Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жас футболшылардың дайындық кезеңіндегі дене қуаты қасиеттерін дамыту жолдары

Футбол жер бетінде ең кен тараған және ең сүйікті спорт ойындарының бірі деп бекерден-бекер айтылмаған. Спортшылар мен жанкүйерлерді футболдың қарапайымдылығымен тартымдылығы, ойыншылардың шеберлігімен қиынынан қиыстырып жол таба білуі өзіне ерекше тартады.Қазіргі футболдың тарихы ерте замандардан басталады. Футболға ұқсас ойындарды ежелгі дүниемен ертедегі шығыс елдерінде біздің жыл санауымызға дейін де ойнағаны белгілі болған. Ойынның атауы ағылшынның «foot» – «аяқ» және «ball» – «доп» деген сөздерінен шыққан. Қазіргі футболда қолданылып жүрген ережелер осыдан жүз жылдай бұрын шықты және ешқандай өзгеріске ұшырамады десе де болады. Футбол ойыны жылдамдықты, икемділікті, шыдамдылықты, қимыл-қозғалыстың үйлесімділігін дамытады. Ойынның негізгі ережелері. Футболды әрқайсысында он бір ойыншысы бар екі команда ойнайды. Ойын ұзындығы 100-110 м, екі 60-75 м болатын төрт бұрышты тегіс көгалдарды өткізіледі. Футболдың биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі. Футбол добының салмағы 396-453 г, диаметрі 6871 см. Ойынға 11 ойыншыдан екі команда қатысады. Олар қақпашы, қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар, 45 минуттық екі кезеңде өтеді. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды. Футболдың алғаш 1863 ж. Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғыш қауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің отаны болып есептеледі. Бірақ Футболға ұқсас аяқдоп ойынының түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Римде, ал онан кейінірек Франция мен Италияда дамыған. Кейін бұл спорт түрі біраз өзгерістерге ұшырап, футбол деген атаумен бізге жетті. Осы заман футбол ойыны Англиядан басталып 19 ғасырдың аяқ шенінде бүкіл дүниеге таралған. 1863 жылы 26 қазан күні Англия футбол қоғамы құрылған, кейінгілер бұл күнді осы заман футболының дүниеге келген күні етіп белгіледі. 1896 жылы бірінші кезекті осы заманғы олимпияда спорт жарысы Грецияда өткізілген кезде-ақ футбол ресми жарыс түріне енгізілді. 1904 жылы май айында халықаралық футбол бірлескен қоғамы құрылғаннан бері футбол дене тәрбие ойны ұшқан құстай дамып дүние жүзіне барынша кең таралып, ықпалы ең күшті дене тәрбиенің біріне айналды. 1930 жылы тұңғыш кезекті халықаралық футбол жүлде таласу жарысы өткізілгеннен кейін, 4 жылда бір рет жарыс өткізу белгіленіп қазірге дейін он неше рет болып өтті.

Педагогикалық үрдіс пен дәрігерлік бақылау дұрыс ұйымдастырылған жағдайда футбол ойнау жастардың денсаулығын нығайтып, жұмыс қабілеттілігін арттырып және спорттық шеберлігін жетілдірудің маңызды құралы болып табылады. Денсаулықты нығайту мәселесін шешудің методологиясы футболмен жүйелі түрде шұғылданатын жеткіншектер мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері туралы ғылыми мәліметтерден бастау алуы тиіс.

Бүгінгі футбол үшін белсенді қимылқозғалыс, бұлшық еттердің қарқынды жұмысы, әр түрлі қимыл әрекеттері, матч кезінде құрылымы мен сипаты мен күрделілік дәрежесіне қарай физикалық жүктемені тең бөлу тән. Осылардың ішіде негізгілері доппен жасалатын іс әрекеттер (допты қағу, алу, доппен жүгіру, лақтыру, қақпаға соғу) және футбол алаңында қимылдар (жүру және жүгіру). Сондай-ақ футболшылар қарсыластарына қатысты күшпен жасалатын тәсілдер мен секірулерді жиі орындайды.

