Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жас тоғызқұмалақшылардың техникалық-тактикалық дайындықтарын дамытудың тиімді жолдары

Қазіргі заман талабына сәйкес дене тәрбиесі және спорт саласында ұлттық ойындар мен спорт түрлерін ұтымды қолдана білу жолдарын қарастыру, тарих толқынында жоғалған, шеттетілген, ұмытылған дәстүрлі ұлттық ойын-дарымызды халқымыздың мәдени, рухани құндылықтары негізінде қайтадан қалпына келтіру де осы жұмыстың өзекті тақырыбы болып саналады.

Тоғызқұмалақ– әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын рухани ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл өнердің басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш қарайтынына осы ойынның өзі де дәлел бола алады. Жасөспірімнің дене күшінің мол болуымен қатар, ақылды болуына да көп мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тапқан.

Жоғарыда айтылғандай, жастар үшін математиканың үйрену мектебі бола алатын “Тоғызқұмалақ” ойыны әрі ұлттық мұра болып табылады. Олай болса, біздің мақсат та осы бір асыл қазынаны жерде қалдырмай, қолдан-қолға таратсақ, халқымыздың өнерін өзге республика көлеміне де жеткізсек деген ойдан туып отыр.Себебі, еліміздің қай ұлты мен халқының өнері болса да бір біріне де жаттығы жоқ. Ал “Тоғызқұмалақ” ойынын мұндай дәрежеге көтеру үшін әуелі өз республикамыздың жастары мен басқа да талапкерлері арасында кең таратуға тиіспіз. Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз. Ата бабаларымыз ойнаған тастан жасалынған тақтасы осы күнге дейін сақталған. Сонымен қатар ағаштан жасалынған әріптік тақтаның көрінісі Т. Сұлтанбековтың кітабында төмендегідей берілген (Сурет 1).

Сурет 1. Тоғызқұмалақтағы әріптік тақтаның үлгісі

Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегі кесте 1-де көрсетілді.

Кесте 1. Тақтаның жазу үлгісі

Берілген диаграммада бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері, қазандағы құмалақтар саны үнемі төменгі жағында орналасады.

Жүріс жасау ерекшеліктері. Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.

Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен бар құмалақтарды қолға алып, біреуін орнына қалдырып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамызЕгер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.

Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп, тақ қылса құмалақ ұтып алынбайды. Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады. Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.

Кесте 2. Жүріс реттерінің үлгісі

  1. Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.
  2. Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.

Тұздық алу ережесі. Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – «тұзды үй», қазіргі тілде – тұздық деп атайды.

Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек. Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады. Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады. Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде –

X. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.

Кесте 3. Екінші жүрістен кейігі есептері

Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайдыСонда төмендегі жағдай қалыптасады.

Кесте 4. Бірнеше жүрістен кейігі ойын жағдайы

Ендігі кезде бүкіл ойын барысында

№7 отау – қостаушының меншігіне айналады.

  1. Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
  2. Тұздық аттас отаулардан алынбайды. Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ. «Атсырау» ережесі. Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды.

Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.

  1. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – асырау деп аталады.
  2. Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы:

Кесте 5. Тұздық алынғаннан кейінгі ойын жағдайы

Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады. Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға саладыҚостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:

Кесте 6. Қостаушы ұтқан ойын өрнегі

Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді. Есеп 76-86. Қостаушы ұтты.

3 Егер «атсырау» жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақ тар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді. Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс.

Ойын ережелерінің танымдық мәні. Әрине, бұл ережелер бірден қалыптаса қойған жоқ. Уақыт талқысына ұшырап, өзгеріске түсті. Кейде шарттылыққа (№9 отаудан тұздық алмау) да ұрынды, кейде кейбір ережелерді (мәселен, қоздату) алып тастауға да тура келді. Бірақ ойынның қазіргі нұсқасының қалыптасуына да көп уақыт кетті және республикалық деңгейде мойындалып, негізгі ережеге айналды. Сонымен катар жоғарыда айтылған ережелердің әрқайсысын қабылдаудың өзіне қаншама ғасырлар кетсе де әлі күнге дейін осы ережелердің танымдық мәні арнайы қарастырылмай отыр. Көне түркілік дүниетаным, салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен байланысты жақтары жеткілікті дәрежеде сөз етілген жоқ.

