Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ерік-жігер күші және оның спорттағы маңыздылығы

Адам спорттық іс-әрекеттің субъектісі ретінде төрт категория арқылы сипатталады: ерік-жігер – ойлау – аффект – қабылдау. Спорт іс-әрекеттің субъекттісін осындай қызметтік тұрғыдан сипаттаған орынды, өйткені іс-әрекетте спортшы өзін саналы әрекет етуші, мақсаттарға жетуге бағытталған субъект ретінде көрсетеді.

«Адам» жүйесінде субъектіне күшқуат категориясы сәйкес келеді. «Іс-әрекет субъектісі» деген түсінікке кіші жүйедегі «ерік» түсінігі сәйкес келеді. Сонымен, ерік-жігер спорттық әрекетке қатысты күшқуат ықпалы ретінде анықталады. Жарыстардың қиын жағдайларында спортшының тұрақтылығы оның ерік-жігер қасиеттерінің даму деңгейіне тәуелді.

Ерік-жігер әрекеттерінің құрылымы күрделі. Ерік-жігер әрекеті еріктік әрекетке ұмтылыстан басталады, өзін қанағаттандыруды талап ететін қажеттілікті саналы түрде түсінуден және сондай қанағаттандыруда пайда болатын кедергілерді саналы түрде түсіну маңызды. Мұндай тұсіну осы қажеттілікке сәйкес келетін эмоционалды күймен қатар жүреді.

Одан әрі әрекет мақсатын елестету маңызды болады. Мақсат жоқ болса, әрекет өзінің ырықтығын жоғалтады, мақсатқа бағытталмаған болады. Содан кейін анықталған мақсатқа жетудің тәсілдері туралы түсінік болуы қажет. Тәсілдер туралы анық көзқарас болмаса, еріктік әрекет жүзеге аспайды. Осы негізде бұл әрекетті жүзеге асыруға ниет пайда болады. Ол жоқ болса, әрекет, мақсат пен тәсілдерді анық болғанына қарамастан орындалмай қалады. Еріктік әрекеттерге саналы түрде шешім қабылдау тән.

Одан кейін еріктік күш салу керек, ол екіжақты көрінеді: орындалып жатқан әрекетке толық зейін аудару және өзін әрекетке жұмылдыру немесе кедергілер пайда болатын болса, әрекеттен бас тарту. Кедергілерді жеңіп шығуға бағытталған еріктік күш салу үшін өмірлік сенімдер мен адамгершілік мінез-құлық ережелері маңызды.

Сонымен, ерік-жігердің күш-қуатының негізінде құндылықтар жатыр. Парыз сезімі, жауапкершілік, жағымсыз эмоцияларды бәсеңдете білу қабілеті, қорқыныш сезімін басу, бастаған істі аяғына дейін жеткізу әдеті және басқа еріктің көріністері тәрбиелеу барысында қалыптастырылады.

Еріктік әрекет қабылданған шешімді орындаумен аяқталады. Ю.Я. Горбунов төрт түрлі спортшылардың еріктік белсенділігін зерттеген: боксы шар, акробаттар, коньки тебушілер, жеңіл спортшылары, СШК, спорт шеберлері болды, барлығы 114 адам. Спорт түріне тәуелсіз түрлі стильдегі дәл осы спорттық белсенділік адамның әр деңгейдегі сипаттамаларын біртұтас құрылымға келтіретіні анықталды. Ақын айтқандай: «Сезімдер мен ақыл-ойына қажымас ерікпен кісен салған ғана жоғары шыңдарға жетеді». Зейін – бұл танымдық үрдістерді бақылау, ал ерік – бұл зейінді бақылау деп кездейсоқ айтылмаған.

Спорттағы мамандандырылған қабылдау. Іс-әрекет субъектісі құрылымында қабылдау кеңістік категориясына сәйкес келеді. Шынымен де объектінің қабылдануы ең бірінші оның кеңістіктегі орнын анықтау болып табылады, объект субъектімен бір сенсорлық перцептивтік аясында болғанда оны бейнелеу.

Спортта қабылдаудың ерекшелігі

«мамандандырылған қабылдау» түсінігі арқылы анықталады. Ол нені білдіреді?

