Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғарғы оқу орындарында арнайы оқу бөліміндегі «а тобына» сабақ өткізудің ерекшеліктері

Жоғарғы оқу орындарында арнайы оқу бөліміндегі дене тәрбиесі сабақтары денсаулықтары біртіндеп және үнемі нығайтуға, ағзаны шынық тандыруға, студенттердің шынығуының дайындық деңгейін көтеруге бағытталған. Алайда бәрінен бұрын алға қойған міндеттерді шешуге, әсерлі тәсілдер мен әдістерді таңдауға және дене шынығуының дамуындағы кемшіліктер мен атқаратын қызметіндегі ауытқуларды жоюға кіріспес бұрын оқушы жастардың бастапқы мәліметтері болуы қажет. Арнайы оқу бөлімінің студенттері үшін дене тәрбиесі сабақтарының құрылымы студенттің өзінің сырқатына қарай қай топқа (А, Б, В) жататындығына байланысты. Біз осы жұмысымызда «А» тобындағы студенттермен жұмыс жасау ерекшеліктерін қарастырамыз.

«А» Тобы: Жүрек-қан тамырлары ауырулары.

Жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауыруларымен ауыратын студенттерге арналған белгілері бір уақытқа мөлшерленген қозғалу қызметі мен дене шынықтыру жаттығуларын қолданудың теориялық алғышарттары қан айналу қызметі жүйесінің және жүрек-қан тамырларының морфологиялық сипаттамасының көрсеткіштеріне бұлшық ет жұмысының жан-жақты әсер етуіне байланысты. Бұл әсер, бәрінен бұры, жүрек қызметінің нервтік реттеу процестерін жақсарту, оның ішінде қозғалмалы нервтің сергітетін әсерін қалпына келтіру болып табылады. Дене шынықтыру жаттығулары көк тамырмен қанның жүруін жылдамдатып, қан жүрмей қалуын азайтады, жалпы қан айналысын жақсартады. Дене шынықтыру тәсілдерін пайдалану барысында қан айналысының жақсаруына кеуде жасушасының тыныс алуын күшейтудің және олардың қан ағысына қарай сору әрекетін арттырудың арқа сынада жетуге болады. Бұл ағысқа мұндай қайшы ішкі кеуде қысымының әсерімен бір уақытта диафрагмалық сорғы жұмысы қолайлы жағдай туғызады. Дене шынықтыру жүктемесі гемодинамиканы жақсартуға бағытталған: жалпы дамытушы жаттығулар, диафрагманы қоса отырып толық тыныс алуға үйрену, үйлесімділіктің бұзылуын қалпына келтіру жаттығулары және тепе-теңдікті ұстау жаттығулары. Аз қарқынды жүктеменің алғашқы кезеңінде мөлшерленген жаяу жүріс, содан соң біртіндеп жүктемені арттыру және төзімділік қабілетін қалпына келтіру.

Жүрек-қан тамырлары жүйесі ауырғанда тез орындалатын, бар күшін салатын жаттығулар жасауға болмайды, секірулер мен жүгірулерді шектеу қажет.Дені сау адамдарда дене шынықтыру жүктемесінен кейін қан қысымының қатты жоғарылауы мен тым төмен түсуі байқалады. Гипертониялық сырқатпен ауыратын студенттерде жоғары қан қысымының төмендеуі ұзақ уақытқа созылады, бұл тамырдың соғысы мен оның дене шынықтыру жүктемесімен бірдей әсерін реттеудің жақсарып, қалпына түскенін көрсетеді. «А» тобына жататын түрлі аурулардағы патологиялық процестің қысқаша сипаттамасын береміз.

Туа біткен жүрек ақауы – жүректің ана құрсағындағы қалыптасу кемістігі. Жүрекше аралығындағы қалқаншаның кемістігі (ЖАҚК). Жүректің сол және оң жағының аралығындағы қалқаншаның дұрыс қалыптасуынан жүрекше аралығында патологиялық байланыс туындайды. Сол жақ жүрекшенің артериялық қаны оң жақ жүрекшенің көк тамырына құйылады. Қан айналасының кіші айналыс шеңберінде гипертензия (қан қысымының жоғарлауы) пайда болады. Кіші айналыста артериялық тамырлардың қысылуы склероздың дамуына әкеледі. Жүректің қан қуысы аралығындағы қалқаншаның кемістігі (ЖҚҚК). Он және сол жүректің қан қуысы арасындағы байланыс. Сол жақ жүректің қан қуысынан оң жақ қан қуысына артерия қанының құйылуы жүреді. Кіші қан айналасына салмақ түсіру бұлшық ет талшықтарының гипертрофиясына (жуандауына), қайта қалпына келмейтін склероздық өзгерістердің дамуына әкеледі.