Отауға бір құмалақ қалдыру. Шетелдік басқа қозғалыс ойындарынан ұлттық ойынның тағы бір ерекшелігі – жүріс жасағанда отауға бір құмалақ қалдыру. Бұл ереже түркі халықтарының дәстүрлі ұғымындағы «қара шаңырақты» сақтап қалу сеніміне байланысты шыққан болуы керек. Ата-ана әркашан кенже ұлды немесе сүйікті ұлдарының бірін қолына қалдырып, үрім-бұтағы жұрттың орнын жоғалтпай қара шаңырақтың иесі болып отырған.

Жұптың табысты болуы. Тоғызқұмалақ ойынындағы ұтып алынатын құмалақтар санының жұп болып келуі – дәстүрлі дүниетаным аясында қызықты болжамдар жасауға негіздейді. Көне түркілік дәстүрлі ұғымда бабаларымыз аспанды – әке, жерді ана деп санаған. Немесе Нұх пайғамбардың кемесінен түскен жан-жануарлардың жұп-жұбымен түсіп, тіршіліктің әрі қарай жалғасуына баспалдақ болғаны белгілі. Сонымен қатар ғалым Қ. Сартқожаұлы «Екі негіз» ұғымы туралы қызықты пікір айтады: “Екі негіз ұғымы байырғы түркілердің әлемді түсіну философиясы. Көне түркілер пайымында әлем – аталық пен аналықтан тұрады. Аталықтың көктегі символы – күн, аналықтікі – ай, жердегі символы – тау, аналықтың символы – су» және

«Түркілер «екі негіздік» дүниетанымды ұстана отырып, түркі әлемінің барлық бітімболмысын осы жұптық жүйеге негіздейді. Түркілердің мемлекеттік жүйесіндегі төлес пен тардуш (сол және оң қанат); басқару жүйесіндегі явғу мен шад; қоғамдағы иерархия; моральдық нормадағы бод пен ұмай, күйдегі қос ішек, әдебиеттегі (поэзиядағы) қос ұйқас (ежелгі түркі өлеңі қос жолдан құрылған); сурет өнеріндегі аталық және аналық символдар; ауызекі сөйлеу жүйесі және графика жүйесіндегі дыбыстың сингармонизмі мен консонантизмі т.с.с.». Бұған тоғызқұмалақ ойынындағы «жұп» мәселесін қосуға да болады. Әрине, «екі негіз» ұғымы әлі де тереңдей зерттеуді қажетсінеді, бірақ жұптасып өмір сүрудің өзі табиғи түрдегі – табысқа жетудің жолы екенін бабаларымыз ерте кездерден пайымдаған. Мәселен, тек қана «бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деген қанатты сөздің өзі осы дәстүрлі дүниетанымнан алыс кетпейді. Ал калах және оған ұқсас ойындарда табысты жүріс үшін жалғыз құмалақ жеткілікті. Ал түркілік дүниетанымда «жалғыздың үні шықпас»«жалғыздық құдайға ғана жарасқан» деп жалғыздық мәселесіне оң шырай танытпаған.

Тұздық алу ережесі.Тоғызқұмалақтан басқа ойындарда кездеспейтін қызықты ерекшеліктердің бірі – тұздық ережесі. Мәселен, калахта тұздықтың орнын қазан атқарадыОсы ойындағы арнайы тұздықтың болмауы, әр өткен сайын өз қазаныңа бір құмалақ салып отыру да – ойынның тез бітуіне де әсер етеді. Ал тоғызқұмалақты тұздықсыз елестету қиын. Ойын да көбінесе тұздықтар тартысына құрылады. Сонда тұздық ережесі қалай пайда болды?

Түркі халықтары діни сенімінде ерте кезден Тәңірге табынған және оның ризашылығы үшін құрбандықтар берген. Құрбандықтар жаратушы иеге, Ұмай анаға, аруақтар әлеміне ризашылықпен шалынып отырған. Олар осы киелі күштердің жебеп, қолдап жүретіндеріне сенген. Міне, ұлттық ойындағы тұздық алынған отауға жүріс жасаған сайын бір құмалақтың салынып отыруы (сапарға шығу алдында Тәңірге құрбандық шалу) – осы құрбандық беру ғұрпын елестетеді.

