісінің ойын мәнерлі түрде айту үшін жұмсалатын сөздер тобы. Ондай тіркестер әдетте тұрақты болады. Олар «идиомалық тіркес» және «фразалық тіркес» деп екіге бөлінеді. Фразалық тұрақты сөз тіркестері де ауыспалы мағынада жұмсалады. Олардың идиомалық тіркестерден айырмашылығы құрамындағы сөздердің әдепкі мағынасы айтылған ойға қатысты болады. Мысалы, тіл алмау; көз қырын салу; жаны ашу; түйе дейді түймедей ету; басына әңгір таяқ ойнату; үрейін ұшыру; тасы өрге домалау, жар құлағы жастыққа тимеу; тырнақ астынан кір іздеу. Идиома, фразалық тіркестердің бір тілде қалыптасқан құрамын жөн – жорығы жоқ, өзгертіп айтуға, өзгертіп жазуға болмайды

Қанатты сөздерді айтылатын сөзбен орайластырып дұрыс қолдана білсек, сөзіміз мірдің оғындай өткір, көңілге бірден ұялай қалатын дәл, әрі ықшамды болады. Қанатты сөздер бұрын-соңды шешендер мен көрнекті ақын жазушылардың ауызынан шығып, қаламынан шығып, халыққа тарайды да, олар халықтық қасиетке ие болып кетеді. Мысалы, «Кімнің тарысы піссе, соның тауығы», «Соқыр тауыққа бәрі бидай», «Сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды»,

«Ит үреді керуен көшеді», «Сырдың суы сирағымнан келмейді» сияқтыларды о баста кім айтты, қашан айтты? дегенге жауап беру қиын.Қанатты сөздер ұшқыр ойдың қанаты. Оны көп біліп, сөйлеуде, жазуда жұмсай алу да үлкен өнер.

Сөз қолдану мәдениеті сөзді мағынасына сай орынды, әсерлі, сыпайы қолданумен байланысты. Сөз қолдану мәдениетін арттыратын шарттар: сөз дәлдігі, тіл тазалығы, сөз талғамы, сөз байлығы, сөз әсерлігі, сөз әдебі.

Сөз көркемдігінің бір нысанасы – айқындылық. Жазушы айтпақ ойын дәл, анық бере алмаса, не сөздерін оқушылардың ұғымына, тез түсінуіне лайық құрамай, өзінше сірестіріп қойса, шығармасы көп өмір сүре алмайды. Айқындылықтың белгісі әр сөзді өз орнында қолдануында. Сөздер мақсатты ойға лайық дөп түспесе, өз орнын тауып дұрыс тіркеспесе, ой түсініксіз болады, сөйлем қолбырап көріксіз болып тұрады. Шеберліктің бір амалы – аз сөзбен көп мағына білдіру. Мұндағы принцип «сөзге орын тар болсын да, ойың кең болсын». Бұл қағиданы сақтау үшін сөйлемде бірде – бір шашау шыққан сөз, дұрыс тіркеспей, оғаштау құралған сөйлем болмау керек. Көркем сөз шебері өзі суреттеп отырған оқиғаға керекті сөздерді бірден дәл тауып, оларды бірден дұрыс орналастыра білуге тиіс.

Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға түрлі зат керек. Ол керек зат – топырақ болса, сөзден құрастырып пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат сөздер. Топырақтан иленіп кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып сөз жасалады. Кірпіштен қалап түрлі үй жасау сияқты, сөздер бірігіп, түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы болашақтан, кірпіштен, әсіресе қалауынан болатын сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе сөздің түзілуінен.

Бірақ кірпіш жақсы болса да, қалауы жаман болса, онан жақсы үй шықпайды. Сол сияқты, тілдің дыбысы жаман болса, дыбысының қосылуы жақсы болмас, сөз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. Бірақ тізуі жаман болса, дыбысы жақсы сөздерден де жақсы әңгіме шықпайды. Дыбыстың, сөздің, сөйлемнің сыр – сый патын тану, заңдарын білу – бұл үйге керек заттардың сыр-сипатын білу сияқты нәрсе, керек заттарын сайлап алып, үй салуға кірісу дыбыстың, сөздің, сөйлемнің жайын біліп алып, солардың әрқайсысын дұрыстап орнына жұмсап, пікірлі әңгіме шығаруға кіріскен сияқты болады.

Тіл тазалығы әдеби тілдегі бей нормалық элементтерден арылу ғана емес, сонымен қатар орынсыз басқа тілдерден енген сөздерді қолдануға әуестіктен де арылуды талап етеді. Тіл тазалығына нұқсан келтіретін диалектизмдерді, қарапайым сөздерді белгілі мақсатта, кейіпкер тілінде ғана қолдану қажет.

Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңісіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу.

Ана тілін жақсы білу, сол тілде таза сөйлеу де мәдениеттілік. Таза сөйлеу дегеніміз – сол тілдің жалпыға ортақ байлықтарын пайдаланып, «бөгде» сөздерді араластырмай сөйлеу. Егер өзге тілден ауысқан сөздер сол тілге сіңіп, сол халықтың тіл байлығына айналса, олар «бөгде сөздер» деп есептелмейді. [2]. Қазіргі қазақ тіліндегі кітап, нан, өмір, отан, жан, баға, сағат сияқты сөздер – о бастағы араб сөздері. Орыс тіліндегі, мысалы, вагон, рельс, чабан, радио, интенсификация, штурм – басқа тілдерден енген сөздер. Сол сияқты, қазақ тіліндегі сиса, қамыт, доға, жәрмеңке, лампа, ферма, совхоз, радио, институт... орыс тілінен ауысқан. Осылардай шетел, көрші халықтар тілдерінің сөздері бұл күнде қазақ тілінің «қанына сіңіп», әбден жымдасып кетсе, оларды қолданып қазақша сөйлеушілерді кінәламаған жөн. «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол ақының білімсіз бишарасы», деген Абай да тіліміздегі өзге тілдерден ауысқан сөздерді «бөтен сөз» деп танымаған [3].

Тіл тазалығы үшін күрес – тіл мәдениеті үшін күрестің бір бөлігі. Қазақ әдебиетінің тілінің тарихында бұл күрестің алатын орны ерекше. XVIII ғасырдың екінші жартысында әдеби тілдің екі түрі болды; біреуі – ескі өзбек әдеби тілінің негізіндегі тіл, екіншісі – дінді, діншілдікті уағыздайтын кітаби тіл. Солардың тілі шымшытырық, шұбар ала болатын. Кейін, XIX ғасырдың екінші жартысында, жаңа сапалы әдеби тілді қалыптастыруға шұғыл бет бұрылды. 1913 жылы С. Торайғыровтың «Айқап» журналында жарияланған мақаласының бірінде былай делінген «Біз енді Самарқанд, Түркістан, Бұхар, Ташкент жағынан келген бас қатырған дін жайттарынан арылып, Европа мәдениетіне суарылған жаңа өнерлі тілді жасайық. Ол өнерлі тілдің үлгісін бізге Абай берді. Абайдан үйренейік. Онан соң сынаптан таза, күмістей кіршіксіз қазақтың ауыз әдебиетінен бұрынғы сөз тапқыр шешен сөздерден үйренейік».

Сөз дәлдігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасына сәйкес келуі айтылады. Ұғымға сөз дәл келу үшін сөздің мағынасын дұрыс айыра білу керек. Тіл дәлдігін бұзатын көбінесе әуендес сөздер. Әуендес сөз деп мағынасы жақын сөздер айтылады. Мысалы, батырлық, ерлік, батылдық, өткірлік, өжеттілік деген сияқты сөздер. Мұның бәрі жүректілікті көрсеткеніме, әрқайсысының өз алдына өңі бар. Өңін танымай, аңғармай, бірін бірінің орнына айтса сөз дәлдігіне кемшілік келтіреді. Сөз дәлдігі ой дәлдігі.

Сондықтан, логикалық, мағыналық, синтаксистік, стильдік дәлдіктер, сөз дәлдігінің негізгі компоненттері.

Дәлдік жазушының әдептілігі. Сөзді дәл мағынасында қолданбау әдеби шығарманың тілін бүлдіру мүмкін. Бұдан келіп шығарманың эстетикалық құндылығы азаяды. Заттық дәлдіктің болмауы жазушының тілдік нысананы жарым жартылай ғана білуі деп айтуға болады.

Сөз әсерлігі тілдің бейнелеуіш элементтері (метафора, метонимия, теңдеу, эпитет, мақал – мәтел, тұрақты тіркестерді) мен қатар мәнерлеуші (интонация, екпін, дауыс ырғағы, инверсия) тәсілдерімен тығыз байланысты. Сөз әсерлілігіне нұсқаң келтіретін фактілердің жиі ұшырасатын түрлері: штамп, канцеляризмдер мен трафареттер. Әрине, тілде штамп, стандарттардың міндетті түрде қолданылатын орындары бар. Оларға: кеңсе, іс қағаздары, ресми стильдегі сөз қолданыстар және сөз әдебіндегі, сөйлеу этикетіндегі стандарттар мен тұрақты сөз орамдары жатады. Бұндай орындарда олар өз мәнін жоймайды, белгілі бір стильдік қызмет атқарады. Ал тілдік штамптар орынсыз қолданылса, тіл әсерлігіне нұсқаң келтіретін жансыз тіркестер мен сөйлемшелерге айналады.