Жүре пайда болған жүрек ақауы. Ревматизм – жүрекке дарытпауға айрықша дәнекер болып тұратын тиіннің (танының) жүйелі қабыну ауруы. Негізгі болу себебі –

«А» тобының бета гемолитикалық стрептококкы. Ревматизм ремиссия мен белсенді процесі кезеңінде өтеді, бұл кезде жүрекқан тамырлары жүйесіндегі патологиялық өзгерістер қозуы мүмкін. Эндокардта қозу процесі жүрек қан жолы қақпақшасы мен фиброзды сақинаның тыр тықтық өзгерістеріне, жұмарлануына және түрінің өзгеруіне әкеледі, осының нәтижесінде жүрек ақауы, стеноз немесе кемшіліктің қисындасуы, гемодинамика мен жүрек қызметінің бұзылуына сәйкес қақпақшаларының стенозы туындайды. Қақпақша аппаратының морфологиялық өзгеруі компенсирлі болуымен қатар декомпенсирлі сипатта болуы да мүмкін, ол жүрек қызым етінің патологиялық бұзылуына және қан айналысының өзгеруіне әкеледі.

Митралды қақпақша пролапсы жүректің қақпақша аппараты жүйесінің қызметі мен құрылымының бұзылуының ең көп тараған түрі болып табылады және сол жақ қан қуысының систолы кезінде сол жақ жүрекше қуысындағы жарманың бүгілуімен сипатталады.

Жүректің қақпақша аппаратының органикалық зақымдануы. Митралды қақпақшаның ақауы. Сол жақ қан уысынан сол жақ жүрекшеге кері қан құю жүреді, сол жақ қан қуысы ұлғаяды. Осы ақауға жүректің жоғары бейімделуі байқалады. Митралды қақпақшаның стенозы. Бұл ақауда фиброздық сақина қысылады, осының нәтижесінде сол жақ жүрекше сол жақ қан қуысына қанды толық айдамайды. Митралды қақпақшаның араласқан ақауы – стеноз бен кемістіктің үйлесуі.

Қолқа қақпақшасының ақауы. Диастол кезінде қолқадан қанның қайта құйылуы нәтижесінде сол жақ жүрек қуысы толып кетеді де, кеңеюі (дилатация) мен гипертрофияға (қалыңдауына) соқтырады. Жүректің кеңею шегі ұлғаяды. Денеге күш түсіру жүктемесі гемодинамиканы жақсартуға бағытталуы қажет. Жалпы дамытушы және қолданбалы жаттығулар пайдаланылады. Бірдей дене шынықтыру жүктемесін дәл таңдап алуға және оны біртіндеп өсіруге аса мән беріледі. Аз күш түсіретін жүктеменің барлық бұлшық етті қамту қағидасы сақталады. Содан соң біртіндеп дене шынықтыру жүктемесін көтеру және төзімділік қабілетін тәрбиелеу. Жылдам жасалатын жаттығуларды, күш түсетін жаттығуларды жасауға болмайды, секірулерді шектеу қажет.

Жүрек аритмиясы – бұл жүрек бөліктерінің жиырылу кезектілігі мен ырғақтылығының, жиілігінің бұзылуы. Аритмия жүрек ауруындағы бір жүйеге әкелетін құрылымдық өзгерістер барысында немесе вегетативтік, эндокриндік, электролиттік және басқа да метаболиялық кемшіліктер барысында немесе улану мен кейбір дәрідәрмек әсерінен туындауы мүмкін. Аритмия тіпті миокардта айқын көрініп тұрған құрылымдық өзгерістерде де аздап немесе негізгі метаболикалық бұзылуда да жиі көрінеді. Жоғарыда аталып өткен факторлар барлық өткізуші жүйенің немесе оның бөлімдерінің негізгі қызметіне (автоматтану, өткізушілік) әсер етеді, аритмияға әкелетін миокардтың электрлік біртекті болмауына негізделеді. Синустық аритмия емдеуді қажет етпейді.

Экстрасистолдар – жүректің мезгілінен бұрын жиырылуы синустық тораптан тыс тамыр соғысының туындауына негізделеді. Экстрасистология жүректің кез келген ауруында болуы мүмкін. Жартысынан көп жағдайда экстрасистология жүрек сырқатымен байланысты емес, дәрілік емдеуге (әсіресе жүрек гликозидтерімен), басталу және аяқталуының айқын бұзылуына, бірнеше секундтан бірнеше күнге дейін созылуына байланысты.

Дене шынықтыру жүктемесі гемодинамиканы жақсартуға бағытталуы тиіс. Жалпы дамытушы және қолданбалы жаттығулар пайдаланылады. Біркелкі дене шынықтыру жүктемесін дәл таңдап алуға және оның біртіндеп өсірілуіне аса мән беріледі. Аз күш түсіретін жүктеменің барлық бұлшық етті қамту қағидасы сақталады,содан соң біртіндеп дене шынықтыру жүктемесін өсіру және жалпы төзімділік қабілетін тәрбиелеу. Тез жасалатын, күш түсетін жаттығуларды жасауға болмайды, секірулерді шектеу қажет.