Доп үшін күресте ойыншыдан допты дәл беру нақтылық, дәлдікті, техникалық дағдыны, ара қашықтықты болжауды, соққы күшін есептеу, уақытты ұтымды пайдалану, жылдам ойлауды талап етеді.

Осыған байланысты қимылдың аралас формасы туралы айтуға болады. Футболдың осы ерекшеліктері – адам ағзасының тиісті қасиеттерінің дамуын талап етеді. Адам ағзасы мен жүйесінің түрлі режимге үйренуі, Бұларға белсенділіктің жұмыс деңгейінің күрт өзгеруі, түрлі функциялар қызметінің қайта құрылуы, қалпына келтіру үрдісінің жылдамдығы жатады. Футбол командалық ойын. Сондықтан ойыншылар арасында өзара түсіністікті, команда мүшелерінің қарым-қатынас жасау үйлесімділігін талап етеді. Ойыншылар санының көптігі мен ойын алаңының көлемі уақыт пен кеңістікті таңдауда белгісіздікке әкеледі. Қазіргі заманғы футболда ойынның қиыншылығына жоғарғы қарқындылықпен қоса уақыт тапшылығын атайды. Осының барлығы тек дене жүктеменің артуын ғана емес, эмоционалдық және психологиялық қысым орын алуына себеп болған.

Футбол – спорттық ойын түрлеріне жатады. Спорттық ойындар дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасына енген басқада дене шынықтыру және спорт жаттығуларымен бірге оқушылардың адамгершілік ерік және қимыл сапаларын жақсартуға көмегін тигізеді. Спорттық ойындарды үздіксіз жүйелі түрде ойнау төзімділік, ептілік және қимыл-әрекеттер жасауда тапқырлық таныту сапаларын қалыптастырады. Спорттық ойындардың түрлеріне бадминтон, баскетбол, волейбол, қол добы, регби, теннис, футбол, хоккей жатады. Осы спорттық ойындардың мәні ерекше. Оқушы әрбір ойынға қандай сипатты қимыл-әрекеттер тән екенін және оларды қалай меңгеру ерекшеліктері мен әрбір ойынның ағзаларына қандай әсері болатынын білуі керек.

Футбол ойынында жарыс майданы кең, жарыс уақыты ұзақ, қатынасатын адам көп әрі сайысуы қат-қабат, допқа таласуы қиян-кескі, еліктіргіштігі күшті, драмалық қасиет болады. Жақсы ойналған бір майдан футбол жарысының телевизор көрермендерінің өзі 10 миллионға жетеді. Бұл жағынан да әр қандай бір дене тәрбие түрімен салыстырғанда алда тұратындығы шүбәсіз.

Футбол ойыны адамдарды дене жақтан жан-жақтылық шынықтырып, жылдамдық, күш, төзімділік, икемділік, ептілік жақтарынан да, қайсар, зерек, қағылез, мойымас қасиетпен жұдырықтай жұмылып селбесетін ұжымдық рухты жетілдіру жағынан да зор маңызға ие.

Футболшы үшін қимыл аппаратының арнайы дайындығы аса қажет. Олардың жұмысы жылдамдық күш сипаттағы жұмыс болып табылады. Ойын алаңының көлемділігі, соған байланысты көп жүгіру, ойынның ұзақтығы бұлшық еттердің анаэробты аэробты талаптарда жұмыс істеуге жақсы бейімделуін талап етеді.

Футболшының қимыл-әрекетінің тиімділігін арттыруда көптеген рецепторлардан түсетін ақпараттың маңызы зор. Көру ауданы мен тепе-теңдік анализаторларының функционалдық күйі төменде жоғары спорт түрлеріне қол жеткізу мүмкін емес.

Футбол ойыны кезінде тез жүгірудің маңызы зор. Аз демалып, көп жүгіру ағзаның анаэробтық мүмкіншіліктерін дамытады. Ойын кезінде футболшы орта есеппен 5-8 км жүгіреді. Оттегін тұтынудың максималды шегі 62.5 мл/мин/кг тең болады.

