Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ағылшын тілі сабағында оқушыларды ағылшын халық ертегілері арқылы тәрбиелеу

Осы зерттеудің өзектілігі балаларды шет тіліне бастауыш сыныптан бастап үйрету қажеттілігінен келіп шықтыБаланың тілдік тосқауылын барынша ерте жеңуге көмектесетін және шет тіліне болған махаббаттың оянуына ұластыратын, ерте жасан ағылшын тіліне үйретудің тиімділігін ең жоғары деңгейіне жеткізуге ағылшын халық ертегілерін пайдасы өте үлкен.

Білікті және білімді жастарды тәрбиелеп жеткізу ұстаздардың ең алғашқы мақсаты. Қоғамда өмірге дағдылануды кіші ұрпақтан бастап дайындау қажет. Жеткіншектер тәрбиесі барысында қоғаммен мәдениетті және білікті түрде қарым-қатынас жасауды меңгеруі керек, өйткені жастардың дамуына қол жеткізетін деңгей өнер-білімді меңгеру. Белгілі бір еңбек тәрбиесіне ие болу үшін, қоғамдағы мінез-құлықтың нормаларын меңгере отырып және тәжірибелерге сүйене отырып, алдағы үлкен өмірге оқушылардың пікірлерінің жоғары деңгейдегі жүйесін дамыту қажет.

Жас жеткіншектердің алғашқы тәрбиесіне үлкен әсер ететін бұл халық ертегілері және оның кейіпкерлері болып есептеледі.

Ертегілер ерте замандағы салт-дәстүрлер, тәрбие әдістері және баланың ойөрістерін дамытатын қасиеттерді өз кейіпкерлерінде сақтаған.

Жұмыстың мақсаты: Жұмыстың мақсаты ағылшын халық ертегілері арқылы оқушыларды тәрбиелеу. Тәрбиелеумен қоса оларды ағылшын тіліне үйрету және оның пайдасы мен қажеттілігінің бар екеніне көз жеткізу.Егер де ағылшын халық ертегілерін сабақ бағдарламасына енгізсе олардың әкелер пайдасы мен қажеттілігін көрсету. Ағылшын ертегілерін оқи отырып оқушылардың тілінді жетік меңгеріп тәрбие алатынын дәлелдеу.

Қазіргі заманда көп тіл білетін адамның қоғамда алар орыны ерекше екені белгілі. Сондықтан да біздің еліміз де тілдерді дамыту үшін көп күш жұмсауда. Қазіргі кезде ағылшын тілінің әлемдік сахнада алар орыны ерекше әрі өте маңызды екені белгілі. Үш тілді білу заман талабы. Қазіргі таңда тек қана қазақ және орыс тілдерін білу жеткіліксіз. Ағылшын тілі – халықаралық тіл әрі дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Болашақ ұрпақ үшін ағылшын тілін меңгерудің маңызы зор. Бүгінде ағылшын тілін дамытып оны жетілдіру үшін бар жағдайлар жасалуда. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Оқушылардың ағылшын тілін жетік меңгеріп оны үйрену үшін барлық жағдайлар жасалуда. Кішкентай бүлдіршіндеріміз мектеп табалдырығын аттай салысымен ағылшын тілін меңгеруде. Олар үшін әр тұрлы бағдарламалар мен шаралар ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әр азаматы болашақта ағылшын тілін жетік білуі үшін мектеп бағдарламасына көптеген толықтырулар жасалып, болашақ ұрпақтың жақсы тәрбие алуы үшін қолдан келетін барлық жағдайлар жасалуда. Мектептен басқа колледждер мен университеттерде де әр түрлі амалдар ойластырылуда.Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр. Сонымен қатар шет мемлекеттерге шығып, мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндігі зор. Болашақ ұрпақтың жақсы тәрбие алуы да маңызды жағдайлардың бірі. Біз, яғни, келешек ұрпақ еліміздің болашағымыз. Осы зерттеу жұмысын жүргізе отырып мен де ағылғышын тілінің дамуына және болашақ ұрпақтың, яғни, біздің жақсы тәрбие алуына өз үлесімді қосқым келеді (1, 24 б.). Қазіргі таңда біз ағылшын тілін жақсы меңгеріп, жақсы тәрбие алу үшін жастарды кішкентай кезінен бастап үйретуіміз қажет. Бүлдіршін кезінде адам барлығын бойына тез сіңіріп алады. Бала кезден бастап оқытудың да бар маңызы осында. Балаларды шет тіліне бастауыш сыныптардан бастап үйрету қажет. Менің ойымша оқушыларға бастауыш сыныптардан бастап шет тілін үйрету үшін ағылшын халық ертегілерінің әкелер пайдасы өте көп. Ертегілер адамды қызықтырады. Ертегілерден адам тек жақсы нәрселер ғана ала алады. Ертегілердің басты кейіпкерлері өз бойында тек жақсы қасиеттерді сақтайды.