Вегетативті-қан тамыры дистониясы (дұрыс арығында: вегетативті қан тамыры дисфункциясы – ВКД) – пайда болуы және шығуы жағынан емдеу-диагностикалық тәжірибеде кең тараған әртүрлілікті, алайда вегетативті қызметті нейрогуморалды реттеудің бұзылуына негізделген өзінің вегетативті бүлінуі негізіндегі қызметін көрсетеді. Бұл бүлінулер неврозда, гиподинамияда, пубертаттық кезеңде эндокриндік дисгармония жағдайында, сондай-ақ нервтік-психикалық немесе дене шынықтырудан шаршаумен, инфекциямен, уланумен, таксикомандар абсиненцияларымен және басқа нәрселермен байланыстыневротектес жағдайларда жиі байқалады. Ол көбінесе сырқаттың өмір сүру жағдайының өзгеруіне және оның дамуымен байланысты жағдайдың қозғалыстығына қарай ВКД көрінуінің толқын түріндегі әлсіреуі мен күшеюі үздіксіз болады. ВКД кейбір жағдайларында пароксизмалды, оның ішінде «вегетативті толқын» түрінде холинорецепторлардың (холинергиялық криз) немесе адренорецепторлардың (адренергиялық, симпатоадреналдық криз) айрықша қозуы көрінетін қатты аурулар (кризтер) байқалады. Холинергиялық криз белгілері: қорқыныш сезімі, жабырқау, жүрегі айну, іші «шұрылдау», диарея; басы мен дененің ағыл-тегіл терлеуі; брадикардия; кей жағдайда қаңқа сүйек бұлшық еттерінің гипертонусы, АҚ көтерілуі. Адренергиялық криз белгілері: қорқыныш сезімі, қозу, бет, мойын, кеуде (кейде бірден ағаруы) терілерінің ала гиперемиясы, саусақ ұштарының треморы, дененің дірілдеуі (көбінесе тоңбай); қарашықтарының ұлғаюы; тахикардия.

Нейроциркуляторлық дистония (НЦД) – шартты нозологиялық форма түрінде дәрігерлік-сараптамалық тәжірбие талаптарынан шыға отырып, жас адамдарда айрықша байқалатын вегетативті қан тамырлық дисфукциясының нұсқасы. Нейроциркуляторлық дистония профилактикасының маңызды тәсілдері өмір сүру салтын қалыпқа түсіру, шынықтыратын процедуралар, дене шынықтырумен немесе спорттың кейбір түрлерімен (суда жүзу, жеңіл атлетика) жаттығу болып табылады. Жетекші жаттығулар – гимнастикалық, диафрагмалық тыныс алуға мән берілетін тыныс алу жаттығулары, үйлесімділіктің бұзылуын қалпына келтіретін жаттығулар, тепе-теңдікті ұстап тұру жаттығулары. Жылдам күш түсіретін және салмақ салатын жаттығулар қосылмайды.

Кез келген бейімделу реакциясы артериалды қысымның өзгеру інсіз мүмкін емес, себебі оның бұлшық ет қызметінің процесінде өзгеруі заңды. Дені сау адамдарда дене шынықтыру жаттығуларынан кейін, негізінен, кейбіреулерінің қан қысымының тым жоғары көтерілуі немесе тым төмен тесуі байқалады. Сырқат адамдарда жаттығулар әсерінен кейін тым жоғары қан қысымының төмендеуі ұзақ уақытқа созылады, бұл тамыр соғысының қалпақ түскендігі мен жақсарғанын көрсетеді және оны реттеу біркелкі дене шынықтыру жүктемесінің әсеріне тәуелді. Жетекші жаттығулар орташа қарқынды бірнеше рет қайталанатын гимнастикалық, шапшаң қозғалыстар, тыныс алу, диафрагмалы тыныс алуға мән берілетін жаттығулар. Үйлесімділіктің бұзылуын қалпына келтіретін жаттығулар, тепе-теңдікті ұстап тұру жаттығулары. Жылдам-күш түсіретін және салмақ салатын жаттығулар қосылмайды.

Миокардит (өзгеше емес миокардит, инфекциялы-аллергиялық миокардит) – жүректің бұлшық ет ауруларының қабынуы, түрлі сырқаттардың асқынуынан туындаған: вирустық инфекциялар, баспа (тамақ ауруы) және т.б. Арнайы тәсілдер қан айналасының экстракардиналды факторларын белсендіруге және жүрекке қан аппаратын қан құйылысының жақсаруына бағытталған. Кіші бұлшық ет топтары үшін белсенді, ал орташа және ірі бұлшық еттер үшін тыныс алу, қозғалмайтын және қозғалысты жаттығулар ұсынылған.

Миокардиодистофия – жүрекке қатысы жоқ факторлардың әсерінен оның метаболизмінің бұзылуы нәтижесінде жүрек бұлшық еттерінің қабынбаған зақымдалуы. Сондай-ақ миокардиодистрофияға миокардта патологиялық зат алмасу немесе қалыпты метаболиттердің: амилоидтар, темірлер (гемохроматоздағы), гликагендер және т.б. шөгуі жатады. Миокардиодистрофияның кейбір түрлерін көбінесе миокардиопатия деп те атайды. Қатты шаршағандық, дене шынықтыру жүктемесінде аздап ентігу байқалады. Арнайы тәсілдер қан айналасының экстракардиналды факторларын белсендіруге және жүрекке қан аппаратын қан құйылысының жақсаруына бағытталған. Кіші бұлшық ет топтары үшін белсенді, ал орташа және ірі бұлшық еттер үшін тыныс алу, қозғалмайтын және қозғалысты жаттығулар ұсынылған.