Біріншіден, спортшының зейіні ең алғашқы қимыл-қозғалыстың техникалық тұрғыдан дұрыс орындалуына, бұлшық ет сезіміне бағытталған болады. Осыған байланысты сыртқы заттарды (мысалы, қырлы бөренелерді) қабылдау екінші кезекте болады. Әсіресе, бұл гимнасттарда айқын байқалады.

Екіншіден. Спорттық ойын түрлеріне шеберліктің дамуымен қатар қабылдаудың көлемі артады. Бұл жағдайда З.П. Ананьев және М. Рыбинцева ұсынған үстел теннисінде қимыл-қозғалыс іс-әрекетінің ырықты реттелуін зерттеуге арналған сұрақтамалардың мысалында дәлелдейік.

    1. Ойын кезінде доптан басқа нені көресің (неге қарайсың?)
  • еш нәрсе көрмеймін – 10 ұпай
  • тек қарсыластың ракеткасын көремін – 20 ұпай
  • қарсыластың орналасқан жерін – 30

ұпай

  • қарсыластың басын, иығын көремін

40 ұпай

қарсыластың орналасуын, ракеткасын, иығын көремін – 50 ұпай

өзіне ұшып келе жатқан допты қай сәтте көресің?

қарсыластың ракеткасынан ұшқан сәтте 30 ұпай

торға келгенде – 20 ұпай

үстелдің мен жағындағы бөлігінде – 10 ұпай

допты қайта лақтырғанда қарсыластың орналасуын ескересің бе?

ешқашан қарамаймын – 10 ұпай

кейде қараймын

әрқашан қараймын – 30 ұпай

Бұл жерде ұпай арқылы шеберліктің дамуымен қатар жүретін қабылдау барысында зейін көлемі бағаланады.

Үшіншіден, әр спортқа тән спортшының өзіндік ерекшеліктері болады. Мамандандырылған қабылдау сұрағы әдетте спортшыларды техникалық дайындау мәселесі шеңберінде қойылады. Техникалық дайындаудың негізгі формасы болып жаттығу, үнемі болатын дене шынықтыру сабақтары және спорттық техникалық жетістіктері саналады. Спорттық жаттықтыру міндеттеріне талаптардың артуына ағзаны бейімдей, күштің, төзімділіктің, ептіліктің дамуы, анық үйлестірілген қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, техниканы меңгеру енеді. Физиологиялық тұрғыдан бұл кезде ми жарты шарының қыртысындағы қозу мен тежелу үрдістері арасында қажет байланыстар орнатылып, жүйке үрдістерінің динамикалық стереотипті қалыптасады.

Спорттық тәжірибеде мамандандырылған қабылдау жүзушілерде «суды сезіну», боксы шыларда «дистанцияны сезіну», жүгіргіштерде «уақытты сезіну», теннисшілерде «допты сезіну» түсініктері арқылы анықталады.

Мысалы «суды сезіну» деген не? Бұл суда қозғалғанда оның қарсыласуын жіктелген кинетикалық қабылдау. Оған судың қысымы және сумен жанасу сезімі қосылады.

«Уақытты сезіну» қимыл-қозғалыстардың бірізділігі және дер кезінде орындалуы. Жүру, жүгіру, шаңғымен жүру. Жүзу, ескек және тағы да басқа спорттың айналымдық түрлерінде «ырғақты және шапшаңдықты сезіну» қажет. Бұл атқарылатын қимыл-қозғалыстардың бұлшық еттің шапқандығын сезіну және олардың бірізділік ауысуының жылдам жығын сезіну, сонымен қатар бұлшық етте болатын күш салуын айыра білу және айналадағы заттардың бірізділікпен ауысып отыратын бейнелерін қабылдау (жылдамдықты қабылдау).