Ресей, Германия және Франция елдеріне қарағанда Англияда ертегілерді жинақтау және жазып алу жұмыстары әлдеқайда кеш басталған. Ағылшын халық ертегілерінің алғашқы топтамаларын жинақтау XІX ғасырдың соңында басталған. 1854-1916 жылдар арасында ең алғашқы ағылшын халық ертегілерінің жинақталған екі томы Джозеф Джекобсқа тиесілі болған. Ағылшын фольклор үйірмесінің президенті Джозеф Джекобсқа ағылшын халық ертегілерін жинақтау өте қиынға түсті, өйткені ертегілердің көбісі ұмытылып кеткен еді (2,

115 б.). Германиялық ағалы-інілі Гриммдер, Франциялық Шарль Перро немесе Ресейлік А.Н. Афанасьевтер сияқты Джозеф Джекобс ертегілерді әдеби өңдеуден өткізбеді. Ол өзінің алдына ертегілерді өз тыңдаушыларына халық қалай жаратқан болса, солай жеткізуді мақсат етіп қойды. Көптеген прозаиктерді, ақындарды және драматургтері қанағаттандырған нәрсе ағылшын халық ертегісінің отандық фольклорға өте бай күйінде Англияға танымалдығы болды. ХІX-XX ғасырларда бұл жанр үшін өз ақындық шабыттарын тапсырған албандықтар қатарына: Чарлз Диккенс, Уильям Мейкпис Теккерей, Льюис Кэрролл, Эдвард Лир, Оскар Уайлд, Редьярд Киплинг, Беатрис Поттер и Памела Трэверс, Джеймс Барри, Алан Милн, Джон Толкин, Дональд Биссеттер болатын. Айнаның арғы бетінде болып келген Алисаның, Мэри Поппинстің, бақытты Ханзада мен Питер Пэннің, қонжық Винни-Пух және ізгі ниетті ергежейлілер образдауының дүниеге келуіне халықтан шыққан әдемі қиялдар негіз болған. Басқа елдер сияқты Англияда да ертегілерге болған қызығушылық сонау романтизм заманынан бастап әр түрлі кейіпте қалыптасып келген. Жазушылармен бір сапта халық жаратқан образдауға қарсылық жасаған, бірақ өздері қиялмен жаратқан әлемдерін жөн көрген филолог ғалымдар да еңбек еткен. Олар алғашқы дүниеге келген кейіпкерлерді мойындамау мақсатында көптеген Британдық фольклордың естеліктерін және алғашқы туындыларын жинақтап, олардың диалектикасы және этнографиялық өзгешеліктерін зерттеп шықты. Сонымен фольклорлық жазбалардың өңдеуге ұшыраған және алғашқы дүниеге келген туындылардың ортасында тағы бір жіңішке стилистикалық өңдеуге ұшыраған формасы пайда болды. Яғни, ертегілер алғашқы кейіпкерлерін сақтап қалған түрде жаңадан жазылды. Бұл арадағы ең үлкен еңбек баспадан басып шығарушылармен аудармашылардың еншісіне тиді. Аудармашылардың еңбектері халыққа ұнады. Өйткені ертегілерді оқып – түсіну оңай болу мақсатында аудармада жалпы ағылшын тілін қолданылды (3, 84 б.).

