Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әдебиет сабақтарында патриотизм құндылықтарын қалыптастыру

Патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесінен бастау алып, өсе келе мектепте әрі қарай дамып, жүзеге асады. Сондықтан орта мектептердегі оқу бағдарламалары мен оқулықтарының ұлттық және қазақстандық патриотизм мүддесіне қызмет ететіндей мазмұнда болуы қажет. Яғни, оқушылар мектеп қабырғасында жүріп Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс.

Ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру оқушы бойындағы сана сезімді, намысты, парызды қалыптастырумен қатар егемен еліміздің тәуелсіздігін, ынтымағын, бірлігін сақтап қала алатын патриот азамат тәрбиелеуге толық мүмкіндігіміздің бар. Ұрпақтарымызды парасатты, бойында азаматтық намысы бар, елін, жерін сүйетін азамат етіп өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек ұрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз қажет.

Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне жатады. Дегенмен, бұл бағытта әдебиет пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені, әдебиет сабағы оқушыларды имандылыққа, ізгілікке тәрбиелейді. Сол себептен де, оқушылардың осы пәнге ынта ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі жаңа әдістемелік технологияларды қолданып сабақ өткізу тиімді. Бұл оқушылардың сабақтан жалықпауын, жөнсіз әрекетке бармауын, әр іске назар аударып жауапкершілікпен қарауды, ой елегінен өткізіп ойлануды қалыптастырады, бағдарламалық материалдарды жеңіл, тез меңгеруге септігін тигізеді. Өскелең ұрпақты, жастарды, болашақ мамандарды кез-келген жағдайда ерлік, отаншылдық істерге баруы үшін, оған алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жастардың ішкі жан дүниесі ой-санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек.

Бүгінгі мектеп оқушылары өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезінуі, мемлекеттік рәміздеріне, мемлекеттік тілге, тарихқа, мәдениетке құрметпен қарауы тиіс. Сондықтан әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Жастарды тәрбиелі, сапалы, саналы етіп даярлап шығару заман талабы, оқытушы ұстаздардың міндеті, өйткені олар – біздің болашағымыз.

Білім беру саласындағы қазіргі бағытты Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу, білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен, жоғары оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті. ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қалады», – деп атап көрсетті. Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды.

Өскелең ұрпақ болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзімізді қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті жаһандану заманына сай болуы шарт. Патриоттық тәрбиеде бүгінгі өмірден оқшауланбай, қайта оған жаңа мән беріп, әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі, дүниетанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Осы мақсаттарды орындау үшін мемлекеттік стандартты басшылыққа ала отырып, өз тәжірибемде оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденіс жұмыстары мен алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету бағытында жұмыс жүргізіп келемін.

Патриоттық сана – сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда Отанды сүю, елін қорғауға байланысты басты ұғымдарды ашып көрсету арқылы қалыптасады. Мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба, Әнұранда халқымыздың өткен өмір тарихы, бүгінгі игілікті істері айшықталған. Осы Мемлекеттік рәміздерден басталған тәрбие тұлғалардың қоғамдық бағыт-бағдарын анықтайды, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады, әлеуметтік белсенділігін жоғарылатып, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады және Отан игілігі жолында қызмет етуге ұмтылдырады. Сондайақ қазақ халқының озық гуманистік құндылықтары негізінде жалпы ұлтжандылыққа, қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке, жастарды ашық пікірталасқа, сөз бостандығына тәрбиелейді.

«Патриотизм өзінен-өзі келетін қасиет емес. «Отанды сүй» деп жалаң айғайлау жастарды патриотизмге тәрбиелеу боп табыла бермейді, міне мынадай Отанды сүй деп тәрбиелесек, сірә, сол ұғымды болар. Ол үшін ауқымды мемлекеттік бағдарлама, мәдениет жөніндегі заң керек», деген Д. Исабековтің пікірі де өте орынды.