Тұздықтың ойында бір рет алынуы. Тұздық ойында бір-ақ рет алынады. Шахматта 8 жаяу әскердің сегізі де уәзірге айнала алса, ұлттық ойында ондай мүмкіншілік жоқ. Бұл ереженің қалай шыққаны туралы мәліметтер жоқтың қасы. Сонда да болса осы ерекшелік арқылы құрбандық шалу салтына қатысты ойларымызды тереңдете аламыз.

Ежелгі сақтар болсын, ғұндар болсын құрбандыққа ақ боз ат шалатын болған және осы арқылы жолымыз оңғарылады деп сенген. Ал құрбандыққа шалынған аттың бұл дүниемен қоштасып, аруақтар әлеміне баратыны белгілі. “Халықтар арасында жалпы жаратылысты тігінен алғанда Жоғарғы әлем – Тәңірлер әлемі, Ортаңғы әлем – Адамзат әлемі, Төменгі әлем – аруақтар әлемі деп үшке бөлген” . Сондықтан болса керек, тоғызқұмалақ ойынында тұздық – отауда 3 құмалақ болған жағдайда ғана алынады. “Тұздық” деген сөздің негізгі мағынасы да – “тұзды үй” дегенді білдіреді, яғни “тұз-дәмі таусылатын орын”. Ал аруақтар мекен ететін орын бір ғана – аруақтар әлемі. Маңдайдан және аттас отаулардан тұздықтың алынбауы. Шахмат және дойбы ойындарында тек сегізінші шаршыда ғана уәзірге шығуға болады немесе би алуға мүмкіндік беріледі. Тоғызқұмалақта тұздықты кез келген отаудан алуға болады. Яғни бұл мәселеде көшпелілік пен еріктілік сипаты бар отаудан алуға болмайды, бірақ бұл кейіннен шыққан ереже.

Бұл өзгеріс қай кезеңде болғаны белгісіз. Түркілік кезеңде ме, әлде қазақ хандығы дәуірінде ме? Қазақы дүниетанымда маңдайың ашық болсын деген ұғым бар. Міне, осы түсінік – тоғызқұмалақтағы №9 отаудан тұздық алмау ережесіне жақын келеді. Көнедегі тәжірибелі ойыншылар – маңдайдан тұздық алу, ойында ұтылумен парапар деп есептеген. Ал аттас отаулардан тұздық алмау сыры – ойынның даралығын, құндылығын арттырудан туындаса керек.

Атсырау ережесі және соңғы жүріске мүмкіндік беру.Атсырау ережесі – халқымыздың адамның өмірден өтуіне байланысты «дәм-тұзы» таусылды мағынасына келетін секілді. Өйткені атсыраудың – өзі жүріс сұрау, ат сұрау, күш сұрау. Күші таусылған, демі таусылған пенде өмірден өтеді. Ондай кезде оның барлық иелігі жарық дүниеде қалып, басқа біреулердің меншігіне өтеді. Оның өзіне тиесілі еш нәрсе қалмайды. Тек осы уақытқа дейін жинаған абыройы (тоғызқұмалақта қазандағы құмалақ мөлшері) ғана қалады. Сондықтан атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы қосымша бір жүріс жасап, барлық отауларындағы құмалақтарды өз қазанына салып алады.

Тоғызқұмалақ ойынының негізгі техникаларын үйретудің тиімді жолдары. Өте қызықты әрі терең ойлауды талап ететін, халқымыздың даналығын көрсететін ұлттық ойындардың бірі тоғызқұмалақ. Халқымызбен бірге жасап келе жатқан тоғызқұмалақ ойыны қазіргі Республикамызда кең тарап, дамып, жетіліп келеді. Көшпелі халықтың өмірінде бүтін сандардың төрт амалын есептеп шығару осы тоғызқұмалақ ойыны арқылы қалыптасқан. Сондықтан да бұл ойын «малшы математикасы» деп аталған. Шындығында, бұрын далада кездесе кеткен екі малшы осы ойындағы «қазан» мен «отаудың» орнын жерді оя қойып, дорбаларында жүрген қойдың кепкен 81 құмалағын әр отауға тоғыз-тоғыздан бөліп салып, бірден ойнай беретін болған.