Кардиомиопатия – жүрек қақпақшасы ақауы немесе жүрек іші шунттармен, артериалды немесе өкпе гипертензиясымен, жүректің ишемиялық ауруы немесе жүйелі аурулармен (коллагеноздар, амилоидоз, гемохромтоз және т.б.) байланысты емес анықталмаған этиология миокардының бастапқы қабынбаған зақымдалуы, кардиомиопатия патогенезі анықталмаған. Генетикалық факторлардың, ферменттік және эндокриндік ауытқулардың қатысы болуы мүмкін, вирустық инфекция мен иммунологиялық өзгерістердің де әсері жоққа шығарылмайды. Тыныс алу және гимнастикалық жаттығулар ұсынылады.

Қан жүйесінің аурулары. Анемия (қан аздық) – қанның құрамындағы эритроциттер мен гемоглобиннің азаю белгілерінің жиынтығы, ол тері мен шырышты қабықтың түрлері деңгейде бозаруымен сипатталады. Адам ағзасы анемияда гипоксия жағдайында болады, оның өтуін жүрек-қан тамыр жүйесі қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру тәсілдерін пайдаланудың физиологиялық негізі олардың көмегімен компенсаторлық процестер әсерін күшейту және газ алмасуының жасқарына жағдай туғызу мүмкіндігі болып табылады. Дене шынықтыру жаттығуларының әсерінен жүрекқан тамырлары жүйесінің жағдайы, оның дене шынықтыру жаттығуына бейімделуі жақсаруы мүмкін. Дене шынықтыру жүктемесі орташа қарқынды, жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл-қозғалыс ойындары болады.

Геморрагиялық диатездер бірнеше сырқаттың басын біріктіреді, жетекші белгілерінің жиынтығы көп қанауға бейімділік болып табылады. Геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох сырқаты) – тамырлардың зақымдалуы нәтижесінде өте жиі кездесетін геморрагиялық диатез. Сырқаттардың жартысына дерлік диффузды геморрагиялық нефрит өзгерісі өріс алады. Дене шынықтыру тәсілдерін қолдану ағзаның өзіне тән емес қарсылығына байланысты дәлелденеді. Дене шынықтыру жүктемесінің деңгейі орташа қарқынды болады. Күш салатын, салмақ түсіретін жаттығулар орындауға болмайды.

Аяқ басындағы көк тамырларының варикоздық кеңеюі – жүрек қақпақшасының мүмкіншілігі болмауы мен қан айналысының бұзылуына әкелетін көк тамырларының кеңеюің. Алғашқы варикоздық кеңею көк тамырының қабырғаларының қызметінің бұзылуы мен әлсіреуіне бай-ланысты болды. Жүктілік сырқаттың күшеюіне, май басуға, біріктіруші тиіндердің туа біткен әлсіздігіне, қысып ұстап тұратын резиналы шұлықтар киюге әкеледі, екінші реткі варикоздық кеңею көк тамырлық қан қайтуының бұзылуы. Белгілері, барысы: көк тамырлардың варикоздық кеңею ауруының бас кезіндегі негізгі белгісі: көк тамырлық қан айналысының әсерінен басқа шағымданулардың болмауы да мүмкін. Аурудың асқынуына қарай шаршау, аяқта ауырлықты және тырсылдап сыздауын сезіну, әсіресе кешке балтыр аяқ бұлшық еттерінің тартылуы байқалады. Ісіктер әдетте кешке қарай пайда болады, әсіресе ұзақ уақыт аяғынан тік тұрғанда, түнгі демалыстан кейін ісік толық қайтады. Уақыт өте келе көк тамырдың варикоздық кеңеюінің күшеюімен қатар трофикалық бүлінулер, жіліншіктің үштен бірінен төменірек ішкі бетіне индурация, секпіл, дерматит, содан кейін емделуі қиын трофикалық жара жиі пайда болады.

Көк тамырдың варикоздық кеңеюінің асқыну көріністері: асқынған тромбофлебит, варикоздық түйіннің қанап жарылуы, трофикалық жараны ұлғайтатын созылмалы көк тамырлық кемістік. Көк тамырдың варикоздық кеңею сатысы: 1-саты – шағым жоқ, тек қана жеңіл-желпі бүліну; 2-саты – ауырлықты сезіну, тырсылдау, түнде тартылу, парестезия; 3-саты – ісіну, тырсылдау, тері мен тері асты жасушасының индурациясы, секпіл; 4-саты – жараның пайда болуы. Ұзақ жаяу жүруге, секіруге, салмақ түсіретін жаттығулар жасауға болмайды.

Тромбоцитоеникалық пурпура – тромбоцитоения (тромбоциттер санының азаюы) дамуының бірыңғай механизмінің қағидасы бойынша бірігетін аурулардың жиынтық тобы. Антителалар тудырған тромбоциттердің өмірін қысқарту (тромбоциттерді жою). Белгілері: мұрыннан қан кету, теріде түрлі көлемде және түрлі пішінде геморрагия мен көгерулер пайда болуы тән. Кейде бүйректен, ішек-қарын жолынан қан кетеді. Дене шынықтыру жүктемесінің деңгейі орташа қарқынды. Дене шынықтыру тәсілдерін қолдану ағзаның айрықша емес қарсылығын өсіру мен дене шынықтыру жаттығуларының десенсибилизирлей тиіндігінің көрінуімен байланысты ақталады. Дене шынықтыру жүктемесінің деңгейі орташа қарқынды. Күшену мен салмақ салумен байланысты жаттығуларды жасауға болмайды.