Оқу-тәрбие үдерісінде – өзім әдебиет пәнінің мұғалімі болғандықтан қазақ ақынжазушыларының шығармаларын пайдалану патриоттық тәрбие берудің қайнар көзі деп есептеймін. Мен өткізетін әдебиет сабақтарында оқушылар ақын-жазушылардың шығармашылығына байланысты мәліметтер алады. Қазақ халқының біртуар ұлдары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлиндер өз ұлтының нағыз патриоттары екендігін мойындатқан нағыз ұлы тұлғалар. Халықтың шын жанашыр қамқоры болып туған, өте алыс болашақтарды ойлап, мәңгілік маңызы бар істер атқарған бұл ақын-жазушыларымыздың өнегелі өмірі әлі талай ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Патриоттық тәрбие беруде осындай тұлғалардың шығармаларын пайдалану таптырмайтын құрал.

Көркем шығармалар, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылықтарын оқыту жеке тұлғаның өз елінің ұлылары мен халықтың тарихын тануына кең жол ашады. Әдебиетімізде ондай шығармалар көптеп саналды. Солардың бірі бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек поэзияда ғана емес, өмірде де, күресте де үлкен азаматтықпен қорғай білген Ж. Молдағалиевтің "Мен қазақпын" поэмасы. Ақын шығармасы өз ұлтын сүйетін жасқа үлгі болатын шығарма. Поэманың негізгі тақырыбы – еліңе, жеріңе, өз ұлтыңа деген сүйіспеншілік. Бұл шығарманың жас ұрпақты елін сүюге үндеп, патриоттыққа тәрбиелейтіндігі анық.

Жас ұрпақтың жігерін жанып, асыл сезімдерін ұштауға әдебиеттегі көркем шығармалардың тигізетін ықпалы шексіз. Әдебиетіміздің қуатты күшін қазақтың тәуелсіз мемлекетін нығайтуға, ұлттық бірлікке, жастарды Отан сүюге баулуға, азаматтық міндеттерге үндеуге пайдалану алдыңғы кезекте тұр. Сөзіміз дәлелді болуы үшін, сол әдебиеттің ертеден келе жатқан әлеуметтік жүгі мол, кең өрісті саласының бірі батырлар жырын мысалға алсақ та қателеспейміз. Батырлар жырындағы патриоттық сезімдерді бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру аса қажет. Себебі: батырлар жырында ел тағдыры, келер ұрпақ қамы, адамгершілік, арождан мәселелері жан-жақты сөз болады. Ар-ұятты қашан да бірінші қойған батырлар үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу жағынан алдарына жан салмаған. Мұның барлығы жасөспірім баланы әсерлендіріп, бойына патриоттық сезімнің дәнін сеуіп, жақсыға еліктеушілік, соған ұмтылушылық қасиеттерін қалыптастырады.

Дегенмен, жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру үшін бұл әлі де жеткіліксіз. Сондықтан, қазіргі өсіп келе жатқан адамның қабілет, қасиеттеріне ықпал ететін тәлім-тәрбиелік қуаты зор аймақтық білім беру бағдарламасы өмір қажеттілігінен туындағанын байқауға болады.