Тоғызқұмалақ ойыны қай кезде шығып, қалай қалыптасқаны қазірше белгісіз. Ал, негізінде Қазақстан жеріндегі жартастардың немесе төбенің үстіндегі тегіс тастың бетіне ойып салынған тоғызқұмалақ тақтасы бейнесінің қазірге дейін сақталуы бұл ойынды халқымыз көне замандарда - ақ ойнағанын аңғартады. Мәселен, Қаратау қаласына таяу, жердегі Ақшұңыр деген тас төбенің үстіне тоғызқұмалақтың атаулары мен қазандары қашап ойылған. Бұл тақтаны қай кезде кім ойып жасағаны әлі белгісіз. Ал жасау мақсаты, әрине, белгілі. Өйткені малшылар Ақшұңыр тас жотасынан төңіректегі малды қарай отырып, төбенің үстінде тоғызқұмалақ ойнаған. Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы Тарбағатай тауының Сайқан жоталарындағы Қоржынбай жайлауының етегіндегі жартастарға да ойып салынғаны белгілі болып отыр.

Осындай тарихи деректерге сүйеніп, тоғызқұмалақты көшпелі қазақ халқының өмірімен бірге жасасып келе жатқан оның ұлттық ойындарының бірі деп толық айтуға болады.

Тоғызқұмалақ ойынының өзіне тән басты ерекшелігі ол аса күрделі жабдықтарды қажет етпейді. Сондықтан да ертеректе ойыншылар кездескен бетте жерден кішкентай шұңқырлар қазып, ойың таң тасын дайындай қойған. Барлық құмалақты салатын шұңқырды қазан, тоғыз-тоғыздан құмалақ салатын шұңқырды отау деп атаған.

Тоғызқұмалақ ойынының көп жабдықты қажет етпейтін қарапайым болуы оның халық арасына кеңінен тарауына мүмкіндік берген. Бүл ойынның тағы бір ерекшелігі – тоғызқұмалақты екі ойыншы ғана ойнап қоймай, оның көптеген қызықтаушы жанкүйерлі де болады. Мәселен, бірнеше адам жиналған жерде екі адам ойнаса, қалғандары солардың жанкүйерлері ретінде екіге бөлініп, қызықтап қарап отырған. Былайша айтқанда әр ойыншының жақтас жанкүйерлері болған. Тіпті, мықты ойыншылар басқа ауылдардағы өзі сияқты ойыншыларды іздеп барып ойнағанда да жанкүйерлері, ақыл кеңес беретін адамдары бірге ілесіп жүрген.

Тоғызқұмалақ ойынын оңнан солға қарай, яғни, сағат тілінің бағытына қарсы жүреді. Құмалақ салынған тоғыз отаудың әрқайсысының өзінше атауы бар: сол жақтағы шеткі, яғни, бірінші отау – «таңдық», екіншісі – «көшпелі», үшіншісі – «атөтпес», төртіншісі – «атсұратар», бесіншісі – «бел», алтыншысы – «белбасар», жетіншісі «қандықақпан», сегізіншісі – «көкмойын», тоғызыншысы – «маңдай». Әр отауды осылай деп атаудың өзіндік тарихи себебі бар, яғни, ойынның ойналу процесі толығынан осы отау аттарына негізделген. Мәселен, ойын басталғанда алғаш жүрген адам «қандықақпан» десе, ол-жүрісін жетінші отаудан бастағанын хабарлағаны. Енді қарсыласы жүрісті жалғастырып, «бел» десе, қарсылас ойыншы оның жүрісті қай отаудан бастағанын біліп, соған қарсы жүруге кіріседі.

Ойын тақтасы кейіннен ағаштан жасалып, әр отау солдан оңға қарай а, ө, б, г, ғ, д, е, ж, з – әріптерімен белгіленеді. Алайда бұлай белгілеу ойынды жасу процесінде қиындық туғызатындықтан, 1970 жылдан бері қарай 1-ден басталатын тоғыз цифр қолданылатын болды. Бұл математикалық есептеу тұрғысынан ойынның есебін шығаруға,жүрісті анықтап, тезірек шешім қабылдауға қолайлы болды.

Кейінгі кезде тоғызқұмалақ ойынын тек қазақтар ғана емес, республикада тұратын басқа да үлт өкілдері көптеп ойнай бастады. Мысалы, Ақмола ауылшаруашылық институтының оқытушысы Д.С. Поляков алғашқы республикалық жекелей біріншілікте үлкен шеберлік көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды.