Британия аралдарында халық ертегілерінің жинақталуы және дамуы ең күрделі тарихи кезеңге тура келді. Ол кезеңдегі халық ертегілерге, мифтерге және ондағы орындалған діни рәсімдерге сенген және дамытып барған. Осыдан христиандардың дүниетанымының басталуы қалыптасқан. Сол кездегі ертегілердегі кейіпкерлер, аңыз адамдар, жауыздар, мейрімді жандар, сиқыршылар, періштелер, су перілері, ойдан шығарылған аңдар халық арасында өмір сүруді жалғастыра берді. Ағылшын халық ертегілеріндегі жауыздарға қарсы күреске қиялдан туған алып батырлары, мейірімді жануарлар, құдайлар немесе жай ғана шаруалар кәйпіндегі кейіпкерлер өмір сүрді. Мысалы: ағылшын халық ертегісіндегі адам жегіштерге және қара күштерге қарсы күресуші кейіпкерді жай шаруаның ұлы Джек деп таныстырылған. Джек өте күшқайратты, еңбексүйгіш, мейірімді, адал және шыншыл болғандықтан, халықтың арасында мұндай адамдарды халық батырлары деп атаған. «Adventures of Jack the GіantKіller» ертегісіндегі Джек өз Отанының азаттығы үшін күрескен революционеріне айналады. Ағылшын халық ертегілеріндегі кейіпкерлер барлық кезде мұндай батырларға айнала бермей, кейде оларды шық бермес Шығайбай капиталистер кейпінде де таныстырылады. Мұндай кейіпкерлерді Англиядағы буржуазиялық капитализмнің дамуының бірінші кезеңіндегі капиталисттерге теңейді. Мысалы: «Molly Whuppіe» ертегісіндегі адам жегіш жауыз адамдарды алдаған қыз Молли және «Jack and the Beanstalk» ертегісіндегі Джек өздерінің жақын жуықтарына, дос-жарандарына сонымен қатар айналасындағы барлық адамдарға өздерінің ерлігімен бақыт сыйлайды.

Ертегілер өзінің қызықтылығымен адам жүрегін баурап алады, адамға тек жақсы нәрселерді үйретеді, жаманнан жиреніп, жақсыны үйренуге көмектеседі. Менің ойымша оқушыларға тек жақсы нәрселерді үйретіп, тәрбие беретін бұл тамаша әрі таптырмайтын құрал. Ал егер де біз бұл ертегілерді ағылшын тілінде беретін болсақ, оқушы тек жақсы тәрбие ғана ала қоймай ағылшын тілін меңгеруге де мүмкіндік алады (4, 59 б.).

Адам кітап немесе мәтін оқығанда, оның есте сақтау қабілеті жақсарады, сөздердің қалай жазылатынын, олардың қалай оқылатынын біле бастайды, өзіне бұрын соңды кездеспеген жаңа сөздермен танысады. Кино немесе сериал көру, аудио кітаптар оқу, кітап оқу осылардың барлығы да ағылшын тілін меңгеру үшін зор үлес қосады. Егер де сабақ үстінде ертегілер тек оқылып қана қоймай, мұғалім ауызша талдау жасатып, оқушыларға өз ойын білдіре мүмкіндік берсе, баланы ертегінің мазмұнымен таныстырса, ертегі туралы әңгімелессе, ертегінің төрінде жатқан маңызды ақпараттарды баланың санасына енгізсе, бұл ағылшын тілін меңгеруге одан да бетер өз септігін тигізеді. Неге осындай пайдалы нәрселер арқылы, ағылшын халық ертегілері арқылы оқушыларды тәрбиеге үйретпес? Мысалы: «The golden fіsh».

Бұл алтын балық туралы ертегі. Оқушылар бұл ертегіні оқиды.Бұл ертегіні оқи отырып оқушының сөздік қоры көбейді, бұл ертегі жайлы өз ойын білдіреді, ауызша талдау жасап үйренеді, бұл ертегіден сабақ, тәрбие алады. Егер де мұғалімдер мен оқушылар осылайша жұмыс істеуді жалғастыра берсе оқушы мектеп бітірген кезде ағылшын тілін сәл де болсын үйреніп шығады. Мектепте ертегілер арқылы оқып білгеннің барлығын одан әрі жалғастырып, кейіннен ағылшын тілін толық меңгеріп алады. Біліммен қоса оқығанның барлығы оқушыға тәрбие береді.

Ертегінің бала өмірінде алатын орыны ерекше. Ертегі баланың рухани әлемін, Отаншылдық тәрбиесін, өз халқының өткенін қадірлеуін, адамгершілік тәрбиесін, қоғамға деген сүйіспеншілігін нығайтады. Ертегі бала тілінің дұрыс дамуына әсер етеді. Ой-қиялын, қоғамға деген көзқарасын, өнер тапқыштығын дамытуда ертегінің орны өте маңызды. Ертегі арқылы атадан балаға мұра болып келе жатқан ақыл-кеңестерді, мақал-мәтелдерді, әдет-ғұрыптарды жеткізе аламыз. Егер де біз оқушыларға ағылшын халық ертегілерін оқытсақ, ол оқушыға шет тілін жақсы меңгеруге, өз ойын ашық айтуға, ертегілерден өнеге, тәрбие алуға көмектеседі. Ертегідегі келесі қарап шығуды қажет ететін тағы бір қасиет ол ізгі сезім тәрбиесі. Тәлім-тәрбие жұмысында ізгілікке жетелейтін сезімдер ертегіде ешқашан соңғы рөлді ойнамайды. Сол себепті оны оқыған бала ертегі кейіпкерлерін өздерінің туыстарында, өзіне ең жақын адамыңдай жақсы көреді және оған еліктейді. Мұғалімнің бұл жердегі алдына қойған мақсаты баланың сезімі мен ойын дұрыс бағыттау.