Көркем шығарма неғұрлым суретті тілмен жазылса, оқырманға ол солғұрлым әрі айқын, әрі әсерлі болмақ. Көрікті ойдың көркем суретін салуға жұмсалатын амал әрекеттің әр қилы бедері, көркемдік кескіні, эстетикалық әсері болады. Бұлардың шегі жоқ. Қай тілде жазылған көркем әдебиет болмасын, оның қаншама еңсесі биік, тарихы ұзақ болғанмен, тілдің ішкі мүмкіншіліктерін сарқа пайдаланып тауысуға, біткен жері осы деп отыруға болмайды. Оларды әр жазушы өзінше, түрлі құрамда, әр түрлі ыңғайда, кейде бірін – бірі қайталап та қолдана береді. Тілдегі сонылықтың сұлулықтың белгісі халықтық даналыққа негізделген қарапайымдылықта, түсініктілігінде, оның жүрекке жылылығында және басқаға әсер етерінде.

Сөз байлығы тілдің лексикалық байлығымен өлшенеді. Әр халықтың сөз байлығы – оның ғасырлар бойы басынан кешірген өмірінің, оның ғасырлар бойы басынан кешірген өмірінің, іс-әрекетінің, ақылой жұмыстарын, рухани, мәдени қазынасының тілдегі көрінісі. Лексикалық қабаттың баюының негізгі жолдары: басқа тілден сөз алу және тілдің өз мүмкіншілігі арқылы сөз жасау.

Қазақ тілінің сөз байлығы әр түрлі қызмет атқаратын әдебиетте жұмсалу нәтижесінде олардың бірқатары түрлі стильдер байлығы болуға ыңғайланса, бірқатары барлық стильге бірдей қызмет етеді. Солардың ішінде кірме сөздер де болады. Кірме сөздер әдеби тілдің сөз байлығына айналғанда, жалпы халықтық сипат алып кетеді. Солардың бір бөлігі – қазақ тіліне араб парсы тілдерінен енген сөздер. Қазіргі әдеби тілдің басталу кезеңі, шамамен, XVIII ғасырдың аяқ шені, қазақ елінде феодализм ыдырай бастаған, сауда капитализмі енді ене бастаған кез деуге болады. Сол тұста “шағатай тілі” негізінде пайда болған қазақ әдеби тілі ат төбеліндей азғантай зиялыларға, молдалар мен діншілдерге, қоғамдық, әкімшілік топтардың мүддесіне етуде, қарапайым халыққа онша түсінікті болмады.

Сөз әдебі қаламгердің қалам әдебімен, сөзді сыпайы жұмсау мәдениетімен байланысты. Жазушы шығармасы арқылы оқырмандарға эстетикалық тәрбие беруге, олардың дүниетанымын, өмірге деген көз қарасынның дұрыс қалыптасуына бірденбір себепші. Сөздің ретін тауып, құлпырта, құбылта қолданса, оның тұрмайтын орны, жараспайтын жері жоқ. Сөз табиғатына тән икемділік пен үйлесімділік, ойнақылық пен образдылық, көркем сөз стихиясына көшкенде қайта түлеп, өзгеріп сала беретін тамаша қасиеті осының бәрі сөз зергерінің қолындағы мүмкіншілік.

Жалпы этикет сөзі философиялық этикалық ұғым, адамдардың белгілі бір ортадағы орныққан тәртіпке сәйкес бір-бірімен қарым-қатынас жасауының ережелері деп түсіндіріледі.

Ал сөз этикеті деген ұғым тек сыпайы сөйлеу немесе мәдениетті сөйлеу (айтуға «ұят», мазмұны нашар, дөрекі сөздерді қоданбау т.б.) деген мағынада емес, адамдар арасындағы қарым қатынасқа ұйытқы болып реттеп отырудың құралы ретінде тұрақты түрде қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, тұрақты сөз орамдары, өзге де тілдік амал-тәсілдер деген мазмұнды аңғартады.