Бұл аймақтық бағдарлама – жас ұрпаққа туған өлкесіндегі әдебиет мүмкіндіктері арқылы рухани құндылықтарды таныстыру мен меңгертуге бағытталған. Оның айқындалған мақсаты: оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, адамгершілік, патриоттық, азаматтық тәрбие беру. Әдебиет пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттерінің ішінен көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту, ұлттық құндылықтарды сіңіру, туған жерге, елге, өлкеге деген патриоттық сезімді шыңдау мақсатында жеке тұлғаны шығармашылық деңгейге жеткізуде аймақтық компоненттің мүмкіндігі мол. Туған жерінің асылдарын, өткен шежіресі мен бүгінгі қам-қарекетін білетін балаға әдебиеттегі ірі тұлғалардың шығармаларын түсініп оқу қиынға соқпайды. Сондықтан Шығыс Қазақстаннан шыққан ақын-жазушылардың кіндік қаны тамған жерінің күнделікті тыныс-тіршілігін суреттеген, құлын-тайдай тебісіп бірге өскен достары жайлы, әр тал терегін, тастарын, аң-құсын өлеңмен өрнектеп жазған шығармаларды, таныс дүниені оқу оқушыларға әлдеқайда жеңілдеу. Шығармаларды оқи отырып, өз жерінің ұлттық мұрасы мен рухани құндылықтарын бойына жинаған, ұлтжанды, патриоттық санасы мен азаматтық борыш құзіреттілігі жоғары, туған елі мен жері үшін мақтана білетін азамат тәрбиеленеді деп ойлаймын. Сол себептен мынандай мақсаттарды белгіледім:

  1. Аймақтық компонентті оқу үрдісінде қолдану арқылы оқушылардың өз өлкесінің ақын-жазушыларының өмір деректері мен шығармаларын танып білуіне қызығушылығын ояту.
  2. Ол шығармаларды бағдарламада берілген шығармалармен мазмұны жағынан салыстыра білу, өз ойын айта білу, өзіндік пікір қалыптастыру, өз елінің өткені мен бүгіні, болашағы үшін мақтаныш сезімін ояту, терең патриоттық сезімін қалыптастыру.

Осы бағдарламаның негізінде жыл сайын өзіміздің Қазақстан-Американдық еркін университетінің шаңырағында өткізу дәстүрге айналған М.И. Чистяков оқулары өткізіледі. Дәстүрге айналған бұл аймақтық шараның бір күні мәнерлеп оқу сайысына арналады да, нақыштап өлең оқу шеберлерінің үлкен қызығушылығын туғызады. Тіл тағдыры – ел тағдырына айналып отырған қазіргі жағдайда мұндай сайыстар оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытады, өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы жарасымдылық пен әсемдікті тани да ұға білуге, дұрыс бағалауға, олардан жан ләззатын тауып әсерленуге, терең пайымдауға үйретеді. Оқушылар алдын ала таңдаған жерлес ақындардың өлең-жырларын нақышына келтіре оқығанда ғажайып әсерде боласың. Өңірімізге танымал ақындар: Ұлықбек Есдәулеттің, Серік Ғабдуллиннің, Ғалым Байбатыровтың және тағы да басқа көптеген ақындардың шығармалары оқушылардың сүйікті өлеңдеріне айналып та үлгерген. Әсіресе «Туған жер» тақырыбына арналған өлеңдер көптеп оқылады. Кенді Алтай өңіріндегі жасыл желекке оранған табиғат, еркелей аққан өзендер, басын мұз шалған асқар асқар таулар өлең боп өріліп, туған жерге деген сүйіспеншілігіңді одан әрі тереңдете түседі.

Оқушыларымыздың, ең бірінші – елді, жерді сүюді, бағалауды өз жерлестерімізден, өңіріміздің белгілі адамдарынан үйренуді ұғынғандары абзал. Туған жерді тану, оны бағалау – қазіргі жастар тәрбиесіндегі өзекті мәселе болса, соны іске асырудың тағы бір жолы – сол елге танымал адамдармен кездесулер өткізіп, танысу. Патриоттық тәрбие беру мәселесін ұтымды өткізуде бұл шараның да қосар үлесі қомақты. Себебі, мұндай шаралар жалпы ұлтжандылыққа, қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке, жастарды ашық пікірталасқа, сөз бостандығына тәрбиелейді.