«Допты сезіну» бұл доптың салмағын, қаттылығын, серпімділігін, тебу күшін, ұшуының жылдамдығын, биіктігін, айналу барысында ілінісуін қабылдау, сезіну болады. Жалпы айтқанда, спортта мамандандырылған қабылдау – көптеген түйістердің синтезі, жас спортшыға дәл осындай синтез жетіспейді, оның епсіз қимылдары қабылдау объектісінің жекелеген белгілері негізінде реттеледі. Сондықтан мамандандырылған қабылдау қимыл-қозғалыс дағдыларын, қимыл-қозғалыстарды орындау әдістерін меңгеруде дұрыс дағдылану үшін қажет. Қимыл қозғалысты білім негізінде қалыптасатын икемділік ретінде және жетілдіру дәрежесін, дәлдігін, қатесіздігін ескере отырып, дағды ретінде талдауға болады. Егер икемділік ретінде қарастыратын болса, онда спортшы қимылқозғалысты орындайды, бірақ сапасы төмен болады, мысалы, ол шаңғымен жүретін болса, баяу жүретін болады. Ал дағды қимыл қозғалыстың жылдамдығы бойынша бағаланады. Егер дағды қалыптасса, онда қимыл-қозғалыс тез, тиімді, тұтас орындалады.

Дағды бұл жаттығу негізінде белгілі бір кемеліне жеткізген тұтас қимыл – қозғалыс, тез, дәл және тиімді, жоғары сапада және сандық нәтижеде орындалады.

Қимыл қозғалыстық дағдылардың қалыптасуының келесі кезеңдері бар:

  • көру қабылдау негізінде;бұл кезеңде қимыл-қозғалыста көп қателер байқалады;
  • көру – бұлшық ет түйсіктері негізінде; бұл кезеңде қимыл-қозғалыс дәлірек орындалады;
  • бұлшық еттегі түйсіктер негізінде, бұл қимыл-қозғалыстарды тез, дәл, тиімді және тұрақты орындауға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл кезеңде дағды шарттары өзгерген кезде, өзгеріп отыруға бейімделген икемді болады.

Жаттығу – қимыл-қозғалысты жетілдіру мақсатымен қайталап орындау.

Қимыл қозғалысты бағдарлайтын бейне қандай болса, қимыл-қозғалыстың қзі де сондай болатынын атап көрсету маңызды. Қимыл-қозғалыс санада болатын қимыл-қозғалыстың ойша бейнесі, оның «идеясы» ретінде басталады. Осындай ойша бейне кейін ағзаның орындаушы бөлігіне (бұлшық ет, буындар т.с.с.) ауысады. Бұл жерде қимыл-қозғалыс орындалады.

Ұлы орыс физиологы И.М. Сеченов өзінің «Рефлексы головного мозга» атты кітабында адам белгілі бір қимыл-қозғалыс туралы ойлаған кезде ырықсыз оны орындайтыны туралы айтады. Тіпті адам жай бір нәрсе туралы ойланса, бұлшық еттерде микро қысқартулар болады екен.

Қимыл-қозғалыстарды ойша қысқартулар бұлшық ет талшықтарында болар болмас қысқартулар мен босаңсуларды туындатады. Көзге бұл микро үрдістер байқалмайды. Бірақ олардың шындығында бар екенін дәлелдеу үшін тәжірибе жасауға болады. Тәжірибелі спорт психологы А.В.

Алексеевтің тәжірибелік жұмысының мысалына сүйене отырып, осы механизмнің қалай қолданылатынын көрсетейік.

Ұзындығы мөлшерлеп алғанда бір метр болатын жіп алыңыз, соңына аздаған жүкті байлаңыз (мысалы, сақина), басқа жағын негізгі қолыңыздың (оңқаларда оң қолы, солақайлар сол қолы) сұқ саусағыңызға орап алыңыз, саусақ пен жүктің арақашықтығы 70-80 см, болатындай болсын. Қолыңызды иығыңыз деңгейіне дейін созып, жүкті бір қалыпқа келтіріңіз. Ілулі тұрған затқа зейініңізді толық аударып, оның ойша қозғала бастағанын елестетіңіз: оңға солға, солға оңға қарай. Бірнеше секундтан кейін, шынымен де, жүк сәйкес қозғала бастайды. Егер жүк дөңгелеп қозғалғанын елестетсеңдер, ол шынымен де ойша берілген траектория бойынша қозғалады.

Тербелістердің қарқынына қарап, спортшының да миы мен бұлшық еттері арасындағы байланыстардың қаншалықты күшті екендігін бағалауына болады. Егер қарқындығы бір метрге дейін жетсе, онда бұл байланыс 5, егер – 5 см болса – бірдей бағаланады.