Баладағы лингвистикалық білімнің элементтері дамуы өте ерте жастан басталатынын біз білеміз. Сондықтан балаға тек қана тыңдап, оқып, ойдан шығаруды ғана емес, ертегінің басқа да жаңа қырларын достарымен жазба түрде ашуына бағытбағдар көрсетуіміз керек. Оның ең қарапайым тәсілдері бұрында хат жазу, телеграммалар жазу болса, қазір де смс арқылы пікір алмасу немесе түрлі ғаламтор желілерінде талқылау. Баланың сөздік қорын дамыту үшін, ертегінің мағынасын бұрмаламай өздері ертегі ойлап шығаруға үйретеміз. Ертегілермен жұмыс жасау, әрине дәстүрлі емес сабақтарға енгізіледі. Өйткені, баланың ертегілерге деген қызығушылығын арттыру және ойлау қабілеттерін дамытуға көп еңбек керек болады. Балаға ертегідегі кейбір кейіпкерлердің іс әрекеттерін өзгерту немесе өзі кейіпкерге жаңа келбет беру үшін біз сол бұрыннан келе жатқан «ертегідегі зат есімдерді, етістіктерді және сөздің бөлшектерін табу» әдісін қолданамыз (5,78 б.).

Оқушылармен ағылшын халық ертегілерін үйрену барысында қолданылатын әдістері.

Жоғарыда біз мектеп оқушыларын тәрбиелеу барысында ағылшын халық ертегілерін қолданудың негізгі әдістерін көріп шықтық. Ал енді оқушылармен ағылшын халық ертегілерін үйрену барысында қолданылатын әдістерді анықтаймыз. Оқушылармен сабақ үстінде немесе сабақтан тыс уақытта ағылшын халық ертегілерін үйрену барысында қолданылатын негізгі әдістер мыналар:

І. Бағыт бағдар беретін қадағалау әдісі:

  1. Мұғалім, ата-ана және балалармен бірлікте қандай ертегілер (ертегідегі кейіпкерлердің, кейбір көріністердің, суреттердің, әзіл-қалжыңдардың, мұңды көріністердің...) бала тәрбиесіне қандай лайықты әсер ететінін көріп, үйреніп шығады;
  2. Оқыған ертегісін ауызша айтып беру, кейбір эпизодтарына мән берудің өзі бала тәрбиесіне маңызды әсер етуін анықтау;
  3. Ертегідегі кейіпкерлердің мүсіндерін лай және саздан жасау, суреттерін салу, маскалар жасау, костюмдарин тігу, баланың шығармашылығын дамыту;
  4. Ертегілердегі іс-әрекетінің орнына немесе мінездеріне сай әуендерін таңдау

ІІ. Салыстыру әдісі:

Ойын. "Кім неге ұқсайды? Кім кімге ұқсайды?"

Әр түрлі суретшінің бір ертегіге салған суреттерін салыстыру.

ІІІ. Танымдық және стильдік өзгешеліктерін дамыту әдісі:

  1. Бұрында оқыған ертегілеріндегі көріністің, суреттердің немесе орындардың кітаптың қай жерінде екенін еске түсіру, көз алдына елестету оқушының есте сақтау қабілетін дамытады.
  2. Оқыған ертегілерді сахналау, викторина түрінде ойын көрсету, ертегіден үзінді көрсету арқылы жұмбақ жасыру, ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады.
  3. Әдеби театр: өлеңдерден үзінді оқу, суреттерін салу, суреттер туралы әңгіме айту немесе музыкасын тыңдау баланың дүниетанымын тереңдетеді.

ІV. Көркемдік бейнелермен тәжірибе жасау әдісі:

  1. Ертегідегі кейіпкердің бейнесінде үзінді оқып беру баланың сол бейнеге енуіне, оның мінез-құлқын терең үйренуіне бағыттайды.
  2. Оқыған ертегідегі батырларды өз арамыздан іздеу, қазіргі замандағы қаһармандармен ертегідегі кейіпкерлерді салыстыру, өзін кейіпкердей ұстау, ескіні жаңашаландыру әдісі.
  3. Ертегідегі кейіпкердің келешектегі тағдырын болжау әдісі автордың идеясын әрі қарай автор рамкасынан тыс шығарманы дамытуға жетелейді.