Тыныштық кезінде футболшының жүрегі минутына 48-54 рет соқса, ойынның алғашқы минуттарында 160-170 рет/мин көтеріліп, содан кейін 160/180 рет/мин деңгейінде тұрақталып қалады, ойынның кейбір сәттерінде 200 рет/мин жетеді. Ойын суық ауа-райы кезінде немесе жаңбыр жауып тұрғанда өтетін болса, зәрде ақуыз пайда болады. Қазіргі заманғы футболда спортшылардың функционалдық дайындық деңгейіне қатал талап қойылған. Футболшыларды дайындаудағы атлетизмге жоғары мән берілгендіктен, ойын барысындағы қарсыластарымен допқа таласудағы қаталдық – ойыншылардың қателесуіне жол бермейді. Футболшыларды функционалдық дайындаудың жоғары деңгейі көптеген ойын әрекетерін, ойын барысындағы қарқындылықты, жұмыс қабілеттілігін матч бойы сақтауды қажет етеді.

Соған байланысты дайындық кезінде спортшылардың денсаулығын нығайтатын, спорттық шеберлікті қалыптастыратын әдіс-тәсілдерді анықтау қажет. Сондай –ақ жаттықтырушы оқу-жаттығу үрдісін құруда белсенділік танытып, футболшылардың денсаулығы мен жеке ерекшеліктерін ескеруі тиіс.

Футбол ойынының басқа ойын түрлерін қарағандағы ерекшелігі спорттық іс әрекеттің барлық компонентін қамтуы. Психикалық (ойын барысындағы жағдайдың өзгеруін байланысты әдіс-тәсілді өзгерту, жылдам шешім қабылдау), нейро-динамикалық (жылдамдық пен қозғыштық деңгейінің артуы), энергетикалық (ағза өнімділігінің аэробты және анаэробты түрі), қимыл – қозғалыстық (жылдамдық пен күш сапасы, дәлдік, ұшқырлық сондайақ вегетативтік реттеу қысымы.

Футбол ойынымен шұғылдануды физиологиялық позициядан ғылыми негіздеу перспективасы қазіргі әлеуметтік жағдайға байланысты жасөспірімдер мен жеткіншектердің денсаулығын нығайту тұрғысынан теориялық және тәжірибелік жағынан алғанда да өзекті саналады. Осы мәселені шешу футболшылар дайындауда дарында балаларды іріктеуге, үлкен футболға арнайы дайындауға мүмкіндік жасайды.

Жас футболшының функционалдық мүмкіндігін оның денсаулығы мен жеке ерекшеліктері анықтайды. Бұл белгілі бір деңгейде спорттық іріктеу мен жаттығу жұмыстарының сипатына байланысты.

Жаттығу спортшыларда энергетикалық алмасу мен ағза қызметінің бейімделудің нақты типін қалыптастырады. Бұл арнайы және арнайы емес жүктемеге бейімделу реакциясы ерекшеліктерінен байқалады.

Кейбір авторлардың мәліметтері бойынша футбол ойыны көптеген күш жұмсалатындығын басшылыққа алады.

Жартылай қорғаушылар стационар режимінде жұмыс жасаса, шабуылшылар – жылдам, шыдамды болып келеді. Бұл жаттығу процесінде техника-тактикалық тұрғыдан және физикалық дайындық жағында жеке қарастыруда талап етеді. Бірақ соңғы кездері ойыншыларды әмбебап түрінде дайындау тенденциясы байқалуда.

Футболшы бір ойында 10 км жүгіруге дайын болуы тиіс. Бұл тек жүгіру емес, шапшаңдықты қажет етеді. Бұған жұмсалатын күш деңгейі әртүрлі. Футбол ойыны барысында динамикалық аэробтыанаэробты жұмыс іске асады. Энергияның қайнар көздері ретінде қышқылдандыру процесі мен көмірқышқылдарының бөлінуі саналады. Шамамен жұмысқа 30-70% қуаттылық жұмсалады.