Сөз талғамыСөз – көркем әдебиет тұрғысынан алғанда, жазушының, ақынның әсем шеберлігінің материалы, ол – көркем суреттің, образ жасаудың сырлы бояуы. Оны жазушы, ақын таңдап алып, талғап пайдаланбаса, әдебиеттің эстетикалық қасиеті, тәрбиелік әсері барынша солғын, көркемдік сапасы төмен болады.Көркем шығарма тілі – жалпыға ортақ халық тілі болуымен қатар, эстетикалық сезімнің, образды ойдыңда тиегі тіл, сондықтан оған ерекше талғам қажет. Әрбір суреткердің тілдегі сөз байлықтарын игере білу, оның ішкі дүниесіне бойлау дәрежесі түрліше болып келеді: біреу білмеген сөзді, біреу біледі, бір сөзді әр ақын – жазушы өзінше «үндеуі» түрлі-түрлі мағыналық орайда қолдануы мүмкін. Қандай да бір сөз шеберлері болмасын, олардың әрқайсысы сөз пернесін өздерінше басып, сөз дабылын өздерінше қағады. Жазушының әрбір сөйлемі мақсатты ойға сәйкес құралуға тиіс. Мақсатты ойды көрікті, көркем етіп жазу үшін керекті сөздерді дәл тауып қолдану жеткіліксіз, сонымен қатар, ол сөздердің қисынын тауып қиюластырып, грамматикалық ережелерге бағындырып, жалпы халыққа ортақ тілдің басқа да заңдылықтарын сақтап жазу керек болады.

Бұл талаптар жалпы әдеби тілге, соның ішінде көркем әдебиет тіліне де қойылады. Көркем әдебиет тілінің өзіндік стильдері, өзіне тән ерекше сөз қолдану заңдары болады. Жазушы, ақын әдетте сөздердің табиғи мүмкіншіліктерін (тура мағынасын, көп мағыналығын, синонимдік, антонимдік тағы басқа қасиеттерін) кең түрде пайдаланумен қатар, сөздерді ауыспалы, келтіріңкі мағынада, қанатты сөздер, тұрақты тіркестер және мақал-мәтел құрамында пайдаланылады. Көркем әдебиетке тән әр алуан көріктеу, шеберлік тәсілдері болады. Сөз шебері соларды біліп, соларды өз шығармашылығының дүкенінде шыңдап пайдалануға тиіс. Олар: теңеу, синекдоха, символ, аллегория, ирония, әсірелеу, тағы басқа.

Көрікті ойдың көркем суретін салуға жұмсалатын амал әрекеттің әр қилы бедері, көркемдік кескіні, эстетикалық әсері болады. Бұлардың шегі жоқ. Қай тілде жазылған көркем әдебиет болса да, оның еңсесі қаншама биік, тарихы ұзақ болғанымен, тілдің мол мүмкіншіліктері сарқа пайдаланып тауысуға, біткен жері осы деп отыруға болмайды [4]. Оларды әр жазушы өзінше, түрлі құрамда, әртүрлі ыңғайда, кейде бірін-бірі қайталатпа қолдана береді.

Көркем әдебиеттің сөздік құрамының негізі жалпы халық тіліндегі сөздер болады. Сөз өнерінің шеберлері халық тілінің байлығын пайдаланады. Бірақ олардың бар сөзді білуі, пайдалану дәрежесі бірдей емес.Тек ірі суреткер жазушылардың ғана сөз байлығы өзгеден ерекше бай болады. Олар өздеріне керекті, тілде бар сөздерді молынан пайдаланып қоймайды, сонымен қатар өздерінің шығармашылық әрекетінде жаңа сөз жасауы да бар сөздерге қосымша стильдік қызмет беріп олардың икемділігін арттырып отыруы да мүмкін.

Сөз талғамы сөзді саралап қолдану мәдениетімен байланысты. Саралап қолдануға болатын сөздерге: жарыспалы сөздер мен түбірлес сөздер жатады. Жарыса қолданылатын сөздердің бір сыңарын нормаға айналдырудағы негізгі сүйенетін принциптер: сөздердің мағыналық, стильдік, тіркесімділік айырмашылығы. Түбірлес сөздер арасында не мағыналық, не стильдік, қолданылдық айырмашылықтың болады.

Тіл мәдениетіне тәрбиелеу – қазақ тілін оқытудың, білім мен тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жас өскінді тіл өнеріне баулу, туған тілінің қыры мен сырын терең меңгерту, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білу іс-әрекеттері жүзеге асады. Бүгін алдымызда тұрған келелі мәселе өзіндік пікірі бай, ойлы, сезімді, мейірбан ұрпақ тәрбиелеу десек, бұл тікелей сөз өнерімен байланысты. Әр адамға ауадай қажет осы ғажайып өнерге тәрбиелеу – тіл мен әдебиет мұғалімінің қиын да құрметті міндеті.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Балақаев М.Жанпейісов Е., Томанов М., Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.
  2. Сыздық Р. Сөз кұдіреті. А., 1997.
  3. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А., 1984.
  4. Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. А., 1996.
  5. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. – Алматы, 1999.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.