Жүйке жүйесі аурулары. Дене шынықтыру жаттығуларына арналған көрсеткіштер олардың ағзаға әсер ету сипатына, жүйке жүйесінің барлық буындарын жауап қайтару реакциясына қоса отырып, ағза үшін тиімді бейімделу өзгерістерін туындатып, бекітуге, жүйке жүйесі қызметінің қайта қалпына келуін дамытуға негізделген.

Ми (церебралды) арахноидиті көлбеулік (слипчатых) немесе кисталдық өзгерістердің ұлғаюымен ми қабы торының ұйыма қабынуы кезінде туындайды. Негізгі міндеттері ағзаның жалпы нығаюына әсер ету үйлесімдік қимыл-әрекетті жақсарту болып табылады. Негізгі тәсілдері жалпы дамытушы жаттығулар, үйлесімдік қимыләрекетті жақсартатын жаттығулар, қимылқозғалыс ойындары орташа және үлкен қарқынды болады. Төзімділікке жаттықтыратын жаттығулар.

Гипертензиялық синдром – бас сүйектің ішкі қысымы көтерілетін ауру. Дене шынықтыру жаттығулары бұлшық ет тонусын реттеуге, қан айналысы мен зат алмасуды жақсартуға, ағзаның реактивтігіне бағытталған. Онсыз да артығырақ қозу процесін күшейтетін жаттығулар жасауға болмайды.

Бас сүйек ми зақымдануының зардабы. Бас сүйек ми жарақаты бастың механикалық түрде зақымдануы мен ликворлық судың гидродинамикалық «соққы» әсерінен ұлғая түседі. Мидың шайқалуы, соғып алу, мидың жаншылуы және т.б. анықталады. Миы шайқалған ауруларда әсерленгіштіктің артып, бас айналу, бас ауру ұзақ уақытқа созылады. Дене шынықтыру жаттығулары үйлесімдікті жақсартуға бағытталған. Заттармен, заттарсыз жалпы дамытушы жаттығулар.

Вертебро – базилиярлық кемістік (ВБК). Базилярлық артерия ортаңғы мидың төменгі бөлігінде орналасқан, одан ми жарты шарының мишық пен шүйде тұсын, мидың ортасын қанмен қамтамасыз етіп тұратын тармақшалар тарайды. Дене шынықтыру жаттығулары бас миының тамырларына қанның дұрыс баруын қалпына келтіруге және бұлшық еттердің физиологиялық жағдайдағы күш-қуатын реттеуге бағытталған. Күш түсіретін жаттығуларды жасауға болмайды. Секіру, жүгіруді шектеу.

Остеохондроз – омыртқа аралық шеміршектің дегенеративті сырқаты. Остеохондроздың негізінде зат алмасудың бұзылуы жатыр. Себепті факторларында инфекция мен улану, омыртқа бітімінің бұзылуы, ал зақымданулар, әсіресе ауыр дене жұмысымен және омыртқамен артық күш түсіруге байланысты созылмалы зақымданулар маңызды рөл атқарады. Омыртқа дискілері тығыздалып, олар сусызданып, циркулярлық сіңірлердің оссификациясына әкелетін дәнекер болып тұратын тиіні өсе бастайды. Диск жеке немесе омыртқамен бірге орнынан жиі жылжып кетеді. Дискінің ортасындағы пульпоздық ядро шалт қимыл жасау, бұрылу немесе ауыр зат көтеру сияқты қосымша зақымданған кезде орнынан жылжып кетуі мүмкін. Тамыршаларды еріксіз жаншу процесі жүруі мүмкін, ісік, көк тамырлық қанның тоқтап қалуы байқалады. Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысқанда омыртқаларды сілкілейтін, шалт бұрылатын, ауырлық түсіретін жаттығуларды жасауға болмайды.

Балалар церебральды сал ауруы (БЦС) – ана құрсағында пайда болатын, туылған кезде немесе дүниеге жаңа келген кезеңде түрлі зиянды факторлардың әсерінен болатын мидың ауруыБЦС – ның барлық түрінде қимыл – қозғалыстың бұзылуы рефлекторлық сипатта болады: қимылдай алады, бірақ сырқат адам оны игере алмайды.

Алғашқы кезеңдегі сауықтыру жаттығуларының міндеттері қалдық белгілерді жою, мүмкін болатын қолданбалы дағдыларды игеру (суға жүзу, шаңғы, жүгіру, снарядтармен жаттығулар жасау) болып табылады. Бұлшық еттерді босаңсытып, атқаратын қызметін жақсартатын жаттығулар студентті өз бетінше бұлшық еттерін босаңсытып, гиперкинезді тежей алуға үйрету мақсатында жүргізіледі. Ағзаның жұмыс істеу қабілетін жақсартуға және дұрыс тыныс алуға үйретуге тыныс алу жаттығуларымен үйлестіре отырып, жалпы шынықтыратын жаттығуларды қолдану арқылы жетеді. Олар топтық сабақтар кезінде, сондай – ақ белгілі бір бұлшық етті шынықтыратын топтардың саралау жаттығулары кезінде қолданылады.