V. Сараптау және бағалау әдісі:

  1. Менің сүйікті кейіпкерім: барлық жастағы оқушылар өздері таңдаған қаһармандарын көрерменге танытып, оның ісәрекетінің дұрыс екендігі, нағыз батыр екендігін дәлелдеу, жоғары бағаға сай екендігін көрерменге жеткізу.
  2. Менің сүйікті авторым және ертегім: бала өзі таңдаған автордың ертегілерін оқушыларға өте тамаша ертегі ретінде таныстыру және жоғары дәрежедегі шығарма екендігін дәлелдеу.
  3. "Ертегідегі оқиға не туралы? Ондай оқиғалар басқа ертегілерде кездесе ме?" тақырыптарында әңгімелесу және оқыған ертегіге баға беру.
  4. Әдеби қаһармандар туралы "Бұрын оқыған ертегілердегі қай қаһарман немесе батырға ұқсайды? Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?" деген сұрақтарға жауап табу.
  5. Ертегіні жазған жазушы туралы әңгіме: оқушылар өздері оқыған ертегілерді жазған авторлар туралы мағлұматтар жинақтап айтып береді, оларға қойылған ескерткіштер немесе сол автордың атымен байланысты жерлер туралы әңгімелеп береді (Атап айтсақ, "Питер Пэн"-нің Лондондағы ескерткіші, "Нильс Хольгерсон жабайы қаздармен" атты Токиодағы ескерткіші, "Жабайы аққулар" атты ескерткіш Оденсте, "Пиноккио" ескерткіші Коллодиде, "Русалочка" және Андерсеннің Копенгагендегі екі ескерткіші; Санкт-Петербург тағы Андерсенград ескерткіші, АҚШтағы Диснейленд, Оденстағы Андерсенның Үй-музейі).
  6. Ең күлкілі немесе ең қорқынышты ертегі: "Қандай қорқынышты немесе күлкілі кітаптарды оқыдың?тақырыбына әңгімелесу.

Осындай әдістермен жұмыс жасау баланың әдеби-ассоциативтік ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуда, шығармашылық қабілетін дамытуда, жан-жақты жетіскен, білімді келешек ұрпақтарын тәрбиелеуде маңызды рөл ойнайды.

Ертегідегі келесі қарап шығуды қажет ететін тағы бір қасиет ол ізгі сезім тәрбиесі. Тәлім-тәрбие жұмысында ізгілікке жетелейтін сезімдер ертегіде ешқашан соңғы рөлді ойнамайды. Сол себепті оны оқыған бала ертегі кейіпкерлерін өздерінің туыстарында, өзіне ең жақын адамында жақсы көреді және оған еліктейді. Мұғалімнің бұл жердегі алдына қойған мақсаты баланың сезімі мен ойын дұрыс бағыттау.

Ертегі баланың өмірінде маңызды рөл ойнайды. Ертегі баланың рухани әлемін, Отаншылдық тәрбиесін, өз халқының өткенін қадірлеуін, адамгершілік тәрбиесін, қоғамға деген сүйіспеншілігін нығайтады. Ертегі бала тілінің дұрыс дамуына әсер етеді. Ой-қиялын, қоғамға деген көзқарасын, өнер тапқыштығын дамытуда ертегінің орны өте маңызды. Ертегі арқылы атадан балаға мұра болып келе жатқан ақыл-кеңестерді, мақал-мәтелдерді, әдетғұрыптарды жеткізе аламыз.

Ертегі оқу арқылы тарихта сақталып қалған құнды ақпараттармен танысамыз. Білімді, мәдениетті, жан-жақты дамыған жас ұрпақ тәрбиесінде ертегінің орнын ешбір шығарма баса алмайды. Әрине бала тәрбиесіндегі бірден-бір жұмыс әдісі емес, бұдан да басқа маңызды әдістер де бар. Мен әңгіме еткен бұл әдістер сабақ барысында немесе сабақтан тыс ертегіні сүйіп оқуға, одан керекті құнды ақпараттарды алуға көмектеседі. Оқушы ертегіні тек оқып, әңгімелеп қана қоймай, әңгіме жазуға да үйренеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Джекобс Д. Englіsh faіry-tales. – UK, 1999.
  2. Зимняя И.А. Психология обучения иностранным языкам в школе. М.: «Просвещение», 1999
  3. Колкер Я.М. Практическая методика обучения иностранного языка. М., 2004.
  4. Пассов Е.И. Основы методики обучения иностранным языкам. М., 1997.
  5. Щерба Л.В. Преподавание языков в школе. М., 2003.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.