Қимыл-қозғалыстарды ойша (идеялар түрінде) санада пайда болып кейін моторикада нақты сәйкес келетін бұлшық еттердің қимыл-қозғалыстарында жүзеге асырылған үрдістерді идеомоторлық актілер деп аталады. Егер тәжірибені жалғастырып, жүктің қозғалыстарына сәйкес солға оңға деп қатты дауыстап айтса тербелу амплитудасы өседі. Сөз арқылы қозғалысты күшейте аламыз. Сөйлеуді өте дәл қимылқозғалыстарға қол жеткізу үшін қолдануға болады.

Идеомоторлық қимыл-қозғалыс көру арқылы қадағаланатын қимыл-қозғалысқа қарағанда неғұрлым дәлірек орындалады. Сондықтан бапкердің бірінші міндеті – шәкіртінің санасында қажетті қимыл қозғалыстың өте дәл ойша бейнесін қалыптастыру. Жоғары дәрежедегі шебердің осы қимыл-қозғалысты орындауын бақылап, оқушы оны кейін ойша ең жақсы нұсқасында орындауын ойша елестету үшін алдымен есте сақтауы қажет. Және де қажетті дәлдікті жоғалтпай бірнеше қайталау қажет (3).

Суға секіру бойынша олимпиадалық базада, «құрғақ трамплинде» (суға емес, поролон толтырылған шұңқырға секіретін жер) елдегі бес үздікке кіретін спорт шебері жаттығып жатты. Оның бапкері, егде жастағы адам, салмақты, тіпті философиялық мұңды түрімен әр секірістен кейін өте байсалды дауыспен бір ғана сөйлемді айтады: «Надя қолыңды таста…». Жаттығуды сырттай байқап тұрған А.В. Алексеев бапкердің бұл сөйлемін 22 рет қайталағанын санапты. Содан кейін бапкер тағы да өте байсалды түрімен «Надя, кетші бар» деген екен. Осымен жаттығу аяқталыпты және қапаланған спортшы бір сөз айтпай кетіп қалды. Психолог бапкерден Надя неліктен оның бұйрықтарын орындамағандығы туралы сұрапты. Оны өзінен сұраңыз, деп жауап берді бапкер. Психологқа спортшымен жұмыс жүргізуге рұқсат берілді.

Жұмысын психолог спортшыдан «қолыңды таста» деген сөйлем нені білдіреді деп сұрауынан бастады. Сөйтсе, трамплиннен серпіген кезде қолдың буынын неғұрлым жоғары көтеріп (тастап), содан кейін ғана «айналдыруды» бастау керек екен.

  • Сенің қателігің неде болды?
  • Мен қолымды иығыма дейін ғана, басымнан жоғары көтермей, «айналдыруды» жасай бастадым.
  • Неге сіз не істеу керек екеніндігіне біле тұра, істемеңіз?
  • Білмеймін…қалай істеу керек екендігін білемін, бірақ неге істей алмайтыным белгісіз.

Мұндай жауап түрлі спорттарда қимыл-қозғалысты дәл орындай алмаған кезде жиі кездеседі.

Содан соң психолог жіп пен жүктің көмегімен ол спортшының миы мен бұлшық еттері арасында байланыстары қанағаттанарлық, жақсы «үшке» сәйкес келетінін анықтады. Психолог идеомоторлық бейнелердің мәнісін және олардың көру бейнелерден айырмашылығын түсіндіре отырып, қолын төмен түсіріп, көзін жұмып, идеомоторлы түрде қолды дұрыс «тастауды» елестетуді, содан кейін тапсырма орындалғаннан соң көзін ашуды сұрады.

Секундомерге қарап отырып психолог 3 секундты талап ететін тапсырма 10 секундта да орындалмағанына таң қалды. Спортшы қолын иығынан жоғары көтере алмау себебі – бұл бірнеше рет дұрыс жасалмаған қозғалыстар есінде күшті із қалдырған болып шықты. Сонда психолог пен спортшы дұрыс орындалатын қол тастауды қайталау арқылы бұлшық еттен миға қарай «жол» сала бастады. 10 рет өте баяу жылдамдықта Надя «жоғары» деген сөзді әр рет қайталап отырып, өте дәл, дұрыс қолын көтерді. Бұл тапсырманы орындау арасында 1 минуттық үзіліс жасай отырып, қатарынан 3 рет орындап, Надя тағы да көзін жұмып қажетті қимыл-қозғалысты үлгілі түрде елестетуге тырысты. Енді оның қолдары неғұрлым жоғары көтеріле бастады. Ол бұған өте қуанды. Осылайша 40 минут жұмыс жүргізіп, олар спортшының қолды дұрыс «тастауын» ойша бірнеше рет елестетті. Ертеңінде жаттығу барысында оның қолдары өзінен өздері дұрыс қимылқозғалыс жасай бастады!