Түрлі бастапқы жағдайларды қолданатын арнайы топтық немесе жеке сабақтар кезінде қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруды қалыпқа түсіру мен жақсартуға қол жеткізіледі. Дене шынықтыру жаттығулары үйлесімділікті (координацияны) жақсартуға бағытталған. Заттармен және заттарсыз жалпы дамытушы жаттығулар.

Көз ауруларыМиопия (сығырлық) бәрінен бұрын көздің алғы-артқы осьінің ұзаруына негізделген, сирек кездесетіні – оның оптикалық ортасын аса қатты күшпен сындыру. Жақын қашықтықта көзбен жұмыс істеуге салмақ салу тұқым қуалаушылыққа бейімділік пен әлсіз машықтанған жағдайда сыңғырлықтың дамуына әкеледі. Көздің ағы әлсірегенде тамыр және көздің ішкі тор қабығының патологиялық өзгеріске түсуіне әкелетін көз алмасының созылуы күшейе түседі. Жаттығу жасау барысында дене оқыс сілкінуі мүмкін, сондай-ақ бұлшық етке елеулі күш түсіретін және қарқынды жаттығуларды жасауға болмайды.

Гиперметропия (қырқылық) – аметропия түрі, алыста орналасқан заттардан келетін параллель сәулелер көздің ішкі тор қабығының артқы жағында бірігеді. Қимылдау кезінде шектеу миопия немесе гиперметропияда жоғары деңгейде (-6 немесе +6 дптр) көріндеді. Салмақ салатын және күш түсіретін жаттығуларды жасауға болмайды. Жүгіру мен секірулерді шектеу.

Астигматизм (бұлдырлану) аметропияның әр қандай түрлерінің немесе аметропияның түрлі дәрежедегі бір түрінің бір көзге үйлестірілуі. Көз құрылымының аномалиясы – түрлі меридиандағы көздің мүйізгек қабығының (кейде қарақтың) ең күшті және ең әлсіз сындырушылық қабілетінің қисықтық радиусы. Осының әсерінен көздің ішкі тор қабығында заттардың бейнесі үнемі айқын емес, бұлдырап көрінеді. Кейде астигматизм ота жасатқаннан соң, көздің мүйізгек қабағының ауруынан немесе көзді жарақаттаудан кейін пайда болады.

Амблиопия – анық анатомиялық негізсіз көздің көруінің төмендеуі. Амблиопия бинокулярсыз. Себептері: қылилықпен біріккен кездегі бинокуляр көрудің бұзылуы. Патогенез: үнемі қылиланатын көздегі көзбен қабылдаудың қатты тежелуі. Салмақ салатын және күш түсіретін жаттығуларды жасауға болмайды. Жүгіру мен секірулерді шектеу.

Эндокриндік аурулар. Диффуздық (анық емес) – улағыш алқымы ісу –қалқанша бездің көлемінің ұлғаюын және атқаратын қызметінің артуын көрсететін ауру. Оған қалқанша бездің диффуздық ұлғаюы, арықтау, ашуланшақтық, өте әсерленгіштік тән. Тиреотоксикоздың пайда болуына жүрек-қан тамырлары жүйесінің өзгерісі әсер етеді. Қалқанша бездерінің қызметі артқан студенттерге жүрек-қан тамырлары жүйесі ауыратын дардай қарау керек, салмақ салатын және күш түсіретін жаттығуларды жасауға болмайды, жүгіру мен секірулерден шектеледі.

Қант диабеті (сусамыр) – ағзада инсулиннің мүлде немесе біршама жетіспеушілігіне негізделген және көмір сулардың, сондай-ақ басқа да зат алмасудың бұзылуын білдіретін ауру. Тамырлардың асқынуы, көздің ішкі тор қабағының тамырларының бүлінуі, бүйрек қызметінің бұзылуы тән. Осылайша, қант диабетінде гимнастикалық жаттығулар тыныс алу жаттығулармен үйлестіріле отырып, орташа деңгейдегі дене шынықтыру жүктемесі қолданылады. Кешенді терапияда дене шынықтыру тәсілдерін пайдалану дене шынықтыру жаттығуларының ынталандырушылық, сонымен қатар трофикалық әсерімен зат алмасудың тезірек қалпына түсуіне әкеледі. Соңғының әсерінен бұлшық еттердің глюкозаларды, май қышқылдарын қолдануы артады. Аз ғана уақыт ішіндегі жұмыс істеу барысында бұлшық еттердің көмір суларды пайдалануы аса көп емес, қандағы глюкоза деңгейін азайтпайды. Бұлшық еттер қалыпты қарқынмен ұзақ жұмыс істегенде глюкоза деңгейі төмендейді. Дене шынықтыру жаттығуларының әсерінен ауру адамның ағзасының, бәрінен бұрын бұлшық ет тиінінің глюкозаны сіңіру мүмкіндігі жақсарады. Дене шынықтыру жаттығуларының қалыпқа түсіру әсері қант диабетінде тек көмір суларға қатысты ғана емес, басқа да алмасуларда да көрінеді. Сабақтарды өткізу әдістемесінде түрлі қарқындағы дене шынықтыру жаттығуларының физиологиялық және биохимиялық әсері есепке алынады. Сонымен, үлкен қарқындағы бұлшық ет шынықтыру жаттығуларын орындау барысында едәуір оттегі пайда болып, анаэробты энергетикалық процестерді (гликолиз, гликогеннің төмендеуі) жетілдіріп, қандағы қант деңгейіне әсер етпестен, сүт қышқылының жиналуына және метаболикалық ацидозға әкеледі. Жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларын дағдыдай осы және басқа да жаттығуларды орындауға болмайтын жалпы қарсы көрсетілімдер.