Сүйер ұлың болса сен сүй, Сүйінерге жарар ол,деп ұлы Абай айтқандай, халықтың рухын асқақтататын, елді біріктіруге, ұлтты тұтастыруға қызмет ететін жергілікті ақын-жазушыларымыздың шығармаларының келешек ұрпаққа берер тағылымы мол. Осы мақсатта колледж оқушылары жергілікті танымал ақындар Бақытжан Райысова және Азамат Тасқарамен кездесіп, әңгімелерін тыңдады. Екі кездесу де балалардың көңілінен шығып, жақсы әсерлер алды.

Бүгінгі Егеменді Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр. Себебі Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір Қазақстан азаматы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болуға, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосуға міндетті. Біз әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне-өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруға тиіспіз.

Тұлғаның бойында патриоттық құндылықтарды дамытуға үлкен мəн беруді өмірдің өзі талап етуде. Ұлттық патриотизмнің негіздерін қалауға әдебиет пәнінің қосар үлесі зор екендігіне шүбә келтірмегіміз анық. Себебі, ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Оқушыларды патриотизм мен ұлтаралық тауықтыққа тәрбиелеудің жолдары мен құралдары ол әдебиетті оқыту кезінде жүргізілетін түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гуманитарлық пәндердің мазмұны. Оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, оқушының көкейіне осындай іс әрекеттермен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат отан сүйгіш, ел сүйгіш азамат елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.

Сонымен, әдебиет сабақтарында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру үшін, ең алдымен, Қазақстан Республикасы жалпы орта бiлiм берудің мемлекеттік жалпыға мiндеттi стандарттарына, типтік оқу бағдарламаларына, оқулықтардағы патриоттық тәрбиеге байланысты тақырыптарға талдау жасалып, сұрыпталуы қажет. Мектеп оқушыларының бойына патриоттық құндылықтарды қалыптастыруда әдебиет сабақтарына қойылатын негізгі талаптар төмендегідей болуы қажет:

  • әдебиет сабақтарының мектептегі және сыныптағы жүргізілетін патриоттық тәрбие жүйесімен өзара байланыста жүргізілуі, пән аралық байланыс, өткен тақырыптармен жүйелі сабақтастық, оқушылардың іс-тәжірибесі;
  • әдебиет сабақтарының алдына қойылатын мақсатының нақты болуы және педагогикалық тұрғыда негізделуі;
  • сабақтың құрылымында патриоттық тәрбиеге арналған мазмұнның қамтылуы, сабақ мазмұнының оқушылардың патриоттық іс-әрекетінің негізі болуы, берілетін білім мен оқушылардың патриоттық іс-әрекеті арасында байланыстың болуы;
  • пән сабақтарында оқушылардың патриоттық сезіміне ықпал ететін материалдардың қамтылуы;
  • сабақ үстінде оқушылардың танымдық, белсенділік іс-әрекеттеріне ықпал ету, сабақтағы қамтылған материалдар олардың санасына, көңіл-күйіне әсерлі болуын ескеру;
  • сабақтың құрылымы, мазмұны, қолданылатын әдістері мен тәсілдерін айқындауда патриоттық бағыттарына баса көңіл аударылуы керек.

Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеудің педагогикалық негізі – тұлғаның патриоттық сана-сезімін калыптастыру, патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру, мінез-құлқына патриоттық сипат беру мектептегі оқу – тәрбие ісінің өзегі екендігін ұғынғанымыз абзал. Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, ұстаздың, мектептің мақсаты дені сау, ұлттық санасезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.

Қорыта келгенде, патриотизм құндылықтарын қалыптастыру арқылы тәрбие беру оқушы бойындағы сана сезімді, намысты, парызды қалыптастырумен қатар егемен еліміздің тәуелсіздігін, ынтымағын, бірлігін сақтап қала алатын патриот – азамат тәрбиелеуге толық мүмкіндігіміздің бар екендігі анық.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауынан. 17 қаңтар. 2014 жыл // Егемен Қазақстан.
  2. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 20062008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
  3. Керімбаева М.С. Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептің рөлі. Астана, 2007. 4. http: // alashainasy.kz/ustazdar_ustahanasy/

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.