Ал сіз бапкер болып жұмыс істей алады екенсіз, деп қорытты таңданған Надяның бапкері.

А.В. Алексеев спорттың кез келген түрлерінде идеомоторлық жаттығуды табысты қолданады. Мысалы, ол «қосалқа сальхов» деп аталатын секіруді орындауда мәнерлеп сырғанау бойынша спорт шеберіне көмектесе алады. Міндетті бағдарламаның бұл элементін бірнеше күнде-ақ қайта жаңғыртты. Ал әдеттегі тәсілдер арқылы бұл спортшының әйгілі бапкері бір айдың ішінде де жасай алмаған екен.

Төрт бапкер бір жас спорт шеберіне атудың дұрыс техникасын қайта жаңғырта алмаған, оған да идеомоторлық жаттығу көмектескен. Ресейлік жетекші синхроншылардың біреуіне идеомоторлық тренинг дұрыс жатталмаған қозғалысты орындалуынан арылуына көмектесті. Бұл ретте А.В. Алексеевтің өзі мәнерлеп сырғанаумен, садақпен атумен немесе синхрондық жүзумен айнал ыспағандығын айта кеткен жөн болар. Неге спорттың түрлеріне мықты мамандар, тәжірибелі бапкерлер бұл мәселені шеше алмады? Мүмкін, олар «байқау және қателер» әдісі бойынша жұмыс жүргізгенінен шығар.

А.В.Алексеев былай деп жазған екені: «Бапкерлерге жақсы кеңес беремін – егер шәкіртіңіз бір қимыл-қозғалысты жасай алмаса, ашуланбаңыз, «оның миына үңіліп», спорттық техниканың үйреніп жатқан элементінің ойша дәл бейнесі бар немесе жоқ екендігіне қараңыз». Әдетте, ол жоқ болып шығады, ал оның орнына «байқау мен қателер» әдісін қолдану нәтижесінде пайда болған, керек қимыл-қозғалысты сапалы орындауға мүмкіндік бермейтін дұрыс емес ойша бейне табылады. Сондықтан да – ешқашан шәкіртіңіз қажет қимыл-қозғалыстың неғұрлым дәл бейнесін ойша елестете алмайынша, оны жасап көруге жібермеңіз. Және де мұны ол бейненің дәлдігін жоғалтпай тұрғанда қатарынан бірнеше рет жасауы қажет.

Идемоторлық тренингті қолдану жаттығу уақытын, жүктемесін екі есе қысқартуға мүмкіндік береді, шеберлікті қажет деңгейде бекіту үшін, мысалы, суға 100120 секірістің орнына 40-60 секіріс жасау жеткілікті болады. Бұл, әсіресе, шаршататын жаттығуларға қызығушылығын төмендететін балалар үшін маңызды.

Қимыл-қозғалыстардың дәлдігін қамтамасыз ететін екінші ықпал – меңгерілетін спорттық техниканың элементін іс жүзінде жүзеге асыру үшін қажет болатын орындаушы аппараттың дайындық дәрежесі. Қимыл-қозғалыстың ойша бейнесін бұлшық еттер мен буындарға ауыстырудан бұрын, денені нақты жағдайда қажет етілетін қалыпқа келтіру керек. Мысалы, бөгетті жеңудің техникасын меңгеру барысында жерде «бөгеттің үстіндегідей» қалыпты отыра алғаннан кейін ғана үлгілі техникасының ойша бейнелерін қимыл-қозғалыс аппаратына ауыстыру қажет.