Отандық және шетелдік мамандар ойында жеңіске жетудегі негізгі басты рөл жоғары дәрежедегі техника-тактикалық шеберлік пен физикалық дайындық, әсіресе футболистің жұмыс қабілеттілігіне байланысты деп есептейді.

Жұмыс қабілеттілігін анықтау баланың денсаулық деңгейін сан жағынан, ағзаның түрлі жүйесінің функционалдық дамуын және бірінші кезекте күшпен қамтамасыз етуін бағалауға мүмкіндік береді.

Футбол ойынындағы дене қуаты қасиеттерін: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділікті дамытудың жолдары төмендегідей болады.

Дене қуаты қасиеттерінің бірі – күш. Күш дегеніміз сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық ет көмегі арқылы оған қарсылық көрсету. Футбол ойыншысына қарсыласын алып ұратындай қарпымды күштің қажеті жоқ, десе де футбол ойнаған кезде көп жұмыс жасайтын қол-аяқ, іш бұлшық еттерінің күштерін дамыту басты орын алады. Төменде футбол ойыншысының күшін арттыруға бағытталған жаттығулар ұсынылады

Аяқтардың бұлшық еттерін дамытатын жаттығулар. Бастапқыда ауыр заттарды көтеріп отыруды және алға аттап отырған қалыпта серіппелі түрде отыруды балаларға ұсыну қажет. Сосын секіртпемен секіруді, гимнастикалық орындық арқылы бір немесе екі аяқпен секіруді, жоғары ілулі тұрған затқа қол тигізу үшін, орынан бір немесе екі аяқпен биіктігі 40-50 см жеңіл кедергіден секіруді іріктеп алған жөн.

Футболшылардың күшін дамуында көбінесе аяқ бұлшық еттерінің күшін дамытуға мін беріледі. Жалпы күшті дамытуда: ауырлық заттарды көтеру (штанга, гир, дискілер), білек күшін жасау, шалқалап жатып кеудені көтеру, жұптасып түрлі жаттығулар жасау, түрлі тренажерлер арқылы аяққа, қолға, ішке, арқа бел еттерінің күшін арттыру, сол арқылы барлық органдардың күштерін дамыту. Ал футбол ойыншыларының әрбірінің атқаратын міндетін де (қақпашы, қорғаушы, шабуылшы т.б.) ескере отырып оларға қажетті күш түрлерін арнайы бағытты түрде дамытуға мән беру керек.

Сурет 1. Футболшының күштерін дамытуға арналған жаттығулар

Футбол ойыншысының күштерін дамытуға арналған жаттығуларын әр күнгі жаттықтырудан кейін жасаған дұрыс.

Жаттығу жасау уақытының арасы алыс және бір жолда өте үлкен жүктеме түсіруге болмайды.

Аяқ-қол еттерінің лайықты дамуы аяқтың талмай жұмыс істеуі мен қолдың ырғақты түрде есіп отыруына күш береді. Ал іш еттерінің күшеюі тыныс алуға дерліктей жәрдемдеседі.

Сурет 2. Футболшылардың қол, аяқ және іш бұлшық еттерінің күштерін дамытуға арналған жаттығулар

Футбол ойыншысының ептілігін дамытуда өте қажетті. Ептілік деп адамның кеңістікте үйлесімді қозғала алуын жаңа күрделі қозғалысты тез меңгере алуын, өзгерген жағдайға байланысты өз әрекетін тез басқаша құра алу қабілеттілігін айтады.

Футболшылардың ептілігін дамыту үшін түрлі гимнастикалық жаттығулар жасаумен қатар доптармен жаттығулар жасауға болады. Оны әр бір жаттықтыру сабақтарында міндетті түрде дамытып отыру керек.