Қазіргі кезде тоғызқұмалақ ойынының республикалық федерациясы бар. Онымен қоса республика біріншілігінің және республика аралық жастарды, жеңімпаздарына «Қазақстан спорт шебері» деген атақ беріледі. Тоғызқұмалақтан республиканың жекелей біріншілігімен қоса командалық жарыста өткізілетін болды.

Ойын ережесі. Тоғызқұмалақ тұтасының отауларына тиісті құмалақтар салынып дайын болған соң, төреші ойынның басталғандығын хабарлайды. Алғашқы жүрісті жеребе бойынша анықталған ойыншы бастайды. Есте болатын көрсе: алғашқы жүрісті ойыншы тоғызыншы отаудан бастауына болмайды, басқа отаулардың кез келгенін бастап жүре беруге ерікті.

Жүрісті бірінші болып бастаған ойыншы өзі «осыдан жүрген дұрыс» деп есептеп отауда бір ғана құламаң қалдырады да, қалған құмалақтарды сол жүрген отаудан кейінгі ден бастап бір-бірден салып шығады. Ең соңғы құмалақты қарсыласының тоғызқұмалағы бар отауына салып, сол отаудан он құмалақ алады да, өз қазанына апарып салады. Демек, ойын ережесі бойынша қарсыласынан құмалақ алу үшін оның ең соңғы тақ құмалағын өзінің бір құмалағымен жұптап, өз назына салып қояды. Әдетте, қарсылас ойыншылар ойын барысында өздерінің отауларындағы құмалақтарды жұп күйінде ұстап отыруға ұмтылады. Ойыншылардың мұндай жағдайдағы отауы «жабық отау» деп аталады. Ойын барысында әр ойыншы өз қарсыласының отауларындағы құмалақтар санын тақ жасауға тырысады. Демек, саны тақпен аяқталған отау «ашық отау» деп аталады.

Ойынды жазу жүйесі. Тоғызқұмалақ ойынының барысы шахматтағы сияқты басынан аяғына дейін жазылып отырады. Мысалы, 711 саны жазылса, ондағы атаудың реттік саны да, 11-сол отаудағы құмалақ саны. Енді осы саннан кейін сызықша арқылы қарсыланғың жүрісі жазылады. Мұнда да отаудың реттік санын соло таудағы құмалақ саны жазылатын болады. Сонда бірінші жүріс шамамен былай болып шығады: 711– 815 815 – қарсыластың жүрісі. 15 құмалағы бар 8-отаудан басталған жүріс.

Екінші мысал. Ойыншылардың екінші жүрісі 69-55 болды делік. Мұндағы 6-бірінші жүрген ойыншының отауының реттік саны да, 9-отаудағы құмалақ саны. Бірінші 5-екінші жүрген ойыншының отауының реттік саны да, бесінші 5-сол отаудағы құмалақ саны.

6 Жүріс ережесі. Ойын барысында ойыншы қарсыласының келісімісіз құмалаққа қол тигізуіне болмайды. Егер ойыншының біреуі құмалаққа қолын тигізуіне тура келіп жатса, құмалағымды реттеп санаймын деп қарсыласына ескерту міндетті. Егер де ескертусіз бір отаудағы құмалаққа қол тигізсе, сол отаудан жүріс жүруге тиіс болады. Әдетте, ойыншы құмалағын ұстаған отаудан жүруі керек. Ал қарсыласының құмалағына қол тигізуге ешқайсысының да қақысы жоқ. Бұл ережелер ойын басталар алдында ойыншыларға қатаң ескертіледі.

Ойынды жеребе бойынша бірінші жүру кезегіне ие болған ойыншы бастайды. Екі ойыншы да жүрген жүрістерін қағазға жазып отырадыОйын барысын жазу кезінде, айталық, жүрген ойыншының отауында қанша құмалақ қалғандығын қарсыласы сұрап білуіне ерікті. Ойын соңында жеңіске жету үшін қазанына міндетті түрде 82 құмалақ жинауы керек. Ойынның тен аяқталуы сирек кездесетін жағдай. Тек ойын барысында екі ойыншы бірдей тұздық алғанда ғана ойын тең аяқталуы мүмкін. Ойын ережесі бойынша осы ойында жеңген ойыншыға бір ұпай, тең ойынға жарты ұпайдан беріледі. Ал ұтылған ойыншыға ұпай берілмейді. Жарыс қорытындысын шығарған кезде ұпай санымен қоса міндетті түрде құмалақ саны қоса жазылады. Мәселен, ұтса -82-80, тең түссе, 0,5 81 0,5

81 деп жазылады.