Қимыл-қозғалыстардың дәлдігін қамтамасыз ететін үшінші ықпал – ағзаның бағдарламайтын бөлігі – бас миы және орындаушы бөлігі – дене арасындағы байланысың сапасымен анықталады. Бұл байланыс міндетті түрде идеомоторлық болуы тиіс, өйткені көру ойша елестердің («сыртынан» көрінетін қимыл-қозғалыстардың бейнелері) жаттықтырушы әсері өте әлсіз болады. Пайда болатын микро қозғалыстар сырғанаушылар мен синхроншылардың бойынан ерекше байқалады. Конькилердің жүзі мұз аясымен шамалы ілінісуіне байланысты сырғанаушыларды таңдандырып, мұзда «жетелей бастайды.

Болашақта болатын қимыл-қозғалысты имитациялар, яғни тұспалдап орындап, спортшыға қозғалыс аппаратынан орталыққа, бас миына қарай жүріп отырып, өзіне спорттық техникада қажет элементті сезінуге көмектеседі. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Имитация максималды пайда әкелу үшін, қимыл-қозғалысты орындаудан бұрын, оны ойша көріп, ең жақсысын атау керек. Егер имитацияны немқұрайлы атқарып немесе ол кезде басқа бір ойларға, мысалы, қарсыластарды немесе ол кезде басқа бір ойларға берілетін болса, имитацияланған әрекеттер қажет пайдасын тигізбейді.

Бірқатар авторлардың, олардың ішінде Ленинград мектебінің профессоры А.Ц. Пуни зерттеулерінде қажет қозғалысты дәл орындауға сөздерді қолдану көмектесетіні көрсетілді. Бұл сөздердің грамматикасы және әдеби тілі жағынан кемел болмаса да, олар үлгілі қимыл-қозғалыстардың ең алғашында әлсіз болатын ойша бейнелерді мейілінше берік етуге бағытталып құралады. Әр спортшы оған қажет әрекеттердің элементтерін өзіне ғана тән сөйлеу үлгісіне сәйкес белгілейді. Мінсіз қимыл-қозғалыстардың сөздік формуламын бапкермен келесіге болады.

Сөздік формулалардың нақты сипаттамалары ойды жақсылап түзетілген рельстерге қояды. Бұл рельстермен анықталған мақсатқа қарай – мінсіз қимыл-қозғалысқа қарай жүру жарыстардың төтенше жағдайларында көп жағдайда басқарылмайтын аласапыран ойлау толқындарында тырбаңдаудан жеңілдеу болады.

Сөздік формулалар спортшыға зейінінің тұрақтылығы мен шоғырлануын сақтауға көмектеседі. Спорт шеберіне кандидаты үшін жасалған, Немогаев В.В. бапкерімен келесіге садақтан атудың идеалды үлгісінің сөздік формулаларының мысалы.

  1. Аяғымды бос ұстап, тіземді артқа қарай жіберем, аяғымның ұшына сүйеніп, табанымда орнықты тұрмын.
  2. Денем бос, арқам тік, алға қарай аздап еңкейіңкі.
  3. Садақты босаңсыған қолыммен ұстап тұрмын.
  4. Сол қолым иығымның сызығына шығады, құлыптап бекітемін.
  5. Оң шынтағымды сәл жоғарырақ көтеремін.
  6. Көздеу бағытын қарауылға аламын.
  7. Садақты тірелгенше басамын, оң қолымды бос ұстаймын, шынтағымды артқа қарай тартамын.
  8. Иегімді жанап өтіп, артқа қараймайды.

Төртінші кезең қозғалысты жалғастырамын.

  1. Бірден шертпектен өтемін.
  2. Саусағымды босата бастаймын.
  3. Нысананы бақылаймын.
  4. Шығару.
  5. Тонусты сақтаймын.
  6. Өзімді тыңдаймын.

8 айдаң соң спортшы жаттығу барысында алғашқы 14 формуланы 7-ге дейін қысқартады:

  1. Тік тұру
  2. Сол қолымды тіреу
  3. Арқам күшейе түседі
  4. Сол қолым алға
  5. Тоқтаусыз тарту күші
  6. Шығару
  7. Өзімді тыңдаймын

Тағы 3 айдаң соң жиындарда психолог түзетулер енгізгеннен кейін, 6 формула қалды:

  1. Сенімді тік тұру
  2. Сол қолымды құлыппен алға
  3. Арқаны тоқтаусыз тарту
  4. Оң қолым сол қолымның жазықтығында иекке қарай бірқалыпты ұмтылады
  5. Ширек шығару
  6. Өзімді тыңдаймын

Бірінші кезең

Нәтижесінде ағзаның орындаушы бөлігі (тірек-қозғалысы аппараты және жүрек-тамыр жүйесі) жетілдіріп немесе үйреніп жатқан қимыл-қозғалыстың немесе әрекеттің физикалық атқарылуына жеңіл түрде қосылатын ширатып шынықтыру өткізіледі.