Семіздік – май клечаткаларының толып кетуінен дененің артық салмағы. Кез келген жаста кездесуі мүмкін. Семіздіктің 3 дәрежесі бар: 1-дәреже – дене салмағы қалыптағыдан 29% -ға артады; 2дәреже – артық салмақ 30-49%; 3-дәреже – артық салмақ 50%-ды құрайды және одан астам. Сырқаттар күш түскенде тез шаршайтындығынан, демігетініне, ұйқышылдық, аранының ашылуы мен шөлдейтіндік теріне шағынады; жүрек сырқаты, ішек қызметінің бұзылуы болуы мүмкін.

Семіздік экзогенді-конституционалды, церебралды және эндокринді болып бөлінеді. Экзогенді-конституционалды семіздік өте жиі кездеседі және энергияның түсуі мен жұмсалуы арасындағы сәйкессіздіктен туындайды; мұнда конституционалдық бейімділік рөл атқарады. Экзогендік-конституционалдық семіздікте май клечаткаларын біркелкі бөлу, 1 және 2 дәрежелері жиі кездеседі. Цербралды семіздік те біркелкілігімен сипатталады, алайда үнемі 2 және 3 дәрежеге жетеді. Эндокриндік семіздік гипофиз, гипотиреозда (қалқанша бездің қызметінің төмендеуі), Иценко-Кушинг синдромында байқалады. Семіздіктің бұл түрі үшін эндокриндік семіздікке тән май клечаткаларын әркелкі бөлу тән.

Студенттермен сабақтарда қолданылатын түрлі дене шынықтыру жаттығуларының арасында зат алмасу бұзылған кезде қол, аяқ, дененің ірі бұлшық ет топтарының қызметі кіретін аса үлкен емес және орташа қарқынды циклдік жаттығулар аса маңызды орын алады.

Гипотиреоз (микседема) – қалқанша без қызметінің төмендеуін көрсететін ауру. Алғашқы гипотиреозда патологиялық процесс тікелей қалқанша безді бұзады, екінші гипотиреоз гипоталамды-гипфизарлық жүйенің зақымдануы нәтижесінде туындайды. Алғашқы гипотиреозда туындау себептері: қалқанша бездің туа біткен аномалиясы, асқыну және аутоиммундық процестер, қалқанша бездің зақымдануы, қалқанша безге ота жасату. Белгілері: тоңғақтық, әлсіздік, ұйқышылдық, еске сақтау қабілетінің төмендеуі, іш қату, терінің құрғауы. Сырқаттың сөйлеген сөзінің, қимыл-қозғалысының баяулауы, бетінің, қол аяқтарының ісуі, дене температурасының төмендеуі көңіл аудартады. Кейде анемия үдейді. Жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларын дағдыдай осы және басқа да жаттығуларды орындауға болмайтын қарсы көрсетілімдер.

Ас қорыту жүйесінің, тыныс алу және несеп шығару мүшелерінің кейбір аурулары. Асқазан мен ұлтабар ойық жарасы. Бұл аурудың себебі түрлі факторларға байланысты, оның ішінде нейроэндокриндік бұзылулар ерекше орын алады. Дене шынықтыру жаттығулары ОНЖ қызметін қалыпқа түсіруде, кортиковисцералды байланыстардың бұзылуын қайта қалпына келтіруде, эмоционалды тонусты қалыпқа түсіруде, трофикалық процестерді арттыруда елеулі рөл атқарады. Дене шынықтыру жаттығуларының тәсілдерін пайдаланудың физиологиялық негізі асқазан мен ұлтабардың қышқыл түзушілік және септикалық қызметіне, сондай-ақ жалпы зат алмасуға әсер ету мүмкіндігі болып табылады. Іш прессінің бұлшық еттеріне арналған жаттығуларды және ішек-қарын қысымын жоғарылататын кез келген жаттығуларды жасауға болмайды.