Тоғызқұмалақ этюдтері – ойын соңында туындайтын, жеңуді немесе тең ойнауды міндеттейтін қызық та, күрделі шығармашылық сала. Ә. Ақшораев бұл туралы: “Демек, этюдтерді құрудың және оны шеше білудің өз алдына жеке заңдылығы бар, әр этюдтер ойынды табысты аяқтауға машықтандыру болып табылады” – дейді. Шынында этюдтер шебер ойыншылардың тәжірибелерінен алынады және ойын соңын дұрыс аяқтауға әсер етеді. Мысалы, жарыс барысында қарсыластардың бірі уақыттан қысылып, тез-тез жүріс жасауға мәжбүр болады. Ал осы кезде тақтадағы жағдайына сәйкес келетін этюдтің шешімін білетін ойыншы ұтысқа барар жолды тез табары анық.

Тоғызқұмалақ этюдтеріне арналған жеке еңбектер жоқтың қасы. Ал бұл уақытқа дейін жарық көрген этюдтердің өзін санамалап көрсетуге болады. Бұл бағытта марқұм Ә. Ақшораевтың еңбегін атап өткен ләзім. Сондықтан тоғызқұмалақ ойынының өзіндік ерекшеліктерін бергенде, оның ішінде этюд саласы болуы да міндетті.

Алдарыңызға ұсынылған этюдтердің шешімі де берілген. Бірақ оны ойыншылардың өзі алдымен шешіп, одан кейін шешімін тексеріп көрсе, шеберлік деңгейі қаншалықты дәрежеде екенін байқауына болады.

Кесте 7. 1 этюд диаграмма. Жүріс бастаушыдан. Тең ойын

Кесте 8. 2 этюд диаграмма. Жүріс және ұтыс бастаушыдан

Міне осындай ойын этюдтарын жетік меңгерген жас тоғызқұмалақ ойыншысының кез-келген қиын жағдайдағы ойыннан сәтті шығып, жеңіске жете алатындығына сенеміз.

Бүгінгі күннің басты талабы әр халықтың мәдени мұрасының асылын жаңа заманның ағымына бейімдеп, жоғалтпай пайдалана білу. Сондықтан қолымыздағы қымбат қазынаны заман талабына сай, бүгінгі таңдағы өрелі өміріміздің биік талғамына лайық жетілдіре түсу біздің борышымыз. Жоғарыда айтылғандай, жастар үшін математиканың үйрену мектебі болаалатын “Тоғызқұмалақ” ойыны әрі ұлттық мұра болып табылады. Олай болса, біздің мақсат та осы бір асыл қазынаны жерде қалдырмай, қолдан қолға таратсақ, халқымыздың өнерін өзге республика көлеміне де жеткізсек деген ойдан туып отыр.

Себебі, еліміздің қай ұлты мен халқының өнері болса да бір біріне де жаттығы жоқ. Ал “Тоғызқұмалақ” ойынын мұндай дәрежеге көтеру үшін әуелі өз республикамыздың жастары мен басқа да талапкерлері арасында кең таратуға тиіспіз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Тілеубаев С.Бизақов С. Тоғызқұмалақ әліппесі. – Алматы, 2000. – 223 б.
  2. Ақшораев Ә.Жүнісбаев Н. Тоғызқұмалақ. – Алматы: «Мектеп», 1980.
  3. Тілеубаев С.Жақапбаева А. Тоғызқұмалақ нұсқалары. – Алматы, 2000.
  4. Иманбаев Е.Ә. Тоғызқұмалақ – халық-аралық сайыс. – Алматы, 1977. –
  5. Ақшораев Ә. Тоғызқұмалақ. – Алматы: «Жалын», 1983. – 59 б.
  6. Жалымбетов Ө. Айгөлек. – Алматы: «Қазақстан», 1975. – 34 б.
  7. Балғамбаев М. Қазақтың ұлттық спорт түрлері. – Алматы: «Мектеп», 1985. – 234 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.