Сурет 3. Футболшылардың ептілік қасиеттерін дамытуға арналған жаттығулардың түрлері

Ептілікті дамыту кезінде біз мынандай үш міндетті орындауымыз керек:

  1. Күрделі қимыл-қозғалыс үйлесімділігі қабілеттілігін күрделендіре отырып жетілдіру.
  2. Қозғалыс әрекетін өзгерген жағдайға байланысты басқаша құра алу қабілеттілігін жетілдіру (спорттық, қозғалмалы ойындар жағдайында).
  3. Берілген қозғалыс әрекетін дәл қайталай алу қабілеттілігін арттыру.

Ептілікті тәрбиелеудің негізгі амалдары: жаңа немесе жаңадан пайда болған элементтері бар спорттық, қозғалмалы ойындар, гимнастика, акробатика жаттығулары. Жақсы үйренген жаттығуларды қайталау ептілікті дамытпайды. Сондықтан мұғалім әрбір дене тәрбиесі сабағында 1-2 жаңа жаттығу немесе бұрын үйренген жаттығудың элементтерін жаңалап үйретіп отыруы қажет. Ептілікті дамыту жаттығуларын сабақтың бірінші жартысында өткізген дұрыс, өйткені оқушы ағзасы болдыра бастағанда ол жаттығулар аз нәтиже береді. Ептілікті бастауыш және орта мектеп жастарында, қозғалыс, көру, есту, дене арқылы сезіну анализаторлары екпінді өсу кезінде дамытқан тиімді.

Сурет 4. Әртүрлі кедергілерден өту арқылы ептілікті дамыту

Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу қабілеттілігін икемділік дейміз. Футбол ойыншысының икемділігінің жеткілікті дамуы да ерекше маңызға ие.

Икемділікті дамыту үшін түрлі жаттығулар жасау керек. Мысалы, шпагатқа отыру, аяқты көлденең толық жазу, созылу жаттығуларын жасау керек. (сурет 5).

Сурет 5. Икемділікті дамытуға арналған жаттығулар кешені

Икемділіктің өсуі буын құрылыстарына; бұлшық еттің, сіңірдің созылымдылығына; көңіл-күйге (жоғары көңіл күй кезінде икемділік артады); бой қыздыруға; сыртқы температураға; тәулік уақытына (12-ден 17-ге дейін ол көп); жасқа (15-16 жаста икемділік көп кезі); күш даму деңгейіне (күш көп адамдардың икемі аз); спорттық мамандыққа және т.с.с. байланысты.

Икемділікті дамытудың негізгі амалы созылу жаттығулары. Ол жаттығулар мынандай түрлерде орындалады: қарапайым созылу, серіппелі созылу, сермеу, дене қалпын ұстау, сыртқы көмектің әсерімен созылу т.с.с. Икемділік жаттығуларын бой қыздырудан кейін сабақтың барлық бөлімдеріне кіргізуге болады.

Адамның жұмысты ұзақ, қарқынын азайтпай орындай алу қабілеттілігін төзімділік деп атаймыз. Төзімділік қасиеті футбол ойыншысының бойында болуға тиісті ең басты қасиет. 90 минут бойы сұрапыл шайқастарды толық жеңіспен аяқтау үшін ұзақ уақыт бойы жұмыс жасауға тура келеді. Бұл үшін төзімділікті жоғары деңгейде дамыту қажет болады. Жұмасына бес күндік жаттықтыру үрдісінің кемінде 2-3 күнін төзімділікке жаттықтыру керек. Әрине, төзімділікке жаттығу үшін белгіленген уақыттар мен қашықтықтарға жүгіру, түрлі қашықтықтарға жүзуге болады.

Төзімділік жақсы дамыған жағдайда футбол ойыншыларының жетістікке жету мүмкіндігі де артады. Бұл барыста ойыншының дене дайындығының жоғарылауымен қатар психикалық жақтан төзімді, асқақ жігерлі болып жетіледі. Төзімділіктіңекі түрі бар: жалпы және арнайы.Жалпы төзімділіктің сипаты спортшының ұзақ уақытқа, жай қарқында, бұлшық ет топтарының көпшілігін қатыстыра жұмыс істей алу қабілеттілігі (жүгіру, шаңғы тебу, ескек есу т.с.с.). Жалпы төзімділіктің физиологиялық негізгі адамның аэробты (тыныс алу деңгейін жоғары дамыту және сол деңгейді ұзақ уақыт ұстап тұра алу қабілеттілігі) мүмкіншілігі.