Бронх демікпесі – түрлі жиіліктері және ұзақтықтағы тұншығу ұстамаларымен көрінетін тыныс алу органдарының ауруы. Формасына қарай аллергиялық және инфекциялық аллергиялық бронх демікпесі болып бөлінеді. Бронх демікпесінің бірнеше нұсқасы бар: демікпелі бронхит, ұстамамен аяқталмайтын, бірақ бірнеше күнге созылатын тыныс алудың қиындауындағы демікпелі жағдай. Дене шынықтыру жаттығулары бұлшық ет жұмысының сыртқы тыныс алу аппараты, нерв жүйесін қалпына түсіруші әрекетімен байланысты қолданылады. Дене шынықтыру жаттығулары қабыршықтану процестерге жақсы әсер ете отырып, жалпы ағзаның әрекет қабілетінің өзгеруіне әкеледі, бронхтардың тегіс бұлшық еттерінің жоғары тонустары төмендейді, бронхтың өткізгіштіктің бұзылу механизмдері жойылады. Нефроптоз – бүйректің төмен түсуі. Бүйрек әдеттегіден төмен орналасады, дененің тұрыс жүрісі ауысқанда оның қозғалмаулығы физиологиялық шектен асып кетеді. Бүйректің төмен түсуі туындағанда оның байланыстырушы аппараты жатқан өзгеруі басты рөл атқарады, бүйректі дұрыс қатыла ұстап тұруда май капсуласының елеулі маңызы бар. Нефроптоздың дамуы үш дәрежеге бөлінеді. I және II дәрежелерінде секіретін, салмақ түсіретін жаттығуларды жасауға болмайды. III дәрежесінде сауықтыру дене шынықтыру топтарында жаттығу ұсынылады. Дене шынықтыру жаттығуларының сабақтары бүйрек қызметіне функционалдық әсер ететін тәсілдердің бірі ретінде қолданылуы мүмкін.

Гидронефроз – бүйрек астауының кеңеюін, бүйректен несеп шығуының бұзылуы нәтижесінде және ондағы гемоциркуляциялау бүйрек ұлпасының семуі мен барлық негізгі бүйрек қызметінің нашарлауының күшеюін көрсететін бүйрек ауруы. Дене шынықтырумен айналысу тек қана сауықтыру дене шынықтырумен айналысатын топтарда өтеді.

Хирургиялық аурулар. Жыныстық қанаттардағы көк тамырдың варикоздық кеңеюі (варикоцелле) еркектерде 16-30 жаста кездеседі, негізінде, сол жағында, жұмыртқа безінің көк тамыры бүйрекке тік бұрыштап түседі (ол оң жағында төменгі жыныстық көк тамырға түседі). Белгілері, жүру барысы. Дене шынықтыру жүктемесі кезінде және ұзақ қозғалмай тұрғанда күшейетін жыныстық қанаттар барысында ауырлықты сезіну, жұмыртқаның, ұманың ауруы. Ауру барысы біртіндеп күшейе береді. Аурудың сатылары: 1-саты субъективті ауырсыну болмайды, көк тамырлардың кеңеюі жыныстық қанаттар шегінде ғана байқалады; 2саты – көк тамырлар жұмыртқаның төменгі полюсіне дейін кеңейген, жұмыртқа маңында ауырсыну және ауру, жыныстық канал жуандаған; 3-саты – жұмыртқадан төмен ұманың түп жағындағы солып қалуы мүмкін көк тамырлар кеңейген; жұмыртқаның, аралықтың, сегізкөз маңындағы белдің ауруы. Жедел емдеу. Күш салатын және салмақ салатын жаттығулар жасауға болмайды.

Жарық (грыжа) – жалпы дене жамылғысының немесе көршілес қуыстың астына ішкі органдардың анатомиялық қуыстың сыртынан шығып кетуі. Сыртқы жарықтар: шаптағы, жамбастағы, кіндіктегі, эпигастралды, отадан кейінгі болып бөлінеді. Құрсақ қуысындағы қысымның әсерінен ішіндегісі ішек-қарын тұратын қуыс органдары болып табылатын көк етті томпайту пайда болады. Белгілері, жүру барысы: қарынның қампаюы, дене шынықтыру жүктемесінде немесе дене тік тұрғанда жарық маңының ауруы. Асқынбаған жарықта (анық көрінетін) көлденең жағдайда құрсақ қуысына еркін салынады. Қолмен басып көргенде қарынның ақауы, жөтелге түрткі болатын белгілер байқалады. Жарықты емдеу жедел түрде жүргізіледі. Жаттығулар жасау кезінде қарынның ішкі қысымының артуынан және ота жасалған жердің терісін созудан қашу қажет. Күш түсіретін және салмақ салатын жаттығуларды жасауға болмайды.

Қысқасы, денсаулығы әлсіз оқушылармен жұмыс жасауда әр студенттің ауру түрлерін, денсаулық жағдайын негізге ала отырып жүйелі жұмыс жасаған дұрыс. Бұл дені сау, жұмысқа қабілетті жастарды дайындауда кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып табылады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Матвеев Л.П. Теория и методика физической культуры. – М.: «ФиС», 1991. 336 с.
  2. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті мен спорттың теориясы мен әдістемесі. Өскемен: ШҚМУ, 2009. 272 б.
  3. Мананков Н.Е., Колкутин А.М. Физическое воспитание студентов. – Усть-Каменогорск: ВКГУ, 2001. -131 с.
  4. Теория и методика физического воспитания. / Под ред. Б.А. Ашмарина. М.:«ФиС», 1990. 234 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.