Екінші кезең

Бапкер қолындағы барлық әдістерді қолдана отырып, спортшының санасына үйретілетін немесе жетілдіретін қимыл-қозғалыстың неғұрлым дәл ойша бейнесін енгізуі керек.

Үшінші кезең

Иә деген жағымды жауап алғаннан кейін бапкер спортшыдан көзін жұмып, ойша қажет қимыл-қозғалысты мінсіз нұсқасында елестетуін сұрайды. Кейде өзін және бапкерін таңдандырып бірден елестете ал-

Шәкірт қажет қимыл-қозғалыстың мінсіз нұсқасын ойша елестете алғаннан кейін, секундомер алып, қимыл-қозғалыстың ойша елестеуін уақыт бойынша нақты жағдайдағы орындалатын қимыл-қозғалысқа сәйкестігін тексеру керек. Қимылқозғалыстың күрделілігіне байланысты сәл айырмашылық болуы керек.

Бесінші кезең

Спортшы нақты уақытты ескере отырып, қажет қимыл-қозғалысты бірнеше рет дәл қайталай алатындығын көрсеткеннен кейін, оны осы ойша бейнені бұлшық етке ауыстыруды сұраймыз. Сәйкес келетін бұлшық еттерде әлсіз, ең бастапқы қозғалыстардың пайда болуы ми мен бұлшық еттер арасында қажет байланыстардың орнатылғаны туралы айтады.

Алтыншы кезең

Бірінің артынан бірі жүріп отыратын жеке-жеке қимыл-қозғалыстар тізбегінде «тірек элемент» деп атауға болатын, барлық комбинацияның сәтті орындалуын қамтамасыз ететін бір негізгісін бөлек алу керек.

Жетінші кезең

Тірек элементке нақты атау беру керек. Дұрыс қолданылған сөздер, тірек элементін орындауда (немесе оны орындаудың дәл алдында) бір сәтте ұғынуға және сол арқылы барлық әрекетті өте дәл орындауға көмектеседі.

Спорттағы тактикалық ойлау Психологияда ойлау тапсырмаларын шешу, ақпаратты өңдеу,оны түсіну ретінде қарастырылады. Спортта тактикалық тапсырмаларды шешу және тактикалық ойлау туралы айтуға болады.

Әр ойында қағылған доп, яғни гол қарқынды эмоцияларды туындатады. Устел теннисінде голдар әр 15-20 секунд сайын болады.

Спортшының тактикалық ойлауының басқа полюсінде – спортшы өз әрекеттерін ойлауға үлгермейді, көбінесе интуицияға сүйене отырып, «алдын ала болжау, шамалау, сазу арқылы жауап қайтарады, бұл жарысқа ерекше сән береді. Тактикалық ойлау кестелері бапкерден жаттығуларда және жарыстарда беретін ақпарат негізінде қалыптасатынын байқауға болады. Бірақ тактикалық шешімдер өзіндік бақылау мен талдаудың, ойын үстінде өзіндік интеллектуалды жұмыстың негізінде пайда болуы да мүмкін.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Сабиров Р.Ш., Жансерікова Д.А., Смағұлова С.А. Дене мәдениеті және спорт психологиясы. – Қарағанды, 2012.
  2. Ким А.М., Қасымжанов А.А., Садыков А.Т., Жаркешов Қ.И. Спорт психологиясы. – Алматы, 2014.
  3. Родионов А.В. Психология спорта высших достижений. – М., 1979.
  4. Попов А.Л. Психология спорта. Учеб. пособие для физкультурных вузов. – М., 1998
  5. Ильин Е.П. Психология физического воспитания. – М., 1987.
  6. Ханин Ю.Л. Психология общения в спорте. – М., 1980.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.