Жылдамдық дегеніміз адамның белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте жылдам қозғалған әрекеті. Футбол ойыншысы домалап бара жатқан допқа қарсыластарынан бұрын жетуі үшін оның жылдамдық қасиетін дамыту маңызды болады.

Сурет 6. Жылдамдықты дамытуға арналған жаттығулар

Футболшылардың жылдамдығын дамыту үшін мынадай әдістер қолданылады:

  • тұрақты бірдей қашықтықтарға жүгіру;
  • біртіндеп ұзартылған қашықтықтарға жүгіру;
  • біртіндеп қысқартылған қашықтықтарға жүгіру
  • біртіндеп ұзартылған немесе біртіндеп қысқартылған қашықтықтарға жүгіру (100 м х 200 м х300 м х 400 м + 800 м х 600 м х 400 м х 200 м). Сонымен қатар кедергілермен жаттығулар жансауғада болады.

Футбол ойыны доп ойындарының ең бір тамаша түрі. Ол үлкен адамдардың, жасөспірім балалардың барлығы барынша қызығатын дене тәрбиенің бір түрі. Ол адамның денесін шынықтыруда, дене қуаты қасиетін жетілдіруде, адамның күш қайратын асыруда, жігерін шыңдауда, басқалармен өзара сыластық, өзара селбестік қатынастарын дамытуда ерекше рол ойнайды.

Футбол ойыны адамдарды дене жақтан жан-жақтылық шынықтырып, жылдамдық, күш, төзімділік, икемділік, ептілік жақтарынан да, қайсар, зерек, қағылез, мойымас қасиетпен жұдырықтай жұмылып селбесетін ұжымдық рухты жетілдіру жағынан да зор маңызға ие.

Футбол еңбекші бұқараны дене шынықтыру және спортпен тиянақты айналысуға, белсенді демалуға дайындаудың күшті құралдарының бірі.

Спорттық тартымдылығы – бәсекеде. Спорттық жекпе-жек техникалық шеберлікті жетілдірудің тамаша ынталандыру жолы. Ол әркімге күрес қуанышын сыйлап, әсіресе жасөспірімдерді қызықтырады.

Жарысты ширақ ұйымдастыру, салтанатты түрде өткізу, жеңімпаз командаларды наградтау, құрметті жүлдегерлерді сарапқа салу осының бәрі ойынды халыққа әйгілеуге көмектеседі.

Біз осындай бір тамаша дене тәрбие ойынының онан ары кемелдене, толықтана түсетініне, қоғамдағы тәрбиелік маңызының онан ары жоғарлап, тіпті де жоғары сатыға көтеріле беретіндігіне кәміл сенеміз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Чумаков П.А. Спортивные и подвижные игры.– М.: ФиС, 1999.
  2. Уанбаев Е.Қ, Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі. – Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2006.
  3. Ашмарин Б.А. Теория и методика педагогических исследований в физическом воспитании. – М.: Физкультура и спорт, 1978.
  4. Бабушкин В.З. Подготовка юных футболистов. – М.: Физкультура и спорт, 1985.
  5. Чумаков П.А. Футбол. Учебник для институтов физической культуры. – М.: Физкультура и спорт, 1988.
  6. Башкин С.Г. Футбол: поурочная учебная программа для ДЮСШ, Уроки по баскетболу. – М.: Физкультура и спорт, 1996.
  7. Бондарь А.Н. Учись играть в футбол. – М.Физкультура и спорт, 1986.
  8. Гомельский А.Я. Футбол: секреты мастерства: 1000 футбольных упражнений. – М.: Физкультура и спорт, 1997.
  9. Грасис А.М. Методика подготовки футболистов разрядников. – М.: Физкультура и спорт, 1962.
  10. Грасис А.М. Специальные упражнения футболистов. – М.: Физкультура и спорт, 1967.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.